Нирвана теориясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Буддизм философиясы

Орындаған: 6B05101 Биология және сабақтас ғылымдар
бағдарламасының 104-топ студенті Төлеген Әсел Бақытжанқыз
Қабылдаған : Бияздыкова Кенжегүл Алимбекқызы
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Буддизм философиясы
2.1 Нирвана теориясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. Веда сөзі санскриттен аударғанда білім деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
Үнді философиялық мектептері ведаларға байланысты 2 бөлінеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Астика - Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер

Вайшешика, Ньяя
Йога, Миманса
Санкхья, Веданта
Жайнизм
Буддизм

Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың баурайындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Ситхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр).
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бастартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп, өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, дүниенің терең мәнін іздейді.
Бірақ одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан құтылу керектігі жөнінде ойланады.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің Будда еңбегінде жақсы баяндады. Адам біткен аурады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек (Абай журналы. 1918 ж., №3).
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік Менді өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын ішкі утопияны құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйіне келіп, Урувилланың маңындағы Бодхи астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады.
Азарп шегу мен қасіреттке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
Өмір - қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, қажеттіңе жете алмау, т.б. ослардың бәрі қасірет.
Қасіреттің пайда болу себертері туралы ақиқатты білу. Ол - өмірге, ләззаттқа деген құштарлық.
Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.
Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.
Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек. Олар:
Дұрыс жол - төрт ақиқатты дұрыс түсіну.
Дұрыс шешім - төрт ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
Дұрыс сөз - өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау.
Дұрыс іс-әрекет - ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
Дұрыс тұрмыс қалпы - адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
Дұрыс күш жұмсау - құмарлықпен, жаман оймен күресу.
Дұрыс ой бағыты - дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.
Дұрыс жинақтала білу - өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
Осы жолдың ең соңғы сатысына жетке адамды архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды және ол нирванаға жетуі мүмкін. Нирвана мокшаның өзгерген түрі, оның мокшадан айырмашылығы - мокша жанды азаптан о дүниеде азат етсе, нирвана - осы дүниеде азат етеді. Нирвана (санскр. - дәлме-дәл - суыну, салқындау, сөну) буддизмдегі ең бір негізгі түсінік - сананаң жоғарғы күйін білдіреді (сансарға қарама-қарсы). Нивана құмарлықты басу, сонымен бірге азаптан құтылу, бұл қайта тууды тоқтату, сансарадан, карма билігінен - себептілік шеңберінен шығу. Нирвана нақты өмірдің жоқты емес, оның ерекше түрі және адамның өмір сүру тәсілі, ол теңіз секілді терең, тау шыңындай биік, бал секілді тәтті, т.б.. шын мәнінде нирвананың бар екендігін адам өз тәжірбиесінде түсінеді.
Нирвананы ешкім тудырған жоқ, нивана жөнінде ештеңе айта алмаймыз: ол пада болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы керек пе, ол өткенде ме, әлде болашақта ма, оны көзбен көруге, құлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап қарауға бола ма, әлде болмай ма. Онда нирмана болмағаны ғой.
Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Ақиқат жолымен өмір сүріп жатқан оқушы, егер ол сезімдік құмартудан айырылса, нирванаға жетеді. Дүниеде жел бар ма? Бар. Онда маған желдің түсін, бітімін, көлемін:үлкен бе әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, көрсетші, - дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: Ол мүмкін емес, мен оны көрсете алмаймын, желді қолмен ұстайға, құшақтап қамтуға болмайды, бірақ ол бар.
Будда оған жауап ретінде: Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, мен оны саған көрсете алмаймын, - деп қорытады.
Б.з.б. І ғасырда буддизм екі ағымға бөлініп кетті - Хинаяна және Махаяна:
Хинаяна - құтылудың тар жолы немесе кіші шеңбер - адамның өзінің жеке басының құтылуы. Монастырьге кету арқылы немесе дүниеден қайтқан соң Нирванаға жетуге болады деп санайтын ағым. Ол алғашқы буддизмге жақын ырақ болды.
Махаяна - құтылудың кең жолы немесе үлкен шеңбер. Мүмкіндігінше көп адамдардың құтылуы ретінде, дүниеде бола отырып, дүниеден қайтқан соң мәңгі - бақи, бірақ сонда да уақытша нирванаға жетуге болады деп санайтын ағым. Архаттан гөрі бодисатваға арналған.
Бодисатва - арахатқа жетпеген, бірақ толық білімге талпынып жүрген адам. Ол білгірліктен гөрі уағыздаушыға ұқсайды. Өзінің мүмкіндігімен тек өзін ғана емес, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқарады.

Нирвана теориясы

Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және сонғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептегенімен, адамдарды карманның бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойланып, пйымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағымынан тұрады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм философиясы
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Үнді философиясы
Үнді философиясы. Көне үнді философиясы
Қытай. Үнді
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
Шығыс философиясы
Тарихи тұлғалар
Буддизм негізіндегі дүниетаным
Пәндер