Нысанның орналасқан жері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Дипломдық жұмыс Түркістан облысы, Мақтарал ауданы ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын бағалау және мониторинге жүргізу.

Жобаны орындаушы АП-19-6кт тобының студенті Бауыржанқызы Милана, жетекші - аға оқытушы Ахпанова Камшат, қорғау жылы - 2023.

«Мақтарал ауданы ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын бағалау және мониторинге жүргізу жобасы жүргізілген. Аудан бойынша жер көлемі жалпы территориясы 176898, 0 га, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің ауданы 159542, 0 га.

Жобаның жүргізілу мерзімі және сметалық, техника-экономикалық көрсеткіштері анықталған. Құрылымдарды пайдалану, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

Дипломдық жұмыс 56 бет түсініктеме жазбадан, 1 кестеден, 15 диаграммадан және А1 форматтағы 1 топырақ картадан құралған.

Мазмұны

Төлқұжат

Кіріспе

  1. Әдебиетке шолу
Жер мониторингi туралы түсінік

1. 2. Жер мониторингiнiң мiндеттерi және оны жүргізу

1. 2. 1. Жер мониторингi ақпаратын алу және пайдалану әдістері

1. 3. Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары
  1. Мақтарал ауданы туралы жалпы мәлімет

2. 1 Мақтарал ауданының географиялық орналасуы мен климаты

2. 2. Аудан жерінің жер бедері, топырағы мен өсімдіктер жамылғысы

2. 3. Ауданның су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

3. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

3. 1. Өндірістік травматизмі есептеу және тергеу

3. 2. Жылулық әсерлер мен зиянды заттардың адам ағзасына әсері

3. 3. Жарықтандыру

3. 4. Жұмыс орнында электр қорғанысты талдау

3. 5. Өрт қауіпсіздігі

3. 6. Желдету жүйесі

4. Қоршаған ортаны қорғау

4. 1 Мақтарал ауданы қоршаған ортаны қорғау шаралары

5. Экономикалық бөлім

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:

ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұнына және өрнектелуіне, құрастырылуына жалпы талаптар

ҚР СТ 1. 14 - 2004 Ұйымдастық стандарт. Өндеу түрлері мен реті

ҚР СТ 1. 12 - 2000 Жазбаша нормативтік құжаттар

ҚР МЖМБС 3. 08. 327 - 2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Жалпы ережелер.

МЕСТ 2. 105 - 95 КҚБЖ Жазбалық құжаттарға қойылатын жалпы талаптар

МЕСТ 2. 106 - 96 КҚБЖ Жазбалық құжаттар

МЕСТ 2. 109 - 73 КҚБЖ Сызуға қойылатын негізгі талаптар

МЕСТ 21. 1101 - 97 КҚБЖ Жұмыстық және қызметтегі құжаттардың жалпы талаптар

СТ ОҚМУ 4. 02-2011 Университет стандарты. СМЖ құжаттарын дайындау, баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары.

СТ ОҚМУ 7. 06 - 2011 СМЖ. Оқу - ұйымдастыру процестерін басқару.

ҚҮ ОҚМУ 4. 04-2011 СМЖ. Жазбаларды басқару.

ӘН ОҚМУ 7. 15 - 2011 СМЖ. Дипломдық жұмысты ұйымдастыру. Дипломдық жұмыс.

Төлқұжат

1-кесте

Р/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем

бірлігі

Көрсеткіші
Р/с№: 1
Көрсеткіштің атауы: 2
Өлшембірлігі: 3
Көрсеткіші: 4
Р/с№: 1
Көрсеткіштің атауы: Нысанның орналасқан жері
Өлшембірлігі:
Көрсеткіші: Түркістан облысы, Мақтарал ауданы
Р/с№: 2
Көрсеткіштің атауы: Мақсаты
Өлшембірлігі:
Көрсеткіші: Түркістан облысы Мақтарал ауданы ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу
Р/с№: 3
Көрсеткіштің атауы: Аудан бойынша жер көлемі
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 176898, 0
Р/с№: 4
Көрсеткіштің атауы: Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлері
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 159542, 0
Р/с№: 5
Көрсеткіштің атауы: Шаруа шаруашылықтардың үлесінде
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 129891, 0
Р/с№: 6
Көрсеткіштің атауы: Егістік ауданы
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 131345, 0
Р/с№: 7
Көрсеткіштің атауы: Көп жылдық екпелер
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 1447, 0
Р/с№: 8
Көрсеткіштің атауы: Жайылым
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 5356, 0
Р/с№: 9
Көрсеткіштің атауы: Су шаруашылығы жерлері
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 13069, 0
Р/с№: 10
Көрсеткіштің атауы: Бұта екпелері
Өлшембірлігі: га
Көрсеткіші: 514, 0

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Түркістан облысы Мақтарал ауданы ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы- Әрбір Стационарлы-экологиялық алаңшасы (СЭП) тұлқұжат жасалынып, нұсқаулыққа сәйкес рәсімделеді.

Зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша СЭП топырақтарының физико-химиялық және морфологиялық қасиеттерінің жиынтық тізімі жасалынады, жыл сайынғы бақылау жер мониторингінің көрсеткіштері, олардың мәні мен учаскені төсеу күні мен мерзімін жұмыстың соңғы нәтижесі сәйкес кесте құрылады.

Топырақ көрсеткіштерінің жылдар бойынша өзгерістер кестесі жасалынып, одан қарай стационарлы-экологиялық алаңшасы СЭП сипаттамасы жүргізіледі.

Стационарлы-экологиялық алаңшасы келесі топырақтар түрлері бойынша белгіленді:

СЭП 1- суармалы сазды шалғынды орташа тұзды сұр топырақ;

СЭП 2- суармалы сазды шалғынды аз тұзды сұр топырақ;

СЭП 3- суармалы сазды шалғынды сұр топырақ .

2011-2022 жыл аралықтарындағы топырақ үлгілерінің химиялық талдау мәліметтерін салыстыру нәтижелері төменде көрсетілген.

№12 негізгі учаскесі Мақтарал ауданы аумағында орналасқан. Ол субтропикалық шөл зонасын, ашық сұр топырақты субзонаны сипаттайды. Мақтаның суару жағдайында тұздану процессін зерттеу барысында, шөл аймағына 3 стационарлы - экологиялық алаңшалары салынды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы - Жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының зертханасында мынадай анализдер жасалынады:

  1. Тюрин әдісімен гумус мөлшері;
  2. Кьельдаль әдісімен жалпы азот мөлшері;
  3. Гинзбург әдісі бойынша жалпы фосфор мөлшері;
  4. Мачигин әдісі бойынша фосфордың жылжымалы формалары;
  5. Мачигин әдісі бойынша калийдың жылжымалы формалары;
  6. Кальций үшін көлемдік әдіспен карбонаттардың көмір қышқылы;
  7. Качинский әдісі бойынша механикадық құрамы;
  8. Тригонометриялық әдіспен сіңірілген негіздер;
  9. Су сығындысы анализі;
  10. ph - потенциометриялық әдісі анықталады.

Жұмыста қарастырып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау - Мақтарал ауданы аумағында орналасқан және 3 стационарлы-экологиялық алаңшасынан тұрады. Барлық стационарлы-экологиялық алаңшаларында конверт әдісін қолданып алдыңғы айналымдағы алынған горизонттардың үлгілерін қайтадан таңдап алу.

Диплом жұмысының мақсаты - топырақтың жәй-кұйін, олардың құнарлылығын талдау және бақылау, бұл адамның шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу шараларын уақытылы жүзеге асыру.

Диплом жұмысының міндеті - жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.

Зерттеу нысаны Мақтаарал ауданы - Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км² (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Аудан жеріндегі 67 елді мекен 2 кенттік және 8 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Мырзакент кенті. Халқының саны - 129 113 адам.

Теориялық және әдістемелік негізі - ҚР МЖМБС 3. 08. 327 - 2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Жалпы ережелер., ӘН ОҚМУ 7. 15 - 2011 СМЖ. Дипломдық жұмысты ұйымдастыру, МЕСТ 2. 109 - 73 КҚБЖ Сызуға қойылатын негізгі талаптар, МЕСТ 21. 1101 - 97 КҚБЖ Жұмыстық және қызметтегі құжаттардың жалпы талаптар, СТ ОҚМУ 4. 02-2011 Университет стандарты. СМЖ құжаттарын дайындау, баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары, СТ ОҚМУ 7. 06 - 2011 СМЖ. Оқу - ұйымдастыру процестерін басқару.

Дипломдық жұмысты жазу практикалық базасы - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы - Жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасы

:
:
:
:
Әдебиетті шолу Жер мониторингi туралы түсінік

Жер мониторингі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесін білдіреді.

Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.

Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн.

Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады.

Жер мониторингі:

топырақ құнарлылығының өзгеруіне (шөлейттену, су және жел эрозиясының дамуы, топырақтың қарашіріксізденуі, қоректендіру элементтерінің төмендеуі, тұздану, батпақтану, артық ылғалдану және су басу) ;

табиғи жемшөп алқаптарының өсімдік қабаты жай-күйінің өзгеруіне байланысты процестер байқалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде басым тәртіппен жүзеге асырылады.

Жер мониторингiнiң мiндеттерi және оны жүргізу

Жер мониторингiнiң мiндеттерi:

  • жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
  • мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету;
  • пайдаланылмайтын жер учаскелерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау болып табылады.

Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi жер мониторингi жүзеге асырылады.

Жерді жүйелі түрде байқаулардың, жерүсті түсірілімдердің, зерттеп-қараулардың, түгендеулердің нәтижелері, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылаудың материалдары, архивтік деректер, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.

Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерін пайдалану тәртiбiн жер ресурстары жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпарат алу үшін қашықтықтан зондтау, жерүстін түсіру және байқаулар әдістері, қор деректері, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер қолданылады.

Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады.

Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады.

1. 3 Жер мониторингi ақпаратын алу және пайдалану әдістері

Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпарат алу үшін қашықтықтан зондтау, жерүстін түсіру және байқаулар әдістері, қор деректері, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер қолданылады. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады [3] .

Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары Осы Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 161-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: жердің тозуы - жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жай-күйінің нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнінің төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы; жер мониторингі - жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесі; негізгі учаске - өсімдіктер мен топырақтың құрамын және сипатын, олардың белгілі бір ландшафттың табиғи жағдайларымен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететін жергілікті жердегі типтік учаске; полигон - ландшафтардың белгілі бір түрлерін (құмдар, тау етегі жазықтықтары, таулар) сипаттайтын әр түрлі конфигурациялы аумақ; стационарлық пункт - әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда, провинцияларда, биіктік белдеулерінде өсімдіктер мен топырақ жамылғысының жай-күйін ұзақ уақыт (10 (оң) жылдан астам мерзімге) тұрақты байқау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі. Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсатымен және аумақтық ауқымымен айқындалады. Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынадай кіші жүйелерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі; елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елдi мекендер) жерлері мониторингі; өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер мониторингі; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер мониторингі; орман қоры жерлері мониторингі; су қоры жерлері мониторингі; босалқы жерлері мониторингі. Аумақтық ауқымына қарай жердің республикалық, өңірлік және жергілікті мониторингі жүзеге асырылады: республикалық - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды; өңірлік - физикалық-географиялық, әкімшілік, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды; жергілікті - жекелеген жер учаскелері мен ландшафтық-экологиялық кешендердің қарапайым құрылымдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі. Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай жердің жай-күйін бақылаудың мынадай: базалық (бастапқы жер мониторингін жүргізуді бастау сәтіндегі бақылау объектілерінің жай-күйін тіркейтін) ; жедел (ағымдағы өзгерістерді тіркейтін) ; кезеңдік (бір және одан көп жылдан кейін) түрлері жүзеге асырылады. Жер мониторингі: жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді (қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау; жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу; жердің құнарлылығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай-күйін болжауды әзірлеу; жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Жердің жай-күйін бағалау жүргізілетін байқауларды (кезеңдік, маусымдық, тәуліктік) талдау, алынған көрсеткіштерді нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады. Жердің жай-күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінін, бағытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса беріле отырып, жедел мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады. Жер мониторингін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді. Жер мониторингі: топырақ құнарлылығының өзгеруіне (шөлейттену, су және жел эрозиясының дамуы, топырақтың қарашіріксізденуі, қоректендіру элементтерінің төмендеуі, тұздану, батпақтану, артық ылғалдану және су басу) ; табиғи азықтық алқаптардың өсімдік қабаты жай-күйінің өзгеруіне байланысты процестер байқалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде басым тәртіппен жүзеге асырылады. Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады. Жер мониторингін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады. Жер мониторингін жүргізу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жер мониторингін жүргізу үшін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жердің жай-күйін бақылау пункттерінің аумақтық-аймақтық желісін анықтайды. Мониторингтің аумақтық-аймақтық желісі жердің жай-күйін бақылаудың стационарлық және жартылай стационарлық пункттерін қамтиды. Стационарлық бақылау пункттері берілген толықтық пен дәлдік арқылы жердің жай-күйі туралы ақпаратты-жүйелі алып тұру үшін құрылады. Стационарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар осындай пункттерге жатады. Жартылай стационарлық бақылау пункттері (жартылай стационарлық алаң, бейін) жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады. Оларды бақылау жүйелі түрде 3, 5, 10 және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі. Мониторингтің деңгейі бақылау пункттерінде жүргізілетін жердің жай-күйін бақылау бағдарламасымен айқындалады. Жерді жүйелі түрде байқаулардың, жерүсті түсірілімдерін, зерттеп-қараулардың, түгендеулердің нәтижелері, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдары, мұрағат деректері, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады. Ғарыштық жеткізгіштен суретке түсіру мен бақылау республикалық және өңірлік деңгейлерде жердің жай-күйінің сипаттамасын алу үшін орындалады. Жер бетіндегі бақылау, зерттеу, тексеру және суретке түсіру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, түйінді учаскелерді, полигондарды және бейіндерді пайдалану арқылы жердің барлық санаттары бойынша жүргізіледі. Жер мониторингінің нәтижелері қағаз жеткізгіштермен де, ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерін пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде ресімделеді. Жер мониторингі жөніндегі құжаттамалар базалық және есептік құжаттарды қамтиды. Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаскесінің бастапқы (аялық) жай-күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға жердің жай-күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай-күйі туралы жиналған мәліметтер жатады. Бірізділендірілген нысандар, оларда жердің жай-күйінің тіркелген өзгерісі көрсетілген кестелер есептік құжаттар болып табылады. Мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәліметтер "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылады және сақталады. Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар: аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аймаққа бөлу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, қала құрылысы кадастры мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар; қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу, табиғи ресурстардың пайдаланылуына және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар арасында табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу бойынша жиынтық деректер банкін жүргізу үшін - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық орган; өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз немесе магниттік жеткізгіштермен стандартты ресімделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды алу, сондай-ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген кіру нысанында жүзеге асырылады. Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын деректері жалпыға қол жетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер мониторингінің деректерін мемлекеттік органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады [5] .
  1. Мақтарал ауданы туралы жалпы мәлімет

2. 1 Мақтарал ауданының географиялық орналасуы мен климаты

Мақтарал ауданының аумағы 80 763, 81 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:солтүстігінде шекара, Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасымен шектеседі; шығысында шекара Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Сырдария ауданының шекарасымен өтеді; оңтүстігінде шекара, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Мырзаабад, Ақалтын аудандарының шекарасымен өтеді; батысында шекара, жаңадан құрылатын Жетісай ауданының шекарасымен өтеді. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
Суреттерді бір координаттық жүйеден басқа жүйеге ауыстыру әдістері
SCADA жүйесі және интернет жайлы
Жылжымайтын мүлік нысандарын бағалау
Негізгі құралдарды есепке алу
Ескі қаласы колледж
Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері
Қазақстан топонимдері
Арқас - тарихи тау
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz