Сыбайлас жемкорлык турлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Реферат
Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан

Орындаған: Нұржау Қарақат
Тобы:СМ _23_5k9
Қабылдаған:Садибекова М.С

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке барлығымыз бірігіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. 8. мемлекеттік ќызметшілер сыбайлас жемќорлыќ кґріністеріне ќарсы тўруєа, сыбайлас жемќорлыќ ќўќыќ бўзушылыќтарєа не. Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. Ақтөбе облысының соттарымен 2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөнінде 63 адамға қатысты 53 қылмыстық іс қаралған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.
Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, сыбайлас жемқорлық ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.
Сыбайлас жемқорлық-пен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады.
Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау -- әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім - тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
- сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
- моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
- құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
- қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
- мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
- сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық иммунитетті қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
- Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте сыбайлас жемқорлық сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
- құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil - ештеңе);
- құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал, делінген.
Барлық елдерде оның транс - ұлттық сипаты танылып, оғ - - ан қарсы экономикалық, құ - қық - тық және басқа да шаралар қолда - ны - луда. Қазақстан Республикасында тәу - елсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қа - тысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мем - лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура - лы арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заң - наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы - мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция - ла - рын және басқа да жалпы жұрт та - ны - ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем - қор - лық - қа қарсы бүкіләлемдік қо - ғам - дастықтың тең мүшесіне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қар - сы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қа - зақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл про - блемамен жан-жақты айна - лы - сып жүрген беделді халық - ара - лық ұйым - Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлық - ты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кә - сіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәлімет - те - - рін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қар - сы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өз ұсыныстарымды назарларыңызға салсам. Елімізде жүргізіліп жатқан жұ - мыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқор - лық - тың ауқымы жайлы толық мә - лі - мет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс.
Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өржениетінен емес. Оның пайдаболуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттіккурылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б. 3. б.XXIV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз эрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады. Ежелгі Латынның белгілі нақылы былай дейді: Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір суруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күні де бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді - сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемқорлық тарихы мен бүгінгі жағдайы
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: өзге мемлекет мысалымен салыстыру
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Пәндер