Ауыспалы уәжділік
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. Уәждеме туралы жалпы түсінік
1.1 Қазақ тіл білімінде уәждеменің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2 Уәждеме түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.Тілдегі уәждеме ұғымы күрделі лингвистикалық категорияларды, атап айтқанда, сөздің мағынасы, сөздің тұлғасы, сөздің мәні, сөздің мазмұны, таңба номинациясы, лексикалық бірліктрдің идиомалығы т.б. сияқты күрделі мәселелерді анықтауға арналады. Уәжділік мәселесі әлеуметтану, психология, семиотика, философия, лингвистика сияқты көптеген іргелі ғылым салаларында зерттеу тақырыптарына айналуда.Уәждеменің негізгі зерттеу нысаны- атау. Атаудың таңбалық белгісі, әдетте, сөз ретінде танылатындықтан, зерттеушілер уәждемені лексикологиямен байланыстырады. Ұлттық дүниетаным негізінде қалыптасып, таңбаланған кез келген ұғым өзі белгілеп тұрған болмыстағы заттар мен құбылыстардың сипатына, ерекшелігіне, белгісіне, қасиетіне негізделеді. Өзі белгілейтін ұғымның негізгі немесе қосымша белгісіне негізделмейтін ұлт тілінде бірде-бір атау болмайды. Сондықтан атаудың уәжін зерделеу- тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі.
Шығу тегі бойынша "мотивация"-"уәжділік" грек философиясынан бастау алады.Көне замандағы грек ғалымдары Платон, Сократ, Аристотель т.б. сөз қолданысындағы ерекшелікті, оның әуелгы заттарға негізделу үлгісін зерттеген.Кейін үлкен ілім ретінде номиналистік ілім қалыптасқан.Тіл білімінде қарастырылатын уәжділік- атау сөз бен сөзді белгілеп тұратын шындық өмірдегі, табиғаттағы заттар мен кұбылыстар арасындағы байланыс. Сөздің мағыналық қыры кең. Ең алдымен, батыс ғалымдары көрсетіп жүргендей, сөздің жасалуының үш жақты қыры бар.Оның бірі-таңбалаушы, екіншісі- таңбаланушы, үшінші зат пен атаудың ұғымға қатыстылығы таңбалаушы сөз. Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс. Ұлттық дүниетаным негізінде қалыптасып, таңбаланған кез келген ұғым өзі белгілеп тұрған болмыстағы заттар мен құбылыстардың сипатына, ерекшелігіне,белгісіне, қасиетіне негізделеді. Өзі белгілейтін ұғымның негізгі немесе қосымша белгісіне негізделмейтін ұлт тілінде бірде-бір атау болмайды. Сондықтан атаудың уәжін зерделеу - тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі.
Cөздегi уәждемені алғаш сөз еткен-В.Гумбольдт болды. Faлымның еңбектерінде тіл бiр мезгiлде әрі бейне, әрі таңба десе,сөз-жеке ұғымның таңбасы деген түйін жасайды.Тiлдiң негiзгi қызметi-қоршаған дүниедегі заттар мен кұбылыстарды сөздермен таңбалаудан, белгiлеуден басталады .Сөз шын мәніндегі сөз болу үшiн екiжақты бiрлiкте болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым .Сөздiн сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып калыптасуына не себеп, негiз, уәж болатын белгiлерi,ерекшеліктері жинақталып,ескерiледi.Сөйтiп,ғалым: "Слово как элемент языка мотивировано тем характерным признаком предмета ,его наименования и был закреплен языковой практикой " деген тұжырымдама жасайды [1]. Осы пікірден сөздің мағынасы мен жамылғышы арасындағы байланыс заңдылықтарын толық ашудың мүмкiндiгi бола бермейтіндігі байқалады.
Сөздiң уәжділігі мен уәжсiздiгi туралы ұғымды ғылыми айналымға енгiзген - Ф.де Соссюр . Ғалым,сөздi "таңба деп - бейне таңбалаушы, ал, оның екі жағы болады,бiрi-дыбыстық,бірі-бейне таңбаланушы"[2]-дейді.Яғни сөздің мазмұндық мәнін- оның дыбысталуынан бөлiп қарауға болмайтынын атайды.Жалпы,атаулардың қалыптасуында қоршаған ортаның
(табиғат,қоғам,адамзат) түрлi қасиеттері, ерекшеліктерi негiз, атау жасайтын құрал бола алады .Мысалы:аяққап пен қолғап,уыққап немесе кесеқап, көрпеқап ; аяқбау, шашбау, уықбау, желбау; атамекен, атажұрт,атақоныс, ойтүрткі , пікірсайыс (дебат), текетірес (саяси), атсайыс, атбегі, төраға, төрайым, жанбағыс, күнкөріс(нарық) т.б. күрделі жасалымдар жалпы туынды лексемалар соның көрінісі болып табылады.
"Уәж","уәжділік" туралы алғашқы ойларды айтқан ғалым А.А.Потебня сөздің ішкі формасы идеясын одан әрі жалғады."Адам баласы белгілі бір заттың әр алуан белгілерін сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Зат белгілері мен қасиеттері сан түрлі, әрі оны терең таныған сайын қасиеттері жан-жақты ашыла түседі де, санада бейнесі, елесі әр түрлі мөлшерде бейнеленеді, белгіленеді. Осы ерекше анықталған белгісі не қасиеті оның ішкі формасы ретінде бағаланады,және оның екі жағын көрсеткен. мағыналық пен дыбыстық тұтасу ұғымның мазмұнын белгілейді. Ал,ұғымның таңбаланатын мазмұнында зат не құбылыстың ерекше белгілері қамтылады да, атаудың негізгі мәні мен мағынасына айналады."[3] Яғни,атаудың бұл мағынасы лебізде,тілдік тәжірибеде бірте-бірте бекітіліп, халықтық санада сіңеді.Соның нәтижесінде халықтық қолданысқа ие болып, ерекше мағынада жұмсалып, жеке атау ретінде өмір сүру дәрежесіне жетеді, басқа да сөздерді жасауға қатысу арқылы тілді одан әрі дамытуға, байытуға араласатынын айтады.
Орыс тіл білімін зерттеушілердің пікірінше,мотивировка терминін қазіргі ғылыми айналымға енгізген Ю.С.Маслов.Ол уәжділік деген-айтушының ойы таныған заттың бейнесін белгілі таңбамен таңбалау,әрі нақ осы таңбаның себептілігін көрсету болып табылатынын айтады[4] Мысалы: сауда келісімідеген терминді алсақ,сауда-жалпы сауда процесін айқындайтын сөз болса,келісім-екі адам немесе субъектінің бір-бірімен келісуі,ал екеуін бірге айтар болсақ мағына біршама тарылады.Мұндағы ұғым-тек саудадағы келісімге қатысты болып қалатынын айтады.
Мурзин Л.Н. тұжырымы бойынша, уәжділік тудыра алатын, басқа сөздермен жасалған атаулардың белгісіне,касиетіне, іс-әрекетіне және басқа құбылыстарға қатысына байланысты анықталады[5]
О. И. Блинова мен оның шәкірті Н.Д. Голев зерттеулерінде терең қарастырылып, тіл біліміндегі жеке сала ретінде танылды.Ол лексикалық бірліктер табиғатындағы уәждемелік қатынастың мәнін анықтап, лексиканың жүйелілігінің маңызды бір көрінісі, белгісі ретніде қарастырды[6]
Е.С. Кубрякова: "Мотивология это учение о мотивах номинации, которое имеет свой научный аппарат, свой объект исследования, особые методы анализа, свои цели и задачи, отграничивающие от наиболее близкого к нему учения этимологии. Мотивология молодой зарождающаийся раздел языкознания, изучающий явления мотивации [7] - деп жазды.
Ал,Н.В. Крушевский мен Ф. де Соссюр еңбектерінде бір жағынан,лексиканың жүйелілігін анықтайтын негізгі белгі ретінде, екінші жағынан оның себебі, қалыптасуының негізгі механизмі ретінде қарастырылады[8]
Уәждеме саласында арнайы зерттеу жүргізген И.С.Торощеп": "Уәжділік идеялық және материалдық жағынан екі жақты көрініс табады. Идеялық көрінісі:бірліктердің мағынасында жалпы және ұқсас белгілер мен сөзжасамды байланысы арқылы анықталады. Материалдық көрінісі: дыбыстық сыртқы қабығына сәйкес келеді немесе жалпылық қасиетке ие болады" деген пікір айтады[9]
М.М. Гинатулин зерттеуі бойынша, құс атауларының 32 пайызы- дауыстарына(254 атаудың 82-ісі); 9,8 пайызы мекен еткен жеріне (254Атаудың 25-і) байланысты қойылған екен.[10] Автор құс атауларына қатысты мотивемаларды: дауысына, мекеніне, түсіне, қасиетіне
байланысты мотивемалар деп бөліп талдайды.
Бұл пікірлердің түйетін нәрсе: дыбысталу мен мағынаның арасындағы байланысты анықтау мүмкін болса,онда олардың себепсіз еместігі. Кез келген атауды қалай болса солай жасай беруге болмайтыны, оның жасалу жолында мағына мен дыбысталудың байланыстылығы, себептілігі, сол арқылы атау арқылы көрінетін мазмұнның уәжділігі терең теориялық толықтыруларды, дәлелді қажет ететін күрделі ғылыми-теориялық мәселелер. Атаудың уәжділігі тек сөздің дыбысталуы мен мағынасының арасындағы байланысы емес, сонымен бірге мағына мен ұғым, мағына мен зат, ұғым мен зат арасындағы тектес байланысты анықтайды.Мәселен:Дыбыстық жамылғыш(Ақтерек:Ақ - терек)Сөздің ішкы формасы (Терек түсінің ақтығы) Уәждемелік мағына(Ақ және терек сөздерінің бірге)Уәждемелік тұлға келіп мағына туғызуы,ал лексикалық мағынасы(Ағаш)
0.1 Қазақ тіл білімінде уәжділік мәселесі туралы ғылыми зерттеу жұмысында
көптеген ғылыми тұжырымдар мен пікірлер айтылған"Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде"атты монографиялық жинақта "мотивированные слова" терминінің баламасы ретінде "негізді сөздер" деген термин аалынған.Белгілі ғалым К.Аханов бұл ұғымды "дәлел" (мотив), ішкі дәлелдеу (внутренняя мотивировка), дәлелдеусіз (немотивированность) деп көрсеткен[9]. Автордың көрсетуінше, "зат немесе құбылыс тілде сөзбен айтылғанда өз бойында бар я өзіне қатысты айрықша белгісі бойынша аталады. Ол белгі күңгірттеніп кетеді
де, әлгі сөздің этимологиясы мен шығу тегі арнайы зерттеу нәтижесінде ғана айқындалады"
Ал,А.Б.Салқынбай "Уәж" сөзі қазақ лебізінде "дәлел" мағынасында жұмсалады.Сөйлеу тілінде "айтар уәжің бар ма?", "бұған айтар уәжім бар", айтатын уәжі болмаған соң, мүдіріп қалды" т.б. сияқты тұлғада қолданылады. Қазіргі қазақ тіл білімінде "уәж" термин ретінде "Мотив" сөзінің баламасы ретінде алынған.[11]
Н. Уәлиев өзінің "Фразеология және әдеби норма" деп аталатын еңбегінде мотив терминін уәж деп атайды, да фразеологиялық бірліктердің уәждік сипатын ашады.[12] Кейінгі зерттеушілердің дені осы терминді қолдайды.
Профессор Э. Д. Сүлейменованың жетекшілігімен шыққан "Тіл білімі" атты сөздікте. "Мотивация, уәждену (фр. моtif -сылтау, дәйектеме, motivation- уәждеме, дәлелдеме) тіл арқылы уәжділік тек тіл білімімен тығыз байланысы бар, тіл таңбалық жүйе болғандықтан, сөздің жасалу негізділігін айқындайды; екіншіден, туынды сөз құрылымдық және әлеуметтік негізділігімен ерекшеленетіндіктен, уәжділік бағытта қарастырылады.[13]
Г.И. Ұйықбаева" "Өсімдіктердің халықтық атаулары" деп
аталатын зерттеуінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өсімдік
атауларының уәжін, оларға ат берудегі уәж болған, негізінен
олардың түрі, түсі, көлемі, пішіні, органдарының саны, иісі, дәмі,
өсетін орны, айналасындарға әсері т.б. қасиеттері екенін сөз
етеді.[14]] Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын орыс, латын тілдеріндегі
атаулармен салыстыра келіп, олардың уәждері жағынан бір-
біріне сәйкес келетіндігін айтады.
Уәжділікті дыбысбейнелеуіштік және дыбыселіктеуіштік тұрғыда қарастырған ғалым К.Ш.Хұсайын атау белгілерінің мәнін ашып түсіндіруді жалпылама сөзден гөрі, шындық болмысқа атау берудегі белгілі бір адамдар ұжымының көзқарасы бойынша,нақты жағдайлардан, атау берудің мақсатынан туындату дұрыс болатынын жазады.Оның
"Проблемы фоносемантической деривации" деп аталатын еңбегінде: уәжділігі мен тектілігі сөзінің таңбалануы мен ұғымдық мазмұны халыққа әбден таныс
"ұш" сөзіне уәжделді,"ұшақ - самолет" түсінігі осы мазмұнды нақты әрі дұрыс таңбалағандықтан, сөз тез тарап, жылдам сінді.
Әрі жалпыға түсінікті таңбаға айналды.[15] Басты себеп- сөздің тарихи
мағыналық тектілікті сақтап, мәндік жағынан дұрыс уәжделуі
Атаудың уәжділігі мен тарихи тектілікті сақтап, жаңа мағына туғызуы логикалық жағынан ойдың дұрыс қабылдануына пайдасын тигізеді, қым-қуыт қателесуге соқтырмайды. Бұл тұрғыда Әл-Фараби логиканың адаға тигізер пайдасын айқын көрсетеді.Ол атаудың табиғатын ойлаумен тікелей байланыста,бірлікте зерттейді. Атау тек белгілі дыбыстардың жиынтығынан құралмайды, сонымен бірге адам жаны мен сезімі арқылы пайда болған ойдың тікелей көрінісін таңбалайды.
М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат түрк" сөздігінде есімдер уәжділігінің ғылыми негізі анықталады.
Көне түркі кісі есімдерін үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Жоғары тап өкілдері, билеуші қағандардың есімдері.Олардың құрамы күрделі болып келеді: Боғра Қарахан, Шакир Тұңға хан, Алп Ер Тұңға
2. Қарапайым адамдардың есімдері: Қаһан, Құтан, Атус,Товрул, Турумтай
3. Құл мен күндердің есімдері: Айас, Алп тегин, Қай, Қашаш, Күміс, Күміс тегин т.б.Айталық, узуқ-удуқ сөздерінің мағынасы Көне
Түркі сөздігінде (Удук-узік сильное чувство, страсть деп берілген. Ал д және т дыбыстарының алмасуы да тарихи заңдылық. Өйткені ғалымдардың зерттеулерінше, қатаң дауысты дыбыстардың ұяң дауыссыз дыбыстарға алмасуы арқылы тілдің дамуы болған, әрі олардың сәйкесуінен кейде атау сөздер де жаңа мағынаға ие болған. Қызылорда" - қызылдардың
Ордасы, "Жетісу" - жеті өзеннің болуы, "Жезді" - жезі мол
Шым қала, Ботагөз ботаның көзіне ұқсату, Амангелді - аман келсін деген тілектен туады, ақгүл-түсі ақ гүл т.б.[16] Мұндай сипаттаманың негізі бар, әрі мұндай талдау атаудың тілдік санада қабылдануын жүйелеп, мазмұн мен мәннің ішкі болмысынан ақпарат береді.
Б. Қасым "Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым" атты зерттеу жұмысында аталымның негізгі сүйенер тірегі - уәждеме дей келіп, аталым теориясына қатысы бар уәжтанымның өз нысаны, әдісі, мақсаты, мен міндеті айқын.Сондықтан, аталым мен уәжділік теориясы бір-бірімен тығыз екенін жазады.[17] Түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін
(толық, жартылау, абсолютті) және олардың арасындағы уәждік
Танымдық қатынасты қарастыратын сала. Ғылыми зерттеулерде
Уәждемені салыстырмалы, салғастырмалы, қарапайым-халықтық,
Ғылыми уәждеме деп бөлу бар.Уәждеме-Уәждемелік тұлға-Уәждемелік мағына-Лексикалық мағынасы;Мысалы: "ек" және "сыр" сөздерін алсақ:
Сөздің ішкі формасы - егілетін нысанды жерге тығу, егу
Ек - түбір етістігіне, -ыс қимыл есім(кейіннен ортақ етіс мағынасына алмасқан) жұрнағынан Егіндік даладеген атау қалыптасады.
Уәждемелік тұлға - Сыр-ық
Сөздің ішкі формасы:Ағаштың ұзындығы, жіңішкелігі;
Уәждемелік мағына:итарқаға, киіз үйдің шаңырағына шаншып, сырық ағашты тірек етеді.Лексикалық мағынасы:Тірек ағаш.
Асылбекова Н.Ө. "Кісі есімдерінің уәжділігі және ұзақ уақыт бала көрмей жүрген отбасында қойылатын кісі есімдерінің ішкі уәжділігі" "бала аңсау" жағдайына байланысты уәжделетіні айқын аңғарылып тұрады. Ұл туса- ат байлар,қыз туса-көйлек тігер деп астарлы мағынамен жеткізуінің де
өзіндік тағылымы бар."Балалы үй-базар, баласыз үй-қу мазар" дейтін халық
даналығы балалы үйді бай санаған, бар санаған. Ал баласыз үйдегілер әулие-әмбиеге жалбарынып, әр түрлі ырымдар жасап,Жаратқаннан бала тілеген. Шын тілеген тілекті Алла қабыл етіп,отбасы балалы болғанда, шаңырағы шаттыққа толған үй иесі оның атын Аллаберген, Тілеп, Тілепберген, Жасағанберген,Тілеуқабыл, Есіркеп, Елтілеу, Қуаныш, Қуандық, Сағындық,
Сүйініш, Жұбан, Жұбаныш сияқты есімдермен атаған. Мұндағы кісі есімдерінің барлығы құрамындағы себепші негіздердің мағынасы арқылы уәжделіп тұрғанына көз жеткізу қиын емес.Бұл жерде алла, құдай, тәңірі, жасағансөздері негізгі тірек компонент болады. Қазақ халқының ұғымында бұл атаулардың сыртқы жамылғышы әртүрлі болғанымен, мағынасы мен мәні бір. Яғни баланы жаратушы бір алла берді деген сеніммен осылайша балаға ат береді. Алла - араб тілінен, құдай,тәңірі, жаратушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz