Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
БӨЖ
оБӨЖ
Пән:Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілдік білім негіздері
Тақырыбы: Буын түрлері. Буынның алмасуы мен жылысуы.
Орындаған: Нұрділлә Алтынай
Тобы: ППМ - 311
Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан
Түркістан-2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар.
- Әртүрлі тілдердігі сөздердің буын құрылысы.
- Екпін және оның элементтері.
- Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.
- Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сөздегі бір дауысты немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, бала, әке, жақсылык, сияқты сөздер ба-ла, ә-ке, жақ-сы-лық болып, дауыс толқыны бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.
Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тіөзбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: жа-са, о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар үш буынды сөздер т. б.
Қазақ тіліндегі сөздер бір буынды, екі буынды және көп буынды бола береді. Әдетте түбір сөз бір буынды, екі буынды болады да, көп буыңды сөздер туынды түбір не сөз формалары болып келеді.
Буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, буын ішіңде дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнына байланысты қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
Негізгі бөлім
1. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады . Кез келген дыбыс буын құрай бермейді . Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар. Дауыстылар жеке-дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады . Мысалы, чех тілінде lkv (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен, әрқайсысы бір-бір буынды сөз третінде қаралады.
Сөздердің айтылуыдағы буын саны мен жазылудағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес . Кейбір сөздердің жазылудағы буын санынан айтылудағы буын саны көп болса (мысалы, литр сөзі айтылуда екі буынды сөз болып айтылады), керісінше, кейбір сөздердің айтылудағы буын санынан жазылудағы буын саны көп болады (мысалы, Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауыссыздың алдыңғысының түсірілуі нәтижесінде айтылуда бір буын кемиді) .
2. Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді : ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
- Ашық буын . Бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-ла, ә-ке, а-та, қа-ра, да-ла, і-ні, мә-се-ле т. б.
- Тұйық буын . Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады. Мысалы: оң, оқ, ол, ақ, ас, ұл, өрт, ұрт, ант.
- Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы да дауыссыз дыбыспен тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: құс, құм, құр, күн, қан, қас, қар, қап, қос, қол, түн, түр, төр, тон, төрт, бұлт, қант, тарт, т. б.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, үш дыбысты тұйық буын мен төрт дыбысты бітеу буынның соңындағы қатар келген екі дауыссыздың ең соңғы дыбысы қатаң, оның алдындағы дыбыс дыбыс үнді болып келуі шарт. Мысалы: ант, ұлт, өрт, бұлт, тарт т. б.
3. Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді . Ол буындардың біреуі, басқаларына қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған орай, екпін түскін буынды екпінді буын деп атайды. Екпін түскіен буын басқа буындардан негізгі үш тәсіл арқылы ажыратылады.
Буының біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны, буынның күшімен байланысты болады да, басқа буындардың ішінде бір буынның көтеріңкі айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген тілдерге караған . Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар : славян тілдері, түркі тілдері, герман тілдері. Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса, жаңа грек тілінің екпіні - динамикалық екпін.
Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жйілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва, т. б. тілдер.
Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
4. Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы мүмкін . Мұндай лебізді екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша, көмекші қызмет атқарады. Мысалы, орыс тілі лебізді екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай бола тұрса да, оған квантативті екпіннің қатысы бар . Орыс тілінде сөз құрамындағыекпін түскен буын, біріншіден, жоғарғы қарқынмен, көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Демек, орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті болады.
Неміс тілі де - лебізді екпінге ие тілдің бірі . Мұмымен бірге, неміс тіліндегі екпіннің муэыкальды сипаты бар. Бұл тілде екпін түскен буын екпінсіз буыннан тонның өте-мөте жоғары көтерілу сипатымен ерекшеленіп ажыратылады. Алекпіннің сандық жағының неміс тілінде пәлендей ролі болмайды, өйткені ондағы созылыңқы дауыстылар келте дауыстыларға қарсы қойылады да, фонетикалық қызмет атқарады.
Кейбір тілдерде, мысалы, орыс тілінде, екпін сөздердің әр буынына - алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да - түсе береді . Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін - жылжымалы екпін .
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көьінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді . Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін сөздің көбінесе соңғы буынына түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz