Жасыл химия принциптерін оқытудың әдістемесін жасау, оны енгізу жұмыстары
Жасыл өндіріске - жасыл химия арқылы.
Кіріспе
А) Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі
Тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады.
Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.Осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз.
Астанамның көгінде
Алаулаған күн қандай!
Бұлбұлдары сайраған
Бұйраланған бақ қандай!
Теректері жайнаған
Жасыл бантик таққандай
Самал желмен таранған
Қызғалдақты қыр қандай!
Жер бетіне сан алуан
Жалау өсіп тұрғандай.
Көктем - шуақты мезгіл. Көктем келіп, жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді. Құстар сайрап, барлық жан - жануар, тіршілік оянады. Көк шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Жылғалардан су ағып, сең жүреді. Күн күркіреп, найзағай ойнап, жауын жауады.
Маусым айы- жаздың басы. Сенің туған жерге саяхат-жорығың да осы айда басталады. Кешқұрым дала түрлі қимылдарға толады. Мал қораға келеді.
Түні қандай тұнық десеңші! Ай сүттей жарық. Шартабақтай жарқырап, түнімен жер бетіне күміс сәулесін төгеді де тұрады.
Арайлы таңды айтсаңшы, шіркін! Сен елең - алаңнан оянып, жаз таңын қарсы алып көрдің бе? Күн шығыс жақ балқыған нұрға бөленеді. Таңмен бірге оянған бұлбұл әні көңілді әлдилейді. Гүлдер де бой түзеп, таңғы ауаны құшырлана сіміреді.
Құстардың шырылдаған әсем үндері естіледі.
Алқаптарда қалықтаған үйме-үйме шөмелер жапырлайды. Тау-тау маялар бой көтереді.
Аспанда қалықтаған бұлт аз. Күнтас төбеге көтеріледі де,жер беті жетіле түссін дегендей, мол нұрын төгеді. Күн айналып жерге түскендей ыстық болады. Жеміс-жидек, алма, өрік сары ,қызыл бояулармен бояна бастайды.
Бау-бақшаға кірсең, орман араласаң, самсаған жидекке қарық боласың. Осындай шілденің дастарханына тамыз өз шашуын дархан дастарханына тамыз өз шашуын шашады.
Тамылжыған жас иісті,
Жазғы жасыл көк дала
Жайылған жібек кілемдей,
Қызылды-жасылды, көк ала.
Жазда күн ұзақ, түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті, құм да, тас та қызып кетеді.
Күз-барлықтың, байлықтың айы. Қиырына көз жеткісіз алтын толқынды теңіздерде мыңдаған дала кемелері жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына сыймайды.
Бұл мезгілде құс атаулының көші басталады. Ұзақ сапарға шығатын достарына жол жоралғысын жасап, суық торғай мазасыз күйд. Оларды шығарып салып, шыр-пыр болып жүр.
Ә) Жасыл энергия
Ғылым-техниканың дамуына байланысты энергияға деген қажетілік артып, жаңартылмайтын энергия көздерінің көп мөлшерде қолдануынан экологиялық ортаның ластануы туындады. Осыған байланысты қазіргі таңда әлемде жаңартылатын энергия көздерін қолдану басты тақырыпқа айналды.Жасыл энергия көздерін қолдану,жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана біліуказіргы таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін маселелердің бірі. Осы салада еңбектену,тиімді энергияны пайдалану, теория мен істі бірлестру, ғылым үшін үлес қосу біздің колледжіміздің шеберханаларында басты ұстаным болмақ.
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің шеберханаларында толықтай барлық жағдай жасалынып жатыр. Электр станцияларының және электр желілерінің электр жабдықтары және көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану мамандықтары бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналғанарнайы шеберханалар жұмыс жасауда. Атап айтатын болсақ 2013 жылдан бастап шеберханамыз қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталды.
Күн сәулесінен электр энергиясын алатын күн панельдерін шығару шеберханасы іске қосылды. Бұл шеберханада білім алушылардың көмегімен күн панельдерін дайындап шығарамыз. Білім алушылар алған теориялық білімдерін аталған шеберханада тәжірибелі түрде негіздеп, іс жүзінде тексеріп, оларды орнатып нәтижесін алады. Қазіргі уақытта ішкі жарықтандыру жұмыстары үшін күн панельдері қолданылып жатыр. Алдағы уақытта колледжімізге қажетті энергияны толықтай күн энергиясынан аламыз деген ойдамыз. Осындай табиғи, сарқылмайтын энергия көзін пайдалану - қазіргі заман талабы.
Білім алушыларымыз үшін электромонтаждық тәжірибе сабағы кезінде пәтерлердің жарықтандыру көзін монтаждау, электр санауыштарды орнату, асинхронды қозғалтқыштар мен синхронды генераторларды қосу, қашықтықтан басқару, бақылау жұмыстарын жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Ал, электр өлшеу тәжірибесінде оқушылар өлшеуіш құралдармен жұмыс жасауды және оларды қосу сұлбаларын жинауды үйренеді.
Біздің оқу орнымызда электр жарығын үнемдеуге арналған диодты шамдар шығаратын шеберхана бүгінгі күні жұмыс жасауда. Бұл шеберханада оқушылар қарапайым шамдарға қарағанда артықшылығы коп, төменгі куатты диодты жарық шамдарын жасап шығарады. Бұл шамдар күнделікті қолданылып жүрген шамдармен салыстырғанда жарықты 2-3 есе артық береді, қоректену тогы адам өміріне қауіпті емес және кернеу деңгейі төмендеген жағдайда да қалыпты жұмысын жалғастырады.
2014 жылдан бастап арнайы дәнекерлеу алаңы іске қосылды. Дәнекерлеу тәжірибесінде білім алушылар дәнекерлеудің төрт түрін үйреніп шығады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған дәнекерлеу алаңы 7 бөлімге бөлінген, яғни оқушыларға жеке-жеке жұмыс істеу мүмкіншілігі қарастырылған. Жұмыс барысының әр бөлімі бейне бақылаумен бақыланып, қашықтықтан басқаруға, қадағалауға мүмкіндіктер жасалған.
Теория мен тәжірибе - егіз ұғым. Әрбір білімгер жастар өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырабілсе ғана, өз мамандығын жетік меңгерген, еліне қажетті білікті маман иесі болары сөзсіз. Еліміздің еңсесін көтеріп, туын көкте желбірету үшін Елбасымыз айтқандай бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда сапалы білімді тұлғаның биік тұратыны ақиқат. Біздің мақсатымыз тәрбиелі, білікті, білімді еліміздің болашағы үшін аянбай үлес қосатын жас мамандар дайындау.
Зерттеудің мақсаты: адам факторы мәселесін қозғай отырып, болашақ жаыл химия өндірісіне апаратын жасыл химия көздерімен танысу, болашақ энергиясының пайдалы жақтарын айқындау.
Негізгі бөлім
А) Жасыл өндіріске - жасыл химия арқылы
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында ел өмірінің барлық салаларында тұрақтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындап берді. Олдамудыңэкономикалық, экологиялық, әлеуметтікжәнесаясифакторларыықпалд асуыжәнеҚазақстанхалқыныңөмірсүруса пасынарттыруғабағытталғанбіртұтаспр оцессболуытиісдепкөрсетті [2].
Әлемдіктәжірибекөрсеткеніндей, химиялықөнеркәсіпғылыми-техникалықп рогрестіңдеңгейінанықтайды, сондықтандамемлекеттіңхимияландырыл уысолелэкономикасыдамуыныңкөрсеткіш іболыптабылады. АҚШпенЖапонияныңөнеркәсіптікөндіріс тегіхимиясаласыныңүлесі 6,5%, Қытайда - 7,7%, ЕҚелдерінде - 4,6% құрайды.
Қазақстанөнеркәсібініңхимиялықсалас ыҚазақстанРеспубликасыэкономикасыны ңбазалықсаласыболыптабыладыжәнеоның жалпыөнеркәсіпқұрылымындағыүлесі 7,6% құрайды.
БіріккенҰлттарҰйымыныңтұрақтыдамубо йыншаконференциясында (Рио+20, 2012) күнтәртібініңбастымәселесікедейшілі ктіжоюдыңстратегиялықжолыретінде жасыл экономикағажәнетұрақтыдамудыңинстит уционалдықаспектілерінеарналды. Жасылэкономика - адамдардыңәл-ауқатынжоғарылататын, әлеуметтікәділеттіктіқамтамасызетет інжәнесоныменбіргеқоршағанортағакел етінқауіппеноныңазуынайтарлықтайтөм ендететінэкономикаболыптабылады.Ж асылэкономика еліміздіңорнықтыдамуынқамтамасызету діңмаңыздықұралдарыныңбіріболыптабы лады.Жасылэкономикаға көшуҚазақстанныңәлемніңнеғұрлымдамы ған 30 елініңқатарынакіружөніндеқойылғанма қсатқақолжеткізуінқамтамасызетеді [3].
Бүгінгітаңдахимиялықкөзқарасбойынша әлемдікпроблемаларғажатады:
атмосфера (ластануы, фотохимиялықтүтін, қышқылдықжауындар, озонқабатыныңдеградациясы, әлемдікклиматтыңөзгеруі);
гидросфера (ластануы, тұщысудыңжетіспеуі);
топырақ (ластануы, құнарлығының төмендеуі);
энергетика (энергетикалық тоқырау, қазба отындар, энергияның қайта қалпына келетін көздері);
табиғи ресурстар мен қоршаған орта химиясы;
тұрғын халық (халық санын бақылау, аштық, денсаулық проблемасы және медициналық химия);
білім беру және бұқаралық коммуникация құралдары (балалар мен жастар, жұртшылық, шешім қабылдайтын тұлғалар мен саясат) [4]. Бұлпроблемаларды шешу тұрақты даму тұжырымдамасының міндеттері болып табылады.
Тұрақты даму бүгінгі заманауи ғылым мен технологияға ерекше жүк артады. Соның ішінде химияға ерекше мән береді, себебі химия тіршіліктің молекулалық негіздері мен табиғи қоршаған ортаның тұрақтылық факторларын зерттеуден бастап, тұрақты болашақты қамтамасыз етуге қабілетті жаңа өнімдер мен энергия көздерін жасауға дейінгі кең міндеттерді шешуге мүмкіндігі бар.
2011 жылды Халықаралық химия жылы деп жариялау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарарында ұзақ мерзімді тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асыруда химия ерекше рөл атқарады деп көрсеткен: Химиялық үдерістерді тану заманауи медицинаның негізіне жатса, химиялық білімдер ғаламдық климаттың өзгеру проблемасын шешуде, адамзатты тұрақты таза су, тағам, энергия көздерімен қамтамасыз етуде, адамзаттың әл-ауқатының негізі - биосфераны сақтау үшін қажет. Сондықтан да, қоғамның планетарлық тұрақтылықтың шекараларын анықтаудағы химиялық процестердің іргелі мәнін түсінуі аса маңызды. Әлемдік өркениеттің даму бағытын өзгерту үшін оның химиялық негіздерін өзгерту қажет. Бұл проблеманың химиялық жақтарын өзгертуге жауапкершілікті ең беделді химиктердің бүкіләлемдік ұйымы - Халықаралық таза және қолданбалы химия одағы (ИЮПАК) алды. Әлемдік химия зиялыларының бірқатар талқылауларының нәтижесінде жалпы әдіснамалық тұжырымдама жасалды. Адамзат қауымдастығы дамуының жағдайларын қолайсыз жағдайлардан қолайлы жағдайларға өзгертуге жағдай жасайтын химияның бағыты Жасыл химия деп атала бастады. Химияның мұндай бүкіләлемдік даму негізіне барлық бағыттағы химиктердің өз жұмыстарында экологиялық тиімділік, жаңа әдістермен заттар алу мен жаңа химиялық технологиялардың энергетикалық және химиялық тиімділіктері мәселелерін ескеруге мүмкіндік беретін принциптер алынды [5].
Жасыл химия (Green Chemistry) -- химиядағы жаңа ғылыми бағыт, оған қоршаған орта мен адамға еш зиян келмейтін химиялық үдерістерді кез келген жетілдіру жолдары болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Әлемнің көптеген лабораторияларында жасалып жатқан жаңа химиялық реакциялар мен үдерістердің жаңа схемалары көптонналы химиялық өндірістердің қоршаған ортаға деген зиянын түбегейлі азайтуға бағытталған. Жасыл химия тек қауіпсіз өнеркәсіптік процестерді ендіретін химия ғылымының саласы деп қана айтуға болмайды. Жасыл химия - қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жоюға бағытталған революциялық философия деп те айтуға болады. Сондықтан да "Жасыл химияны" - тұрақты даму жолындағы химия деп те атайды, себебі жасыл химия бүгінгі түршіліктің сапасын жақсартуды ғана ойламайды, болашақ ұрпақтың да өмірін жақсартуға бағытталған, қазіргі таңда "жасыл химия" химия ғылымының да шегінен шығып, энергетикадан бастап, қоғамның тұрақты дамуына дейінгі салаларға таралып отыр. Жасыл химия бүгінгі күні 3 негізгі бағыт бойынша дамуда:
Жаңа таза "жасыл синтездеу" әдістерін жасау (әсіресе каталитикалық реакциялар);
Дәстүрлі органикалық еріткіштерді жаңа таза "жасыл еріткіштерге" ауыстыру;
Қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан химиялық өнімдер алу [6].
Нақты әлемде абсолютті қауіпсіз технология, абсолютті зиянсыз өнімдер т.б. болмайды. Тек қоғам үшін тиімді қауіптілік деңгейіне жету және сол деңгейді ұстап тұруымыз мүмкін [7]. Сондықтан да қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені барынша азайтатын жаңа технологияларды іздеу проблемасы бүгінгі таңда өзекті проблеманың бірі. Мұндай технологияларды таңдаудың негізгі критерийлеріне тек экономикалық тиімділігі ғана емес, экологиялық тиімділігі де ескеріледі. Экологиялық тиімді үдерістерді жасау кезінде дәстүрлі үдерістердегі ұстанатын басты тұжырым химиялық шығымды ғана ескеруден бас тартып, экономикалық тиімділікті бағалайтын - зиянды ағын сулар болмайтын, улы немесе зиянды заттарды пайдаланудан бас тартатын тұжырымдаманы ескеруге көшуді талап етеді [8,9].
Ең ірі инновацияны Р.Шелдон ұсынды: Е-фактор = қалдық массасы мақсатты өнім массасы, бұл химиялық үдерістің экологиялық тиімділігін бағалау өлшемі, үдерістердегі мақсатты өнімнің шығымын бағалағаннан ғөрі, үдерістердің экологиялық әсерін бағалаған дұрыс. Үдерістің жасыл қасиетін атомдық тиімділік (АТ) түсінігімен де бағалайды.
АТ = ММмақсатты өнім ΣММқалған өнімдер, мұндағы ММ - молярлық масса.
Бұл екі көрсеткіштердің арасында айырмашылық көп, Е-фактор өнімнің бір килограмына келетін қалдық мөлшері (еріткіштер, пайдаланылған катализаторлар, керексіз жанама өнімдерді қосқанда), бұл АТ анықтау кезінде пайдаланатын стехиометриялық теңдеуге қосылмаған. Бұл өте маңызды, себебі өнеркәсіптік үдерісте түзілетін жалпы қалдықтардан ғөрі, қосымша түзілетін қалдықтар көп болады (1-кесте).
1-кесте. Түрлі химиялық үдерістер типі үшін Е-фактор шамасы
Е-факторХимиялық өнім0,1Мұнай-химиялық өнімдер1-5Негізгі органикалық және бейорганикалық синтез5-50Таңдамалы органикалық синтез (парфюмерия т.б.)25-100 жоғарыДәрі-дәрмектер
Ұлыбританияда атомдық тиімділік пен Е-фактор мемлекеттік деңгейде мойындалып, жаңа өнеркәсіптік үдерістерді бағалау үшін пайдаланылады.
Егер Е-фактор өлшемі көп болған сайын, реакция немесе үдерістің жасылдығы азаяды.
Жаңа синтездеу жолдарына ең көп тараған, реакцияның энергетикалық тосқауылын кемітетін катализаторларды пайдалану жатады. Көптеген жаңа каталитикалық үдерістердің атомдық тиімділігі жоғары. Мысалы, Монсанто фирмасы жасаған, сірке қышқылын метанолдан, СО-мен родий катализаторында синтездеу үдерісі 100% шығыммен жүреді. Молекулаларды активтеу үшін локалды энергия көздерін (фотохимия, микротолқынды сәулелендіру) пайдалану энергия шығындарын азайтатын басқа да бағыт бар.
Дәстүрлі органикалық еріткіштерді ауыстыру бағытында аса критикалық сұйықтықтарды, негізінен, көмір қышқылы газын, суды көбірек пайдалану, аммиак, этан мен пропанды аз дәрежеде пайдалану.
Қайта қалпына келетін ресурстардан химиялық өнім алу бағытында мұнайдың орнына биомассаны кең пайдалану арқылы алуан түрлі заттар-биоотын, химикаттар, дәрілер, парфюмерия, құрастырымдық материалдар және т.б. алу.
1998 жылы П. Т. Анастас и Дж. С. Уорнер "Жасыл химия: теориясы мен практикасы" кітабында "Жасыл химияның" 12 принципін көрсеткен болатын [10]:
Қалдықтарды қайта өңдеп және тазалағанша, шығындарды болдырмау қажет;
Синтездеу әдісін таңдағанда, процесте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау қажет;
Синтездеу әдісін мүмкіндігінше, пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы да адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау қажет;
Жаңа химиялық өнімдерді жасау кезінде, бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту қажет;
Өндірістегі жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді типті қолданбау, егер мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы тиіс;
Міндетті түрде энергетикалық шығындарды және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтезді мүмкіндігінше қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс;
Бастапқы және жұмсалған материалдар барлық жағдайда қайта қалпына келетіндей болуы тиіс, онда техникалық және экономикалық жағынан тиімді болмақ;
Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтындай болуы тиіс;
Әрқашанда каталитикалық процестерді жүргізген дұрыс (мүмкіндігінше селективті);
Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, қауіпсіз өнімдерге дейін ыдырайтындай болуы қажет;
Аналитикалық әдістемені дамыту қажет, себебі нақты уақытта түзілген қауіпті өнімдерді қадағалап отыру үшін қажет;
Химиялық процестерде қолданылған заттар мен заттар формаларын таңдаған кезде, химиялық қауіптіліктің, қопарылыс, өрт қауіптілігі минималды болатындай таңдау қажет.
Халықаралық Жасыл ассоциация құрылған, ұлттық және халықаралық конференциялар өткізілуде, журналдар мен кітаптар шығарылуда. Жасыл химия үнемшіл өндірістің принциптеріне жауап беретін болғандықтан, оны Үнемшіл химия (Lean chemistry) деп те атайды [11, 12].
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2005-2014 жылдарды Тұрақты даму үшін білім беру онжылдығы деп жариялаған болатын. Венецияда өткен Үлкен сегіздік дамыған елдерінің білім және ғылым министрлерінің мәжілісінде Жер өркениетінің тұрақты дамуы тұжырымдамасын қабылдау мен қолдану бойынша барлық бағыттағы мамандардың белсенді позициясын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған бастама бағдарламасын қарастырды. Осы бастаманы жүзеге асыру үшін арнайы білім беру орталықтары ашылған. Жасыл химия курсы алғаш Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) химик және химик-технолог студенттерге оқылған. Бүгінгі таңда "Жасыл химия" әлемнің көптеген университеттерінде, орта білім беретін мектептерде, орта кәсіптік білім беру колледждерінде оқытылады. Еуропа мен АҚШ-да жасыл химияға оқыту 6 жастан бастайды екен, ал Интернетте мектеп оқушыларына арналған арнайы оқыту сайттары бар.
Химия университеттік экологиялық білім берудің негізіне жататын жаратылыстану ғылымына жатады. Сондықтан да, ЖОО студенттері "Жасыл химия" тұжырымдамасын меңгеруі қажет, себебі ол біздің болашағымыз. Жасыл химия химиктердің жаңа буынының идеологиясы болуы, жасыл химия саласындағы білім беру тек заманауи ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс. Жасыл химия заманауи химияның дамуының негізгі стимулы бола отырып, жасыл технологияларды дамытып, жасыл экономиканың қозғаушы күштерінің бірі болмақ.
Ең алғаш Жасыл химиядан дәрістер курсы Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) химик және химик-технолог студенттеріне арналып оқылған. Қазіргі таңда жасыл химия әлемнің көптеген университеттерінде оқытылуда, мысалы, Мидлсек Университеті (Middlesex University, Ұлыбритания), Колумбия колледжі (Columbia College, АҚШ), Скрэнтон Университеті (University of Scranton, АҚШ), Йорк Университеті (York University, Ұлыбритания), Сарагосы Университеті (University of Zaragoza, Испания) және басқалар. Ресей оқу орындарында Жасыл химиядан ғылыми - білім беру орталықтары: 2006 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік университетінде - Тұрақты даму жолындағы химия - жасыл химия, 2010 жылы - Астрахань Мемлекеттік университетінде Жасыл химия ғылыми - білім беру орталықтары құрылған.
Жасыл химиядан мамандар даярлап, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу ТМД елдерінде жүргізілуде. Атап айтсақ, Д.И.Менделеев атындағы Ресей Химия - технологиялық университетінде 05.04.06 - Экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша бағыты Тұрақты дамудағы жасыл химия магистрлік бағдарламасы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде - Тұрақты даму бағытындағы химия магистрлік бағдарламасы және АстраханьМемлекеттік университетінде Жасыл химия бағдарламасы бойынша мамандар даярлана бастаған. Сонымен бірге Химия факультеттерінде игерілетін басқада да химиялық пәндерге Жасыл химияның негізгі қағидаларын енгізу мәселелері де қарастырылуда.
Осы тұрғыдан қарастырғанда Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу жағдайында Арал аймағының ғылыми-білім, индустриалды-инновациялық дамуының қозғаушы күштерінің бірі болып табылатын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түрлі бағыттағы болашақ мамандардың белсенді ұстанымын қалыптастырып, қызығушылығын дамытуда әлемдік өркениеттің тұрақты дамуы мен Жасыл экономика жобасын қабылдап, қолданудың инновациялық білім беру және ғылыми бағдарламаларын құрастырып, енгізуі қажет. Осы бағыттағы алғашқы қадам Химия және экология кафедрасындағы 6М011200-Химия мамандығы магистранттарына биылғы оқу жылында Жасыл химия элективті курсы оқытыла бастады. Сонымен қатар, кафедраның бұл бағытта жоспарланған жұмыстарына:
5В011200-Химия бакалавриат мамандығы студенттеріне 2015-2016 оқу жылында Жасыл химия элективті курсын енгізу;
орта мектеп химия курсында Жасыл химия принциптерін оқытудың әдістемесін жасау, оны енгізу жұмыстары;
ең басты жұмыс - бүгінгі жастарды Жасыл химия принциптеріне негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға, ғылыми жобалар жасауға баулу болып табылады. Бұл бағытта өткен жылы кафедрада мектеп оқушыларына арналған Жасыл экономикаға жасыл химия арқылы облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Болашақта жасыл білім беру, жасыл университет, жасыл химия, жасыл технология, жасыл экономика, жасыл өсу, жасыл әлем ... . түсініктері жиі қолданылатын түсініктерге айналмақ.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілерқабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.
Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады. Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қолға алынған.
Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВтсағатқа жетеді екен. Солай бола тұра, қазіргі таңда Қазақстанның басты қуат көздеріндегі СЭС-тің үлесі тек 12,3%-ды құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес, Қазақстан бірнеше, атап айтсақ, қуаты 300 МВт-қа тең Мойнақ СЭС-і, 49,5 МВт-ты құрайтын Кербұлақ СЭС-і мен қуаты 68,25 МВт Бұлақ СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды бастап кетті.
Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары, жылына 0,929-дан 1,82 млрд кВтс-қа жетеді. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, яғни 50 мың шаршы метрге тарта аумақта желдің жылдамдығы 6 мс-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Жоңғар қақпасының жел энергетикалық ресурстары мен Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады.
Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Сол себепті, еліміз 2011 жылдың наурызында Жамбыл облысында екі бірдей ірі жобаны - Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) жел энергетикалық кешенін іске асыру жұмыстарын бастады. Олардың құрылысына құйылған инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Сонымен қатар, 2014 жылға қарай мемлекеттің қолдауымен 51 МВт қуаттылықпен Шелек дәлізі, Жоңғар қақпасы (алғашқы кезеңде 50 МВт) аумағында, ШҚО Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикалық кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Желді адамдар мыңдаған жылдар бойы энергия көзі ретінде пайдаланып келді. Жел энергиясы арқылы желкенмен жүзген. Дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін жел диірменін пайдаланды, қажеттілігіне жаратты. Осыдан-ақ адамзат үшін жел энергиясының маңызы ешқашан жоғалмайтынын пайымдауға болады.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВтсағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс.
2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 91 МВт күн қондырғыларын іске қосу қарастырылған. Сонымен бірге, Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын өндірістік база құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Күн батареялары қатты кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегіден кейін ең көп таралған элементтердің бірі. Фотоэлектрлік станциядағы 1 келі кремний өндіретін энергияның көлемі жылу электр станциясында 75 тонна мұнай жұмсап өндірілген энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы десек те артық айтпаймыз.
Биологиялық отынды қолдану белгілі бір көлемде қордың жиналуына ықпал ететінін атап өту керек. Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВтс электрлік және 44 млн гигакалориялы жылу энергиясын алуға болады екен. Биогаз өміріміздегі экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды шешуге қауқарлы. Биогазды жарықтандыруға, үй жылытуға, тамақ пісіруге, көлік, электр генератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады. Ғалымдардың есептеуінше, 1 м2 аумақты жылыту үшін жылына 45 м3 биогаз қажет, ал су жылыту үшін күніне 5-6 м3 биогаз керек.
Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету екенін айттық. Әлемдік тәжірибеде солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды - негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар.
Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.
Мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика кенже қалған. Өкінішке қарай, бірнеше құрылысты, атап айтқанда, жел энергетикасы кешендерін салуға талпыныс жасалғанымен республикамызда бүгінгі күнге дейін бұл салада бірде-бір ірі жоба іске қосылмаған екен. Мәселен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,03%-ды құраған. Яғни, жалпы энергия көлемінің бір пайызына да жетпейді. Бұл дегеніміз, бұл саланы әлі де болса жетілдіре түсу қажет екенін көрсетсе керек. Салыстыру үшін айтсақ, тіпті, озық қалпына келетін энергия көздерін қолдану бойынша әлемдік аутсайдерлердің қатарына кіретін Ресейде де оның үлесі төмен, жалпы өндірілген энергияның бар-жоғы 1%-ын құрайды. Сонымен қатар оның базасында алынған жылу энергиясы 3%-ға жуықтайды.
Ірі су электр станцияларында өндірілген энергияларды есепке алғанда Қазақстанның энергия балансындағы қалпына келетін энергия көздерінің үлесі 12,3%-ға әрең жетеді.
Қазақстанда соңғы жылдары қалпына келетін энергия көздерін қолдауға бағытталған заңнамалық базалар мен бірқатар салалық бағдарламалардың қабылдануы бұл саланың дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Республикалық заңнамалық базаның маңызды ережелерінің қабылдануына байланысты қазірдің өзінде Қазақстандағы қалпына келетін энергия көздері жобасына инвесторлардың қызығушылығы артып жатыр. Оның ішінде Қытай және Германия сияқты жетекші елдердің де инвесторлары бой көрсетуде.
Киота келісімдерін іске асыру аясында климаттың өзгеруі жөнінде Копенгагенде өткен коференцияда Қазақстан парник газдарды 1992 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2020 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндеттемелер алды. Атап айтқанда, 2010-14 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарлама аясында 2009 жылмен салыстырғанда атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды кем дегенде 5,9%-ға төмендетуге уәде етіп отыр.
2009 жылы қабылданған Қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңы электрлік және жылу энергиясы өндірісі үшін қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітті. Бұл Заң қайта қалпына келетін энергия көздері жобасына арналған инвестициялық артықшылықтар беруді, нарықта және оларды желілер бойынша беру кезінде таза электр энергиясын пайдаланудың басымдықтарын қарастырады, сонымен қатар мемлекеттің бақылауындағы сертификаттар жүйесі арқылы қолдау көрсетеді.
2020 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz