Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІӨЗЕКТІЛІГІІ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ -ƏБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ ШАНДОЗ ДЕРЕКТІ-ТАРИХИ БАЯНЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАНЫМДАР

ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАҒЫТЫ-ТАРИХИ ДЕРЕКТІ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА СЕКЦИЯСЫ-ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ -

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАҒАН ОҚУШЫ-

ОҚУ ЖЫЛДАРЫ-2023-2024 ЖЫЛ

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғаларды зерттеу мақсатым:
Әбіш Кекілбаев өзінің шығармашылық тұлғасымен де, адамдық болмысымен де, қазақ деген тағдыр-талайы талқыға түскіш "құдайдың сүйген құлының,табиғатын таныта алатын ұлттың сырбаздығы мен тектілігін, кірпияздығын көрсететін Әбіш Кекілбаев еңбектерін зерделеу, еңбектеріндегі тарихи тұлғаларды зерттеу.Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу.
Ғылыми жоба міндеттері:Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына бабалардың қызығушылығын оятады
Әбіш Кекілбаевтың Шандоз шығармасына деген балалардың ой өрісін дамытады
Қазақ әдебиетіне және тарихына балаларды тарту,балаларға оқытады
Ғылыми жоба өзектілігі:қазіргі кезде тарихи деректі шығармалар өте өзекті . Себебі қазіргі тәуелсіздік осы тарихтағы біздің батыл ата бабаларымыздың ерлігының арқасында келді. Бізде сәйкесінше сол тарихи тұлғалардың қадірін біліп қастерлей білуіміз керек.

Мазмұны

1)АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2)КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
3) НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
4)ШАНДОЗ ШЫҒАРМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
5)ШАНДОЗ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАНЫМДАР ... ... ... ... ... .
6)ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7)ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...

Аннотация
Әбәш Кекілбаев әдебиет пен тарихтың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейіннен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы.

Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің не бір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық
Парызы биік, телегей талант иесі екендігімен де мәлім.
Әбіш Кекілбаевтың Шандоз шығармасы тарих сахнасында өте маңызды орыны бар шығармалардың бірі. Сонымен қатар бұл шығармалар әлі де зерттелу үстінде . соған байланысты мен осы жобаны жазкды жөн шештім

Аннотация
Абаш Кекилбаев - мастер-писатель, пришедший со стихами на бурные берега литературы и истории и впоследствии привлекший внимание всего мира.

Абиш Кекильбаев также известен своим творчеством, которое является жемчужиной мировой литературы, исходящей из его природного таланта, обладающего высоким уровнем политического, художественного и гражданского долга, вдумчиво размышляющего о будущем своей страны и умело анализирует настоящее.
Произведение Абиша Кекильбаева Шандоз - одно из произведений, занимающее очень важное место на исторической сцене. Кроме того, эти работы все еще изучаются. Поэтому я решил написать этот проект

Annotation
Abash Kekilbayev is a master writer who came with poetry to the stormy shores of literature and history and subsequently attracted the attention of the whole world.

Abish Kekilbayev is also known for his creativity, which is a pearl of world literature, emanating from his natural talent, possessing a high level of political, artistic and civic duty, thoughtfully reflecting on the future of his country and skillfully analyzing the present.
Abish Kekilbayev's work "Shandoz" is one of the works that occupies a very important place on the historical stage. Moreover, these works are still being studied. So I decided to write this project

Кіріспе

Жаһандану жағадан алып жатқанда, жаңғыру қажет деген ұран бұрынғы үйреншікті тірлігімізді астан кестен қылды. Енді амалсыздан мына жаңалыққа жармасып жатырмыз. Қазір барлық тірлігіміз бен ісімізден осыдан көрінеді. Ең алдымен əдебиеттен. Жазған-сызғандарымыз элективті сипатқа ұшырап, монтаждық тəсілдер мен клиптік үлгідегі образдарға көз тіге бастады. Солар арқылы күрделі қабылдау, таным, (ассоциялы) байланыстарды бейнелемекпіз.
Мақсатымыз айналғандай. Осы өзі мүмкін бе? Өзекті тақырыптарға тереңдей алдық, мақсатқа жақындадық деп айт алмайтын тəріздіміз. Алайда мына жанталасудың өзі анық бір шындықтарды көрсетуде. Ол - бізге мына беймəлім бұлыңғыр жанталасудан шығаратын, көмектесіп, жол, əдіс-тəсіл көр сететін талантты, ержүрек тұлғалардың қажеттігін.
Жиырма бірінші ғасыр адамдарын билеген тұрмыс тауқыметтері мен құбылмалы қоғамның құйтырқы қатынастары сенімсіздік туғызады.. Содан қозғалған ой-сезімдерді замандастарға айтқың келеді. Əсіресе қаламгерлерге. Мұны оқырманға, жеткізу үшін бейнелі сөз, салмақты ой, дара пішім керек.
Жаңа түр керек. Соған қабілеті бар, шамасы келетін тұлғаны іздейміз...
Соның бірі - Əбіш, Əбіш Кекілбайұлы еді. Мұны өз тіршілігі мен өмірі туралы ойлана алатын əр қазақ біледі деген ойдамын.
Енді міне қолымызда қаламгердің, бəлкім, соңғы романы. Соны үлгіде жазылған жаңа тарихи роман. Мұнда деректі-тарихи баяндар мен қаламгер толғамдары кезек ауысып, кейде араласып отырады. Оқырман назарын бірде өткен күндер өрнектеріне - Махамбет заманының шындықтарына бұрса, келесі сəтте одан да бұрынғы тарих уақиғаларға тартады. Бұлардың шығармаға қажетті тұстарынан тере көрсетіп, шолу жасайды.
Махамбет өмрбаянын білемін деп сауытты оқырман айта алмас. Өйткені кеңес үкімет шындықтан алыстау ұстады бізді. Біле бермейтін деректер мен мүлде теріс қабылданған идеологиялық ертегілер аз болмады. Махамбеттің 1816 жылдан 1829 жылға дейінгі шығармалары мен шығармашылығынан, өмірінен құжатқа түскен бірде-бір дерек жоқ Махамбеттің қара басынан бастап, оның əкесі Өтеміс, Исатайға дейін жаңа тарихи деректер мен уақиғалар ашылып жатыр.
Əбіш Кекілбайұлы осы жаңа деректер мен зерттеулерді ұлттық қозғалыстар мен арпалыстар дауылдарына тап болған адамдардың жеке тірліктері мен ішкі сезімдерін көрсетуде қолданады. Мүлде соны тəсілдерді де əкелген. Бұлар туралы сəл кейініректе баяндалады.
Реті келгенде бүгінгі ХХІ ғасыр басындағы тарихи романдар туралы бірер сөз айта кету жөн көрдік. Өткен ғасыр соңы мен жаңа ғасыр басында біздің əдебиетімізде мүлда жаңа сипатты екі тарихи роман дүниеге келді. Оның біреуі жоғарыда біз айтып отырған Шандоз болса [1], екіншісі - М.Мағауиннің жанрын деректі тарихи хикая деп белгілеген Шыңғысханы [2]. Мұнда да тарихи уақиғалар ортасындағы Шыңғысханмен жолығамыз. Жеке өмірі мақсатқа жету жолындағы ірі əрекетерімен қатар-қатар бейнеленеді. Тарихи шындық пен қаламгер болжамдарының қабаттасатыны соншалық қадала оқыған зерттеушінің өзі де қолына ұстап отырған тарихи уақиғалар тінін жоғалтып алады. Мұны шығарманың кемшілігі ретінде айтып отырғанымыз жоқ, қайта тарихи уақиғалар тізбегінен бастау алатын баяндардың болжамдарға қай сəтте бұрылып, қай сəтте тарихқа қайта оралатынын байқамай қалатынымызды айту үшін қолданып отырмыз. Бұл шығарма туралы да деректі зерттеулер кейін келетін шығар.
Негізгі бөлім
Шандоз шығармасы
Шығарма - Батыс Қазақстан облысының əкімшілігі мен Арыс қоры шығарған Махамбет əлемі атты топтамалар сериясының қорытынды нүктесі тəрізді еңбек. 2004 жылы жарық көрген [3]. Ə.Кекілбайұлы жаңа шығармасының жанрын деректі-тарихи баян деп көрсеткен. Шығармада тарихи уақиғалар деректерге негізделе көрсетілсе де, қаламгердің көркем қиялы мен болжамдарының қосары да аз емес. Кейбір уақиғаларға қатысты қаламгер ойлары тарихи дерек пен соған сүйенген болжамдарға құрылған көркем мазмұндарға да жүктеледі.
Шығармадағы басты кейіпкер - Махамбет Өтемісұлы. Ол туралы көркем шығармалар баршылық, зерттеулер де жеткілікті [3]. Бірақ, қаламгер аңызға байыған өмірбаянды тұлғаның қасіретке толы жеке өміріне, шығармашылығына тоқтала баяндайды. Əрі оны ақын шығармашылығының назардан тыс келе жатқан аса мəнді дерегі ретінде ұсынады. Сондықтанда мұнда, жаңа шығармада дискурстық сипат көп ұшырасады.
Тарихи деректер мен Махамбет шығармаларының бейнелі тілі ақын тап болған уақыт пен кеңістіктің аясынан асып, қаламгерді амалсыз болжамдарға жетелейді. Бұған шығармадағы өзге тарихи тұлғаларды Жəңгір хан мен Өтемісті, Исатайды қосаңыз көркем шындықтың тарихи баян арнасына мүлде сыймайтын бірден сезесіз. Демек, Шандоз деректі-тарихи баян - деректі тарихи уақиғаларды көркем баяндаумен қатар, қаламгерлік басты ой, идея өрімдерін көркем мазмұнға бөлейтін - тарихи жаңа роман..
Романда Ə.Кекілбайұлы элективті монтаж тəсілін жиі қолданылады. Қаламгердің нақты жағдайларға сай таңдаған тəсілі шығар. Мұның артында да жазушының асыл ойларының барлығы да даусыз.
Көркем мазмұнға сұранып тұрған уақиғалар жеткілікті. Соларды қуып кеткенде роман көркем идеясының бірер томмен тəмəмдалмайтыны көрініп тұр. Ендеше оларды оңтайлы тəсілдер тауып, теріп, қиыстыру керек. Осы мақсаттан таңдалған тəсіл романнаың жаңа түрін туғызған.
Шығарма құрылымы
Қаламгер романға қосқан жаңа материалдар толып жатыр. Негізгілерін атар болсақ: тарихи деректер мен аңыз əңгімелер, шежірелер, қыстырма уақиғалар қазақ қоғамдақ тірлігінің басында болған қайраткерлер, батырлар, Махамбеттің əкесі, əйелдері т.б. Бəрінің Махамбет бейнесіне қосатын ойы, айтар дара сөздері, жеке пікірлері, араласатын іс, уақиғалары бар. Көркем бейне жазуда қажет екені анық.
Бір уақиғадан екіншіге өтуде қаламгер уақыт кеңістік өлшемдерінде еркін ауысады. Шығарманы жаңа оқырман, бұл жерде біз жастарды айтып отырмыз, тұшынып қабылдауы оңай емес. Оқырманды да сынайтын кітап болады, - дегендей, бұл романды оқу үшін біршама дайындық керек. Баяндалатын уақиғалар араларында М.Өтемісұлына байланысты мəліметтер мен авторлық толғамдар кейде жоққа тəн көрінуі де мүмкін. Алайда, осы бөліктерде ақынның аса қажетті ойлары бейнеленген. Оларға мəн бермей, болмаса аттап оқыған оқырман Махамбет ойларының тереңдеріне үңілуге мүмкіндік беретін нəзік тіндерді жоғалтып алады. Мысалы, Қапыда өткен дүние-ай Қайыңның басын жел соқса, Екі талай болғанда, Алланың не берері болжаусыз т.б.
Қазақ мемлекетінің тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары мен батырларының тəуекелі мол ерлік істері елдік туралы ой-армандармен байланысты. Мұның бəрі Шандозда көркем мазмұнға көшірілген. Туған жері мен халық бостандығын бəрінен жоғары қойып, ымырасыз шайқастарға шықан кейіпкерлердің ерліктері ұлттық рухқа суарылған ақын Махамбет шығармаларының мазмұнына қаһармандық қуат қосқан. Алайда бұл саяси тақырыпты жырлау не дəріптеу емес. Жəңгірге қарсы көтерілген халықтың ашу-ыза кегінің көрінісі тəрізді көрінгенмен мүлде басқа бағыттарды көздейді. Отаршыл мемлекет пен халық арасындағы тартыстардың алғашқы ірі əректтері болатын. Ендеше оны оқырмандарға тарихи деректі негізде ашып көрсетпейінше шығарма өзегіндегі басты ой-идеяларды жеткізу қиын. Осы тұста қаламгер қазақ елі тап болған уақиғалардың бастыларын тарихты деректермен сабақтас баяндайды. Бұлар тыңнан қосылған, болмаса жаңадан табылған деректер емес. Салмақты томдарда сақталған құжаттар. Бірақ, түрллі себептермен аршып көрсетілмеген, қолданылмаған тарихтар. Дəл осы тəрізді деректерді жаңа материалдармен салыстыра баяндаулар Шандозда жиі ұшырасып отырады. Оның ірі себептері жоғарыда көрсеттік.
Исатай - Махамбет қозғалысы көршілес ірі мемлектер арасындағы қатынастарға өзге де мəн берді. Осы тарихтарды көрсету барысында Ə.Кекілбайұлы қаламгердік талдау, толғаныстарға біраз орын берген: Цин империясының шапқыншылығына, Батыс пен Теріскейден ұмтылған торғауыттардың шабуылдарына, Ресейдің отарлау əрекеттеріне, Жайық казактары мен башқұрттардың зорлық-зомбылықтары т.б. Романда осы бақыншылыққа қарсы күрескен қазақ халқының жанкешті əрекеттері баяндалған. Бұл баяндарда осы тарихтарды авторлық қабылдаулардың ерекшелігі байқалады. Əсіресе, ақындар мен би-шешендердің ой-армандарын халықтық ерлікке орай жырлайтын дастан-жыр толғаулары ұлттық рухқа толы.
Қазақ даласына дəмелі Түркия, Иран, Орта Азия мемлекеттерінің жаулау мақсатында жүргізген алуан түрлі саясаты мен жаулау тəсілдері ақынжыраулар назардан тыс қалмай тарихи деректермен егіздей өріледі.
Ресей патшасы да қарап жатқан жоқ. Қазақ билеушілері арасындағы алауыздық пен қайшылықтарды пайдалана отыра зымиян саясатын іске асыруға ұмтылады. Далалықтардың аяқ астынан бұрқ ете қалатын жорықтарынан қорғану үшін қалқан ретінде ойластырған Бөкей ордасына Ресейде оқып білам алған, тəрбиеленген Жəңгірді хан сайлаған. Ондағы мақсат мүдделері белгілі, Ендеше Жəңгір ханмен шайқасқа шыққан қазақтың би-батырлары бастаған қозғалыс, көтеріліс Ресейдің Шығысты көзеген басты саясатына үлкен кедергі. Оны кəсіби əскердің қарулы күштерімен жаныштау, аман қалғандарын қудалау, жер аудару осының бəрі Шандоз тарихи деректі баянында ресми тарихтар мен деректер арқылы жан-жақты көрсетіледі. Бұл құжаттарда Махамбет өмір сүрген орта мен ақынды қалыптастырған қоғамдық ая жан-жақты ашылады..
Махамбет өмірі тұсында қазақ қоғамындағы дəстүрлі салт-сана мен əдетғұрыптар жаңа заман əсерімен бірітіндеп ірілі - уақтылы өзгерістерге ұшырай бастаған еді. Мұны əркім өзінше қабылдады: қарсыласты, үнсіз қалды, т.с.с. Алайда осы дəстүрлі ортаны аяусыз өзгертіп жатқан тəрізді Жəңгір жаңалықтары Махамбет төңірегінің басты əңгімесі еді. Басқа көрші елдер мен жұрттардың əрекет, тірліктерін Махамбет жақсы білді. Мəселен, Ресей патшасы мен оның қол астындағы татарлардың, башқұрттардың жəне Хиуа хандығы құрамындағы елдердің өмірлерінен хабардар болды. Бірақ, ақынды ашындырған басты мəселе - оның ой-əрекеттерінің түпкі қазығы бұл емес. Ең қорқыныштысы Ресейдің Қазақ еліне деген теріс пиғылы мен саясаты болды.
Махамбет Бөкей Ордасының осы кеңістіктегі орнын жақсы білді. Жəңгірдің орысшылдығының Махамбетке ұнамауы осыдан басталды. Одан келетін қауіпқатерді ақын жүрегі бірден сезді. Бұл - Махамбеттің Жəңгірден кетуінің басты себептерінің бірі.
Елдің тұрмысын, əдет ғұрпын Жəңгір хан тарапынан бұзу үдеген сайын көргені көп ойлы ақын толғамдары оның шығармаларында болуға тиісті еді.
Бірақ түрлі саяси себептермен олардан айрылып қалғандаймыз..
Бөкей кіші жүз қазақтарының ханы аталғанмен де оның бар тірлігі патша ұлықтары арқылы басқарылатын үкіметтің қолында болған. Жəңгір хандығы кезінде де бұл саясат өзгерген жоқ. Қазақ хандарының арасында тиянақты білім алған, Ресейдің жоғары оқу орынын бітірген, тұрлі əлеуметтік топтарымен кездескен Жəңгір де алдында тұрған мақсаттардың орыс патшасына байланысты сипатын бірден аңғарды.
Кіші жүз, Бөкей ордасының ханы атанса да дəрмені мен пəрменінің шектеулі қуыршақ хан екенін түсінеді. Өзінің дербес саясатын жүргізуге, елдік туралы мақсаттары мен өркениетке ұмтылған əрекеттерін іске асыруға мұмкіндігінің мүлде аз екенін ұқты. Қазақ қоғамына үлген өзгерістер қажет еді. Қол астындағы қалың ел мен маңындағы билер, атқамінерлер арасындағы қарым қатынас о бастан-ақ шиленісті, аса күрделі кұйде болды.
Атадан балаға мирас болған салт-санаға, дəстүрге сүйенген қазақтар Ресей саясатына жалтақтаған, жасқаншақтау жас ханға көңілдері толмады.
Жəңгірмен жақындасу үстінде алғашында оған құрметпен қараған Махамбет те оның баласы Зұлқарнайға көмекші қызметкер ретінде Орынборға барған сапарынан хан ордасына қайта оралмады. Қол үзеді.
Махамбеттің кім екенін білу үшін аса қажетті тұлға да осы - Жəңгір.
Шандозда алуан түрлі қайшылықтар қабаттасқан ел дүрбелеңінің, халық қозғалысының пайда болу, даму, Исатай - Махамбет ұлт-азаттық қозғалысына ұласу себептері баяндалады.
ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы алдындағы күрделі мəселелерді жаза бастаған бүгінгі шығармаларында жаңа өзгерістер көріне бастады. Солардың бірі - Əбіш Кекілбайұлы шығармаларында деректік, мазмұндық, көркемдік бағыттардағы жаңалықтар. Қаламгердің алғашқы шығармаларынан-ақ өзгеше дүниетанымы, дара өрнегі бейнеленеді..
М.Өтемісұлының өмірбаяны мен шығармашылығы - қаламгерді алысқа жібермей жүрген тақырып. Студент жылдарында жазылған Қызғыштың əні-нен бастап үнемі ақын өлеңдеріне көз тігіп жүрген. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайын зерттеді, ақынды жақсы білетін қаламгерлер- ғалымдармен пікірлесті, ел ішіндегі көнекөз қариялардан ауызша əңгіме, хикаяларды тыңдады, Махамбет туыстарымен кеңесті.
Жазушы осылардың бəрін - жаңа əдеби үлгілерге ұмтылған ізденістерін, Шандоз деректі-тарихи баянында бір түйіндейтін тəрізді
М.Өтемісұлына байланысты қазақ қоғамдық санасында əбден қалыптасқан көзқарас, пікірлерді Əбіш Кекілбайұлының жаңаша тану, қорыту, қысқасы - дискурстық бағытта қабылдауы аңғарылады. Мұны жаңа заман, егемендік мүмкіндік берген, еркін ойлау мен жаңа матералдар нəтижесі ретінде де ұғуға болады. Соңғы деректер мен соны ойларды жеткізу барысында баяндау жəне суреттеуді қатар қолданатын қаламгердің жазу əдіснамасы мен əдістəсілдерінде де өзгерістер аз емес.
Ə. Кекілбайұлының ертеректе жазған мақалаларында да, М.Өтемісұлы туралы жаңа ойлардың, толғамдардың болғаны белгілі. Бірақ, ресми идеология екпінімен ығысуға, ыға баяндарға баруға тура келген сыңайлы.
Шандоз - əлеуметтік-тарихи уақиғаларды қаламгерлік толғамдарға орай бейнелейтін шығарма. Оның басты қаһарманы - қазақ қоғамдық санасындағы даңқты тұлға - Махамбет. Оның өмірбаянына қатысты жаңа мəліметтерді, бəлкім бұрын айтылған, бейнеленген қабылданған, талданған, мəліметтерді Ə.Кекілбайұлы Шандозда жаңа дискурсқа көшіре бейнелейді. Махамбеттің шығу тегі мен əкесі, өскен ортасы мен отбасын құруы, білім алу қайнарлары, қоғамдық қызметі, Жəңгір ханман ара қатына-қатынасы, қазақ елі мен орыс мемлекеті арасындағы қарым қатынастар туралы ойлар т.б. Бұлардың бəрі күні кешеге дейін өмір шындығына сай деректерге сүйене жазылды, бейнеленді деп айта алмаймыз. Орыс идеологиясына жаутаңдаған жылдарда Махамбет шығармашылығы мен қызметі туралы зерттеулер де таптық қоғам қақтығыстарынан ұзай алған жоқ. Əрі Исатай, Махамбет бастаған халық қозғалысының өзін шаруалар көтерілісі дегеннен аспадық.
Бұл қозғалыстың негізінде басқа мұрат, мақсаттар тұрды. Ə.Кекілбайұлы тақырыпты жаңа танымда тарқатады. Шандоздан үзінді: Шамасы кеңес жылдарындағы идеологиялық ұйытқымалық Махамбет мəтіндеріне де өз салдарын аз тигізбесе керек. Ереуілші ақынның бірде бір толғауында патша, орыс, кəпір деген сөздердің атымен кездеспеуі де таңғаларлық жай... Ақын жырларының əлеуметтік зілін əріге асырмай, Жасқұс пен Жəңгірдің маңайымен шектеуге тырысу əнтек байқалады. Сонда Махамбеттің бар ерлігі мен өрлігі Жəңгірхан, Баймағамбет сұлтан, Қарауыл қожа хакім, Балқы билерді сілейте балағаттаумен тынған ауыл арасының көп тентек телісінің бірі болады да шығады. Бұл - ақынға да, тарихи шындыққа үлкен қиянат. Сондықтан ақын жырларын əлі де болса жинақтай түсіп, ел аузындағы төңкеріске дейінгі, төңкерістен кейінгі, соғыс жылдарындағы, тоқырау тұсындағы жарияланымдық нұсқаларды өзара салыстырып, бастапқы қалпына келтіру - ақын алдындағы əлі атқарылмай келе жатқан парызымыз

Шандозда кейіпкердің ішкі əлемі өте аз көрсетіледі. Қаламгердің өзге шығармаларымен Аңыздың ақыры, Үркер, Елең алаң тағы басқалармен салыстыруға да келмейді. Қаламгер сұранып тұрған фабула, сюжеттерден бас тартқан тəрізді. Мұнда деректер сөйлейді. Толғамдардың қорытындысы ретінде берілетін аз кем ойлардың өзін ұқсас (мезгі-мекендік) тағдырлас адамдар тіршіліктерімен синхронды бағыттарда салыстыра көрсетеді. Мысалы. Маулен мен Бекей хикаясына байланысты
Ұлт-азаттық шайқас жолына біржола бекініп шыққан Махамбет, бала-шаға мен өзі ұнатып алған əйелдерін да осы жолда құрбан қылуға дайын болғандай. Махамбеттің жалғыз қалған сəттеріндегі ішкі ойлары мен бойын буған сезімдерін қаламгер болжап, суреттеп жатпайды. Алайда дəл осы сəттерді, Махамбет ішкі əлемін ашып көрсету үшін Ə.Кекілбаев ақынның өлеңдерін пайдаланады. Өлеңдер астарынан байқалатын ойларды енді жаңа дискурс ретінде алады: Аспанда ұшқан ақ сұңқар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Сал серілердің өлеңдеріндегі қыз сипаты
Шандоз – көшелі тақырып
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Музыканың басқа өнермен байланысы
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Ә. Кекілбаевтың повестеріндегі тарихи тұлғалар тағылымы
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Ғұмар Қараш өмірі
Пәндер