Жидек дақылдарының аурулары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімБүлдірген аурулары мен зиянкестеріҚарақат зиянкестеріЖүзім ауруларыАмерикалық ақ көбелек- Hyphantria cunea Drury
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиететр тізімі

Кіріспе

Жидек дақылдары - шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара бүлдірген), т. б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек, мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидек дақылдарының жемісінде органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады. Кейбір Жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары) . Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оларды вегетативтік жолмен көбейтеді. Қазақстанда Жидек дақылдарының көпшілігі қолдан өсіріледі.

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ, гематода, т. б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т. б. ) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т. б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т. б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді.

Бүлдірген аурулары мен зиянкестері

Бүлдірген (Fragarіa) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 - 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры - көпгүлді қалқанша. Жемісі - жидек (қызыл, қызғылт шырынды) . Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, … В9, РР, К витаминдері, органик. қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т. б. пайдалы заттар болады. Бүлдіргеннің зиянкестері: қой бүлдірген ұзынтұмсығы, бүлдірген жұмыр құрттары, бүлдірген кенесі. Аурулары: ақұнтақ (қалталы саңырауқұлақтардан туындайтын өсімдік ауруы), шірік, т. б. Жемісін жинап алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қазақстанның суғармалы жерлерінде өсетін бірнеше сорттары бар. Олар: «Мәншүк», «Комсомолка», «Фестивальдық», «Талисман», «Зинга-Занга», «Талғарлық», т. б. [1] Бүлдірген - раушан гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман бүлдіргені, жасыл бүлдірген бар. Олар, көбінесе, таулы аудандарда, ормандардың ашық 225 алаптарында және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5-25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, кос жынысты, гүлшоғыры - көп гүлді қалқанша. Мамырда гүлдеп, маусымда қызыл, қызғылт шырынды жеміс береді. Бұтағы арқыны көбейеді. Бүлдіргендер балшырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дөмді, хош иісті, құрамында А, Вр В2, . . . В9, РР, К витаминдері, органик, қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т. б. пайдалы заттар болады. Жемісін жинап алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Жетісу өңірінің суармалы жерлерінде "Мәншүк", "Комсомолка", "Фестивальдік", "Талғарлық", т. б. сорттары өседі.

Қарақат зиянкестері

Қарақат (Rіbes) - тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 - 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым - шілде айларында гүлдеп, шілде - тамызда жемісі піседі. Жемісі - жидек. Жеміс шоғында 2 - 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 - 20% құрғақ зат, 78 - 83% су, 5 - 10% қант, 2 - 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.

Жүзім аурулары

Жүзім (Vіtіs) - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.

Діңі - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза, глюкоза (15 - 35%), органикалық қышқылдар (4 - 11%), пектин (0, 3 - 1, 2%), минералдық заттар (0, 3 - 0, 6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т. б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері - сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т. б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 - 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2, 5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар - інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары - рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т. б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым - ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.

Америкалық ақ көбелек- Hyphantria cunea Drury

Америкалық ақ көбелек қабыршық қанаттылар отрядына, кірекейлер тұқымдасына жатады.

Америкалық ақ көбелек Канада, АҚШ, Корея, Жапония, Венгрия, Австралия, Болгария, Румыня, Югославия, Молдова, Ресей мемлекеттерінде таралған. Қазақстанда жоқ.

Америкалық ақ көбелектің шығу тегі- Солтүстік Америка (Канада, АҚШ) Құрттары 230 ағаш, бұта, шөп түрлерін зақымдайды. Солардың ішінде алмұрт, алма, шие, жүзім, емен, тал т. б. жақтан олар жапырақты шеттерінен кеміреді, ал 6-7- ші жаста жапырақтарды тегіс жеп қояды.

Америкалық ақ көбелек мекендеген ағаштардың белгісі өрмекші торында жиі орналасады.

Көбелектер қанаттарының өрісі 25-36 мм шамасында. Қанаттары ақ кейде қара, қара қоңыр нүктелері бюолады. Денесі қалың ақ қылшықтармен қапталған. Ұрғашысының мұрты ара тәрізді, еркегінің мұрты тарақ тәрізді. Жұмыртқасы домалақ диаметрі 25-36мм, жасыл немесе сары жасыл кейде кір сұр түсті.

Құрттарының ұзындығы 25-36 мм, барқытты-қоңыр түсті.

Арқасын бойлап қылшықтары бар екі қатар барқытты-қара жолақ орналасқан. Бүйірлерінде қызғылт сүйелдер жолақтары бар. Қарын аяқтарының үсті қара түсті.

Қуыршағының ұзындығы 8-15мм шамасында, қоңыр кремастерінде 10-15 шамасында тікенектер болады. Қуыршақ ұзындығы 17-20 мм, ені 8-10мм сұр түсті піллә ішінде жатады.

Зиянкес ұшып (көбінесе жел көмегімен және тасмалдаған өсімдіктер арқылы таралады. Тексерген кезде зиянкес жемістер арасында, вагондарда, басқа да көліктерде, өнеркәсіп тауарлар арасында кездеседі.

Қуыршақтар ағаштардың қурап қалған қабығы астында, қоралардың, құрылыстардың жабдықтарында, төгіліп түскен жапырақтар астында құрғақ жерлерде қыстайды. Олар 30 0 С температурада тіршілік қабілетін жоғалтпайды.

Көбелектер тиімді температура жиынтығы (10 0 С) 130 0 С-ға тең болғанда ұшып шығуын бастайды. Бұл сәуір айының соныңа мамыр айына тура келеді. Жаппай ұшып шығуы тиімді температура жиынтығы 175 0 С-ға тең келгенде өтеді және бір айға созылуы мүмкін.

Көбелектер жапырақтың астына жұмыртқалайды. Бір салымы 400-600 жұмыртқа. Көбелектің бір ұрғашысы 2300 жұмыртқа салады.

Іштегі төл дамуы 6 күннен 20 күнге дейін өтеді. Дамуы температура мен ылғалдыққа байланысты. Құрғақ және ыстық ауа-райында жұмыртқалар қурап тіршілік қабілетін жоғалтады.

http://portal.agun.kz/e-books/content/yuPl5sl9nL1D1xXGRjXC/pages/5.7.files/image002.jpg

Америкалық ақ көбелек.

1- көбелек (еркегі) ; 2- құрт; 3- қуыршақ; 4- піллә; 5- зақымданған жапырақ; 6- өрмекшінің ұясы; 7- зақымданған ағаш

Іштегі төл дамуы үшін оңтайлы температура 23-25 0 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-85 пайыз болуы қажет.

Құрттар 30-40 күн дамиды, 7 жастан өтеді 5-ші жасқа дейін құрттар өрмекшінің үйінде тіршілік етеді, содан соң тарап кетеді, 6-7-ші жастағы құрттар жеке тіршілік етеді.

Құрттар дамуы үшін қолайлы жағдай орташа температурасы 24-26 0 және салыстырмалы ылғалдылық 70-80 пайыз болу керек.

Қуыршақтары 14-20 күн дамиды. Екінші ұрпақтарының көбелектері шілде айында ұшып шығады.

Зиянкес әдетте, екі ұрпақ береді. Олардың жәндік жегіштері бар. Солардың бірі тахина қандала- қалқаншы .

Қорытынды

Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 - 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Азық – түлікті дақылдармен пен жеміс – жидекті дақылдардың биологисы
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы. Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Жеміс шаруашылығының маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz