Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Н.5-28
Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Өнер және спорт жоғары мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Тақырып: 8-сыныптағы Сәндік-қолданбалы өнер бөлімін оқытуда ынтымақтастық технология әдісін қолдану

_________________
(баға)


Оқытушы: Оқытушы-сарапшы,
______________________________
(қолы) (күні)
Топ 01-1471-1-2020
Студент Мурат Самалхан ______________________________
(қолы) (күні)

Павлодар, 2023 жыл

Мазмұны
Кіріспе
1.Көркем еңбек сабақтарында оқушылармен ынтымақтастық оқыту әдісін қолданудың теориялық негізі
1.1. Ынтымақтастық әдіске сипаттама
1.2 Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру
1.3 Көркем еңбек сабақтарында ынтымақтастық әдісін қолдану
2. 8-сыныпта "Cәндік-қолданбалы өнер" бөлімі бойынша көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыру
2.1 8-сыныптағы "Cәндік-қолданбалы өнер" бөлімінің тақырыптық орта мерізімді жоспары
2.2 8-сыныптағы "Ши тоқу бұйымның нобайын дайындау" тақырыбы бойынша қысқа мерізімді сабақ жоспары
2.3 Сег3з деп жазу барне "Ши тоқу бұйымның нобайын дайындау" тақырыбы бойынша дидактикалық материалдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: ҚР Тұңғыш Президентінің халқына жолдауы. Стратегиялық жоспар 2025 стратегиялық жоспарлауының 6-реформасында Ұлттық бірлікті қорғау басымдығы туралы айттылған. Жаңғыртуды жүргізу кезінде ұлттық салт-дәстүрді, тіл мен музыканы, әдебиеті сақтау маңызды. Бұл ретте бір ұлтты өңірге бөлу сияқты жаһандық әлемге тән емес, көнерген бірқатар ерекшеліктер өткен өмірдің еншісінде қалуға тиіс. Ұлттық мәдениетті дамытуды жалғастыру қажет, ол әлемдік мәдениеттің бір бөлігі болуы тиіс.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді [1].
Өркениетті қоғамның гүлденуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімін талап етеді.Қазіргі кезеңде ұлттық көркем мәдениеттің үлгілерін заман талаптарына сай жаңартып, жас ұрпақтар тәрбиесіне қолдану жоғарғы оқу орындарында педагог кадрларды дайындау жүйесіне де инновациялық өзгерістер әкеліп, ізденістер жасау қажеттігін туындатып отыр. Сондай қажеттіліктердің бірі көшпенді халықтың бүкіл әлемге өзінің ұлттық ерекшелігімен таныта білген қазақ халқының қолөнері.
Бүгінгі таңда болашақ көркем еңбек мамандарына көркемдік білім беруде қоршаған орта мен ондағы табиғат құбылыстары адамзат дамуында маңызды қызмет атқаратыны сөзсіз. Білім беру саласында болып жатқан жаңартулар, жоғары көркемдік білім беру ісінде жаңашаландыруға әкелуде.Себебі, жаңартылған көркем еңбек пәні мазмұнында қойылған мақсаттар мен әдістемелік бағыттар ғылым мен өнер байланысы негізінде құрылып, берілген. Көркем еңбек пән мұғалімдері практикалық бағытта өз біліктілігін айғақтай алатынын ескерген жағдайда, әдістемелік даярлық деңгейінің ғылыми тұрғыдан негізделуін талап етілетінін атап өтуіміз қажет.
Осында айтылған стратегиялық жоспарлауды зерттеу барысында 8-сыныптағы Сәндік-қолданбалы өнер бөлімін оқытуда ынтымақтастық технология әдісін қолдану тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: көркем еңбек сабақтарында ынтымақтастық технологиясының оқыту теориясын негіздеу және қысқа мерізімді сабақ жоспарын құрастыру.
Зерттеудің міндеті:
көркем еңбек сабақтарында ынтымақтастық технологиясын оқытуды қарастыру
8-сыныпта сәндік-қолданбалы өнер бөлімі бойынша көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыруды құрастыру
Курстық жұмыстың көлемі: 32бет, 3сурет, 2кесте, қолданылған әдебиет.

1.Көркем еңбек сабақтарында оқушылармен ынтымақтастық технологиясын оқытудың теориялық негізі

1.1. Ынтымақтастық технологиясын оқыту туралы жалпы мәліметтер

Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды "мұғалім-оқушы" алады. Мұғалім-оқушы, оқушы- мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1.Балаға ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты - жеке тұлғаның толық және азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі және жариялылығы нәтиже бермейтін әдістерден бас тарту, жағымды Мен - тұжырымдамасын қалыптастыру ізгілік жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
2. Дидактикалық белсенді және дамытушы кешен. Баланы қалай және неге оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары және ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
3.Оқу үрдісін формасы мен әдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
4.Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: білім мектебін тәрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.
Көптеген әдебиеттер ынтымақтастықта оқыту технологиясын басқа технологиялармен немесе әдістермен салыстыра отырып, оның оқушылардың топпен бірлесе жұмыс атқару, оқу үдерісіне белсенді араласу сияқты шеберліктерін арттыруда өте тиімді екендігін алға тартады.
Джонсон (Johnson 1987), Лобато (Lobato, 1997) және Доминго (Domingo, 2008) мәліметтеріне сүйенсек, ынтымақтастықта оқытуда топтық жұмыс тиімді атқарылуы үшін мынадай бес компонент маңызды болып табылады: позитивті өзара тәуелділік (топ мүшелері бірге жеңіске жетеді немесе бірге жеңіліске ұшырайды), позитивті өзара әрекеттесу (топ мүшелері бір-бірін ынталандырады және қолдау көрсетеді), жеке талаптар немесе жеке жауапкершілік (жекелей сұрақтар мен тесттер), ынтымақтастық қабілеті (көшбасшылық, коммуникативтілік, қақтығыстарды басқару және т.б.) және соңғысы, топтың қызметін бағалау (мүмкін болатын ақаулықтарды түзету үшін).
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен ынтымақтастықга бола алу қабілеті" критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұжымдастыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда колданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева). Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Казіргі кезенде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Мектепте, үйде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйде балалармен жолдастық, жылы шырайлық қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата - аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата - аналар арасында ұрыс- керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата - анаға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықылыасын оқып білім алуға, еңбеу етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым - қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың принципі. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты - жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан - жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:
- тәрбие мақсатының реализм идеясы;
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы);
- бала күнінің жартысы;
- қиын мақсаттық идеясы;
- сүйеніш идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- ата - аналармен ынтымақтастық;
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- өзін - өзі сыйлау идеясы;
- өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа.
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті. Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы "Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға - бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы - бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегеі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты. Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету. Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді.Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу - бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор.
Сонымен қатар, ынтымақтастықта оқытудың құрылымы егжей-тегжейлі және ауқымы кең болып табылады. Бірлескен топ мүшелерінің саны екі немесе одан да көп болуы мүмкін. Топ мүшелерінің әрқайсысы жеке функцияларды немесе тапсырмаларды немесе барлығы да бірдей тапсырмаларды орындай алады. Қандай формада болмасын, ынтымақтастықта оқыту мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін және мектептердің барлық түрлерінде кез-келген пәнді үйретуде көптеген уақыт қолданылып келеді.

1.2 Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру

Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болыуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында-балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Аманашвили өзінің эксперименттік мектебінде ынтымақтастық педагогикасын әзірлеп, жүзеге асырды. "Мектеп өмірі" технологиясы оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қортындысы болып табылады.
Ш.А. Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
- Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
- Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
- Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру.
- Терең жəне толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып- тастыру үшін жағдай туғызу.
- Тəрбие идеалы - өзін-өзі тəрбиелеу.
Ерекшеліктері:
- ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
-бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
-əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
-рухани жетілдіру;
- ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
- ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
- оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы
- осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау, батылдық жəне шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай əдіс-тəсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас шеберлігі, оқу іс-əрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады. Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып- білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны жəне өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы; өзара қарым-қатынас жасау тəртібі, жариялылық; квазиоқу жəне квазижазу, оқу жəне жазу үдерісінің материалдануы, балалардың əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата- аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық. Сабақ - тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы.
Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға болатындығы анықталды.
Ізгілікті тұлға педагогикасы, ізгі адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа ізгіліктік қырын ашады. Рухани-ізгіліктік педагогика- руханилық және ізгілік ұғымдарымен тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
Қазіргі таңда еліміздің оқу орындары мен педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе, Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсаткөздей отырып әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.
Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім.Бірақ, мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды.Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың (технологиялардың) кейбіреуіне талдау жасап көрелік.Критерийлері мыналар:
- елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;
- мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар - мемлекеттік сұраныс;
- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- педагогикалық озат тәжірибе;
- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған
технологияның мектеп мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелілігі, және тиімділігі, т.б.ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә)оқыту мазмұндық бөлімі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалдарының мазмұны);
б) үрдістік бөлім - технологиялық үрдіс (оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті мен оқу үрдісінің диагностикасы).
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін арттыру;
-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының төмендегідей:
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық
қарым-қатынас.
Модулдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.Модулдік оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модулдік оқытудың өзегі - оқу моделі.Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модулдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойыншаоқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықпен қалыптастыру.
Қоғамдық дамудың қазіргі процесі жаңа білім беру жүйесінің алдында өз болашағына сенімді, өзін-өзі билейтін, өз ісіне жауапты, жан-жақты дамыған ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешу білім берудің ұлттық кеңістігінде де, әлемдік кеңістігінде де мәселелердің ең маңыздысы болып отыр.
Ш.А. Амонашвилидің ізгілендіру технологиясы өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына маңызы өте зор. Оқушылар мектепте білім алу арқылы қоғамда өз орынын табады.
Оқушының өмірінде мұғалімнің атқарар рөлі аса ауқымды болып табылады, сол себебті ұстаздар оқушыларды оқыта отырып тәрбиелеу маңызды. Мектептегі ұстаз - оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.
1.3 Көркем еңбек сабақтарында ынтымақтастық әдісін қолдану

Ынтымақтастық - бұл өзара әрекеттесудің бір түрі, оның барысында субъектілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
Ресейдегі білім беруді ізгілендіру мәселелері
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Оқытудың қазіргі технологиялары
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Модульдік оқыту технологиясы
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Пәндер