Мал азығын механикаландыру


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМал азықтық дақылдарды механикаландыруМал азығынын қоректілігін азықтық өлшем арқылы есептеудің әдістерін үйрену;
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанда малды қорада ұстап бағу әр аймақта әр түрлі. Оңтүстік аймақтарда бұл көрсеткіш 4-6 айдай болса, солтүстік аймақтарда 7-8 айға дейін созылады және де кейбір аймақтарда (далалық, шөлейт) табиғи жайылымдардың жаздың екінші жартысында өнімділігі күрт азайып мал жаюға тиімсіз болып қалады. Сол кездері колдағы малды екпе жасыл конвейер жасау арқылы коректендіреді. Осының бәрін ескере келгенде мал азығының 60-70% мөлшері малды қорада ұстап (стойловый период) баққанда жұмсалады екен. Сол себепті шалғындықтан және егістіктен алынған жем-шөптің азықтық бағалығын есептеу керек. Ол үшін Россияның В. Р. Вильямс атындағы мал азыктық ғылыми-зерттеу ииституты ұсынған анықтаманы пайдмануға болады. Ұсынған анықтамаларды пайдаланып отырып, егістіктің 1 гектарынан алынған көк балаусанын мая азықтық өнімін шығаруға болады. Казіргі кезде мал азығының қоректілігін анықтау үшін азықтық өлшем (а. ө. ) қолданады. Ол дүниежүзілік стандарт бойынша 1 кг сұлыдағы энергия мөлшеріне тең етіп алынған.
Өсімдіктін коректілігін бақылау. Өсімдіктің қоректілігі оның химиялық құрамына байланысты. Өсімдікте су мөлшері және кұрғақ зат мөлшері анықталады. Құрғақ затында күл мөлшері, одан кейін протеин, ақзат, май, клетчатка және азотсыз экстрактивті заттар анықталады.
Өсімдіктік желінуі. Бұл көрсеткіш 5 балл бойынша анықталады: 5-өте жақсы желінетін өсімдік; 4-жақсы желінетін өсімдік; 3-орташа желінетін өсімдік; 2-нашар желінетін өсімдік; 1-өте нашар және кей кездері ғана желінетік өсімдіктер; 0-мал жемейтін өсімдіктер.
Улы және зиянды өсімдіктер. Улы өсімдіктерге мал жегенде ауыратын ие болмаса уланатын өсімдіктер жатады.
Мал азықттық өсімдіктерді ботаникалық топтарына және тұқымдастарына қарай қоректілігін бағалау. Ол үшін өсімдіктерді 4 топқа бөледі: астық, бұршақ, кияқ (өлең) және аралас шөптер.
Мал азықтарын бағалағанда алынатын түзетулер мен есептеулер
Мал азықтық дақылдарды механикаландыру
Қазіргі кезде әр гектардан түсетін мал азығы мөлшерін есептеу үшіп әр түрлі анықтамалар мен әдістемелер пайдаланалады. Солардың негізгісі болып М. Ф. Томмэнің (1964ж. ) «Корма СССР. Состав и питательность» көлемді анақтама кітабі. Бұл анықтамада мал азағының 3100-гетарта түрлерінің 6500-ден астам талдаулар көрсеткіштері келтірілген. Қазакстанның мал азығы түрлерінің коректідігін аныктау үшін М. Ф. Мартовицкаяның (1976 ж. ) «Химический состав и питательность кормов Северного Казахсгана» аныктама кітабін пайдалануға да болады. Осы және басқа да анықтама кітаптарында сараптамаға алынған мал азығы түрлері, үлгілердің талдауға алынған уақыты, өсірілген жері, өсу кезеңі, ондағы мал азығы өлшемі, 1кг немесе 100 кг азықтағы қорытылатын протеин мөлшері және де азыктың химиялық кұрамы (-%) - су, протеин, ақзат, клетчатка, азотсыз экстрактивті зат, олардың қорытылу коэффициентері мен мөлшері келтіріледі. Мал азығындағы азықтық өлшем ондағы кұрғақ заты мөлшерімен тығыз байланыста. Былайша айтқанда мал азығының ылғалдылығы төмен болған сайын оның мал азықтық өлшемі жоғары болады. Ал енді шабылмай тұрып қалған шабындықтан түсетін өнімнін құрғақ затының мөлшерінің жоғары болуы оның қорытылу сапасының төмен екенін көрсетеді.
Көпшілік көк азыктың мал азықтық өлшемін тиісті коэффициенттер арқылы кұрғақ заттан шығару арқылы анықтауға болады. Бұл қарапайым жылдам-тәсіл (экспресс-метод) деп аталады және өндірісте көп қолданылады. Осы тәсілді формула арқылы былай сипаттауға болады:
А. ө. = Қ з -Т х
Мұнда Мал аз. ө. мөлш. - 100кг мал азығындағы мал азыктық өлшем мөлшері;
Қ з -құрғақ зат, %:
Т х - түзету коэффициенті.
Мал азығының қоректілігінің көрсеткіштері, г
(М. Ф. Томмэ, 1964 ж. )
Көк азықтың құрғақ затын анықтау коэффицненті әр дақылдар үшін әртүрлі. Олар 0, 70-тен 0, 94 аралығында болады. Кейбір дакылдар үшін мұнадай коэффициенттерді алуға болады (В. Т. Нагорный, 1979) : жүгеріге -0, 94, күнбағысқа - 0, 84, тамырсабақсыз бидайыққа - 0, 70, еркек шөпке - 0. 74, жоңышқаға - 0, 81, эспарцетке - 0, 92, түйе жоңышқаға - 0, 81, күздік кара бидайға - 0, 93. Көп пайдаланылатын мал азыктарының қоректілігі 2- кестеде келтірілген.
Мал азығының сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіш оның құрамындағы қорытылатын протеин мөлшерінің теңестірілуі. Мысалы мал азығында зоотехиикалык мөлшер бойынша бір азыктық өлшемде 105-110 г қорытылатын протеин болуға тиісті. Осы көрсеткіш арқылы мал азығы құрылымының теңестірілгендігі анықталады.
Мал азығының сапасын анықтауға тағы бір тәсіл қолданады. Ол азықтық-протеиндік бірлік деп аталады. Бұл жағдайда белгілі танаптан түскен мал азықтық дакыл өнімінің азықтық өлшемі қорытындайтын протеин мөлшерінің теңгерілуімен сәйкестендіріледі.
Әр гектардан түсетін азықттық-протейндік бірлік мына формуламен анықталады.
А пб =Ө∙А б ∙П к
Мұнда, А пб - азықтық-протеиндік бірлік мөлшері, ц/га;
Ө - әр гектардан түскен өнім, ц/га;
А б -1 ц мал азығындағы азықтық өлшем;
П к - мал азығғының қорытылатын протеин қамтамасыздануы. Бұл көрсеткіш мал азығындағы протеин мөлшерінің зоотехникалық мөлшерге қатынасы арқылы анықталады. Мысалы, 80% нақтысы /110 тиісті мөлшері =0, 73
Мал азығының сапасын бакылау жұмыстары оны дайындаған кезден басталып мал қоректендіргішке жүргізіледі.
Мал азығын дайындау кездерінде алдымен қадағалап отыратын шара оны тез арада кептіріп қоректік заттарын барынша сақтау болуға тиісті. Шабылған шөптің кебу дәрежесі -тез араның (2-3 күн) ішінде ылғалдылығы 17-18% жетілуі керек. Орылған шөпті кептіру кезінде бір-бірімен тығыз байланысқан физиологиялық және биохимиялық процесс кезімде 50% дейін каротип жоғалады, пішенде шикі протеин мөлшері төмендеп, азыюьын қорытылуы және биологиялық құндылығы кемиді. Осыған орай шабылған шөпті кептіру кезеңін неғұрлым тездету керек.
Шөп кептіруді жеделдетудің маңызды тәсілдерінің бірі - сабақтарды жаныштап таптау. Бұл тәсіл көк кептіруді 2-3 есе тездетіп жай кептіргенмен салыстырғанда протеин ысырабын 2 есе азайтады.
Мал азығыным сапасын алықтауға апатын үлгі; нүктелі, қосылып біріктірілген және орташа болып бөлінеді.
Нүктелеп үлгі алу жемшеп массасының бірақ жерінен алынады. Қосып-біріктірілген үлгі жем-шөп массасының әр жерінен нүктелеп алған үлгіні біріктіру арқылы дайындайды. Орташа үлгі бірнеше қосып-біріктірілген үлгілердің араластырып содан бөлу арқылы дайындалады. Шалғын жем-шөп қорынан дайындалған қосып-біріктірілген үлгі орташа үлгі де бола алады.
Қоңырбас тұқымдас шөптердің шаруашылық және мал азығы үшін құндылығын бағалау
Астық тұқымдас шөптердің табиғи өсімдік қауымында алатын орны ерекше, Бұл өсімдіктердің жер шарында 5 мыңға жуық түрі кездеседі, өте көп тараған тұқымдастар тобына жатады. Әсіресе, ыдалалық аймақтық өсімдік құрамында 70% кездеседі. Солтүстікте орманды-далалық және оңтүстікте шөл және шөлейт аймақтардың өсімдік қауымында астықтұқымдастардың үлесі азая бастайды. Астық тұқымдастар екі топқа бөлінеді: 1) масақты; 2) шашақты дақылдар. Астық тұқымдас шөптердің өнімі және ұзақ өмір сүруі, түптенуіне байланысты болып келеді. Олар мынадай түптену типтеріне бөлінеді:
- тамырсабақтылар - түптену буыны топырақ бетінің 5-20 см терендігінде орналасады және түптену буынынан көлденең өркендер (тамырсабақтар) тарайды да сонда түзілген бүршіктерден жаңа өркендер өсіп шығады;
- сиректүптілер - өсімдіктің түптену буыны 2-5 см тереңдікте орналасады да сол жерден өркендер өсіп тарайды;
- тамырсабақты - сиректүптілер - бірнеше сиректүпті бірімен-бірі қысқа көгентамырымен жалғасып жатқан өсімдік топтарын құрады;
- тығыз түптілер - өсімдіктің түптену буыны топырақ бетінде (1-2 см) орналасады;
- жер бетіндегі өркендері жатаған өсетіндер - бұл өсімдіктердің өркендері жер бетіне жатаған өседі де солардан қосымша тамырлар жайылу арқылы көбейеді.
Көпжылдық астықтұқымдас шөптер көпжылдық мәдени шабындықтар және жайылымдар жасау үшін қолданылады. Бұл жағдайда олардың жапырақ құру сипатын ескереді. Астықтұқымдастарының өркендері үш типке бөлінеді; ұрықтық өркендер, вегетивті ұзынша, вегетивті қысқа сабақтар (өркендер) . Ұрықты өркендерде гүлшоғыры орналасады. Вегетативтік (ұрықсыз) ұзынша өркендер ұрықтық өркендермен бірдей биіктікте өседі, бірақ, гүлшоғырын салмайды. Вегетативтік қысқа сабақтар негізінен жапырақтардан тұрады, басқаларынан қысқа болады.
Жоғары түпті астықтұқымдастар негізінен ұрықтық және вегетативтік ұзынша өркендерден тұрады. Ал төмен түпті астықтұқымдастар негізінен вегетативті кысқа өркендер құрады. Жартылай жоғары түпті шөптер аралық негізде дамиды. Астықтұқымдас шөптердің шаруашылық ботаникалық сипатын жазыңыз (4. 1. 1. кесте) .
Астық тұқымдас негізгі малазықтық өсімдіктері сипаттамасы
Экологиялық ерекшелікт. өсетін ортасы
100кг құрғақ өнімінің азық өлшемі(а. ө. )
гүлшоғы
өсімдік биіктігі
Өсіп -өнуі
Вегет кезеңі
Өсуінің ұзақтығы
Құрғақ өнім
Соның ішін алшын
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Көп жылдық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz