Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

және жоғары білім министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті

Р. М. Мауиянова

Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын шарттары

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

7M01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

білім беру бағдарламасы

Қарағанды қ.

2023

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Одинцова С. А.

ТӘЖ

қолы

7M01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

білім беру бағдарламасы бойынша

«Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Ізденетін дәреже: магистр

Орындаған: магистрант Р. М. Мауиянова

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., асс. профессор., Шаяхметова М. Н.

Қарағанды қ.

2023

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының теориялық-әдістемелік негіздері . . . 13

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 13

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері мен мәселелері . . . 20

1. 3 Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 28

1. 4 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделі . . . 34

2 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс . . . 44

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі . . . 44

2. 2 Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері . . . 57

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған дереккөздер тізімі . . . 71

1-қосымша. «Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру» атты электронды авторлық бағдарлама . . . 76

Нормативтік сілтемелер

Диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 311 қаулысы // https://adilet. zan. kz/kaz/docs/P17827
  2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді // https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V2200029031
  3. «Білім туралы». Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы // https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z07319_
  4. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы // https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V2200029916

Анықтамалар

Алфавит бойынша болады, анықтамаға қойылатын талапты қараңыз

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Ақпараттық сауаттылық - бұл дербес компьютер, бағдарламалық өнімдер, олардың функциялары мен мүмкіндіктері туралы білім, ақпараттық қажеттілікті тұжырымдау, ақпаратты сұрату, іздеу, іріктеу, бағалау және түсіндіру қабілеті .

Цифрлық сауаттылық - бұл қазіргі әлемде жайлы өмір сүру үшін, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ Интернет желісінің ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті білім, дағдылар жиынтығы.

Оқушының цифрлық сауаттылығы - цифрлық ресурстар мен цифрлық ақпаратты пайдалану саласындағы білім, білік және дағдылар жүйесін қамтитын субъектінің жеке білімі.

Компьютерлік сауаттылық - компьютерде жұмыс істеу, есептеу техникасы құралдарын пайдалану, информатика негіздерін және қоғам өміріндегі ақпараттық технологияның маңыздылығын түсіну бойынша білім мен дағдылардың ең аз жиынтығын меңгеру.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР
- Қазақстан Республикасы
ҚР:

АКТ

DT

ЖАОК

- Қазақстан Республикасы:

- ақпараттық - коммуникативтік технологиялар

- Digital Technologies

- жаппай ашық онлайн курс

ҚР:
- Қазақстан Республикасы:
ҚР:
- Қазақстан Республикасы:
ҚР:
- Қазақстан Республикасы:
ҚР:
- Қазақстан Республикасы:
ҚР:
- Қазақстан Республикасы:

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі : «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алып, еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде. Бұл тақырып еліміз бойынша қазіргі таңда, өзекті болып отыр [1] .

Жас оқушының жеке басының қалыптасуының негізгі көрсеткіштерінің бірі ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады, оның даму деңгейі оқу процесінің өнімділігін айтарлықтай анықтайды және жетілдіреді. Оқу процесінде бастауыш сынып оқушыларынан үлкен көлемде ақпарат алу, тақырыпқа сәйкес келетін материалды табу және таңдау дағдыларын қажет ететін тапсырмаларды орындауды талап етеді. Осы орайда оқушылар ақпараттық технологияларға жүгінеді. Ал ақпаратты қаншалықты нақты, жеткілікті және қауіпсіз алатыны олардың цифрлық сауаттылығының меңгерілген денгейіне байланысты.

Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек» [2] . Сондықтан да оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қоғамның дамуына елеулі үлес қоса алады.

Осыған орай магистірлік диссертация тақырыбы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқушыға психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функцияналдық сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін жаңа оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы цифрлық сауаттылыққа оқыту өзекті болып саналады.

Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі. Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті [3, б. 13] . Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз - бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде.

Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты.

Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.

Халық өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол адамдардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады. Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау [4, б. 135] .

Цифрландырудағы негізгі мақсат - бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы - білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру - бұл мақсат емес, бұл - Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.

Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті - білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және цифрлық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық - психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа цифрлық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аталған мәселені қарастырған ғылыми және зерттеу еңбектерге талдау жасау барысында, бұл мәселенің жан-жақтылығын отандық ғалымдардың, жақын және алыс шетелдік зерттеулерде цифрлық сауаттылық, ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлық мәселелерін түрлі бағыттарда қарастырылғаны анықталды. Оларды төмендегіше жіктеп қарастырдық:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып білім беру, оқыту үдерістерін жетілдіру, кіші мектеп жасындағы балалардың цифрлық сауаттылығын дамыту, дағдыларын қалыптастыру мәселелері С. А. Гайсина, Н. ФТалызина, М. Ә. Құдайқұлов, Н. В. Кузьмина және Ж. У. Кобдикова, Г. А. Көпеев, Ә. Ә. Қаптағаева, А. Ғ. Юсупова, т. б. ;
  • болашақ мамандардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың негіздері А. Е. Карымсакова, С. М. Кеңесбаев, Л. П. Әбішева, Г. Ж. Ниязова, А. М. Жұмабаева, Д. Н. Исабаева, Б. Т. Барсай, А. К. Мынбаева, Л. В. Нефедова, Г. А. Абдулкаримова, Н. Е. Исабек, С. К. Абдибекова, К. Т. Мулдабекова, А. Мошқалов, Э. Уайдуллақызы, Е. А. Богатырева, Н. А. Ершова, С. А. Быков, О. П. Осипова, А. А. Шамшурина, Л. Д. Ситникова, С. А. Зайцева және т. б;
  • бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін ақпараттық технология арқылы дамытудың негіздері Б. Т. Абыканова және бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану А. Ө. Байдыбекова т. б.

Бастауыш мектеп жасында жеке тұлғаның цифрлық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде цифрлық сауаттылықты қалыптастыру ерекше маңызды, өйткені дәл осы кезеңде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттердің дамуы, мазмұнды жалпылау мен тұжырымдамалар, дүниетанымдық сенімдері қалыптасады.

Қазіргі уақытта бастауыш мектепке енгізілетін «Цифрлық сауаттылық» пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы ақпараттық кеңістік ретінде түсініктерін қалыптастыруға елеулі бағдарлануына байланысты осы мәселені шешу үшін ең үлкен білім беру мүмкіндіктеріне ие екені анық.

Оқу барысында бастауыш мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылықтының қалыптасуының өзектілігі, оның шешімін тежейтін бірқатар қайшылықтарға байланысты екенін атап өткен жөн:

- қоғамның дамуының барлық кезеңдеріндегі тұлғаның цифрлық мәдениетінің деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптары мен бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға қатысты осы процестің мәнін теориялық және практикалық әзірлемелердің болмауы;

- цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға және оларды бастауыш мектеп жағдайында іске асыруға ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялары білім беру саласының әлеуетті мүмкіндіктерінің төмендігі.

Философиялық, психологиялық - педагогикалық, әдістемелік және оқу әдебиетіне жүргізілген талдау бойынша тұлғаның цифрлық мәдениетін қалыптастырудың түрлі қырлары отандық зерттеушілер Ж. Т. Төреханова, Д. Ш. Жумагалиева, У. Б. Жексенбаева, А. А. Есболов, Б. С. Дюсембинова, А. Мырзалинова, С. Измуханбетова және т. б., сондай-ақ Н. И. Гендина, А. А. Журин, К. К. Колин, М. П. Лапчик, Н. В. Макарова, А. В. Могилев, И. Г. Семакин, А. П. Тряпицына, Е. К. Хеннер, С. Б. Цымбаленко, М. С. Чванова, А. Н. Шляго, А. В. Шариков, А. В. Щеглова, Е. А. Якушина сияқты шетел зертеушілерімен қарастырылғандығы туралы белгіленеді, алайда, бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Мұнда С. А. Бешенкованың, А. В. Горячеваның, В. В. Дубининаның, А. А. Дувановтың, Н. Л. Королеваның, А. Л. Матвееваның, М. А. Плаксиннің, Ю. А. Первиннің, А. Л. Семеновтың, С. Н. Турдың, Е. Н. Челактың жұмыстарын атап өтуге болады.

Зерттеу проблемасы: Теориялық және эмпирикалық материалды синтездеу, бастауыш сынып оқушысын оқытуда цифрлық - ақпараттық технологияларды қолданудағы озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау осы жастағы балалардың цифрлық сауаттылық мазмұны мен әдістемесіне көзқарастардың күрделілігі мен түсініксіздігін көрсетті және цифрлық мәдениетті қалыптастыру контекстінде бастауыш мектепке цифрлық технологияларды интеграциялау мәселелері әлі жеткілікті дамымаған деген қорытындыға келді.

Көрсетілген қарама - қайшылықтан туындаған түйіткілдер теориялық - әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, оның ерекшеліктерін анықтау, тәжірибелік - экспериментте дәлелдеу, зерттеудің мәселесін айқындап бізге, диссертациялық жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеп, эксперимент арқылы сынақтан өткізу.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу - тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу болжамы: бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, жүзеге асырылса, онда оқушылардың пәндерді меңгеру деңгейі, білімі мен білігі сапасы артуына қолайлы жағдай жасалады, өйткені бұл білім беруді жетілдіру талаптарына сәйкес келеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздерін зерделеу;
  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері мен мәселелерін анықтау;
  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру бойынша шетел тәжірибесін зерттеу;
  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау;
  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу әдістері:

  • теориялық әдістер: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік зерттеулер мен ғылыми еңбектерге талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, контент талдау, педагогикалық модельдеу, құрылымдау;
  • эмпирикалық әдістер: сауалнама, бақылау, тестілеу, алынған сандық, сапалық нәтижелерге математикалық статистикалық талдау жасау.

Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі әдістер қолданылды:

- теориялық зерттеулер әдістері: философиялық, әдістемелік және оқу әдебиеттерін талдау, теориялық және эмпириялық материалдың синтезі, озат педагогикалық тәжірибені зерделеу;

- эмпириялық зерттеу әдістері: әңгімелер, тестілеу, тұрақтандыру эксперименті зерттеу нәтижелерін кесте және графикалық ұсыну әдістері, оқу-әдістемелік материалдарды мақұлдау, тәжірибелік-эксперименталдық іс-әрекеттің нәтижелерін талдау.

Зерттеудің теоретикалық - әдіснамалық базасын заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар тұлғалары (Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Г. П. Давыдов, А. З. Зак, И. А. Зимняя, Л. В. Занков, Р. С. Немов, А. В. Петровский, Ж. Пиаже, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин), оқу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық теориясын (В. В. Давыдов, Й. Ломпшер, Л. К. Максимов, Я. А. Пономарев, В. В. Репкин, В. В. Рубцов, Хо Нгок Дай, Д. Б. Эльконин), тұтас педагогикалық процесцтің тұжырымды идеяларын (В. С. Ильин, В. В. Краевский, A. M. Саранов, Н. К. Сергеев), іс-әрекетке көзқарас теориясын (С. С. Алексеев, В. А. Беликов, П. Я. Гальперин, Г. П. Давыдов, М. С. Каган, А. Н. Ксенофонтова, А. Н. Леонтьев, Л. В. Моисеева, А. Ф. Никитин, В. М. Обухов, А. Л. Семенов, Н. Ф. Талызина, П. И. Чернецов Г. И. Щукина), тұлғаға бағытталған білім беру тұжырымдамасын (Е. В. Бондаревская, В. В. Сериков) құрған. Білімді ақпараттандыру саласында зерттеулермен шұғылданатын С. А. Бешенковтың, Я. А. Ваграменконың, А. В. Горячевтің, К. К. Колиннің, А. С. Лесневскийдің, М. П. Лапчиктің, Н. В. Макарованың, А. В. Могилевтің, В. Н. Монаховтың, Н. И. Пактың, Т. П. Петухованың, Ю. А. Первиннің, Е. А. Ракитинаның, И. В. Роберттің, И. Г. Семакиннің, А. Л. Семеновтың, Е. К. Хеннердің, С. А. Христочевскийдің, М. С. Чвановтың жұмыстарының маңызы зор.

Деректану базасы ретінде құжаттар, монографиялық әдебиеттер, диссертациялық зерттеулер, сондай-ақ интернеттегі ақпараттық іздеу негізінде алынған материалдар пайдаланылды. Олардың ішінде: ұлттық диссертациялық залының электрондық каталогтары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің серверіндегі электрондық құжаттамалар.

Зерттеу базасы: Қарағанды қ. «Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің» бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеу үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең (2020-2021) - іздеу-теориялық. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерттеу негізінде оның пәні, мақсаты, міндеттері, гипотезасы, әдістемесі мен әдістері, тұжырымдамалық аппараты анықталды.

Екінші кезең (2021-2022) - тәжірибелік.

Бұл кезеңде бастауыш сынып оқушыларында цифрлық сауаттылықтың қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында анықтау эксперименті жүргізілді. Бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың моделі әзірленіп, педагогикалық шарттары анықталды, педагогикалық қызметтің мазмұны, әдістері мен құралдары анықталды. Қалыптастырушы эксперимент барысында бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекетіндегі цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары тексеріліп, ұсынылған гипотеза расталды.

Үшінші кезең (2022-2023) - қорытындылау. Бұл кезеңде зерттеу нәтижелерін талдау және жүйелеу жүзеге асырылады, теориялық деректерді нақтылау және түзету жүзеге асырылады, эксперименттік зерттеу материалдарын статистикалық өңдеу жүзеге асырылады, эксперимент нәтижелері жинақталады және қорытындылар мен ұсыныстар жасалады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды;
  • бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық сызбасы жасалды;
  • бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығы тұжырымдамасының мазмұны компоненттік құрам тұрғысынан нақтыланды (танымдық, іс - әрекеттік, мотивациялық) ;
  • бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығының қалыптасу деңгейлері анықталды: жоғары, орташа, төмен;
  • бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды және эксперименттік негізделді:
  • бастауыш сынып оқушысының субъективті ұстанымын жандандыруға ықпал ететін және мектеп пәндерінің бірлігі арқылы қоршаған әлемді тануды қамтамасыз ететін ақпараттық - білім беру ортасын құру; оның теориялық және практикалық құрамдас бөліктерінде пәнаралық байланыстардың жүйе құраушы принципін іске асыратын электронды оқулық енгізу. Керек емес

Зерттеудің теориялық маңыздылығы жеке тұлғаның цифрлық мәдениетінің тұтас теориясында бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру процесі туралы алынған білімді пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларының «Цифрлық сауаттылық» курсын, курстың жұмыс бағдарламасын, бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру процесін әдістемелік қамтамасыз ету құрылды, сынақтан өткізілді және енгізілді;

- бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекетінде цифрлық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік қосымша электроды оқу бағдарламасы әзірленді және оларды Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектебінің оқу процесіне енгізудің нәтижелілігі негізделді.

Қорғауға мынадай ережелер шығарылады:

1. Бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығы тұлғаның цифрлық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады және психофизиологиялық, когнитивті, операциялық - технологиялық, эмоционалды - құндылық, коммуникативті компоненттердің синтезі болып табылады, олардың мазмұны қоршаған әлем туралы ақпараттық кеңістік ретінде идеяны қалыптастырумен анықталады; ақпаратқа құндылық қатынасы; информатика саласындағы негізгі ұғымдар және осы білімді практикалық іске асыру туралы жалпы түсініктер қолдануда; ақпаратпен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік құралдарды меңгеру.

2. Бастауыш сынып оқушысының цифрлық сауаттылығын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық жағдайларға мыналар кіруі керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz