Сабақта АКТ пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Бекітемін
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық - педагогтік
колледжінің директоры
_________Мендгазиева М.Т.
___ ______20____жыл

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ КОМУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәні:
Информатиканы оқыту әдістемесі

Алматы,2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Ақпараттық - коммуникациялық технологиясына сипаттама ... ... ... ... ... ..6
1.2 Информатика сабағында АКТ-ны қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... 12
II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 АКТ - ның мен қолданған мүмкіндіктері мен бағдарламалары ... ... ... .19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

І. Кіріспе
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: білім беру сатылары арасындағы ақпаратты коммуникациялық оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсіліндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:
Деңгейлеп оқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың ролін анықтау;
Деңгейлеп оқытуда информатика сабағындағы сабақтастықты анықтау;
Дәстүрлі сабақ түрлерін деңгейлік тапсырмалармен толықтыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша фотосуреттерден тұрады.

Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек
Н.Ә Назарбаев

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры деп аталады.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі - жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ақпараттық - коммуникациялық технологиясына сипаттама.
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан - жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан - жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не?
Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

АКТ құралдары дегеніміз - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпараттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.

Сабақта АКТ пайдалану жолдары. Сабақта ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
Интернет деген термин ағылшынның international net деген сөзінен, аудармасында халықаралық байланыс деген ұғымды береді.
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т.б. жатқызуға болады.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиясының тиімділігі
АКТ-ның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Соның ішінде: компьютер , ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б.

АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;

АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?
бір қалыптылықты пайдаланбау;
деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру;
баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру;
жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.

АКТ-ны сабақтың кез келген кезеңінде қолданамын. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мысалы, Информатика пәнінен Алгоритм тақырыбын өтуде алгоритм дегеніміз не, алгоритмнің түрлерін интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды оқушыларға алгоритм жайлы қызықты мәліметтер, алгоритмнің тарихы жайлы немесе бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушылар бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыланады.
Планшетті қолданудың тағы бір жолы - тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни мұғалім алдын ала информатика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде электронды пошта арқылы немесе SMS-пен жібереді, оқушылар тапсырманы топпен , жұппен, өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.
Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады.
Үй тапсырмасын сұрауға не пысықтауға информатика сабағында видеосауалдарды пайдаланамын. Қажетті сұрақтарды өзге сынып оқушыларына қойғызып, видеоға жазып аламын да, интербелсенді тақтадан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс пәнге деген қызығушылықты оятары сөзсіз.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып интербелсенді тақтадан презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру қолайлы. Сонымен қатар өз сабақтарымда үлкен тарауды қайталау, қорытындылау мақсатында берілетін тест тапсырмаларына оқушы алдын ала дайындалуы үшін флеш-картаға сақтап беру жолдарын қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет екендігін түсінуге көмектеседі.
Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Қасына фотоаппаратымен репортерді қосамын, бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес қосқаным деп санаймын.

АКТ - ны пайдалану маған не берді?
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;
оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.
АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;
Тіл байлығын жетілдірді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырды;
Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізді.

2.2 Информатика сабағында АКТ-ны қолдану
АКТ-ны информатика сабағында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Білім беру негізін түсіну, білім беру стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау, өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру. Әрбір сабақ-мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Жаңа тәсілдер арқылы сабақты жоспарлау сабақтың структуралық құрылымына өзгеріс енгізе алады.
Олар: а) нәтижелі оқу еңбегіне уақыт көбейеді;
ә) сабақта жаңа материалды игеруге деген көзқарас күшейеді;
б) сабақ сұраудың жоспарлы және жүйелі түрі күшейтіліп, сапасы артады;
в) оқушының жас ерекшелігі мен психо-педагогикалық дамуы қатаң есепке алынады.
Жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланыстылығына мен өзімнің іс-тәжірибем кезінде көз жеткіздім. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер курсы кезінде үйренген әдістерімді қолданып сабақтар өткіздім.
Қашықтықтан оқыту кезеңінде, мектептегі практикалық сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушы үшін білім берудің оңай, әрі тиімді жақтарын қарастырдым. Жалпы алғанда сабақ үдерісінде біз білетін оқытудың жаңа технологияларының барлығының да тиімді жақтары жетерлік. Сондықтан да өткізген сабақтарымды түрлендіріп отыруға, қызықты етіп өткізуге тырыстым. Соның ішінде АКТ-ны қолданудың тиімді жағы баршылық. Өзімнің әр сабағымда АКТ-ны жүйелі түрде , ұтымды пайдаланып отырдым. Ұзақ мерзімге жоспарлаған төрт сабағымда слайдтар жасауда, бейнероликтер көрсету барысында өте ұтымды шықты. Тақтадан көрген бейнероликтерін оқушылар бір-бірімен талқылау барысында ойларын ашық айта білді. АКТ құралдары арқылы информатика пәнінен Жобаның интерфейсі тақырыбында және де Бір өлшемді массивте деректерді енгізу және шығару тақырыбындағы сабақтарды өткізген кезде интерактивті тақтаны, компьютерді, үнтаспаны пайдаландым. АКТ-ны қолданудың бір ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды орындағанда интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды. Сол арқылы бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Мысалға: жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын толық жеткізеді. Оқушылар оқи әрі көзбен көре отырып мағұлматтарды естерінде жақсы сақтайды.
Интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда ондағы тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға оқушылар қызығушылық танытады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады. Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Жоспарлап оқыту технологиясы
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
Пәндер