Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
РӨЛДІК ОЙЫННЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЛЕУДІ ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ
6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
Орындаған: Акбердиева Г.Ж.
ДОВ-23-114(2)-10 топ студенті
Ғылыми жетекші: Бисембаева Ж.К.
аға оқытушы,
п.ғ.магистірі
Қостанай, 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Мектеп жасына дейінгі балалардағы диалогтік сөйлеуді дамытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Диалогтік сөйлеу туралы түсінік және оның мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Мектеп жасына дейінгі балаларда диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ойын технологияларын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.1. Баланың даму процесінде рөлдік ойынның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтық дағдыларын сюжеттік-рөлдік ойын арқылы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша
3
5
5
8
12
12
13
16
17
5
3
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бала тәрбиесі күнделікті өмірімізде - күн сайын жүргізілетін тынымсыз процесс. Елімізде қазіргі таңда бала тәрбиесіне жоғары деңгейде көңіл бөлініп келеді. Ел боламын десең бесігіңді түзе деп ата-бабаларымыз айтқандай, болашақ сол балалардың қолында. Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету. Адал еңбек ете білуге тәрбиелеу. Ұлтына деген сүйіспеншілік, сананың дамуы - бала есін танығаннан бастап даму алады. Рөлдік ойындар баланы ересек өмірге дайындайтын, ойын еркін жеткізуге тәрбиелейтін тәсіл. Рөлдік ойынға қатысу арқылы бала - қоғамдағы адамдар қарым-қатынасын, диалог құру, сыйласу әдебін үйренеді. Сөздік қоры байып, табан астынан тауып сөйлеуді, сұраққа жауап беруді игереді. Соның арқасында ойынды ұйымдастырушы мұғалім әрбір қатысушы баланы мамандыққа баулып, есеюіне үлес қосады. Балалардың айналасындағы заттарды, көзге көрінетін-көрінбейтін қысқа бөлшектеріне дейін мынау не? анау қалай? деген мазасыз сұрақтарды көп қоятын кезеңі 3-5 жас аралығы. Ауызекі сөйлеудің қарапайым формалары осы жаста қалыптасып, бала айналасын тани бастайды. Білуге құмартатын кішкентай сәбилер осы жасында үлкендерге күніне 400 ге дейін сұрақ қояды екен. Естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш мейілінше сенгіш, еліктегіш, білуге құмар кезінде қала тұрмысындағы баланы қазақ тіліне үйретуді 3-6 жастан бастау дұрыс деп табылып отыр. Сол себепті мектепке дейінгі балалардың жан-жақты жетілуі үшін ойынның алар орны ерекше. Себебі балабақшадағы бүлдіршіндердің санасына ойын арқылы әсер ету, есінде қалатындай әдіс. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені. Қиынды жеңілдететін, жеңілді жадыңда сақтауға көмектесетін таптырмас тапқырлық. Балаларға рөлдік ойынды ойнату арқылы, өзара жақындасу, рухани түсунісу, қоғамдағы әртүрлі мамандық пен адам дәрежелерін түсіну сияқты пайдалы нәтижеге алып келеді. Оның үстіне рөлдік ойын кезінде бала сөз құрауды, сөзден сөйлем, сөйлемнен диалогқа үлестіріп, бірте-бірте ойын ашық жеткізетін жағдайға жетеді. Бала есін танығаннан қай тілде айналасын көріп-білсе, сол оның көкірек көзіне орнамақ. Сол себепті мектеп жасына дейінгі баланың тілін өз тілінде жетілдіріп, сөздік қоры жетпеген тұсын білдірмей, ойын арқылы жеткізу ең дұрысы. Рөлдік ойын - баланы қоғаммен тең болуға, сананасының есеюіне де түрткі болатын ең мықты әдіс.
Зерттеу тақырыбы: Рөлдік ойынның диалогтік сөйлеуді дамытуға әсері.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға рөлдік ойындар ойнату арқылы диалогтік сөйлеуін дамытуда әсерін анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге шолу жасау;
рөлдік ойындар арқылы баланың сөйлеу жүйесін қалыптастыру;
сөздік қорын дамытып, ойын еркін жеткізуге, диалог құруға үйрету;
рөлдік ойындарды мектепке дейінгі және мектеп білім жүйесінде дамыту;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеуін жете зерттеп, дамуын қадағаласақ. Рөлдік және басқа да ойын түрлері арқылы балаларды қызықтыра алсақ, курстық жұмыстың практикалық бөлігі өз міндетін атқарған болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар өткізілетін іс-шараларды зерделеу, мектеп жасына дейінгі және мектептегі балалардың сөйлеуін, диалогтағы басым ақсап тұрған тұстарын зерттеу. Анализ жасай отырып, рөлдік ойын барасында тәжірибеде тексеру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен (үш тарау), қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ДИАЛОГТІК
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Диалогтік сөйлеу туралы түсінік және оның мектеп жасына дейінгі
балалардың даму ерекшеліктері.
Диалог күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде үлкендермен, өз достарымен жүзеге асырылады. Мұндай қарым-қатынастың өзі баланың қойылған сұраққа дұрыс жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді. Диалогты байланыстыра сөйлеудегі тілге қойылатын негізгі талаптың бірі - оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағын тәрбиеші қызықты әсерлі түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлесу қажеттілігін тудырады. Оқылған ертегіні айтып беру, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейіне қойылған мақсатқа да байланысты.
Тәрбиешінің айтқан ертегісін зейін қоя тындап, ертегіні диалогты түрде айтып беруде, грамматикалық тұлғада, дұрыс байланыстырып айтуға үйретеді. Диалогты сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде, шығармаларда сахналар арқылы дамытылады.
Балбөбек бағдарламасы бойынша балабақша бөлімінде Мамандықтың бәрі жақсы тақырыбында балалар кейін кім болғысы келетінің сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйренеді. Байланыстырып сөйлеу үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырады.
Балалар диалогты байланыстыра сөйлеуін дамыту барысында режиссерлік ойындар және ойын драматизациялар баланың дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, лепті сөйлеу, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таң қалу, қуануды келтіріп айтуға жаттықтырады. Драматизациялық ойын кезінде тәрбиеші оқып берген шығармадағы өз рөлінің сөздерін, бала жүйелі түрде диалогты сөйлеу арқылы толық жеткізеді. Олай болса баланың тілін дамытуға алдымен бірінші сөйлеу процесін дұрыс жолға қоя керек.
Диалогты дұрыс сөйлеу дегеніміз - әдеби тілдік нормасының сақтап ойдың дұрыс берілуі. Баланың сөздік қорын байыту сөйлеумен байланыстыра жүргізіледі. Ал сөздік қорының баюы баланың байланысырып сөйлеуінің кепілі болмақ. Олай дейтініміз сөйлеу үшін бала өз ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу қажет [1].
Естиярлар тобында драматизациялқ ойында Балбөбек бағдарламасындағы жас ерекшеліктеріне байланысты халық ертегілерін аламыз. Мысалы Үйшік, Тырна мен түлкі, Жетіс қозы мен қасқыр т.б. ертегілерден кейіпкерлерді қимыл арқылы және сөзбен айтуы. Балалар әр қимылды айтылған сөзге қарап отырып жұмбақ ойынның шешуін айтады. Сұрақ-жауап әрі қарай жалғастырылады.
Естиярлар тобында Үйшік ертегісін сахналағанда, ата-аналар көмегімен дайындаған кеіпкерлердің дайын костюмдарын киіп, балалар берілген рөлдерін диалогты айту және қимыл арқылы ойнап шықты. Балалар ертегідей жағымды, жағымсыз кейіпкерлермен, олардың достарын осы ертегіде диалогты ойлау арқылы танысты және ауыз екі сөйлеуге үйренді.
Ересектер тобында Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналадық. Ертегіні сахналамас бұрын маскалар балалармен бірге дайындалдық, Дамирдың анасы билеттер, ақшалар, жарнамалар дайындап берді. Ертегідегі Мақта қыз бен мысықтың үйінің ішкі көрінісіндегі заттарды алдын ала дайындап, балаларға ертегідей рөлдер, карточкаларды үлестіру арқылы бөлініп берді. Кейіпкерлердің кейпіне ене отырып, кейіпкерлердің атынан балалар диалогты байланыстыра сөйлеу тілін дамыта айта білді. Рөлдерде ойнағанда көркем сөздермен танысып, сөздік қорларын толықтырды. Берілген ертегідей кейіпкерлерге байланысты балалар қуанышты, жалынышты, мұңлы дауыс ырғақтарын интонациясын дұрыс қойып айта білді.
Драматизациялық ойын мен бірге режисерлік ойынын да балалар диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында тигізер әсері мол. Режисерлік ойын - балалардың ойындарының бір түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың режисерлік ойыны кинодағы, спектакльдегі режиссердің іс-әрекетіне ұқсас келеді. Режиссерлік ойын балалардың бір мезетте әр түрлі рөлдерде орындауға және іс-әрекет пен сөздерді ойлауына ойынның дұрыс өтілуіне талап етеді. Балалар рөлдерде үлкендердің іс-әрекетіне дауыс ырғақтарына еліктеп айтулары балалардың сөйлеу тілін дамытуда үлкен әсерін тигізеді.
Ересектер тобында балалар фантазиясы өте жақсы дамиды. Балалар ойнау барысында үлкен кубиктерді машинаға, адамға, кірпішке, үлкен жұмсақ итті аюға, сұр матаның қиындысын қасқырға теңейді. Бала өзінің ойынан сценарий жүйесін өзі ойлап табады. Бұл сценарий жүйесі 2-3 сөйлемнен тұруы мүмкін. Бұл баланың өз тілек талабы. Бала сценарийдегі барлық рөлдерді өзі жалғыз орындайды, не болмаса 2-3 баламен ойнайды. Балалар ойнап жатқанда балалардың үлкендердің рөліне кіріп ойнап жүргенін көруге болады. Шаштараздың, дәрігердің рөліне еніп көрген іс-әрекеттерді қайталап 2-3 баламен диалогты сөйлеу арқылы ойнайды. Машина жүргізушісі, сатушының т.б. ойындар. Болашақта мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында режисерлік ойындар және оның драматизацияларды жиі ұйымдастырып кіші топтағы балаларға ертегілерді көрсету. Балалар айна тәрізді өмірде нені көреді соны қайталап көрсетеді.
Ерте жастағы баланың есеюі барысында сөйлеу тілінде үлкен өзгерістер орын алады. Диалогтық сөйлеу тілінен монологтық сөйлеу тіліне ауысады. Диалогтық және монологтық сөйлеу дегеніміз не?
Диалог - бұл бір немесе бірнеше адамның пікірлесушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімелесуі. Диалогтық сөйлеу тілі - мағыналық жағынан монологтық сөйлеу тіліне қарағанда жеңіл. Диалогтық сөйлеу тілінде тақырыптық сөйлесу, күнделікті тұрмыстық сөйлесуді қолдану, синтаксистік құрылымы жағынан күрделі емес, айтылуы, жеткізуі жеңіл болады. Диалогтық сөйлеу тілі - монологтық сөйлеу тілінің құрылуына негіз болады [2]. Сөйлеу тілінің негізгі бастамасы алғашқы кезеңі - ол қарым- қатынас болып табылады. Сөйлеу тілінің құрылымы диалогтық сөйлеу тілінен басталады. Бұл кезде сөзді айтушы және тыңдаушының рөлдері үнемі ауысып отырады. Баламен ең алғаш диалог құрушы - ол әрине, үлкендер болып табылады. Бұл кезде баланы әрқашанда сұраққа жауапты айтуға, жауап беруге жетелеу керек. Баланың сөйлеуге деген ынтасын, қабілетін баланың дыбыстарды дұрыс немесе бұрыс дыбысталуына қарамастан дамытып отыру керек. Дұрыс жауап беру негізі ол мән-жайды, іс-әрекетті түсіну болып табылады [9, 18 б.].
Диалогтық сөйлеу тілін дамытуға не көмектеседі? Олар - шынайылық, театрланған көрініс, әрекет, сұрақтар. Оның ішінде сөйлеу тілін дамытудағы ерекшелерінің бірі сұрақтарға тоқталайық. Сұрақтар - түрлі бірлескен қарым-қатынаста, әрекет барысында, күнделікті күн тәртібінде, серуен кезінде, суреттерді қарау барысында, тағы басқа кездерде қолданылады. Есте сақтай кетсек - өзіндік ерекшелігіне және қиындық дәрежесіне сәйкес сұрақтардың 3 түрін ажыратамыз.
Репродуктивті (жоспарлы) сұрақтар - бұл сұрақтар жеңіл, түсінікті болып келеді және жәй қана Иә, Жоқ деген жауапты талап етеді. Мысалы, Ойыншықты алғың келе ме? - Иә. Бұл кім? - Бұл әке. Бұл не? - Бұл доп.
Не істеді? - Ойнады! -деген сияқты сұрақтар.
Ізденуші (зерттеу) сұрақтары. Олар кішкене күрделі және құрылымы толық сөйлеммен жауап беруді талап етеді. Мұндай сұрақтарға жауап беру сөйлемнің бастапқы сөзінен басталады. Мысалы: Мысық қайда ұйықтап жатыр? - Мысық үстелдің үстінде ұйықтап жатыр. Балалар қайда барады? - Балалар мектепке барады!
Мәселелі сұрақтар - бұл сұрақтар мәселелі Неге? Не үшін? деген сөздерден басталады. Сұрақтар құрылымы бойынша күрделі және ойландыратын, ойды қозғайтын жауап беруді талап етеді. Бала жауап беру кезінде себеп салдарын анықтай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Сөйлеу қабілеті - бұл барлық әрекеттің жүзеге асуының негізгі құрамдас бөлігі және алғашқы шарты болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымда баланың сөйлеу тілін белсенді дамыту тек қана арнайы дайындалған оқу қызметінде ғана емес, басқа күн тәртібі кезінде, баланың балабақша ішінде болған барлық уақытында жүзеге асуы керек. Бала күнделікті таңертең балабақшаға келгенде топта баламен күнделікті тұрмыста орын алатын жағдайлар туралы әңгімелесуге болады. Балалар өздерінің жасаған әрекетін, өздерінің белсенді сәттерін, өздеріне қызықты болған жағдайларды белсенді айтуға тырысады. Серуенге шығу баланың эмоционалдық жай-күйінің және сөйлеу тілінің белсенділігін тудырады. Баламен серуенге шығу кезінде және басқа күн тәртібіндеі бос уақытта түрлі ойындар ойнау арқылы баланың сөздік қорының кеңеюіне көмегін тигізеді. Мысалы, Орманға саяхат қимылды ойынында балалар ормандағы тіршілік иелерінің атауымен және олардың тұрақтарымен, мекен ететін жерлерінің атауын, олардың төлдерінің атауын айтып, жаңа сөздерді меңгеріп, есте сақтайды [21, 16 б.].
Дидактикалық ойын: Сөз құра түбірлі сөздерді атауы керек. Мысалы, бас-қа, бас-тық, бас-шы, бас-пал-дақ, бас-қару, бас-у, тағы басқа.
Серуенге шығу кезінде сұрақтың барлық түрлерін қойған тиімді.
Аппликация, сурет салу, құрастыру оқу - қызметінде бала өзінің жасап жатқан және жасайтын немесе жасап болған әрбір әрекетін мазмұндап айтып түсіндіруі керек. Оны айтуға қиналған балаларға, педагог (тәрбиеші) балаға өзі ынталандырушы сұрақтар қоюы керек. Мысалы, Қазір не жасап жатырсың?, Ненің суретін салдың?, Енді не жасайсың?, Саған ол үшін не керек? - деген сұрақтарды және керісінше балаға да (өз әрекеті) туралы ересектерге өз сұрағын жүйелі қоюды үйрету керек. Баланың сөйлеу тілін дамытуда - көркем әдебиет, көркем шығармаларды тыңдау мәдениетін қалыптастыру керек. Балалар аңыз әңгімені, ертегілерді, өлең- шығармаларды қызыға тыңдайды және сұрақ қою арқылы түсінеді.
Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы.
Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым Петровский баланың өсіп, жетілуінің жеті кезеңін көрсеткен: 1) туғаннан 1-2 айға дейін - жаңа туған бала; 2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін - нәресте; 3) 1-ден 3-ке дейін - ерте сәбилік шақ; 4) 3-тен 7 жасқа дейін - мектепке дейінгі балалық шақ; 5) 7-ден 11-12 жасқа дейін - бастауыш мектеп шағы; 6) 12-ден 14-15 жас аралығы - балаң жас өспірімдік.
Ғалымдар жіктемесіне сүйене отырып, осы ғылыми жұмысында аталған кезеңдегі баланың сөйлеу тілінің дамуын, оның сөздік қорын, сөйлеу үрдісінде кездесетін қателіктер, дыбыстық ерекшеліктер бар екенін атап көрсетеді. Атап айтар болсақ, бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы үлкендерге сұрақ қою, көргені мен естігенін қайталау арқылы ақпарат жинайды. Соның негізінде баланың ойы дамып, тілі шыға бастайды. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болғанға дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала естіген сөзін бірден қайталай алмайды. Мысалы бала енді сөйлеуге талпынып жүрген кезінде, тамақ сөзін намақ, алманы, ама деп қысқартып айтады. Ғалымдардың пікірінде бұл қате болып саналмайды. Дегенмен, баланың психологиялық және физиологиялық даму қарқынына да назар аудару керек. Себебі, баланың танымы мен түсінігінің дамуы, тілінің дұрыс шығуына әсерін тигізеді. Бала тілі шығамын, сөйлеймін дегенше бірнеше кезеңнен өтеді [5, 95 б.].
Айқайлау және жылау - бұл нәрестенің өзіне назар аудартудың алғашқы
әдістері. Дені сау бала интонациямен жылайды.
Бір айдан кейін бала ересек адамның сөзін тыңдай бастайды, олардың оған
сөйлеп жатқанын түсінеді және тынышталады. 5-8 аптада нәресте күле бастайды. 8 аптадан кейін оның күлкісі саналы болады. 9-12 аптаға дейін бала біртіндеп күлуді үйреніп, игереді.
6-8 аптадан бастап, кейде ертерек нәресте ымдап дауыс шығаруды үйренеді.
Нағыз немесе ән секілді баяу дауыс шығару кешірек пайда болады. 2-3 ай шамасында. 5-6 айға қарай дыбыстар күрделене түседі және танымал буындар пайда болады. Әдетте бала оларды айтпайды, бірақ өлең секілді әндетеді. Алтыншы айға қарай нәресте қайталанатын қысқа буындарды шығара бастайды. Мысалы, ма-ма-ма. Бұл баланың былдыры.
9-ай шамасында баланың былдыры интонациялық сөйлеуге көшеді.
Заттардың атауы ретінде сөздер болмауы мүмкін, бірақ дыбыстар - буындар ана тіліне тән құрылымдардан құралады. Бала оған қаратып сөйлеген кезде, жаңа сөздерді естіген кезде былдырлайды. Сондай-ақ, ол кейбір сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. Және оған жауап береді.
1 жасында нәресте заттарды анықтайтын атаулы сөздерді айта алады: Әдетте
анасы, әкесі, би-би-машина. Сонымен қатар, бала объектілерді тірі ғана емес, сонымен қатар суретте де ажыратады, бұл абстрактілі ойлаудың дамуын көрсетеді [7, 29 б.].
Балалардың сөйлеуі негізінен ситуациялық және диалогтық болып қала береді, бірақ күрделене түседі. Сөздік қоры жылына орта есеппен 1500 сөзге дейін артады. Жеке айырмашылықтар 600-ден 2300 сөзге дейін. Сөйлеудің сөздік құрамы: зат есімдермен салыстырғанда етістіктердің, сын есімдердің және сөйлеудің басқа бөліктері өзгереді. Сөйлемдердің ұзындығы артады, күрделі сөйлемдер пайда болады. Төрт жастағы балалардың сөйлеуінде тағы бір ерекшелік бар. Ол кез-келген іспен айналыса отырып, балалар көбінесе өз әрекеттерін басқаларға түсініксіз үнсіз сөйлеумен "құралдармен" сүйемелдейді. Бұл "өз-өзімен сөйлесу " балалардың дамуы үшін үлкен маңызға ие. Олардың көмегімен бала өзінің алдына қойған мақсаттарын жадында сақтайды, жаңа жоспарлар жасайды, оларға жету жолдарын ойластырады, ақыр соңында ол өмірде жасайтын әрекеттерді орындайды [10].
3 жас бойына балалардың мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:
айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты
түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, барлық сөз таптарын
пайдалана отырып, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
сөзді пайдалануды кеңейту - өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сұрақтар
қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым-қатынас жасау себептерін ұлғайту;
айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары
туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі және т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын
жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме өлең тыңдауды жақсарту;
мәдени тілдің дағдыларына - ақырын, асықпай, оның үстіне қолдарды
ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу [8, 43 б.].
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар пайдаланылады. Балалардың сезімдік тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуендеу кезінде, үйде бақылай отырып, картинаны қарап, оларға әлденені көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай, сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты анықтап, заттардың қасиеті мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет. Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет. Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не істейтінін, қайда баратындарын және т.б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның дамуына жәрдемдеседі. Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz