Жедел медициналық көмек



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
пӘні бойынша
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0302000 Медбикелік іс
Біліктілігі: 0302033 Жалпы практикадағы медбике
Курсы: ІІІ
Семестрі: V
Тақырыбы: Модуль 4. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру
(жалпы сағат саны:12сағ;тәжірибе-8сағ)

ШЫМКЕНТ 2014ж
Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ __ _______ 2014 ж.

Бекітемін
Акушерлік және гинекология курсымен
АМСЖ кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру (сағат саны:12сағ -540 мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№1 Сабақ: ТЖ ошағындағы апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдары
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина(АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;
тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жітімеңгеруге баулу;
дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, бақылаутапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық - Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмек көрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов нД : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
* Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
* Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
* Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
:: Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.АҚ және ТЖ медицина қызметі басты міндеттері.
2.АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері болып табылатындар.
3.АҚ және ТЖ медицина қызметі.
4. Күнделікті дайындығы.
5. Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кезде.
6. АҚ - ны соғыс жағдайына көшірген кезде.
7. Көшіру туралы тапсырма алысымен жасалынатын іс-шара.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10. Ақпараттық материалмен жұмыс

Дүние жүзіндегі әртүрлі табиғи апаттардан, әскери қақтығыстардан, террористік актілерден жіне т.б. төтенше оқиғалардан өндірісте, тұрмыс жағдайында мыңдаған адам қаза табады (Ю.Г.Шапошников 1981, Л.И.Фефилова 2005, Л.И.Колб 2008). Апат ошағында аман қалғандар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, ал алғашқы медициналық көмектің дер кезінде және дұрыс көрсетілмеуінен, түрғындардың төтенше жағдайларда өздерін үстай білмеу салдарынан қаза болғандардың саны арта түседі.
Апаттар санитарлық жоғалтулардың, зардап шегушілердің кенеттен бір мезгілде пайда болуымен ерекшеленеді. Өте көп зардап шегушілер мен қаза болғандар бейбіт уақытта жер сілкінісі кезінде орын алатыны белгілі. Статистика бойынша қуатты жер сілкінісінде зардап шегушілердің 30% зілзаладан кейін қазаға ұшырайды. Сонымен қатар зардап шегушілердің саны теміржол, су, әуе апаттарында және химиялық өндірістегі апаттарда басым болады (Ю.Г.Шапошников 1981, Л.И.Фефилова 2005, Л.И.Колб 2008).
Бейбіт уақытта кездесетін жол-көлік апаттары және өнеркәсіптегі апаттар көптеген, бірлескен және комбинацияланған ауыр жарақаттарды туындатады, ал олар сипаты жағынан әскери жарақаттарға өте жақын тұрады. Бірлескен жарақаттар кезінде қантамырлар мен паренхималық ағзалардың зақымдануында өлімге жылдам әкелетін қан кету қауіпі аса жоғары.
Зардап шеккендерге санитарлық сараптау жүргізу, оларға кезіңмен медициналық көмек көрсету және шұғыл жұмыстар атқару бойынша апат медицинасы әскери-далалық хирургиямен көп ұқсастығы бар.
Қан кетуді емдеу бейбіт және соғыс уақытында да өте маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан қай уақытта болсын дәрігерлердің негізгі мақсатының бірі тұрғындарды, азаматтық қорғаныстың санитарлық жасақтарын, әскердің жеке құрылымдарын қан тоқтату тәсілдеріне тәжірибе жүзінде үйрету болып табылады.
Термиялық зақымданулар медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Ұлы Отан соғысы кезінде санитариялық жоғалтулардың жалпы құрылымында күйіктердің жиілігі 1,5%-ды құраған. 1945 жылы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларындағы атомдық бомбалардың жарылысынан кейін күйіктен зардап шеккендер саны 100 000-ға жеткен, барлық зардап шеккендердің 65%-ын күйіктік зақымданулар құраған. Жарылыс салдарынан қаза болғандардың жартысына жуығы күйіктен жапа шеккендер болды.
Қазіргі соғыстардың басты сипаты көлемді санитарлық жоғалтулардың бірден, кенеттен пйда болу мүмкіндігі және жаралылар арасында көптеген, бірлескен және комбинацияланған жарақаттар пайызының күрт жоғарылауы болып саналады. Осы жарылыстарды дұрыс емдеу үшін медициналық эвакуация кезеңдерінде күрделі де көлемді шараларды толық жүзеге асыру керек.
Ракеталық-ядролық қаруды қолдану барысында пайда болатын комбинацияланған радиациялық зақымданудың міндетті бөлігі - енуші радиация. Хиросима мен Нагасакидегі атомдық жарылыстан кейін 66 жыл өтсе де, осы қарудың жойқын қиратқыш күші бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Санитарлық жоғалту құрамында көбіне жіті сәулелік ауру жіне комбинацияланған жарақаттардан қаза болғандар құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде осы патологияға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында негізгі тәжірибелік және теориялық мәліметтер жиналды. Жіті сәулелік аурудың түрлері, оның даму барысы, сонымен ұатар аурудың түріне байланысты емдеу жобасы, клиникалық көріністері, сондай-ақ ағымның кезеңдері анықталды.
Сонымен, қысқаша қорытынды жасасақ, қазіргі таңда төтенше жағдайларда, соғыс әрекетінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру, жүзеге асыру және мамандандырылған, арнайы көмек көрсете білу, олардың тиімділігі жалпы медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
АҚ және ТЖ медицина қызметі басты міндеттері
АҚ және ТЖ медицина қызметі бастығы АҚ бастығына (облыс, қала, аудан) бағынады.
АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері болып табылатындар:
халықты медициналық қорғау бойынша іс - шараларды ұйымдастыру мен орындау;
аумақ, қоршаған орта, азық - түлік пенсудың зақымдалуына медициналық қадағалау жасау, эпидемиологиялық бақылау мен зертханалық қадағалау жасау;
төтенше жағдайлар аймағында зақымдану ошақтары пайда болған жағдайда емдеу - көшіру, санитарлық - гигиеналық және эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізу;
ТЖ - да жұмыс жүргізу үшін жедел медициналық көмек қызметінің құрылымдары мен мекемелерін дайындау;
ТЖ кезінде жедел медициналық көмек қызметінің құрылымдары мен мекемелерін, АҚ күштерін медициналық, санитарлық - шаруашылық және арнайы заттармен жабдықтауды ұйымдастыру;
Ол бейбіт және соғыс уақытында ТЖ орын алған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі іс - шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді.
АҚ және ТЖ медицина қызметі:
Күнделікті дайындықта:
халықты медициналық қорғау мәселелері жөнінде бейбіт және соғыс кезеңіне арналған АҚ жоспарын дайындауға қатысуға;
АҚ іс - шараларын медициналық қамтамасыз ету бойынша қызметтің жұмыс жоспарын дайындауға және мезгіл - мезгіл тиянақтап отыруға;
қызметті жеке құраммен толықтыруға, оны ЖҚҚ - мен, радиациялық және химиялық барлау құралдарымен, табельдермен және медициналық заттармен, техника және материалдық - техникалық құралдармен жабдықтауға;
құрылымдар мен мекемелердің медициналық, санитарлық - шаруашылық және арнайы заттармен және кадрлармен жабдықталуын қадағалауға;
АҚ және ТЖ жөніндегі жеке дайындығын жетілдіруге;
құрылымның жеке құрамының арнайы дайындығын басқаруға;
медициналық мекемелерде медициналық препаратардың қорын жинауға;
медициналық жеке қорғаныс құралдарының қорын құруға және ұстап тұруға;
қоймадағы заттардың сақталуы мен жаңаланып отыруына бақылау жасауға;
дүлей зілзалалар, ірі авариялар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік жәрдем жасау, сондай - ақ ауруларды күту тәсілдерін халыққа үйретуге;
АҚ оқу жаттығу сабақтарына және үйренулеріне қатыса отырып, қызметті басқарудағы өзінің теориялық және тәжірибелік машықтарын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті.

Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кезде:
Жиналу дабылы болысымен белгіленген уақытта басқару пунктіне келуге және АҚ бастығынан тапсырма алуға;
орын алған тактикалық және медициналық жағдайды есепке ала отырып халықты медициналық қамту жоспарын түзетуге;
ТЖ кезіндегі жұмыстарға АҚ құрылымдары қызметтерін дайындыққа келтіруге: жиналуды жариялауға, жеке құрамның бар екендігін және толықтығын тексеруге, оған орын алған жағдайды хабарлауға, тапсырма беруге;
төтенше жағдайда жедел медициналық көмек көрсету құрылымдары мен қызметтерінің дайындығын ұйымдастыруға;
жасалған жұмыс және берілген тапсырмалар туралы белгіленген уақытта АҚБ-на мәлімдеуге міндетті.
Бейбіт уақытта ТЖ туындаған кезде:
Жиналу дабылы болысымен белгіленген уақытта басқару пунктіне келуге және АҚ бастығынан тапсырма алуға де АҚ бастығының бұйрығы бойынша әрекет етуге;
қызмет құрылымдарын дайындыққа келтіруге, құрылымның жеке құрамына орын алған жағдайды хабарлауға, төтенше жағдай аймағында емдеу - эвакуациялық, санитарлық - гигиеналық және эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізу бойынша тапсырма беруге;
өзіне және өзгеге көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, мамандандырылған, арнайы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалардың орындалуына батыл әрі жігерлі қол жеткізуге (қызмет жұмысының жоспарына сәйкес), қажет болған жағдайда орын алған жағдайда байланысты өздігінен шешім қабылдауға;
құрылымның жеке құрамының іс - әрекеті және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ-на мәлімдеуге;
аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
АҚ - ны соғыс жағдайына көшірген кезде:
АҚ басқару штабына келуге, жағдайды анықтауға, АҚБ-дан тапсырма алуға;
белгіленген уақытта медицина қызметінің құрылымын дайындыққа келтіруге, құрылымның жеке құрамына орын алған жағдайды жеткізуге, төтенше жағдайлар аймағында емдеу - көшіру, санитарлық - гигиеналық және эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізу бойынша тапсырма беруге;
орын алған жағдайға байланысты қорғаныс ғимараттарын медициналық қамтамасыз етуге;
категориялары бар қалалардың медициналық емдеу мекебелеріне, ауылдық жерлердің медициналық мекемелеріне, ауылдық жерлердің медициналық мекемелеріне және категориялары жоқ қалаларға көшіру есебімен, профилі мен нөмірін көрсете отырып, болжалған санитарлық жоғалтуларға сүйеніп, аурулар жататын төсектер санын жоспарлау үшін, емдеу мекемелерін орналастыру жоспарын нақтылау және оларды ашуға кірісу үшін, қауіпсіз аймаққа анықтауға кеткен жедел топтардың құрамына қызмет өкілін де қосуға;
Көшіру туралы тапсырма алысымен:
МҚ объектісіне және қауіпсіз аймақта шешілетін тапсырмаларды нақтылауға;
МҚ жеке құрамына көшіру тәртібін түсіндіруге;
эвакуациялық жиналу (қабылдау) пунктерінде (ЭЖП, ЭҚП) халыққа қызмет көрсету мақсатымен, олардың нөмірін, мекен жайы мен бөлінген персонал санын көрсете отырып медициналық персоналды бөлуге;
медициналық қызметкерлердің санатын, олардың санын, тағайындалуын көрсете отырып, соғыс уақытында өз жұмысын жалғастыратын халық шаруашылық объектілеріне медициналық персоналды бөлуге;
түсіру пункттеріне көшіретін және бөліп жайғастыратын халықтың аты - жөні мен мекен - жайын көрсете отырып, түсіру пункттеріне медициналық пункттерді ашуға;
медициналық қызметкерлердің саны мен санатын көрсете отырып, ұжымдық панаханаларына және АҚ басқару пункттеріне медициналық пункттер ашуға;
өзіне және өзара көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, білікті, мамандандырылған медициналық көмек (қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес) көрсетуге, қажет болған жағдайда орын алған жағдайға байланысты өздігінен шешім қабылдау бойынша шаралардың орындалуын талап етуге;
құрылымның жеке құрамының іс - әрекеттері және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ - ға мәлімдеуге;
аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауға;
техника, құрал - жабдық, приборлар мен аппараттардың дұрыстығын, байлап - таңу материалдарының, дәрі - дәрмектердің және т.б. қорғаныс құралдары мен керекті заттардың барын тексеруге;
дәрі - дәрмектердің, медициналық құрал - жабдықтар мен заттардың қорын құруға;
тасымалдауға жарамайтын ауруларды стационарға көшіруді ұйымдастыруға;
құрылған АҚ МҚ құрылымдарын көлікпен қамту ретін анықтауға, атын, мекен - жайы мен автобаза (кәсіпорын) телефонын, бөлінетін көлік, көлік саны мен бөліну уақытын көрсетуге;
жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы белгіленген уақытта АҚБ - на мәлімдеп отыруға міндетті.
Кенеттен шабуыл жасаған кезде:
хабарланудыру дабылын АҚ жеке құрамына жеткізуге және аурулар мен қызметкерлердің панаханаларда жасырынуын қамтамасыз етуге;
соққы берілгеннен кейін АҚ бастығынан тапсырма алуға, қызметкерлерге орын алған жағдайды хабарлауға және шабуыл зардаптарын жою жұмыстарына кірісуге;
алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуге;
емханалардың, ОАА - ның, аудандық және қалалық ЕАП емдеу мекемелері есебінен құрылатын алғашқы дәрігерлік көмек пунктін қауіпсіз жерге ашуға, профилі мен нөмірін көрсете отырып, болжалған санитарлық жоғалтуларға сүйеніп, аурулар жататын төсектер санын жоспарлау;
орналастыру орны, төсек саны мен профилі көрсетіле отырып, тасымалдауға келмейтін ауруларға арналған стационар ашуға;
персоналдардың нөмірін, мекен - жайы мен санын көрсете отырып, эвакуациялық жиналу (қабылдау) пункттеріндегі (ЭҚП, ЭЖП) халыққа қызмет көрсету үшін медициналық персоналды бөлуге;
медициналық қызметкерлердің санатын, саны мен тағайындалуын көрсете отырып, соғыс уақытында өз жұмысын жалғастыратын халық шаруашылығы объектілеріне медициналық персоналды бөлуге;
түсіру пункттеріне көшіретін және бөліп жайғастыратын халықтың аты - жөні мен мекен - жайын көрсете отырып, түсіру пункттеріне медициналық пункттерді ашуға;
медициналық қызметкерлердің саны мен санатын көрсете отырып, ұжымдық панаханаларына және АҚ басқару пункттеріне медициналық пункттер ашуға;
өзіне және өзара көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, білікті, мамандандырылған медициналық көмек (қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес) көрсетуге, қажет болған жағдайда орын алған жағдайда байланысты өздігінен шешім қабылдау бойынша шаралардың орындалуын талап етуге;
құрылымның жеке құрамының іс - әрекеттері және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ - ға мәлімдеуге;
аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға;
тасымалдауға жарамайтын ауруларды көшіруді ұйымдастыруға;
жеткіліксіз медициналық ауруларды көшіруді ұйымдастыруға;
жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы белгіленген уақытта АҚБ-на мәлімдеуге міндетті.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)
Бақылау тапсырмаларды орындау:
1-билет
1.Апат медицинасының анықтамасы.
2-билет
1.АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері .
3-билет
1.АҚ және ТЖ медицина қызметінің күнделікті дайындығы.
4-билет
1.Апат медицинасының алдына қойған негізгі міндеттері.
5-билет
1. ТЖ ошағындағыжұмыстың нәтижелі орындалуына
қандай факторлар әсерін тигізуі мүмкін?
7-билет
1.Емдеу эвакуациясы атқарылатын шаралар кешеніне не жатады?
8-билет
1.Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кездегі жасалынатын іс-шаралар.
9-билет
1.Бейбіт уақытта ТЖ туындаған кездегі жұмыс ұстанымдары.
10-билет
1.АҚ - ны соғыс жағдайына көшірген кездегіжұмыс ұстанымдары.
11-билет
1.Көшіру туралы тапсырма алысымен қандай жұмыс ұстанымдары
орындалады?
12-билет
1. Кенеттен шабуыл жасаған кездегі жұмыс ұстанымдары.
13-билет
1.Апат дегеніміз не?
2.Емдеу эвакуация негіздері дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма: ТЖ ошағындағы апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдары Қ-3,5-9 және Н-16, 9-11 бет 2 мин(5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру
№2 Сабақ: ТЖ ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдар
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;
тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;
дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,
кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық - Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмек көрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов нД : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
* Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
* Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
* Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
:: Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары.
2. АДКЖ-ның бөлімдері.
3. Дүлей зілзала аумағына (АДКЖ) алғашқы дәрігерлік жәрдем жасағын ашудың қағидатты сызған нұсқасы.
4. Санитария жасақтары (СЖ).
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің құрылымдарына: санитария жасақтары және санитария жасақтар отряды, алғашқы медициналық көмек отряды, жылжымалы эпидемияға қарсы отрядтар, арнайы эпидемияға қарсы бригадалар, арнайы медициналық көмек бригадасы мен арнайы медициналық көмек отряды жатады.
Санитария жасақтары (СЖ) - зақым ошағындағы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған 5 буыннан (звенодан) тұрады. СЖ 10 сағат жұмыс ішінде шамамен алғандағы мүмкіндігі - 500 зақымданушыға (іздеусіз және тасымалдаусыз) алғашқы медициналық көмек көрсету. СЖ әрқайсысына 4 адам бар: командир, командирдің көмекшісі, байланысшы және жүргізуші.
Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд құрамында санитария жасақтары қарапайым санитарлық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс - шараларды (залалсыздандыруды жүргізу, тағамдарды тексеру, дене қызуы жоғарылаған науқастарды анықтау, тұрғындарға профилактикалық дәрі - дәрмектерді тарату жұмыстарын) атқарады. Сонымен қатар СЖ жинау, көшіру бекеттерінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге жұмылдырылады. Олар табельды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген: жеке қорғаныс заттары (газ сейілткіштер, қорғаныс фильтрлеуші киім, резеңкелі қолғап пен етік, жеке химияға қарсы пакет). Сонымен қатар жеке медициналық қобдиша, санитария сөмкелері, тасымалдағыштар, тасымалдайтын ілгіштер, суға арналған құты (фляга), электрлік шамдар, мақта маталы комбинезондар және бас киімдермен жабдықталған.
Санитария сөмкесінде таңу материалы, дәкелер, мақта, қан тоқтататын байлам (жгут), йод тұнбасы, мүсәтір спирті, морфин, фосфор органикалық заттарға арналған антидот, қайшы және тағы басқа қажетті заттар болады.

Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары
Алғашқы дәрігерлік көмек жасағы (АДКЖ) - бұл, зақымданғандарды қабылдауға, оларды медициналық сұрыптауға, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы және психикалық ауруларды ары қарай ауруханалық базаға көшіруге дайындауға, сондай - ақ зақымданғандарды жекелей санитарлық өңдеуден өткізуге, олардың киімі мен аяқ киімдерін залалсыздандыруға, газсыздандыруға және қатерсіздендіруге арналған АҚ МҚ - нің негізгі медициналық құрылымы.
Осымен қатар, АДКЖ объектілерде құтқару жұмысын жүргізіп жатқан санитарлық дружиналарды медициналық жабдықтармен толықтыруды қамтамасыз етеді. Ол жылжу бағытында және отрядтарды орналастыру орнында Медициналық барлау жүргізу үшін қажет.
Зақымдану ошағында санитарлық - гигиеналық және эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізеді;
Зілзала мен апат кезінде АДКЖ - ның өткізу мүмкіндігі 10 сағат жұмыс уақытында - 500 адам, бактериологиялық зақымдалу ошағында инфекциялық стационар құрылған жағдайда - 200-350 орын, ал инфекциялық бригаданың күшейтілуі кезінде - 500 орын.

Медициналық барлау звеносы
Отряд бастығы дәрігер

Байланыс звеносы

Звено командирі - дәрігер - 1
Жүргізуші - 1
Фельдшер барлаушы - 1
Барлаушы - дозиметрші - 1
Жеңіл автомобиль - 1

Звено командирі - 1
радист - 1
жүргізуші - 1
жеңіл автомобиль - 1

Емдеу бөлімінің орынбасары дәрігер

Госпиталдық
Зертханалық

Сан.жөндеу және қатерсіздендіру

Қабылдау - сұрыптау

Операциялық таңу

Зақымданушыларды көшіру

Дәрігерлік жабдықтау

Шаруашылық
Бөлімдер
Бастық
(дәрігер) -1
Медбике - 5

Бастық
(фельдшер) 1
лаборант -5

бастық (медбике) -1
санитар -9

Бастық
(дәрігер) -1
Дәрігер -1
Медбике -3
Тіркеуші - 2

бастық дәрігер -
хирург -1
дәрігер хирург - 3
медбике 18
тіркеуші -2
Автотаңушы-1

бастық (медбике)-1
санитар -9
жүргізуші -9
жүк автотаңушы - 9

Бастық (фарм)-1
Дәріханалық
ассистент -2
санитар -2
жүргізуші-1
жүк автомобилі - 1

Бастық - 1
Шаруашылық
қызметші - 1
Электрик - 2
жүргізуші -2
жүкавтомобилі - 2
Жылжымалы
жарық беретін
станция -1
тіркемелі су
цистернасы -1

Сандружина
Сандружина
24 адам
24 адам



Атауы
Саны
1.Жеке құрам:
- дәрігерлер
- орташа мед персонал
2. Техника:
- жеңіл автомобилі
- жүк автомобилі
- жылжымалы электростанция
- тіркемелі су цистернасы
- автотаңу
150
10
38

2
12
1
1
1

Жұмыстың 10 сағаты ішіндегі бағдарлау мүмкіндігі:
500 зақымданушыға дәрігерлік көмек көрсетеді.


Дүлей зілзала аумағына (АДКЖ) алғашқы дәрігерлік жәрдем жасағын ашудың қағидатты сызған нұсқасы

Жеке көлікпенкөшіруге
Сұрыптау алаңы
(Сұрыптау орны)
Жеңіл жарақат алғандарды сұрыптау орны
Ауыр жарақат алғандарды сұрыптау орны
Ауыр жарақат алғандарды таңу орны
Есеңгіреуге қарсы
Ауыр жарақат алғандарға операция жасау орны
Жеңіл жарақат алғандарды көшіру орны
Ауыр жарақат алғандарды көшіру орны
Тиеу алаңы
Шаруашылық бөлімі
Зертхана
Дәріхана
Тасымалдауға келмейтіндерге арналған палаталар
Психо изолятор
Инф. Изолятор
Көшіруге
Госпиталдық бөлім
Операциялық - таңу бөлімі
Қабылдау - сұрыптау бөлімі
Көшіру бөлімі
Жеңіл жарақат алғандардытаңу орны

бөлу орны




11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау тапсырмаларды орындау:

Медициналық барлау звеносы
Отряд бастығы дәрігер

Байланыс звеносы

Сандружина
Сандружина



Жеке көлікпенкөшіруге

Шаруашылық бөлімі
Зертхана
Дәріхана

Психо изолятор
Инф. Изолятор
Көшіруге
Госпиталдық бөлім
Операциялық - таңу бөлімі
Қабылдау - сұрыптау бөлімі
Көшіру бөлімі

бөлу орны


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма: Бейбіт және әскери уақытындағы ТЖ-да халыққа
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру Н-2,81-92бет 2 мин (5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру
№3 Сабақ: Бейбіт және әскери уақытындағы ТЖ-да халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;
тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;
дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің міндеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,
кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық - Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмек көрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов нД : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
* Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
* Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
* Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Бейбіт және әскери(бөлімде)уақытындағы ТЖ-да жедел медициналық көмек көрсетудің жүйесін ұйымдастыру.
2. Жедел медициналық көмек.
3. Медициналық көмектің түрлері.
4.Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар.
5.Емдеу белгісідегеніміз не?
6.Көшіру белгісі дегеніміз не?
7. Белгілеріне байланысты науқастарды қанша топтарға бөледі?
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Бейбіт және әскери(бөлімде)уақытындағы ТЖ-да жедел медициналық көмек көрсетудің жүйесін ұйымдастыру
Жедел медициналық көмек - жарақат, жедел аурулар, улану кезінде ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін сақтап қалу және қалпына келтіру, өмірге қауіпті асқыныстардың алдын - алуы мақсатында жүргізілетін, кідіруге болмайтын диагностикалық емдік эвакуациялық шаралар кешені.
Бөлім медициналық бөлім барлық мұқтаждарға кез - келген уақытта, кез - келген жағдайда жедел көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Бейбіт және әскериуақытындағы ТЖ-да жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі қамтамасыз етуі қажет:
* жарақаттану, улану, ауру туындаған жерде тезарада медициналық көмек көрсету;
* бөлім медициналық бөлім жолда медициналық көмек көрсету арқылы науқасты тезарады жеткізу;
* медициналық бөлім науқаста қысқа уақытта толыққанды, уақытылы жедел көмек көрсету;
* білікті және мамандандырылған медициналық көмек шаралары қажет кезінде емдеу мекемесіне жеткізіп немесе науқасты ауруханаға немесе әскери госпитальге жеткізу.
Бөлімде жедел медициналық көмек жүйесінің қызметі медициналық кадрлар, олардың мамандандырылған дайындығы, медициналық бөлім мен бөлімшесінің қажетті құралдармен жабдықталуы және санитарлық транспорттың болуымен қол жеткізіледі.
Медициналық бөлім жедел медициналық көмек ауру, жарақат, улану түріне байланысты, таңу немесе емшара бөлмесі дәрігерімен, ал келгенге дейін кезекші фельдшер көмегімен көрсетіледі.
Ол үшін таңу және емшара бөлмесі қажетті құралдармен жабдықталады. Жедел медициналық көмек көрсету құралдары тезарада қолдануға дайын және жедел медициналық көмек көрсету шкафында құлыптанып тұрады, кілт кезекші фельдшерде (санитарлық инструктор) болады. Медициналық бөлім жарақат алушы немесе науқасты жеткізу үшін, науқасты емдеу мекемесіне эвакуациялау үшін алдын - ала жазылған жолдамасы бар жолға дайын санитарлық автокөлік болады. Жедел медициналық көмек шараларының, диангостикалық зерттеу көлемі, күші көмек көрсетілу орнына, жағдайына байланысты 2 кестеде көрселгендей болады.
Жедел медициналық көмек жарақат алған жерде көрсетілуі тиіс: әскери машинада, жөндеу ұстаханасында, атыс алаңында, дайындық орнында, казармада, қарауылдық орында, әскери дайындық объектілерінде.
Жедел медициналық көмек жағдай болған орында өзара көмекпен және санитарлық инструктор көмегімен және бөлімшеде фельдшермен жүргізіледі. Сол үшін бөлімшеде, әскери машиналарда, жөндеу шеберханаларында, автопаркте, спортзалдарда, қарауылдық орындарда біріншілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Алғашқы медициналық көмек беру
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
Жедел шұғыл медициналық көмек
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Пәндер