Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ. АҚ

Экономика және құқық факультеті

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖОБА

«ҚР Кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша

Тақырыбы «ҚР шағын кәсіпкерлік»

Білімгер Сұңғат Д. Тобы Юриспруденция

Жетекші оқытушы Қожахметова Г

Қорғауға жіберілді «__» 2023 ж.

Жоба қорғалды «__»2023 ж. Бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

«Азаматтық құқық жәнепроцесс» кафедрасы

В 20 -ЮП-4_тобының студентіне Сұңғат Д курстық жоба (жұмыс)

ТАПСЫРМА

«ҚР кәсіпкерлік құқық» пәні бойынша

1. Тақырыбы «ҚР шағын кәсіпкерлік»

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі: оқытушы Қожахметова Г.

Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.

/студенттің қолы/

Мазмұны

Кіріспе

1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері

1. 1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні

1. 2. Шағын кәсіпкерлік азаматтық-құқықтың реттеу объектісі

2 Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайлары

2. 1. Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайларын реттеудің әдістері

2. 2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң түрлері мен олардың құқықтық ерекшеліктері

2. 3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуы үші қызмет атқарады. Ал осы бағдарламаларды жүзеге асырушылардың арсындағы құқықтық қатынастар заңдармен реттеледі. Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпiн бердi.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті құқықтытық реттеу, оның базасын қалыптастыру "Қазақстан-2030" Стратегиясының қағидаларына негiзделiп жасалуда. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында шағын кәсіпкерлікті дамыту және құқықтық реттеу бағыттарының басымдылығын атап көрсеткен болатын. ҚР Президенті жолдауынды Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет екендігін айтқан. Кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген нақты мақсаттарды айқындаған. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалану керек. [4]

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарымен шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық қалыптасу және реттелу негіздерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері: Шағын кәсіпкерлікпен айналысушы субьектілердің құқықтық жағдайын, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қажеттілігін зерттеу.

1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері

1. 1 Шағын кәсіпкерлікпен айналысудың түснігі мен мәні.

Азаматтық құқықтың нормалар кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддеслерін құқықтық реттейді.

ҚР Азаматтық кодекс жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы.

Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау-бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді-сот, арбитраж немесе аралық сот арқылы.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерге АК 2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген-кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі-билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуын қамтамассыз етеді. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.

Шағын кәсіпкелікті құқықтық реттемес бұрын біз біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағнасын түсінуіміз қажет.

Оған ҚР АК 10 бабы келесідей анықтама береді: “Кәсіпкерлік-ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады” делінген. [2]

Осы анықтамаға сәйкес кәсіпкерлік шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады. Біріншіден:

а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған;

б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;

в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;

г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді;

Ал екіншіден, кәсіпкер ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабының 3 тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралған. Яғни:

1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10 бабы ҚР-ң әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады. Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;

2) кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі. ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есепке ала тіркеу туралы” Заңмен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленген, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі.

Қазіргі жағдайда мағнасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік, т. б. ) . Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс. Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т. б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6 бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Өтінішке ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса. Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді. [3]

Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады. Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т. б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.

3) мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу.

ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы", Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқауына сәйкес Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады. Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі. Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.

4) кәсіпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату.

Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. ҚР АК 49 бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды:

банкрот болған жағдайда;

-заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде;

-заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге асырғанда;

-қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса;

-заңнама қарастырған басқа жағдайларда.

5) заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу.

ҚР АК 49 бабының 2 т. 4 т. заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады.

Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келісімдерімен қарастырылған;

6) мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту. ҚР АК 922 бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік қарастырылады. Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын толтыруға жатады. Зиян орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады.

Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы Заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады;

7) атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға келісім-шартқа тұруға тыйым салу.

Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы қарастырған сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5 бабының 9 тармағы бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды. /4/

Нарықтьқ қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табига ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дөрбес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапакершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жузеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлығына, жаңашылдықа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерцияльқ бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екішпіден, экономикада, ұйым-дастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялыңқ қызметтер және т. б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

• Қазақстанның азаматтары;

• шетел мемлекетінің азаматтары;

• адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы) .

Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқыгы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттың зандармен реттеледі. Мысалы, Қазаңстан Республикасының зандарымен реттелетіндер:

• кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;

• барлық субъектілердің рыноктағы материалдың, еңбек, ақпарат және табиги ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;

• меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;

• кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;

• кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;

• нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос к, арауына жол бермеу.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кәсіпкер тауарлар өндіреді содан соң оларды сатады. ісыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және каржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады. Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кеңінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдың ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы мұнда өнім өндіруге байланысты өыдірістік ресурс-тарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандыңтан оның сатып алу, сату объектісі айрмашалығы - тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, қүнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ), яғни бірдей қңшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандыңтан қаржылың кәсіпкерлік - бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылың кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.

1. 2 Шағын кәсіпкерлік азаматтық-құқықтың реттеу объектісі.

Қазақстан заңдарымен кәсіпкерлік қызметпен айналысуға әрбір азаматтың құқығы бар. Конституцияда бекітілгендей кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы субъектілерінің мүдделерін қамтитын көптеген нормативтік құқықтық актілерде кәсіпкерлердің мәртебесін айқындайды.

Нарық заманына өту кезеңінде тауар өндіру ( қызмет көрсету) пайда табу мақсатында кәсіпкерлер, кәсіпорындар, шаруа (фермер) қожалықтары, банктер, биржалар және басқа субъектілер шаруашылық қызметпен айналысуда. Осының барлығын жүзеге асыру үшін, алдымен оны сатып алу немесе өнрірістік жайларды салу қажет. Шаруашылық айналым кәсіпкерлік қызметтің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қатынастар пайда табу мақсатын көздемейтін қатынастармен де тығыз байланысты. Мұндай қатынастарға барлық шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-мүліктік сипаттары: Мысалы кәсіпорынды құру және тоқтату, мүлікті басқару. [5]

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері өзіне тиесілі мүлік арқылы өндірістік қызметпен айналысады, осы қатынастар кәсіпкерлік құқықпен реттеледі. Өндірістік қызметке мемлекеттің ықпалымен туындайтын қатынастарды кәсіпкерлік құқық реттейді. Бұл қатынастар мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің арасында туындайтын қатынастар. Кәсіпкерлік қатынастар-бұл қарым-қатынастар ешқандай бағыну мен басқарусыз туындайтын қатынастар. Бұл тауар алмасу, мүліктік емес нысанда аумақтармен кәсіпорындардың бөлімшелерінің қарым-қатынасы, толық шаруашылық жүргізу мен оперативті басқару қатынастары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Заңды тұлға туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz