Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Ғылым жәнe жoғapы бiлiм миниcтpлiгi
Aкaдeмик E.A.Бөкeтoв aтындaғы Қapaғaнды yнивepcитeтi
Тapиx фaкyльтeтi
Apxeoлoгия, этнoлoгия жәнe
Oтaн тapиxы кaфeдpacы
Реферат
Тaқыpыбы: Орынбор ғылыми архив комиссиясы және Қазақстандағы архив мекемелерінің қалыптастырудағы рөлі
Opындaғaн: ИO-33к-21 тoбының cтyдeнтi Дуceнбaй A.E.
Тeкcepгeн: п.ғ.м., Амантаева Н.А.
Қapaғaнды 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1 Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... 5
2 Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған дереккөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған орай орныққан жаңа әлеуметтік саяси ахуал қоғамның да оның азаматтарының да санасында айтарлықтай сілкініс туғызып, өз елінің тарихына деген көзқараста түбегейлі өзгерістерді бастап береді. Ол тарихты жан- жақты талдауда, зерттеулердің түбегейлі жүргізілуінде мұрағаттың алатын орны ерекше. Әсіресе, XIX ғасырдың, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын мұрағаттағы құжаттарсыз қарастыру мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуы ең алдыңғы технологиялық бағыттағы әдістерді қолдануға (электронды құжаттар) көшірілуде.
Мұрағат мекемесі Қазақстандағы қызмет саласының негізгі бөлімінің бірі болып табылады. Сондықтан да мұрағат ісі өзінің қалыптасуы мен дамуы тарихында өзіне тиісті ғылыми талдау мен лайықты зерттеуді қажет етеді. Ең алғаш қазақ мұрағатының негізін 1794 жылы Бөкей хан қалады. Мұрағат саласының Кеңес дәуірінде қалыптасуы 1918 жылғы 1 маусымдағы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қабылдаған Мұрағат ісін қайта құру және орталықтандыру атты декретімен байланысты. Бұл декреттің Қазақстанда мұрағат саласының негізгі қолдануына ықпал етті.
Одан, кейінгі жылдардағы партия Кеңес мекемелерінің қабылдаған көптеген қаулылары жоғарыда аталған декреттің жаңа жағдайдағы заңды жалғасы болды. Кеңес мемлекеті орнағаннан кейін мұрағат ісінің дамуы тікелей мемлекеттік мекемелердің дамуымен байланыста болды.
1996 жылы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мұрағаттар мен құжаттардың Бас басқармасы жойылып, оның мүлік және істер жөніндегі міндеткерліктері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына жүктелді. 1998 жылдың 24 қарашасында Республиканың терминкомы архив сөзін мұрағат сөзімен ауыстыруға шешім шығарды.
Мұрағат - ең құнды құжаттарды сақтайды. Бұл құжаттардың әр қайсысы тарихтың бір бөлігі. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның даму, қалыптасу кезеңдерін көрсететін құжаттар мемлекетімізді өз ақыл - ойымен, өз қолдарымен орнатушылар, оның куәсі болғандардың құжаттары келешек ұрпаққа берер кеңесі, қалдырған үлгі - өнегесі. Өткендегі Қазақстандағы мұрағаттық істің зерттелу, қалыптасу тарихы және ерекшелігі, ондағы құжаттардың қолданылу мәселесі тарихшылар назарынан тыс қалмаған. Осы жағынан алғанда бұл тақырып тарихшы - мұрағаттанушы үшін сұраныстағы мәселелердің бірі болып табылады.
Рефераттың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз алғаннан кейінгі уақытта тарихшылар тарапынан Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихына ерекше көңіл бөліне бастады. Әрине Кеңес тарихнамасында да бұл мәселе қарастырылды.
Белгілі ғалым В.В.Максаков өзінің Архивное дело в первые годы Советской власти атты зерттеуінде 1918 жылы қабылданған лениндік декреттің РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мүшелерінің арасында талқылануға салынғандығы туралы айта келіп, бұл декреттің ұйымдастырушысы тарихшы, Халық атқару комиссарының орынбасары М.Н.Покровский болғанын жазады [1].
С.Н.Валк О тексте декретов Октябрьской Социалистической революции и необходимости научного их издания деген мақаласында лениндік декрет түпнұсқасымен оның жарияланған текстінің арасындағы айырмашылыққа әкелді дейді. Мысалы, декреттің үшінші пунктінің түпнұсқасында: ... күнделікті қызметке қажетті істер, осы ведомствоның қарауында қалады, бірақ мұрағат ісінің жоғарғы басқармасының қарамағына кіріп өз қызметін жалғастырады, жарияланған тексте - ... осы ведомство бөлімінде қалып, мұрағат ісінің жоғарғы қарамағына өтпейді делінген. Мұндай айырмашылықтар қарама-қайшы талқылауға негіз болды: түпнұсқада істер ведомстволық уақытша қолдануға қалтырылады, жарияланған тексте істер Мемлекеттік мұрағат қорына мүлдем түспейді. Бұндай қарама-қайшылыққа алғаш рет 1939 жылы С.Н. Валк назар аударып осының негізінде мақала жариялады [2].
В.Введенский Архивное строительство в Казахстане деген зерттеуінде 1921 жылы қаражаттың жетіспеуі мен аштық жергілікті жерлердегі мұрағат ісінің ұйымдастырылуына кері әсерін тигізді дейді, мұрағат құжаттары алып-сату көзіне айналды және көптеген орталық мекемелердің мұрағаттары табиғат апаттарынан жапа шеккендігі туралы айтады [3].
Мұрағат ісінің маманы, тарихшы И.Л. Маяковский революцияға дейінгі бай - помещниктердің жеке иеліктерінің қорларында мұражайлар мен кітапханалар және банк сейфтарында сақталуға берілген тарихи - әдеби материалдардың мәселесі таласқа түскендігіне мұрағат, кітапхана, мұражай деген мақала жариялады [4].
М.Ф.Петровская Состав государственного архивного фонда Союза ССР и комплектование государственных архивов документальными материалами атты зерттеуінде учаскелік сайлаушылар комиссиясының сайлаушылар бюллетені, дауыс беру хаттамалары кеңестердің атқару комитеттерінде сақталатын болды, бұдан кейін бұл құжаттық материалдар Қазақ ССР Ішкі Істер Министрлігінің қарамағына сақтауға жіберілетіндігі туралы айтады [5].
Сондай - ақ тәуелсіз Қазақстан жағдайында мұрағат ісінің маманы М.С.Хасанаев өзінің арнайы зерттеуінде Лениндік деген ғылыми айналымға енген 1918 жылғы декрет оның міндеттеріне әртүрлі түсінік берді. Орталықтандыру түсінігін құнды құжаттарды сақтап қалу мақсатында деп емес, керісінше басқаруды орталықтандыру деп қабылдады дейді [6].
Рефераттың мақсаты мен міндеттері:
Қазақстандағы алғашқы мұрағат ісінің тарихын зерттеу болып табылады.
Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуын қарастыру;
Рефераттың құрылымы. кіріспеден, негізгі бөлім және қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы
Қазақстан тарихындағы алғашқы мемлекеттік архив 1921 жылы 1 қыркүйекте Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы - Орынбор қаласында құрылды. Оған Орынбор губерниялық архивінің қорлары негіз болды. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің Орталық өлкелік архиві деген ресми атауға ие болған архив тікелей республиканың Ағарту халық комиссариатына бағынды. Архив штаты бастапқыда 5 адамнан құрылды: архив меңгерушісі, бірінші және екінші дәрежелі архивариустар, іс жүргізуші және күзетші. 1921 жылдың соңына дейін 19 мекеменің архиві Орталық өлкелік архивке сақтауға қабылданып, 2 мекеме есепке алынды.
1922 жылы 24 қаңтарда республикалық Ағарту халық комиссариатының алқасы Қазақ АКСР Орталық өлкелік архиві туралы алғашқы ережені ресми түрде бекітеді. Осы сәттен бастап архив Қазақстан аумағындағы барлық реттелген, жүйелі тәртіпке келтірілген құнды әрі ерекше маңызы бар, ғылыми-тарихи маңызы бар мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар архивтерінің бас сақтаушысы мәртебесіне ие болады. Архив материалдарының сипаты бойынша өлкелік архив бірнеше секцияларға бөлінді: революция архиві, революцияға дейінгі құжаттар секциясы, ғылыми-анықтамалық кітапхана.
Осылайша, Орталық өлкелік архивте Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттық материалдарды шоғырландырудың негізі қаланды.
1923 жылы архив қорларын ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс басталды. 1924 жылы 150 мың іс өңдеуден өтіп, оның 100 мыңына тізімдеме жасалды. Сол уақытта архивте 144 қор сақталған болатын. Сонымен қатар Орталық өлкелік архив құжаттарды жинақтау мен толықтыру жұмыстарын да атқарды. Мәселен, 1925 жылы өлкелік архив XVIII ғасырдың соңынан 1918 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Батыс Қазақстан тарихына қатысты құжаттардан тұратын Торғай облыстық басқармасы архивінің құжаттарын қабылдады [8].
Республика астанасының Қызылорда қаласына көшірілуіне байланысты, 1925 жылы 15 шілдеде Қазақ АКСР-ының Орталық өлкелік архиві де сонда ауыстырылды.
1927 жылы Ордадан (бұрынғы Хан Ордасы) 20 мың істен тұратын Бөкей хандығының құжаттары Орталық өлкелік архивке тапсырылды. Сол жылдың қазан айында Ташкентте орналасқан бұрынғы Сырдария облысының архивтік қорлары архивке келіп түсті.
Архивті тарихи құжаттармен толықтыруда 1928 жылдың 8 қыркүйегіндегі Қазақ АКСР ОАК мен ХКК-нің Қазақ Орталық архивіне тарихи-революциялық қызығушылықты туғызатын баспа және иллюстрациялық материалдарды, негативтерді, фотосуреттер мен кинофильмдерді, сондай-ақ бұрынғы хандардың, сұлтандардың, бұрынғы Алаш Орда үкіметінің белсенді қайраткерлері мен оның жақтастарының архивтерін және басқа да архив материалдарын тапсыру туралы қаулысы үлкен рөл атқарды. Астрахань, Омбы және Ташкенттегі архив мекемелерімен Қазақстан тарихына қатысты материалдарды Орталық архивке беру туралы және Москва, Ленинград, Қазан архивтерінен құжаттардың көшірмелерін жіберу жөнінде келіссөздер жүргізілді.
1929 жылы Орталық архив Қазақстанның жаңа астанасы Алматы қаласына көшірілді. Осыған орай архив қоры XIX ғасырдың ортасынан бастап 1918 жылға дейінгі Жетісу тарихын қамтитын Жетісу облысының революцияға дейінгі мекемелерінің құжаттарымен толықтырылды. 1940 жылы Республиканың Орталық архиві Омбы облыстық архивінен Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның тарихын баяндайтын XIX ғасырдың бас кезінен 1918 жылға дейінгі кезеңге қатысты 40 мыңнан астам істі қабылдаған.
Осылайша, тек 1940 жылы ғана Қазақстанның Орталық архивіне бұрын әртүрлі архивтерде шашылып жатқан революцияға дейінгі мекемелердің құжаттарын шоғырландыру аяқталды. Кеңестік кезеңге дейінгі тарихқа қатысты барлығы 200 мыңнан астам істі қамтитын 771 қор жиналды [11].
1941 жылдың наурыз айында Орталық өлкелік архив базасында екі дербес архив - Қазақ КСР Орталық мемлекеттік тарихи архиві (ҚазКСР ОМТА) және Қазан революциясы және Қазақ КСР Социалистік құрылысының орталық мемлекеттік архиві (ҚазКСР ОРОМА) құрылды:
Соғыс жылдары, 1943 жылдың қаңтар айында Алматыда Қазақ КСР кинофотоқұжаттарының Орталық мемлекеттік архиві ұйымдастырылды.
1957 жылы үш орталық мемлекеттік архив Қазақ КСР-нің біртұтас Орталық мемлекеттік архивіне (ҚазКСР ОМА) біріктірілді.
1974 жылы ақпанда Қазақ КСР ОМА бөлімдерінің базасында Қазақ КСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві (Қаз.КСР ОМҒТҚА) және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві (Қаз.КСР ОМКФҚ мен ДЖА) құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архиві өз қорларында 1 млн.500 мыңнан астам ісі бар еліміздегі ең ірі көп салалы архив, сондай-ақ, кеңес дәуіріне дейінгі бірегей құжаттардың республикадағы жалғыз қоймасы болып табылады.
Мәселен, Семей кеденінің қорында сақталған архивтің ең ескі құжаттары 1733 жылдан басталады және Жоңғария, Қытай, Орта Азия хандықтарымен сауда байланыстарының тарихын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы ОМА-ның кеңес дәуіріне дейінгі кезеңдегі құжаттарының негізгі ауқымы хронологиялық тұрғыдан XVIII ғасырдың соңынан 1918 жылға дейінгі кезеңді қамтиды, осы кезеңдегі құжаттардың басым көпшілігі өзіндік ақпараттық толықтығы мен оларда тіркелген деректердің репрезентативтігі бойынша құнды және бірегей болып табылады. Архивте сақталған құжаттар қазақ халқының экономикалық жағдайын, XVIII ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшеліктерін ашып көрсетеді, өлкенің байырғы тұрғындарының бай төл мәдениеті, өмір салты мен тұрмысы туралы мәліметтер береді. Архив қорларында география, Қазақстан аумағында тұратын әр түрлі халықтың діни сенім мен ұлттық құрамы туралы, сауда, өнеркәсіп, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, қалалар мен елді мекендердің құрылысы мен күнделікті өмірінен хабар беретін деректер бар.
Қазақстанда архив қорының құрылуы 1921-1922 жылдары басталды. Қазақ АКСР Орталық өлкелік архив қорының бастауында Орынбор архиві тұрғаны белгілі. Қаланың 1735 жылы іргетасы қаланған уақытпен 1917 жылға дейінгі аралықта Ресей империясы әкімшілігінің әскери және әкімшілік пункті болды. Орынборда сақталған архив қорының көптеген бөлігі жойылып, талан-таражға түсуі революцияға дейін орын алған. Бір өкініштісі Қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресей архивтерінде құжаттар ұқыпсыз сақталды. Тағы бір қынжыларлық жәйт бірыңғай әкімшілік-саяси орталықтардың болмауы салдарынан халқымыздың басынан өткен тарихының әр кезеңдерін қамтитын тарихи құнды құжаттар Санкт-Петербург, Москва, Қазан, Уфа, Астрахан, Омбы, Орынбор, Саратов, Томск, Ташкент қалаларындағы салалық архивтерінде шашылып, шашырап қалды.
Еліміздің тарихына қатысты құжаттардың жойылуы азамат соғысы жылдарында да одан әрі өршіді. Орынбордағы Орталық архивте 1918 жылғы мәлімет бойынша Орынбор генерал-губернаторының, бұрынғы Шекара комиссиясының жүз мыңнан астам істері сақталған. Көптеген архив қорындағы істер қаладағы Қонақ сарайдың бір бөлмесіне жинақталып, дымқыл ауа салдарынан азып-тозып, тышқандардың жеміне айналған.
Кезінде Орынбор архив бюросы 1913-1917 жылдардағы қазақ тарихына қатысты 251 пұт 20 қадақ құжаттар мен 2006 кітапты 1923 жылы макулатураға сатқан. Сонда ол қандай құжаттар десек, олар Орынбор генерал-губернаторының 1888, 1890, 1893, 1894, 1889-1915 жылға дейінгі 20 жылдық есептері, атақты ғалым А.Е. Алекторовтың 1794-1894 жылдардың арасын қамтитын қазақ арасынан жинаған шежіресі, Қазақтардың 1865, 1869 жылдары қоныстарынан жер аууы, Торғай облысы бойынша 1871 жылғы ел саны, 1912-1915 жылдардағы Торғай облысы бойынша шолулар, т.б. құнды деректер. Бұлардың бәрі жойылған.
1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға көшкен тұста мемлекеттік архив қорын бөлуде көптеген келеңсіз жағдайларға орын берілген. Орынбордан Қызылордаға жіберілуге тиісті барлығы 184 түк жинақталып, буылып түйілгенімен, 1927 жылға дейін жіберілмей архив қоймасында жатты. Осы жіберілуге тиісті қорлардың ішіндегі кейбір істерді Қызылордаға жібермеуді ескертіп және құжаттар атауларының астын қызыл қарындашпен сызып, белгі соққандығын архив деректері айғақтайды.
Қазақстан архив қорының жинақталуы өте күрделі де қарама-қайшылықты жағдайларда жүргізілді. Көптеген қорларды Орынбор губерниясындағы орыс шовинизмімен ауыратын архивистері еліміздің тарихына қатысты қор құжаттарын Қазақстанға жібермеуді ойластырып, көптеген істердің мұқабасындағы тақырыптардың аттарын қасақана өзгертіп немесе ол істерді әдейі сөгіп, басқа істерге қосып, жаңадан басқа істер дайындаған. Сөйтіп, Қазақстаннан барған архивистердің көзін бояп, ізден адастырып, кейбір құнды құжаттарды тізімнен шығарып тастайды.
Қазақстан мен Орынбор архивтері арасындағы жинақталған архив қорын бөлу күн тәртібінде жиі-жиі көтеріліп отырған. 1927 жылдың 27 маусымында осы мәселе бойынша Орынбор губерниялық архив бюросының меңгерушісі Орынбор губерниясы атқару комитетінің Президиумында баяндама жасаған.
Архив қорын бөлуде қателіктер кеткендігін хабарлай отырып, 24 сәуірде Борисоглебский РКСФР Орталық архив басқармасында баяндама жасап, жіберілген қателіктерді жөндеуге оң шешім қабылдануын сұраған. 1927 жылғы 19 мамырдағы Орталықтың қаулысымен қорларды бөлуде жіберілген қателіктің жартысы түзелді дей келе, Шекара комиссиясы ісі қоры түктеліп Қызылордаға жіберуге дайындалып қойылғанын, бірақ қор материалдарын Қазақстанға беруге қарсылықтарын ашық білдірген [8].
Бұның бәрі сайып келгенде жинақталып жіберуге дайындалған қорлардың Орынбордан Қызылордаға жіберу үшін поезға тиеу кезінде Орынбор архивінің қызметкерлері тарапынан бірқатар құжаттарды ұрлап алуына әкеліп соқтырған. 1927 жылдың 22 маусымында Орынбор губерниялық архив меңгерушісі Васильев және іс жүргізуші Фомина Орынбор Шекара комиссиясы мен бөтен діндегілер экспедициясы қоры материалдары 11 түкте 1925 жылы-ақ жинақталғанымен әлі де Орынборда екендігін хабарлай отырып, бұл жинақталған түктен 7 түк материалды тікелей Орынборға қатысты дей келіп, қалған 4 түктегі тізімдемелерді комиссия арқылы қайта қарауға ұсыныс етеді. Қорды жинақтау кезінде істердің мазмұны қате болғандығын және қате жинақталғанын жазады.
Ал Орынбор губерниялық архивінің ғылыми қызметкері А.Ф. Рязанов өзінің қосымша баяндамасында жоғарыда аталған қорлардың Қазақстанға берілуіне мүлдем қарсы болып, істердің араласып кеткендігін, Орынбор Шекаралық комиссиясы, Торғай, Орал облыстық басқармасы қорларының Қазақстанға өтіп кеткендігіне реніш білдіреді. Қазақстан архивистері өз тараптарынан Орталыққа Орынбор генерал-губернаторы қорының барлық бөлімдерімен Орынборда қалдырылуына қарсы пікірлерін білдіріп хат жазған болатын. Осыған орай 1928 жылдың 6 қаңтарында Васильев, архивист Чоглокова, хатшы Билярскаяның аттарынан РКСФР Орталық архивіне № 366 баяндау хаты жіберіліп, көшірмесі Орынбор губерниялық атқару комитетінің назарына беріледі. Баяндау хаттың негізгі мазмұны Қазақстанмен арадағы архив қорының бөлінуі туралы болды. Орынбор генерал-губернаторы қорының түгелімен Қазақстанға кетуіне қарсы болған олар бұл қорды бөлуге қарсылықтарын архив қорын бөлуге болмайтын принципіне сүйене отырып білдірген. Бұл қордың 3 бөліміне тізімдеме жасалып жатқандығын, егерде қордың шекаралық бөлімінде Исатай Таймановтың жеке архиві табылған жағдайда Қазақ өлкелік архивіне беруге қарсылықтарының жоқтығын білдіреді [11].
1927 жылдан бастап Қазақстан тарихына қатысты материалдар Астрахан, Омбы, Орынбор, Ленинград (Санкт-Петербург), Ташкент қалаларындағы архивтерден жинақтала бастады. Қазақстан архивистеріне тек Орынбор ғана емес, сонымен бірге Омбы, Ташкент және Астрахан архивистерімен де архив қорын бөлісуде қызу пікірталасқа түсуіне тура келді. 1927 жылдың қаңтарында Сібір өлкелік архивінің меңгерушісі В.Д. Вегман Ақмола губерниясының орталығы Петропавл қаласындағы Жұмысшы-шаруа инспекциясына жолдаған хатында Ақмола губерниясы архив бюросының меңгерушісі Е.А. Красноперцевтың өтініші бойынша 1926 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстанға қатысты 196 архив ісі материалдарын алғанын, кейін уақытында тапсырылмағанын қатерге бере отырып, материалдарды қайтаруға көмектесуді сұрайды. Ал Е.А. Красноперцев өз кезегінде РКСФР Орталық архив басқармасынан барлық Қазақстанға қатысты материалдарды беруді өтініш етеді. Е.А. Красноперцевтің өтінішін Қазақ өлкелік архив басқармасы толығымен қуаттайды. Сондықтан да Ақмола губерниялық архив бюросына материалдарды бөлу үшін комиссия құруға күш салуды және мүшелікке Ақмола архив бюросынан немесе Атқару комитетінен архив ісін білетін белсенді де жігерлі қызметкерді бөлуді қарастыруды өтінеді. Сібір өлкелік архивінің меңгерушісі В.Д. Вегман РКСФР Орталық архив меңгерушісінің орынбасары В.В Максаковтан Қазақ өлкелік архивінен Кенесары Қасымовқа қатысты істерді қайтаруға ықпал етуді сұрады және өлке архивистерін қасаң да таяз патриотизммен айналысты деп айыптады.
Орталық сонымен қатар Омбы архивистеріне архив қорындағы Алаш Орда үкіметіне қатысты бағалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz