Даланың Ұлы қыздары Шолпының сылдыры, шашбаудың сыңғыры


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Бағыты:

Әдебиет

Секциясы:

Лингвистік

Ғылыми жоба тақырыбы:

«Сыңғыр шолпы шашбаулы»

Орындаған:

Жетекшісі: білім беретін орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2024оқу жылы

«Сыңғыр шолпы шашбаулы»

Жоспары

І. Кіріспе:

ІІ. Зерттеу бөлімі:

  1. Шолпы, шашбаудың түрлері және жасалу жолдары.
  2. Шолпы, шашбаудың тәрбиелік мәні.
  3. Шолпы, шашбау туралы ақын-жазушыларымыздың шығармалары.
  4. Шолпы, шашбау сөздерінің қазіргі таңда қолданылуы.

ІІІ. Қорытынды:

  1. Ұсыныс

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы шолпы, шашбау түрлерімен таныса отырып, ақын-жазушыларымыз осы ұлттық құндылықтарымыздың бірін өз шығармаларына арқау еткендігін сөз етеді. Жобада шолпы, шашбау таққан қыздарымыздың сұлулығын сөз қылған ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінді келтіру арқылы, осы бұйымдардың қыздар тәрбиесіндегі орнының зор екендігін аңғартады.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Шыныбаева Л. С.

Данная работа является результатом исследования украшения длы волос в казахском национальном стиле шолпы и шашбау. В исследовательской работе рассказывается о большом значении шолпы и шашбау в воспитании девочек, приводятся примеры как писатели поэты воспевали волнительный звук шолпы.

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Жаманова А. Б.

Кіріспе бөлімі:

Ғылыми жобамаздың негізгі мақсаты:

  • Шолпы таққан қыздың сұлулығын ақындарымыздың жырлары арқылы таныту;
  • Шолпы, шашбау қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу;
  • Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу;
  • Оқырманды қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылығын арттыра отырып, өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу;

Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

1. Шолпы, шашбаудың түрлері, жасалу жолдары туралы зерттеу жүргіздім.

2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстым.

3. Жинаған әдебиеттерді талдадым.

4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін

дәлелдедім.

5. Шолпы, шашбау туралы өз шығармаларын арнаған ақын-жазушылармен сазгерлердің әндерімен таныстым.

6. Сыныптас құрбыларыммен сұхбаттасу барысында шолпы, шашбау туралы пікірлерін білдім

7. Өзіндік пікір, тұжырым жасадым.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Тақырыбымды ашу барысында әдебиетке шолу жасалды.

Өзіндік тұжырым жасала отырып, салыстыру әдісі де қолданылды.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманғы құрбыларымның шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде зергерлік бұйымдарымыздың әлі де сұранысқа ие екеніне көз жеткіздім. Өз қатар құрбыларымның шолпы, шашбау жайлы ойлары белгілі болды.

Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;
Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;
Шолпы арқылы қыздың жасын, әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болатынына көз жеткіздім;

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар әдебиет пен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі :

Шашбау, шолпының тәрбиелік мәңге толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

- Жинақтау, топтау;

-Салыстыру;

-Өзіндік ой топшылайды

Сылдыр, сылдыр, сылдыр…

Қанымды қайнатты құрғыр.

Шық-шық жүрекке тиеді,

Күлпара талқан боп сынғыр.

Мағжан Жұмабаев ("Шолпы" өлеңінен) .

Шолпы, шашбаудың түрлері және жасалу жолдары.

Естеріңізде болар, «Алпамыс батыр» дастанында: Заманында тағыпсың, Тіллә шашбау жар - жар, - деп жырланатыны. Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды.

Шолпы - талғамы биік халқымыздың тамаша қасиетін әйгілейтін әшекей бұйымы, әдемілікке әр беріп, асылын жарқырата түсетін бөлекше болмысымыздың айғағы.

Жүрісі мен күлкісі, әшекейі мен әсемдігі үйлесім тапқан қыздарды біздің халық жоғары бағалаған.

Шолпы қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шолпының асыл тас қондырылған түрін көзді шолпы деп атайды, бұдан өзге қозалы шолпы, қоңыраулы шолпы, сылдырмақ шолпы деген түрлері де болған. Жас қыздар тағатын шолпының айрықша түрлерін үзбелі шолпы, маржанды шолпы, меруертті шолпы, ақықты шолпы, тағы басқаларға жіктеген, ал жасы егде тарқан әйелдер шолпының қарапайым үлгісін таққан.

Кейде шолпылардың салмағы 3 кг-ға жеткен.

Шашбау - бұрымға қоса өріліп, шаштың ұшына бекітіледі.

Даланың Ұлы қыздары
Шолпының сылдыры, шашбаудың сыңғыры . . .

Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу, т. б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып, шашының ұшына шолпы, шашбау тағып жүрген.

Ал 13-14 жасында құлағындағы сыңғырлаған сырғаларға асыл тасты бойтұмар, шолпы үндері қосылып, ырғақты әдемі әуен, кішігірім симфониялық оркестр үнін құраған. Бешпетіне таққан ұсақ тиындар мен теңгелер қыз қозғалғанда шолпыға қосылып сыңғырлап дыбыс береді. Оны ақындарымыз былай жырға қосқан :

Болса да қудай сұлу сырын ашпас,

Құлпыра сыңғырлаған шолпы тақпас.

Астарына үңілсек, қоңыраулы шолпыны таққан қыздар далада жүргенде, қатты күлсе, жүгірсе, шолпы сыңғырлап, дабыл қаққан. Бұл - бір. Ал шолпысына, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, иесі оқыс қылығын дереу тоқтатқан. Қандай ғажап үйлесім . . . Шолпының бұл сылдыры оларды елең еткізіп, жинақы болуға мәжбүрлеген. Екіншіден, шолпының әуеніне байланысты ырғақты қозғалысты сезініп, аяғын аңдап басып, қалқып жүруге дағдыланған. Қазіргі тілмен айтқанда, дефиле - көрікті әсем бой түзеуді (осанка), түзу сәнді жүруді арнайы үйрететін модельдер мектебінің рөлін атқарған. Үшіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайтын басқа да емдік қасиеті болған. Төртіншіден, шолпы, шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар берген. Үлкендер жағы артық сөзін тыйып, қыз алдында өздерін тәртіпке шақырған. Бесіншіден, балғын қыздар денесін тік ұстап, бойдағы сенімділікті қайрап, кез келген ортада өзін-өзі еркін ұстай білуді балалық шақтан үйренеді. Алтыншыдан, шолпының салмағының әсерінен шаш ұзын болып өскен, бұл тұжырым биологиялық тұрғыдан расталған ақиқат. Жетіншіден, шолпы мен шашбауды бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққан және ол этномәдени ұғым. Міне, әшекейлер әуені осылайша бірнеше міндетті қатар атқарған.

Ұлы аналар қоғамда өзін-өзі қалай ұстау этикасын сонау орта ғасырда қалыптастырды. Жазушы Сарбас Ақтаев «Қазақ ханымдары» тарихи-әдеби эсселер кітабында он сегізінші ғасырдағы өмір сүрген Уәли сұлтанның әйелі, Шоқанның әжесі, Абылай ханың келіні Айғаным анамыздың келбетін былайша суреттейді: “Айғаным ханымды Александр І Романовтар әулетінің салтанатты кешіне арнайы шақырады. Сарайдағы ақсүйектер қауымы есіктен енген ерекше қонаққа еріксіз назар аударды.
. . . Сұлу мүсінге жарасқан орыс парча, қызғылт түсті мауыты, оның өрнектері алтыннан. Тоқпақтай жуан бұрымға шолпы тағылған. Патша сарайында бір ғажайып тыныштық орнады. Мәртебелі патша ханшайымнан көзін алмай қадала қарады. Тыныштықты Айғаным ханымның шашындағы сылдырлаған шолпысы мен мәртебелі патшамен таза орыс тілінде іркілмей амандасқан әуезді үні ғана Сарай тыныштығын бұзды. Дала аруы патша жүзіне инабатпен тайсалмай аса бір сабырмен сәлемдесті».
. . . Аналарымыз инабатты, білімді, текті, көргенді, ұстамды, киіну мәдениеті, әдеп деңгейі жоғары болды. Қалайша? Бәрін кімнен, қалай үйренді? Олар университеттерде, өнер академиясында, «Болашақ» жолдамасымен Еуропа асып кәсіби модельдер мектебінде оқыған жоқ. Бірақ олар сән академиясы мен Даланың Ұлы аналарының дәстүрлі үлгі-өнеге университеттерінен өтті. Олар ғасырлар бойы қыздарға бесіктен дарыған рухани әдеп пен ибалық мектебінен сабақ алды.

Шолпы - жырдың сыңғыры.

Шолпы, шашбау туралы әндер, шығармалар баршылық. Солардың бірі Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы” өлеңін айтуға болады. Бұл өлеңде шолпысы сылдырлаған қыздың адам бойын шымырлатар қасиеті бары анық көрінеді. "Шолпы" өлеңінде Мағжан өлеңдеріне тән ерекше бір әуезділігі айқын көрінеді. Соған тоқталып өтейік:

“Шолпы” өлеңі
Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық - шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Өзекті өртеді құрғыр.
Әдейі іргеден жүреді,
Сұлу қыз санадан солғыр.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сұлу қыздың бейнесін суреттеуіне назар салсақ, Абай қолданған кейбір сипаттауларды өзі де жат көрмейтінін байқар едік. Бір ғана мысал айтсақ, «Білектей арқасында өрген бұрым» дейтін өлеңінде Абай қыздың бұрымына сән беретін сыңғырлаған шолпы екенін тап басып, дәл көрсеткен. Мұхтар Әуезов Тоғжанның портретін бейнелегенде, оның шолпысының сылдырын жас Абайдың жүрегін толқытқан сиқырлы күші бардай етіп, үлкен мән беріп, арнайы суреттейтінін білеміз. Шолпының әдемі сылдыры жас қыздың қимыл-қозғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сәттері суреттелгенде-ақ, біздің көңілімізге берік ұялайды. Шолпының дыбыстық әсері жас қыздың қимыл-қозғапысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Мұхтар Әуезовтің бұл тұста Абайдың өз өлеңімен үндес шығуы әбден занды. Ал Мағжанның да «Шолпы» атты әдемі лирикалық өлең жазғанын Мұхтар Әуезов, сөз жоқ, білген.

Сонымен қатар Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең шумақтарын қоссақ болады. Бұл өлеңді тыңдаған кезде, көз алдымызға заманымыздың көрікті ұзын шашты қыздары елестейді:

Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда,

Қаламаймын басқаны.

Сүйіншілер жеңгелер,

Шашбаулы қыз келді деп.

Алаш ақыны Міржақып Дулат та осы бір жарасымды жайды былай :

Шекеде кәмшат бөрік,

киген асыл,

Сылдырап алтын шолпы,

иықта шаш-деп жырына арқау еткен.

Ұлы ақынымыз Абай да шолпысы сылдыр қаққан сұлу қызды төмендегідей суреттеген екен:

Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?Ал Ғ. Малдыбаевтың «Қырым қызында» деген поэмасында шолпы таққан сұлу қызды былай суреттейді:Болса да қудай сұлу сырын ашпас,Құлпыра сыңғырлаған шолпы тақпас.Ақ шолпыға ән қосқандай мың бұлақ -деп те жырлайтын ақындарымыз бар.Жас ақынымыз Мақсат Күземхан Сұлу қызды былай суреттейді: Шолпан жанарлы, шолпылы керім.Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж. Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін, сұлулығын үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп . . . »Қазақта « Шашбауын көтеріп» деген де тұрақты тіркес көп кездеседі.«Қыз Жібек пен Төлеген»жырындағы шашбаулы Қыз Жібектің суреттелуі:Бұхардың гауһар тасында-ай,Ақ маңдайы жалтылдап,Танадай көзі жарқылдап,Алтын шашбау шашында-ай.Шолпы, шашбаудың қазіргі таңда қолданылуы.Ұзын шаш қазақ түсінігінде айрықша киелі нәрсе болған. Сондықтан шаш өруге де айрықша дайындықпен келген. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне "Шашың ұзын, қалың болсын!" деген тілек айтқан.Қазақ халқының кез келген өнерін алсақ та, терең мән - мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігі мен қасиетін айқын көруге болады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру қажет.:

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Ал Ғ. Малдыбаевтың «Қырым қызында» деген поэмасында шолпы таққан сұлу қызды былай суреттейді:

Болса да қудай сұлу сырын ашпас,

Құлпыра сыңғырлаған шолпы тақпас.

Ақ шолпыға ән қосқандай мың бұлақ -деп те жырлайтын ақындарымыз бар.

Жас ақынымыз Мақсат Күземхан Сұлу қызды былай суреттейді: Шолпан жанарлы, шолпылы керім.

Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж. Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін, сұлулығын үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп . . . »

Қазақта « Шашбауын көтеріп» деген де тұрақты тіркес көп кездеседі.

«Қыз Жібек пен Төлеген»жырындағы шашбаулы Қыз Жібектің суреттелуі:

Бұхардың гауһар тасында-ай,

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында-ай.

Шолпы, шашбаудың қазіргі таңда қолданылуы.

Ұзын шаш қазақ түсінігінде айрықша киелі нәрсе болған. Сондықтан шаш өруге де айрықша дайындықпен келген. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне "Шашың ұзын, қалың болсын!" деген тілек айтқан.

Қазақ халқының кез келген өнерін алсақ та, терең мән - мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігі мен қасиетін айқын көруге болады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру қажет.

Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?Ал Ғ. Малдыбаевтың «Қырым қызында» деген поэмасында шолпы таққан сұлу қызды былай суреттейді:Болса да қудай сұлу сырын ашпас,Құлпыра сыңғырлаған шолпы тақпас.Ақ шолпыға ән қосқандай мың бұлақ -деп те жырлайтын ақындарымыз бар.Жас ақынымыз Мақсат Күземхан Сұлу қызды былай суреттейді: Шолпан жанарлы, шолпылы керім.Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж. Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін, сұлулығын үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп . . . »Қазақта « Шашбауын көтеріп» деген де тұрақты тіркес көп кездеседі.«Қыз Жібек пен Төлеген»жырындағы шашбаулы Қыз Жібектің суреттелуі:Бұхардың гауһар тасында-ай,Ақ маңдайы жалтылдап,Танадай көзі жарқылдап,Алтын шашбау шашында-ай.Шолпы, шашбаудың қазіргі таңда қолданылуы.Ұзын шаш қазақ түсінігінде айрықша киелі нәрсе болған. Сондықтан шаш өруге де айрықша дайындықпен келген. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне "Шашың ұзын, қалың болсын!" деген тілек айтқан.Қазақ халқының кез келген өнерін алсақ та, терең мән - мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігі мен қасиетін айқын көруге болады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру қажет.:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шолпы
Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
Зергерлік бұйымдар сыры Қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихы
Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында» романындағы монолог пен портреттің көркемдік қызметі
Қазақ халқының дәстүрлі шаш қою мәдениеті
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Зергерлік әшекей бұйымдар
ШУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ
Қадыр Мырзалиев
Қазақ тарихи-этнографиясының экспозицияда алатын орны (тұжырымдама)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz