МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖАЙЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМИ ТАҚЫРЫБЫ-Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 20 ғасыр басындағы діни жаңартушылық қозғалысы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАҒЫТЫ -ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ -
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАҒАН -
ҒЫЛЫМИ ЖОБА СЕКЦИЯСЫ-ӘДЕБИЕТ
ОҚУ ЖЫЛЫ-2023-2024
Ғылыми жоба мақсаты
Аталмыш тұлғаның осы күнге дейін зерттелмеген тұстарын зерттеп, Қазақ даласында түрлі билік құрылымдары мен дәуірлік өзгерістер кезеңдерінде өмір сүрген дін қайраткерлерінің көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары қандай кезеңдерде қай бағытта өзгеріп отырғандығын Мәшхүр Жүсіп Көпейұлының мысалында анықтау.
Ғылыми жоба өзектілігі
Осы мәселенің маңыздылық деңгейін ортаға салу және ұлы даланың төрінен шыққан дін қайраткерінің ғылым, өнер, шығармашылық жолындағы талпынысын көрсету. Сондықтан да алға қойған мақсатқа жету үшін Мәшхүр Жүсіп Көпейұлының көптеген шығармаларындағы дін тақырыбына байланысты ой-толғамдары, пікірлері зерттелді.
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ХАҚЫНДА QR CODE ... ... ... ... .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖАЙЫНДА ... ...
ДІНИ КӨЗҚАРАСЫ
ДІН ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ
ДОГМАТИЗМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
САРАПТАМА БӨЛІМІ
ҰСЫНЫС
Аннотация
Бұл ғылыми жобада айтылатын басты дүние XIX ғасы соңы мен XX ғасыр басындағы Қазақстандағы діни ахуал аспектілері шеңберінде ислам әлеміндегі мұсылмандық ғалымдар мен дін қайраткерлерінің ойтолғамдары мен тұжырымдары жинақталып қарастырылады, ислам мәдениетінің өкілдері ретінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сол бір кезеңдегі ой құндылықтар мен діни көзқарастары туралы пікірлері зерттелген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы аталған ғасырлар шеңберіндегі тарихи ерекшеліктеріне байланысты Татарстан ғұламалары тарапынан бастау алатын жәдидшілік мектебінің өкілдерінің еңбектері мен діни ағартушылық жұмыстары туралы баяндалады. Қазақ руханиятының жаңа дәуірдегі даму ерекшеліктеріне жәдидшілік қозғалысының ықпалы, медреселердің атаулары, орналасқан аймақтары туралы мәлімет жазылған. Қазақтың белгілі ақыны, тарихшы, ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жастық шағы мен білім, ғылымға үйренген өмірлік кезеңдеріне ықпал жасаған діни ахуал мен орта туралы бірқатар деректер қарастырылады.
Аннотация
Основная тема данного научного проекта - сборник мыслей и выводов мусульманских учёных и религиозных деятелей исламского мира в рамках аспектов религиозной ситуации в Казахстане в конце XIX - начале XX века. . Сообщается о работе и религиозном воспитании представителей модернистской школы, начало которому положили ученые Татарстана, обусловленное историческими особенностями традиционного казахского общества в рамках упомянутых столетий. Написаны сведения о влиянии модернистского движения, названий медресе и их местоположения на особенности развития казахской духовности в новую эпоху. Рассмотрен ряд данных о религиозной среде и среде, повлиявшей на юность и жизненные периоды известного казахского поэта, историка и ученого Машхура Жусипа Копейули.
Annotation
The main topic of this scientific project is the collection of thoughts and conclusions of Muslim scientists and religious figures in the Islamic world within the framework of the aspects of the religious situation in Kazakhstan at the end of the 19th century and the beginning of the 20th century. The work and religious education of the representatives of the modernist school, which was started by the scholars of Tatarstan, due to the historical features of the traditional Kazakh society in the framework of the mentioned centuries, is reported. Information about the influence of the modernist movement, the names of madrasahs and their locations on the features of the development of Kazakh spirituality in the new era is written. A number of data on the religious environment and environment that influenced the youth and life periods of the well-known Kazakh poet, historian, and scholar Mashhur Zhusip Kopeiuli are considered.
Кіріспе
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы діни ағартушылық көзқарастарымен анағұрлым көзге түскен Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш шығармашылықтарында исламдық рухани негіздер, оның ішінде ханафилік мәзхабтағы суннилік көзқарастар айқын басымдық танытады.
Балалық шағынан медреседен діни білім алған, Құран-Кәрімді жаттап өскен, діни тәлім-тәрбие көрген Мәшһүр-Жүсіп өз шығармаларын жазғанда шариғат ережелерін басшылыққа алып отырған. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т. Б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2 - 3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т. Б. тілдерді де біледі, бұл халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген діни, ғылыми кітаптарды оқып, танысып, матуридилік ақида мен ханафилік фыкһты жақсы меңгеріп шығады.
Одан кейін Түркістанға келіп, Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шудан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, Орал мен Жайық аралығын да аралайды.
Мәшһүр Жүсіптің осындай үш сапары белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақалмәтел, ақындар айтысын т. Б. қағазға түсірумен ғана шектелмей, діни қолжазбалар мен ауызша деректерді жинап, баспасөз беттерінде, Дала уәлаятының газетінде, Айқап журналында, Қазақ газетінде өзінің діни көзқарастарын білдіретін мақалалар жазғаны да белгілі. Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған.
Мысалы, Ғылым білімі кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал Әмір әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа - араб сөзі, бет, парақ деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: Хазірет Юсуф пайғамбар, Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған, Ошақты Қоңырбай қалпе әңгімесі, Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді, Ақыреттің eгіні, Құдайым жексенбі күн жер жаратты, Жер мен Көк қиссасы және т. Б. діни нанымдық мағынадағы деректер бар.
Екі діни балладасы - Шайқы Ысқақ пен Надан би белгілі. Исламның бес парызы біреуі - иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған. Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып, Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған, - деп жырлаған Мәшһүр Жүсіптің діни көзқарасы қазақ халқының арғы ата-бабасынан бері ұстанып келе жатқан ислам аясында қалыптасқаны даусыз.
Әрине, бұл тұста қазақтар арасында ханафилік мәзһабтағы суннилік ислам арнасындағы сопылық бағдардың үлкен орын алғанын ескеру керек. Жалпы өткен тарихқа көз жүгіртіп, ислам дінінің әуел бастан түркі әлеміне таралуын 751 жылғы Атлах соғысынан бастап, яғни VIII ғасырдың орта тұсынан (Ысқақ баб кезеңінен) бастап қарқынды енгенін байқамыз.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмірбаяны мен шығармашылығы жайында қойылған сайттың QR коды
Негізгі бөлім
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дін туралы не дейді?
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдеріндегі қозғалатын мәселелері адамгершілік, имандылық, жұмақ пен тозақ және рухани байлыққа негізделген. Мәшһүр Жүсіптің сонымен бірге дін тарихы, оның ішінде ислам діні тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы жазғандары бір төбе.
Дінді, оның ішінде ислам дінін саралаған Мәшһүр Жүсіптің Шайтанның саудасы, Соқыр, саңырау және жалаңаш, Жарты нан хикаясы, Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені тағы сол сияқты туындылары бар. Шығыстың классикалық әдебиетін жетік білген ғұлама артына көптеген өшпес мұра қалдырды.
Әсіресе, ислам құндылықтары туралы өлеңдерінде дін тарихы терең баяндалады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы, әсіресе дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Мәшһүр Жүсіп атамыздың айтуынша дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады, құдайды тану адамшылыққа, әділдікке бастау сынды.
Мәшһүр Жүсіп: Мен Құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін.
Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті. Өзге нәрсеге құлақпен естіген танық, көзбен көрген анық дегендей, көзім көрмей нанбаймын дейді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған.
Оның еңбектерінің біраз бөлігі - біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Ақынның түсінігінше, елдің елдігін сақтайтын, қандай қиындық болса да алып шығатын - дін.
Сондықтан да:
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай домой, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне.
Азаттық бәріне бар, дінде болса - деп білген ақын
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен деп теңбе - теңге.
Шариғат ортамызда тұрса екен деп,
Бір дүкен дін ислам боп құрса екен деп.
Мешіт пен медресенің тексеруі,
Құран кітап жөнімен болса екен- деп жырлаған.
Дін - халықтың рухани сенімі.мСенімінен айрылған халықтың болашағы жоқ. Сондықтан да отаршылдар өзге ұлттарды бағындыру үшін оның болашаққа деген сенімінен айырады. Бұл мақсатқа жетудің басты құралы - дінінен айыру болып табылады. Патша үкіметінің де қазақтарды шоқындыру саясатын жүргізгені анық. Мәшһүр Жүсіп Көпеев осындай арам ойларға қарсылық танытып, елдің тұтастығын сақтап қалу үшін дінді ұмытпай, халықтың діннен айырылып қалмауы үшін дін жайында көп қозғаған. Дініңді қорлаған адам елді қорлағанмен тең деп білген ақын:
Дініңді кім қорласа - сол өш қасың,
Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың - деп айтқан.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз еңбектерінде Ислам дінінің барша мұсылман, адамзатқа аса пайдалы дін екендігін ашып айтқан, дәлелдеп те берген ғұламалардың бірі болған. Оның ислам діні хақындағы айтқан пікірлері, дініміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Яғни, Мәшһүр Жүсіп адамды тура жолға шақырғаны: Аллаға сыйыну, шариғат жолына түсу, Иманды адам болу, мұсылман парыздарын орындау т.с.с. Мәшһүр Жүсіптің көзқарасы туралы қорыта айтсақ: Адамды адам ретінде биіктете түсетін исламдағы амалдар мен ілімдер аса мол. Ақын ислам құндылықтары туралы жазған өлеңдерінде Құран аяттарын, ғаламның жаратылысын, пайғамбарлар тарихын, Алла алдындағы парыздар туралы терең талдап жазған.
Сөйледім қадіри хал білгенімше,
Қылайық хаққа тәубә өлгенімше.
Тілеңіз жалғыз хақтан жарылқасын,
Көңілі жер қойнына кіргенімше - деп Мәшһүр Жүсіп өлеңдері мен дастандарында халықты имандылыққа шықырып, адамгершілік рухында тәрбиелеуге тырысқан.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазба деректерінің тарихи маңыздылығы өте зор. Оның еңбектерін оқи отыра, санамызға түйер дүниенің көп екендігін байқауға болады.
X - XIII ғасырлар аралығында Қазақстан аса дамыған ортағасырлық араб-парсы-түркі өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Тарихтан 960 жылы Жетісуда 200 000 түтін түркілер (қарлұқтар) ислам дінін салтанатты түрде қабылдағаны белгілі.
Бұл оқиға Орталық Азиядағы алғашқы түркі мұсылман мемлекетінің бірі болған Қарахан мемлекетінің тарихымен, мемлекеттік дін ретіндегі исламға жол ашқан Сатұқ Боғра ханның, оның ұлы Мұсаның есімдерімен байланысты [24, 61 б.]. Моңғол шапқыншылығы заманында ислам дінінің қазақ даласында сақталып, одан ары таралуында Қожа Ахмет Иасауидің еңбегі зор болды.
Шыңғыс ханның немересі Берке хан Алтын Ордаға ислам дінін енгізді. Ал бұл империяның жаппай исламдануы XIV ғасырдың бірінші жартысындағы Өзбек хан Мұхаммедтің билеген тұсына тап келеді. Қазақтың Дін Өзбектен қалған, Өзбек ханның тұсында атамыз қазақ дін баққан, Алтын Орда хандары жердің жүзін шаңдатқан деген халық аузындағы сөздері де осыны дәлелдейді.
Қазақтар шала мұсылман болды, нашар мұсылман деген көзқарастың отандық тарихнама мен қоғамтанулық ғылымдарда берік орнығып алғаны белгілі. Бұл көзқарас өзінің бастауын қазақтардағы қос дін туралы Ш. Уәлихановтың пікірінен бастау алады.
Оны қайсы біреулер білімсіздігінен қайталай берсе, келесі біреулері астыртын идеологиялық мақсаттарда бұрмалап, халықтың санасын әдейі осы сарынға бағыттап тәрбиеледі. Әрине, пікірлердің сан алуандығы бұл мәселенің күрделілігін білдіреді. Дегенмен, исламдану үдерісінің ортағасырлық Қазақстанның сонау VIII ғасырдан бастау алып, X - XII ғасырларда шарықтау кезеңінен өткені (Қарахандар дәуірінде), одан кейін екінші діни-мәдени өрлеу Алтын Орда кезінде Қазақстанның далалық аймақтарында толық және біржолата ислам үстемдік құрып, осы негіздер болашақта сақталып отырғаны себепті Қазақ Хандығы толыққанды мұсылман мемлекеті ретінде дамығанын батыл түрде айтып дәлелдеуіміз керек, ...түркі көшпенділігі (номадизм) мен софылық ислам тамаша үйлесімге келіп, мәдени-әлеуметтік синтез ретінде қалыптасып... көшпенділікке тән тамаша сипаттар ислам нұрына бөленген соң ол енді өркениетті көшпенділікке айналды [25], дейді Н. Нұртазина.
Қазақтардың жаппай намаз оқитынын, Қазақ хандығының ислам елі екендігін XVI ғасырда жазып қалдырған парсы тарихшысы Мехман-наме-и Бухара еңбегінің авторы Ибн Рузбихан Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға қарсы ғазауат жарияламақшы болған фәтуасына қарсы болады.
Қазақтардың әуел бастан мұсылман дінін берік ұстанғанын қазақы дәстүрден көрсетіп берген Шәмшат Әділбаеваның Хадис - ғұрпымыз, сүннет - салтымыз атты зерттеу еңбегі арқылы көз жеткізуге болады. Пайғамбардың хадистері қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдерге айналып кеткені де осының бір дәлелі.
Ислам дінінің таралуында ортағасырлық азаматтық қоғамдағы білім мен ғылым ошақтары - мектеп-медреселер мен забиялар арқылы да таралды. Селжұқ патшасы Алпарслан ұлы Меликшахтың уәзірі Низам әл-Мүлік өз қаражатымен Бағдат қаласында 1065 - 1067 жылдары үлкен медресе салдырды, ол кейіннен Низамия атымен мәшһүр болды.
Медреселер салу одан әрі Нишапур, Басра, Исфаһан, Бұқара, Самарқанд қалаларында жалғасын тапты. Сондай-ақ Түркістан мен Жетісу аймағындағы мектеп-медреселермен қатар сопы орталықтары - рибаттардың (Рибат сөзі бастапқыда дін жолында соғысқан әскерлердің ат байлайтын қазығы деген мағынаны білдірді) рөлі зор болды.
Алайда Оңтүстік Қазақстандағы қадымдық мектеп-медреселер уақыт өте келе тоқырауға ұшырағанымен, XIX орта тұсынан бастап Қырым мен Еділ бойынан басталған жаңа тәсілдегі жәдидтік мектептер (Қазан, Уфа қалаларындағы медреселер) исламның жаңа қарқынмен дамуына себеп болды.
Алайда 1870 ж. 16 наурыздағы Ережеге сәйкес мұсылман оқу орындарына қатаң бақылау орнатылып, Н.И. Ильминскийдің жүйесі енгізілді. Бұл ереже бойынша мұсылмандық оқу орындарында орыс тілін оқыту міндетті болды және мектеп пен медреселерді ашуға орыс тілді мұғалімдер болған жағдайда ғана рұқсат берілді. Ашылған оқу
Орындарында балаларын оқытқысы келгендер оқу бөлімінен арнайы рұқсат куәліктерін алуға тиісті болды [26]. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы осы дәстүрді діни арналарда қалыптасты. Мәшһүр дүниетанымының қайнар бастаулары мен рухани нәpлepiн ұлттық рухани дәстүрлер, шығыс мәдениеттері мен мұсылмандық философиясы құрайды.
Қорқыт ата, Асан Қайғы, Сыпыра Жырау, Қазтуған, Досмамбет, Шалкіиз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара және т. Б. дала данышпандарымен қатар, Фирдоуси, Саади, Хафиз, Низами, Руми, Аттар, Омар Хаям, Жами, Науаи, Йассауи тәрізді шығыс ғұламалары Мәшһүрдің рухани әлемін қалыптастыруға ықпал етті.
Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінде ислам дінінің шығуы, құдайга сену, тануы, ислам тарихына қатысты пайғамбарлар мен тарихи тұлғалар жайлы пікірлер ислам қайнар көздерi Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариаттан бастау алады.
Оның діни философиясында Алла, Hәпci, инсани-қамил, ақиқат, фана, фәни дүние, бақи дүние, жұмақ, тозақ, күнә, пенде, nepіште, ғашықтық, махаббат, әулие, шариат, сопылық т. Б. ұғымдар негізгі өзекті құрайды.
Дегенмен, оның діни ағартушылық жаңашылдығы өзінен бұрын және қатар өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократиялық үрдіске, өркениетке жетуді насихаттаумен де сипатталады.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағартушы ретінде дүмшелікке, догматизм мен буквализмге қарсы болды. Абыз атасының мұрасын зерттеумен айналысушы ғалым Қуандық Мәшһүр Жүсіп өзінің Дін және Мәшһүр Жүсіп деген мақаласында мынадай мәлімет келтіреді: Ал енді 1914 жылғы Мәшһүр-Жүсіп жазбасына үңілсек, Абайдың мен, менікі дегенінің мәнісін сол кездің өзінде Мәшһүр-Жүсіптің дұрыс байқағанын көруге болады: Үшбу 1914-жылының ақпан ішінде Қазақ газетасының номерінде Ыбырай марқұмның бір өлеңі бар екен. Ғақыл - мен, жан - мен өзім, тән - менікі деген.
Нөгербектің Әміресі - Күйеу молдадан оқып жүрген шәкірттерден сұраса, білмейді. Ендеше, осының мәнісін молдаларыңнан сұрап, үйреніңдер! деп, сол номерді шәкірттерге беріпті. Шәкірттері барып молдасынан сұраған екен. Онда молдасы айтыпты: Сендер мұндай газет-журналдағы сөзге жолаушы болмаңдар! Мұндай сөз сендерді бұзады. Өздерің оқу оқып жүрсіңдер ғой! Өздеріңдікінен басқа жаққа бұрылмаңдар! депті. Кәне, Ыбырай сөзінде кісіні түземесе, бұзатұғын сөзді мен көре алмадым.
Міне, молдалардың наданшылығы. Олардың ығына Ыбырай марқұмлардың сөзі - бір құрылған тез. Әркім өзін өзі сол тезге салса, түзелсе керек [27]. Шала игерілген білім нағыз надандықтан да жаман деп антикалық заманның алыбы Платон айтпақшы, ағартушы Мәшһүр Жүсіп те дүмшелікке барынша қарсы болды.
Ағартушы Мәшһүр Жүсіп өзінің 1890 жылы Дала уәләятының газетінің алтыншы және жетінші сандарында жарияланған Баянауылдан атты мақаласында дін мен ғылымның кереғарлығы туралы, ислам дінінің білім алуды, әсіресе әйелдердің білім алуын шектейтіндігі жөніндегі әр алуан стереотиптер мен штамдарды теріске шығарады.
Мал жиюдан басқа өнерге құлықсыздық таныта бастаған қазақты мұсылманша болсын, орысша болсын, ғылым үйренуге шақырып, аталмыш мақалада былай деп жазады: Мал жиып бай болуды ойлама. Ғылым үйреніп, білгіш болуды талап қыл. Неге десең, ғылым - пайғамбардан қалған мұра. Мал қарау - байдан қалған мұра.
Малды кісінің дұшпаны көп болады, ғылымды кісінің досы көп болады. Мал жұмсай бастасаң, таусыла бастайды, ғылым жұмсай бастасаң, артылып, үсті-үстіне көбейе береді... Мал біткен кісі мұрнын көтеріп, тәкаппарлық қыла бастайды.
Ғылымды болған кісілер өзін өзі төменшікке алып, кішік көңіл болады Еуропацентристік көзқарастағы кітаптарда исламда әйелдің рөлі төмен деген айыптау жиі кездеседі. Батыс әйелдері білім алу, еңбек ету, меншіктену құқықтары мен сөз бостандығы, іс-әрекет бостандығы үшін күрес жүргізді.
Феминизм нәтижесінде Еуропа жыныстық төңкеріске келді. Исламда болса, әйелдердің білім алуға деген құқығы ерлермен бірдей. Ислам мұсылмандарды білім алуға ұмтылуға міндеттегенде, оларды ер мен әйел деп бөлмейді.
Он төрт ғасыр бұрын Мұхаммед білім іздеу еркек болсын, әйел болсын, әрбір мұсылманның міндеті деп жариялады. Мұны мұсылмандар ғасырлар бойы ұстанып та келді және білімді әйелдердің даңқы да шығып отырды. Еркектер сияқты әйелдердің де сөз бостандығына деген құқы бар.
Ол әйел болғандықтан ғана оның салауатты пікірлерін теріске шығаруға болмайды. Құранда әйелдердің тек өз пікірін еркін айтып қана қоймай, Пайғамбардың өзімен де, мұсылмандардың өзге жетекшілерімен де күрделі мәселелерді талқылауға қатысып, пікірталасқа түскенінің мысалдары кездеседі.
Мұсылман әйелдерінің қоғамдық маңызы бар кейбір заңнамалық мәселелер бойынша ұсыныс айтқандары, тіпті кей жағдайда халифтермен опппозицияда болып, ақырында халифтердің олардың ақылды дәлелдерімен келіскен жағдайлары да тарихтан белгілі.
Әйел тіршілікті өмірге әкелуші ана, отбасының күре тамыры, шаңырақтың тірегі, ұрпақтың тәрбиешісі, қамқоршысы, жарық дүниенің жақсылықтарын жасаушысы адам баласына тек ізгілік, жақсылық тілеуші тұлға болғадықтан қазақ қоғамында қатты құрметтелді.
Ол сәбидің шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап (туғанда дүние есігін ашады өлең деп дана Абай айтқандай), дүниеден өтердегі жерлеу дәстүріне дейінгі салт-санадан айқын аңғарылады. Әрбір салттың тұтқасында әйел заты жүреді және соның барысынан-ақ қазақы әйелдің болмысы аңғарылады. Әрине, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Бірақ заманға лайық болудың жөні осы екен деп, тойды жаппай ішкілікпен өткізу, қазаны естіртуді тас төбеден ұрғандай телеграммамен жіберу, мәйітті музыкалатып шығарып салу, тіпті бейіттің басында мылтық ату сияқты жөн-жосықта не мән-мағына бар?
1920 жылы Семей қаласында Абай журналында Мұхтар Әуезов пен Жүсiпбек Аймауытовтың қазақ әйелiнiң бүгiнгi хәлiне арналған мақаласы шығады. Сол мақалада ұлтының қамын жеген екi кемеңгер Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе деп қалың қазаққа ұран тастайды.
Мұның мәнiсi: қазақ әйелiнiң жағдайын түзе, қазақ әйелi надан болып қалмасын, оқыт, тәрбиеле, өйткенi бала кiмдi жақсы көрсе соған ұқсап кетедi деген даналық ой айтады. Алайда, бұл Еуропаға еліктеуді білдірмесе керек, біздің асыл қазынамыз ата-бабаларымыз қалдырған үлгі-өнегеде емес пе!? Мәшһүр Жүсіптің Баянауылдан аталған мақаласында осы мәселе де көтеріледі. Ғылым еркекке, ұрғашыға бірдей керекті нәрсе.
Еркекке бір есе керек болса, ұрғашыға он есе керек. Еркек өзі оқып білмесе, бір жерден барып естісе де, бір сөз үйренеді. Ұрғашы бейшара өзі оқып білмеген соң, ол ешқайда бара алмайды.Сонан соң қайдан естіп үйренеді?! Сол үшін көбінесе ұрғашы оқыса керек. Біздің қазақ ойлайды: Қатын молда болып, бала оқыта ала ма? Ұрғашыны оқытып не керек? - дейді. Жоқ, олай емес.
Ойлап тұрсаң, еркектің оқығанынан да ұрғашының оқығаны пайдалы. Неге десең, ғылым еркекке, ұрғашыға бірдей парыз. Оның бер жағында ұрғашы оқып ғылымды болса, алған ерін жақсы сыйлап, күтіп, оған таза қызмет қылудың мәнісін біледі. Һәм өз бойына керекті зәрулі болған табиғат ғибраттарының ғылымын біледі. Һәм балалы болған уақытта сол балаларын жақсы әдеппен үйретеді [28, 329 - 330 бб.].
Мәшһүр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz