Суицид


Мектеп мұғалімдеріне және студенттерге арналған
көмекші құрал
ШЫМКЕНТ
Мазмұны
1. Кіріспе сөз 4б.
2. Суицид жөніндегі жалпы ұғымдар 5б.
3. Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың себептері,
түрлері мен категориялары 8б.
4. Жас өспірімдердің суицидтік мінез-құлығының ерекшелігі 13б.
5. Жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын алу 18б.
6. Жан күйзелісі және одан арылу жолдары 19б.
7. Тәрбиелеу, түзету әсерінің психологиялық педагогикалық негіздері.
Педагогтар мен ата-аналарға ұсыныстар 25б.
8. Оқушыларды өзара қарым - қатынасын
анықтау (сауалнамалар) 27б.
9. Оқушылардың өз сезімін басқару жолдарына
арналған ашық сабақтар үлгілері 41б.
10. Онтүстік әлеміндегі статистика 48б.
11. Өмір философиясы 57б.
12. Асығыс қадам азабы 58б.
13. Кек алудың төте жолы (әзіл әңгіме) 61б.
Кіріспе
Өмірден қымбат ештеңе жоқ десек те, адам психикасындағы дағдарыс үлкен-кіші демей өлімге алып баратыны өкінішті. Әсіресе, жастарға тән демонстративтік, байбаламдық суицид, (өзін-өзі өлтіруге қастандық әрекет) ол рухани әлсіз жандардың көмек сұраған жан-айқайы екенін мектеп психологтары мен ата-аналар дер кезінде түсініп, жәрдемге келуі керек.
Суицидтің себебі әр түрлі. Басты себеп, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке жан дағдарысы екенін біз әр кез ұмытпағанымыз абзал. Жасөспірімдерде өлім - өмір сүрудің соңы деген түсінік болмайды. Қарсыластарына қыр көрсетіп, “мәңгі емес, тек бір мезгілге жазалаймын” - деген ойда болады. Бірақ оның соңы орны толмас өкінішпен аяқталады.
Жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын-алу ата-аналар мен мектеп психологтарының, әлеуметтік қызметкерлердің және сынып жетекшілердің ең басты міндеттері.
Филология ғылымдарының кандидаты Бектай Қожахметов
Суицид жөніндегі жалпы ұғымдар.
Өзін-өзі өлтіру (суицид) - бұл саналы түрде өзін өмір сүруден айыру , адамның қатты жан-күйзелісі жағдайында немесе психикалық ауру ықпалымен жасалған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті; жүйкесін қатты жарақаттайтын жағдайлар ықпалымен өмірден саналы түрде кету әрекеті, бұл жағдайда жеке өмірдің жоғары құндылық ретінде мәні жоғалады.
Осылайша, суицид ұғымы адамның өзін-өзі өлтіру туралы түсінігін береді, басқаша айтқанда, бұл өз-өзіне қол жұмсаудың жоғарылатылған тәуекелі. Кәмелетке толмағандардың ауытқушылық мінез-құлқының аталған түрі енжарлы, әрекетсіздік болып сипатталып, шешімі жоқ мәселелерден
өз-өзін зорлықпен, күшпен өмірден қиып кету тәсілі болып табылады.
Суицидалдық ниет-түпкі ойға ерік компоненті қосылған кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез-құлық әрекетіне көшуге дайын болу кезеңі.
Дәрігерлер өзін-өзі өлтіруді үш түрге бөледі:
Бірінші, анық күйзелістік жағдайдан соң, өмірдің мәнін жоғалтып, адам өзін ұзақ уақыт өлімге дайындайды.
Екінші, жасырын суицид, адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді.
Үшінші, басқалардың көзінше ашық түрде өлімге бет бұру. Бір нәрсені дәлелдеу үшін, біреуге ерегісу.
Өзіне қол жұмсайтындарды екі негізгі категорияға бөліп қарауға болады. Бірінші, әртүрлі психикалық ауруға ұшырағандар.
Екінші, психикалық дені сау, стресстік (күйзеліс) жағдайларға төзбей қарағандар. Әсіресе дені сау адамдардың ауруларға қарағанда өзіне қол жұмсауы алты есе жоғары болып келеді.
Ресми мәліметтерге жүгінсек, еліміз бойынша соңғы үш жылда балалар арасындағы аурушаңдық деңгейі 8 пайызға өскен. Жүйке сырқатының аурулары 2, 3 пайызға артты. Қазіргі таңда елімізде 15 жасқа дейінгі әрбір 14-ші бала, яғни 300 мыңға жуық жасөспірім жүйке жүйесіндегі және психикалық ауытқушылыққа душар болған.
Жыл сайын елімізде 11 мыңға жуық баланың психикалық және
мінез-құлық ауытқушылығына душар болғаны анықталады. Психикалық қоздырғыш заттарды тұтыну салдарынан балалардың алғашқы ауытқушылыққа ұшырау оқиғасы 2000 жылғы мәліметтермен салыстырғанда, 2003 жылы 3 есеге өскен. Сондай-ақ ішімдікке әуестену салдарынан психикалық мінез-құлық ауытқушылығына ұшыраған балалар саны тіркелген. Бұл көрсеткіштердің үштен бір бөлігі Алматы қаласының үлесінде.
Сонымен қатар, соңғы үш жылда психикалық қоздырғыш заттарды тұтыну салдарынан ауытқушылыққа ұшыраған жасөспірімдер саны да арта түсті (51, 5 пайыз) .
Жасөспірімдер арасындағы психикалық және мінез-құлық ауытқушылығына алғаш рет ұшырау көріністері 37 пайызға өскен.
Мамандардың айтуына қарағанда, балалармен жасөспірімдер арасында өз өмірлерін өздері қию көріністері де ұлғая түсті. Ұл балалар арасында мұндай көрсеткіштер әрбір 100 тұрғынға шаққанда, 10, 4 болса, (1996 жылы - 9, 6) қыз балалар арасында 100 мың тұрғынға шаққанда 3, 7 (1999 жылы-2, 7) болды. Жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтіруге басты себеп психикалық қоздырғыш заттарды тұтыну салдарының психикалық және мінез-құлық ауытқушылығына байланысты деп отыр.
Өзін-өзі өлтірудің түрлері:
- Тамырын қию;
- Өзін өртеу;
- Газға улану;
- Дәрі және сұйықтарды шектен тыс ішу;
- Биіктен құлау;
- Өзіне суық қару қолдану;
- Асылып өлу;
Тәуекелділік факторлары.
Адам өмірінің белгілі бір аспектілері суицидке әрекет жасауға түрткі болады. Зерттеулер нәтижесі үмітсіздік сезімі суицидтің маңызды факторы екендігін көрсеткен. Көбіне өзін “үмітсізбін” деп санайтындар суицидті барлық қиындықтан шығаратын бірден-бір жол деп сезінеді. Олардың көбі жалғызбасты адамдар. Жалғызбасты адамдар өмірдің қиын кезеңдерінде үмітсіздікті көбірек сезініп, иррационалды ойларға кенеледі. Себебі оған моральді көмек беретін жақын достары жоқ. Ал психикалық ауруын емдетпеген адамдар суицидтің барлық түрлерінің 90 пайызын жасайды. Соңынан жан күйзелісіне алып баратын түрлі соматикалық аурулар да суицидке түрткі болады. Суицидке барған ересектердің 1/3-і өлім кезінде соматикалық аурудан зардап шеккендер екен.
Суицидтік тәуелділіктің тағы бір факторы - бұрын соңды әрекет етілген немесе ниеттелінген суицид, сонымен қатар туыстар арасында жасалынған суицид. Бұл жерде индивидтің әлеуметтік деңгейі де үлкен рөл атқарады.
Суицидке ниеттенген белгілері.
Суицидке баратын адамдардың 80 пайызы өздерінің ниеттері туралы алдын-ала белгі береді. Әдетте, олар суицид туралы әңгіме айтады немесе өлгісі келетіндігін айтып, өзінің түкке тұрмайтындығын, яғни өмірінің мағынасыз екендігін ескертіп, суреттерден суицидті көрсетіп немесе әдеби шығармалардағы суицидті әңгіме етіп белгі береді. Тағы бір қауіп - адамның белгілі бір себепсіз, қайғылы және түсініксіз, аяқ астынан мінез-құлқының өзгеріп шыға келуі. Мұндай өзгерісті «терминалды мінез-құлық» деп атайды. Мұндай кезде индивид жұмыстарын жөнге келтіріп, мал-мүлкін таратады, сонымен қатар өкініші және мұң-қайғысы туралы жиі айтып отыратын болады.
Мұндай суицидтің белгілерін байқаған адам, суицид туралы кішкене де болсын түсінік беріп, ол адамнан суицидке деген ниеті бар ма, жоқ па екендігін сұрап, оның қателік болатындығын ұғындыру қажет. Егер жауап суицидке ниеттенгенін көрсетсе, онда ол адамды тез арада психологқа көрсетіп, суицидке себеп болатын басындағы қиындықтарын шешуге көмек беруі тиіс. Көптеген суицидті болдырмауға мүмкіндік бар, себебі суицидке неттенетін кезең, әдетте уақытша болады.
Басқа адамдарға әсері.
Суицид өзін-өзі өлтірген адамдардың туған-туысқандарына, достарына өте үлкен қатты соққы болып тиеді. Қасақана, аяқ астынан болған немесе зорлықпен жасалынған өлім, басқаларды жиі көмексіз, жігерсіз етіп сезіндіреді. Өлі денені тауып алған кезде, отбасы мүшелері және достары қосымша стресс факторларын алады. Көбіне ата-аналар өздерін кінәлі етіп сезінгендіктен көп зардап шегеді. Суицид әлеуметтік стигма болып қаралатындықтан, суицидті бастан кешірген адамдар бөтен адамдармен араласудан қашқақтайды және бөтен адамдар олардан қашқақтап жүреді. Мұндай мәселелерге қарамастан, суицидті бастан кешіргендер де, жақындарынан айырылған адамдар сияқты психологиялық проблемаларды бастан өткізе отырып, ақырында мұндай қайғыдан арылады. Сәтсіз суицидтен өткен адамдардың психологиясын қайта орнына келтіруде көмек беретін топтың рөлі айырықша болады.
Әйгілі адамдардың өзін-өзі өлтіргендігі туралы шулы ақпараттар да басқа адамдардың (фанаттар) өзін-өзі өлтіруіне түрткі бола алады деген пікірілер де бар. Әсіресе 13-19 жас аралығындағы тұлғалар диапазонында. Бірақ та көптеген зерттеулер мұны негізсіз, яғни мұндай пікірлерді әділетсіз деп есептейді.
Суицидке деген көзқарас.
Көптеген адамдар суицид тақырыбында әңгіме жүргізгенде, әлеуметтік жағдайына байланысты шорқақтық танытады. Сонымен қатар көпке таралған, суицид тақырыбында, мынадай миф бар: «Жан күйзелісіне ұшырауға бейім келетін адамдар алдында суицид туралы әңгіме жүргізуге болмайды, себебі мұндай әңгіме ондай адамдардың миына суицид туралы ойлану дәнін себуі мүмкін». Бірақ көптеген психиаторлар мен психологтар, суицидті ойы бар адамдар, сезімдері туралы айта отырып, жеңілдік сезінуі мүмкін деген ойға келді. Суицидке деген көзқарас ғасырлар бойы өзгеріп келді.
Бүгінгі таңда психикалық ауруларға жаңаша көзқараспен қарай отырып, кейбір суицидтен тірі қалған адамдардың құқығын қорғай отырып, көптеген дәстүрлі діндер суицид құрбандарына рақымшылықпен қарап, оларды салт-дәстүрмен көмеді. Суицидті жүзеге асыруға көмек көрсеткендік жазасы бар қылмыс болып табылады.
Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың себептері, түрлері мен категориялары
Суицидті мінез-құлықтың шығу себебі өте күрделі және әр алуан. Оның себебін адамзаттың биологиялық, генетикалық, психологиялық және әлеуметтік өрісінен іздеуге болады. Отбасындағы ажырасу, жұмыстан, сабақтан шығу секілді экстремалды жағдайлар кезінде жасалынатына қарамастан, кейбір сарапшылар мұның бәрін суицидтің себебі емес соған апаратын сылтау деп болжайды. Өз-өзіне қол жұмсаған адамдардың көбі дауасы жоқ жан күйзелісінен зардап шегетіндер. Суицидтің негізі көп жағдайда адамның жан күйзелісі болғандықтан, оның себебін зерттеу суицидтің себебін түсінуге мүмкіндік береді.
Адамдар арасында кездесетін басқа да психикалық аурулар, мысалы: биполярлы қынжылу, шизофрения және мазасыздық, суицидке алып барады.
Биологиялық себептер.
Зерттеушілер суицидалды мінез-құлықтың деңгейі белгілі бір отбасында жоғары болатындығын көрсете отырып, суицидтік тәуелділікте генетикалық және әлеуметтік факторлар да үлкен рөл ойнайтындығын болжайды. Пенсильванияда 100 жыл көлемінде жасалынған суицидтің төрттен үші төрт отбасында болған. Егер егіздің бірі суицид жасауға әрекеттенсе, екіншісі де құлшынып тұрады. Бұл факт суицидте генетикалық әсердің де барлығын дәлелдейді.
Кейбір психикалық аурулар мысалы: шизофрения, ішімдікке құмарлық - көбіне суицидке апарады, мұндай жағдайда адамдардың миында серотонин деңгейі төмен болатындығын зерттеу нәтижесі көрсеткен болатын.
Психологиялық теориялар.
Австралиялық психиатр Зигмунд Фрейд 20 ғасыр басында ең алғашқы суицидтің психологиялық теориясын жасап шықты. Онда ол адамның өзіне деген агрессия рөлін көрсеткен.
Американдық психиатр Карл Менинжер барлық суицидтердің негізі болып табылатын өзара байланысты үш себебті және ол ессіз себептер болып табылады деген ұғымды ұсынған. Олар:
- Кек - өшпенділік (өлтіруге құлшыныс) .
- Жан күйзелісі - үмітсіздік (өлуге деген құлшыныс) .
- Кінәлі сезім ( өзін-өзі өлтіруге деген құлшыныс) .
Американдық психолог Эдвин Шнейдман суицидтің бірнеше салмақты
мінездемесін суреттеген. Оның ішіне төзгісіз жан ауруын, көпшіліктен сыртта қалып қойғандық сезімін, қауқарсыздық және үмітсіздік сезімдерін және т. б осындай мәселелерді өлім ғана шеше алады деген пікірлерді кіргізген.
Әлеуметтік теориялар
Көптеген әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік құрылым мен өмірлік құндылықтар суицидтің көрсеткішіне елеулі әсер етеді дегенді айтады. Француз әлеуметтанушысы Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің көрсеткіші әлеуметтік ара- қатынасқа, яғни индивид үлкен топтың қай бөлігіне және қандай деңгейіне жататындығына байланысты екенін дәлелдеген.
Адам әлеуметтік қатынас кезінде жеткіліксіздік сезінсе, әсіресе мұндай мәселе аяқ астынан бола қалса, (мысалы, жұмысынан айрылу сияқты), мұндай кезде өзін-өзі өлтіру көп кездеседі. Суицидтің себебін анықтау кезіндегі жасалған қорытындыда жалғыздық факторының әсері көп екені байқалады. Үлкендер арасындағы суицид көрсеткіші отбасылы адамдарда жалғызбасты, жесір, ажырасқандарға қарағанда төмен. Сонымен қатар суицидке бейім тұлғалар өмірде көп қиындықты басынан кешіргендер болып кездеседі. Олар: отбасынан айырылу немесе туыстарымен ара-қатынасы нашар, ата-анадан бөлек тұру немесе жасөспірімдердің бөлек тұруы, балаларға көңіл бөлмеушілік немесе нашар тәрбие. Суицид жасауға ниеттенген адамның популяциясында психикалық қынжылудың жоғары деңгейі, сонымен бірге психоактивті заттармен жиі қиянат жасайтындығы анықталған. Дегенмен де суицид жағдайы жақсы отбасыларында да кездесіп отырады.
Дүниежүзінде суицидті болдырмау жұмыстары.
Тарихи тұрғыдан қарастырсақ, түрлі дәуірлерде түрлі мәдениеттердің өркендеуінде бұл құбылысқа жиі өзіндік пікір-көзқарастар қалыптасатын: жиі бұл әрекет халық көпшілігімен айыпталып, қарғыстар айтылатын. Осылайша, мұсылмандық және христиандық адамгершілік көзқарастарынан өз-өзіне қол жұмсау ауыр және дұрысталмайтын күнә болып саналған. Сол себептен, осы діндердің жақтаушылары өмірін осындай тәсілмен аяқтаған тұлғаларды, зиратты ластамау үшін, күштеп немесе өз өлімімен қаза болған адамдардан бөлек көметін.
Ежелгі Мысырда суицидті төзгісіз өмірлік шарттардан құтылу жолы деп есептеді. Жапонияда барлық кездерде де сәтсіздікке ұшыраған немесе масқара болғандардың өзін-өзі ақтауы деп есептегендіктен харакириге (салт бойынша қанжармен өзін-өзі өлтіру) құрметпен қараған. Екінші дүниежүзілік соғыста жапондық ұшқыш-камикадзелер жауының оғына өзінің ұшағымен соқтығысып суицид жасаған және оны зор құрмет көрген. Үндістанда сати атауымен қалған, күйеуі өлген әйелдің өзін-өзі өртеп өлтіруі бір кездерде салт болған. Басқа да көптеген мәдениеттерде суицид қатаң жазаға ие болып, заңсыз деп табылған. Гректің философы Платон суицидті қатаң жазалаған. Дегенмен басқа халықтардың мәдениеттерінде, салт-дәстүрлерінде келесі ережелер орындалатын: олардың негізінде белгілі өмірлік жағдайлардың негізінде суицидтің жүзеге асуы мідетті болатын мысалы, Үндістандағы жесірлердің өз-өзін өртеп қаза болуы, Жапониядағы самурайлардың харакири құбылысы т. б. Осыған ұқсас жағдайларда суицид құрметті және адал «жерастылық» өлімге кепілдеме беретін, айбын, ар, ерлік, руға, халыққа, басшы мен мемелекетке адал қызмет ету белгісі болып табылатын.
Жан күйзелісі суицидке апарар бірден-бір жол болғандықтан, күйзеліс кезінде қолданылатын медикаменттермен психотерапияға жүгіну - суицидті ескертетін маңызды фактор.
Суицидалогия саласында жасалатын зерттеулердің мақсаты, әдетте суицидке бейімділігі басым адамдарды теңдестіру, соңынан бұл адамдарға суицид қаупі бар екендігін түсіндіріп, көмектеседі.
Егер қазір суицидтік мінез-құлықты алдын-алуға бар күшті салсақ, Қазақстандағы өмір сүрудің жалпы көрсеткішін бір жылға созуға болады. Бірақ проблеманы шешу соншалықты оңай емес, 2008 жылдан бастап медициналық мамандықтар қатарына суицидолог мамандығы қосылды. Бірақ, қайда, қалай жұмысы істейтіндігі белгісіз. Ресей және басқа да елдердегідей арнайы суицидологиялық қызметтердің (құрамында поликлиникасы, сенім сымтетігі, ауруханасы кешенді құрылған) мемлекет тарапынан құрылған тәжірибесін алсақ жарар еді.
50-жылдары Англия өз-өзіне қол жұмсаушылықпен күресу мақсатында салық төлеуді ұйғарған. Егер отбасының бір мүшесі өз-өзіне қол жұмсаса отбасының қалған мүшелері мемлекеттік қазынаға арнайы салық төлеуге мәжбүрленді. Австрияда да өзіне қол жұмсаған адамның туысқандары жерлеуге беретін материалдық көмектен шеттетілді. Қазір Қазақстанда осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу мектеп психологтарына тапсырылып отыр.
Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Әлемде 1994 жылы өз-өзіне қол жұмсаған адамдардың саны Литвада - 45, 8%, Ресейде - 41, 8%; Эстонияда - 40, 9%; Латвияда - 40, 6%; Венгрияда - 35, 3% болған.
.
Өз-өзіне қол салу негізі үш топқа бөлінеді: нағыз , демонстративтік және жасырын .
Нағыз суицид - өлуге деген тілек-ниетпен бағытталады. Өзі-өзін өлтіру (нағыз суицид) және өзін-өзі өлтіруге әрекеттену (аяқталмаған суицид) сияқты түрлері бар. Мұны суицид және парасуицид деген атаулармен айтады. Бұл жерде суицид ниеттене отырып, өзін-өзі өлтіру, ал парасуицид өлімге әкеп соқпау ниетіндегі өзін-өзі зақымдау актісі.
Өз-өзіне қол салу мінез-құлқы, ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Суицид әрекеті - өз-өзіне қол салуды жасау әрекетімен аяқталған суицидті біріктіреді. Өзіне қол салу әрекеті қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Аяқталған суицид деп - өлімге әкеліп соққан әрекетті айтамыз. Өзіне қол салу көріністері өзіне суицидтік ойларды, түсініктерді, көріністерді, күйзелістерді, сондай-ақ суицидтік тенденцияны, олардың арасынан түпкі ой мен ниетті айқындауға болады.
Бұндай суицидтерге қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе жай ғана өмірден бас кешу жайлы ой жатады. Нағыз суицидтің тағы бір ерекшелігі толғану мен өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.
Демонстартивті суицид - өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына көңіл бөлдіртіп, назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады. Бұлардың әрекеті өліммен ойынға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай, суицидалдық шартты мінез-құлықты қалайды. Бұларға автомобиль жүргізудің қаупті түрі, спорттың эстремальдық қауіпті түрлерімен айналысуы, ерікті түрде ыстық нүктелерге барумен, әсері күшті есірткілерді пайдаланумен, ішімдікті қолданумен, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулауға жатады.
А. Г. Амбрумова өз ойын былай білдіреді: « Өзін-өзі өлтіру шынайы суицид, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге әрекет аяқталмаған суицид». Ал, А. Е. Личконың пікірі бойынша суицидалдық мінез-құлық жасөспірімде демонстративті, аффекті және шынайы болып келеді. В. А. Тихоненко өлуге ниет қылғандардың санатын көңілге ала отырып, өз-өзіне қол салу мінез-құлық әрекетіне қосымша бірнеше толықтырулар енгізді.
Бірінішіден, ол демонстративтік-байбаламдық өзіне-өзі қол салу мінез-құлқын бөлектеп, өзінің қандай да бір іс - әрекеті арқылы көрсетуді көздейді. Екіншіден, оның пікірі бойынша өзін-өзі зақымдау мен дене мүшесіне жарақат салу, жалпы өлімге бағыт алмайды. Тек жарақатпен шектеледі. Үшіншіден, мұндай мінез-құлықтар айналып келгенде бақытсыздық жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Сонымен өзіне-өзі қол салу мінез-құлқының диагностикасы өлу ниетінің нақты бағасының дәрежесіне негізделіп сүйенеді.
Суициалдық мінез-құлықтың жас айырмасына қатысты өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, өмірдің кризистік кезеңдері, жастық шақ немесе кәріліктің басталуы және т. б.
Өз-өзіне қол салуға тән сипаттама:
- жан күйзелісіне шыдай алмау;
- жағдайдан шығудың жолын іздеу;
- үмітсіздікке бой алдырту мен жеке басының дағдарысы;
- ауто агрессия;
- тұлғаның өз-өзіне қол жұмсауға амбеваленттік қатынасы.
Осының бәрі айналып келгенде таңдауы тарылып, өз-өзін өлтіруге әрекет жасау жиірек кездеседі. Бірақ олардың аз ғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. А. Е. Личконың көрсеткеніндей тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе (өзін-өзі өлтіруге қастандық әрекет), ал 90 пайызынікі көмекке шақырған жан-айқай.
А. Е. Личко, А. А. Александров 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің
сынақ-зерттеуден өткізіп, мынадай қорытындыға келген. Суицидалдық әрекет жасөспірімдер тобына психикалық өзгерістердің рөлінің біршама артуы байқалады, мысалы, депрессия. Балалар депрессияның белгілеріне әрбір ұсақ-түйекке мән берушілік, іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай-шу, жан-жал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады.
Жас кезеңде көбінесе суицидалдық мінез-құлықтар көп жағдайда жақын және жеке қатынастармен, мысалы, бақытсыз махаббатпен тығыз байланысты болып келіп, депрессияға ұшырауға бейім келеді. Депрессияның деңгейі көп жағдайда суицидалдық қорқыныштың шынайы көрсеткіші болып келеді. Жалпы айтқанда жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлыққа өз құрбылары мен ата-аналары арасындағы жеке қарым-қатынастардың да ықпалы әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz