Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық - педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта математика пәнінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Пәні: Математика
Курс: IV
Топ: Ш - 43
Пән: Математика
Білім алушы: Қайрқанова Дильназ Хакимқызы
Мамандық: Бастауыш білім беру 0105000
Біліктілік: Бастауыш білім беру мұғалімі 0105013
Алматы, 2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе 3
I Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері 5
1.1 Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту 5
1.2 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың кейбір мәселелері 11
ІІ Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың әдістемелік негіздері 16
2.1 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру 16
2.2 Бастауыш сыныпта матеметика сабағында оқушылылардың оқу-танымдық қабілеттерін арттырудағы танымдық іс-әрекеттері. 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 26
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Математика пәнінің білім стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық түрлеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайыдайтын құжат.
Математика пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын оның құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:
* Ізгілендіру
* Интеграция
* Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.
Математика да өнер сияқты таным әдісі. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін, ойын-сауықтардың, қызықты сұрақтардың, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің математикалық негізін біліп, оларды тұжырымдауда қолданылатын математикалық тілдерді меңгеріп, оқиғаны өмірмен байланыстырып, оның тәрбиелік мәнін ашып отыру қажет. Мұны математика пәнінің мазмұны да, оқу бағдарламасы да талап етеді. Көптеген зерттеу жұмыстары мен мектептегі озат тәжірибелерді баспа бетінде жариялау мұны мойындағанымен, оқыту үрдісінде қалай пайдалануға болатындығына нақты материалдың жоқтығы мәселені қиындата түседі. Біздің зерттеуіміздің теориялық та практикалық маңызы бар.
Математика күрделі пән болу үстіне, ол ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні мен практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.
Математикалық білім стандартында математикалық білім, білік, дағдыларды игеру, танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу, оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту көзделген. Сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың және ұлттың болмысты дүниежүзілік мәдени мұраларын үндестіру, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдық берілген.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.
Осы міндеттен бастауыш мектеп мұғалімінің оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін оның теориялық негізін, қолданыс алысын және практикада пайдаланудың жолдарын игеру қажеттілігі туындайды. Бұл біздің алып отырған зерттеу жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Ал, В. Г. Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
А) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
Ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
Б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Осы ғалымдардың еңбектерін оқи келе зерттеу жұиысымыздың мақсатын былайша анықтадық.
Зеттеу мақсаты: Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын сипаттау
Зерттеу міндеттері: Осы аталған мақсаттан туындайтын міндеттер:
oo Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын сипаттап жазу
oo Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау.
Зерттеу объектісі - бастауыш математикасын оқыту процесі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруды жүзеге асырудың жолдары, зерттеу жұмысында қолданылған әдістер:
Зерттеу әдістері
1. Тақырыпқа сай әдебиеттерді жинақтау, талдау.
2. Озат мұғалімдер тәжірбиелерін жинақтау, сараптау.
Бақылау
Әңгіме
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
I Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
Математиканы оқытудың жалпы білімдік мақсаттары мұғалімнен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді:
* Оқушыларға математикалық білімнің, біліктің белгілі жүйелерін меңгерту;
* Болмыстағы ақиқатты танудың математикалық әдістерін меңгерту;
* Математика тілін, терминологиясын меңгерту, қалыптастыру;
* Математикалық интуициясын дамыту;
* Оқу қызметін ұйымдастыруға қажет болатын математикалық мағлұматтарды тиімді пайдаланудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
Оқушы аталған мақсаттарды жете түсініп, білімді берік, саналы және жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін іске асырып, күнделікті тұрмыста кездесетін алуан түрлі мәселелерді шеберлікпен шеше алады.
Сондықтан мұғалім бірінші сабағында-ақ, сол сияқты жыл бойы, реті келгенде оқылып отырылған немесе түсіндірілетін материалдың практикалық және теориялық қажеттігін ашып отырады. Мысалы, интеграл дененің көлемін тапқанда, тізбек шегін, нақты сандарды шектеусіз ондық бөлшек көмегімен жазуда, функция үзіліссіздігінің эпсилон - дельта тіліндегі анықтамасында, сандық әдістерде пайдаланылады. Ал сандық әдістердің практикалық маңызы зор. Оқушының практикалық мазмұны бар мәселелерді шешуде математикалық әдісті пайдалануы үшін алдымен қажетті математикалық білімі болуымен бірге, математикалық құралды дұрыс пайдаланып, қарастырылып отырған математикалық үлгінің қолданылу аясын білуі қажет.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т. б.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы - осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.
Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өзбетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;
2. Оқуға деген қабілетінің артуы;
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау;
5. Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Репродуктивтік жұмыстарға - оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т. б.) жатады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар - оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.
Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.
Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерттеулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр. Математика әдістері әр салада қолданыс табуда. Мәселен, математикалық есептеуіш машинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді. Оның мәнісі - картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек? дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К. Аппель мен В. Хакен 1976 жылы дәлелдеген. Сол сияқты, биологтардың вирусологиядағы табыстары вируспен ауырған өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға көмегін тигізуде. Бұл да математикамен байланысты. В он екі витаминін синтездейтін бактерияның өсіп-өну жылдамдығы мен оған әсер ететін құраушыларының арасындағы байланысты көрсететін математикалық теңдеу қорытылып шығарылды.
Биология мен математика саласындағы ғалым - мамандардың бірлескен еңбектерінің нәтижесінде кейбір тірі организмдердің өсіп-өну заңдылықтары, жыртқыш пен оның жемтігі болатын жануарлардың қатар өмір сүру мүмкіндігінің теңдеуі, олардың арасындағы тәуелділік есептелініп табылды. Соның нәтижесінде жыртқыштарды аулаудың мерзімі тағайындалды. Біз бұл арада анықталған тәуелділікті біле отырып, алдымен математика әдістерін пайдаланып, тиісті қорытындыдан кейін тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады дегенді айтамыз.
Компьютер өндірісті дамытып, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, халық шаруашылығының әртүрлі салаларына еніп, жаңа әдістің, ілімнің пайда болуына себепші болды. Иммунология мен томография - соның куәсі, жемісі. Жаңа Сібір - 67 бидайының сортын алуда, александрит, опал минералдарын синтездеуде, Саха тас тұзын ашуда, Шевченко АЭС-ын салуда, Алдан жеріндегі алтынды тасты өмірге әкелуде компьютер кеңінен қолданылды. Компьтерсіз ауа-райын алдын-ала болжау, сондай-ақ, дыбыс жылдамдығынан тез ұшатын кемелерді басқару мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде жоғарыда айтылғандарды біртіндеп кірістіріп, оқушыларға түсіндіре жүру - мұғалімнің жұмысы. Әрбір оқушы мұғалім назарынан тыс қалмауы тиіс, өйткені қазір дара тұлғаны тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне тұр. Математиканың жалпы мәдениетті көтерудегі қызметін сабақ үстінде де, сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс кездерінде де, ерікті шұғылданыстар кезінде де айтуға болады.
Оқыту, тәрбие жұмыстары нәтижелі болуы үшін:
1) Жұмыс жоспарлы түрде, үздіксіз жүргізіледі;
2) жұмыстарды еріктілік, саналық негізде ұйымдастарып, оқушының оқу қызметін қамтамасыз ету қажет.
Көптеген математикалық ұғымдар ойлаудың дамуына белсенді әсер етеді. Мысалы, функциялық тәуелділік сияқты математиканың негізгі ұғымы қарастырылып отырған үрдістер мен құбылыстардың, сандық сапасын сипаттайды. Осы жерде Декарт енгізген айнымалы шаманы сипаттап, Декарттық координаталар жүйесіне тоқтаған жөн.
Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы пайымдауы қажет.
Белгісіз объектіні жанама жолмен танып білу тікелей шешуге болмайтын қиындықтан туады. Мысалы, Жер шарының меридиан ұзындығын біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Кереннен шыққан Эратоспен есептеді. Меридиан ұзындығын табиғи жолмен есептеу мүмкін емес. мұндай есептерді шығару үшін модель құру керек. ал, Самостан шыққан Аристарх бұл қашықтықты геометриялық жолмен есептеп шығарды. Осы сияқты оқушылар Жер бетіндегі өлшеу жұмыстарына байланысты (тоған, жаяу адам, көлік) есептерді шығару кезінде кездеседі. Теңдеу мен теңдеулер жүйесін құра білу, алгоритмдермен жұмыс істей алу, сыныпта отырып-ақ, мұндай есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонда алгоритмдер мен теңдеулер және теңдеулер жүйесі есепті шығарудың моделі болып табылады.
Танымның басқа да әдістері бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.
Математика ұғымдарының дерексіздігі мен жалпылығы оның қолдану аясын кеңейте түседі. Тек қатыстар мен математикалық символдарға тиісті жаңа мағына бере білу керек.
Әркім өз мамандығына қарай, бір нәрсені әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл - шығармашылық, жетістік. Бізге де керегі де осы. Мәселен, сызықтық, функция - біреуге түзу болса, екіншіге - берілген телеграмманың құнын есептейтін формула, үшіншіге - сызықтық ұлғаюы, төртіншіге - жол формуласы т.т. Мұндай мысалдар математикада жеткілікті.
Біз неге үшкір, аққұман неге шар тәрізді, шәйнектің түбі неге жалпақ, машина дөңгелегі неге үшбұрышты емес, май жаққан нан неге жерге май жағымен түседі, құмырсқа биіктен құласа неге өлмейді, өрнекші өрмегі неге дұрыс көпбұрыш, бал арасының ұясы неге дұрыс алтыбұрыш, 37, 108,47 деген не, ұзын адам неге теңселіп жүреді, қанатын жұлған көбелек неге қисайып ұшады, неге ешкі өседі, жеті атада неше адамның қаны бар, ұсақ дәннен гөрі ірі дән неге пайдалы, жел тұрмаса шөптің басы неге қимылдамайды деген сияқты сұрақтарға жауап беру оқушының танымдық қызығуын тудырып, өмір мен математиканы байланыстыра, жақындастыра түседі.
Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек, - деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім-біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет.
Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында дамыта оқуды қоса отырып сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақ тақырыбы: бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.
Сабақ мақсаты: бірдей қосылғыштардың қөосындысын табу. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табудың мән-мағынасын ашу және сәйкес терминдерді игеруге оқушыларды машықтандыру: 2 амалмен шығарылатын есепті түрлендіру; теңдеудің шешуін жазудың және тексерудің үлгілерін таныстыру, кестеден тыс және кестелік қосу мен азайту амалдарын білу.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамыту, қиялын ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық негізде адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа, намысқойлыққа және ақыл-ой белсенділігіне тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу, өлең есеп шешу, сарамандық жұмыстар жүргізу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, сызбалар сызылған плакаттар, кейіпкерлер суреттері, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
oo Көктем айларын ата.
oo Наурыз айында қандай мерекелер бар?
2. Жаңа жылдың тапсырмалары.
Аналарға гүл сыйлайық ойыны.
20+16 38+12 57-7
22+8 68-20 5дм3дм +3см
Қосу, азайту компоненттерін атау, өткенді қорытындылау.
ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызға Қызыр баба, Жиренше шешен, Қарашаш ана, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала қонаққа келді. (Ол кісілер туралы түсінік)
oo Бірінші қатарда неше партада отырсыңдар?
oo Әр партада неше рет екіден отырсыңдар?
oo Сонда 1-қатарда неше оқушы отырсыңдар?
Ә) Суретпен жұмыс.
- Суреттен қандай музыкалық аспапты көріп отырсыңдар?
- Бұл аспап туралы не білесіңдер?
Қай композитор, сазгер 5 жасында домбыра тартқан?
oo Суретте неше рет екі домбырадан алынған?
oo Барлығы неше домбыра бар?
oo 2+2+2 =6
oo Қандай сандармен қандай амал орындалды?
oo Ендеше, бүгінгі сабақ тақырыбы Бірдей қосылғыштар қосындысын табу.
Қызыр бабамыздың тапсырмасын орындау.
Кітаппен жұмыс №2.
oo Екі түймеден неше рет алынған?
oo Барлығы неше түйме бар? 2+2+2
(Түйменің өмірге қажеттілігі)
Жиренше шешеннің тапсырмасы. №3
8, 6, 10, 9, 12 санын бірдей қосылғыштар қосындысымен алмастыр.
а) үлестірмелі суреттермен жұмыс
1+1+1+1+1+1+1+1
2+2+2+2=8
Екіден төрт рет алу керек басқа жағдай жоқ 3-тен 2-рет алса екеуі қалып қояды.
ә) түсті қарындаштармен жұмыс.
б) Сызғышпен жұмыс.
_____________________
3см+3см+3см = 9см
в) Өз беттерімен жұмыс.
2+2+2+2+2+2 = 12
Қарашаш анамыздың тапсырмасы №4 есеп.
а) есепті оқу
ә) Шаталов тірек сигналы бойынша есепті шешуге бағыт беру.
Кесте 1.1
Тірек кесте
Есеп
Есеп
шешуі
шешуі
шарты
шарты
сұрағы
сұрағы
Түсті қағаз - 37 парақ
Ақ қағаз - ? 18 парақ артық
Қожанасыр атамыздың тапсырмасы.
Есепті неше амалмен шығардың? Неліктен?
ә) Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айналдыр.
Нені өзгерттің?
Түсті қағаз - 37 парақ
Ақ қағаз - ? 18 парақ артық
37+18 = 55, жауабы: 55 парақ
ІІІ. Сергіту сәті.
Алдаркөсе тапсырмасы.
№5 есеп, үлгіге қарап, теңдеуді шешу тәсілін түсіндіру
X - 32 = 53
Тазша бала тапсырмасы.
Шығармашылық тапсырма
ІV. Сабақты қорыту.
Қайратта бар екі гүл,
Қанатта бар екі гүл,
Санатта бар екі гүл,
Жанатта бар екі гүл
Қоссақ барлық гүлдерді
Нешеу болды шешуі?
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Қой жылының тапсырмасы: жақсы оқып Отанымыздың білікті азаматы болу.
1.2 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың кейбір мәселелері
Білім алуға деген рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру адамның қызығушылығын, танымдық қабылдауын тәрбиелеуден басталады. Жеке тұлғаның қызығушылығының ішіндегі ең күрделілерінің бірі - танымдық қызығушылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында озат мұғалімдер танымдық ойындарды қолданып жүр. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін танымдық, ролдік, психологиялық ойындардың маңызы зор.
Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл - өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемдігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.
Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз.
Ойын - тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, - деп қарастырады.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Танымдық ойындар - тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі.
Танымдық ойындардың түрлері өте көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина (сұрақ-жауап), психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, қара есептер, тренинг, тест, т. б. танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.
Адам бойындағы қызығушылығын, қабілетін арттыруға, білімін шыңдауға танымдық ойындардың алар орындары ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару еркешеліктерінен тез байқауға болады. Бұны біздің еліміздегі балабашаларындағы көп жылғы іс-тәжірибелер көрсетіп отыр. Мәселен, көптеген 5-6 жасар балалар өздерінің арасындағы балалардың ішіндегі ең күштісі кім екенін оңай салыстыра алады: Аян Айгерімнен күштірек, ал Айгерім Айжаннан әлсіздеу болса, бәрінен күштісі Аян болады. Есепте ер балалар мен қыз балалар келтірілген. Сондықтан олар өздерінің өмір тәжірибесінен қыздарға қарағанда ұлдар әрқашан да әлдірек келеді деген қорытындыны да жасай алады.
Алтыжасар балалармен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу процесін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу ұсынылады. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л. В. Зенковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерігушілікті жоюға көмектеседі, оқушылардың білімін кеңейтуге, шығармашылық ізденімпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға, ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша математика сабағында, әдетте, 1-ден 5-ке және 6-дан 9-ға дейінгі сандарға 1 санын қосумен немесе алумен ғана шектеледі. Сандарды қосу және алу амалдарының басқа да жолдарын, мәселен, 7 санын алудың мынадай жолдарын (5 + 2; 4+3) көрнекі тәжірибелер жасау, тартымды ойындар ұйымдастыру, логикалық есептер шығарту арқылы қарастыруға мүмкіндіктер мол. Нақтылы мысалдар келтірейік.
Тәжірибе. 6 санының құрамын қарастырайық. Әр оқушының үстеліне бір картон қорап, 6 алма (еңбек сабағында пластилиннен қолдан жасаттыруға болады) және екінші қатар етіп тақтайша (подставка) қойылады. Мұғалім оқушыларға қарап:
oo Балалар, біз қазір қорапқа алма жинаймыз (балалар қорапты алып, оған алманы салады).
Қорапта неше алма бар?(6). Енді олар қораптан алманы алып, бірінші қатардағы тақтайшаға қояды. Барлығы неше алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 5, тақтайшада 1 алма бар.
Содан соң оқушылар 3 алманы алап, екінші қатардағы тақтайшаға қояды. Қалайша 6 алма алуға болады?
Балалар 6 алманы алу жолын өздерінше топшылайды: 6 - ол 5 және 1, 6 - ол 4 және 2, 6 - ол 3 және 3. Олар мұғалімнің көмегімен келесі қорытындыны жасайды: 6-деген сан 5-ке 1-ді қосқанда, немесе 4-ке 2-ні қосқанда, немесе 3-ке 3 қосқанда шығады.
Осы сабақта осылайша басқа сан құрамын, мысалы, 7 санының құрамын қайтадан қарастыру тиімсіз, өйткені қайталаушылық балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жеті санын жіктеп үйретуді Үйде кім тұрады? ойыны ретінде қарастырған жөн.
Тақтаға біраз терезелері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz