Ақша қаражаттар қозғалысының жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Кіріспе

І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама ... ... ... ... ...

1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.3Ақша қаражаттар қозғалысының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..

1.4Консолидацияланған қаржылық есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі ... ... ... ... .

2.1 7 ҚЕХС бойынша Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты ... ... ... ... ..
2.3Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары ... ... ... ...

III. Ақша қаражаттар қозғалысының тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1 АО Запчасть қаржылық есеп беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Ақша қаражаттар есебін АО Запчасть бойынша талдау ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Ақша қаражаттары - компанияның атындағы және кассадағы ақшалары.
Ақша эквиваленті - қысқа мерзімді, тез өтімді салымдар (өтеу мерзімі 3 ай немесе оданда аз), тез айналысқа түсетін ақшалар.
Ақша қаражаттар қозғалысының жіктелуі:
Ақша қаражаттардың түсуі немесе төленуі ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінде келесі қызметтермен байланыста болды.
а) Операциондық қызмет - компаниядағы ақша қозғалысының негізгі қызметі болып табылады. Оның негізінде таза табыс немесе шығыстарды анықтаған кездегі компанияның табыстары мен шығыстарын ескереді. (Мысалы: тауарларды өткізуден, көрсеткен қызмет немесе орындаған жұмыстан түскен түсім, жабдықтаушыларға немесе қызметкерлерге төленетін төлемдер)
б) Инвестициялық қызмет - инвестициялық және ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алуды, несиелерді беру мен несиеге берілген заттарды қайтару қызметтерін өзіне біріктіреді. (Мысалы негізгі құралдарды, үлестік және займдық құралдарды, қатыстыру үлесін сату және сатып алу, вексель, акция)
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысы компанияның ресурстарын қалыптастыру, болашақ табыстарын болжай алу және ақша қаражаттарын алу мүмкіндігін сипаттайды.
в) Қаржылық қызмет - компанияның капиталы мен қарыздық құралдардың көлемі мен құрамының өзгерісін көрсетеді.
Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы - ақшалардың баланстағы түсімдерін болжау үшін анықталады.
Қаржылық қызмет міндеттемелер мен капитал баптарына әсер етеді:
ұзақ мерзімді құралдарды шығаруға және қарыздық құралдарды өтеумен байланысты алынатын ақша қаражаттары
эмиссиондық акциялардан немесе басқа да үлестік құралдардан алынатын ақша қаражаттары жатады. (Мысалы, шығарылған акция, облигация, займдар, вексельдерден түскен түсімдер, несиелік сомаларды өтеу т.б. жатады)
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп - ақша қаражаттар қозғалысы туралы ақпараттарды, ақша қозғалысын операциондық, инвестициялық, қаржылық қызметтер негузунде жіктеп, белгілі бір мерзімде берілуі тиіс.
Бір операция әр түрлі жіктелуі мүмкін. Мысалы несиені өтеу кезіндегі төленетін пайыздар - операциондық қызмет ретінде, ал қалған негізгі бөлігі - қаржылық қызмет ретінде жіктеледі.
Нақты опреациялар, ақша қаражаттарын қолданумен байланысты болмайтын операцияларды (облигациялар мен акцияларға айырбасталатын активтерді шығару және жай акцияға облигацияларды конвертациялау) "ақша қаражаттар қозғалысы" есептілігінен алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар, өздері жеке немесе ақша қаражаттар қозғалысы есептілігінің соңғы бөлімінде көрсетіліп немесе қаржы есепкерлігіндегі қосымшаларда көрсетілуі тиіс.
Есептіліктің құрамында қызметтің 3 түрі анық белгіленеді, олар келесідей тәртіппен орындалады:
операциондық
инвестициялық
қаржылық
1) Алдымен, есепті мерзімдегі ақша қаражаттардың өсімі (азаюы) анықталады. Ол әр қызмет түріндегі таза ақша қаражаттардың қосындысымен анықталады.
2) Содан кейін, есепті мерзімдегі таза ақша қаражаттардың өзгерісі, мерзімнің басындағы ақша қаражаттардың қалдығына қосылады (немесе алынып тасталынады). Шыққан сома, мерзімнің соңындағы ақша қаражаттар қалдығына тең болады.
3) Есептіліктің соңғы бөлімінде жеке-дара ақша қаражаттарын қолданумен байланысты емес нақты операциялар мен қаржылық операциялар көрсетіледі.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктегі ақша ағымын қызмет түрлері бойынша жіктеу инвесторларға келесілерді бағалауға көмектеседі:
а) компанияның ақша ағымын реттеудің потенциалды мүмкіндігін;
б) компания өзінің міндеттемелерін орындау мен дивидендтерді төлеудің потенциалды мүмкіндігін;
в) Операциондық қызметтегі таза табыс пен тпза ақша ағымы арасындағы айырмашылықтарының себептерін;
г) Ақша қаражаттарын пайдаланумен байланысты есепті мерзімде көрсетілген инвестициялық және қаржылық операциялардың қызметтерін.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік түзетілген айналым ведомосі негізінде құрылмайды. Осы есептілікті ұйымдастырудың қажетті ақпараттарын негізінен келесідей ақпарат көздерінен алуға болады:
а) белгілі бір мерзімге құрылған бухгалтерлік баланстан;
б) ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар есептілігінен;
в) басқа да құралдардан
Есептілікті ұйымдастырудың негізгі сатылары:
Бірінші сатыда а) таза өсімшені анықтау ақша қорларының азаюы
Бұл өте қарапайым әрекет болып табылады. Себебі, белгілі бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстан алынған ақша қаражаттар қалдығын мерзімнің басы мен соңының арасындағы айырмашылықты өте оңай есептеуге болады.
б) операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттарын анықтау. Бұл сатыда тек ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар туралы есептілігіндегі көрсеткіштерге талдау жасалынып қоймай, сонымен қоса белгілі бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстың және басқа көздердің ақпараттарға да талдау жасалынады.
с) Инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарын анықтау. Бұл талдауда бухгалтерлік баланстағы басқа көрсеткіштердің өзгеруі нәтижесінде олардың ақша қаражаттарының көлеміне әсерін анықтайды.
Екінші сатыда есептеу тәсілімен айқындалған операциондық қызметтің көрсеткіштерін кассалық тәсілдердің көрсеткіштерімен қайта есептеуді қажет етеді. Мұндай қайта есептеуді тікелей және жанама әдісті қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
а) Екі әдісті қолданған кезде бір нәтижелік көрсеткіш - операциондық қызметтің таза ақша қаражаттары көрсетіледі, дегенмен де, есептеу кезінде қолданылатын тікелей және жанама әдістері әртүрлі ашу жолымен есептеледі.
б) 7 ҚЕХС-де көбінесе тікелей әдісті қолдануға мән береді.
Жанама әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатылардан өтеді.
1 саты. Бірінші сатыда ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті ұйымдастыруда ақша қаражаттарының таза өсімі мен азаюы анықталады. Негізінен бұл ақша қаражатының жыл басы мен жыл аяғының арасындағы айырмашылық.
2 саты. Екінші сатыда операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттары анықталады:
а) 7 ҚЕХС байланысты есептеу тәсілін қолдану қажет. Ол шығындармен табыстардың пайда болуы мен көлеміне байланысты қарастырылады.
б) Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттардың табыстары мен шығындарын кассалық әдіс арқылы анықтау қажет. Бұл әдістің мақсаты таза табыс операциялары әсерінің есебімен түзетіледі, ол ақша қаражаты қозғалысының дамуымен байланысты болмайды.
Операциондық қызметтегі таза ақша қаражатын анықтау үшін:
а) қысқа мерзімді активтердің өсімшесін (ақша қаражатын қоспағанда) таза табыстан алынып, ал азаюы таза табысқа қосылады.
б) қысқа мерзімді міндеттердің өсімшесі таза табыстан қосылып, ал оның азаюы таза табыстан алынады.
с) амортизациялық шығындар мен негізгі құрамы сатудан пайда болған шығындар таза табысқа қосылып, ал негізгі құрамы сатудан түскен түсім таза табыстан алынып тасталынады.
3 саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтегі таза ақша қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптарының негізінде және тағы да басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.
А) егер шоттың сальдосы Жер 50000 $-ға өссе және (келісім-шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) жерді сатып алу құны ақшамен алынған болса, инвестициялық қызметтер ішінде ақша қаражаттарының төленуі белгіленеді.
Б) егер шоттың сальдосы Жай акциялар 100000 $-ға өссе және (келісім-шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) акцияларды шығару ақша қаражаттарын төлеумен жүргізілсе, онда ол қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттары болып табылады.
Қарызды өтеу, өзіндік акцияларды сатып алу немесе келісімдерді бұзу - қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарымен белгіленеді.
Тікелей әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатыдан өтеді.
1)саты. Бірінші сатыда таза ақша қаражаттарының өсуі мен төмендеуі
анықталады, яғни ақша қаражаттарының жыл басы мен жыл аяғының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
2)саты. Екінші сатыда табыстар мен шығындардың есебін есептеу тәсілі бойынша айқындалатын операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарды қайта есептеудің әрбір көрсеткішін кассалық әдіс бойынша есептеуді көрсетеді:
егер табыстар мен шығындар туралы есептілікте түсімнің көлемі-120000$ болса, ал жыл бойындағы дебиторлық қарыздық өсімі-20000$-ды құраса, онда алынған ақша қаражаттарының түсімі-100000$-ды құрайды (120000$-20000$).
егер табыстар мен шығындар туралы есептілікте операциондық шығындардың көлемі-60000$, ал жыл бойындағы есептелген қарыздық өсімі-12000$ құраса, онда операциондық шығындар ақшалай түрде- 48000$ құрайды (60000$-12000$).
Операциондық қызмет бөлімшесінде ақшаның түсімі мен шығысы тек негізгі топтар арқылы анықталады:
тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімдер және пайыздар, инвестициялар мен ссудалардағы дивидендтерден түскен түсімдер арқылы;
жабдықтаушылармен және қызметкерлермен есептесу бойынша, операциондық шығындар бойынша, пайыздар бойынша және салықтар бойынша төленетін ақшалай шығындар арқылы;
Сатып алушылар мен тапсырысшылардан түскен ақшалардың есебі келесідей формуламен көрсетіледі:
+ дебиторлық қарыздардың азаюы
Өткізуден түскен түсім немесе
- дебиторлық қарыздардың көбеюі
Жабдықтаушылармен есеп - айырысу мына формуламен есептеледі:
Сатылған + Қорлардың көбеюі; Кредиторлық қарызардың азаюы
тауарлардың немесе
өзіндік құны - Қорлардың азаюы; Кредиторлық қарыздардың өсуі
Ақшалай төлемдерді операциондық шығындар бойынша есептеу келесі формуламен көрсетіледі:
+ Алдағы кезең шығындарының көбеюі;
Операциондық шығындар Есептелген қарыздық шығындардың азаюы
(тозуы есептелмегенде) немесе
- Алдағы кезең шығындарының азаюы;
Есептелген қарыздық шығындардың өсуі
Табысқа салынатын салық (корпорациялық табыс салығы) бойынша жүргізілетін ақшалай табыстарды есептеудің формуласы келесідей:

Табысқа + Табысқа салынатын салықтық қарыздардың төмендеуі
алынатын немесе
салық - Табысқа салынатын салықтық қарыздардың көбеюі
3) саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтердің таза ақша қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптары негізінде және басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.
Мысал есеп
Демо компаниясы.
Салыстырмалы бухгалтерлік баланс.
2005 жылдың 31 желтоқсанына.
Қысқа мерзімді активтер: 2005 2004 Өзгерістер
- дебиторлық қарыздар 30.000$ 39.000$ 9.000$ (-)
- Жал бойынша алдағы кезең 15.000$ 10.000$ 5.000$ (+)
Шығындары
- Қорлар 20.000$ 18.000$ 2.000$ (+)
Қысқа мерзімді міндеттемелер:
- Кредиторлық қарыздар 18.000$ 12.000$ 6.000$ (+)
- % бойынша қарыз 6.000$ 2.000$ 4.000$ (+)
- салықтар бойынша қарыздар 3.000$ 5.000$ 2.000$ (-)
Демо компаниясы.
Табыстар мен шығындар бойынша есептілік
2005 жылдың 31 желтоқсанына
Табыстар:
- Өнімді өткізуден түскен табыс 400.000$
- Жерді сатудан түскен түсім 20.000$
Жиыны 420.000$
Шығындар:
- Сатылған тауардың өзіндік құны 280.000$
- Операциондық шығындар 75.000$
- Негізгі құралдардың тозуы 15.000$
- % бойынша шығындар 8.000$
- Табысқа салынатын салықтық 7.000$
шығындары
Жиыны 385.000$
Таза табыс 35.000$
Осы мәліметтерге сүйене отырып, операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарын тікелей және жанама әдіспен есептеу қажет.
1) Операциондық қызметтегі ақша ағымын жанама әдіс бойынша есептеу.
Демо компаниясы.
Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есептілік.
2005 жылдың 31 желтоқсанына
Операциондық қызметтегі ақша қаражаттардың қозғалысы:
- Таза табыс 35.000
Операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттарына таза табыстарды қайта есептеуді қажет ететін түзетулер:
- Негізгі құралдардың тозу шығындары 15.000
- Жерді сату бойынша шығындары (20.000)
- Дебиторлық қарыздардың азаюы 9.000
- Жал бойынша алдағы кезең шығындарының көбеюі (5.000)
- Қорлардың көбеюі (2.000)
- Кредиторлық қарыздардың көбеюі 6.000
- % бойынша қарыздардың көбеюі 4.000
- Салықтар бойынша қарыздардың азаюы (2.000) 5.000
Операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттары 40.000
2) Операциондық қызметтегі ақша ағымын тікелей әдіспен есептеу.
Есептеу Қосу Алып Ақша
әдісі тастау ағымы
- Сатылымдар 400.000$ 9.000$ - 409.000$ (+)
деб. қарыз
- Жерді сатудан түскен 20.000$ - 20.000$ 0
Түсім табыс
- Сатылған тауарлардың 280.000$ 2.000$ 6.000$ 276.000$ (-)
өзіндік құны қолар кред.қар.
- Операциондық шығындар 75.000$ 5.000$ - 80.000$ (-)
жал үшін
- Негізгі құралдардың 15.000$ - 15.000$ 0
тозу шығындары тозу
- % - ды төлеу бойынша 8.000$ - 4.000$ 4.000$ (-)
шығындар қарыз
- Табысқа салынатын 7.000$ 2.000$ - 9.000$ (-)
салықтық шығындар сал. қарыз
- Таза табыс 35.000$ операциондық қызмет- 40.000$
тен түскен ақша
қаражаттары

Демокомпаниясы.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік.
2005 жылдың 31 желтоқсанына
Операциондық қызметтен түскен ақша ағымы:
Клиенттерден түскен ақша қаражаттары 409.000$
Ақша қаражаттардың төлемдері:
- жабдықтаушыларға 276.000$
- операциондық шығындарға 80.000$
- пайыздар бойынша 4.000$
- табысқа салынатын салықтар бойынша 9.000$
Жиыны 369.000$
Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттары 40.000$

2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты.
Ақшаның уақытша құны деген ұғым - ақша мен уақыт арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.
Ақшаның уақытша құны - бұл қаржылық есепкерліктің (ҚЕХС) стандартты емес, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі, яғни қазіргі кезде қолданылатын нақты шешімдер, бірақ белгілі бір мерзімдегі инвестицияны қайтарумен байланысты уақыт пен ақшаның арасындағы ара-қатынастың жиынтығын көрсетеді.
Әрбір бизнес саласында ұзақ мерзімді келісім - шарттар жасалғанда, бәрімізге белгілі, бүгінгі күні алынған ақшалар жоғарғы құнға ие болады, келесі жылға қарағанда. Яғни бүгінгі - 10.000 теңге, ертеңгі күнгі сомасымен теңеспейді. Ол төмендеп не жоғарылап кетуі мүмкін. Инфляцияға байланыссыз болғанның өзінде. Егер де инфляция 0- ге тең болғанның өзінде, біз теңеспеушілікті көріп отырамыз. Неліктен? Бұл ақшаның болуы қазіргі кезде оларды әр түрлі қаржылық құралдарға немесе бизнеске салуға мүмкіндік береді және тікелей тәуекелге байланысты белгілі бір табыстарды алады.
Сондықтан да біз дұрыс шешім қабылдау мақсатында, үнемі бүгінгі күннің ақша ағымын келешектегі құнмен салыстырып, болжап отыруымыз қажет.
ҚЕХС бойынша жалгерліктің операциясын бағалағанда немесе ұзақ мерзімге алынған қаржылық салымдарды анықтағанда дисконтталған құн ұғымы қолданылады.
Дисконттау - бұл ақша мен уақыттың байланыстылығы. Осы байланысты келесілер көрсетеді:
Пайданы алу мақсатында ақшалар жұмсалады.
Қосымша пайданы немесе экономияны қаржылық салымдарды алып келуі қажет. Өйткені, шығындарды ақтауы тиіс. Бірақ, пайданың немесе табыстың мөлшері жоғары болуы қажет. Өйткені, салымдардың құнына пайда түсіруі қажет.
Қаржылық салымдар тиімді болып есептелінеді, егер олар инвесторға уақыттық мөлшерін өтесе және осы мөлшерде тиісті табыс әкелсе. Сонымен, қаржылық салымдардың бағдарламасын бағалаған кезде, әр түрлі уақытты есепке алып, жеткілікті пайданы, осы салымдар алып келу тиістігін ең алдымен анықтайды.
Бұл жерде ақшалай ағымдарды дисконттау әдісі - бұл ақша құнының уақыттағы өзгеруін есептейтін бағалау әдісі. Ақшаның дисконтталған құны инфляцияға бағынбайды. Өйткені, инфляция 0- ге тең болса да, ақшалар болашақ табыстардың есебімен құнға теңестіріледі.
Пайыздар- бұл әр түрлі нысандарда қарызға берілген капиталдан түскен пайыздар немесе өзіндік және қаржылық мінездемесі бар инвестициялардан түскен табыс.
Пайыздар - әр түрлі болады:
Жай пайыздар - бұл есептеу мерзімінде алғашқы ақшалай сомаға қолданылатын пайыздар.
Мысалы: 1) ссуда - 500.000 теңге көлемінде 3 жылға берілді. 30 % - қ жылдық жай қойылым бойынша, онда 3 жыл уақытында пайыздың көлемі келесідей болады. 500.000 * 30 % * 3 жыл = 450.000 теңге.
2. Күрделі пайыздар - реинвестицияланған пайызға алынған пайыздар,
яғни ссудаға немесе қаржылық салымға төленетін пайыздарды негізгі сомаға қосады. Осының нәтижесінде, пайыздарды негізгі сомаға және алынған пайыздарға төлейді.
Күрделі пайыздарды есептеу- бұл дисконттауға кері үрдіс. Өйткені, күрделі пайыздар арқылы қазіргі уақыттағы қолма - қол ақшаның болашақ құны анықталады.
Мысалы: Егер, қазір біз, банкке - 1000 теңге салсақ 10 -%- қ жылдық қойылымы бойынша және пайызды жылына бір рет төленсе (жылдың соңында), онда табыстылықтың келесі көрсеткіштеріне сенер едік:
Бір жылдан соң инвестициялар келесі көлемге дейін өседі. 1000+10%*1000=1100. Яғни %- р бойынша төлем 100 болады.
Егер осы банктік шотта, біз өзіміздің ақшамызды ұстасақ, онда инвестицияның құны 2 жылдан соң 1210 теңге болады. (1100*1,1) пайыздар бойынша төлем 2 жылы 110 теңге болады. (1210-1100) Осыны басқаша түрде жазуға болады. Алғашқы инвестицияның мөлшеріне 2 жылдың пайыздарын есептеу арқылы, яғни (1000*(1,1*1,1)=1210)
Егер біз, осы ақшаны 3 жыл бойы сақтасақ, онда 3 жылдың соңында инвестицияның құны келесі мөлшерлерге дейін өсер еді. 1000* (1,1*1,1*1,1)=1331. 3 жылдың пайыздары 121 теңге болады. (1331-1210)
Осы мысал инвестициялар құнын анықтау әдістемесін күрделі пайыздарды қолданып көрсетеді. Осындай принциптерді болашақ және ағымдағы анықтамаларда пайдаланады.
Ағымдағы құн - бұл болашақ ақшалай ағымның дисконтталған құны.
Дисконттау - бұл күрделі пайыздардың керісінше есептелуі. Дисконттау әдісін қолданып, біз болашақ ақшалай ағымдардың ағымдағы құнын анықтағанбыз. Яғни, белгіленген пайыздардың қойылымы бойынша қанша соманы салуымыз керек, анықталған мерзімнен кейін инвестицияның пайдалы құнын алу үшін.
Мысалы: 6 пйыздық қойылымымен 4 жыл уақыттан соң, 5000 теңге көлемінде инвестицияны алу үшін қанша ақша салу керек.
Ағымдағы құн келесі формуламен анықталады:
PV = FV (1+r)n немесе FV * 1 (1+r)n. Осы формула дисконттың базалық есептеуін көрсетеді. Ағымдағы құн әртүрлі мерзімдер үшін және қойылымдар үшін С1 кестесінде келтірілген.
Мысалдың шешімі.
С1 кестесінде келешектегі 4 жылдан кейін инвестиция 5000 теңгеге тең болу үшін, 6 пайыздық қойылым бойынша формулаға сәйкес, келесідей соманы қою керек.
PV = 5000 x (1 (1+0,06)4) = 5000 x 0,792 = 3,960
Көптеген компаниялық операцияларда біржолғы төлемдерді емес, ақшалай түсімдердің кезектілігі қарастырылған. Яғни, табыстар мен шығындардың сериясы болуы мүмкін.
Тұрақты және тұрақсыз салымдар ретінде осындай кезектілік төлемдердің ағымы деп аталады.
Ануитед және қаржылық рента - бұл бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы.
Ануитедтердің теориясы - қаржылық матеметиканың маңызды бөлігі. Ол бағалы қағаздардың табысын анықтауда инвестициялық талдауда қолданылады.
Ануитедтің ең жиі қолданылатын сәттері болып, зейнет-ақы қорына тұрақты салымдар, ұзақ мерзімді несиелі өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, регрестік исктер бойынша төлеу.
Ануитедтер өзара келесі негізгі сипаттамалар бойынша бөлінеді:
Әр бөлек төлемнің мөлшері бойынша;
Төлемдердің уақыттағы интервалы бойынша;
Соңғы мерзімнің бітуіне дейін, ануитедтердің басынан бастап (бірақ мәңгі ануитедтер болуы мүмкін)
Пайыздық қойылымдар өсіру және төлемнің дисконттау кезінде қолданылады.
Ануитедтің түрлері:
Пренумеранды - бұл сәйкестендірілген интервалдардың басында төлем жасалынатын ануитед.
Постнумеранды немесе кәдімгі ануитед - бұл интервалдың соңында төлем жасайтын ануитед, ол ең жиі қолданылатын ануитед
Тұрақты ануитед - бұл бірдей төлемдерді кіргізетін немесе белгілі бір заңдылықпен өзгерілетін ануитедтер. Олар тәжірибеде аз қызықты болып табылады.
Ануитедтердің болашақ құны - бұл ануитедке кіргізілген әрбөлек төлемнің немесе түсімнің болашақ құнының сомасы.
Мысалы: біз 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Ақша қозғалысы
Ақша қаражатының есебі туралы
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы
Ақша қаражаттарының шығуы
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер