Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Тақырыбы:
Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін оқытудың тәрбиелік мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
I.
1.1
Ғ.Мүсіреповтің аналар бейнесін танытатын шығармалары (Ананың анасы, Адамның анасы, Ер ана т.б.)
II. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін мектепте оқыту жолдары
2.1
Блум таксономиясы технологиясы арқылы оқыту
2.2
Деңгейлеп саралап оқыту
2.3
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
III. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін оқытудың тәрбиелік мәні
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер:
КІРІСПЕ
Ғ.Мүсірепов шығармаларының сан қыры, стильдік жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, оқиға іріктеу, оны құру шеберліктері, өмір шындығынан көркемдік шындық жасау ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында біршама-ақ сөз болған. Көркем прозаның жұрт таныған шебері. Қазақ әңгімесінің бүгінгі жеткен биігін сөз еткенде, Ғ.Мүсіреповсіз елестету мүмкін емес. Әсіресе, оның колхоз тақырыбына қалам тербеген әңгімелері, аналар жайында жазған новеллалары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары - әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.
Зерттеу жұмысының өзектілігіне тоқталсам қазіргі қоғамдағы болып жатқан жайттарға зер сала келе, Ғабит Мүсіреповтің аналар бейнесін сомдаудағы оқиғаларды және қазіргі қоғамдағы аналар бейнесін ұштастыра отырып, мектепте оқыту жолдарын ұсыну. Сол арқылы оқушыларға дұрыс тәрбие беру. Оқушылардың бойынан аналарға деген мейірімді, сүйіспеншілікті, жылы жүректі бойларына сіңіру. Қазіргі кезде ана мен бала арасы өте алшақ. Ол байланыс атымен ғана болып жатқан сияқтанады. Ал шындығына келгенде ана өз әлемінде: қалай мына жұмысты үлгерсем екен, қалай ата-енеме жақсам екен, қалай күйеуімнің көңілінен шықсам екен, өзімді қашан ретке келтіремін деген сияқты ойлармаен арпалыс. Ал бала ойы қайда?
Бала ойы қазіргі таңда өкінішке орай телефонда. Ұялы телефон арқылы бала көптеген жағымсыз, керексіз, өміріне қауіп төндіретін, миын улайтын ақпараттармен толуда. Сол себепті ана мен бала арасында байланыс үзіліп барады. Оның бір себебі арада мәміле, әңгіме айту, сұхбаттасу деген нәрсе жоғалып барады. Осы төңіректегі мәселелерді ойлай келе, ана тақырыбын, ананың қоғамдағы рөлі, ананың үйдегі рөлі, ананың ішкі мұң-шері, ананың ішкі жан дүниесін Ғабит Мүсірепов шығармаларынан таба отыра, мектепте тиімді, ұтымды, жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқыту жодарын қарастырамыз.
Зерттеудің тақырыбы: Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін оқытудың тәрбиелік мәні
Зерттеу обьектісі: Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбындағы шығармалары.
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, қазақ әдебиеті сабақтарында аналар бейнесін оқытудың жолдарын көрсету.
Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
Ғ.Мүсірепов әңгімелеріне неғұрлым жүйелі талдау жасау;
жазушы Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің идеялық - көркемдік мәнін ашу, образдар табиғатын талдаумен қатар, оның суреткерлік ерекшеліктеріне де батылырақ бару;
жазушы шығармаларын әңгімелегенде, қазіргі қоғамдағы аналар образымен салыстыра қарастыру;
жазушы әңгімелерін орта мектепте оқытудың жаңаша жолдары мен әдіс- тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
дипломдық жұмыста Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жаңаша талдау жасалынды;
жазушы әңгімелері қазіргі кездегі аналар бейнесімен салыстырыла отырып, жаңаша көзқарас қалыптасты;
Ғ.Мүсірепов әңгімелерін орта мектепте өтудің жаңаша технологиялары қарастырылды.
Зерттеудің өзектілігі:
Зерттеу әдістері:
Дипломдық жұмыста жүйелі-кешенді, типологиялық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби, объективті талдау, жинақтау әдіс-тәсілдері; Блум таксономиясы және Деңгейлеп-саралап оқыту технологиялары пайдаланылды.
Зерттеу нысанасы: Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Ғ.Мүсіреповтің Таңдамалы әңгімелер (1979), C.Жұмабековтің Ғабит Мүсірепов (1989), М.Бекбергеновтің Ғабит Мүсіреповтің прозасы (1990), Б.Смановтың Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығын оқыту оқу-әдістемелік құралы (2002) және де тағы басқа зерттеулер, диссертациялық жұмыстар мен баспа бетінен жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын арнаулы орта мектептерде, жоғары оқу орындарындағы филология, қазақ әдебиетінің тарихы пәні мен арнаулы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Ал практикалық бөлімді мектеп сынып оқушыларына сабақ жүргізу барысында, оның ішінде көркем шығарма тіліне талдау, сюжеттік-композициялық құрылысына талдау ретінде қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғ.Мүсіреповтің аналар бейнесін танытатын шығармалары
(Ананың анасы, Адамның анасы, Ер ана т.б.)
Қорлыққа көнген, қасірет шеккен әйелдердің шерлі күйін қай жазушы жазбап еді? Көптеген жазушылар сыр шерткенмен, біз Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығын арқау еттік.
Ана туралы әңгіме тақырыбында ой жүгіртсем, олар тақырыбы, оқырманға берер тәрбиелік мәні жағынан, идеясы жағынан, жеткізейін деген ойы жағынан бір-бірін толықтырып тұратындай. Негізі кейіпкер әрқашан шындық үшін шырылдап жүретін, өзінің дұрыстығын, өзінің шынайылығын дәлелдеу үшін өмірдің қиыл кезеңдеріне төтеп берген, бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербететін, әлемге өмір сыйлайтын, сол өмір үшін күресетін, өзінің әйел болмысымен еркектің рухын көрсететін, соған қарамастан өзінің нәзіктігімен баурайтын, иманымен жеңетін, өр рухты әйел ананың образы. Сондай образдардың ішінде Ғабит Мүсірепов шығармаларында өзінің елеулі орнын қалдырған аналар Ақлима, Мария, Нағима, Әмина сынды аналар өздерінің мықтылығымен, қайсар жігерімен, бекінген мінезімен оқырмандарға қанша тәрбиелік мән береді.
Ғабит Мүсірепов алғашында екі Шығарманы Горькийдан аударды. Олар: Өлімді жеңген ана мен Адамның анасы атты әңгімелері. Ғабит Мүсірепов шығармаларды қазақшаға аударғанда қазақи ұғымдарды, қазаққа тән ғұрыптарды, қазаққа тән әдеттерді өршіл рухты ұстай отыра әдемі түрде қазақ қауымына жеткізді. Осы екі шығармадан кейін ғабит Мүсіреповтің аналар тақырыбына қызыққаны сондай, одан кейін өзінің болмысына тән, өзінің жүрегіне жақын әңгімелер жинағын шығарды. Атап айтсақ: Ана жыры, Адамның анаысы, Ананың анасы, Өлімді жеңген ана, Ананың арашасы, Ашынған ана, Ақлима, Әмина сынды әңгімелері. Сол кезеідегеі ғалымдар бұл шығармаларды сол кезеңде өздерінің әділ бағаларын беріп қойған. Әр шығармада Ана бейнесі әртүрлі келеді. Әр қырынан сипатталады. Әрбірінің өзгеге ұқсамайтын қыры, өзгеде болмаған оқиғасымен оқырмандарды баурай алады. Қандай жағдайға тап болса да, жуға төтеп бере алатындай жігер бар. Ер жігітке тән барлық қасиетті көрсету үшін әр біріне әртүрлі тағдыр жазып, керемет деген эпизодтармен әңгіменің шырайын өр рухты аналар образын сомдатып көрсетеді. Мысалы, Ананың арашасы әңгімесін алайық. Өзінің қара басын ойламай, өзіне қау уаықтта болмасын жау тисе қалатынын білсе де, қызыл әскерді жауға беріп қоймай, өзінің қолынан бар келгенін аямайды. Өз басын бәйгіге тігіп, халық қамы үшін, өзінің баласы жоқ әскерді жауға беріп қоймауды көздейді. Өзінің аналық инстингін қосып осылайшы жасауға бел буады. Осы шығарманың шиеленісі романтизмге арқау болады. Ананың асқақ рухын көтеруде ер жігіт сипатына балағандай.
1933 жылы жарық көрген аналар бейнесін қозғаған шығармасы - Ананың анасы.
Оның негізгі мазмұнына, айтар ойына келетін болсақ, ананың кесімі, өз қызы үшін аянбай ат үстінде жүйткіген ананың жүрегі керемет суреттеледі. Мазмұнына келетін болсақ, жаудың қалын қолы жазықсыз қызды өз еркінен тыс алып қашып бара жатқан кезі суреттеледі. Ананың айтқан кесімді сөзі жаудың қолынан қызын аман-есен алып қалады. Әйтілес ақсақалдың өткен-кеткенді айтып, өткен оқиғасын баяндаудан басталады. Шырылдап жүрген ананың өайсар мінезі мен Бала бидің қол астында жүрген аңқау, әкімдердің алдауына түскен Жалпақ балуанның оқиғасы айтылады. Шығармада ананың құдіреті, жарық дүние есігін аштырған балаға ананың шексіз махаббаты, ана бойындағы бар күш-жігерді жинай отырып, әдімі адамгершілік қасиетті алға жетелейді.
Келесі шығармаға тоқталсам, Қапия ана образы (Ашынған ана). Ол образ өмірден көрмегенді көрген, әділетсіз қоғамның қатал кейіпкер. Дүниеге жаңа бір өмір сыйлаушы, махаббаттың отаны болған ана болыс пен Қарасақалға қол көтереді. Қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар ананы осылайша әрекет жасауға итермелейді. Сол кезеңде қарасақалдар адам жауы деседі. Ал адам жауы- ана жауы, өмір сыйлаушы анаға кім жау-өмір жауы деп қарастырамыз.
1916 жылы қандай оқиға болғаны барлығына мәлім. Сол оқиғаның бір эпизоды осы шығармаға арқау болады. Осы бір адам бойына төңген қасірет Қапия ананы да аттап өтпеді. Оның жалғыз ұлы қара жұмысқа аланатын болды. Ана жүрегі қол-қусырап отырмады: барлық әрекетті, барлық амалдарды, қандай жолмен болсын баласын ондайдан аман алып қалуды көздейді. Осы мақсатқа жету жолында түрлі азаптардан өтеді. Оның дәрменсіздігі ақыры болыс пен қасындағыларға қол жұмсауға апарады. Содан абақтыда да отырып шығады. Осы жерден ананың балаға деген шексіз махаббаты ананың ерліктеріне әрекет еткізеді.
Үстем тап өкілдері осындай қорлықты көргендерінің зорлықшыл эпизодтары анық суреттеледі. Әңгіменің соңында келтірілген мына сөздер шығарманың идеялық мұратын белгілейді: Өмір өзін сіліккен қазір бұл сондай орасан күшті, енді өмірді өзі сілкіп қалуғп жараған ана.
Оқиға үсті-басы алба-жұлба болған Қапия ананың бейтаныс үйге қонуға келгенінен басталады. Үйде отырған балалар, келген әйелден қорқа түсіп, артқа шегініп кетеді. Әйел өзінің басынан өткен оқиғаларды баяндай түскенде жаңағы артқа кеткен балалар анаға аяушылық сезімдерін білдіріп, әйелдің қасына келіп, әңгімесін ұйып тыңдай бастайды. Бұндай оқиғаны жазып шығару - автор шеберлігіг. Бұл шын өнердің белгісі.
Ұстаз оқушысын қаншалықты қызықтырса Ғабит Мүсірепов те өзінің оқырманын соншалықты қызықтырған. Ол қалай жүзеге асты? Бірде оқырманның көңілін көтерсе, кейде романтикамен жігер беріп, қаһарландыра, эмоциясын көтере сөйлейді, кейде тұңғиықтын астарына эпикалық сонарға батырады. Осылайша түрлі мәселелерге ауытқып, бір нәрсемен жалықтырып жібермейді.
Біздің ойымызша, ана тақырыбы мәңгі өшпес, жалықтырмас тақырып. Сол себепті де Ғабит Мүсірепов есімі мәңгі өшпес. Ана балаға өмір сыйласа, Ғабит Мүсірепов қазақ әдебите тарихына мәңгілік мұра, тәрбиелік мән сыйлап кетті.
Ананың арашасы әңгімесіне тоқталсақ, Жәміш пен Нағима ана образдары. Аналардың істеген іс-әрекеті, жүрісі, сөйлеген сқзіне дейін автор оларды даралап қойған. Олар ана болғанмен өздіріне тән ерекшеліктері бар. Яғни, Жәніш ана Нағима ананың образына қарама-қарсы суреттелген. Жәніш өзінің қара басын ойлаған, іс-әрекеті де ішкі жан дүниесі де өзім леген оймен тұрады.
Нағима ана жайлы не айтсақ та жеткіліксіз. Оның нәзік жүрегі Антоновтың арқасында жараланған. Өзгеге титтей болса да жамандық ойламайтын адамнан қалың қазақтың бас тартқаны ма? Әлде Антоновтың ықпалы күшті ме?
Қанша ауыртпалықты басынан өткізіп, небір ауыр сөздерді естіп, сонда да ауыртпалықтың үстіне ауыртпалық көрген. Қамшының астында жатып, көзінен от ұшқанда да, адамдарды даттап, қарғыс айтып көрмеген. Керісінше мен өмірімде осы сөздерді естіп өлем, ол мен үшін сондай мәртебе деп ойлағаны таңғаларлық. Сонда қанша өмір сүріп, тек сол сөздерді істеп о дүниеге аттану тұрарлық па?
Ана жүрегі...Әйел шыдамдылығы...Кейде таң қалам әйел жаратылысына?!
Нағима ана көрген қорлықты ешкім көрмесе екен...ет бауырым езіліп барады...
Соғыс өмірінің жалғасы іспеттес жарық көрген әңгімелер: Ақлима мен Ер ана. Ана тақырыбының тіклей жалғасы. Тұтқиылдан келген жаудың қаланы жаулап алғандағы ана ерлігі. Патриоттық сезімнің орнауы Наталья ананың ерлік сезімін, өршіл рухтың қайраты оянғандай. Отынды сүю үшін де үлкен өмір бойына сіңірген ерен еңбегінің жемісі. Осындай жігердің, сезімнің арқасында Наталья фашистерге қарсы күш жұмсағанын автор әдемі көріністермен суреттейді.
Әңгіменің мазмұнына келетін болсақ, Наталья ананың немересіның ауруынан қорыққан фашистер ауру барлық жерге тарайды деп қорыққан. Өз немересіне кіргізбеген фашистерді Наталья мектеп алдында мас фашистердің күлін көкке ұшырды. Осы кездегі ерлік болашақ бейбітшілік қарсаныңдағы ерлік.
Соғыс кезінде тек ер азаматтар жапа шекпеген. Аналар қанша баламен үйде қалған немемсе тылда жұмыс істеген .Оның барлығы өмір сүру жолындағы құрбандық. Сондай шығармалардың бірі Ақлима әңгімесі. Елдің басына ауыр күг туғанда барлық ел бір отбасыдай күн кешкен. Сондай аналардың бірі Нұрила мен Ақлима аналар. Олар бір-біріне мұңын айтып, туыс-бауырлардай жанашыр болып кеткен. Автор Ақлиманың балаға деген сағынышын Нұриланың оқиғасы арқылы жеткізген. Екі ана Сапардың хатын оқи отыра сол кездегі ер азаматтардың басынан не өтпейтінін суреттеген. Хат арқылы сол бір ақы шындықты оқырман қауымға жеткізе білген. Содан Ақлима ана жетім баланы сағына күтіп, бауыра аласа, екіншіден, халық перзентіәне аналық махаббатын береді.
Жазушы Ғабит Мүсіреповтің барлық шығарма бойында қазақ әйелін суреттеудің өзіндәк бір стилі, өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның шығармаларында әрбір кезеңнің, әрбір оқиғаның кейіпкерлері кездеседі. Кейіпкерлер көне заманнан қазіргі заманға дейін кейіпкерлер дүниесімен тұтасып, толықтырылып, қазақ әйел бейнесінің толықтай портретін суреттейді. Әр шығарма бойында шынайлық пен әдемі эпизодтар автордың жүрегінен ерекше стильде, ерекші ситуациямен оқырман қауымның назарын аударуда. Әр шығармадағы жазушы суреттеген аналар бейнесі оқырман есінде сақталады. Оның сыры неде? Оның сыры, тарихи кезеңдегі болып жатқан проблемаларды қозғау отыра, сондағы кейіпкердің өзін ұстауын, нақты, оралымды шешімін, есте қаларлықтай іс-әрекетін, мінезін оқиға басынан соңына дейін керемет суреттейді.
Осыған байланысты әр шығармадан алынатын тәрбиелік мәнді, қорытынды ойды жіктеп қарастыралық. Дегенмен айта кететін бір жәйт ана туралы әр шығарманың негізгі сарыны - ананы құрметтеу, ананың қадіріне жете білу, анаға мейірім мен сүйіспеншілікпен қарау.
1. Адамның анасы әңгімесінің оқырманға беретін тәрбиелік мәні: ана адамзатын қай уақыт болмасын қастерлеу. Қандай жағдай болмасын ана өзінен туған шақалақ үшін не істесе де жарасады. Бұл шығармада жаңа босанған бала үшін қара жұмыстан қалмайын деген ниетінің алда тұратыны, баланың болашақ өмірі ананың ойын бір минутта бос қалдырмады. Шығармадан үзінді: Жас босанған жас ана, жаңа қырық бұрап, өзегін үзген бейнетті елең қылмастан Әшемірдің ауыр жұмысына тартып келеді. Жүрген сайын көздерінен махаббат төгіп, жас бөбегіне қарап қояды. Х146
2. Өлімді жеңген ана әңгімесінің тәрбиелік мәні: ананың алдында патша да дәрменсіз екендігі, бар әлем анадан жаратылғанын, анамен аяқталатынын осы шығарма дәлелдей түскендей. Ананың әр айтқан сөзі адам баласының жүрегін елжіретіп жібереді. Осыдан ананың қандай рөл ойнайтынын аңғаруға болады. Шығармадан үзінді: -- Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын кебейттік! -- демей ме!.. 153
3. Ана кесімі айнымайды әңгімесінің тәрбиелік мәніне келетін болсақ, өте күрделі шығарма. Беретін ойы ана жүрегінің әділдігі деп алар едік. Ананың кесімі оқырман жұртты таң қалдыруда. Дегенмен осындай іс-әрекетті орындай отыра елде болып жатқан зобалаңды жеңді. Ана жүрегіне ол оңайға соқты ма? Жоқ! Ана жүрегі езілді...Дегенмен ана өмір сыйлаушы! Ал өмірді құртушы баласы болса...Басқа шара бар ма?! Кей кездері осындай да кесім шығаруға тура келеді. Осыдан ұққанымыз - бала тәрбиесі. Егерде осындай болса, арты солай болады. Демек олай болмайды! Ескерту... Шығармадан үзінді: Қара жамылған әйелдің түрі, қайғыдан бүгілген белі, үнсіз ауыр қозғалуы-қала басына орнаған бақытсыздықтың бейнесі сияқты еді. х154
4. Ананың анасы әңгімесінің негізгі мазмұны - ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады. Шығармада ананың жарық дүние сыйлаған баласына деген махаббаты, содан туындайтын ана бойындағы күш-қуат, ізгілік, адамгершілік қасиеттер бейнеленеді. Ананың құдіреті баяндалады.
Ананың анасы әңгімесінің автор ойына келсек, қандай уақыт болмасын мақтанбау, өр көкіректенбеу, өзіңнің кім екеніңді, қандан шыққаныңды ұмытпай өмір сүру. Сен бір жерде көмектесерсің, ал бір жерде сенің қауқарың жетпес, әмірің өтпес. Сондықтан тәкәппарланбау. Ол ең жаман қасиеттердің бірі. Осы арқылы ана өзінің сөзін өткізгенімен, өзінің жұртында батыр өзінің сөзін өткізе алмайтынын түсініп, ана мен қызын босатты.
Тәрбиелік мәні: -Ендеше, жылқы да ал деме, атынды ды берме, саған ере алмаймын да: сен де еліңе жеткенше ғана ерікті батырсың, еліңе барғасын сенде еркіңнен айырыласың: не байдың, не бидің сойылы боп қаласың Сені батыр деп жұмсайды да, мені қатын деп жұмсайды: айырмасы осы-ақ Бірақ сенің еркің менікінен еркін болмайды.
5. Ашынған ана әңгімесінің тәрбиелік мәні, оқырманға тастар идеясы адаммен мәміле жасамай, адамның ойын тыңдамай арттан сөйлеуге немесе жамандауға, ол туралы жаман оц қалыптастыруға ешқашан болмайтынын дәріптейді. Ананың қандай ауыртпашылықты көрген отбасы анаға жылы шараймен қарайды. Ана әр істі жайдан-жай жасамайды. Кісі өлтіре сау оңай ма? Жоқ! Оған итермелейтін жәйттің, қоғамның ықпалы! Шығармадан үзінді:
Есім түн ортасында жиналды. Аяусыз жан, қанша тепкіні көтеріп, енді маған соның мөлшерін айтып жатыр. Екі аяғымды екі қазыққа, екі қолымды екі қазыққа керіпті де, білек пен қызыл асықтан тастай қып таңып тастапты. Шашымды аттың құйрығындай бұрап-бұрап, бесінші қазыққа байлапты. Балам Бақыт көрер ме, өзі де бір жерде керіліп жатыр ма, менің жатқан жайым осылай екен.. Үзіндіні оқыта отыра, қандай қайғы-қасіретке ананың баратынын болжай алуға болады. Тек осындай жағдайлар елімізде орнамасын!
6. Ананың арашасы
7.
8.
9.
10. Ана жыры шығармасынан алынған өнеге қазіргі кезде адамдар о дүниенің барын сезіну, ұғыну оған илану. Сонымен қатар, Аллаһтың берген мүлткісіз заңдылықтарын орындау. Нәпісіге жол бермеу.

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін мектепте оқыту жолдары тақырыбын неліктен таңдадым деген сұрақ туындайды. Жалпы адам өмірі қилы сұрақтардан тұрғандықтан, осы сұрақты өзіме қою да орынды болды деп есептейміз. Ана тақырыбы өте ауқымды, өте кең, адам жүрегін бірден елжірететін, баурайтын, қай жақтан алып қарамасан да мектептегі оқушылардың бойына АНА бейнесін сіңіру қазіргі таңда өзекті мәселе деп білеміз. Қоғамда аналардың мәртебесін өсіру, ана ананың рөлінде, бала баланың рөлінде болуына септігімізді осылайша тигізе аламыз. Ана әкенің рөліне кіріп кетсе, ол отбасыда береке-бірлік, татулық болмайды. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін арқылы, олардығ тартқан тауқыметі, көрген күндері, жан түршігерлік оқиғалары арқылы оқушылардың бойына аяушылық, мейірімділік, анаға деген құрмет, қай жерде қалай өзін ұстау керектігін жүректеріне жеткізу біздің міндет. Осылайша қазіргі қоғамдағы аналар бейнесінің портретін ұсына отырып, бұрын болған аналар образымен салыстара келе мектепте тиімді оқыту жолдарын ұсынбақпыз.
Мектепте тиімді оқытудың жолдары қазіргі қоғам талабына сай көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Көптеген технологиялар, ақпараттық технологиялыр, жаңартылңан білім беру мазмұнына сай әдіс-тәсілдер. Сабақты тиімді, ұтымды, жан-жақты өткізу үшін ең бірінші ұстаздың және белсенді оқушылар мен орынды қолданылған әдістердің арқасында. Аналар бейнесін мектепте оқыту арқылы оқушы жүрегіне мейірім, анаға деген құрмет, ілтипат, тәлім-тәрбиені бойына сіңіреміз.
2.1. Блум таксономиясы технологиясы арқылы оқыту
Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологы, Блум таксономиясының авторы.
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған, оның шығармашылығын дамытудың және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін алты деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Айтып өткеніміздей Блум таксономиясының мақсаты оқытудың тұтас нысанын құру. Осыған байланысты Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесін оқытудың тұтас нысанын әр шығармасына құрайық. Осы арқылы шығармалардан оқушыларға берілетін тәрбиелік мәнін шығарамыз.
Шығармаларынан Ана кесімі айнымайды және Ананың арашасын алайық.
Блум таксономиясы
Ана кесімі айнымайды
Ананың арашасы
Білу
Бастапқы сатысында ойлау деңгейінің оңайы. Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Шығармаларды оқу барысында нақты фактілерді айтайды, терминдерді біледі, негізгі деген ұғымдарды қайталайды.
Түсіну
Бұл категорияда оқушы оқыған, түйгенін басқаға әр түрлі жолмен түсіндіре алуы. Мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен жеткізе білу. Оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Мысалы, бұл оқиғадан қирап жатқан ауыл суретін, ананың жалғыз өзі мұңсыз көшеде келе жатқанын, ана мен бала диологын келтірсе пейзаж ретінде келтірсе. Келесі проблемалық жағдаят арқылы оқиғаның ары қарай не болатыны болжау жасату.
Мысалы, бұл оқиғадан үйір-үйір жылқылардың, адамдар бойында тұрған қорқыныш үрейін, Антоновтың портретін келтірсе, ал проблемалық жағдаятқа егер ана бұл жерге араша түспесе не болар еді?- деген сауалдар қоюға болады.
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды, болжайды.
Қолдану
Бұл категорияда оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Теорияны практикалық тұрғыда қолдану.
Әрбір оқушы осы шығарманы оқи отырып, ананың кесімі қандай болатыны ойша қорыта алуы керек. Оны өмірді жақсы жағынан қолдана білу керек. Баланың жаман жағын үлгі тұтпауға ұстаз тиімді оқыту барысында үйрету керек.
Әрбір оқушы осы шығарманы оқи отырып, әрбір бала ананың көмегіне әркез мұқтаж екенін және әркез анаға сенім арта алатындығын осы шығарма арқылы білікті ұстаз оқушы бойына сіңіру қажет.
Талдау
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құрылатындығын білу. Ішкі құрыылысының ішіне көркемдегіш құралдарға, композициялық және кейіпкерлеріне талдау жатады.
Кейіпкер: Мария ана: Осы қалада осы кемпірдің өзі де туған. Қаланың әрбір тасына қанша көздің жасы тамғанын, қанша маңдайдың тері сіңгенін жақсы біледі. Осы қалада көрген мың түрлі қуаныш кемпірдің жүрегіне міңгі орнаған.сол қаланы, сол ұлы қиратып жатыр! Ана жүрегі таразының табағындай теңселіп, қай жағына ауарын білмей келеді: ұлына ма, еліне ме?
Көркемдегіш құрал:
Фраелогизмдер:
іштен шыққан шұбар жылан
Эпитет: ұзын көлеңкелер,
Метафора: қала ауыр күрсінуде,
Эпитетті теңеу: сары алтындай,
Теңеу: найзадай, меруерттей
Кейіпкер: Нағима ана:
Қара көк жапырақты ақ қөйлек қызылға айналып, арқа жағы тілім-тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашылған жерлерін иіскеп табатындай, жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп қалады.
Көркемдегіш құрал:
Эпитет: салпы етек, қараша үй, кәрлі дауыл, қызыл әскер
Метафора: жылауық күз, ашу отын шаша бастап еді, от ұшқыны жылан тіліндей жалт-жұлт етеді.
Теңеу: томаршадай, жындай, жастықтай, тауықтай, қабағындай,
Жинақтау
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді құрастыру. Хабарлама, жұмыс жоспары, кестелерді атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн және жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Шығармашылық жұмыс:
Мен тапқан бәле болса, азабын өз басым көрсін де. Сол бәленің қасына жіберіңдер. Сондай болып туған ұлым үшін мен де айыптымын. Не жіберіңдер, не өлтіріңдер!- деді. Осы мәтіннен алған түйіндері бойынша эссе жұмысын жасау.
Шығармашылық жұмыс:
- Бәріңнің де шешелерің бар шығар... Тек біреуіңнің де шешең мынадай ақтопалаңның қолына түсекөрмесін деп тілеп өлем. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп өлгелі тұрмын: Ана... Азамат... Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады. Осы мәтіннен алған түйіндері бойынша эссе жұмысын жасау.
Бағалау
Ойлаудың жоғарғы деңгейі. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Ананың әрекеті дұрыс болды ма бұрыс болды ма? Сен ондай жағдайда не істер едеің?
Екі жаққа ана араша түспесе оқиға ары қарай қалай өрбитін еді деп ойлайсың? Оқиғаның дәл бұлай аяқталғаны жақсы ма?
Осы категорияда дебат, пікірсайыс өткізуге әбден қолайлы. Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Блум таксономиясы технологиясы арқылы сұрақ қою тәсілін де ескерейік. Ғабит Мүсірепов Адамның анасы шығармасына тоқталайық.
Блум таксономиясы
Адамның анасы
Білу
Оқиға қай кезеңде өрбіп жатыр?
Оқиғада кімдер қатысады?
Сіз оқиғаны өз сөзіңізбен тұспалдай аласыз ба?
Түсіну
Не себепті Мария ана басқалардан артта қалып қойды?
Мария ананың ішкі жан дүниесі туралы айтар ойыңыз қандай?
Қолдану
Сол қоғамдағы аналар мен қазіргі қоғамдағы аналар арасындағы айырмашылықты айтыңыз?
Олардың арасындағы байланыс қандай?
Талдау
Не себепті ер жігіт келіп көмектесті?
Ана тауқыметі соншалықты қиын болғаны ма? Неліктен босана сала жұрттан қалмай, арты соңына еріп кетті?
Жинақтау
Бұл оқиға арқылы өзіме не түйдім? Ананың орны әркез биік тұрады дегенді түсіне білдім бе?
Бағалау
Ананың барлық қиындығын мөлдіреген көздер ұмыттырғаны ма?
Оқиғадан не түйдің?
Блум таксономиясы технологиясы бойынша тапсырма түрлері. Ғабит Мүсіреповтің Өлімді жеңген ана шығармасы бойынша.
Білу категориясы
Джигсо әдісі арқылы үйге берілген мәтінді сынып ішінде талқылаңыз.
Әр оқушы өз кезегін күтіп, мазмұнын жалғастырып айтып шығыңыз.
Түсіну категориясы
Не себепті өлімді жеңген ана деп тақырып қойылған?
Ананың ішкі және сыртқа дүниесін сипаттаңыздар.
Не себепті Жұман өз үйіне тығылып қалды?
Қолдану категориясыБерілген сөздерден анаға байланысты өзіне жақын деген, жылу беретін сөйлемдер құрастыру. Берілген сөз: ана, жылулық, пана, сезім, бала, Отан.
Суреттерге қарап, қандай ой түюге болады?
Талдау категориясы
Берілген шығармаға композициялық талдау, кейіпкерлеріне талдау жасаңыз.
Шығармаға өң беретін көркемдегіш құралдарды табыңыз.
Жинақтау категориясы
Шығармадан ана бейнесін ашатын эпизодтарды, үзінділерді келтіріңіз. Сол арқылы автор оқушыларға қандай ой жеткізгісі келді?
Бағалау категориясы
Егер де бұлай болса немесе бұлай болса деген сұрақ қоюға келсе, сіздердің ұсыныстарыңыз қандай? (пікірталас)
Талдаулары:
Әйел бейнесін танытатын тұстары:
Қара шаштары тарқатылып, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, беті шойындай қап-қара. Бірақ жасымаған көзі от шашып, әмір етіп тұрғандай. Қап-қара қолдарын Темірге созғанда бір қалтырамады. 148
Көзі сенің көзіне ұқсап оттай ойнап, өлім шашып тұрған барыс та екі рет маған қарап тұрды. Бірақ әрбір аңнын жүрегі бар емес пе? Олармен осы сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Қанішер аңдарды, қан ішкіш патша, сенімен салыстырғаныма ашуланба! Олар да менің ана екенімді біліп, иланды: ауыр күрсініп, мені аяп жөндеріне жүре берді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің? -- дейді әйел Темірге төніп. Х152
Сол кезде, әлгі айбатынан ай жасырынған қаһарлы шал -- ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иді... 153
-- Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын кебейттік! -- демей ме!.. 153
Кейіпкерлер:
Темір: Содан бері қабағына қырау, мұртына мұз қатқан ашулы Темір еріндерінмтас жұмып алып, ешкімге басын иместен келе жатқан. Содан бері отыз жыл бойы Темірдің жүрегі адам баласын аяу дегенге, адам баласын сүю дегенге мүлде жабылып қалған.!
Кермене: мас ақын: -Жиырма бес әскерді сол белбеуің үшін ғана берем! Белбеуге ғана... Әйтпесе, сенің өзің қара күрешке керегің жоқ адам емессің бе!-деп тағы бір басып қалған ғой шынды сүйетін ақын Кермене
Көркемдегіш құралдар:
Метафора: жер бетін қанға бояп, мұртына мұз қатқан, көзі от шашып, темір өкше.
Теңеу: асықтай, балшықтай, шалшықтай, жұдырықтай.
Эпитет: айбарлы арыстан, қою қара шаш.
Блум таксономиясы технологиясы арқылы диалогтік оқыту жолдары.
Ақлима әңгімесін қарастырайық.
Диалогтік оқыту дегеніміз оқушы сабақты немесе тақырыпты түсінгенінің немесе түсінбегенінің дәлелі ретінде қарастырамыз. Оқушының пәнді терең түсінгенінің айғағы. Сыныптан тыс жерде де өзінің білімін анық, нақты, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Тәжірибемде барысында диалогтық оқыту әдісін қолдана отырып мынандай жетістіктерге қол жеткіздік:
Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізе алды;
Оқушылардың санасына басқа адамдардың түрлу идеяға толы екендеріне көздері жетті;
Ең бастысы оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланды;
Бір-біріне сыни көзбен ұарап, сын көтере алды;
Ұстаздар диалогтік оқыту барысында әр оқушының қандай деңгейде екендігін білуге мүмкіндік туындады.
Берілген мәтін бойынша оқушылар төмен және жоғары деңгейдегі сұрақтар дайындап, өздері қалаған оқушыға сұрақ қояды:
Әр оқушы өзінің қойған сұрағына жауап бере алатындай деңгейде болу;
Қандай сұрақ қойып жатқанын ажырата білу;
Жоғары деңгейдегі сұрақ қою;
Берілген мәтіннен тыс сұрақ қоюға дағдыланбау қажет екенін үйренеді.
Диалогтік оқытуды көрсету үшін тек блум таксономиясының категорияларына сай сұрақты тағайындау арқылы көрсетеміз.
Диалогке қатысушы Аман мен сель:
Білу:
Асель, Ақлима әңгімесіне қатысқан кейіпкерлер кімдер?
Түсіну:
Аман, оқиға қай жерде, қай кезеңде орын алды?
Қолдану:
Аман, сен білесің бе егер де мен ол аналардың орнында болғанда шыдамас едім. Ал сен әке рөлінде не істер едің?
Жинақтау:
Асель, оқиғаны аяғына дейін оқи келе, мен ойламаған соңы болды. Ал сен оқиғаның немен бітерің болжай алар медің?
Бағалау:
Аман, сенің арманың продюсер болу еді ғой? Ол ойыңнан айнып қалмадың ба?
Осы әңгімеден кейін менде қайта құштарлығым арта түсті, Асель.
2.2. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылды.
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz