АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мәдениет және өнер факултеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Абайдың музыкалық мұрасы
Орындаған: МОБ -31 студенті Маратов.Е.Ш
Тексерген:аға оқытушы Өмірзақова.Л.Қ
Нұр-Сұлтан, 2020жыл.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
3
1
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6
1.1
Абайдың музыкалық мұраларының рөлі мен маңыздылығына зерттеулер
6
1.2
Абайдың музыкалық мұраларында тәрбие беру жолдарын зерттей отырып моделін жасау
11
2
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
17
2.1
Абайдың музыкалық мұраларына сүйене отырып эксперименттік жұмыс жүргізу
17
2.2
Абайдың музыкалық мұраларына сүйене отырып жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері
24
ҚОРЫТЫНДЫ
28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
29
КІРІСПЕ
Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты құрал ретінде пайдаланатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай пайдалану жолдарын қарастыруымыз - бүгінгі күн талабы. Осыған орай, қазіргі кезде ұстанып жүрген Жоғары мектеп тұжырымдамасында: Әлемдік өркениет құндылықтарын қайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тәрбиелеу - делінген. Жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беру туралы айта келіп Н.Назарбаев: Жастар тәрбиесі басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді. Осы міндетті болашаққа іске асырушылар - жастарымыз - деген еді. Бұдан басқа кейінгі кезде ұлттық құндылықтарды өмірге алып келу және оны халыққа тарату мақсатында қабылданған Ұлттық мәдениет туралы заңда: Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау керек - делінген.
Осындай кесек құнды материалдардың бірі Абайдың музыкалық мұрасы екені үнемі айтылып келеді. Бұл ретте Абай мұрасының тарихи орнын дәріптеуде зерттеуші ғалымдардан алдымен Х.Досмухамедов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин сынды халқымыздың біртуар азаматтарын айтуға болады. Әрине, Абайтанудың қайнар бұлағының көзін ашқан, оның қазақ халқы үшін маңызын дәріптеп, әлем әдебиетінен алатын орнын көрсетудегі М.О.Әуезовтың орны бөлек. Философия саласынан ақын мұрасының қоғамдық жеке тұлға үшін өмірлік мән мағынасына үңілген ғалымдар А.Машани, Ғ.Есім, М.Орынбеков, Б.Р.Қазыханова, Т.Қ.Айтқазин, Қ.Бейсенбиев, Т.Тәжібаев, әдебиеттанушы, тілтанушы-педагогтар Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, Р.Сыздықов, Т.Әлімқұлов, Ә.Жиреншин, М.Бөжеев, т.б. және басқа саладағы ізденушілердің сіңірген еңбегі зор. Өйткені олардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері ақын шығармаларын тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалануға іргетас бола алды.
Абай мұрасында педагогикалық ойлардың бар екенін алғашқылардан болып дәріптеген Ш.Әлжанов болды. Одан соң ақын шығармашылығын педагогикалық тұрғыда зерттеп келе жатқан белгілі педагог ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Қ.Көбесов ондағы тәлім-тәрбиелік ойлар ауқымын нақтылап, тәрбиенің әр саласына, соның ішінде этнопедагогикамен байланысын ашып көрсетуге ұмтылды.
Ақын шығармалары арқылы тәрбие беру мәселесін айқындап зерттеуде әдебиеттанушы ғалымдар Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, А.Нұрқатов, Қ.Мұхаметханов, Т.Әлімқұлов, Қ.Ақбергенов, С.Таңқаев және т.б. жекелеген еңбектерінде ақын тәрбиесін әдеби-көркемдік тұрғыда талдаған.
Аталған ғалымдардың еңбегі аса маңызды екенінде дау жоқ. Десек те ақынның ән өнерін тәрбие беру жолдарын қабыстыра отырып, ақынның музыкалық мұраларын пайдалану мәселесі көлемді ғылыми-зерттеу ретінде әлі көтерілмеген екен. Әрине, осыған орай жекелеген мақалалар мен өнертану бағытындағы кейбір еңбектерді айтуға болады.
Тарихи деректерге сүйенсек, Абай әндерін ең алғаш жинай бастаған А.Э.Бимбоэс, одан соң оларды жинаған А.В.Затаевич болды. Қазіргі кезде ақынның өзі шығарған 20 әні, 2 күй, ақын өлеңдеріне жазылған әндер - 60, ақын шығармашылығына арналған әр түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар 15-ке жеткен, бұл әлі толыға береді. Осының өзі ғұлама ақынның музыкалық шығармашылығын тәрбиелік тәрбие мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.
Абайтанушылардың осы уақытқа дейін оның ән өнері, әуен, біздіңше айтқанда, музыкаға қатысты ойларын, көзқарасын музыкатану ілімі тұрғысынан және философия ғылымының тәрбие саласы тұрғысынан зерттелмей келе жатқаны белгілі. Рас бұл ретте В.П.Дернованың Музыкальное творчество Абая деген өнертануға байланысты кандидаттық диссертацияны айтуға болады. Бірақ, онда тәрбие санаттары терең және тәлім-тәрбиелік тұрғыда ақынның ән өнерінің тәрбиелік ықпалы тұрғысынан қарастырылмаған. Осыған орай, Ә.Шерубаев ...абайтану ғылымын зерттеушілер әлі күнге Абайдың осы өлеңдеріне арнайы тоқталып тұжырымды пікір айтқан жоқ. Рас бірді-екілі ғылыми еңбектерде ұлы ақынның музыкаға, ән өнеріне көзқарасы туралы жол-жөнекей сөз болғанымен, олар осындай үлкен тақырыпты егжей-тегжейлі ашып бере алмайды. Сондықтан Абайдың ән жайында айтқандары арнайы зерттеуді қажет ететін принципті мәселе сияқты деген еді. Ж.Тұяқов, Қ.Исабаев және басқалар ақын әндерінің Ресей, Еуропа, Қытай, Германия (Тюрингияда), Түркия, Қырғыз, Өзбекстан т.б. елдерге таралуын зерттеген.
Музыкатанушы В.П.Дернованың Ән - қазақ халқының ұлы ақынының ағартушылық идеяларының жетекшісі болды деуінің өзі тегін емес екеніне ақын әндерінің тәрбиелік сипатын қарастыра келе көз жеткіздік. Музыка сезім әлеміне тікелей ықпал ететін және одан қалған әсердің көпке, тіпті кейде өмір бойы сақталатынын ескерсек, тақырыбымыздың мәні ашыла түседі. Осыған орай ақынның ән өнеріне қойған талаптарын жалпы музыкаға да қатысты деуге болады. Өйткені теле, радио арналарда қазіргі ән, күйлердің сапасы жайлы айта келіп, кейбір әндердің адамды жалықтыратыны, қайталауларының орынсыз екені айтылып келеді, мысалы, бір әнде бір "ойлай берме" деген сөз 5 минутта 17 рет, тағы бір әнде осындай бір сөздің 3 минутта 15 рет қайталанғанын өзіміз де естіп, көріп жүрміз. Бұл шетелдік бір музыканттың тұжырымы бойынша "жаңаны үйрену" екен. Оның айтуы бойынша осындай көп рет қайталау арқылы сол әуенді адамның есінде сақтап қалуына мүмкіндік пайда болады екен. Әрине, көп рет қайталау - педагогикада, психологияда оқыту мен үйретудің немесе оқу мен үйренудің басты тәсілдерінің бірі. Психологияда бұндай қайталаулар емдеу кезінде илану (внушение) тәсілін қолдануға байланысты адам санасына бір пікірді орнықтыру (установка) мақсатында, не болмаса назарын басқа нәрсеге аудару мақсатында, релаксация, медитация және басқа да мақсатта қолданылады. Мұнда адам бір сөзді ести беріп, бас миының ойлауын тежеу не тоқтату арқылы санасын демалдыру үшін пайдаланады. Ал көңіл көтеру, демалыс не болмаса танып-білу мақсатында музыка тыңдау кезінде, мұндай орынсыз қайталанулар жалықтырады, сондықтан бұны "жұқпа әуен" деп те атайды.
Тәрбиенің басты мәселесі жастарды сырттан, шетелдерден келген сұрықсыз сурет (фото-суреттер), құлақты кесетін музыка (егер ол музыкаға ұқсаса), ұсқынсыз, сайқымазақ санаттарына жататын адамды шошыту; қорқытып, зәре-құтын қашыру, өлтірудің неше түрлі әдістерін насихаттайтын кино, еркек пен әйел арасындағы махаббаттың көркем сипаты емес оның ең бір сұрықсызы, тұрпайы жыныстық қарым-қатынастың хайуандық ұсқынсыз түрлері, қыздар мен ұлдар арасындағы тәртіпсіз, әдеп пен тәрбиеден жұрдай мәмілелер т.б. жастардың талғамдарының қалыптасуына теріс әсерін тигізуде. Жастар сұрықсыз, ұсқынсыз, сиықсыз нәрселерді көркемдік санатына жатқызуға дайын. Бозбала мен бойжеткендер арасындағы әдеп пен әсемдік қағидаларына негізделген қарым-қатынастарды кейбір жастар "ескілік белгілері", "қазақпайшылық", "мамбет жорықтары" (мамбетские выходки) деп кіналауға дейін барады. Осы және басқа да жастар арасындағы келеңсіздіктерді жойып, олардың санасына тәрбие мен әдеп қағидаларына негізделген, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көркем сипатын орнықтыру тәрбиенің тиімді ұйымдастырылуына байланысты.
Міне, осылар және басқа да, Абайдың музыкалық мұрасын тәрбие мақсатында қолдануға байланысты материалдарды зерттей келе мынадай қайшылықтар белгілі болды: ақын музыкалық мұрасында тәрбие беру идеяларының болуы мен олардың ғылыми-педагогикалық негізделмеуі арасында; оның шығармаларында музыкатану пікірлерінің болуы мен олардың студент жастарға тәрбие беру практикасына ендірілмеуі арасында. Педагогикалық үрдісте Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік жолдарын қарастыру басты мәселе ретінде танылып, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары деп анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты:Абайдың музыкалық мұралары арқылы студент жастарға тәрбие берудің мазмұнын анықтап, оны жүзеге асыруды ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жақтан қамтамасыз ету.
Зерттеудің нысаны:орта білім беру жүйесіндегі тәрбие беру үрдісі.
Зерттеудің пәні:Абайдың музыкалық мұраларындағы тәрбие беру идеялары.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер Абайдың музыкалық-педагогикалық идеялары арқылы сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылып, ақын шығармалары арқылы тәрбие берудің мазмұны айқындалып, әдістемесі жасалса, ақын шығармаларының құндылығын ерекше сезіммен түсінуге және практикада шығармашылықпен қолдануға бағытталса, онда бұл студенттердің тәрбиелік сана-сезімі, тәрбилік іс-әрекетіне ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
* сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге Абайдың музыкалық мұралары арқылы тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін нақтылау;
* ақын мұрасындағы музыкалық-педагогикалық ойларға сипаттама беру арқылы тәрбиедегі маңызын айқындау;
* студентерге ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы тәрбие берудің моделін жасап, мазмұнын анықтап, әдістемелік жүйесін белгілеу;
* студенттерге тәрбие беруді ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асырудың әдістері мен мазмұнын тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру.
Зерттеудің көздері:педагог, психолог, философ ғалымдардың ақын шығармаларына арналған еңбектері; Қазақстан Республикасының Ата заңы, "Білім туралы" Заң, Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектеп және тәрбиелеу тұжырымдамасы; өнертанушы, этнографтардың ғылыми еңбектері мен практик-педагогтардың пайымдаулары, нормативті құжаттар.
Зерттеудің әдістері:философия, педагогика, психология, өнертану, абайтану, мәдениеттану, ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің негізгі ұстанымдарына талдау беру; олардағы тәрбие беру пікірлерін жүйелеу; бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу жүргізу; тәлім-тәрбие жұмыстарына талдау, салыстыру, қорыту, жинақтау және сабақтан тыс жұмыстардың нәтижелерін негізге алу; эксперимент жұмысының нәтижесіне баға беру, оларды өңдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы:курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелер мен үлгілер, суреттерден, қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Абайдың музыкалық мұраларының рөлі мен маңыздылығына зерттеулер
Тәрбие сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, осы күнге дейін келе жатқан бір сәтте тоқтамаған үнемі даму үстінде болса да, әр заманда ол туралы қандай бір келелі пікірлер айтылса да, небір шаралар істелсе де, түйіні мен түйткілі көп үрдістердің бірі. Әр заман, әр дәуір өз проблемасын алып келіп, оның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелері үсті-үстіне жамалып көбеймесе азайып отырған жоқ. Осындай түйткілді мәселелердің бірі - жастарға тәрбие беру. Болашақ педагог маман, бүгінгі студенттерге тәрбие беру мәселесі кейінгі кезде бәсеңдеп қалған жайы бар. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі, халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы тәрбиелік тәрбие мәселелерін шешуге іргетас болатын ұрымтал ой-пікірлерді бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану.
Әр ұлттың интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері, дыбыстық тәжірибесі және басқа да көптеген факторларға байланысты ұлттық музыка өзіндік айырмашылыққа ие. Бұны халық музыкасын тыңдаған кезде анық байқаймыз. Осы күнгідей музыканың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін қырлары жойылып, барлығы ұқсас болып бара жатқан кезде әр ұлттың мәдени, рухани-сезімдік өзгешелігін байқататын және сол негізде адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін арнайы жұмыстар қажет-ақ. Бұны Абай сынды басқа да композитор, ғұлама, ғалым ар мен ақын, әнші, жыршылар шығармашылығы негізінде музыкалық тәрбие арқылы жүзеге асыруға болады.
Ақын сусындаған мол байлық көзінің ең бастысы - шығыстың көркем әдебиеті және ежелден келе жатқан халықтың ауыз әдебиеті мұрасы, қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулар мұралары және орыс мәдениеті арқылы таралған Еуропа әдеби мұралары екені айтылып келеді.
Ән өнерінің өзі болмысынан тәрбиеге жүк келтіретіні белгілі. Себебі ол алдымен кұлақтан кіріп бойды алып адамның сезім әлеміне арналады және оған әсерін тигізеді. Осыған орай ақынның композиторлық дарынының дамып, қалыптасуына ықпал еткен факторларды М.О.Әуезов, Б.Г.Ерзакович, А.Жұбанов, С.Ақылбайұлы, Б.Елеуғожин, А.Агибаева, В.Дернова, П.Зарубин т.б. зерттеулеріне негіздей отырып, анықтауға күш салды. Сөйтіп оны- әжесінің әлдиі мен атасының бесік жыры, медреседе әндетіп оқитын Құран сүрелерінің әуені, бала кезінен тыңдап өскен жыр-дастандардың әуені мен бозбала кезінде еліктеген халық композиторларының әндері, домбыра тартуға әуестігі және ән-күйге болған құштарлығы, ақынның өзінің "құйма құлақ дарыны - деп топшыладық. Алайда ақын әндерінің өзіндік жаңа сипатта туындауына себеп болған басты факторлар туралы айтқанда Д.Мельников, Қ.Байжанов, М.Мұхаметжанова, А.Махамбетова, М.Төлебаев, Л.Хамиди ұлттық сарын мен орыс, украин жалпы Еуропа музыкасының да әсері болғанын Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, заңгер А.А.Леонтьев (психолог емес), суретші П.Д.Лобановский, әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұха, әнші жары Әйгерім, музыкаға құштар балалары Әбдірахман, Ақылбай және басқалардың әсерінің мол болғанын атап көрсетеді. Осы және басқа да зерттеулерге сүйене отырып ақын әндерінің ерекшеліктерін: созылмалы әннің дауыс толқынының өзгеріс-козғалысына негізделетіні; музыкалық дыбыстардың бірінен бірі жоғарылы-төмен сатылап, әр түрлі үнмен айтылуы; осындай өзгеше бітім-құрылысына сәйкес әсем әуезділігі; адамның сезім күйін терең ашып бере алатын мәнділігі-деп көрсетуге болады.Тарихи деректерге қарағанда ғұлама, ақын, колмпозитор Абайдың бірнеше күйлері болған, солардан бізге жеткені Торжорға, Май түні.
Зерттеуші ғалымдар А.Сейдімбеков, З.Ахметов, Е.Шомбалова, Б.Ғизатов, М.Алиасқарұлы, Т.Әлімқұлов, А.Ахметжанов, Т.Базарбаев, У.Бекенов, А.Ділманов, І.Жақанов т.б. Абай поэзиясының танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарастырады.
Ғұлама, композитор Абайдың музыкатану бағытындағы және ақын поэзисының тәрбиеге қатысы мен музыкадағы сипаты жайлы Б.Елеуғожин, Ә.Шерубаев, К.Ашимова, А.Қалмырзаев, А.Есенжанов, Ғ.Жүнісов, М.Нұрқатова, С.Күзембаева т.б. еңбектерін зерделей келе ақын шығармаларының мәніне, тәрбие санаттары мен байланысы және тәрбиедегі мағынасын анықтауға ұмтылдық. Бұл ретте композитор Абайдың ән немесе музыкаға қатысты пікірлерін мына өлең шумақтарынан байқауға болады: құр айқай бақырған, кұлақка ән бе екен, домбраға қол соқпа, құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй, ...әуелесін қалқысын, от жалын боп шалқысын, ...салған ән көлеңкесі сол көңілдің ... шырқап, калқып, сорғалап, тамылжиды, жүрек тербеп оятар баста миды ... ұйықтап жатқан жүректі ән оятар ... кейі зауык, кейі мұң, дертін қозғап ... әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағыңды кесері бар...ақылдының сөзіндей ойлы күйді тыңдағанда, көңілдің өсері бар... - деп келтіреді ол. Бұларда ән өнерінің түпкі мәнінде белгілі бір ой-пікір жататыны айтылып, ән, әуен, музыканың тәрбиелік санаттарына қатысы көрсетілген.
Музыка өнері оның ішінде Абай Құнанбаевтың әндері арқылы жастарды тәрбиелеудің маңызы - өлең сөздің мазмұнын музыка немесе ән арқылы байытумен ерекшеленеді. Ән - сөздің сезімге әсер ету қуатын арттырады. Абайдың композиторлық дарынының басты мәні музыкалық шығармаларының осы заңдылыққа сәйкестігі.
1.2 Абайдың музыкалық мұраларында тәрбие беру жолдарын зерттей отырып моделін жасау
Тәрбиенің берудің мақсаты, міндеттері, кұралдары мен әдістері, санаттары және оның ақын шығармаларына қатысына байланысты педагог, психолог, философ, әдебеттанушы, абайтанушы және басқа да ғалымдардың жоғарыда біз келтірген ой-пікірлеріне және Абайдың өзінің ән, күйге байланысты пікірлеріне сүйене отырып болашақ музыка-педагогика мамандарына ақын музыкалық мұрасы арқылы тәрбие берудің аса маңызды кұрамдас бөлігі - өмірдегі, табиғаттағы, адамзат ой-пікірі мен іс-әрекетіндегі көркемдікті қабылдауарқылы сезіну, көре білу, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу екеніне көз жеткіздік. Сол үшін тәрбие беруде көркем өнердің барлығына тән - қабылдау, эмоционалды әсерлену, қиялдануын, өзіндік танып-білуін дамыту, оларды жарату жолдары, тәсілдері т.б. меңгерту, олар туралы алғашқы білім, біліктер туралы түсінік беру қажет деген пікірдеміз. Осы мәселелерді шешуде мынадай жалпы педагогикалық талаптарды орындау қажет:
- жалпы көркем шығармашылықтың негізі өмір шындығын бейнелеу болғандықтан студенттерді қоршаған ортаның көркемдігін көре білуі, оны сезіну, түсінуге үйрету-осыған орай Абай шығармаларынан тиістілерін пайдалану мүмкіндігін кең қолдану;
- тәрбие үнемі, тұрақты, бірізділікпен көркемөнер
туындыларын көріп, оқып, талдап, ой жүргізуді талап етеді, сол себепті студенттерді ақын әндерін талдауға, ой жүргізуге үйрету, бұны ақын шығармалары негізінде ұйымдастыру;
- студент жастарды шынайы көркемөнер туындыларымен таныстыруға шарт түзу- ақынның ән шығармашылығы және оның өлеңдеріне жазылған шығармаларды пайдалану, өлеңдеріне ерекше көңіл қою;
- тәрбие талаптарын орындау үшін ой жүргізу, қиялдану, талдау, сараптау, тағы басқа ақыл-ой қызметіне жүгіну- ақын шығармаларын ойланбай тұрып түсіну мүмкін емес, оның болмысы адамды ойға жетелейді, міне осыны толық пайдалануға мүмкіндік туғызу;
- өздігінен көркем туындылар жаратуға құлшынысын ояту, соған шарт түзу-ақын тұлғасы, ол өмір сүрген орта, оның композиторлық және ақындық, ойшылдық болмысына ықпал еткен факторларға қатысты, ақын музыкалық мұрасын үйрену, насихаттау секілді шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруы.
Тәрбиеге қатысты педагог-ғалымдардың ойларын жинақтай келе және Абайдың музыкалық мұралары арқылы тәрбие берудің мазмұны, әдістері, тәсілдері т.б. ескере келіп біз ақын музыкалық туындылары арқылы тәрбие берудің үлгісін, Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге тәрбие берудің теориялық моделін жасадық (Кесте-1).
Кесте 1 - Тәрбиені Абайдың музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асыру жүйесі
Тәрбие беру жүйесі
Мазмұны
1. Абайдың музыка-лық мұралары арқылы тәрбие беру мақ-саты
Абайдың музыкалық мұралары және оның өлеңдеріне жазылған, музыкалық шығармалар арқылы студенттердің тәрбиелік түсінік қабылдауын қалыптастыру.
2. Абайдың музыка-лық мұралары арқылы тәрбие беру міндет-тері
1) Тәрбиелік түсінік қабылдауын ұйымдастыру арқылы тұлғаның білім, білігі және қабілеттеріне ықпал етудің біртұтастығын қамтамасыз ету;
2) Тәрбиелік түсінік қалыптасуына жағдай туғызу;
4) Студенттердің тәрбиені қабылдау белсенділігін арттыру немесе іс-әрекетіне қозғау салу.
3. Ақын шығарма-лары арқылы тәрбиені жүзеге асыру құралдары
Абайдың музыкалық мұраларына қатысты мақалалар; олардың музыкалық жазбалары; ақын өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалары; ақын күйлері; электронды жазу құралдары; өлеңдері және тәрбиелік санаттарға қатыста материалдар; көркемсурет, әдебиет туындылары.
4. Абайдың музыка-лық мұралары арқылы тәрбие беру мазмұны
Абайдың музыкалық мұраларындағы тәрбиелік идеялар: адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы, қарым-қатынасы, ақынның ән, күйге байланысты ой-пікірлері; өмір және табиғат құбылыстары, сөз өнері және өлең жайлы ой-толғаулары; музыкалық шығармаларын тәрбиелік тұрғыда қабылдауы.
5. Абайдың музыкалық мұралары арқылы тәрбие беру ұстанымдары
а) басқа өнер түрлері және музыка өнерінің өзге салаларымен байланысы; ә) қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай дамыту және ғылыми-педагогикалық негізділігі; б) музыканың басқа пәндерінмен сабақтастығы; в) дамыту, тәрбиелеу, білім беру мақсаттарының ұштасуы; г) тәрбиенің санаттары және ақын мұрасындағы сипаттарының байланысын негізге алу.
6. Абайдың музыкалық мұралары арқылы тәрбие беру формалары
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының топтық, жеке, көпшілікті қамту формалары; дәрістер, семинар сабақтары мен практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, ұстаздың студентпен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz