Есеп бөлімінің ережелері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Арна Көкшетау жоғары колледжі

ЕСЕП

ІС-ТӘЖІРБИЕСІ БОЙЫНША

041110100 Есеп және аудит мамандығы бойынша

Орындаған: Айқынбекова Аружан
Жетекші: Жүсіпова Шырынкүл

Көкшетау 2023 ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ4
1.1Есеп бөлімінің ережелері4
1.2 Есеп төлем тізімдемесі5
1.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік7
1.4 Касса кітабы9
1.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік10
1.6 Жүк құжаты туралы түсінік12
1.7 Жалақы туралы түсінік14
1.8 Табель туралы түсінік18
1.9 Бұйрық20
ҚОРЫТЫНДЫ21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР22

КІРІСПЕ
Мен, Айқынбекова Аружан, 2023 жылдың 20 қарашасынан бастап, 2024 жылдың 12 қаңтар айының аралығында ҚР Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өтуге келдім.
Мұнда келген мақсатым: есепшіге байланысты құжаттармен танысып, оны қолмен, бухгалтерлік бағдарламалар бойынша есептеуді, касса жұмыстарымен танысып, сондай - ақ колледжде өзімнің есепші мамандығым бойынша алған білімімді теория жүзінде дәлелдеп, тәжірибе арқылы білімімді толықтырып, жетілдіре түстім.
Емханадағы тәжірибе медициналық оқу орнының студентіне нақты медициналық мекеменің өміріне тікелей сүңгуге және халыққа медициналық қызмет көрсетудің осы саласында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Тәжірибелі дәрігерлермен жақын болып, олардың жұмысын бақылап, олардың басшылығымен кейбір функцияларды өз бетінше орындау арқылы сіз өзіңіз үшін тиімді емдеу әдістерін жасай аласыз, олар кейінірек өз медициналық тәжірибеңізде қолданылады. Сонымен қатар, мұндай практикалық сабақтар сізге форс-мажор жағдайында қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді, бұл оқу орнындағы теориялық сабақтарды клиникадағы практикадан ерекшелендіреді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Есеп бөлімінің ережелері
Есеп бөлімінің ережесі 7 бөлімнен тұрады:
Жалпы ереже
Негізгі қызмет
Кәсіпорын құрылымы
Фукциялар
Құқық
Жауапкершілік
Басқа құрылымдармен қарым - қатынас тәртібі
Ереже қабылданғаны жөнінде басшы, бас есепші, инжененер қол қояды.Жалпы ереже бөлімінде әрбір есепшінің жалпы міндеттері жазылған. Жалпы ережеде жазылғандай әрбір есепші ҚР Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны емханасының бас дәрігеріне және бас есепшіге бағынады. Есеп бөлімі ҚР Президентінің қабылдаған заңдарына сәйкес жұмыс жасайды.
Негізгі бөлім де есепші бөлімініңнормалық құжаттармен жұмыс жасау керектігі жазылған. Салық, қаржылық есеп беру нормалық құжаттар арқылы рәсімделеді.Кәсіпорын құрылымын басшы бекітеді және штаттық кесте жұмыс уақытына байланысты жазылады.
Есеп бөлімінің фукцияларына қаржы, еңбек, негізгі құралдарын есептеу, салықты уақытында аудару, жаңа технологияларды пайдалану және
т.б болып табылады.Есеп бөлімінің құқық ережесі кәсіпорын жарғысына байланысты жазылады. Құқық ережіесін бас есепші құрады.
Жауапкершілік.Әрбір есепші өзінің жасаған жұмысына жауапты болып
табылады. Ең басты жауапкершілік бас есепшіге жүктеледі. Басқа құрылымдармен қарым қатынас кәсіпорынның есеп саясатына байланысты жасалады.
1.2 Есеп төлем тізімдемесі
Еңбек ақы төлеу жөніндегі есептеу-төлеу тізімдемесі жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруашылық операцияларын есепке алу кітабының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар қолданады. Есеп айырысу тізімдемесі қызметкерлермен еңбек ақы төлеу жөніндегі есеп айырысуларды есепке алу үшін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қызметкерлердің еңбек ақы төлеу сомасынан міндетті жарналар мен аударымдардың сомаларын анықтау үшін арналды. Есептеу-төлеу тізімдемесі шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлеріне жалақыны беруді ресімдеу үшін арналды. "Есептелгені" деген бағанда қызметкерлерге орындалған жұмыс үшін еңбек ақы төлеу жөніндегі есептелген сомалары көрсетіледі және "Ұсталғаны" деген бағанда еңбек ақы төлеу жөніндегі есептелген соманың ұсталуы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының және басқаның жеке тұлғаларынан жеке табыс салығы) бір уақыты көрсетіледі.
ҚР Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны емханасында еңбек ақы төлеу жөніндегі есептеутөлеу тізімдемесін толтыру тәртібі мынадай: ең алдымен мекеменің толық аты жазылады, содан кейін дәрігердің жұмыс істейтін бөлімі және ауысымы көрсетіледі. Толтырылған күні, қолына алатын сомасы және бас дәрігер мен бас есепшінің қолдары қойылады.Төлем тізімдемесінің нөмірі, реттік нөмірі, табелдің нөмері, дәрігердің толық аты-жөні, алатын сомасы көрсетіледі.Астына төлем тізімдемесін толтырған адам және оны тексерген адам қолын қояды. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін басқару және бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін тексеру үшін қаражаттың кейбір түрлері, шығу көздері мен процестері жөнінде жинақтап қорытылған мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтерді әр айдың соңында шоттардан алады, алайда әрбір шотта есеп объектісінің бірін ғана сипаттайтын көрсеткіштер болады. Есеп объектілерінің жалпы сипаттамасы жекелеген көрсеткіштерді бір жерге топтау жолымен алуға болады. Бұл үшін шоттардағы айлық қалдықтар мен айналымның жиынтық сомасы көрсетілетін айналымдық ведомостері қолданылады.
Айналым-сальдолық тізімдемелерінің ерекшеліктері:
Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылған кезде бағаналардағы жиынтық сомалар екі-екіден жұптасып теңесуі тиіс;
Дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына теңесуі тиіс;
Жиынтық дебет айналымы жиынтық кредит айналымына теңесуі тиіс;
Дебет пен кредит бойынша түпкілікті сальдоның қорытындысы да тең болуы тиіс.
Айналым сальдолық тізімдемені мекеменің кіріс, шығыс қозғалыстарының банктік есеп (выписка) арқылы толтырылады. Айналым сальдолық тізімдемесінің толтырылуынын мақсаты мекенің қаржылық жағдайын бақылап, біліп отыру үшін.

1.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады.Баланс жасау тәртібін бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.
Баланс дегеніміз - бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория - ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізг ібухгалтерлік есептің классикалық: актив - пассивке (міндеттемелер+жекеменшік капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігі мен құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз - борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс - қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз - бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір - бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына ба ғындырылған. Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі.

Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында бекітіледі. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі өз балансының құрылу формасын өзі таңдап ала алады.

1.4 Касса кітабы
Касса кітабы - кәсіпорынның қолма-қол ақшасы қозғалысын есептеу үшін бекітілген нысандағы тізімдік. Онда әрбір кіріс пен шығыс операциясы бойынша кассалық ордердің нөмірі‚ ақшаның кімнен алынғаны немесе кімге берілгені‚ оның сомасы жазылады. Ол нөмірленген‚ бау тағылған‚ сүргішті мөр басылған болуға тиіс; беттердің саны бастық пен бас (аға) бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассир екі дана етіп (көшірме қағаз арқылы) толтырады‚ біріншісі кітапта қалып‚ екіншісі жыртылады. Кассир касса кітабы бойынша күн сайын бір күнгі ақшаның кірісі мен шығысын қорытындылап‚ оның кассадағы қалдығын келесі күнге ауыстырады, сөйтіп жыртылмалы парақты кіріс және шығыс құжаттарымен бірге есептелінеді де бухгалтерияға табыстайды.
Әрбiр мемлекеттiк мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған тек бiр ғана кассалық кiтапта жүргiзедi. Кассалық кiтаптағы парақтардың саны басшының, бас бухгалтердің немесе осы мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын тұлғаның қолымен расталады.
Кассалық кiтаптағы жазу көшiрме қағаз арқылы 2 дана етiп жазылады.
Парақтардың екiншi даналары жыртылады және мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлғаның есеп беруiне керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады.
Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi. Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің күнi көрсетіле отырып, "Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге және мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлға мен бас бухгалтерiнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қойылған қолымен расталуға тиiс.
Күн сайын, жұмыс күнiнiң аяғында мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы бiр күнге операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерлiк қызметке берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол ақшамен салыстырады.
Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса -- бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.

1.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады. Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ШКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы күрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.
Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жәрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген төленді жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

1.6 Жүк құжаты туралы түсінік
Жүкқұжат -- бухгалтерлік есеп құжаты. Құны шот-фактура бойынша төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін тауар сатушыдан сатып алушыға осы жүкқұжат бойынша табысталады. Жүкқұжатта тауардың түрі‚ саны‚ бағасы‚ құны көрсетіледі. Жүкқұжатқа табыстаушы және қабылдаушы тараптардың қолдары қойылады‚ ол тауарларды қоймаға кіріске алу және есепке қою үшін негіз болып табылады. Құжаттардың бұл тұрпатына коносамент те жатады. Құқықтық мазмұны мен нысаны тұрғысынан алғанда коносамент бағалы қағаз немесе қатаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік тәжірибенің өту орны
БАҒЫС ЖШС ҚАЗАНДЫҒЫМЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ЛАСТАНДЫРУ КӨЛЕМІН ТӨМЕНДЕТУІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
Мекеменің есеп саясатын дайындау
Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ. САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Бөлімдер атауы Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Пәндер