Магистралды құбырды пайдалану ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

м. х. дулати атындағы тараз ӨҢІРЛік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

Мұнай, газ және тау-кен ісі _

/қолы/ /аты-жөні/

«»20__ж.

Курстық жұмысты орындау үшін

/жұмыстың атауы/

Газ-мұнай құбырларын пайдалану

/пәннің атауы/

«6В07217 - Мұнай және газды тасымалдау», «6В07218-Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды өткізу» білім беру бағдарламасының студенттері үшін

/мамандық шифры/

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тараз 2023

Әдістемелік нұсқау Курстық жұмысты орындау үшін

/тәжірибелік, зертханалық жұмыстың атауы/

Газ-мұнай құбырларын пайдалану

/пәннің атауы/

«6В07217 - Мұнай және газды тасымалдау», «6В07218-Мұнайды, мұнай өнімдерін

/мамандық шифры/

және газды өткізу» білім беру бағдарламасының студенттері үшін пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Әдістемелік нұсқау Мұнай, газ және тау-кен ісі

/кафедра атауы/

кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама № «»2023ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУҒА БЕРІЛГЕН ТАҚЫРЫПТАР

2 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

3 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУДЫ ОРЫНДАУДАҒЫ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

4 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

5 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әдістемелік нұсқау студенттерге «Газ-мұнай құбырларын пайдалану» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған.

Курстық жұмыстың мақсаты студенттердің дәріс, зертханалық және практикалық сабақтарда алған теориялық білімдерін, магистралды мұнай құбырларын жобалау және пайдалану, сорғы және компрессор бекеттерінің жабдықтарын таңдау мәселерін бекіту, сонымен қатар, күрделі инженерлік есептерді шығару болып табылады.

Курстық жұмысты жасау кезінде студенттер анықтама және уақтылы шығатын техникалық әдебиеттермен, мемлекеттік стандарттармен танысады және есептегіш техникалармен жұмыс жасауда машықтанады.

1 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУҒА БЕРІЛГЕН ТАҚЫРЫПТАР

(ҚР магистралды мұнай құбырларының картасы бойынша)

№:
Тақырыбы: Тақырыбы
№:
Тақырыбы: «Теңіз-Атырау» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Қарашығанақ- Үлкен Шаған-Атырау» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Кенкияқ-Құмкөл» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Өзен - Атырау» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Жаңажол-Орск» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Атасу-Алашанқай» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Атырау-Кенкияқ» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Өзен-Жетібай - Ақтау» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Атырау (КТК) -Қазақстан шекарасы» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Қарақойын-Атасу» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Құмкөл-Шымкент» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Әлібекмола-Кенкияқ» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау
№:
Тақырыбы: «Павлодар - Атасу» мұнай құбырының тиімді пайдалану бойынша шараларын жасау

2 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЖОБАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ КҮЙІ

1. 1 « . . . » магистралды құбырымен мұнай тасымалдау жағдайы

1. 2 Магистралды құбыр өтімділігін арттыруды (жаңартуды, жөндеуді, қайта құрастыруды және т. б. ) негіздеу

2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейін құбырдың өтімділігін есептеу.

2. 2 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейінгі гидравликалық есеп

2. 3 Қажетті жабдықтарды таңдау

2. 4 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейін құбыр мен айдау бекеттерінің біріккен жұмысы

2. 5 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейін жұмыс режимін реттеу

2. 6 Магистралды құбырды пайдалану ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДАҒЫ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

Курстық жұмыстың тақырыптары пәннің оқытушысының ұсынуымен кафедра мәжілісінде қарастырылып бекітіледі. Оқу семестрінің бірінші аптасында пән оқытушысы студенттерге тақырыптарын нұсқаларға сәйкес таратып береді.

Курстық жобаның құрылымы:

  • титульдық парақ;
  • курстық жұмысты орындауға тапсырма;
  • мазмұны;
  • негізгі бөлім;
  • қорытынды;
  • қолданылған әдебиеттер тізімі;
  • графикалық қосымшалар.

Кіріспеде мұнай-газ саласының отын-энергетикалық комплексінің бір бөлігі ретіндегі ролі және қазіргі кездегі жағдайы, курстық жоба тақырыбының өзектілігін негіздеу қысқаша келтіріледі.

Қорытындыда орындалған жобаның негізгі тұжырымдары келтіріледі, онда қаралған мәселелердің орындалуында автордың қосқан үлесіне көңіл бөлінеді.

Түсініктеме жазбасының көлемі - Times New Roman шрифтімен, шрифт өлшемі - 14, компьютермен терілген 20-25 бет болу керек. Есеп-түсініктеме жазбасының негізгі мәтіні бөлімдерге бөліну керек. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп өздерінің тәртіпті номерлері болу қажет. Түсініктемедегі келтірілген формулалар толық ашылып және өлшем бірліктері көрсетілуі керек.

Түсініктеменің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі болу керек, тексте тізбе бойынша пайдаланған әдебиет квадратталған жақшада көрсетіледі.

Курстық жұмысты қорғау кезінде көрнекті материалы ретінде пайдаланылатын графикалық қосымшалар (формат А1, 1-2 бет) жұмыстың негізін толық көрсетуі керек.

Жұмысты және оның орындаушысын қорғауға жіберуді сол пәннің оқытушысы шешеді. Сонымен қатар, курстық жұмыс аяқталған соң, оның түсініктеме жазбасы плагиатқа тексеріледі. Студенттер өзінің жұмысын алдын-ала өздігінше кез-келген плагиатқа тексеруге арналған жүйелерде тексеруіне болады. Жұмыс қорғауға жіберілу үшін оның түпнұсқалылығы (бірегейлігі) плагиатқа тексерген соң, дәйексөз бен өз жұмыстарына дәйексөз (сілтеме) жасағандығын ескеріп 25%-тен кем болмауы тиіс. Жұмыс тек 1 рет ғана плагиатқа тексеріледі. Плагиатқа тексеруді кафедра меңгерушісі мен жұмыс жетекшісі іске асырады.

Белгіленген мерзімнен кейін немесе қажетті деңгейден төмен орындалған, жазбасы плагиатқа тексерістен өтпеген жұмыстар қорғауға жіберілмейді.

Курстық жұмыс «Газ-мұнай құбырларын пайдалану» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау талаптарына сәйкес қабылданады. Курстық жұмысты қорғап тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді.

4 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

4. 1 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейін құбырдың өтімділігін есептеу.

Мұнай құбырының тәуліктік тасымалдау өнімділігі төмендегі теңдеу арқылы анықталады :

Q т = G ж N ж ρ e Q_{т} = \frac{G_{ж}}{N_{ж} \cdot \rho_{e}} , м 3 /тәу (5)

Мұндағы: G ж - құбырдың жылдық өткізгіштік қабілеті, т/жыл

ρ е - мұнайдың есепті тығыздығы, кг/м 3

N ж - құбырдың бір жылдағы жұмыс істейтін күні, 1-кестеден қабылданды.

Магистралды мұнай құбырының жұмыс істеу күні оның диаметрі мен ұзындығына байланысты қабылданады (1- кесте) . ” 2

Сурет 1. ҚР магистралды мұнай құбырларының картасы бойынша

“Кесте 2. Магистралды құбырдың жылдық жұмыс істеу күні [3] .

Құбыр ұзындығы, км
Құбырдың диаметрі, мм
≤ 820
820 <
Құбыр ұзындығы, км: <250
Құбырдың диаметрі, мм: 357
355
Құбыр ұзындығы, км: 250<500
Құбырдың диаметрі, мм: 356 / 355
353 / 351
Құбыр ұзындығы, км: 500<700
Құбырдың диаметрі, мм: 354 / 352
351 / 349
Құбыр ұзындығы, км: 700<
Құбырдың диаметрі, мм: 352 / 350
349 / 345

Қабылданған мәндерді 5- теңдеуге қойып, мәнін анықтаймыз.

Q т = 20 10 9 352 822 , 5 = 69079 Q_{т} = \frac{20 \cdot 10^{9}}{352 \cdot 822, 5} = \text{69079} м 3 /тәу

Осы тәуліктік тасымалдау мөлшеріне байланысты төмендегі теңдеулермен анықтаймыз. ” 2

Q с а г = Q m 24 Q_{саг} = \frac{Q_{m}}{24} , м 3 /сағ (6)

Q с а г = 69079 24 = 2878 Q_{саг} = \frac{\text{69079}}{24} = 2878 м 3 /сағ

Q с е к = Q m 24 3600 Q_{сек} = \frac{Q_{m}}{24 \cdot 3600} , м 3 /с (7)

Q с е к = 69079 24 3600 = 0 , 7995 м 3 / с Q_{сек} = \frac{\text{69079}}{24 \cdot 3600} = 0, 7995м^{3}/с

4. 2 Магистралды құбыр өтімділігін арттырғаннан (жаңарту, жөндеу, қайта құрастыру және т. б. ) кейінгі гидравликалық есеп

Магистралды мұнай құбырлардың гидравликалық есебі төмендегідей тапсырмаларды қарастырады:

  • магистралды құбырдың тиімді диаметрін анықтау және өтімділікке байланысты таңдалған диаметрді тексеру;
  • құбыр ішінде арынның үйкелістен жоғалуы;
  • гидравликалық еңістікті анықтау. Гидравликалық еңістік құбыр ұзындығының бірлігіне жататын үйкелістен арынның жоғалуы деп аталады.

Біріншіден, гидравликалық кедергі λ коэффициентін есептейміз [2] . Ол сұйықтың ағу тәртібіне байланысты анықталады. Ал сұйықтың ағу тәртібі Рейнольдс параметріне байланысты анықталады. Рейнольдс саны төмендегі теңдеумен анықталады:

R e = ϖ d ν = 4 Q Π d ν {Re} = \frac{\varpi \cdot d}{\nu} = \frac{4Q}{\Pi \cdot d \cdot \nu} (13)

Мұндағы: ω- мұнайдың орташа ағу жылдамдығы м/с, ол төмендегі

теңдеумен анықталады:

ϖ = 4 Q c Π d 2 \varpi = \frac{4Q_{c}}{\Pi \cdot d^{2}} (14)

ϖ 1 = 4 07995 3 , 14 0 , 789 2 = 1 , 64 м / с \varpi_{1} = \frac{4 \cdot 07995}{3, 14 \cdot 0, 789^{2}} = 1, 64м/с

ν - тасымалданатын мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы, м 2 /с” 2

Ол ν=34, 26 ССт (мм 2 /с) =0, 3426 м 2 /с [1]

R e 1 = 1 , 64 0 , 789 0 , 39 = 33178 {Re}_{1} = \frac{1, 64 \cdot 0, 789}{0, 39} = 33178

“Сұйықтарды тасымалдау құбыры үшін, егер Re < 2320 болса, сұйықтық ламинарлы режиммен ағып, мына формула қолданылады - λ = 64 / R e \lambda = 64/Re .

Ал егер 2320 < Re < 2800 болса, өтпелі режим жүріп, онда λ = ( 0 , 16 R e 13 ) 10 4 \lambda = \left( 0, 16 \cdot {Re} - 13 \right) \cdot 10^{- 4} формуласымен есептейді.

Егер Re >2800 болса, онда турбулентті режим жүреді және бұл әдісте 3 үйкеліс аймағы болады. Қай үйкеліс аймағына жататындығын анықтау үшін құбырдың ішкі бетінің салыстырмалы кедір-бұдырлығын ( ε ) (\varepsilon) тауып алуым керек [4] . Ол мынаған тең:

ε = K э D і ш к і \varepsilon = \frac{K_{э}}{D_{ішкі}} ; (15)

ε 1 = 0 , 1 789 , 2 = 0. 00012671 \varepsilon_{1} = \frac{0, 1}{789, 2} = 0. 00012671

Мұндағы: K Э K_{Э} - құбыр қабырғасының эквивалентті кедір бұдырлығы, ол 0, 01…0, 1-мм аралығында таңдалуы мүмкін. Оны турбулентті режимнің қай зонасына жататындығын анықтау үшін өтпелі Рейнольдс сандарын R e 1 {Re}_{1}{} , R e 2 {Re}_{2}{} есептейміз.

R e 1 = 10 ε {Re}_{1} = \frac{10}{\varepsilon} , R e 2 = 500 ε {Re}_{2} = \frac{500}{\varepsilon} , (16)

R e 1 = 10 0 , 00012671 = 78920 {Re}_{1} = \frac{10}{0, 00012671} = 78920

Анықталған Рейнольдс саны 2320 < Re < Re 1 аралығында жатса, ол турбулентті режимнің гидравликалық тегіс құбырлар аймағы болып табылады. Сондықтан гидравликалық кедергі коэффициентін λ төмендегідей анықталады:” 4

λ = 0 , 3164 R e 0. 25 \lambda_{} = \frac{0, 3164}{{Re}^{0. 25}} , (17)

λ 1 = 0 , 3164 33178 0. 25 = 0 , 0234436 \lambda_{1} = \frac{0, 3164}{33178^{0. 25}} = 0, 0234436

“Егер Рейнольдс саны Re 1 < Re < Re 2 мәндерінің арасында жатса, ол турбулентті режимнің аралас үйкеліс аймағы болып табылады. Ол кезде гидравликалық кедергі коэффициентін төмендегідей анықтаймыз:

λ = 0 , 11 ( 68 R e ( ) 0. 25 ) \lambda = 0, 11\left( \frac{68}{Re}() ^{0. 25} \right) , (18)

Егер Рейнольдс саны Re 2 < Re мәндерінің арасында жатса, ол турбулентті режимнің квадратты үйкеліс аймағы болып табылады. Ол кезде гидравликалық кедергі коэффициентін төмендегідей анықтаймыз:

λ = 0 , 11 ε 0. 25 \lambda = 0, 11 \cdot \varepsilon^{0. 25} , (19)

Гидравликалық еңістік төмендегі теңдеумен есептелінеді [2] :

i = λ d ω 2 2 g = β ν m Q 2 m d 5 m = h τ L p i = \frac{\lambda}{d} \cdot \frac{\omega^{2}}{2g} = \beta\frac{\nu^{m} \cdot Q^{2 - m}}{d^{5 - m}} = \frac{h_{\tau}}{L_{p}} (20)

Мұндағы: ω- мұнайдың құбыр ішімен қозғалуының орташа жылдамдығы;

d - құбырдың ішкі диаметрі;

g- еркін түсу үдеуі;

β¸m - Лейбензон формуласына қажетті коэффициент;

ν - мұнайдың есепті кинематикалық тұтқырлығы;

Q- мұнай құбырының есепті өтімділігі;

L е - магистралды құбырдың есепті ұзындығы, L е =427 км;

h τ - құбыр ішінде арынның үйкелістен жоғалуы. Ол Дарси-Вейсбах

формуласы арқылы анықталады.

h τ = λ L е d ω 2 2 g h_{\tau} = \lambda \cdot \frac{L_{е}}{d} \cdot \frac{\omega^{2}}{2g} , (21)

Болмаса Лейбензон формуласы арқылы есептеледі” 4

h τ = β ν m Q 2 m D 5 m L е h_{\tau} = \beta \cdot \frac{\nu^{m} \cdot Q^{2 - m}}{D^{5 - m}} \cdot L_{е} , (22)

h τ 1 = 0 , 0234436 794000 0 , 789 1 , 64 2 2 9 , 81 = 3234 , 1 м h_{\tau 1} = 0, 0234436 \cdot \frac{794000}{0, 789} \cdot \frac{1, 64^{2}}{2 \cdot 9, 81} = 3234, 1м

“Енді гидравликалық еңістікті есептейміз:

i 1 = 3234 , 1 794000 = 0 , 00407317 i_{1} = \frac{3234, 1}{794000} = 0, 00407317

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау
Магистралды құбырөткізгіштер
Батпақ бетіне құбырды төсеу
Газды ауамен салқындату қондырғысы
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Мұнайды тасымалдау
Жер асты құбырлары
Магистралды газ құбырларының оңтайлы трассасын таңдау
Мұнай құбыры бөлігінің атауы
Мұнай құбырларын өлшеу жүйелерін блоктау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz