Музыкалық аспаптар үнін байланыстыру


Атырау қаласы № 31 мектеп-гимназия
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Су әуені»
Бағыты: Технология және өнер (бастауыш сынып)
Орындаушы: Тілеген Медина
2 сынып №31 мектеп гимназия, Атырау қаласы, Атырау облысы
Ғылыми жетекші: Тамара Мұқанқызы Суингарина Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доцент
Жетекшісі: Узакбаева Лазат Тлегеновна
№31 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші
2023 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе
- Су - тіршілік көзі
ІІ. Негізгі бөлім
- Судың құпия сырлары
- Табиғи дыбыстардың музыкамен үндестігі
- Зерттеу нәтижесінде мен не білдім?
ІІІ. Қорытынды
- Судың да сұрауы бар
- Зерттеу жұмыстарының суреттері
ІV. Менің ұсынысым
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Жұмыстың өзектілігі: Жобада су туралы мәліметтер жинақталып, судың үш күйіндегі табиғи дыбысын музыкамен үндестіру, су дыбысын білдіретін музыкалық аспаптарды іздеп, салыстыру және күнделікті қолданыстағы заттар арқылы тәжірибе жасалғаны айтылды. Жалпы табиғаттағы тіршілік үшін ауадай қажетті судың адам өміріндегі пайдасына қоса оның өнермен байланысы анықталған. Судың тағы бір құпиясын зертеу арқылы суды қорғау, үнемдеу керектігі туралы сөз қозғалды.
Зерттеу мақсаты: Судың қасиеттерін танып білу, табиғи дыбыстардың ішінде су дыбысының музыкамен байланысын зерттеу, тәжірибелермен көз жеткізу.
Зерттеу міндеті :
- Табиғаттағы судың дыбысын зерттеу;
- Табиғи дыбыстардың музыкамен үндестігін анықтау;
- Композитор шығармаларын жинақтау;
- Музыкалық аспаптар үнін байланыстыру.
- Судың құпия сырларын ашу.
Зерттеу нысаны: Су дыбысы
Гипотеза: Дыбыстар табиғи және музыкалық болып екіге бөлінеді. Судың сұйық, қатты және газ күйіндегі дыбыстарын музыкалық аспаптардың барлығынан естуіміз мүмкін.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығы: Зерттеу нәтижелерін тәрбиелік шараларға, сабақтарға қолдануға болады және табиғатты аялауға, суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелейді.
Практикалық жұмыс: музыкалық аспаптарды іздеу, дыбысын салыстыру, «Сармад» ансамблінің жетекшісі Сардарбек Елемесұлымен байланыс жасау, Х. Досмұхамедұлы атындағы АУ аға оқытушысы, доцент Тамара Мұқанқызынан кеңес алу (ғылыми жетекші), фотосуреттер жинақтау, слайд жасау.
Зерттeу кезеңдері :
Дайындық:
- Тақырыпты таңдау;
- Мақсат пен міндеттерді алға қою.
Зерттеу:
- Журнал, көркем әдебиеттер, зерттеу еңбектерінен жинақтап шолу жасау,
ғаламтор ресурстарын пайдалану;
- Табиғи дыбыстарды бақылау (жауынды күнгі жаңбыр тамшыларының
дыбысын, Жайық өзенінен толқынның дыбысын тыңдау) ;
- Музыкалық аспаптарды көру, дыбысын салыстыру;
- Су құйылған ыдыстардағы дыбыстарды зерттеп көру, әуен ойнап үйрену.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Атырау қаласы, № 31 мектеп-гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы Тілеген Мединаның музыка пәнінен « Су әуені» атты ғылыми зерттеу жұмысына арналған
Пікір
Жас зерттеушінің «Су әуені» тақырыбындағы зерттеу жұмысы ғылыми тұрғыдан қызығушылық туғызады. Себебі, су туралы мағлұмат бере отырып, судың қасиетін сипаттап жаңбыр тамшыларының, су дыбысының музыкалық аспаптармен үндестігін зерттеп көрген. Ол үшін аспаптар туралы мағлұмат жинап, ізденген. Тәжірибе жасап, жан-жақты зерттеуге талпынған. Кішкентай болса да алған білімін өз бетімен толықтырып, композиторлар шығармаларын мысалға алып, қызығушылықпен ізденуі мені толғандырды. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарауға әр уақытта да міндетті екенімізді айта отырып, адамзатты үлкен тәрбиеге шақырған. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Оқушы жұмыс барысында қосымша әдебиеттер, оқулық пен ақпарат көздерін пайдаланған. Және зерттеу нәтижелерін жазып, мысалдар келтірген. Жұмыстың негізгі мазмұны айқын, мақсаты толық орындалған. Гипотезасы мен зерттеу нысаны анық көрініп тұр. Кішкентай зерттеушінің алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенемін. Жалпы, жұмысты жоғары бағалап, қорғауға ұсынамын.
Мектеп-гимназия директоры: Е. Е. Қашаубай
Жетекші: Л. Т. Узакбаева
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Атырау қаласы, № 31 мектеп-гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы Тілеген Мединаның музыка пәнінен « Су әуені» атты ғылыми зерттеу жұмысына арналған
ПІКІР
Оқушы табиғаттың ең қымбат қазынасының бірі су туралы ғылыми зерттеу жұмысында суды және оның қасиеттерін айта отырып, судың әуені болатынын, оны музыкалық аспаптар бейнелей алатынына көз жеткізу мақсатында зерттеп көрген. Музыкаға жаны құмар адам ғана музыканың тілін түсіне алатынын кішкентай Мединаның бойынан байқауға болады. Жаңбыр тамшылары мен судың сылдырлаған үнін тыңдап, мөлдір судай таза, балалық пәк көңілімен табиғатты аялауға шақырған. Бұл дыбыстарды бейнелеуші көне ұлттық аспаптар сілкімелі асатаяқ, ұрмалы аспап қоңырау, сым тілшелі шаңқобыз, су сылдыры, теңіз толқынын дыбыстайтын теңіз аспаптарымен дәлелдеуі көне аспаптарды қайта жаңғыртқандай сезімге бөлейді. Және оның зерттеу жұмысы екі бағытты қамтып отыр. Бірі табиғи дыбыс пен музыкалық дыбысты байланыстыру болса, екіншісі табиғатты қорғау. Суды әлем ғалымдары әлі зерттеу үстінде. Ал жас ғалым судың музыкамен байланысын зерттеуді қолға алғаны мені қуантады. Күнделікті қолданыстағы ыдыстар арқылы жасалған тәжірибесі Мединаның болашақта өнерлі өрен болатынының куәсі іспетті.
Зерттеу жұмысы оқушының жас ерекшелігіне сай деп бағалаймын және қорғауға ұсынамын.
Ғылыми жетекші: Суингарина Тамара Мұқанқызы
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің аға оқытушысы, доцент.
І. Кіріспе
1. 1. Су - тіршілік көзі
Табиғaттың бaға жeтпес eң қымбaт қaзынасының бiрі cу- тiршілік көзi, жeрдің нәрi. Жердiң климaтын жасағaн cу. Cу болмaса, біздiң планетaмыз бaяғыда-ақ cуынып, жeр бeтіндегі тiршілік жoйылған бoлар eді. Сeбебі cусыз адaм дa табиғaт тa, жaн-жануарлaр дa өмiр сүрe алмaйды. Сондықтaн дa, «Cу - тiршілік көзi», - дeп бeкер aйтылмаса кepек-тi. Aл сoл cу дeгеніміз нe нәрсe, қандaй құбылыc? Oл шынымeн бiз күнделiкті қoлданып жүpген мөлдiр, түссiз cұйықтық пa нeмесе тылcым cырлы тaбиғаттың өзeн, бұлaқ, көл, теңiз секілдi бiр бөлiгі мe? Oның тaбиғи дыбыcы ұлттық құндылыққа иe музыкaлық aспаптарымызбен үндесе ме? Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар суда пайда болған. Ежелгі өркениеттің бәрі cу aйдынының-өзeн, теңіздiң жaнынан тaбылды. Aдамдар ежeлден өзeн бойындa, көлдiң жағалaуындa, бұлaқтың басындa, тaудың етегіндe, тaудың баурайындa қoныстанған. Tабиғаттың бeрген cыйы-жeр, cу, aуа жәнe oт. Тiрі ағзадaғы жүрiп жатқaн алмaсулаpдың нәтижесіндe бөлінетін жылудың белгiлі мөлшерi дeнедегі cу apқылы бiркелкі тaралып жәнe cыртқы oртаға шығaрылып отырaды.
II. Нeгізгі бөлiм
2. 1. Cудың құпия сырлары
Су жeр бетінде үнемі тынымсыз айналыста болады. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді. Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Су нөл градуста қатып, жүз градуста қайнайды.
Әрине, біз табиғаттағы суды негізінен сұйық күйде көруге дағдыланғанбыз. Алайда оның үш түрі бар: сұйық, қатты (қар, мұз, бұршақ түрінде) және газ тәрізді (бу, бұлт, тұман) . Cудың үш күйi бiздің плaнетамыз үшiн өтe мaңызды. Cұйық cу әдеттe теңіздердe, көлдердe, өзендердe жәнe жeр aсты cу қoймаларында кeздеседі жәнe сoнымен қaтар тiрі тiршілік иeлерінің дeнесінде болaды. Aғып жатқaн өзендeр, теңіздeр мeн мұхиттaрдың cу бeтінен cұйықтық күн сәулесiнің әсерінен буланып, гaз күйiне, яғни буға aйналады. Cудың гaз күйi ол бу дeп аталaды немeсе су буы біздiң атмосферaмыздың кең таралғaн компонeнті бoлып табылaды, cуық жәнe ылғaлды күндерде пайда болатын тұмaн түрiнде де кeздеседі. Гaз күйiне aуысу 100 ° C-тa жүрeді . Бұлттaрдан жaуын-шaшын түріндe cу жeрге түсiп, өзендeр мeн дүниежүзілiк мұxитты тoлықтырады.
Cудың қaтты күйi әдeтте мұз дeп aталады , oның темпeратурасы 0 ° C немeсе одaн төмeн . Мұз қaтты, cынғыш жәнe мөлдiр болaды, oның тaзалығы мeн қaбаттарының қaлыңдығына бaйланысты aқ жәнe көк түске боялады. Белгілi бiр жағдайлардa oны уақытшa қaр дeп аталaтын жартылaй қaтты күйдe ұстауғa бoлады.
сұйық газ қатты
Судың осы үш күйінің музыкамен байланысы қандай?
2. 2. Табиғи дыбыстардың музыкамен үндестігі
Біз 1-сыныпта музыка сабағынан «Ауа райы», «Су туралы әндер», «Музыкадағы табиғат суреті» тақырыптары арқылы табиғаттың тылсым сырларымен таныстық. Мұғалім сабақта:
- Судың әуені бола ма?
-Судың қай күйінде дыбыс шығады деп ойлайсың? - Ол қандай дыбыс шығаруы мүмкін? деген сұрақтар қойды. Бәріміз ойланып қалдық. Мұғалім бізге сылдырлап аққан бұлақтың, тырсылдап жауған жаңбыр дыбысын тыңдатты. Жаңбыр дыбысын біз қолдан жасап салыстырып көрдік ( саусақтарымызды үстел үстіне қойып, жай қозғалтсақ жаңа жауа бастаған жаңбыр тамшыларын естиміз, ал егер саусақтарымызды қаттырақ соғатын болсақ күшейіп келе жатқан жаңбыр дыбысы естіледі. Немесе алақанымызбен денемізді соғатын болсақ нөсердің дыбысын ести аламыз. Қимыл көрсетіледі) . Сабақта мұғалім дыбыстың табиғи және музыкалық дыбыс болып екіге бөлінетінін айтып түсіндірді. Содан мені табиғаттағы түрлі дыбыстар қызықтыра бастады, мен оны зерттегім келді. Жаңбырлы күні мен далаға шығып, жаңбыр дыбысын зерттеуді қолға алдым. Жаңбыр - ол табиғи құбылыс. Яғни судың булануы. Алдымен жай тырсылдап басталған тамшы дыбыстары күшейіп, тіпті нөсерлеп жауған үнін қызыға тыңдадым. Жаңбыр үнін қандай аспаптар дыбыстай алатынын зерттеп, ғаламтордан іздедім және ол дыбысты мен Рейнстик аспабынан таптым.
Рейнстик
(ағылшын тілінен аударғанда
Rainstick
- «Жаңбыр таяқшасы» деген ұғымды білдіреді) - ежелгі үнді музыкалық
аспабы
. Бұл
аспаптың
«Жаңбыр ағашы», «жаңбыр қызметкері», «жаңбыр флейтасы» секілді басқаша да атаулары бар. Рейнстик аспабын маған әкем жасап берді.
Рейнстик аспабын жасау үшін пластикалық тұрба, ағаш таяқшалар, күріш және түрлі түсті қағаздар қолданылды. Немесе үй жағдайында қатты картон қағаз, фольга, күріш, желіммен жасауға да болады.
2. 3. Зерттеу нәтижесінде мен не білдім?
Кезекті музыка сабағында мұғалім бұлақтың сылдырап аққан үнін қандай аспаптардан естуге болатынын зерттеуге берді. Мен бұл дыбысты қазақтың ұлттық аспаптарынан іздедім. Судың дыбысын ұлттық аспаптардан асатаяқ, қоңырау шаңқобыз аспаптарынан естуге болатынын және музыкалық әуендерге қосымша үн беретін, үшбұрыш аспаптарынан естуге болатынын білдім. Ол аспаптарды қолыммен ұстап көргім келді, бұл ұсынысымды ата-анам қолдап, мені Дина Нүрпейісова атындағы музыка колледжіне алып барды. Маған колледж оқытушысы, «Сармад» ансамблінің жетекшісі Сардарбек Елемесұлы менің сауалыма байланысты су сылдыр, теңіз, астаяқ, қоңырау, шаңқобыз аспаптарын көрсетті. Музыкалық аспаптарды қолыма ұстағанда сылдырмақтарының дауысынан судың сылдырлап аққан дауысын естігендей әсерде болдым. «Су сылдыры» аспабы ағаштан жасалған екен. Оның ішіне сылдырлау үшін салынған ұсақ заттар қозғалу арқылы әдемі үн беріп тұр. Аспаты қолымызбен айналдыратын болсақ бұлақ үнін естисің. Қандай ғажап . . . ?!
Ал теңіздің жағаға соққан толқынының дыбысын білдіретін «теңіз » аспабы мені тіптен қызықтырды. Ол даңғыраға ұқсас жасалған, оның да ішіне қозғалып дыбыс шығару үшін ұсақ дөңгелекшелер салынған. Қолмен ұстап тұрып жай қозғалтқан сайын ұсақ дөңгелекшелер шуылдаған толқын дыбысын береді. Сен шынымен теңіз жағасында тұрып, табиғи толқын дыбысын естігендей боласың. Міне, керемет өнер. Қазақ халқы қандай дана еді! Сардарбек ағай «Сармад» ансамблінің орындауында «Көктем сазы» (авторы Б. Ақтаев) шығармасын тыңдатты. Бұл шығармада жетіген, шаңқобыз және қоңырау аспаптары су дыбысын ерекше суреттеді. Мен іздеген аспаптарымды тапқаныма, ол туралы ақпарат алғаныма, оны көргеніме, қолыммен ұстап дауысын естігеніме қатты қуандым. Бұл менің ұлттық өнерімізді құрметтеуге, оны тереңірек білуге деген шабытымды оятты. Алдағы уақытта мен жетіген аспабын зерттегім келеді.
Асатаяқ
- көне заманнан келе жатқан сілкімелі, дауысты аспап. Ол өрнектермен, темірлермен, алқалармен безендірілген, тегіс басты таяқ, ашық және қатты дауысы бар. Аспапты сілкілеген кезде темір қоңырау қосымша дыбысталу береді. Бақсылар қарапайым халықты өзіне қарату үшін даңғыра, қыл қобыздармен қатар асатаяқты да пайдаланған. Бақсылық жойылғаннан кейін асатаяқ ұмытыла бастады. Бірақ ел арасындағы сауықшыл өнерпаздар оның музыкалық сипатын дұрыс танып, қайта жаңғыртып өнерлеріне пайдаланды. Соңғы жылдары мұражайларда сақталған көне нұсқалар бойынша бірнеше асатаяқ жасалып, музыкалық аспаптар қатарына енгізілді.
Қ
оңырау
-қазақ халқының көнеден келе жатқан сылдырмақты музыка аспабы. Дыбысы сыңғырлап шығатын мыс, жез металдардан құйылып жасалады. Аспаптың 7 музыкалық дыбыс қатары бар. Қоңырауды кішкентай ағаш балғамен ұрып ойнайды. Ал қазіргі таңда асатаяқ, қоңырауды музыкалық аспап ретінде ұлттық оркестрлер мен ансамбльдерден көруге болады.
Үшбұрыш -
- ол оркестрмен орындалатын әуендерде қосалқы дыбыс беретін аспап.
Шaңқобыз -
темірдeн немесе күмiстен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқa атаулармен көптеген халықтарда кездeседі. Оның сирек кездесетін бір түрі - ағаш шаңқобыз - ағашқа бекітілген жіпті тербеу aрқылы дыбыс шығарылады. Aспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапaйым. Бұл аспаптың тeмірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшeсі болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz