ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Секция 3
Тарих және филология
Орындаған:
Мейрамбек Тоғжан, 4 курс студенті
Жетекші:
Нуралиева Марал Бексеитовна, оқытушы
Тараз, 2024
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 4
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 7
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 8
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Орындаған: Мейрамбек Тоғжан, 4 курс студенті
Жетекші- Нуралиева Марал Бексеитовна, оқытушы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
Өзектілігі: Шешендік сөз - адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.
Шешендік өнерді сабақта кіріктіріп оқытудың мақсаты - оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Мәселе: Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша өзгерiстер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, адамгершілік құндылықтарды ескеру, тілді құрметтеу, сөздің құдіретін ұғыну бүгінгі күннің басты мәселесі.
«2021 жыл Қазақстан Республикасының президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялағаннан кейін бірнеше оқу орындарында атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сай оқу орнымызда білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында шешендік өнер туындыларын оқу бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс мақсаты: Шешендік өнердің тәрбиелік мәнін дұрыс жеткізіп, оны жүзеге асыру, білім алушылардың әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
- Шешендік өнердің тарихи маңыздылығына тоқталу;
- Қазақ мақал-мәтелдері мен шешендік сөздерін ағылшын тілі сабағында кіріктіріп оқытудың маңыздылығына тоқталу;
Зерттеу нәтижелері: зерттеу жұмысының тың нәтижелері тұжырымдалып, «Шешендік өнер» атты презентация, бейнетаспалар, қосымша көмек құрал, бума әзірленді. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелді.
Қорытындылар:
Бұл ғылыми жұмыс ата-бабамызың мұра етіп қалдырған маңыздылығын түсіну арқылы оқушылардың қызығушылығын тудырады, жаттанды білімнен арылтып, ойлау еркіндігіне, жеке көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді.
Ең бастысы, ой өрісі жаңа дамып келе жатқан баланың санасында адамгершілік, отансүйгіштік, тілге құрмет сынды асыл қасиеттер мықтап орнығуына ықпал етеді.
Кіріспе
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін - мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» дегендей, білім беру кеңістігінде үштіліділік - бәсекелес заманда ұстаздарға қойылатын айқын міндет.
Тіл ойдың жемісі екендігі әлімсақтан белгілі. Қай тілде ойласаң, сол тілде сөйлейсің. Сол себепті, тіл - қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл - ұлттың әлемді, дүниені тану моделі.
Сондықтан француз философы Эмиль Сьоран: «Адам мемлекетте емес, тілде өмір сүреді», депті. Шынында да адам қай елде өмір сүрсе де, әйтеуір, бір тілдің өкілі. Бәлкім, оның тілі мен ұлты екі бөлек болуы да әбден мүмкін. Тіл - ұлт мәдениетінің діңгегі де, өзегі де. Мәдениет тілде көрінеді, тілде өмір сүреді. Қай тілде сөйлесең, сол ұлттың өкілісің, өйткені сол мәдениеттің ауқымында тіршілік етесің, сенің рухани дүниеңде сол мәдениет алғашқы орында тұрады, сол мәдениеттің құндылықтарын бойыңа сіңіргенсің, ол жаныңа да, жүрегіңе де жақын.
Жалпы, жаһанданудың оның ішінде, тілдік жаһанданудың мәні бір ғана тілге тіреліп тұрған жоқ, олай болса мәселе оңайырақ болар еді.
Мәселе - өзге тілдің үстемдігінде емес, дүниеге өзгелердің көзқарасымен қарауда. Ширатыңқырап айтсақ, мәселенің мәні - қоғамға, тұрмысқа, болып жатқан дүние жаңалықтарына өзгелердің ойымен, пайымымен, дайын қорытындыларымен қарау. Оған бұл құбылыстың рухани қарсылық пен күреске бой алдырмайтын осындай қуаты мен күші, әлемді жайлайтын жылдамдығы мен қарқыны - оның коммерциялық сипаты, бизнестік мазмұны айрықша ықпал етіп тұр.
Нарық жайлаған заманда, рухани құндылықтар емес, экономикалық тиімділік басты орынға шыққан кезеңде жаһандану құрлықтардан да, шекаралардан да аттап, ешкімге де, ешнәрсеге де бой алдырмай, бағынбай тұр. Бұл жаһанданудың болатын, болуға тиісті, ешқандай мемлекет жалтарып кете алмайтын объективті даму себебі. Сондай-ақ жаһанданудың қорғануға болатын, соған орай, алдын ала қам жасайтын субъективті өрістеу себебі де бар. Ол жаһанданудың мәдени, тілдік ықпалы. Ұлтымыздың бай мәдениеті мен тілін, әсіресе шешендік сөздерін жаһандық тілге аударып оқыту арқылы да жаһандагу кезеңінде тілді сақтап қалуға болады.
Бала тәрбиесіне қазақ халқы қашан да ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін үлкен көңіл бөлінетін болған. Әсіресе, халқымызда шешендік сөздер бала тәрбиесінде үлкен орын алып келді. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Бірақ қазір шешендік өнердің дәрежесі түсіп, балалар тұрмақ, ересек адамдар құлақ аспайтын жәй сөзге айналды. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Дана халқымыздың қалдырып кеткен асыл өнегесін біз өзімізде қолдана отырып, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеудеде аса мән бергеніміз жөн.
Мен өзім болашақ педагог ретінде, болашақ ағылшын тілі мұғалімі ретінде оқушыларымды тек білімді ғана емес, сондай-ақ көрегенді көсем, кемеңгер шәкірт ретінде көргім келеді. Осы орайда маған мынадай ой келді, неге маған өз сабақтарымда шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді қолданбасқа?! Осылайша, мен іс-тәжірбие кезінде, өз сабақтарымда шешендік сөздерді жиі қолдануға көштім. Қазақтың тамыры тереңге жайылған тарихынан, салт-дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен сыр шерткен қазақы даналық пен білімнің қайнар көзі-шешендік сөздер. Мен өзімнің ағылшын сабақтарымда қазақтың шешендік сөздерін ақылмен қолдана алуым, маған мынадай тиімді мүмкіндіктер ұсынды:
- Оқушылар ағылшынның және қазақтың шешендік өнерімен, мәдениетімен, тұрмыс тіршілігімен тереңірек таныса отырып, екі халықтың ауызекі әдебиеті, тарихы жайлы мол түсінік алатын болады;
- Сабақ барысында екі тілдің шешендік сөздерін қолданып жүрген оқушы, сабақтан тыс кездеде шешендік сөздерді ешқиындықсыз, еркін қолдана алады. Себебі әр сабақ сайын оқушының лексикалық қоры, сөйлеу дағдысы және ойлау дағдысы айтарлықтай жақсы өзгерісткерге ұшырайтын болады;
- Шешендік сөздерді қолдану арқылы біз балаға қазақы тәрбиені, ата-бабаларымыздың даналығын, ұлтына, туған жеріне деген құштарлықты нақыштаймыз. Сонымен қатар, оқытуда шешендік сөздерді қолдану адалдық, батылдық, достық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, қонақжайлылық, жомарттық сынды халқымызға тән адами қасиеттерді баланың баланың бойына сіңіртуде үлкен рөл атқара алады;
Оқытуда шешендік сөздерді қолдануды өз сабақтарымда қалай ұйымдастырғаныма тоқталатын болсам, мен негізгі осы әдіс-тәсілдерді қолдандым. Күнделікті әрбір тақырыпқа байланысты ағылшынша бір нақыл сөз алып келіп, кейін балалрға рсы нақыл сөздің қазақша баламасын табуды ұсындым. Шын мәнінде ағылшын және қазақ нақыл сөздерінде ұқсас баламалар өте жиі кездеседі. Мысалы:
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді
Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды. Қарын тойса, қарта әлем сасиды.
Қанша адам болса, сонша пікір бар.
Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі.
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін
Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.
Не ексең соны орасың.
Сонымен қатар, мен би-шешендер жайлы аңыз әңгімелерді тақырыпқа сай етіп таңдап келдімде, ағылшынша аударылған нұсқасын алдын ала бөлінген топтарға таратып, оларға өз беттеріңмен аударыңдар деген тапсырма бердім. Ал мен оларға берген қағазда аңызды үш бөлімге бөліп, әр топқа бір бөлімнен бердім. Қағазда алдымен аңыз-әңгіме, астында жаңа сөздер жазылған сөздік, сосын проблемалық сұрақтар берілді. Мысалы:
Tole bi was known as the "Swallow Sage". According to legend, the country was attacked by the Dzungars, and rural people fled, leaving their homes.
At this time, the house was smoking only Tole bi. A Dzungarian leader who has invaded a village sees a lonely house, igniting its smoke. When all the people run away, they send a person to find out who the person who is not afraid of them is. The Dzungars broke into the house without asking. Then Tole bi accused the Dzungarians of starting to speak without greeting, and said that he would not move in the other direction. "This year a Swallow settled in Shanyrak. I decided that I would not destroy my house until the chickens recovered. I didn't want to spoil the swallow's nest, cause of the enemy is attacked. Would it be better if someone seized your houses and made your children cry?"
Hearing Tole bi's answer, the Dzungarian settler recognized Tole bi as wise and ordered his troops not to attack either bi Shanyrak or the village where he was sitting. Since then, Tole bi has become known as the "Swallow Sage".
V ocabulary:
Swallow- Қарлығаш, Sage - Әулие, данышпан, ақылгөй
Rural-ауылдық, Nest- Ұя, Destroy- Бұзу, Wise- Дана
Order - Бұйыру
Questions:
- Do you agree with Tole bi's actions, what actions would you take if you were in his place? (Сіз Төле бидің іс-әрекетімен келісесіз бе, егер сіз оның орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз? )
- Why do you think the Dzungarians suddenly respected Tole bi and kept him alive? (Неліктен жоңғарлар Төле биді кенеттен құрметтеп, оны тірі қалдырды деп ойлайсыз ?)
Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі мақалдарды бала тез үйреніп, меңгеріп алуы үшін сол мақалдарға мағыналасғ мазмұндас қазақ мақал-мәтелдерімен байланыстырып оқытудың да маңызы зор:
- "Кітап-білім бұлағы"- “Reading is a discount ticket to everywhere. ”
To learn to read is to light a fire; every syllable that is spelled out is a spark,
- "Досы көпті жау алмайды"-a friend in need is a friend
- "Отан- оттан да ыстық" - The wider we roam, the welcomer home, East or West home is best .
- "туған жер- тұғырың" - An Englishman’s house is his castle .
Мектепте қазақ шешендік сөздерін ағылшын тілімен кіріктіріп оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын,
жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқушыларға шешендік сөздер туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz