Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Курстық жұмыс
Пән: Мектепке дейінгі психология
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

Орындаған: М-20-1 тобының студенті Қайратқызы Ф
Ғылыми жетекші: Казангапова С.О.

Қарағанды 2023 жыл
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Темперамент туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
IV.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Темперамент-XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі.Оған деген қызығушулықтың төркіні-адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның жан дүниесі оз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы,бір жағынан,адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса,екіншіден әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді.Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар:эмоция тереңдігі,қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы-бәрі осы темперамент түсінігімен түсіндіріледі.Дегенмен осы күнге дейін шешілмеген,талас-тартысты қырлары баршылық.Бірақ барлық проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай,ғалымдардың барлығының мойындайтыны:темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық,яғни табиғи ірге тасы.Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.Назар аударарлықтай ерекшелік,темпераменттің әр қилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай,заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.[1]
Сонымен,темперамент-адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын псикиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны,мақсаты және себеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді,есейген шақта да өзгеріске түспей,өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.[2]
Темперамент түрлерінің жақсысы не жаманы болмайды.Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие,сондықтан басты назар темпераментті реттеп,түзетуге қаратылмай,нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн.Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен,олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан.Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыда темперемент типтері деп атаған.Темпераметтердің бұл бірігімдік(типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді,себебі пайдалана отырып,нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типине жататын адамның болашақ әрекет- қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады,ал эмоция мен ойлауға,еріктік қимыл-қозғалысқа,сөздің сарыны мен ырғағына әсер береді.Бірақ темпераметке жеке адамның моральдық тәрбиесі,әлеуметтік бағдары,әуестенуі,қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.[3]
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған.Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара құбылыстарын бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды,түсіндіруді ойластырады.Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.Гиппократтың пікірінше,адамның тәнініде төрт түрлі сұйықтық болады:қан,шырын,сары және қара өт,олар дұрыс араласса - адамның дені сау,дұрыс араласпаса-сырқат болады.Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды.Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.Мәселен холериктік темперамент-chole(өт),сангвиктік темперамент-sangues(қан),флегматикт ік темперамент - phlegma (шырын), мелонхоликтік темперамент-melanos chole(қара өт) деген сөздерден алынған.Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына,ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады.Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса,үнемі қимыл-қозғалыстағыларда-өт көбейеді, темпераментте осыған сәйкес анықталады.[4]

Негізгі бөлім
1.1.Темперамент турулы жалпы түсінік
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.Темперамент- нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастағаны белгілі.Айтылған төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминдітемпераментум деп атап кеткен.[4]
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша "сангинус" -- қан), ал шырын басым болса (грекше "флегма" -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше "мелай-холе" -- қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір ауулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау -- сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің "Антропология" деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі -- қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді -- ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді -- ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді -- нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді -- нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.[6]
И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: "Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы". Соңғы жылдары көрнекі орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Егер И.П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше вариантарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге иемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған арай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді.[7]
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады.Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ -- көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -ісі жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайыттар.Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.Меланхолик -- темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз қызбалылық -- осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Табиғи жағдайда темпераменттердің "таза" түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің "таза" түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің баланың жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай баланы құрбы-құрдастары "қорқақ", "сылбыр", "үндемес", маубас" т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.[8]
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент -- адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады[9].

1.2.Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық ерекшеліктері
Балалар темпераменті.
Егер сіз мектепке дейінгі баланы қадағалайтын болсаңыз, олар үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың белсенділігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады. Мұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың темпераментінің физиологиясы.
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1. Күшті қозуы тежелуінен басым
2.Күшті қозуы мен тежелуі тең
3.Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:
1 Күшті, ұстамсыз
2 Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.[10]
4. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник. Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш бала. Ондай бала ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа балалармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда бала жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
Сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Ойын үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Флегматик. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы - флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы - жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик. Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Меланхолик. Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.[22]
5. Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу.
Әр мұғалім баланың темпераментін білу керек. Холерик балада ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет. Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек. Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек. Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.[18]
Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері
1. Мінез-құлықтың әлеуметтік эмоционалдық реттеуші моделі ( К.Рубин ұсынған ). Бұл теорияның негізін баланың сыртқы ортамен қарым-қатынас кезінде туындайтын қиыншылық проблемалары құрайды. Бұл модельге сәйкес баланың әлеуметтік эмоционалдық дамуы интериндивидуалды, интроиндивидуалды және макрожүйелік күштердің өзара әрекетімен түсіндіріледі.
Интериндивидуалды күштер бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың сенімділігімен және сенімсізділігімен сипатталады. Ал интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процестері бойынша баланың темперамент ерекшелігімен сипатталады. Интериндивидуалдық күштердің сенімділік жағдайында ата-аналар баласының сезімін, ойын, қажеттілігін елеусіз қалдырмай, оның өзіне деген сенімділікпен қарауын қолдайды.
Осының нәтижесінде балада өмірге деген сенімділік арта түсіп, әлеуметтік ортаны ең алдымен үлкен адамдармен, кейін келе өз қатарымен танып білуі күшейеді. Ал сенімсіздік қарым-қатынаста ата-аналар баласының жан-күйін түсінбей, тіпті оны жақсы көруден де қалады. Балада өмірге деген сенімсіздік пайда болып, бұл сенімсіздік оның дамуына негативті әсерін тигізеді, яғни балада өзіне деген баға, танымдылық белсенділік төмендеп, қоршаған ортадан өзін оқшаулай бастайды.
Ата-ананың балаға өз құрбыларымен қарым-қатынас процесінде жүргізетін шектен тыс бақылауы, шектен тыс қамқорлығы (гипеопека) - балаларда үлкендерге деген тәуелділікті, жаңа жағдайлар мен проблемалар алдында қорқыныш сезімін туғызады.
Макрожүйелік күштер - бұл жанұяның экономикалық жағдайы , ата-ананың білім деңгейі және қарым-қатынастың сипаты (эмоционалды тұрақтылық деңгейі, ұрыстар және дағдарыстар, т.б.). Бұл күштер ата-ананың балаға деген адекватты емес қатынасының пайда болуына алып келеді.
Егер әрбір сала тиімді күйде жүзеге асатын болса, онда баланың дұрыс дамуына қолайлы жағдай туады. Біреуінің бұзылуы әрекеттің үйлесімділігін деформациялайды. Осылайша жанұядағы дау - жанжалдар ата - ананың балаға деген қарым -қатынасын негативті бағытқа қарай өзгертуі мүмкін. Балада қорқыныш сезімін, шектен тыс қозғыштықты, тынышсыздықты, тағы басқа қиыншылықтарды қамқорлық және ілтипаттылық қарым - қатынаспен жеңуге болады.[14]
Көптеген автордардың зерттеулері төмендегі жайттарды анықтады:
А) Темперамент және мінез құлықтың әлеуметтік регуляциясы.
1. Зерттеулер нәтижесінде балалар темпераментінің екі типі анықталған. Олар бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ белгілі болады. Оның біреуі жаңа жағдайда балада қорқыныш сезімінің жоқтығымен сипатталатын стресстік жағдайдағы баланың фрустрациясы. Бұл топтағы балалар жаңа жағдайларға жақсы бейімделу қабілетіне ие. Ал келесі темперамент типі қарама-қарсы белгілерге ие: аналарының берген сипаттамасына қарағанда бұл балалар беймаза және күйгелек. Сонымен қоса, бұл екі типті темпераментті ажыратудың физиологиялық индикаторы табылды. Ол - жүрек ырғағы. Бірінші топтағы балалар жүрек ырғағының күшті көрсетуімен, бейімделу қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді.
2. Баланың темпераменті мен оның анасына бауыр басу арасындағы байланыс саласы арасындағы қарым-қатынас.
3. Нәрестенің темпераменті мен ерте шақта мінезінің тежелуі арасындағы байланыс.
Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты емес, керісінше темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.
Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.
Б)Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасы және әлеуметтік оқшаулану.
Бұл мәселені зерттеу үшін К. Рубиннің басшылығымен құрылған Ватерлоо Лангитюдты проекті алынған. Зерттеуде келесі мәселер шешіледі:
1. Балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынасы кезінде әлеуметтік оқшауланудың ерте формаларын зерттеу.
2. Баланың әлеуметтік оқшаулану жағдайында дамуына ерте әлеуметтік оқшауланудың әсерін анықтау.
3. Баланың әлеуметтік дамуы үшін ерте әлеуметтік оқшауланудың прогностикалық күштерін анықтау.
К.Рубиннің зерттелінген жобасының күшті жағы болып зерттеуде әдістемелік тәсілдерді кеңінен қолдану және зерттенушілердің мінезін бағалау мен бақылаудың шкалаларын тиянақты құрастыру болып табылады. Экспериментте бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата - аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата - аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата - ана мен бала арасынлдағы қарым - қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылады.[4]
Мектепке дейінгі кезең психологиясы
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес, 3 жаста тек 81 см қосады, 4 жаста 4-5 см-ге кемуі, 6 жаста - 7-8 см-ге артады, ал 7 жаста - 10 см артады. Мектепке дейінгі баланың бұлшық еті салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі интенсивті жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсеткішіне жақындайды.
Мектепке дейінгі бала дербес әрі тәуелсіз бола бастайды. Мектепке дейінгі кезең - тілдің грамматикалық қатарын меңгерудегі және лексикасының баюының жауапты кезеңі болады. Тілдің интенсивті дамуына фонетикалық ес көмектеседі. Осы кезеңде бала адамның денелік құрылымына қызыға бастайды. Жыныстық айырмашылыққа қарайды. Осы кезеңде балалар қайталай беруге құмар болады: 10 шақты рет ескі ертегіні тыңдай беруді, жаңасын тыңдаудан бас татады.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік-рольдік ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да даму факторы болады. Ең маңызды әрекет - сурет салу болып саналады.
Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:
1.Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас);
2.Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;
3.Схемалық кезең (4-5 жаста);
4.Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері майысқан болады, киімін бейнелейді;
5.Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі.
Бала сурет салғанда көргенін емес, білетінін салады. Сурет әрекеті реалистік немесе эстетикалық бағытта емес, тек мәнерлілік функцияларында орындалады.
Өнімді іс-әрекет түріне суреттен басқа құрастыру, жапсыру жатады. Құрастыру балалардың творчествалық қабілетін арттырады да, талдау, абстракция сияқты ақыл-ой амалдарын жетілдіреді.
Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақты болады. Заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі болып табылады.
5 жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады. Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауға, дыбыстарды жоғарылығына қарай ажырата алады.
Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды. Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады.
Осы кезеңде тар отбасылық қарым-қатынастардан кең шеңберге ауысады, яғни өз құрбыларымен араласуы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент туралы
Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу
Темперамент адамның мінез құлұқы
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі
Темперамент туралы ұғым, мағлұматтар
Адамдардың темпераментін анықтау
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктері
Темперамент жайында
Пәндер