Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Тауар нарықтарын зерттеудің мән-маңызы мен объектісі . . . 4

2. Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары . . . 8

3. Нарықтың сыйымдылығы: деңгейлері, қалыптасу факторлары. Деректерді жүйелендіру, өңдеу және талдау . . . 11

4. Нарықтың даму үлгісі. Нарық сыйымдылығының формулалары. Нарықтың әлеуеті мен сыйымдылығын есептеудің әр түрлі әдістемелері . . . 14

5. Нарықтағы фирманың үлесін зерттеу. Нарықтағы фирма үлесін анықтау тәсілдері . . . 23

Қорытынды . . . 26

Әдебиеттер . . . 27

Кіріспе

Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

Осыған байланысты біздің ел басымыз өзінің халыққа жолдауында былай деген: «Біз Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» және оны элемдік экономиканың табысты «ойыншысына» айналдыра аламыз.

Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық «тауашаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай- ақ біздің экономикамызға қатысушуларды жан- жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы иіндеттер бағдарламалары болуы керек. »

Елімізде жаңа өмір басталалып, оңды экономикалық саясат, озық қоғамдық сана деңгейіне көтеріліп, жан - жақты өркендеп, ғылыми - техникалық прогресті барынша дамытып, қоғамның сапалық жаңа экономикалық типіне көшу кезінде, яғни қазіргі таңдағы нарықтық экономикалық жағдайда, тұтынушылардың қажеттіліктері жоғары деңгейге көтерілу барысында, сұранысы өткерілген жағдайда тауарды тиімді өндіріп, тиімді сату жеткіліксіз. өндірілген тауарлар мен қызметтерді нарыққа ендіріп, тұтынушыларды тауарлармен, қызметтермен жете таныстырып, хабардар етіп, сатып алуға ынталандырып, фирма мен оның тауары туралы жақсы қарым - қатынасты қалыптастыру - маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының ең негізгі міндеті мен мақсаты болып саналады.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Ол үшін осы жүйе қызметін талдау және оны маркетингті кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.

Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жуткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізі құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай айналып өту мүмкін емес.

Бүгінгі таңда бәрі өзінің тауар маркасының болғаның қалайды. Кәсіпорындар мен дистрибьютерлер бір-бірімен шайқасады және олардың мақсаты жаңа тауар маркасын шығару. Бұл жартылай фабрикат өндірушілеріне де соңғы өнімге де қатысты. Әрқайсысы өзінің құндылығын алғысы келеді. Бұл дұрыс: өзінің тауар маркасын қою дегеніміз өмір сүру дегенді білдіреді.

1. Тауар нарықтарын зерттеудің мән-маңызы мен объектісі. Тауар нарықтарын зерттеу үлгісі: проблемаларды анықтау, проблемаларды жіктеу, зерттеу жүргізуге қойылатын негізгі талаптар, зерттеу нәтижелері Нарықтық зерттеу, сатудың белгілі бір көлемін өткізу, жаңа тауарлар жасау (өндіру) және оларды жаңа нарықтарға шығару, нарықтағы үлесті арттыру сияқты, осындай мақсаттарға жетудің ақпараттық негізі ретінде қатысады. Осындай мақсаттардың қойылысы, сөздің, нақты тауар нарығы туралы болып отырғанын болжайды. Осымен байланысты, нарықтық зерттеулер мазмұнын аша отырып, бірінші кезекте нарықтың тауар құрылымдарын зерттеуге тоқталу қажет. Нені және қалай зерттеу қажет екенін және зерттеу үдерісінде қандай міндеттер шешілуі тиіс екенін анықтау қажет. «Нарық» ұғымы аталмыш жағдайда тауарды анықтау арқылы пайдаланылады. Бір-бірімен өндірістік немесе тұтынушылық сипаттың белгілі бір белгілерімен байланысты, нақты тауарды (қызмет көрсетуді) немесе

тауарлар тобын өткізу аясы тауар нарығы болып түсіндіріледі. Мысалы, музыкалық аспаптар нарығы мен аккордеондар нарығы, киім нарығы мен жеңіл

көйлектер нарығы. Тауардың материалдық-заттық пішіні нарықтың осындай жіктемесінің негізі болып саналады. Тұтыну игілігін агрегаттау дәрежесі зерттеу мақсаттарына байланысты болады.

Тауардың анық-қанығын анықтаудың келесі деңгейлері бөліп көрсетілуі

мүмкін:

а) жалпытоптық: тамақ өнімдері; арақ-шарап пен темекі өнімдері; азық- түлік емес тауарлар; ұзақ пайдаланылатын заттар; қызмет көрсетулер;

б) топтық - тауарлар (қызмет көрсетулер) топтары бойынша:

радиотауарлары; киім; жиһаз және т. б.

в) түрлік - әрбір топтағы тауарлардың түрлері бойынша: теледидарлар;

радиоқабылдағыш құрылғылары; ерлер пальтосы; әйелдердің жеңіл көйлектері және т. б.

Тауар нарықтарын жіктеудің әр түрлі белгілерінің жиыны қолданылады.

Осындай немесе өзге де белгілерді пайдалану, зерттеу мақсаттарына байланысты болады. Нарықты тәжірибелік зерттеу қажеттері үшін, бірінші кезекті маңызы бар, неғұрлым маңыздыларын ғана атап өтеміз. Аумақтық қамту тауар нарықтарының маңызды белгілерінің бірі болып саналады. Әрбір нақты зерттеулердегі нарықты талдау ішкі (жиынтық) нарық, сыртқы (әлемдік), өңірлік (белгілі бір аумақтық бөлініс) нарық шеңберлерінде жүргізіледі. Жиынтық ішкі және сыртқы нарықтарды зерттеу, негізінен, стратегиялық сипатқа ие және ірілендірілген тауар топтары бойынша жүргізіледі. Өңірлік (экономикалық аудан, республика, қала және т. б. ) тауар нарығын зерттеу кезінде өңірлік ерекшеліктермен қатар, жиынтық нарықтың жай-күйін ескеру қажет.

Тауар нарықтары тауарды түпкі пайдалану сипаты бойынша: тұтынуға арналған тауарлар нарығы (ТАТН) ; өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығы бойынша өзгешеленуі мүмкін. ТАТН нарықтарын зерттеудің өзіндік ерекшелігі, бұл, тауарлардың жеке тұтынушылардың жиынына есептелгендігімен байланысты;

Осындай зерттеулерде тұтынушылардың талғамдарын, қалауларын, мінез-құлықтарын зерттеуге баса назар аударылады. Олардың өндірістік үдеріспен тығыз байланыстылығы өндірістік мақсаттағы тауарлардың сипатты ерекшелігі болып саналады. Осындай нарықтарды зерттеуде әлеуетті сатып алушылар мен тауарды өндірушілердің өзара байланыстарын зерттеуге ерекше назар аударылады. Нарықты жіктеу тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін тауарлардың қанағаттандыру қабілеттері бойынша: ерлер, әйелдер киімдері нарығы, фотоәуесқойлар, туристер, аңшылар және т. б. үшін тауарлар нарығы бойынша жүргізілуі мүмкін. Белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырудың әр түрлі формалары мен құралдарының өзара байланыстарын есепке алу, осындай тауар нарықтарын зерттеудің ерекшелігі болып саналады.

Тауар нарықтарының әр түрлі типтері тауарларды пайдалану мерзімдері бойынша: ұзақ пайдаланылатын, орта мерзімде пайдаланылатын, қысқа мерзімді (бір жолғы) тауарлар бойынша бөлінуі мүмкін. Тауарлардың осындай жіктеулерінің өзіндік ерекшелігі өнімдерді өткізу үдерісі үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы нарықтарды зерттеу кезінде нақты тауарларды бөлу мен өткізу әдістерінің неғұрлым тиімдісін зерттеуге ерекше назар аударылады. Егер тауар өндіруші, өзінің өнімін өткізгісі келетін нарықтарға қатысты соған бағдарланғысы келсе және аталмыш нарықтарға әсер ететін факторларды білгісі келсе, нарықтық зерттеулер қажет болады. Басқалай айтсақ, өндірушілерді және ең алдымен, көптеген кәсіпорындардың маркетингтік қызметтерін, өнімдерді өткізу нарығы қызықтырады. Осымен байланысты, конъюнктураны зерттеу нарықтың ағымдағы жай-күйімен байланысты, зерттеу бағдарламасы, ең алдымен, негізінен, нақты тауар нарықтарының конъюнктураларын зерттеу жүргізілген кезде, кәсіпорын деңгейінде қабылданатын, коммерциялық шешімдерді негіздеуге бағдарланған болуы тиіс. Алайда, бұл ретте өткізудің жалпыэкономикалық және салалық жағдайларының жай-күйі ескеріледі.

Тауар нарығы конъюнктураларын зерттеудің негізгі мақсаты - өнеркәсіп пен сауда қызметі нарықтың жай-күйіне, таяу болашақтағы оның дамуына қандай шекте әсер ететінін және халықтың тауарларға деген сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру, өндірістік кәсіпорынның қолында бар мүмкіндіктерді барынша ұтымды пайдалануы үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек екенін анықтау болып саналады. Конъюнктураларды зерттеу нәтижелері өндірісті басқару мен тауарларды өткізу бойынша жедел шешімдер қабылдауға арналған. Нарық конъюнктурасын зерттеуге кешенді тұрғыдан келу:

ақпараттардың әр түрлі, өзара толықтыратын дерек көздерін пайдалануды; ретроспективті талдаудың, нарық конъюнктурасын сипаттайтын көрсеткіштер

болжамымен ұштастырылуын;

талдау мен болжаудың әр түрлі әдістерінің жиынтығын қолдануды болжайды.

Ақпараттар жинау - нарық конъюнктурасын зерттеудің аса маңызды кезеңі. Зерттелетін үдерістер туралы бүкіл мәліметтен тұратын, конъюнктура туралы ақпараттардың бірыңғай дерек көзі жоқ. Зерттеулер кезінде әр түрлі дерек көздерінен алынған, ақпараттардың әр түрлі көздері пайдаланылады. Ақпарат: жалпы, коммерциялық, арнайы болып ажыратылады. Жалпы ақпаратқа нарық жағдайын тұтас, саламен немесе аталмыш өндіріспен байланыстыра сипаттайтын деректер кіреді. Мемлекеттік және салалық статистика деректері, есеп пен есептіліктің ресми үлгілері (формалары), оны алу көздері болып саналады.

Коммерциялық ақпарат - өндіретін өнімдерді өткізу мәселелері бойынша кәсіпорынның іскерлік құжаттамаларынан алынатын, ақпараттық алмасу тәртібінде әріптестерден алынатын деректер. Оған: сауда ұйымдарының өтінімдері мен тапсырыстары; кәсіпорындардың, ұйымдар мен сауда мекемелері нарығын зерттеу қызметінің материалдары (көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар қозғалысы, конъюнктуралық шолулар, ассортиментті ағымдағы алмастыру бойынша ұсыныс материалдары) жатады.

Арнайы ақпарат нарықты зерттеу (халықтан, сатып алушылардан, сауда және өнеркәсіп мамандарынан, сарапшылардан пікір сұрау; көтере-сату, конъюнктуралық кеңестер) бойынша арнайы іс-шаралар нәтижесінде алынған деректер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының материалдары болып көрінеді. Арнайы ақпарат ерекше құндылыққа ие, өйткені өзге жолмен алуға болмайтын мәліметтен тұрады. Сондықтан, нарық конъюнктурасын зерттеу кезінде кең ауқымды арнайы ақпараттар алуға ерекше назар аудару қажет. Тауар нарығын немесе кәсіпорынның (бірлестіктің) өткізу нарығын бақылауды қамтамасыз ету үшін: дүкендер - тірек пункттері (базалық) ; сауда делдалдарының желілері; мамандандырылған тұтыну жинақтамалары (панельдері) түрінде ақпараттардың өзіндік көздері жасалуы мүмкін. Дүкендер желілерін - тірек пункттерін өткізу аймағында халықтың сұранысының артуына бақылау жүргізу үшін кәсіпорындар құрады (тікелей маркетинг) . Бұл желі өткізу аймағында аталмыш тауарларды сатуды жүзеге асыратын және шарт негізінде сұраныстың дамуын бақылауға келіскен, сауда ұйымдарындағы фирмалық дүкендер қатарынан құрылады. Сауда делдалдарының желісін, тиісті тауардың нарықтағы конъюнктурасымен қалыптасатын көтере сатып алушылар сұранысының дамуына бақылауды жүзеге асыру үшін, кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі ұйымдастырады. Сауда делдалдары ретінде көтере сататын фирмалар мен сауда кәсіпорындарын таңдаған дұрыс.

Тұтыну жиынтықтамасын (панелін), қайыра зерттеуге тартылатын тұтынушылардың (отбасыларының) іріктеме жиынтығы ретінде кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі ұйымдастырады. Жиынтықтамалық (панельдік) зерттеу пікір сұрау нәтижелерін тұтынушылық бағалау мен тұтынудағы өзгерістер үрдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтықтама (панель) бірқатар маңызды белгілер (мысалы, тұратын жері, жынысы, жас мөлшері, жеке

табыстарының деңгейі) бойынша қалыптасады. Тауар нарығының конъюнктурасын зерттеу осы топтың тауарлар өндіруі мен оны жеткізуін сипаттайтын көрсеткіштерді, бөлшек сауда көлемі мен құрылымын, кәсіпорын қоймаларындағы, көтерме және бөлшек саудадағы тауардың босалқы қорларын талдауға негізделеді. Сондықтан, нарық конъюнктурасын зерттеуді ақпараттық қамтамасыз етудің басты мақсаты - халық сұранысының артуы мен тауар ұсынысының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерінің сандық және сапалық сипаттамасын алуға, нарық конъюнктурасын қалыптастыру факторларын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін жасау.

Осындай көрсеткіштерге мыналар жатады:

тауарлардың түр-түрін (ассортиментін) өндіру;

тауар ассортиментін жаңалау;

материалдармен, шикізатпен, өндірістік қуаттармен қамтамасыз етушілік;

тауарлардың түр-түрінің босалқы қорлары (оның ішінде кәсіпорындағы, сауда ұйымдарындағы) ;

тауарларды сұрыптау және кінәрат қою (шағым талап) (шектеулі және жоғары сұраныстағы тауарлар тізбесі) ;

тауарлардың түр-түрін сату (оның ішінде көтерме, бөлшек, фирмалық) ;

кәсіпорын алып отырған нарық үлесінің өзгеруі;

бәсекелестер алып отырған нарық үлесінің өзгеруі;

тауарларды жеткізуге өтінімдерді орындау;

тұтынушылар сұранысындағы өзгеріс;

тауарлардың толық түр-түрлерінің сұранысты қанағаттандырмаған шамасы;

бағалар динамикасы;

тауарларды төмендетілген бағалар бойынша сату (оның ішінде арзандату, маусымдық жаппай сатылым және т. б. ) .

Кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі көтере сатып алушылардың өтінімдерімен және тапсырыстарымен салыстыра отырып, тауарлар өндіру динамикасы туралы деректерді, бөлшек сауда желілеріндегі тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтерді талдайды. Осы деректерді талдау зерттелетін тауарға сұраныстың даму үдерістері туралы аса сенімді қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған топтағы тауарлар түр-түрінің жекелеген айқындамалары бойынша босалқы қорлардың, сату динамикасы мен

тауарлардың түсуіндегі, сатылуындағы және босалқы қорлардағы олардың әрбірінің үлесін салыстыра отырып, біріншіден, сұраныстың микроқұрылымындағы тауардың жылжытылуын, екіншіден, тауарлар түр- түрінің нарықтың қажеттіліктеріне сәйкестік дәрежесін анықтауға болады.

Тауар нарығының конъюнктурасын зерттеу кезінде қандай да бір мезеттегі нарықтың жай-күйін анықтау ғана емес, сонымен бірге және ең аз дегенде бір- екі тоқсанға (алайда, бір жарым жылдан артық емес) оның одан әрі дамуының ықтимал сипатын күні бұрын болжап айту міндеті қойылады. Есептік және жоспарлы деректермен ұштастықтағы нарық конъюнктураларының болжанатын көрсеткіштерін талдау нәтижелері, оң үдерістерді дамытуға, сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған іс-шараларды дер кезінде қолға алу мүмкіндігін береді.

2. Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары.

Нарық конъюнктурасын зерттеу деңгейлері, ақпараттардың түрлері, нарық конъюнктурасы көрсеткіштерінің болжамы, даму үдерістерін талдау.

Зерттеу нәтижелері (конъюнктуралық шолу бөлімдері)

Конъюнктура экономиканың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын, белгілер мен көрсеткіштердің жиынтығын білдіреді. Нарық конъюнктурасын зерттеу нарықтағы жағдайды талдау мен оны болжауды жорамалдайды. Тауарды қай мезетте және қандай бағалар бойынша сату керек деген сұрақтарға жауаптар алу, осындай зерттеудің түпкі қорытындысы болып саналады. Нарық конъюнктурасын зерттеу және оның даму болжамдарын дайындау үшін, ең алдымен, ел экономикасы өз циклінің қай сатысында екенін анықтау қажет. Содан кейін, алдындағы жылдың экономикасына кешенді сипаттама беру, нарық конъюнктурасына әсер ететін бүкіл факторларды анықтау және болжау, сондай-ақ негізді конъюнктуралық болжам жасау керек.

Конъюнктуралық талдау мен нарықты болжаудың стратегиялық және жедел мақсаттары бөліп көрсетіледі. Конъюнктуралық талдаудың стратегиялық мақсаттары нарықтық тетіктің заңдылықтарын анықтауды және үлгілеуді қажет

етеді. Бұл, нарықтың дамуын болжауға және реттеудің экономикалық тетіктерін қолдауды негіздеуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан жағдайларды конъюнктуралық талдаудың жедел мақсаттары маркетинг пен менеджмент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған.

Стратегиялық және жедел мақсаттарды жүзеге асыру үшінконъюнктуралық талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

нарықтың жай-күйін бағалау;

нарық ауқымының (сыйымдылығының) сипаттамасы;

нарықтың негізгі үлестерін бағалау және талдау;

нарықтың даму үрдістерін талдау және болжау;

нарықтың даму маусымдылығы мен циклділігін талдау;

өңірлік ерекшеліктер мен айырмашылықтарды бағалау;

үлестік белсенділікті талдау;

коммерциялық (нарықтық) тәуекелді бағалау;

нарықтың монополияландырылуы мен бәсекелестердің қарқындылығы дәрежелерінің сипаттамасы.

Нарықты конъюнктуралық талдаудың осы міндеттерін шешу қиын болып көрінеді және жүйелік, сондай-ақ кешенді тәсілдемелер пайдаланылатын, маңызды зерттеулерді қажет етеді. Конъюнктуралық зерттеуге жүйелік тәсілдемені қолдану, объектіні көпдеңгейлі (иерархиялық) сипаттауды болжайды. Негізінен, объектіні зерттеу кем дегенде үш деңгейде жүзеге асырылады:

бірінші деңгей тұтастай алғанда объектіні (ел нарығын) зерттеуді, сондай-ақ оны сипаттайтын жалпыланған көрсеткіштерді болжайды;

екінші деңгей объектінің құрылымдарын (жекелеген тауар нарығын) зерттеу мен оны сипаттайтын көрсеткіштерді, сондай-ақ объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланыстар жүйесін болжайды;

объектіні конъюнктуралық зерттеудің үшінші деңгейі тауар нарығының жекелеген элементтерінің жай-күйін сипаттауды болжайды.

Экономикалық конъюнктураны зерттеуде қолданылатын кешенді тәсілдеме, зерттеу объектісін ішкі және сыртқы орта факторларының өзара әсерін кешенді талдау негізінде қарастыруды болжайды. Мәселен, тауар нарығының конъюнктураларын зерттеу кезінде бұл, объекті жалпы шаруашылық конъюнктурасымен, тұтынушы салалар конъюнктурасымен, сондай-ақ шектес (салалас) және толықтырушы салалар конъюнктурасымен өзара байланыста зерттелуі тиіс екенін білдіреді. Экономикалық конъюнктураларды зерттеу оның ағымдағы жай-күйін анықтауды ғана емес, сонымен бірге нарықтың даму бағыттары мен үрдістерін болжауды да білдіреді.

Бұл, тауарларды өткізу мен қызмет көрсетулер саласында шешімдер әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық және өндірістік қызметті жоспарлау үшін қажет.

Нарық конъюнктурасын зерттеу:

баға белгілеу мен өткізуді талдауды;

нарықтағы үлес пен нарықтық әлеуетті анықтауды;

қысқамерзімді және ұзақмерзімді болжам әзірлеуді білдіреді.

Конъюнктуралық зерттеу тауар нарығының жай-күйі туралы ақпараттарды мақсатты бағытталған түрде жинау мен өңдеуді, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін талдауды, тиімді маркетингтік шешімдер қабылдау үшін нарықтың даму негізгі параметрлері мен үрдістерін болжауды білдіреді. Бұл зерттеу ұйымның шаруашылық қызметінің кез келген түрі бойынша тиімді басқару шешімін қабылдау үшін негіз болып саналады. Ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдерді өндіру және өткізу саласындағы нақты мақсаттар мен міндеттер, жүргізілетін конъюнктуралық зерттеулердің бағытына, ауқымдары мен тереңдігіне өз дегенін жүргізуі тиіс. Конъюнктуралық зерттеудің мақсаты болып мыналар саналады: нарықтың сыйымдылығын, тауар бағасының динамикасы мен деңгейін, тауарды өткізу көлемін, экспорт пен импортты және

т. б. анықтау. Конъюнктуралық зерттеу объектілері болып саналатындар:

• жалпышаруашылық конъюнктурасы. Осы конъюнктураны зерттеу жекелей алған елдегі халық шаруашылығындағы немесе тұтастай алғанда, дүниежүзілік шаруашылықтағы болып жатқан макроэкономикалық үдерістер мен үрдістерді егжей-тегжейлі қарастыруды болжайды;

• тауар нарығының конъюнктурасы. Аталмыш зерттеуге нақты тауар нарығының жай-күйін талдау мен болжау кіреді және өндіріс салалары мен қарастырылып отырған өнімдерді тұтынуды, олардың байланыстарын, сондай-ақ зерттелетін нарықтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін зерттеуді болжайды.

Зерттеу мақсаттарына қатысты нақты тауар нарығының конъюнктурасы мен жалпышаруашылық конъюнктураларын талдауды төмендегідей екі жолмен

жүргізуге болады:

• егер қандай да бір кезең ішіндегі нарық конъюнктурасының даму үрдісін анықтау міндеті қойылатын болса, онда талдау осы кезеңдегі оның динамикасын зерттеу жолымен жүргізіледі;

• егер ағымдағы күн, айға нарық конъюнктурасын анықтау міндеті қойылса, онда талдау аталмыш кезеңдегі экономикалық цикл сатыларын ескере отырып жүргізіледі.

Зерттеушінің, зерттеу объектісінің жай-күйін сипаттайтын, әрқашан да нақты көрсеткіштермен (цифрлармен) ғана ісі болатыны, нарықтағы конъюнктуралық зерттеудің ерекшелігі болып саналады. Осы көрсеткіштерді талдау, қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сондықтан, зерттеу үдерісіне кіріспес бұрын, объектіні дұрыс бағалау үшін қажет сұрақтар мен көрсеткіштердің тізбесін жасау қажет.

Конъюнктураны талдау мен болжау әдістемесі

Жалпышаруашылық пен тауар конъюнктурасын зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жекелей алғанда, конъюнктураға талдау жүргізу мен оны болжау мынадай тізбектік сатылардан тұрады:

. зерттеу объектісін анықтау,

. бастапқы деректер мен өзге материалдар жинау,

. конъюнктураны талдауды жүзеге асыру;

. конъюнктураның даму болжамын әзірлеу.

Жалпышаруашылықтық және тауар конъюнктураларын зерттеу кезіндегі ұйымдастыру және методологиялық қағидаттар бірдей болады.

1. Зерттеу объектісін анықтау. Конъюнктураны талдау аясын: тұтастай алғанда, экономиканың жалпышаруашылықтық конъюнктурасын; елдер топтарының немесе жекелеген елдердің жалпышаруашылықтық конъюнктурасын; экономиканың жекелеген салаларының немесе әлемдік ауқымдағы тауар нарығы немесе елдер топтарын, сондай-ақ жекелеген елдер бойынша конъюнктурасын, дүниежүзілік нарық конъюнктурасын және т. б. анықтау, зерттеушінің міндеті болып саналады.

2. Бастапқы деректер мен өзге материалдар жинақтау. Оны талдау және болжау үшін материалдар жинақтау мен конъюнктураның даму көрсеткіштерін жинауға кіріспес бұрын, келесі бастапқы жағдайды нақтылап алу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризм нарығының ерекшелігі
Инвестиция мәні және оның экономикалық мазмұны
Фирманың маркетинг жүйесін құрайтын элементтер
Кәсіпорынды басқару процесі
Инвестициялық жобаны бағалау
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Бизнес жоспарлау
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz