Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сурет салу барысында балалардың бейнелеу шығармалығын дамыту
Орындаған: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы, ДО3Б - (11) тобының білім алушысы Русланқызы А.
Тексерген: Бекмукамет М.
Өскемен,2024 ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Балаларға сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану 5
1.1. Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы 5
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу мүмкіншіліктерін арттыру жолдары 7
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу дағдыларын меңгерту 10
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту 14
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың бастапқы деңгейін зерттеу 14
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың қалыптастырушы деңгейін анықтау 19
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың қорытынды кезеңі 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыздың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында білім берудің басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту екендігін айтты. Бұл Жолдаудан біз бейнелеу өнері сабағын жаңа көзқараспен оқыту жүйесі қазіргі талапқа сай келмей отырғандықтан білім беру саласына тағы да маңызды талап қойылып отырғанын байқаймыз.
Ортаңғы топ балаларының өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты олардың сурет салу мүмкіншіліктерін анықтауда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану іс жүзіне асырылуы керек.
Адам бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өмірде жол табуына көмектеседі. Өйткені, адам - туынды ғана емес, тудырушы, жасаушы да. Оның өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі - табиғи қажеттік. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да бейім болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады - деп кәрсетіледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартында.
Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы - мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдары оқу-тәрбие жүмыстарында түбегейлі езгерістер жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік түрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік, әділеттілікті, азаматтык бостандықты және адамның жан-жақты дамуы мен рухани зияттық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін дамыту - зиялы қоғамға тән үрдістер.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына зор мән берілуде. Сонымен қатар, оқушылардың өз елінің, халқының, соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру - бейнелеу өнері пәнінің негізгі міндеті болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті деп 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында көрсетілген болатын.
Өнерді үйретуге мынандай міндеттер алынады:
- бейнелеу өнері түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп, эстетикалық талғамын арттыру;
- өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
- жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру
- ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу;
- басқа халықтар өнерімен салыстыру, ерекшелігін сезіну;
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салуын дамытудағы рөлін анықтау.
Зерттеу нысаны. Қызғалдақ тобы
Зерттеу пәні: дәстүрлі емес әдістерді қолдана отырып, сурет салу процесінде үлкен мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу дағдыларын дамыту.
Зерттеу болжамы: егер сурет салу процесінде дәстүрлі емес әдістер қолданылса және балалардың жеке ерекшеліктерін ескерсе, егде жастағы мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу дағдыларын дамыту тиімдірек болады.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Зерттеу әдістері: психологиялық педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, педагогикалық тәжірибені жалпылау, эксперимент.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: психологтар д. Б. Богоявленская, л. с. Выготский, Э. П. Торренс, Е. А. Флерина, Я. А. Пономарев әзірлеген шығармашылық іс-әрекеттің мәнін, шығармашылық қабілеттердің дамуының жеке тұлғаның тәжірибесімен және эмоционалды саланың дамуымен байланысын түсіндірудің тұжырымдамалық тәсілдері болды; мектепке дейінгі балалық шақтағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тұжырымдамалары; г. г. Григорьева, Котова Е. В., О. М. Дьяченко, Е. Е. Кравцова; Педагогика және психология саласындағы өкілдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы идеялары: С. В. Погодина, Т. с. Комарова, и. А. Лыкова, Н.А.Ветлугина, Н. П. Сакулина, Т.Н. Доронова, А. А. Мелик-Пашаев және басқалар.
1 Балаларға сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану
1.1. Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: ...шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс - әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты - бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім дағдысының мазмұны кіреді: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру дағдысының мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік - эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім дағдысының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс - әрекет аясында көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланы нәтижелі, бейнелеу іс - әрекеттеріне жағдай жасау;
- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға ынталандыру;
- табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
- қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу мүмкіншіліктерін арттыру жолдары
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары жас ұрпақтарды шығармашылық іс-әрекетке баулу және шығармашылық іс-әрекет барысын түсінуге бағытталады. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім стандарты негізінде жасалынған ортаңғы топ бейнелеу өнері бағдарламасының мақсаты:
1. Қоғамдық өмірге белсене араласуға қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарды дайындау;
2. Жасжеткіншектердің дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың көзқарасына дұрыс бағыт беріп, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Бейнелеу заңдылықтарын меңгеру арқылы оқушыларғы қоршаған ортаны тануға, логикалық ойлауға үйрету.
4. Балалардың бейнелеу өнері жайлы алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту.
5. Балалардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту, өмір шындығы мен кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамытуға дұрыс бағдар беру.
6. Ортаңғы топ балаларының Қазақстан бейнелеу өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт-бағдарларды қамтиды [2]:
1. Бейнелеу өнерін ортаңғы топта оқыту ең бірінші жалпы білім берушілік мақсатын көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан-жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады. Көпшілік қауым бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке-жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс. Бейнелеу өнері адамның дамуына өте көп мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын, дүниені тануға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, ойлауға және эстетикалық мәдениетінің дамуына көмектеседі. Сурет өнері көру қабілетін, кеңістікті ойлауды дамытып, бейнені елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
2. балабақшада бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі- көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беруде адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі өте ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.
Балалардың әсемдікке деген талғамын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс.
З. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу үдерісі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
4. балабақшадағы бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты - сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Мұғалімнің сурет сабағында оқушыларға сурет өнерініңадамөміріндегірөлі ашыпкөрсетілуі тиіс. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина детальдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.
5. Бейнелеу өнерін балабақшада оқытудағы басты тағы бір міндеті - оқушыларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
Балабақшада баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес.
Шын мәніндебала мектептеосы тәсілдермен танысуы тиіс. Оқушы суреттегі тональдық қатынастар туралы түсінік алып, қылқаламмен қажетті бояу түсін алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі тиіс. Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет іс-әрекеттер. Түсті көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу, жазықтың бетін тегіс етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады.
6. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі - балаларғажүмыстыұйымдастыру,жұмысжү ргізутәртібін ойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде Менің қолымнан келмейді деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Баланың жұмыс үдерісіне ұмтылысын дамыта отырып балабақшада біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс-шараларын жүзеге асыруымыз қажет. Балабақшадағы бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
7. Балаларды өнердің даңқты шығармаларымен таныстыру бейнелеу өнерін балабақшада оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік-қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнер шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, өнердің дамуындағы белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі өнер адамдарымен таныстырады.
Балалардың табиғи мүмкіншіліктерін, дербестік ерекшеліктері мен психологиялық даму қабілеттерін, жас ерекшеліктеріне байланысты білім деңгейін жоғарылату, шығармашылыққа деген талпынысын арттыру арқылы қабілеттігін қалыптастыра беру барысында мемлекеттік білім стандартына тың әдістемелік өзгерістер, жаңа тақырыптар, қызықты құрастырулар енгізіп, қабілетті, дарынды, талпынысы бар оқушыларға жеке үйірме сабақтарын ашуды, үйірме бойынша жеке оқу бағдарламаларын дайындауды, сол арқылы сапалы оқыту әдістемесін жасауды жүзеге асыру қажет. Осы міндеттерді мектеп мұғалімі орындайтын болғандықтан бұл мақсатқа жету үшін пән мұғалімі өз пәніне аса жауаптылықпен қарауы керек. Жауаптылықпен қарау дегеніміз - мұғалімнің бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілді қолдана білуі, оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы мен үнемі сурет салуға дағдылану арқылы бейнелеу тілін жан-жақты меңгеруі. Әсіресе бейнелеу өнері пәнін оқытатын мұғалімнің психология, педагогика ғылымдарынан теориялық білімі терең, шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс.
Сонда ғана оқушылар сурет салуды үйреніп қана қоймай, жалпы адамзаттық құндылықтардымеңгереді, әсемдікті түсінуарқылы мәдени мүмкіндіктерін арттыра алады.
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жұмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай -ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балалардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі оқушылардың елестетулерін жинақтау процесін реалдық өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.
Оқушылар оқуға алғашқы қадам басқан күнінен бастап табиғат пен тірі жан-жануарларды адамдардың, жануарлардың, құстардың бейнесін жүйелі түрде сала бастайды. Балабақшаға арналған оқу бағдарламасында да ең алдымен долбар жасау, ұзақ уақытты сурет салудан аз уақытты сурет салу мәселелері қарастырылады. Алдымен құрылымын көрсететін сызбаны пайдалану оқушылардың саналы ойлау қабілетіне ықпалын тигізіп, сурет салудағы қиыншылықтарын жеңілдетеді .
Балалардың суреттерін қарап отырып, олардың сурет салу деңгейі мен ойлау қабілеттері әр түрлі болатынына көзіміз толық жетті. Осындай әдісті қолдану арқылы жас жеткіншектердің салған суреттерінен туған еліміздің болашағы, табиғаты мен тыныс-тіршілігі туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұдан біздің аңғарғанымыз балалардың қиял деңгейлері мен болашаққа деген ойларының жоғары екендігі. Таң қалатын бір жай - балалардың сурет салудың жолдарын және талаптарын мойындамайтындығына қарамай, суреттері арқылы адамға ой салатын деңгейде үлкендерге әсер қалдыра алуы. Олардың сурет салу техникасын үлкендердің жұмыстарымен салыстырмай сол күйінде қабылдауымыз керек. Сонда ғана олардың табиғи қабілетінің жақсы дамуына көмектесеміз.
Тәрбиеші балалардың сурет салу деңгейін қадағалап, композиция құрастыруда ақыл беріп отыруы, тақырып аясында балалардың алдына мақсат қоя білуіне көмектесуі, оқушылардың еңбектерін дұрыс бағалап, суретін дұрыс аяқтауды үйретуі ерекше маңызға ие.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу дағдыларын меңгерту
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Кеңестер беру;
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;
- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
- көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларын меңгерту;
Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:
- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларды меңгерту.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Сурет салу әдістері:
Бастыру әдісі: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
Көкөністер бастырмасы: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.
Саусақпен сурет салу әдісі: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
Далаппен сурет салу: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
Нүктелер арқылы сурет салу: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
Құммен сурет салу әдісі: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету арқылы шығармашылығын дамытудың бастапқы деңгейін зерттеу
Баланың көркем мәдениетке деген ынтасын арттыратын баланы дұрыс та сауатты оқуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz