БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ Қолжазба құқығында

Жанимхан Асылбек

ҰЛТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

7М01101 Педагогика және Психология

Педагогика және Психология білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші: Тасбулатова Г.Т.

Көкшетау, 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Халықтың дәстүрлі ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі

1.2
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға патриоттық тәрбие беруде ұлттық ойындардың әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық ерекшелігі.

1.3
Бастауыш мектеп жасындағы балалар бойында Қазақстандық патриоттық тәрбиені халық педагогикасымен сабақтастыра дамыту

1.4
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны мен маңызы

2
ҚAЗАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ЛОГИКACЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ.

2.1
Қaзақтың зияткерлік ойындар тарихы, олардың түрлері мен зерттелу жайы.

2.2

Қaзақтың зияткерлік ойындарының бастауыш мектеп жасындағы балалар логикacын дамытудағы ықпалының теориялық мәселелері

2.3
Бастауыш мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыруда Қазақтың зияткерлік ойындарының рөлі.

3
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ.

3.1
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері.

3.2

3.3
Бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды меңгеру сапасын бағалау.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұысының жалпы сипаттамасы: Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? -деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады [1].
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықов, Л.А. Венгер, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, Н.Н. Подьяков, А.П. Усова, Д.Б. Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Қазіргі мектепке дейінгі және мектепте білім мен тәрбие беру негізгі жұмыстары Қазақстан Республикасы Ата Заңының қағидалары, Білім беру туралы заңы[2]. Қаза балабақшаларында тәрбие және білім беру мазмұнынын жаңарту тұжырымдамасы[3]. Қазақ балабақшаларында төрбиелеу мен білім беру мазмүнын жаңарту тұжырымдамасы, (1991 ж .), Үзіліссіз төрбиенің түжырымдамасы, (1995 ж). т.б. құжаттар негізінде мектепке дейінгі төрбие мен білім беруге арналған төл туынды Балбөбек бағдарламасы .Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы. [5].
1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт заңы 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт заңында ...дене тәрбиесі -дені сау дене бітімі және рухани жағынан жетілген,моралдік тұрғысынан табанды өскелен ұрпақты жетілдіруге,адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық қабілеті мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс екендігі жазылған.
Адам тәнінің саулығын сәбилік жастан бастап сақтауды қалыптастыру қажет.Қай ұлттың болсада ұлттық тарихында сол ұлтқа ғана тән ұлттық ойындары қалыптасқанын көруге болады.М.Жұмабаевтің Педагогика атты еңбегінде Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты-бәрі бірге жұмсалады деп анық айтылған.
Қазақ халқының ұлттық ойындары көшпенді түрік әлемінде ерекше үлкен мәнге ие болып жас ұрпақты шыдамдылық пен төзімділікке шындауда өмір мектебінің бір бағыты ретінде қарастырылғандығы жайлы білеміз.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жергілікті тұрғындары -қазақтар немесе басқа жергілікті ұлт өкілдері өскелен ұрпағын өсіру барысында ұлттық ойын арқылы қимыл-қозғалысқа бейімдеп,яғни дене тәрбиесімен айналысуды тал бесіктен бастайды.Халықтың спорт түрлерінің арнайы және негізгі бағыты адамның бойындағы дене сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар,оның мінез-құлқын адамгершілік қабілеттеріне оң әсерін тигізіп,кәсіптік және әлеуметтік белсенділігін сәби кезеңнен қартайған шағына дейін сақтауға арқау болады.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие беретін ұйымдар мен бастауыш мектептер білім мене тәрбие беру барысында ұлттық ойындардан құралған қимыл -қозғалыс элементтерін енгізе отырып баланың сауаттылығына да оң әсер ете білуде маңызды.
Ұлтттық дәстүрлі ойындар тал шыбықтай солқылдаған жас баланың ағзасының мықты болуы мен қатар мінез-құлқының орнықты қалыптасуында негізгі рөлін атқарады.
Қазіргі уақыттағы ұлттық ойындардың дәріптеліп жан-жақты қолданысқа енгізіліп жатқанына сәйкес мектептке дейінгі балалар бойында ұлттық ойындар арқылы Қазақстандық патриотизімді қалыптастыруда ұлттық ойындардың маңыздылығын дәлелдеу және ұлттық ойындардың бала бойында тек Қазақстандық патриотты қалыптастырып қана қоймай, бала қимыл-қозғалысының дұрыс қалыптасуына әсерін зерттеу мен бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі ретінде қарастыру болып табылады.

мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан, бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады: бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу курстық жұмысымыздың тақырыбын "Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері" деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
Ұлттық ойын элементтерін ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;
Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау.

Ғылыми-зертеу жұмысының теориялық - әдіснамалық негіздері мен зерттелу денгейі.

Зерттеудің мақсаты:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Зерттеудің нысаны:

Зерттеудің пәні:

Зерттеу әдісі:
Зерттеу дереккөздері:

Зерттеу материалдары:

Зерттеудің жаңалығы:

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Зерттеудің теориялық маңызы:

Зерттеудің практикалық құндылығы:

Диссертацияның құрылымы:

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.Бөлім: БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

І.І. Халықтың дәстүрлі ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі.

Бүгінгі таңда қазақ халқы хасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениетке ықпалдастыруда. Өйткені кез- келген тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшелігі оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындап, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түссіз жоғалып кетпей, ұлттық сана мен халықтық идеяда мәдени әлеуметтік құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқының ұлттық спорт ойындары туралы білімнің озық, өнегелі үлгілерін салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Себебі бүгінгі қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі - жас ұрпақты тәрбиелеуде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы тұрғыдан алғанда салауатты өмір салтын қалыптастыруда, әсіресе халықтық педагогикадағы ұлттық спорт ойындарын оқыту үрдісіне енгізу мен пайдалану жөнінде ғылыми-теориялық, әдіснамалық, әдістемелік даярлық сапасын арттыру өзекті мәселе. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру мен болашақ мамандарды даярлауда қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, ең алдымен мазмұнын, формалары мен әдістерін өзгертуді, екіншіден білім беру жүйесін жаңарту мен қайта құру принциптеріне сәйкес жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұл болашақ мамандарды даярлауда оқыту үрдісінде оқушылардың сабақтан тыс уақытында ұлттық спорт ойындарын тәрбие кұралы ретінде пайдалана білуге даярлығын қалыптастырудың аса көкейкесті мәселе екендігін дәлелдейді. Бұл мәселенің ең алдымен теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу мақсатында ғылыми еңбектер мен әдебиеттерге жасалынған талдауда ойын, ұлттық спорттық ойындары т.б. ұғымдарына анықтама бере отырып олардың өзара байланысын жан-жақты ашып, сонымен қатар ұлттық спорттық ойындарын оқыту үрдісінде пайдаланудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Ең алдымен орта білім беру мекемелерінде дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруда мұғалімнің ұлттық спорттық ойындарды тәрбие құралы ретінде пайдалануда ойын, ұлттық спорттық ойындары ұғымдарының ғылыми-теориялық мазмұны мен олардың шығу тарихы туралы түсінігі болуы қажет. Мұндағы негізгі мәселе ұлттық спорт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық және қоғамдық құбылыс екеніне баса назар аударып, ойынның әр кезде және уақытта жалпы әлемдік маңызға ие болуында. Қазақ халқының рухани мұралары кезінде қағазға түспей ауызша айтылып, ауыздан-ауызға ілініп, көпшіліктің кұлағына жетіп игілігіне айналған. Ойын туралы пікірі де қағазға түспей ауызша айтылып келе-келе ұмыт болған. Бүгінде ол пікірлер емес, ойынның өзі қажет болды. Сондықтан сонау орта ғасырлардағы қазақ халқы туралы жазбаларда халықтың этнографиялық зерттеулерінде ұлттық ойындар мен ойын-сауықтар туралы көптеген мәліметтер бар. Бұл ұлттық ойындардың әлеуметтік негізі мен мәні туралы мағлұмат бергенімен, ал педагогикалық тұрғыдан толық анықталмаған. Тарихи деректерге сүйенсек ұлттық спорт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы ілімнің дамуы туралы ой-пікірлерді кең мағынада алып қарауды қажет етеді. Бұлай дейтініміз бүгінгі мәдениеттің негізі көне грек мәдениетінен тарағаны белгілі. Сондықтан ұлттық спорт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы көне грек ойшылдарының пікірлерінен ілгері пікір айтқан ойшылдар сирек кездеседі. Олай болса, ұлттық спорт ойындарының адам өмірінде алатын орыны мен оның маңызын айтып жеткізудің өзі қиындыққа соғады. Тарихи деректерде ертеде гректерде халық жиналатын орынды агон деп атаған. Бұл орындар үлкен жарыс аренасы ретінде агонда халық ойындарымен бірге олимпиадалық жарыстар өткізілген. Ойындардың мұндай жарыс пен бәсеке ретінде өтетін түрлері гректерде жиі болған (Пификалық, Истимикалық, Немейкалық, Панафиналық т.б.). Осы ойындарға қатынасып жеңіске жеткендерді қаҺарман ретінде қабылдап, ерлікке тең жанқиярлықпен еткен еңбегін жеңіс тұғырына көтерілгенге дейін төккен терін паш ету дәстүрге айналған. Оларды жастарға үлгі өнеге етіп, тәрбие кұралына айналдырған. Ел есінде мәңгі қалдыру ниетімен, сол заманның шебер мүсіншілері жасаған тамаша мүсіндері, біздің заманымызға дейін жетіп, күні бүгінге дейін әлемнің таңдамалы мұражайларының сәні мен салтанатына айналуда. Сондай ақ халық жиылатын орындар жарыс алаңы ғана болып қоймай, өнерге деген құштарлықтың қайнап тұрған ортасындай тәрбие орны да болған. Агондар гимнастикалық (әртүрлі дене жаттықтыру ойындары мен шынықтыру жарыстары), ат ойындары (салт атпен жүру және екі доңғалақты арбамен жарысу) және музыкалық (музыка, поэзия және би өнері жарыстары) болып өткізілетін болған. Осы атқарылыған істердің түп негізі қарапайым халық ойындарының негізінде үлкен маңызға ие болған ойынның тәрбие жұмысындағы негізігі құрал екенін дәлелдейді. Ал ертедегі гректер олимпиадалық ойынды барлығының алды санап, оның құрметіне жыл санауды бастаған. Аристотель жазбаларында: пифагоршілер математикалық ғылыммен айналысу нәтижесінде олимпиадалық жыл санауды бірінші болып бастады және сол тұрғыда тәрбиеленіп, оны барлық заттардың бастамасы - деп көрсетілген. Сондай-ақ, өз заманы үшін олимпиадалық ойынға қатысу құқын жеңіп алу оған әзірленудің үлкен тәрбиелік, әрі білімдік мәні болған. Олимпиадаға қатысуға құқық алған жастар көп еңбектеніп тер төгіп, оған мұқият әзірлікпен келген. Осы әзірлік үстінде көптеген қиыншылықтар көп еңбектеніп, тер төгуді қажет еткен. Барлық бәсекелестерін жарыста жеңіп, олимпиада жеңімпазы атану үшін, көп күш жұмсап, уақыт тауып, ұзақ жаттығуды талап еткен [1;123б]. Ал ойынға алғаш қатысатын жастар үшін ол үлкен сын болып, сыннан мүдірмей өтіп, жеңіске жету үшін білгір жаттықтырушы мамандардан сабақ алуға солардың басшылығымен күрделі әзірліктен өтуге тура келген. Олимпиадалық стадионда жарысқа тұңғыш қатынасушылар ойын басталардан бір ай бұрын ерте келіп, тәжірбиелі жаттықтырушының басшылығымен арнайы дайындықтан өткен [1;120б]. Сондықтан олимпиадалық ойынға қатысу оңай нәрсе болмағандықтан, әлеумет алдында жеңімпаз атана білу мыңнан біреуінің ғана қолынан келген. Бұл ертедегі Грецияда ұлттық спорт ойындарына көп көңіл бөліп, нәтижесінде бүкіл әлеуметтік-қоғамдық тәрбие жұмысын жүргізуді мақсат еткен. Ойын арқылы тәрбие беретін ерекше гимнастикалық мектептер ашып, онда жеткіншектер мен жастарды тәрбиелеудің тиімді әдістері мен түрлерін қарастырған. Жеткіншектерді алты жастан бастап салт атпен жүруге, садақ тартып, соғыста қолданылатын қару-жарақтармен пайдалана білуге афина мен спарта мектептерінде тәрбиелеген. Ал қазақ халқында ежелгі бала тәрбиесінде жеткіншектердің аяғы шыққанға (жүруге жарағанша) дейін бір ат сауырында болатыны туралы мәліметтер кездеседі. Мысалы, Қобыланды батырдың алты жасында бөтен елге жұртқа тайсалмай барып, үлкендермен бірге Құртқа сынды сұлуды қалыңдық етіп еліне алып қайтқан. Қобыландының бұл ерлігі - Естеміс секілді тәлімгері, жаттықтырушысы болғандығын дәлелдейді. Бұл әр жұртта әлеуметтік-педагогикалық талғам -талаптар әр дәуірде, әр қырынан қойылып, әр халықтың өз әдет-ғұрпы, дәстүрі арқылы адамның алдына қойған талабымен ұштасып отырғанын көрсетеді.
Грециядағы гимнастикалық мектептерде жастарды ер жүрек, төзімді, батыл, өжет етіп тәрбиелеумен қатар олардың қимыл жылдамдығын сыртқы әсерге қарсы әсерлену, әрекет нәтижелігінің тиімділігін дамытуға тәрбиелеген. Осы тұрғыдан гимнастикалық мектептерде жаттығу халық ойындарымен тығыз байланыстырыла жүргізіліп отырған. Лукиянның айтуынша нәтижесінде батылдыққа және қауіпті жағдайдан тайсалмайтын жанқиярлыққа, сондай-ақ олардың денсаулығының молдығы мен күш-қуатын көбейтуге септігін тигізген. Ал мектептегі сабақтың бір бөлігі түрлі жарыстарға әзірлену жұмыстарына арналса, сабақтың өзі жарыс түрінде ұйымдастырылып отырған. Өте ертедегі Эллиндік кезеңнен бізге жеткен мәліметтер бойынша мектеп аралық жарыстар да өткізіліп тұрған[1; 34 6.].
Ұлттық спорт ойындарына әлеуметтік-педагогикалық сипат беруде әлеуметтік-қоғамдық тәрбие негіздерінің болуына ұлт өкілдерінің бәрі мүдделі болған. Яғни, ұлы дүбірлі тойлар мен ас беру рәсімдері алдын ала белгіленіп, күн ілгері халыққа жарияланып отырған. Үлкен тойлар мен Ас беру бүкіл қазақ жерін қамтитын ұлы дүбірлі оқиға болса, кем дегенде бір жыл бұрын жарияланған. Оны жариялау, елге естіртіп құлақтандыруды сауға айту деп атаған. Қазақта сауға айту дәстүрі бір жүйеге келтіріліп, бұл хабар беру жүйесі бойынша бір жұмада жеткен. Орталықтан берген хабар алдымен әр ру басына, ал олар басқаларға жеткізген. Ру басыларының, байлар мен барлардың кермелерінде қысы-жазы жаратылған аттар үнемі байлауда тұрған. Хабар алған адам, келген жаңалықты, жарлықты дереу басқаларға жеткізген. Осылай хабарлау арқылы ел тез арада жаңалықтан құлағдар болып, ұлттық спорт ойындарын өткізуге әзірлік барысында ең алдымен жастар жүретін болғандықтан, көрермен ретіндегі көпшіліктің өзі де жасөспірімдер мен жастар болған. Ал жарысқа әзірліктің өзі жастар үшін бір мектептен өткенмен тең, әзірлік үстінде тек үйрену ғана емес, іздену, ақыл-ойды шыңдау, адамдар арасындағы қатынастың тиімді жолдарын іздеу секілді адамның өмір танымын, ел арасындағы байланыс секілді аса қажетті істерді де атқарған. Ұлттық спорт ойындарының пайда болуы мен дамуы әлеуметтік жүйе, оны туғызушы және іске жаратушы да әлеумет. Ойын әлеуметтік ортада ғана, өмірге әкелушілердің қажеттілігін өтей алады. Осы қажеттілікті адам өзі көздеген мақсатына жету мен онымен айналысушылар көпшілік халық алдына алып шығып көрсету үшін өңдеп, қырлап, шыңдай түседі. Ойынды ойдағыдай шығару мен көпшілікке көрсету үшін жаттығады, тер төгеді, үлкен еңбек мектебінен өтеді. Бұл жағынан алып қарағанда ол мектептің қызметін атқарады. Бұл ұлттық спорт ойындарының - әлеуметтік-педагогикалық негізін құрайды. Ойынның бұл көзге көрінбейтін қасиеттері бүгінгі жастардың өзіндік дара қасиеттері мен ерекшеліктерін айқындап, салауатты өмір салтын қалыптастыруда өзіне деген сенімін арттырып, оны жетілдіре түсуге өз үлесін қосатыны да анық.
Ертедегі грек ойшылы Платонның пікірінше ойынның қоғам өмірінен алатын қызметі орасан зор, яғни ол әлеуметтік-педагогикалық тәрбиенің қайнар көздінің бірі. Ойынға мән бермегенмен дүниеге келген жаңа ұрпақ қарсы іштей қайшылыққа ұшырайтынын айтады. Платонның еңбектерінен біз ойынның қоғамдық-әлеуметтік рөлін ғана емес, оның тәрбиелік әлеуметтік рөлін жете түсінгеннін көреміз [2; 98б.].
Орта ғасырда, өмір сүрген итальян гуманист-педагогі В. Фельтра (1378-1446) ойынның әлеуметтік-педагогикалық маңызы мен білімдік-тәрбиелік мәнін зерттеуде ойын арқылы жеткіншектерді салауаттылыққа үйретуді, арифметика мен әдебиетті оқыту әдісін жақсартуды ұсынды. Осы мақсатта қала сыртынан Қуаныш үйі деген атпен мектеп ашып, онда жүргізілетін сабақтарда ойынды пайдалану арқылы оқыту әдістеріне көп көңіл бөлген [3]. Ойынды ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде танып әлеуметтік-педагогикалық ойды дамыту мүддесіне пайдалануда бұдан кейінгі дәуірдің халық ағарту қайраткерлерінің еңбектерінен де орын алды.
П.Ф.Лесгафт алғашқылырдың бірі болып жедел қимылды ойындарды дене дене шынықтыру сабақтарына пайдалануды ұсынды. Ол ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандырып, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп көрсеткен. Ойынды ғылыми тұрғыдан алғаш зерттеген неміс ғалымы психолог және философ Карл Гросс ойын әрекеті адамның аса күрделі әрекетінің бірі екенін ол арқылы адам психикасын білу мен оның дамуы үшін қажетті компоненттердің бірі екенін дәлеледеп, тұқым қуалаушылықтың негізінде пайда болатын, жан - жануарлар секілді, өздерінің енесінен берілетін инстинктті жаттығу арқылы өз бойында бекіту, сөйтіп өмір сүруге әзірлену деп түсіндірді [4].
Ал елімізде қазақтың ұлттық ойындарын зерттеушілердің бірі Ә.Ә. Диваев ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы мен әлеуметтік негізін анықтаған. Қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрыпына сәйкес жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін; жеті жастан он бес жасқа дейін және он бестен отызға дейін. Осыны негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарында үш топқа бөледі: бірінші топқа сәбилер ойыны деп, балардың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын ойындарды: Соқыр теке, Түйе түйе, Көк сиыр, Үйшік-үйшік, Қой бағу, Бөрік жасырмақ т.б жатқызады. Екінші топтағы ойындарды бозжеткіншектер ойыны деп атап, оған Орда, Домалақ ағаш, Бөрік жасырмақ, Тақия телпек т.б. Үшінші топтағы ойынды жігіттер ойыны деп атайды да, осы топқа жататын ойындардың өзін үш топқа бөледі: 1. Қоғамдық өмірге байланысты қазақ халқының ұғымында ерте қалыптасқан Хан жақсы ма? ойыны. 2. Жедел қимылды ойындар - Ақсүйек, Ақшамшық, Тиын салу, Алтыбақан, Арқантартыс, Белбеу тастау, Шертпек, Көрші т.б. 3. Спорттық маңызы бар ойындар - Бәйге, Көкпар, Түйе жарыс, Аударыспақ, Жамбы ату, Жаяу жарыс, Жорға жарыс, Қазақша күрес, Күміс алу, Қыз қуу, Сайыс, Таяқ жүгірту т.б. жатқызды [5; 15- 48б]. Бұл біздің заманымызға дейін қазақтың ұлттық спорт ойындары туралы бұрынды-соңды айтылған, әлі күнге дейін маңызын жоймай келе жатқан алғашқы еңбек. Өкінішке орай қазақтың ұлттық ойындары туралы бірлі-жарым жеке мақалалар болмаса, осы ғасырдың 70-ші жылдарына дейін, ойынның тәрбие құралы ретіндегі мәселе әлі толық зерттелінбеген.
Б.А. Тойлыбаев ұлттық ойындарды дене тәрбиесінде пайдалану мәселесін қарастырып, халық педагогикасының басқа элементтерін онымен ұштастыра отырып дене тәрбиесінде эксперименттік жұмыстарды пайдаланған [6].
М. Таникеев дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын (халықтық және феодалдық) көрсетіп, олардың таптық сипаты мен әскери-қолданбалы маңызы бар кейбір спорттық ойын түрлерінің дамуына патшалық саясаттың көзқарасын зерттеген[7]. Ал А.Қ. Айтпаеваның Қазақ халық ойындары - жеткіншектерді тәрбиелеу құралы атты еңбегінде - орыс тілінде оқытатын мектептере оқушыларды тәрбиелеу құралы ретінде қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері мен олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындаған [8].
Ғалым Т.Ш. Қуанышевтың Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін ұлттық ойын құралдары арқылы даярлау атты еңбегінде - болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқу сабақтарында қазақ халқының қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану арқылы жүргізуге даярлаудың педагогикалық және практикалық мәселелері алғаш тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан қарастырып, болашақ мұғалімдерді оқу үрдісінде қазақтың қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану арқылы ұйымдастыру және өткізу даярлығы ұғымына анықтама берген [9].
Н.К. Ахметов өзінің Ойын арқылы жоғары оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеудің теориясы мен практикасы деген еңбегінде ойынды табиғи және жасанды ойындар деп бөледі. Табиғи ойындарды одан әрі академиялық және академиялық емес деп жіктеген. Академиялық емес ойын түрлерін спорттық, құмарлық ойындар т.б. деп қарастырады. Академиялық (оқытушылық) ойындарды екіге бөліп: иммитациялық ойындарды үшке бөледі және нақты ситуациялық талдау, иммитациялық жаттығу деп кеңейте түседі. Иммитациялық емес (оқытушылық) ойындарды: символдық және кроссвордтар, ребустар т.б. деп жіктейді. Автор бұл жерде жоғары оқу орындарында педагог кадрларды даярлауда ұлттық ойындарды пайдалану тәсілдерін қарастыруды мақсат етіп, оның әдіснамалық негізін зерттеген[10].
Қорыта келгенде біздің пайымдауымыз бойынша: ұлттық спорт ойындары деп - әрбір ұлттың қоғамдық тәжірибені жинақтау мен келешек ұрпаққа берудегі әлеуметтік өмір сүру тәжірибесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене, ой, ес, қиялын шынықтырып жаттықтырушы тәрбиелік мәні бар құралдарын айтамыз. Оқыту үрдісінде ұлттық спорт ойындарын пайдалану туралы жазылған әлемдік үздік туындылар мен ғылыми еңбектерге жасалынған талдау негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Қазақ халқының ғасырлар бойы айналысқа түспей келген рухани мұраларының бірі - ұлттық спорт ойындарын оқыту үрдісінде заман талабына сай жетілдірудің әлеуметтік-педагогикалық негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Ұлттық спорт ойындары арқылы жастардың бойына ұлтқа тән қасиеттердің бәрі шоғырланады. Себебі қазақ халқына тән рухани, мәдени туындылардың бәрі де ең алдымен ойын-тойларда әлеумет құлағына жетіп, ұлттың қажетіне асып, мүддесіне жарап, көңілінен шыққандары ғана ел есінде қалып, өмірге жолдама алған. Қазақ халқы үшін ойын-той көне грек жұртының агоны іспеттес ерлік пен елдіктің сынға түсер қасиетті орыны ретінде бағаланған. Қазақ жұртына - өнеге жақсылықтың нышандары үлгі болып осы жерден тарағандықтан, ұлттық спорт ойындары арқылы әрбір мереке, жиын тойлар үлгі-өнеге мен тәрбие мектебі болып есептелінеді.
Ғасырлар бойы сұрыпталып, іріктеліп бізге жеткен ұлттық спорт ойындары салауатты өмір салтын қалыптастыруда нақты ойлау мен қиялдауды, батылдық пен шешімділікті, өжеттік пен ерлікті өз бойына сіңіріп өскен жастарды тәрбиелеуге негізделген тәрбие құралы болып табылады.
Ұлттық спорт ойындары пән аралық байланыстың негізгі элементі ретінде оның мазмұны емес, идеясы мен формасы негізгі рөль атқарады. Қазақтың ұлттық спорт ойындары бәсеке мен жарысқа негізделгендіктен, оның осы мүмкіншілігі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда оқыту үрдісінде пайдалану олардың табиғат, қоғам, адам өмірі -туралы білімдерін тереңдетіп, білім сапасын арттыра түседі. Сондықтан ұлттық спорт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Дене тәрбиесі қасиеттерін дамытуға арналған қимыл-қозғалыс ойындары
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Дидактикалық ойындарды ойластыру
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Пәндер