Бақша шаруашылығында қолданылатын машиналар


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімБақша шаруашылығында қолданылатын машиналарОрганикалық және минералды тыңайтқыштарды шашуға арналған машиналарЖаңбырлатын суару машиналары
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бақша шаруашылығында қолданылатын машиналар
Сабақтың мақсаты: Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өндіруде қолданылатын жалпы машиналарды меңгеруі.
Сабақтың жоспары:
1. Анықтама кітаптарын және ауыл шаруашылық машиналар каталогын қолдана отырып, бақша дақылдарын өсіріп-өндіруде қолданылатын машиналармен танысу.
2. Бақша дақылдарының өсірін-өндіруде колданылатын машиналарды жазып, оларды білу қажет.
Әдістемелік нұсқау. Бақша дақылдарынан жоғары өнім алуда негізгі әсер ететін жағдай - техниканы дұрыс таңдап және қажетті мерзімде топырақ өңдеу жұмысын жүргізу.
Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау. Өңделетін топырақ кабатының құрылысын дұрыстайды, арам-шөптерді зиянкес пен аурулардың қоздырғыштарын өлтіреді, өсімдік қалдықтарын тыңайтқыштарды енгізе отырыл, егілген тұқымға қолайлы жағдай туғызады, тамыр жүйесі дұрыс өсіп, дамып, толық және біріңғай өскін береді.
Топырақ өңдеу негізгі, тұқым себер алдында және қатар аралық өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Негізгі топырақ өңдеу-ылғал жинауға ықпалын тигізе отырып, борпылдақ топырақ қабатын түзейді, тамыр жүйесінің дұрыс дамып өсуіне, арам шөптердің, зиянкестермен ауру қоздырғыштардың өлуіне және өсімдік қалдықтарының минерализациялауының шапшаң жүруіне тікелей әсер етеді. Ол сыдыра және терең сүдігер жыртудан тұрады. Сыдыра жыртуды сыдыра жыртқыштарменен ДЦГ- 5А, ЛДГ-ЮА, ЛДГ-15А, ДЦГ-20А (максимальды өңдеу тереңділік 20 см) жүргізеді.
Ауыр топырақтарда, ауыр дискілі тырмалағыштарды қолданады. БДТ-7, 0 немесе БДН-3, 0 топырақтың 15 см тереңдігіне дейін өңдейді.
Сүдігер жырту - агротехникалық шаралардың негізгі тәсілі болып есептелінеді. Сүдігер жыртуда 3 немесе 4 корпусты соқаны қолданады, ПЛН-4-35; ПЛН-5-35; ПКЦ- 4-35; ПНД-4-30. Сүдігер жырту тереңдігі топырақ өңдеу қабатына байланысты, 27-30 см.
Негізгі және себер алдындағы топырақ өндеу жұмыстарында агрегагатарды ДТ-75С; Т-150; Т-40АМ; МТЗ- 80/82; ІОМЗ-6АМ; К-701 тракторларына тіркейді.
Танап бетін тегістеуде - тегістегіш-қопсытқыштарды П-2, 8 А; П-4; ПА-3 қолданады. Арам шөптердің пайда болып, өсуіне байланысты культивацияны терең қопсытқыш тегіс кескіш КПГ-250 немесе ПКУ-400; КПГ-22 культиваторлармен жүргізеді.
Күзде суару арықтарын тегістеуде, көктемде қайта арықтарды дайындауда, тазалауда, канал қазып тегістегіш КЗУ-0, 3 Д машинасын қолданады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды тиеуде және түсіруде ПФП- 1, 2; ПУ-0, 5 тиегіштерді, көңді дестелеп жинауда- тиегіш экскаватор -ПЭ-0, 8Б; тыңайтқыштарды танапка тасымалдауда тиегіш тракторларды 2ПТС-4- 793А және 2ПТС-4-887, ал органикалық тыңайтқыштарды енгізуде РТО-4; РОУ-5; РОУ-6 шашқыштарды қолданады.
Органикалық және минералды тыңайтқыштарды шашуға арналған машиналар
Органикалық тыңайтқыштарды майдалауда АИР-20; ИСУ-4 электрдвигатель майдалағышты, минералды тыңайтқыштардың араластыруда- араластырғыш тиегіш СЗУ- 20 қолданады.
Минералды тыңайтқышы шашқышқа тиегенде ЗСА-10 тиегішті ГАЗ-53А автомашинасына кондырын тиейді. Арамшөптерді тарап тырмалауда - ВКС-1, 8 тарағышпен жүргізеді.
Орталық Азияда, ерте көкгемде танапта БЗСС-1, 0 тырмамен; үшбөлімді пышақ тәрізді ауыр тырмамен ЗБНТУ-1, 0; жылдам тісті ауыр тиегішті тырмамен БЗТС-1. 0 және чизельмен ЧКУ-4- өндейді.
Қазақстанда, ерте көктемде, танапты тырмалайды және шлейфтейді (ШБ-2, 5) . Ауыр топырақтарда сүдігер жыртуда 26-28 см тереңдікте, соқаны және тырманы қолдана отырып өндегенде ерекше танапқа жақсы әсерін тигізеді. Егер де, ерте көктемнен тұқым сепкенге дейін танапта арам шөптер пайда болыл, топырақ тығыздалып, басылып қалған жағдайда, тұқымды себер алдында культивацияны дискілі тырмамен немесе сыдыра жыртқыштармен 10-12 см тереңдікте өңдеу қажет (КРГ-3, 6) .
Механикалық құрамы жағынан жеңіл топырақтарда, ылғал жетіспеуін және эрозия болуы мүмкін аймақтарда, көктемде ылғал жинайтын суаруды беру, көктемде. жерді жыртып және оны жеңіл таптағыштармен тантау тиімді. Топырақты : таптау ылғалды сақтайды және тұқымды топыраққа түйістіреді. Таптауды сақиналы таптағышармен ЗККШ-6; ККІІ-2, 8 немесе ЗКВГ-1, 4 тегіс таптағыштармен бірге жеңіл тырмалауды қоса бір уақытта жүргізу қажет.
Ылғал жинаудың және сақтаудың негізгі бір тәсілі - танапта қарды және еріген суларды тоқтату. Қар тоқтату үшін қартоқтатқыш-тракторларды СВУ-2, 6-1 қолданады. Су тоқтатудың тиімді тәсілі ол, сүдігер жыртуда, беткей жерлерде көлденең жүйектер жасай терең етіп өңдеуде.
Суару жұмыстарын сүдігер жыртудың алдында немесе соңында және көктемде топырақ өңдей беруге болады.
Бақша дақылдары топырақтан басқа дақылдарға қарағанда жоғары қоректік элементтерді өзімен бірге алып шығады. Қазақстанда қарбыздың қоректік элементтерді өзімен бірге алып шығуы (10 т жемістең, кг) азот- 15, 5-17, 0; фосфор-5, 4-5, 5; калий-25, 3-26. Өсімдіктің қоректену көзі ол көң, қарашірік топырақ, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары және микроэлементтер.
Қазақстандағы бақша дақылдарына, тыңайтқыштың жылдық мөлшері ( 1га әсер ететін зат - кг) N-45-60; Р 2 0 5 - 60; К 2 0-60; Сүдігер жыртуда N-30-50; Р 2 0 5 -50; К 2 0-30; көктемде себер алдында, Р 2 0 5 -Ю; бірінші ; үстеме қоректендіруде N-5-10; К 2 0-15; г екіншіі үстеме қоректендіруде N-5-10; К 2 0-15.
Органикалық тыңайтқышды енгізу үшін РОУ-5; РОУ-6; РТО-4; минералды тыңайткыштарды енгізу үшін 1- РМГ-4А; КСА-3; РУД-10; РУМ-5; РУМ-8; МВУ-5 шашқыштарды қолданады.
Бақша дақылдарына жасыл (сидератгы) тыңайтқыштар жақсы әсерін тигізеді, олар бұршақ, маш және т. б. Сидераттарды жаз айының аяғында себеді де, көктемде тұқымды сепкенге дейін 2-3 апта қалғанда жыртады.
Өнімнің байлануыла және сапасына микроэлементтердің үлкен септігі бар - марганец, бор, молибден, мыс және т. б. Бұл микроэлементтерді тұқымды себер алдындағы, дайындық жұмыстарында, тұқымға қанықгыру арқыйы және үстеме қоректендіру арқылы қолданады. Қарбыздың гүлдеп тұрған өсімдіктеріне бор қышқылыныл ертіндісін -0, 5%, бүрку арқылы берілген жағдайда оның өнімі артады.
Қазақстанныл оңтүстік- шығыс сұр топырақтарында, фосфор тыңайтқышын қарбыздың жемістеріндегі қант кұрамын 8-11%-ке дейін көтереді, ал азот және калий-6, 7- 6, 6%-ке дейін төмен түсіреді. Азот тыңайтқышы әсіресе мерзімінен кеш уақытта, жеміс байлаңудың бас кезінде берілген жағдайда, жемістің пісуін тоқтатады да, қаштылығыл томендетеді. Азот жеміске енгеннен соң, толығымен сіңіп белокқа айналмай калады да, жемісте нитрат ретіңде жиналады.
Алматы облысында бақша дақылдарыл екі мерзімде себеді:
ерте-1-10 мамырда және
орта -10-25 мамырда, тұкымдарды себу үшін СБУ-2-4 м; СБН-3; СПЧ-6 бақша тұқым сепкішті кей кезде, СКГН-6А; СКНК-6(8) жүгерісепкішті; СТВХ-4; СТХ-4А, мақта сепкішті қолданады.
Ауыр топырақтарда жаңбырдан кейін бақша дақылдарының тұқымдарын сепкеннен соң, топырақ қабығы өсімдіктің біріңғай өніп шығуына кері әсерін тигізеді. Топырақ қабығын мүмкіндігінше жою қажет, жойылмаған жағдайда су-ауа режимі өзгереді де, өсімдік өлігі қалады. Өскіндер пайда болғанға дейін торлы тырмамен БСН-4; БСО-4А танапты тырмалайды немесе қарапайым жеңіл тісті тырмаларды БЗТУ-1, 0; ЗБЗС-1, 0; БЗН-4Д) ; БЗН-6, 0 қолданады.
Өскін пайда болғаннан кейін топырақ қабығын және біржылдық арамшөптердің ескіндерін культивация арқылы жояды, КРН-4, 2; КРН-5, 6; КРК-3, 6.
Бірінші қатар аралық өңдеу жұмысын, өскіндер пайда болысымен 14-16см тереңдікте; екіншісін 5-6 нағыз жапырақ пайда болған фазада 10-12 см тереңдікте (тамырды зақымдамай) ; үшіншісін 12-15 күн, екінші өңдеуден кейін 8-10 см тереңдікге жүргізеді. КРН -5, 6; КРН - 4, 2 - культиваторларын қолданады. Культивациямең бірге қатарларда арамшөптерді қолменен отайды, өсімдікті сиретеді және сабақтарын туралап, жатқызып топыраққа бастырады.
Орта Азияның суармалы жағдайындағы шаруашылықтарда, бір немесе екі рет түптеу жұмысын культивациямен бірге жүргізеді.
Бірінші түптеуді 2-3 Жапырақ фазасында; екіншісін біріншіден 20-30 күн кейін түптейді. Өз уақытылы 3-4 рет өсімдіктің сабақтарын желді соғу бағытына карай және механизаияның күтіп-баптауына мүмкіншілік беретіндей етіп туралайды.
Катты желді аймақтарда өсімдіктердің сабақтары оралып калмас үшін, сабақтыл түйіскең жерлерін (негізгі сабақтың 3-4 ұзындығын) жүйек бойлай 20-25 см топыраққа бастырып, қолменен арам шөптерді орап кетеді. Қазақстанда бақша дақылдарының сабақтарын туралауда, карбыздың сабақ ұзындығын 1 м-гс дейін асқабақтың-10-15 мт-ге дейін топырақпен бастыруда, өнімділік, қарбызда- 5, 1%, ал асқабақта 17, 2% көтерілді.
Бақша дақылдарымен бірге кулис - бір жылдық ұзын сабақты өсімдіктерді сепкен жағдайда (жүгері, күнбағыс) желдің күші төмеңдейді, күннің ыстық мерзімінде, ылғалды сақта да, өсімдік арасындағы ауа темір температурасын түсіреді.
Мысалы, Павлодар облысындағы "Искра" шаруашылығында 37 га танапта, қарбыз дақылында кулис қолданған жағдайда 20 т/га, ал қолданбаған танапта 11, 5 т/га өнім алынды.
Бақша дақылын өндіріп өсіруде, суару шараларын қолданады, өсімдіктердің жер беткі жүйесі қарқынды өскен мерзімде және жеміс салған мерзімде ылғалды оте көп кажет етеді. Қарбыз дақылы өскін пайда болғаннан сабақтары жайылғанға дейін бір тәулікге 14, 6-17, 3 м 3 /га; вегетациялық массасы қарқынды өсуінде -15, 1-31, 0 м 3 /га, ал жеміс салу кезеңінде -7, 4-19, 4м 3 /га суды жұмсайды. Қарбызды өндіріп өсіруде қолайлы топырақ ылғалы жеміс салудыл басыида 70%, жемістің өсу кезеңінде 60% болуы кажет. Бақша дақылдарылыл, әсіресе, кауын және қарбыз ауаның ылғалдылығы -60-70% болған жағдайда, жақсы өсіп-өнеді. Ал ауаның ылғалдылығы жоғары (80 - 90%) болған жағдайда - саңыраукұлақ ауруларының дамуына септігін тигізеді (карасирақ, ұлналышық, антракноз және т. б. ) .
Жаңбырлатын суару машиналары
Орта Азияда бақша дақылдарын өңдірін өсіруде қолданылатын негізгі суарудыл тәсілі -қарып арқылы суару. Карықтардың ұзындығы, тереңдігі танаптың орналасуына, топырақтың механикалық кұрамына және су сіңімділігіне байланысты. Соңғы жылдары бақша дақылдарымен айналысатын шаруашылықтар жаңбырлатып суару тәсілін кеңінен қолданады, себебі - су мөлшерін үнемдейді, қол жұмысынан босатады, өсімдік жапырағында шанды болдырмай, жарық-газ режимін жақсартады және жапырақтағы жиналып кәлған зшінды (аммиак, т. б. ) заттарды жуып шаяды. Жаңбырлатып суаруда ДЦА-Ю0М; ДЦА-Ю0МА; ДЦН-70; ДДН-100; ДКШ-64 "Волжанка"; ППА-165У қондырғьпп машиналарын қолдаңады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz