Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
№ пп

1.
Титулдық бет
1-2
2.
Жолдама
3
3.
Кәсіптік практиканы өту туралы есеп
4-8
4.
Мінездеме
10
5.
Кәсіптік практиканы өту туралы күнделік
11
6.
Білім алушының кәсіптік практиканың жұмыс жоспар кестесі
12-13
7.
Нормативтік құжаттар тізбесі
№1 қосымша
№2 қосымша
14

Кәсіптік практика бойынша
ЕСЕП

Орындаған: 4 курс студенті Багадаулет Шолпан Бейбітқызы
Практика жетекшісі: Жанай Еркеулан

Астана
Кіріспе
Студенттің кәсіптік тежірибесі - жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі. Кәсіптік тәжірибеден өту кезінде студент теория турінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқыктық қызметін тәжірибесін қалыптастыра бастайды. Жалпы, студенттін кәсіптік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты - дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материалдарын, баска да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды кездеуі.
Кәсіптік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер койылады:
-мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердін жүйесі мен құқық-корғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардын мертебесімен жене өкілеттігімен танысу;
-оқу орнында алған теориялык білімдерін бекіту жене терендету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну жене оны заң колданудың салаларында пайдалану;
-тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру жене таңдаған касібінің ерекшеліктерін түсну;
-тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
-тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
-құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жумысқа орналасуына қарай таңдайды. Кәсіптік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.

Тәжірибе өту орны (нотариус) туралы жалпы сипаттама
Мен өндірістік тәжірибемді 15-ші қаңтардан бастап 22-ші наурыз аралығында Астана каласының жекеменшік нотариусында өткізген болатынмын. Нотариус басшысы - Жанай Еркеулан. Мекен-жайы: Астана каласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 17 үй.
Нотариус мынадай нотариаттык іс-әрекеттер жасайды:
мәмілелерді куәландырады;
шаруашылық серіктестіктерінің қурылтай құжаттарын куәландырады;
мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
мұраға құқық туралы куәліктер береді;
ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
құжаттарға қойылған қолдың туп нұсқалығын куәландырады;
құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
ақшаны депозитке қабылдайды;
орындау қағаздарын жазады;
вексель наразылықтарын жасайды;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
теңіз наразылықтарын жасайды;
дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Нотариус өзіне жугінген жеке жене заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес Нотариат туралы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттык іс-әрекеттер жасауға, мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға, құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге, жеке жене заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауга қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге, ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға, техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Заңмен белгіленген жағдайлар мен шектеледі нотариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
мемлекетік нотариат кеңселерінде жұмыс ететін нотариустар (мемлекетік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттык іс- әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдары;
Қазақстан Республикасының атынан консулдык қызмет атқаратын адамдар;
Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, Нотариат туралы Заннан жене Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан турады.
Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың Нотариат туралы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Заңға Қазақстан Республикасының 1998 жылы 13 карашадағы Ne 302-1 Заңымен өзгертулер мен түзетулер енгізілді.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар Заңды және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік беріледі.
Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу жене анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және Нотариат туралы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөнінідегі (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.
Нұсқаулы талаптардың сақталуынабақылау жасауды аумақтық әділет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Нотариустардың құжаттары заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Нотариаттық іс Қазақстан Республиканың тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам іс жүргізілетін тілді білмесе, рәсімделген құжаттардың мәтіндерін оның өтініші бойынша Нотариат туралы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттіріп аударылып берілуге тиіс.
Жоғары заң білімі жене әдетте заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынанынан өткен, Әділет біліктілік алкасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады.
Жекеше жене мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар рәсімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Нотариат туралы Заңнын 1-бабындағы 2-тармақтың (2 және 3 тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi туралы
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Нотариаттың пайда болу негіздері.нотариаттың даму кезеңдері: нотариат туралы заңдардың реформасы. нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметтік реттейтін заңнама. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нотариаттық заңнама негізінде жүзеге асыру
Факс арқылы жіберілетін құжаттар
Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НОТАРИАЛДЫҚ НЫСАНЫ
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Нотариат қызметін құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Пәндер