Жануарлардың ауруын бақылау



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тараз инновациялық көпсалалы колледжі

Өндірістік тәжірибе есебі
08410100-Ветеренария мамандығы
3W08410101- Жануарларды ветеренарлық өңдеу жөніндегі операторы бірлігі бойынша

Орындаған: Мамұр Бауыржан
Жетекші:Сейткул Б.Б.

Тараз 2024
Мазмұны
I.Кіріспе
1.1.Практика өткен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II.Негізгі бөлім
2.1.Сібір жарасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2.Аусыл ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3.Ивермек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.4.Lveen plus ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.5.Албентазаол суспендия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

I.Кіріспе
1.1.Практика өткен орны
Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі операторы мамандығының 2-курс В-9-22-1 топ студенті 2024 жылдың наурыз айының 7-ші жұлдызынан бастап мамыр айының 2-шы жұлдызына дейін, Абылай шаруа қожалығынан өндірістік тәжірибеден өттім.

Абылайшаруа қожалығында 40 сиыр 600 қой 60 жылқы бар.

II.Негізгі бөлім
2.1.Сібір жарасы
Сібір жарасы (түйнеме) зооноз тобындағы жедел жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады.
Қазіргі уақытта сібір жарасының пайда болу факторларының бірі күннің катты ысып кетуі, табиғи азықтың жетіспеушілігі, жануарларды тыйым салынған жерлерде жаю болуы мүмкін.
Сібір жарасы бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі басым, сирек сепсис құбылыстары (шіруі) бар өкпе және ішек түрі. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол үй жануарлары (ірі кара мал, кой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) спораларымен ластанған және бактерияның тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте колдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.
Инфекцияның берілу жолдары:
Байланысты ауру жануарларға күтім жасау кезінде зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы:
Ұшаны өңдеу, терісін алу және өлген жануарлардың өлекселерін көму кезінде;
Сібір жарасы даулары бар топырақпен жұмыс істеген кезде;
Алиентарлы ауру малдардан алынған ет тағамдарын дайындау және тұтыну жолы арқылы.
Аэрогенді (ауа шаң) спорды ингаляциялау жолымен.
Трансмиссивті-жәндіктердің шағуы (соқыр, шыбын, масалар) арқылы.
Сібір жарасының белгілері
Аурудың инкубациялык кезенінің орташа ұзақтығы 2-3 күнді құрайды, бірнеш сағаттан 8-14 тәулікке дейін ауытқуы мүмкін.
Ауру тез басталады: алғашкы сағатта дене температурасы 38-40 градусқа дейін жоғарылайды және әлсіздік пайда болады. Қан (сепсис) жұқтырудың кез келген нәтижесінде дамиды.
Симптомдары:
Қатты бас ауруы;
Жоғары дене қызуы;
Жалпы әлсіздік;
Ісіну мен қышудың тез өсуімен карбункул (тері зақымданғанда);
Кеуде ауыруы (өкпе түрі жағдайында);
Тұншығу (өкпе түрінде);
Қан қоспасы бар диарея (ішек түрі жағдайында);
Іштің түйілу аурулары (ішек жағдайында);

Қан қоспасы бар құсу (ішек түрі жағдайында).
Егер емдеу уақытында басталса, науқастар сауығады. Сирек жағдайларда ауру ағымы ішек, өкпе немесе септикалық түрлермен асқынады. Аурудың ауыр ағымы бар және ол науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан сібір жарасына күдікті болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Емдеу тек стационар жағдайында жүргізіледі. Дәрігерлер антибиотиктерді немесе баска да препараттарды дәрігердің кеңесуінсіз өз бетімен емдеу немесе алдын алу үшін қолданбауды ұсынады. Жұқтырудың кез келген түріне күдік болғанда дереу ауруханаға жатқызу керек.
Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:
Ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;
Ет, ет өнімдерін немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналы нормаларды ұстануға міндетті.
Жануарларды күту кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындау.
Үй малын сою тек қана мал мамандарының рұқсатымен жүргізу.
Жануарлардың өлекселерін ретімен көму.
Үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылау.
Жануарлардың ауруын бақылау.
Залалданған жануарлардың өлекселерін жою.
Жануарларды сібір жарасына қарсы егу.

2.2.Аусыл ауруы
Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде (Қорқыт ата кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.
Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Ал оңтүстіктегі қазақтар тілдің астындағы көк тамыр мен таңдайды жуан бізбен шабақтап қанататын болған. Аяғына шыққан аусыл жарасына қотыр майын (карбол қышқылын қазақ арасындағы атауы) жағады. Аусылдың түйеде қағын және теңге деген түрі бар. Теңге тиген малдың тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда болып, жұтқыншаққа қарай шабады. Ондайда мал аузын тұз араласқан шайырмен (орыс. деготь) ысқылап, сиырдың шикі сүтін тамызады. Түйе аусылы Торғай облысының Ақтөбе, Николаевск уездерінде жиірек, Ырғыз бен Торғайда аз кездесетін себебін жергілікті қазақтар соңғы уезд аумағында ащы оттың басым екендігімен байланыстырған. Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр сілекейін ыдысқа жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет зілін жеңілдетуге жағдай жасайды.

2.3.Ивермек
Ивермек ивермектин мен Е дәруменінің бірегей комбинациясы негізінде өндірілетін антипаразиттік препараттардың арасында көшбасшы болып табылады. Препараттың бастапқы суда дисперсті (мицеллярлық) түрі тиімділікті арттыруды қамтамасыз етеді.
Артықшылықтары
Нематицидтік және арахноэнтомоцидтік әсердің кең спектрі
Бұлшықет ішіне енгізу қолданудың қарапайымдылығын және жылдам емдік әсерді қамтамасыз етеді
Құрамында авермектиндердің ең белсенді изомерлері бар
Препаратты қолдану препараттың бірегей матрицасына байланысты абсцесс пен ауырсынудың пайда болуын тудырмайды
Инъекция орнынан жылдам сіңу
Е витаминінің антиоксиданттық әсеріне байланысты қауіпсіз препарат
Қолданудың үнемді құны
Сипаттама
Паразитке қарсы агенттер арасында көшбасшы, ол ивермектин мен Е дәруменінің бірегей комбинациясы негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листериозды балау, дауалау шаралары
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Ірі қараның пастереллез ауруы
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Ботулизм жайлы
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
Түйенің оба ауруы
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары туралы
Ірі қара финнозы
Пәндер