Кәсіпорынды басқару функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Алматы қаласы білім басқармасының
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі

Курстық жұмыс

Мамандығы: 04130100-Менеджмент
Тақырыбы:Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі

Орындаған:МЕН-210 Г.Сыдық
тобының білім алушысы (қолы)

Жетекші, экономикалық А.Серикханова
пәндер оқытушысы (қолы)

Алматы 2024ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... . 3-4
Негізгі бөлім
1. Кәсіпорынды басқару жүйесі;
1.1. Кәсіпорынды басқару функциялары ... ... ... ... ... ... ... . 5-7
1.2. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі ... ... ... ... ... ... . 8-10
1.3. Маркетиг мәні және қызметі, жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... . 11-13
2. BISAM Central Asia бойынша маркетингтік қызметті талдау;
2.1.BISAM Central Asia бизнес центрінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... .14-16
2.2.BISAM Central Asia бизнес центрінің миссиясы және принциптері ... ... ... ... ... ... ... . 17-19
2.3. BISAM Central Asia бизнес центрінің персоналдарға ұсынатын вакансиялары ... ... ... ... ... ... ... . 20-22
3. Кәсіпорындарды басқару жүйесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... . 3-
3.1 Кәсіпорындағы басқару және басқару жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .3
3.2.Кәсіпорын қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... . 3
3.3. Кәсіпорын басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... . 2
5. Пайдаланылғын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... . 1

Кіріспе

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар сондай-ақ экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қойып отыр.
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және өте ауқымды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі экономикалық реформаны, коньюктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет.
Республикамыздың, Үкіметіміздің жоғары аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен, әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз-Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет. Отандық өнеркәсіп орындарында маркетинг жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Бұл жағдайда бірқатар объективті және субъективті себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі; құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі; нарықтық тауарлар инфрақұрылымның төмен деңгейі; кәсіпорында маркетинг қызметті алға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі; қаржының болмауынан туындаған қиындықтар; мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектелуі; маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелер деңгейде қолданылуы болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Төртінші бағдар. Мемлекеттікбасқару ісін қайта жаңарту.
Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс-жүзінде орындағанын қалайды.
Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек. Үкіметтің кейбір құзіреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа ұжымдасқан кабинет емес, нақты бір министр жауапты болуға тиіс.
Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері бірыңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылып келеді.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі көп жағдайға байланысты. Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор сондай-ақ кәсіпорын үшін маңызы зор. Себебі кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, ұйымдастыру, жоспарлау, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе біліуі қажет. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- бұл кәсіпорын болып табылады. Сондықтан бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып табылады. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артады.

1.Кәсіпорынды басқару жүйесі
1.1.Кәсіпорынды басқару функциялары

Кәсіпорын-қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар)өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әркет етеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, оған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгеде көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді.
Табыс нарықтық экономиканың аса маңызды категорияларының бірі болып табылады. Табыс ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Мысалға, К.Маркс табысты қосылған құнның модификацияланған, көрінбейтін мәні ретінде қарастырады. Ал, капитал еңбегінің авторы қосылған құнның көзі ретінде қолданылған, бірақ та төленбеген жалдамалы жұмысшылардың еңбек үшін қарастырады. Қазіргі таңдағы экономикалық тұжырымдар табысты, яғни еңбекті, жерді және капиталды қолданудан түскен табыс ретінде қарастырады.
Маңызды категория және кез-келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты бола отырып, табыс материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты көрсетеді және бірқатар функцияларды орындайды.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функцияны атқарады. Бұл табыстың тек қаржылық нәтиже ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементі болып табылатынымен байланысты. Сол себепті кәсіпорын әрқашан да барынша жоғары табыс алуға ынталаныды, өйткені ол өндірістік қызметті кеңейтудің, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылады. Кәсіпорында табыс өндірілген өнімді өткізудің нәтижесінде қалыптасады.
Жалпы, басқаруға мәлімет беретін болсақ бұл- адамдардың кәсіптік қызметі. Ғылыми түрде айтқанда, Басқару-бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (Еңбек) жұмыс процесінде мақсатты қызметінің нақты түрі болып саналады, оны жүзеге асыру үшін арнайы амал-тәсілдермен, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстармен жүзеге асырылады.
Ал, Басқару процесі дегеніміз-бұл шешімді шығаруды,қабылдауды қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Басқару принциптері- басқару функцияларын жүзеге асыру бойынша жетекшілерінің іс-әрекетінің заңдылықтары мен ережелері.
Басқару әдістері- ұйымның алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін басқарылатын объектіге әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Кәсіпорынды басқару функциялары мынадай функцияларды атқарады:
1)Жоспарлау;
2)Ұйымдастыру;
3)Мотивация;
4)Бақылау.
Әрбір функциялары нақты бір өздеріне тиесілі жұмыстарын атқарады. Кәсіпорын немесе ұйымды басқарғанда, бұл 4-функция міндетті түрде болуы қажет. Енді осы функциялардың өздерінің атқаратын жұмыстары мен міндеттеріне анықтама беріп өтсек:
1)Жоспарлау функциясы, Американдық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс:не нәрсе жасау керек, қашан кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет. Жалпы, жоспарлау ұйымның деңгейлеріне сай жүргізіледі. Сипаттама бойынша жоспарлауға енетіндер: Сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардығы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Жоспарлаудың мәні: кәсіпорынның боллашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.Жоспарлаудың негізгі мақсатына келетін болсақ, болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі жағдайларға қарсы тұрып шығатын сәтті бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
бақылау жүргізу үшін оперативті қызметтердің стандарттарын қалыптастыру;
өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта құрау.

2)Кәсіпорын басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топты әрекетесудің артықшылықтарын түсінгеннен кейін бері бұл мәселені шешуге әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі бір теориялық негіздерге суйенулері қажет.
Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл процесс көмегімен жұмыстар мен өкілеттіктер құрылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі құрылымдардың салыстырмалы артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады. Ол бір ретте немесе бірте-бірте дамуы мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.
Ұйымдастыру функциясы, ұйымның барлық бөлімшелері арасында тұрақты және уақытша өзара қарым-қатынастарды орнатуға, ішкі тәртіпті және оның шарттарын анықтауға негізделген. Жоспарлау және ұйымдастыру функциялары бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Жоспарлау ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін негіз болса(жүйе құрылымын ұйымдастырады, аппарат түзеді), ал ұйымдастыру басқару функциясы ретінде жұмысшы құрылымын құрады.
3)Мотивация функциясы. Адамдардың іс-әрекетінің әрқашан мотивацисы бар. Жалпы, мотивация бұл ұйым мақсаты мен жеке мақсаттарына қол жеткізуі үшін өзін және басқаларды қызмет етуге ұйытқы болу процесі. Әрбір ұйымның басшылары, қызметкерлерін жұмысқа деген қызығушылықтарын жоғалтып алмаулары үшін апталап, айлап мотивация беріп тұруы қажет. Қалай мотивация беруге болады? Мысал ретінде қарастыратын болсақ: (мақтау сөздер, алғыс хат, сый-сияпат, мараппаттау,бонустар және т.б.) Әрине, тек қана осылармен ғана шектеліп қалмауы керек, көбінесе қызметкерлер жұмыстан тыс демалып тұрулары үшін ойындар ұйымдастырып тұрған жөн. Бұның өзі қызметкерлерге жұмыстарын жалғастырулары үшін энергия береді, былайша айтқанда күш-қуат. Көбінесе іскерлік ойындарды ұйымдастырып тұрған жөн.
4)Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау, басқарудың - жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функциялармен үнемі байланысты болуы керек.
Бақылау процесі келесі этаптардан тұрады:
Өндірістік процестерді орындау саласы және басқа операциялард салаларында стандарттарды тағайындау;
Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру.
1.2.Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі

Қазіргі таңда маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг прициптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты- қолда бар ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету(ғылыми-техникалық, өндірістік,коммерциялық және өткізу)
Халықаралық стандарттарға сай өнімнің өмірлік циклі келесі 11 деңгейді қамтиды:
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу;
өнімді шығару;
материалдық-техникалық қамсыздандыру;
өндірістік процестерді жасау және дайындау;
өндіріс;
бақылау, зерттеу жүргізі;
қораптау және сақтау;
өнімді бөлу;
монтаж және эксплуатациялау;
техникалық қызмет және көмек көрсету;
қолданылғаннан кейін утилизациялау.
Осыған сәйкес, әрбір кәсіпорынның басқару жүйесі жоғарыда көрсетілген өнімнің өмірлік циклімен сәйкес болуы керек және осыған байланысты басқару жүйесінде бірінші орынды маркетинг қызметіне беріледі.
Басқарудың жүйесі ретінде маркетинг келесілерді қамтамасыз ету керек:
нарық туралы нақтылы және сенімді ақпараттармен, қажеттілік пен сұраныстың құрылымымен, тұтынушылардың қалауымен, яғни кәсіпорын қызметінің сыртқы жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
тұтынушы проблемасын шешетін сұранысты қанағаттандыратын, бәсекелестер тауарынан жақсы, нарық стандарттарына сай келетін тауар ассортиментін, тауарды шығару;
өндіріс сферасына максималды мүмкін болатын бақылау жасауды қамтамасыз ететін, нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті түрде ықпал жасау.
Маркетинг- тұтынушылар сұраныстарына жауап беретін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады.
Фирманы басқаруда маркетинг менеджментті, яғни маркетинг принциптері мен құралдары негізінде басқаруды қолдана білу- бүгінгі таңда фирма қызметіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бірақ, өкінішке орай көптеген отандық кәсіпорындар фирманы басқаруда маркетинг менеджментті қолданудың маңызын жеткілікті деңгейде түсінбейді.
Маркетинг менеджмент- жаңа ғылым түрі десек те болады. Бірінші рет маркетинг менеджментті 1999 жылы Royal Bank of Canada компаниясы өзінің іс-әрекетін қайта ұйымдастыру кезінде қолданды. Нәтижесінде, кейінгі 3 жылда компания табысы 1 млрд долларға өсті. Осы өзгерістер маркетинг менеджметтің мәнін, түсінігін, белгілерін, функцияларын, фирмада оны енгізу бағыттарын анықтайды.
Жалпы кез-келген фирманы басқаруда маркетинг негізінде басқару керек. Бұл заманның талабы. Маркетингтік басқару дегеніміз- ғылым мен бизнес өнері, былайша айтқанда фирма өзінің тұтынушыларының талғамын ескере отырып, оларды өзіңе тартады, сол арқылы рыноктағы бәсекелестік күресті жеңіп шығады. Сондай-ақ нарықта нәтижелі, ұзақ мерзім өмір сүре алады.
Маркетингтік басқаруға берілген ең қысқы анықтама: маркетингтік басқару- кәсіпорынды маркетинг ұстанымдары бойынша басқару. Бұл анықтамада кез келген фирмадағы маркетинг фирма басшысынан басталады, фирма басшысы маркетингті басшылыққа алады.
Менеджменттің әйгілі маманы Питер Друкердің ұйғарымы бойынша: Бизнес мақсатының тек бір ғана дұрыс анықтамасы бар, ол- тұтынушыны жасау. Фирманың болашақ бизнесі мен оның табыстылығы үшін, фирма өз өнімі туралы не ойлайтыны басты мәселе емес, керісінше, бизнестің мәнін анықтап, түпкілікті, ұзақ мерзімді оның құндылығн білу-фирманың табысқа жету жолын айқындайды.
Жалпы айтқанда,кәсіпорын немесе фирмалар үшін маркетингтің атқаратын рөлі зор. Менің ойымша қазірге таңда барлық сферада, маркетинг үлкен рөл атқарады. Маркетинг ешқашан қалып кетпейтін сондай-ақ қолданыстан кетпейтін мамандықтың бір түрі.
XXI ғасырда маркетинг менеджментті көптеген компаниялар жүзеге асыру үшін келесі өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыра алатын компаниялар ғана маркетинг менеджментті қолдана отырып, ойдағыдай сәттілікке жете алады. Солардың маңыздылылары келесілер:
Маркетинг бөлімі фирманың барлық ұйым маркетингіне айналанылуында. Hewlett Packard компанияның басшысы Д.Паккард: Маркетинг өте маңызды болғандықтан оны тек маркетинг бөлімінің ғана қарауында қалдыру дұрыс емес - деген. Қазір компанияларда маркетологтармен қатар, сауда персоналы және қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері де тұтынушыларға әсер ете алатындай жұмысты атқаруы қажет. Ұйымдағы басты үдерістерді басқаруда компанияның маркетингтік қызметтерін барлық бөлімдер атқара бастайды. Олар жаңа тауарларды шығару, тұтынушыларды өзіне тарту, тапсырыстар бойынша міндеттерді орындау сияқты қалыптасқан негігі маркетинг, бизнес үрдістерге ерекше көңіл бөлінеді. Демек, компанияның барлық бөлімдері маркетингпен айналысады, яғни басқарушылық жұмысын маркетинг принциптері негізінде жүргізеді.
Тауарлар мен қызметтерді тек өндіруден гөрі сатып алуға қарай ауысу. Көптеген компаниялар материалдық активтерден гөрі сауда таңбасын иемдегенді қалайды. Қызметтің жекелеген түрлері мердігер ұйымдарға беріледі. Олар аутсорсингке көшіп, өздері негізгі маңыздылығы жоғары іс-әрекеттерімен айналысады.
Көптеген жабдықтаушылармен жұмыс істегеннен гөрі олардың бірнешеуімен серіктестік құру. Компания негізгі жабдықтаушылар және дистрибьюторлармен серіктестікті дамытуға ұмтылуда. Мұндай компаниялар делдалдарға аралық тұтынушы ретінде емес соңғы тұтынушыға құндылықтарды ұсынушы серіктес ретінде қарайды. Осы көзқарас делдалдар жұмысын маркетингменеджмент тұрғысынан басқаруға әкеледі, ал өндіруші іс-әрекеті табысты болады, өйткені құндылығы жағынан деңгейі жоғары тауарлар өндіріліп, сатылады.
Маркетинг менеджментті қолдану арқылы материалдық активтерден материалдық емес активтер басымдылығына қарай ұмтылу. Компаниялардың нарықтық құнының көп бөлігі сауда таңбалары, клиенттер, персонал, дистрибьютер және жабдықтаушылармен іскерлік байланыс, сол тәрізді интеллектуалды капитал сияқты материалдық емес активтер үлесіне тиеді.
Жарнама арқылы қолдауға ие брендингтен жоғары нәтижелер және біріктірілген коммуникация көмегімен болатын брендингке ұмтылу. Бүгінгі күні компаниялар жарнаманы, жеке сатуды немесе басқа коммуникация түрін жеке қолданғаннан гөрі брендинг құралдарының барлық кешенін қолдануды тиімді деп есептейді. Міне, бұл да маркетинг менеджменттің даму нәтижесі.
Тұтынушыларды дүкендер мен сауда персоналы арқылы тартудан онлайндық саудаға қарай ауысу. Тұтынушылар тауардың келбетін көру, олардың техникалық сипатын зерттеп білу, бірнеше онлайн делдалдарының бағаларын салыстыру, тапсырыс жасауды компьютер көмегімен жүзеге асыры алады. Интернетте іскерлік мақсаттағы тауарлар мен қызмттер сауда айналымы өсіп келеді. Жеке сауда да электрондық құралдар арқылы екі жақ бір-бірін нақты уақытта өз мониторларынан да көре алуға көп мүмкіншіліктер туындады.
Акционерлерден мүдделі тұлғаларға ауысу. Топ-менеджерлер бизнес бойынша серіктестер мен барлық сатып алушылардың жағдайларын жақсартудың маңыздылығын түсініп отыр. Олар басқару стратегиясы мен тактикасын әзірлеуде барлық мүдделі тұлғалардың мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге тырысады. Міне, бұл да маркетинг менеджменттінің даму нәтижесі.
1.3.Маркетинг мәні және қызметі, жіктелімі

Маркетинг- компанияның сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталған іс-қимылдары.
Нақтыласақ, маркетингтің логикалық, мақсаты клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Сондай-ақ менеджменттің ең ықпалды теоректиктерінің бірі Питер Друкер де солай деп санайды жәнеионы былай деген: Маркетингтің басты мақсаты- тауар немесе қызмет өзін-өзі сататындай етіп клиентті тани білу.
Маркетингтің басты 2 принципі:
нарықта тұтынушы король;
өндірілген тауарды сату емес, сатылатын тауарды өндіру.
Маркетингті зерттеу үшін келесі экономикалық категорияларды білу керек:
нарық сатушы мен сатып алушы кездесетін орын;
тауар сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыратын айырбасқа түсетін өнім.
Маркетинг құралдары мен міндеттері:
Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің қалауын терең талдау;
Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын зерттеу;
Бсекелестердің қызметін талдау;
Компанияның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментін құру;
Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді шығару;
Сервистік қызмет көрсету;
Маркетингтік коммуникациялар.
Маркетинг қазіргі кезде кәсіпорындардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін кәсіпорын функцияларының ең маңыздысы болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық экономикада өндіріске жіберілген экономикалық ресурстардың қайтадан кәсіпорындарға артығымен келуін қамтамасыз ететін кәсіпорын бөлімі болып есептелінеді.
Маркетинг қызметтері- тауар және қызметтер маркетингттік прициптерін іске асыруда қолданылатын мамандандырылған іс-қимылдың жеке түрлері мен олардың жиынтығы. Маркетинг қызметтері келесілер болып табылады:
нарықты маркетингтік зерттеу;
маркетингтік жоспарлау;
маркетингтік қызметті ұйымдастыру;
тауарлы саясатты жүзеге асыру;
өткізу саясаты;
коммуникация мен тауар қозғалысын ұйымдастыру;
маркетингтік қызметті бақылау.

Маркетинг бөліну түрлері:
Пайдалану деңгейіне байланысты:
Макромаркетинг-қоғамға қажетті тауарларды ұлттық нарықта өткізудің маркетингтік іс-шаралары.
Микромаркетинг-белгілі бір тұтынушыларға бағытталған өндіруші фирмалардың маркетингтік іс-әрекеті;
Қызмет түріне байланысты:
Стратегиялық маркетинг- бәсекелестердің тауарына қарағанда жоғары сапалы тауар өндіріп, нарықта жоғары пайда алуға негізделген қызмет;
Оперативті маркетинг-нақты уақытқа қажетті маркетингтік іс-шаралар, тауарлы, бағалы,өткізу, коммуникациялық саясат жағдайларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тұтынушы түріне байланысты:
Өндірістік маркетинг- өндірістер арасындағы маркетингтік қызмет;
Коммерциялық емес маркетинг- коммерциялық емес ұйымдардың маркетингтік қызметі.
Сұранысқа байланысты:
Конверсиондық маркетинг-кері сұраныс кезінде қолданылады; Оның негізгі шарттары тауардың сапасын, сыртқы түрін жақсарту, бағаны түсіру, өткізуді ынталандыру арқылы тауарға деген кері қатынасты жою болып табылады.
Ынталандырушы маркетинг- тауарға сұраныс жоқ немесе аз болған кезде қолданылады. Яғни бұл кезде тұтынушылар тауарға қызықпайды немесе мұндай тауардың бар екендігінде мүлдем хабарсыз. Бұл маркетинг шарттары: бағаны бірден төмендету, жарнаманы күшейту, өткізуді жақсарту.
Дамушы маркетинг- тұтынушылар нарықтағы тауарға қанағаттанбаса және сұранысқа ие болмаған жағдайда қолданылады. Мұнда тауардың жаңа түрі ойластырылып, нарыққа ұсынылады, жарнаманы қолданады сондай-ақ тауар имиджін көтереді.
Ремаркетинг- сұраныс түсе бастаған кезде қолданылады. Жалпы айтатын болсақ, сұранысты тұрақтандыру үшін жаңа қасиеттер ойлап тауып, оны жаңа нарықтарға ұсынады.
Синхромаркетинг- тұрақты емес, өзгермелі сұраныс кезінде қолданылады. Ол жыл мезгіліне, сұраныс өзгеруіне байланысты. Сұранысты тұрақтандыру үшін тауарды диверсификациялайды, бағаны төмендетеді, өткізудің тиімді жолдарын қолданады.
Қолдаушы маркетинг- сұраныс қалыпты немесе оптималды болған кезде қолданылады. Мұнда тұтынушылар сұранысының өзгеруіне байланысты қажетті тауарларды ұсынып, қолдап отыру.
Демаркетинг- сұраныс өндірістік мүмкіншілктен асып кеткен жағдайда қолданылады. Онда тауар бағасы жоғарылайды, жарнаманы азайтады т.б.
Маркетиг термині ағылшынның (market-нарық) сөзінен шыққан және нарық, сауда саласындағы қызмет дегенді білдіреді. Алайда, иаркетингтің экономикалық қызметтің жүйесі ретіндегі мағынасы неғұрлым ауқымды болып келеді.
Маркетингтегі басты мәселе- екі саланың біріккен, бір-бірін толықтырушы өзара амалболып келеді. Бір жағынан қарасақ, бұл нарықты, сұранысты, талғам мен қажеттіліктерді егжей-тегжейлі зерттеу,өндірістің осы талаптарға бейімделуі,ал екінші жағынан алып қарайтын болсақ, нарық пен сол уақыттаға сұранысқа, қажеттіліктерді, сатып алушылардың талғамына белсенді ықпал ету.
Қазіргі кездегі маркетинг тұжырымдамасы бойынша, айтарлықтай ұзақэволюциядан өтті. Ол өндірісті басқарудың және жүзеге асырудың ерекше тәсілі ретінде ірі масштабты өндіріс қалыптасып, бәсекелестік күрт шиеленіскен 20 ғасырдың басында бөлініп шықты. Бұл ізденістерге ынталандырып, өңдеудің жаңа тсілін, фирманың нарықтық қызметін басқаруды, шығарылған өнімге сұранысты арттыру тәсілдерін дамытты. Бұл үрдіс АҚШ-та барынша айқын байқалды. Солуақыттағы Америка экономистері кәсіпкерлер үшін саралау және тауарды өткізу басты мәселе болып табылатындығын атап өткен болатын.
Бұл кезеңде маркетинг тауарды өткізумен ғана айналысты. АҚШ-та Мичиган, Иллинойс және Гарвард университеттерінде дербес оқу курстары бөлініп шыққаннан кейін, тауар өткізуді ұйымдастыру, сауда және жарнама мәселелеріне басты назар аударылды.
1929-1933 жылдардағы дағдарыстан соң, маркетинг тек өткізуге бағытталған бағдарын жоғалтты. Ол кешендік сипат алып, фирмалардың қызметіндегі тауарларға сұранысты арттыру үшін жағдай жасау, өнімді жасау ментұтынушыларғажеткізу бойынша маңыздыэлементке айналған әртүрлі функцияларын қамти бастады. Сонымен қатар, оның ұйымдық ресімделуі, тиісті институттық түрлерін жасау жүзеге асты. 1908 жылы алғашқы коммерциялық маркетингтік ұйым құрылды, көптеген ірі фирмаларда маркетингтік бөлімдер ашылды.
1926 жылы АҚШ-та Маркетинг және жарнама бойынша Ұлттық ұйым құрылған болатын. Осы ұйымның негізінде Американдық маркетинг қоғамы жасақталып, ол 1973 жылы Американ маркетинг
ассоциациясы (AMA) болып өзгерді. Кейінірек мұндай ассоциациялар мен ұйымдар Батыс Еуропада, Жапонияда пайда болды.
50 жылдардың басы мен 70 жылдардың соңында фирмалар сұранысты қалыптастырып, кері үрдістерге қарсы тұратын жарнама жұмысы мен тауар жылжытудың кешенді жоспарына сүйенді.

2.BISAM Central Asia бойынша маркетингтік қызметті талдау
2.1.BISAM Central Asia бизнес центрінің тарихы

Компанияны 1997 жылы ақпанда тәжірибелі қазақстандық зерттеушілер тобы мен белгілі түрік Bilesim International зерттеу фирмасы құрды. 2001 жылдың қыркүйегіне дейін BILESIM International Kazakhstan деп аталды және бірлескен кәсіпорын мәртебесіне ие болды. 2001 жылдың қыркүйегінде ол қазақстандық кәсіпорын болып, BISAM Central Asia атауын алды. Компания қаржылық және ұйымдық жағынан толығымен тәуелсіз және оның құрылтайшылары арасында тек өзінің штаттық қызметкерлері бар.
Жаңа мәртебеде дами отырып, BISAM өз қызмет аясын айтарлықтай кеңейтті, ұсынылатын қызметтер портфолиосын әртараптандырды, маркетингтік және социологиялық зерттеулердің барлық негізгі түрлері мен бағыттарын игерді, өзіндік зерттеу әдістерін жасады.
BISAM - Дүниежүзілік кәсіпқой зерттеушілер қауымдастығында (ESOMAR) ұсынылған Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы зерттеу компаниясы. BISAM президенті Леонид Гуревич 1994 жылдан бері ESOMAR мүшесі. 1999 жылдан бастап BISAM өкілдері жыл сайынғы ESOMAR конгресстерінің барлығына дерлік делегат болды. Халықаралық зерттеу қауымдастығының ең өкілді форумдарында жүйелі қатысу BISAM-ға әлемдік зерттеу индустриясындағы ең озық идеялар мен трендтерге сәйкес болуға мүмкіндік береді. Конгресстердің нәтижелері бойынша BISAM, әдетте, жиынтық мақалалар мен материалдарды дайындайды.
2006 жылы BISAM Орталық Азия мен Қазақстандағы ESOMAR Конгресс бағдарламасына баяндамасы енгізілген алғашқы зерттеу агенттігі болды. BISAM президенті Леонид Гуревич пен Coca-Cola бренд менеджері Қарлығаш Рахимова Лондондағы ESOMAR конгресінде Қазақстанда халықаралық компания үшін бренд құру тақырыбында баяндама жасады. Есеп бастапқы BISAM әдістемесін қолдану арқылы жүргізілген кешенді зерттеу нәтижелеріне негізделген.
2002 жылы BISAM Қазақстандық кәсіби қоғамдық пікір және нарықты зерттеушілер қауымдастығының (KAPIOR) негізін қалаушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Мақсаттардың танымдық функциялары
Әкімшілік менеджменттің теориялық негіздері
Менеджмент қызметі
Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жоспарлау функциясы
Қаржылық менеджменттің механизмі
Пәндер