Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
1.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...7
1.2. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Арнайы білім берудегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

II. Дамуында ауытқысы бар балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері
2.1. Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...16
2.2. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі ... ... ... ... ... ..19
2.3. Ринолалияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...26

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: арнайы білім беру жүйесінде даму мүмкіншілі шектелген балаларды жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеп дамыту мәселелері. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп-интернаттарында, арнайы сыныптарда және логопедиялық пункттерде тәрбиеленеді. Өзіне-өзі қызмет ететін, тәуелсіз, әлеуметтік белсенді және әлеуметтік бейімделген, өзіндік мәдениет дағдыларын меңгеріп оларды өзін қоршаған өмірмен әрекеттестік және өзіндік даму мақсаттарында қолданатын адамды тәрбиелеу курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Аномальды балалардың, қалыпты дұрыс дамығын балалар сияқты жан-жақты дамуға, оқуға, танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар. Бірақ оларға тиісті білім беру және дамыту өте күрделі, сондықтан оларға білім беру өте маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: әр түрлі категориядағы аномальдылығы бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу, ауытқудың құрылымын, сонымен қатар аномальды балаларды тәрбие маңыздылығын анықтау негізінде оларға арнайы білім беруді ұйымдастыру, тәрбиелеудегі әдістер мен тәрбиелеу құралдарын таңдау арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және тәртіптерін саналы түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен өз бетінше өмір сүру белсенділігін арттырудағы дамыта оқытуды қолдану болып табылады. Аномальды баланы қоршаған ортаға бейімделуіне әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған.
Зерттеудің міндеті: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқытып тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алулары үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру (жекелендіріп, жекелендірілген-топтық, сыныптық сабақ жүйесі; негізгі, қосымша және көмекші оқытуды ұйымдастыру түрлері, оңтайлы әдістерді қарастыру болып табылады.
Зерттеудің әдісі: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру процесі арнайы әдістерді қолдану арқылы ғана нәтиже береді. Тәрбие әдісі мен жүйесін таңдау барысында баланың жасы қай уақыттан бастап кемістігі пайда болғандығын ескеріп, оның психологиялық даму ерекшелігіне қарай танымдық сферасын арттыру, баланың білім алу іскерлігін барынша белсендететін, олардың сөз сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыларды қалыптастыру әдістері таңдалады. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын іске асыру барысында білім саласын демократизациялау, биік парасаттылыққа жеткізу мақсатында дамуында ауытқушылығы бар балаларға арнайы білім беру жүйесін жан-жақты ойластырып іске асырудың қажеттілігі маңызды. Бұл проблеманың жеке бастың бағыттау тұжырымдамасы көлемінде дамыта оқыту арқылы ғана шешімін табуға болады. Бұл сала осы заманғы психология және педагогикада жан-жақты талдануда (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев және т.б.).
Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншілігіне қарай қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз бетінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Іс-әрекет жеке адамның негізгі әлеуметтік қызметі болғандықтан, бұл ғылымы жан-жақты зерттеу кеміс балалардың әлеуметтік бейімделуіне, жүйе мөлшерін, қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы түрге меңгеруге, өмір жағдайы мен өмірге баулуларына септігін тигізеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу - дефектологияның негізгі ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуінде (құрбылармен, үлкендермен қарым-қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор маңызы бар.
Кеміс балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері арнайы педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады - белсенді, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру, осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдарымен, арнайы педагогика құрылымына сәйкес дәрежелермен әске асырылады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу жанұя және мектеппен тығыз байланыста жүреді, өзара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету тәртіпті талап етуді орынды үйлестіріп іске асырылады. Тәрбие процесінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен атқарылатын тәрбие жұмыстары олардың жету және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіздігін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын, еңбек пен мәдени, мінез-құлықтарына бағытталып жүргізіледі. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың белгілі бір қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл-қабілеті, сана-сезімдері, ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты нақтылы бір тәрбиелік міндеттерді шешуді қарастырады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытып тәрбиелеу және жетілдіру (дамыту - білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық процесс болып табылады.
Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері балалардың кемістік сипаты мен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу орындарында жетілдіріледі. Осыған байланысты тәрбие әдістері мен техникалық құралдары таңдалынып алынады.
Оқыту және жетілдіру даму сипатын алу қажет, аномальды балалардың потенциалды мүмкіндіктері қызметтері қалыптасады, олар көбіне өз бетінше ешнәрсе істей алмайды, ал мұғалімнің көмегімен іске асырады.
Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жуық арадағы даму актуалды аймағын білу, кеміс баланың өзінде болған мүмкіншілігін ғана емес, перспективасын да анықтайды. Л.С.Выготский еңбегіндегі дамыту тұжырымдамасы бойынша арнайы мектепте оқыту бағыты екі деңгейде дамытуға бағытталған:
І деңгейде - өзектендіріп дамыту (даму деңгеінің мәліметі - баланың өздігінен бір нәрсеге жетуінің нәтижесі)
ІІ деңгейде - жуық арадағы даму актуалды зонасы (баланың басқалармен, үлкендермен бірлесе отырып меңгеру деңгейі немесе баланың ертеңгі күні)
Л.С.Выготский оқыту дамытуды оздырып өзі ертіп жүреді деп, баланың кейбір даму сензитивті кезеңдерін ескеріп отырады. Оқыту процесі жуық арадағы даму аймағын актуалды жетілуіне жағдай жасау қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшылығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырманы өзбетінше шешуі қажет. Бұл - оқыту мен дамытудың ішкі өзара байланысын құрастырады, сонымен қатар дұрыс ұйымдастырылған оқыту психикалық қызметінің қалыптасуына сүйене отырып дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және тәрбиелеп оқыту дидактиканың негізгі мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өз бетінше өмір сүруге ғана үйретіп қоймай сонымен қатар мамандық игеруге үйретеді. Оқыту барысында аномальды бала болашақта өз бетінше өмір сүруге бейімделу мен өз-өзіне қызмет ету үшін қажетті білім дағдыларды үйренуі көзделеді.
Зерттеудің теориялық мәні: арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі кемшіліктерді анықтау және арнайы білім берудің заңдылықтарын зерттей отырып, оларға арнайы білім беру жүйесін ұйымдастыру.
Зерттеудің практикалық мәні: дамуында физиологиялық және психологиялық ауытқуы бар балаларды тәрбиелеуде қолданылатын арнайы бағдарламалар, әдістер мен оқытудың техникалық құралдары арқылы арнайы жағдай жасай отырып білім беру.

І. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
1.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Коррекциялық-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкес әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялары да жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика даму мүмкіндігі шектелген адамдардың білім алу процесінде арнайы білім беру технологияларының, оқыту және тәрбие әдістеріне жүктеледі.
Тәрбиелеу мен оқыту әдістері мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің реттелген тәсілдері бола, білім мен дағдылар және танымдық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Психологиялық-педагогикалық көмек даму мүмкіндігі шектелген адамның өмірінде жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуының арнайы тәрбие әдістерінің жүйесін құрайды.
Педагогикалық сананың қазіргі жағдайында есейіп келе жатқан баланың дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі туралы тұрақты түсініктер қалыптасқан. Дамуында ауытқуы бар балаларға білім бру процесі өз кезегінде оқыту және тәрбиені біріктіріп жүзеге асырады. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбие әдістерін бөліп алып қарастыру жасанды болып табылады және арнайы білім беру процесінің түрлі жақтарын аналитикалық зерттеу мақсаттарында ғана қолданылуы дұрыс болады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістер тобы балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруға бағытталып ұйымдастырылады. Бұл топқа келесі әдіс топшалары жатады:
перцептивтік (сөз түрінде жеткізу әдісі және оқу материалын есту немесе көру арқылы қабылдауы, оны меңгеру тәсілін ұйымдастыру бойынша ақпарат беру; көрнекілік, іс-тәжірибелік әдістер);
логикалық (индуктивті және дедуктивті);
гностикалық (репродуктивті, мәселелі-ізденушілік, зерттеушілік);
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу жұмыстарында жоғарыда көрсетілген тобынан әдістерді таңдау бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, перцептивтік сферасының (есту, көру, тірек-қимыл жүйесі және т.б.) дамының ауытқуына байланысты оқушылардың есту, көру, тактильді-вибрациялық қабылдау және басқа да білімтүріндегі ақпаратты қабылдау мүмкіндігі қиындайды. Ақыл-ой дамуының ауытқулары білімдік ақпаратты толық қабылдауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан білімдік ақпаратты толық жеткізуге, қабылдауға, зердеде ұстауға, өңдеуге оңтайлы әдістерді ағзаның сақталған талдағыштары мен қаситеттеріне, яғни берілген адамның табиғатына сәйкес ерекше білімдік қажеттіліктеріне сүйене отырып таңдау керек.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде баланың сенсомоторлық негіздегі көріністерін және танысдық түсінігін қалыптастыратын бірінші орында перцептивтік әдістер топшасынан іс-тәжірибелік және көрнекілік әдістер таңдалынады. Бұл әдістерге толықтыру ретінде білімдік ақпаратты сөз түрінде жеткізу әдісі жатады. Кеңірек сөздік әдіс қолданылатын әдістер жүйесінде маңызды орынды алады.
Екіншіден, даму ауытқуының кез-келген түрінде баланың сөйлеу тілі бұзылады. Бұл әсіресе оқытудың алғашқы кезеңдерінде мұғалімнің сөзі, сөз түріндегі түсіндірулері, сөздік әдістері барлығы жетекші ретінде қолданыла алмайтынын түсіндіреді.
Үшіншіден, дамудың бұзылуының түрлі типтерінде сөздік-логикалық ойлауының қалыптасуы қиындап, бұл өз кезегінде оқыту процесінде логикалық және гностикалық әдістерді қолдану мүмкіндігін едәуір шектеп, осыған байланысты индуктивті әдіс қолданылады. Сондай-ақ түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті және ізденушілік әдістер қолданылады.
Жалпы мектепте сөз түріндегі әдістер ішіндегі әңгімелесу әдісі кеңінен тараған. Әрине, әңгімелесу балаларды оқу процесіне жұмылдыруға, қарым-қатынас жасауға үйретіп, баланың білім деңгейін анықтауға және тұрақтандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ дефектолог ғалымдар мысалы, С.А.Зыков, бұл әдістің арнайы білім берудегі бірқатар кері жақтарын көрсетеді: әдетте бұл әдіс оқушы әрекетінің бір түрін көрсетуде - баладағы бар білімді шығаруда ғана жетекші болады. Әңгімелесу әдісінде мұғалім сабақ кезінде белсенді тұлға болып, ал баланың қабілеті мен мүмкіндіктері, әр баланың психологиялық ерекшелігі онша есепке алынбайды. Оқушылардың жауабы жиі формальді болып, алдын-ала жатталынған болады. Көп балаларда өзінің даму мүмкіншілігіне қарай әңгімелесу дағдылары мүлдем болмайды. Оларға өз түсінігін сөз түрінде жинақтау үшін, әңгіме кезінде ойша талқылау, өз ойын айту, мұғалімге сұрақ қою, жаңа нәрселерді мұғалімнен топтан білу үшін едәуір уақыт талап етіледі. Бұдан білім алуды ерекше қажеттіліктері бар балалардың бірқатар категорияларының жаңа білімді игерудің алғашқы кезеңдерінде әңгімелесу әдісі онша өнімді еместігі байқалады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың қабылдауы жәй, нақты емес, затты бөлшектеп қабылдап, анализі мен синтезі толық емес, детальдердің ұқсастығы мен өзгешелігін табу қиын заттарды піші бойынша тануы нашар болады. Осы себептен оқытуда көрнекілік әдісі қолданылады. Көрнекілік әдісте педагог затты көрсетіп қана қоймай, балаларға объектті зерттеуді үйрету үшін бақылау ұйымдастыру керек.
Тәрбиелеу жұмысының нәтижелігі көрнекілік әдіспен іс-тәжірибелік әдісті қатар қолданғанда артады. Көрнекілік және іс-тәжірибелік әдістер арқылы баланың сенсомоторлық және әлеуметтік тәжірибесі, оқу-танымдық әрекетінің дағдылары, сөйлеуі дамиды.
Тәрбиелеудегі іс-тәжірибелік әдіс түріне дидактикалық ойындар жатады. Ойындар баланың танымдық және ерік көңіл-күй сферасын дамытуға бағытталған, дәлелденген педагогикалық мақсат қызметі.


1.2. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері
Білім беру кезінде ерекше қажеттіліктерді талап ететін балаларды тәрбие алғашқыда жекелендіріліп жүргілетін. Арнайы білім беру тарихында соқыр және керең балаларды жекелендіріп оқытуға мысал ретінде оларды үй жағдайларында немесе шіркеулерде білім алғандықтары туралы айтуға болады. Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға жекелендіріп оқытуды ұйымдастыру олардың әрқайсысының өзіндік даму ауытқушылығына, әр баланың нақты жағдайына байланысты іс-тәжірибе- зерттеу кезінде анықталған методикалық әдістер бойынша жүргізіледі. Жекелендірілген деп кәсіптік және көркемдік оқытуды айтады.
Қазіргі заманғы арнайы педагогикада жекелендіріп оқыту түрін келесі жағдайларға байланысты ұйымдастырады:
ауыр және күрделі даму ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жекелендіріп оқыту қолданылады, өйткені мұндай балалар топтық және ұжымдық жұмыстар шарттарында білімді меңгере алмайды. Баланың танымдық әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты оқыту кезінже үздіксіз жеке психологиялық-педагогикалық қолдауды және сатылық бақылауды, жиі-жиі қайталауды талап етеді. Мұндай балалардың сенсорлық және моторлық жүйелері сыртқы ортамен қарым-қатынаста едәуір қиындықтар туғызады. Осылайша ақыл-есі кемдіктің ауыр түрлері мен қосарланған ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, соқыр-мылқау балалардың алғашқы кезеңдерінің оқытуы ұйымдастырылады;
білім беру процесінің түріне, даму ауытқушылықтарының ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне (ерте жас) сәйкес фронталды жұмыстарды толықтыратын әр бала жекелендірілген психологиялық-педагогикалық, логопедиялық және басқа да түзету жұмыстарын қажет етеді. Бұл кезде нақты бір баланың өзіндік дамуының ауытқыған қызметтері мен жүйелерінің барлық ерекшелікері, жеке жетістіктерінің деңгейі мен дамуға қажетті барлық мүмкіндіктері есепке алынады. Осылайша естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру мен дыбыстауын дамыту, қалдық есту қабілетін дамыту кезінде жекелендірілген жұмыстар жүргізіледі. Әр түрлі категориядағы балалардың сөйлеу тілінің ауытқуларын түзете оқыту осы жекеше түрде жүргізіледі. Психологиялық көмек, психокоррекциялық және психотерапевтикалық көмек тәрізді бірқатар жағдайлар жекелендірілген жұмыс түрінде өтеді;
егер бала үй жағдайларында білім алса.
Жекелендірілген сабақтардың ұзақтығы әдетте 20-30 минут.
Жекелендірілген - топтық түрде тәрбиелеуді ұйымдастыру арнайы білім беруде жекелендірілген түрдің жалғасы ретінде, яғни жекелендірілген жұмыстың нәтижесінде бірқатар түзету-педагогикалық әсерге қол жеткізілгеннен кейін жүргізілеті. Мысалы, түзету сабақтары (сөйлеу тілін дамыту, өз-өзіне қызмет ету дағдылары, кеңістікке бейімделу және т.б.), әсіресе интеграциялық (біріктіру) тәрбиелеу шарттарына кіші топтағы балалармен жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін анықтайды. тәрбиелеудің белгілі бір түзету-педагогикалық әсерге қол жеткен соң, жекелендірілген-топтық түрде ұйымдастырылған оқыту аралас ауытқушылықтары, ақыл-есі кемдіктің ауыр түріндегі балалармен жұмыс кезінде қолданылады.
Сыныптық сабақ жүйесі. Сабақ оқыту процесін ұйымдаструдың негізгі түрі болып табылады. Сабақ жалпы мектептегідей оқу-танымдық әрекетті ғана емес, балалардың басқа да түрлі әрекеттерін дамытуға бағытталып ұйымдастырылады. Сабақ оқушыларды фронтальды, топтық және аз деңгейде жекелендірілген жұмыстарды сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік береді. Оның басқа оқыту түрлерінен айырмашылығы:
оқушылардың топтық құрамы тұрақты (бірақ біріктіріп оқыту шарттары бойынша оқушылар даму деңгейінің белгілеріне сәйкес, оқу әрекетінің ырғағына, даму ауытқуының сипатына, оқыту түріне сәйкес уақытша біріктірілуі мүмкін. Бұл кезде топ құрамының тұрақтылығы бұзылады: белгілі бір қасиеттеріне қарай балалар бір топқа біріктіріліп оқытылса, басқа қасиеттері бойынша келесі топқа біріктіріледі, мұғалім әрқасысының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, барлық оқушылардың әрекеттерін басқарады;
оқушылар білімді тек сабақ кезінде меңгереді. Арнайы білімберу жүйесінде білімді меңгеруде педагог алдын-ала дайындаған басқа сабақтарға кірістірілген жаттығулар жүйесі, жекелендірілген сабақтар, оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін қолданады.
Көп жағдайда, әсіресе оқытудың алғашқы кезеңдерінде сабақ арнайы мектептерде аралас тип бойынша жүргізіледі. Бұл ауытқуы бар бастауыш сынып оқушыларының жаңа сабақты үлкен мөлшерде қабылдай алмауымен түсіндіріледі, яғни жаңа сабақты игеру үшін оқушылардың әрекетінде іс-тәжірибелік жаттығулар арқылы сабақтың барлық кезеңдерін сатылап, материалды меңгеруге жиі жекелендірілген бақылау жасап, оқыту кезінде туындаған қиындықтарды анықтап отыру қажет.
Арнайы мектептегі сабақтар топтық түрдегі жұмыстарды кеңінен қолданумен сипатталады (жұптасып немесе бригада). Әдетте бұл дифференциалдық-топтық түрдегі жұмыстарда оқушылар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу әрекетінің ырғағына, түзете-оқыту процесінің міндеттеріне тәуелді топтасады, сондай-ақ бригадалықта балалар (өз қалауымен немесе педагогтың нұсқауымен) белгілі бір тапсырманы орындау кезінде уақытша топтасады.
Сабақтағы жекелендірілген жұмыс түрі танымдық мүмкіндіктері, танымдық әрекетінің ырғағы мен көлемі басқа балаларға қарағанда өзгешелентін балалармен жүргізіледі.
Арнайы білім беру жүйесінде тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың қосымша түрлеріне экскурсиялар, қосымша сабақтар, педагогикалық жұмыстардың сыныптан тыс түрлері (мысалы, сыныптан тыс оқу), өзін-өзі дайындау (арнайы мектеп-интернаттағы сбақтарға дайындық).
Арнайы мектеп-интернаттағы тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың көмекші түрлеріне факультатив сабақтар, үйірме және клубтық жұмыстар, сыныптан тыс іс-шаралар (олимпиада, жарыс, көрсетілімдер, байқау, тақырыптық кештер, викториналар, жорық және экспедициялар) жатады.
Негізгі сияқты, көмекші және қосымша тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін, олардың түрлі оқыту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырылу түрлеріне қатысу мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізіледі.

1.3. Арнайы білім берудегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі
Принциптер бұл ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың танымдық әрекеттерін басқаратын және коррекция-педагогикалық процестің ұйымдастырылу ерекшелігі мен мазмұнын анықтайтын едәуір жалпыланған, маңызды да тұрақты талартар жүйесі болып табылады.
Біздің қарастырғалы отырғанымыз арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында іскерліктің алатын орны баршаға белгілі. Іскерлік принцип арнайы педагогикада психологиядағы жетекші іс-әрекет түсінігіне сүйенеді. Заттық-тәжірибелік іскерлік арнайы білім беру жүйесінде кез келген даму ауытқуы бар баланың компенаторлық дамуын қаматасыз етудің ерекше тәсілі (бұзылған психикалық қызметтерді түзету және орын толтыру құралы), білім алу және еңбек іскерлігінің қажетті бөлімдерінің пропедевтикасы болып табылады. Қалыпты дамудағы балаға бір нәрсені сөз арқалы үйретуге болатын болса, ал ерекше білім алу қажеттіліктері туындаған бала үшін бұл тек арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағыттала атқарылатын өзінің іс-әрекеті процесінде ғана мүмкін болады.
Қалыпты дамудағы балаларда бар, яғни тұрмыстық тәжірибе, сәйкес тұрмыстық көзқарастар, түсініктер және практикалық дағдылар сияқты құрылымдар дамуынлда ауытқуы бар балаларда болмайтыны немесе жеткіліксіз деңгейде дамығаны анықталып отыр. Оларда жалпы білім беретін пәндерді меңгеру үшін қажетті және жеткілікті болатын түсініктер қоры да болмайды. Пәндік - тәжірибелік іскерлік және оның негізінде баланың жоғарғы психикалық қызметтері (қабылдау, сөйлеу және қарым-қатынас, ойлау, ес, эмоция, мативация) ойдағыдай дамиды және көптеген ғылыми зерттеулер дәлелдегендей ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың жұмыс істеуде күшті коррекциялық компенсациялайтын педагогкалық құрал болып табылады.
Арнайы білім беруде мативацияланған сөздік қарым-қатынас жасауға табиғи жағдайлар (орта) туындатып, әрдайым осындай қарым қатынас жасауды қажет ететін педагогтың жетекшілігімен болатын ұжымдық, пәндік-тәжірибелік әдістемесі (жұптармен, топтармен жұмыс және т.б.) тараған. Қарым-қатынас, өз кезегінде дами отырып тілді, оның барлық функционалды құрамдарын, ойлау операцияларын, қарым-қатынас жасаудың және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің түрлі жағдайларын меңгеруіне себепкер болады. Балалар қабылдайтын заттар іс-әрекеттің тұрақты мотивациясын туындатады және балаларға қоршаған заттық өмір туралы жеткіліксіз білімнің қайнар көзі, сол заттардың пайдалануы мен олармен әрекеттесу тәчілдері болып табылады.
Пәндік-тәжірибелік іскерлік баланың сау-дені және сақталған мүмкіндіктеріне сүйеніп, жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Білім беруді ұйымдастыру
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Компьютерлік бағдарламалар тізбегі
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған математика жайлы
Пәндер