Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. ӘКІМШІЛІК - ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ, НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

... ... ... 4

1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі ... ... ... ... ..4

1.2 Әкімшілік құқықтық нормар ұғымы ... ... ... ... ... 7

1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері ... ... ... ... ... .9

2. ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... 10

2.1 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы ... ... ... ... ... .10
2.2 Әкімшілік-құқықтык қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... .13
2.3 Әкімшілік құқықтың субьектілepi ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .21

КІРІСПЕ
1. Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез-кұлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінген шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғни белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Әкімшілік-құқықтық нормалар, негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын жене қызметін реттеуге есептелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті келемін, кызмет тәртібін т.б. белгілейді. Әкімшілік- құқықтық нормалары, сондай-ақ.ш Әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге басқаларға) тәртіп ережелерінен тұрады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көп түрлілігіне бөліп қарайды. Материалдық және іс жүргізушілік әкімшлік-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады. Материалдык нормалар азаматтардың, атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекет органдарының мертебесі). Іс жургізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін, сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді. Құқықтық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға беледі. Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін кояды. Мысалы, қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, не мына эрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған. Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар. Өз қызметі процесінде атқрушы билік органдары мудделері бірдей болмайтын көпшілік субъектілермен әрекеттеседі. Осы субъектілер қатынастары әкімшілік құқықтың пәні болғаны үшін, олардың жалпы журіс-тұрысының ережелерін, соларды қолдану тәртібін, сондай-ақ қатынастардың үйлескен жүйесін табу максатқа сәйкес. Табиғи талап, қатынастардың екі тарапы да әкімшілік құқықтың субъектілері болып, заң алдында тең болуы және онын талаптарын орындауы тиіс. Әкімшілік құқық субъектілерінін жалпы Императивтік (сөзсіз, уәкілді-кесілді) жүріс-тұрыс ережелерін орнатуда жене қамтамасыз етуде, заң нормаларымен бекітілген құқықтық қатынастардың тұрактылығында мұқтаждық әкімшілік құқық қатынастарының көктем табиғатына себепші болады. Солай етіп,әкімшілік-құқықтқ қатынастардың көктем табиғатына субъектілердін әр түрлі мүдделері мен мұқтаждықтарын реттеу қажеттілігі себепші болады. Мысал, жалпы міндетті жол әрекет қағидаларын енгізу өмірдің талабы десек болады, өйткені оларды жеке адамдар арасында жасалатын келісімдер арқылы орнатудын мумкіндігі жок. Субъектілердің заң алдында теңдігіне қарамастан, заңды орындауға бағытталған әкімшілік - құқықтық қатынастар пайда болуының бастамашысы болып басқару органдар немесе қарау сипаттаты өкілеттіктерге ие лауазымды адамдар турады.Дегенмен, әкімшілік бақылаудың қағидалары осы жөндегі қатынастардың екі тарапына да бірдей тиесілі: олар бақылаудағы адаммен де, олардың сақталуын қадағалаушы полиция қызметкерімен де орындалуы тис. Әкімшілк-құқықтық қатынастардың нормаларын бұзу мемлекет алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады, ал туындайтын тартысулар мен баска -құқықтық нормалар мен қатынастардың құрлымын қарастыру жане талдау жасау болып табылады. Осыған сәйкес курстық жұмыстың Міндеті: әкімшілік құқықтық нормалар ұғымына сипаттама беру; Әкімшілік құқықтық қатынастың ұғымына сипаттама беру; Әкімшілік құқық қатынастарының құрылымына талдама жұмыстарын жүргізу; Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастардың түрлері мен субъектілеріне жалпылама сипат беріп, тоқталу болып табылады. Курстық жұмыстың объектісі - әкімшілік құқықтық қатынастары және оның субъектілері болып табылады. Курстық жұмыстың құрылымы. Аталымы тақырыпқа жазылған курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды жіне пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады.мәселелердің шешілуі, әдетте, әкімшілік тертіппен жүзеге асырылады. Берілген курсық жұмыстың мақсаты қазіргі уакыттағы Қазақстандағы әкімшілік
1.Әкімшілік-құқық түсінігі нормалары және оның түрлері
Әкімшілік-құқықтық нормалар-бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттецтін мінез құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер.Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі,яғни нормаларда көзделген шарттарда сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі),яғни белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады.Әкімшілік-құқықтық нормалар,негізінен,атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есептелінген.Олар осы органдардың құрылымын,олардың билігінің өкілетті көлемі,қызмет тәртәбән т.б. белгілейді
Әкімшілік-құқықтық нормалары,сондай ақ әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға,қоғамдық бірлестіктерге басқаларға)тәртәп ережелерінен тұрады.Әкімшілік-құқықтың нормалардың көп түрлерінен бөдіп қарайды.Материялдық және іс жүргізу шілік әкәмшәләк-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады.Материялдық нормалар азаматтардың,атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтыры мен міндеттері,мемлекет органдарының мәртебесі).Іс жүргізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін,сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді.Құқық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін,тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға бөледі.Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін қойады.Мысалы,қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде мемлекттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті.Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, немына әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады.Мысалы,әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған.
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы.Басқа құқық салалары сияқты,әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады.Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады.
0.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі
Әкімшілік деген сөз латын сөзінен аудпоғанда (басқару) деген мағынаны білдіреді.Яғни,әкімшілік құқық басқару саласындағы биліктік қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың түсінігін мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастармен байланыстырады.
Әкімшілік құқықтың пәні болып ол реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Теоряда әкімшілік құқықтың пәнін шартты екі топқа бөліп қарастырады:
1)ішкі аппараттық қатынастар - мұнда сәйкес құқықтық нормалар атқарушы билік органдарының жүйесін, оларға бағынысты мекемелерді, олардағы қызметті ұйымдастыруды және жұмыстардың нысандары мен әдістерін бекітеді;
2) әкімшілік биліктің кәсіпорындармен, мекемелермен,кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынастары.
Әкімшілік құқық тек әкімшілік әсер ету құралдарының жүйесін құрайды: әкімшілік мәжбүрлей,лицензиялау,тіркеу.Әкімші лік мәжбүрлеу-әкімшілік құқық пәнінің маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар,әкімшілік құқықтың пәніне азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарауға байланысты да жатады.Жоғарыда аталғандарды қорытындай келсе,әкімшілік құқықтық пәніне мынандай анықтама беруге болады.
ҚР-ның әкімшілік құқығының пәні болып мемлекеттік әкімшіліктің қалыптасу және қызмет ету процесінде және әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын,басқа да әкімшілік әсер ету шараларын қолдану,азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарау барысында пайда болатын билік қатынастары табылады.
Әкімшілік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу әдісі құқықтық әсер етудің негізгі тәсілдерімен қптпр бірқатар ерекшеліктерге ие:
а) міндеттеу-құқықтық нормада қарастырылған жағдайға сәйкес белсенді түрде белгілі бір әрекетті орындауға түкелей заңды міндетті жүктеу;
ә) тыйым салу-құқықтық нормада көзделген жағдайларға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасамауға тікелей заңды міндетті жүктеу;
б) рұқсат беру-құқықтық нормамен көзделген белгілі бір әрекеттерді субъектінің қалауына қарай орындауға немесе орындамауға заңды түрде рұқсат ету;
Әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік басқарудың ерекшелігімен тығыз байланысты.Себебі,бұл салада көп жағдайда бағынушылық қатынастар орын алған.Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жәйт-әкімшілік-құқықтық қатынастар басым көпшілік жағдайда мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) бір жақты ерік білдіруінің негізінде қалыптасады.Мысалы, бұйрық, шешім,қаулы және т.б. Яғни,әкімшілік құқықтық реттеу заңды теңдігі жоқ қатысушылар субъектілері болып табылатын қатынастарға бағытталған.
Қоғамның санасында әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасып кеткен.Алайда,әкімшілік құқықты мемлекеттің эканомикада және басқа да қоғам өмірінің салаларында белсенді араласуы ретінде сыңар жақ түсінуге де болмайды.Әкімшілік құқық мемлекеттің мүддесіне қызмет отыра,адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды түрде жоғары тұруын қатаң сақтайды.
Кез-келген құқық саласында өзіндік ерекшеліктері болып оның пәні және әдістерімен қатар жүйесі де табылады.Мұндай кезектілік әкімшілік құқықта айқын көрінеді.
Әкімшілік құқық-реттеудің әдістерін,қағидаларын,мақсаттарын,п әнін біріктіретін құқықтық нормалардың біртұтас жүйесі.Бұл нормалар бір-бірімен тығыз байланысқан,бірдей қағидалар негізделеді,бірдей түсініктер жүйесін пайдаланады.Сала ішінде әртүрлі заң күшіне ие,жалпы және арнайы нормалардың субординациясы айқын көрінеді.Әкімшілік құқықпен реттелген қоғамдық қатынастардың міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.
Қазіргі кезде әкімшілік құқықтың мақсаттары мен міндеттеріне днгнг көзқарастар түбегейлі өзгеруде.Атқарушы биліктің міндеттерінің ішінде басты орынды адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту, сақтау және қорғау иеленген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және жүзеге асырудың деңгейі-биліктің жүзеге асырылуына көрсеткіші.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
1) Мемлекеттік әкімшілітің тиімді қызметіне жағдай жасау;
2) Азаматтардың,мемлекеттің,қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың,олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
4) Эканомиканы дамытуға жағдай жасау;
5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен,немқұрайдылықтан және билікті заңсыз пайдалануына сақтауды қамтамасыз ету.
Әкімшілік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден құралған.
Жалпы бөлім мемлекеттік әкімшілік үшін жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормаларды құрайды. Сондықтан да, өз кезегінде, жалпы бөлімнің нормалары екіге бөлінеді: жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормалар.
Ерекше бөлім әкімшілік биліктің әрекет етуінің жекелеген салаларында арнайы реттеуші жәнее қорғаушы нормалардан құралған.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп әкімшілік құқықтық нормалардан тұратын мемлекеттік органдың актілерін айтамы.Қайнар көздерінің алуан түрі болуы осы құқық саласының ең басты ерекшелігі болып табылады. Ол әкімшіліе құқық пәнінің кең болуының бірден-бір дәлелі.
0.2 Әкімшілік-құқықтық нормар ұғымы
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы.Басқа құқық салалары сияқты,
Әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. Әкімшілік норма түсінігі негізінен мынандай мағынада қолданылады:
1)заңды ережелермен басқару.
2)жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сыйлау арқылы жүзеге асырады, сондай ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (ҚР Конституциясы 3-бап,1,2-тармақ). Әдебиетте билік түсінігінң мәні-құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:-субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;-өркениетті нысанда даулы конфликтілерді шншу негізінде билік құрылымын күшейту(мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту). Әкімшілік құқық нормалы атқарушы биліктің жүзеге асырудың күрделі процесстермен байланысты болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конститутциясын сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құралған органдар арқылы жүзнгн асырады.
Әкімшілік құқықтық нормасы мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процеснде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығыныңнормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
Заңды нормалардың бір түрі;
Мемлекеттік билік сипаты бар;
Өкілетті субъектілер қабылдайды;
Формалды белгіленгендігі;
Құрылымды құрылу;
Жалпы міндетті болу;
Мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизімінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді. Мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар;
1 Диспозиция-тиісті мінез-құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдану керек.
2Гипотеза-нақты шарттарда көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді.
3Санкция-диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері;
1.Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
2.Құқықтық функциялары бойынша-реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді;
3.Нұсқаманың мазмұны бойынша-міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді.
4.Кеңістікте қолданылуыы бойынша-республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
5.Тұлғалар тобы бойынша-жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.
1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байлансыты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар;
А)мазмұны
Б)субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
В)белгілі бір мақсатты тағайындау;
Г)белгілі бір ортада қолданылуы;
Д)заңды күші;
Г)қолданылу шегі(бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. Материялдық (қаржылық) нормалар
2. Процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материялдық нормалар-азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін,атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер.
Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің, қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзыреті.
Процессуалды нормалар-мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материялдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материялдық нормалардан айырмашылығы;
а) өзінің тағайындауымен, яғни материялдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттеуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материялдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материялдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процессуалды нормалар материялды нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. Міндеттеуші;
2. Тыйым салушы;
3. Өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-құқықтық нормалар-тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп талап етуі.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны
2.1 Әәкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы
Әкімішілік-құқықтық қатынастар-бұл мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын және әкімшілік-құқықтық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс- әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу-құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына қарай әкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып бөлінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік(төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар; әуәмшәләк-құқықтық қатынастарлдың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немезе огың лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды, әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шатр болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамй-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртәптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазымы иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде әкімшілік-құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Әкімшілік құқық
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Пәндер