Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
ТИТУЛКА
КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.СИМВОЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Семиотика: таңба және символ
1.2 Символ - әлемді тану құралы
1.3 Көркем символдың эстетикалық мәні
2.МҰҚАҒАЛИ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ МАХАББАТ СИМВОЛДАРЫ
2.1 Мұқағали өлеңдеріндегі махаббат символдары: анималистік символдар (аққу)
2.2 Мұқағали өлеңдеріндегі махаббат символдары: космосимволика (ай,
2.3 Мұқағали өлеңдеріндегі махаббат символдары: түстер символикасы (ақ,
2.4 Мұқағали өлеңдеріндегі махаббат символдары: өсімдіктер символикасы (қайың, қараған, раушан,
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Мечковская Н.Б. Семиотика: Язык. Природа. Культура Курс лекций. 3-е изд., испр. -- М.: Академия, 2008. -- 432 с.
Символ-бернелеу және оның көркемдік қызметі [Text] : (М. Жұмабаев және Б. Күлеев поэзиясы негізінде) ; ғылыми монография Л. Ж. Мұсалы ... - Алматы : Ан Арыс, 2015. - 158 б. - Әдеб. әлеум. маңызды түрл. басып шығару бағд. бойынша жарық көрді . - Библиогр.: 154-157 б. . - 2 060 дана - 978-601-7337-97-1 (мұқ.) : 428 тг. 58 тн. (https:kazneb.kzkkbookViewview ?brId=1178711)
Мұсалы, Л. Ж. Поэзиядағы символ-берне және оқыту мәселелері [Текст] : оқу құралы Л. Ж. Мұсалы; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2009. - 99,[1] б. - ISBN 9965-30-955-8 : 249.69. тг. (https:elib.kaznu.kzbook15183)
Мұсалы, Ләйла Жұматайқызы. Символ-бернелеу поэтикасы [Текст] : монография Л. Ж. Мұсалы; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. - 144, [2] б. - ISBN 978-601-04-5331-9 : 500.00 тг (https:elib.kaznu.kzbook16463)
Мұқағали тілі сөздігі [Текст] : Б. Қ. Қалиев, Ж. Қ. Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, Сәбира Сағынбекқызы С. С.. - Алматы : Керемет медиа, 2019. - 1064 б. https:elib.kaznu.kzbook21486
Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое искусство. - Москва: Искусство, 1976. - 367 с. http:imwerden.depdflosev_a_f_pr oblemy_simvola_i_realisticheskoe_is kusstvo_1976__ocr.pdf
Байтұрсынов А.Ақжол. өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу. - Алматы: Жалын, 1991. - 464б.
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1152033 Шығармалары : көп томдық толық жинағы Мақатаев, Мұқағали ; құраст. О. Асқар - 3-бас. ,- Алматы : Жалын, 2013 . - 2000 (200) дана . - 978-601-7286-62-0 Т.1 (мұқ.), 978-601-7286-61-3 - Мұқабада авт. Мұқағали . 1-том . Өлеңдері мен дастандары - 319 б. : 700 тг.
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1152036 Шығармалары [Мәтін] : көп томдық толық жинағы М. Мақатаев ; құраст. О. Асқар - 3-бас. ,- Алматы : Жалын, 2013 . - 2000+50 дана . - 978-601-7286-63-7 (мұқ.), - 978-601-7286-61-3 2-том . Өлеңдері мен поэмалары - 379, [4] б. (мұқ.) : 700 тг.,
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1152040 Шығармалары : көп томдық толық жинағы Мақатаев, Мұқағали ; құраст. О. Асқар - 3-бас. ,- Алматы : Жалын, 2013 . - 2000 (50) дана . - 978-601-7286-64-4, 978-601-7286-69-9 (мұқ.) 3-том . Өлеңдер. Поэмалар. Жаңа табылған өлеңдер. Балаларға арналған өлеңдер. Аударма өлеңдер - 319 б. : 700 тг.
Шығармалары : көп томдық толық жинағы Мақатаев, Мұқағали ; құраст. О. Асқар - 3-бас. ,- Алматы : Жалын, 2013 . - 2000 (50) дана . - 978-601-7286-65-1, 978-601-7286-69-9 (мұқ.) 4-том . Аудармалар. Күнделіктер. Әңгімелер. Повестер. Пьеса. Мақалалар - 319 б. : 700 тг. https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1152041
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1152042 Шығармалары [Мәтін] М. Мақатаев ; [құраст. Қ. Құрманғалиев] . - 3-бас. ,- Алматы : Жалын, 2013 . - 2000+50 дана . - 978-601-7286-66-8(5-том) (мұқ.), - 978-601-7286-69-9 5-том . Аударма. Хаттар. Естеліктер - 317, [2] б. (мұқ.) : 700 тг.,
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1519126 Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану [Мәтін] А. С. Ісімақова ; [жауап. ред. А. Т. Ойсылбай]... - Алматы : Дәстүр, 2016. - 382, [1] б. - "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді . - Тақырып асты библиогр. . - 2000+120 дана - 978-601-7505-21-9 (мұқ.) : 1607, 10 тг.
https:kazneb.kzkkbookViewview? brId=1619952 Қалиұлы, Б. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің тіл шеберлігі [Мәтін] Б. Қалиұлы Қазақ әдебиеті. - 2018. - 12 қаңтар. ISSNbr
Белый
Қаирбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні: филол. ғыл.канд. дисс. Алматы, 2004. 127 б.
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1998. 600 б.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы, Алматы, 1969, 123 б.
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар З.Ахметов, Т.Шаңбаев), Алматы: Ана тілі, 1998, 384 б.
https:cyberleninka.ruarticlens imvolicheskiy-obraz-lebedya-v-russk oy-lingvokultureviewer
Маслова В.А. Лингвокультурология. Учеб. пособие для студ. высш. учеб. зав. -- М.: Академия, 2001. -- С.
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика, Москва, 1963, 168 с.
Психология процессов художественного творчество, Л., 1980, 249 с.

1.1.Cемиотика: таңба және символ
Семиотика (грек тілінен аударғанда - таңба, белгі) - таңбаларды, таңбалар жүйесін қоғамдағы, адам өміріндегі, қоршаған ортадағы ақпаратты жеткізу, сипаттау, өңдеу қызметінде қарастырып, зерттейтін ғылым саласы. Адам, қоғам өміріндегі кез келген ақпаратарды жеткізу семиотикалық таңбалар арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық үдерісте таңбалардың атқаратын негізгі қызметі - қарапайым ақпаратты жеткізу болса, таңбалар жүйесі - өзіне тиісті әлемнің белгілі бір бөлігін бізге таныту жолында қызмет етеді. Семиотика ғылымы модельдеу жүйесі ретінде адам санасында белгілі бір болмысты қалыптастырады, таңбалар - субъекттің әлемді тануы мен қабылдауының негізгі құралы. Семиотика ғылымы адам өмірінің кез келген саласында кездеседі: гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарында, мәдениет, өнер, медицина, техника және тағы басқа салаларда көрініс табады. Таңба - кез келген ғылымның ажырамайтын бөлігі, өйткені ғылым таңба арқылы жасалады.
Символдың қарапайым сөзден, таңбадан айырмашылығы мынада:
символ болу үшін көркем, мәдени мәтінде кездесуі керек;
символда көркем тұлға болуы;
символ архетипті сипатқа ие;
символ - уәжді;
таңба, сөз нақты мағынаға ие бола отырып, екінші мағынаға ие болғанда ғана символ бола алады;
таңба - көрсетуші, символдың мәні одан ауқымды. [16,9]
Сөз бен сөз-символ таңбаның екі түрі деп қарастырмаймыз, сол аталған сөздің екі түрлі қызметтегі формасы, яғни, сөз белгілі бір екінші мағынада, символдық мәнде жұмсалғанда ғана символ болады.
Сөзімізді дәлелді ету мақсатында халқымыздың киелі ұғымы қазан сөзіне назар аударйық. Қазанның тілдік таңба ретіндегі мағынасы - тамақ пісіруге арналған шойыннан немесе басқа металдан құйылып жасалған ыдыс. [ҚТТС, I т., ? б.]. Символдық мәніне келер болсақ, қара қазан - қазақ халқы үшін қастерлі, киелі ұғым. Қазақтың өр тұлғалы ақыны Махамбет Өтемісіұлының:
...Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік..., - деп келетін ерлік жайлы өлеңінде қазақтың киелі символы қазанның төңкерілмеуі жолындағы ерлік күресті айтады. Қазақта қазан - ұрпақ жалғасуы, отбасы, отбасы берекесінің символы. Қарапайым сөз бен сөз-символдың айырмашылығы осыда. Сөздің символға айналуына халық танымы, мәдениеті, тарихы әсер етеді.
Қысқаша айтқанда, символ ұғымына архетиптілік, уәжділік, образдылық, диахрондық, ұжымдық қабылдау мен түсіну тән.
Ғалым Н.Д.Арутюнова таңба мен символдың төмендегідей айырмашылықтарын атап көрсеткен:
Таңба мен символ өмірдің әртүрлі саласында қызмет етеді. Таңба - адамдар үшін қарым-қатынастың құралы болса, символ - адамның әлемді тануына, санада белгілі бір модель қалыптастыру құралы. Таңба сыртқы қабылдауға, қалыптасқан факторларға, символ қабылдаушының ішкі ой-санасына, танымына тікелей байланысты;
Символ (образ сияқты) жалпы мінез-құлықтың моделін жасаса, таңба - нақты іс-әрекетке бағдар береді. Мысалы, жол белгілері адамдар үшін жерде, әуе жолдарында, су жолдарында дұрыс жүруге бағдар берсе, символдар өмірлік бағыт-бағдар береді;
Символда адресат жоқ, коммункацияға тәуелсіз, семиотикалық жүйеде сирек қолданылады. Символға алдануға болады, ал таңбадан қателесеміз. Таңба бұрмаланбайды, қалыптасқан нақты түсінігі бар. Ал символдың әсері күшті, бұрмалау оңай;
"Символға айналу дегеніміз - өмір жолдары мен мінез-құлық үлгілерін таңдауды талап ететін функцияны алу" және сол арқылы адамның немесе адамдар ұжымының өмірін анықтау. Таңбамен салыстырғанда, символ аз дәрежеде коммуникативті: символ ықпалды, бірақ коммуникативті емес.
Лингвистикада тілді таңбалар жүйесі тұрғысында зерттеудің мәні зор. Күнделікті өмірдегі, ғылымдағы кез келген ақпарат таңбадан тұрады. Таңбаны зерттейтін ғылым семиотика, таңбаларға тән ортақ қағидаттарды анықтайды.
Кез келген таңба екі қырынан танылады: форма және мазмұны. Таңбалар тілдік және шартты таңбалар деп бөлінеді. Аталған таңбаның екі түріне ортақ ерекшелік: екеуі де ақпаратты жеткізудің, хабарлаудың құралы, белгілі бір мазмұнға ие. Олардың айырмашылықтары да жоқ емес. Таңба ұғымы әр түрлі салада қолданылады: мәдениеттану, семиотика, тіл ғылымы, әдебиеттану, сәулет өнері т.б. Тіл ғылымында таңба негізгі мәселеге байланысты әр түрлі бейнеде көрініс табады.
Сан алуан иерархиялық құрылымда орналасқан лингвистикалық таңба дыбыстан бастау алып, мәтінмен аяқталады. Ғалым Ф.де Соссюрдің зерттеуіне сүйенсек, таңба ұғымының бір-бірінен мүлдем бөліп қарауға болмайтын екі қыры бар: таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы байланыс. Бұл пікірден түйетін ой - таңба статикалық құбылыс емес, динамикалық құбылыс. Ол әрдайым қозғалыста болады. Таңба өзгермелі, мазмұнына, ситуацияға байланысты әрқашан даму үстінде болады. Себебі, таңба адам танымына байланысты, өмірдің, жалпы қоғамның, қоғам санасының нәтижесі ретінде туған символға айналады. Сол себепті таңба, оның ішінде символ ұғымы әрқашан мәдениетпен, ғұрыппен, тарихымызбен, халық санасымен ажырамас ұғым болуы қажет. Қазіргі уақытта таңба әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивті лингвистика сынды салалардың зерттеу объектісіне айналды.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдарына сай, символ таңбаның бір түрі болып саналады. Әр түрлі зерттеулерді саралай келе, ғалым Қаирбаева Қ.Т. таңба мен символға ортақ қасиеттерді тұжырымдайды:
Таңба - идеалды мазмұнды сезім арқылы танытатын зат (құбылыс, оқиға);
Таңба басқа бір затты (құбылысты, оқиғаны) көрсетеді, нұсқайды;
Таңба хабарды алу, сақтау және беру үшін қажет. [16.9]
Символ - таңбаның арнайы бір түрі. Олардың айырмашылықтары да жоқ емес. Таңбаның мәні - көрсету, символдың мәні кең. Таңба талдауды қажет етпейді, ақпаратты айқын көрсетеді. Ал символ талдау жұмысын қажет етеді.
1.2 Символ - әлемді тану құралы
Абай Құнанбаев жетінші қара сөзінде: Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады, - дейді. Расында, адам баласының хайуаннан айырмашылығы - ақыл-санасында, дүниені қабылдауында. Әлемді символ арқылы тану - адамзаттың хайуаннан басты ерекшелігі деуге болады. Адам тек физикалық ортада ғана емес, символдық әлемде өмір сүреді.
Ғалым В.Маслова Лингвокультурология еңбегінде символ жайлы мынадай тұжырымдар айтады:
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым;
Өмірді, әлемді өнер арқылы образды түрде игеруді танытатын категория (эстетика және өнер философиясында);
Шартты мағыналы, басқа нысандармен мағыналас белгілі бір мәдени нысана;
Символ алғашқы мазмұнын басқа бір мазмұнға мағына беруде қолданылатын таңба. [21]
Әр ұлт танымы әр түрлі. Әр халық әлемдегі, қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды. Өз танымына сай қабылдап, ұғынады. Сол түйсінген дүниелері өз ұлттық тілдерінде сипаттайды. Сол арқылы әлемнің тілдік бейнесі пайда болады.
А.Байтұрсынұлы айтқандай: Сөз өнері - адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бейнелеп, суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау. [7,343]. Бұл пікірді көркем символмен тікелей байланыстыруға болады. Символ - ғалым айтқан аңдау, меңзеу, түю, талғау бірлігінен туындайтын айрықша шығармашылық жеміс.
Символика сөзі грек тілінде белгілі бір әлеуметтік топ немесе қоғам үшін түсінікті таңбалар, белгілер деген мағынадан шыққан. Қазіргі уақытта символ тек шартты белгілерді ғана емес, кең мағынада әр түрлі түсінікті, ұғымдарды, идеяны білдіретін таңбалардың жиынтығы. Әр ұғымның шығу, даму тарихы бар екені түсінікті. Символ ұғымын тану әлемнің алғашқы ұстазы Аристотель заманынан бастау алады. Қазақ ғылымында Ы.Алтынсарин, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров т.б. ғалымдар еңбегінен бастау алады.
Символ - көркемдік шеңберден бөлек, адамның таным формасына, өмірді тану моделіне жол ашатын, жалпы әлемді, қоршаған ортаны символикалық тәсілмен тану, меңгеру құралы. Символ мәселесін жете зерттеген ғалым А.Ф.Лосев бүкіл ғаламды, қоршаған ортаны, қоғамды символдар патшалығы деп атайды да, қолданылу саласына қарай мына түрлерге бөледі:
ғылыми символдар
философиялық символдар
көркем символдар
мифологиялық символдар
идеологиялық символдар
діни символдар
табиғат, қоғам және әлем символдары
адамға тән мәнерлеу символдары
сыртқы техникалық символдар [6, 186-196]
Символға берілген анықтамалар сан алуан. Символизм как миропонимание еңбегінің авторы, символист А.Белый өз еңбегінде символға әртүрлі анықтама беріп, маңызын атап көрсетеді. Зерттеуші таным мен шығармашылықтың негізгі мәнінің символда екенін айтады. А.Белый символ ұғымына 23 анықтама берген. Ол символды белгілі бір тұтастық, бірлік деп тауып, эмблемалар бірлігі, форма мен мағынаның бірлігі және тағы басқа тұжырымдар келтірді. Ғалымның бұл тұжырымдарын символға тән қасиеттер деп қарастырған жөн. А.Белый келтірген анықтамалардың ең абзалы: символ - тұтастық, бірлік формасы. Ақын А.Белый символизмді қарапайым әдеби бағыт ретінде емес, modus cogitandi, modus vivendi, яғни ойлау тәсілі, өмір салты ретінде қабылдады. [15]
Символ ұғымына анықтама берген ғалымдардың бірі - А.Ф.Лосев. Ғалым Реалистік өнер және символ проблемасы еңбегінде символға мынадай тұжырымдар береді:
Заттың символы мен оның мағынасы бір-біріне тәуелді ұғымдар. Заттың мағынасы символды құрастыратын, оның тереңіне бойлай отырып белгілі бір модель ретінде қайта тудырады;
Заттың символы - оның жинақтауы. Символдағы жинақтау абстрактілі емес, нақты, шексіз құбылыс;
Заттың символы - заттың заңы, яғни белгілі затты мағыналық тұрғыда қайта тудырады;
Заттың символы оның құрылу қағидаларына сай жасалған ішкі-сыртқы көрінісі;
Заттың символы оның белгісі, бұл өзгермейтін, шектеулі белгі емес, жекелеген сансыз құрылымдар тудыра алатын жанды белгі, символда дерексіз идеялық-образдылық түрінде көрінеді;
Заттың символы оның тең үйлесімі, яғни зат пен оны білдіруші идеялық образдылықтың бір-біріне кірігіп кетіп, біртұтас символдық тепе-теңдікке айналуы. [6,65-66]
Біздің күнделікті өміріміз символдарға толы. Мысалы, қолымыздағы сақина қарапайым тастан, металлдан жасалған зат болғанымен, бұл махаббаттың, некенің символы болуы мүмкін.
Ғалым Қ.Қайырбаева символ ұғымына төрт түрлі сипаттың тән екенін көрсеткен:
мазмұнды басқа формада бейнелеу;
мәдениеттің тұрақты элементі, мәдениет ескерткіші;
адам санасының даму кезеңіне сай өркендеген ескі категория;
халықтың дүниені тануынан хабар беретін қойма. [16, 9]
Ойдың қысқа да түсінікті жетуі үшін ортағасырлық көзқарастардың негізінде семантикалық үшбұрыштың символдық образы жасалған. Семантикалық үшбұрышқа қатысты тұжырымдамаларды В.В.Колесов, М.В.Пименова және тағы басқа орыс зерттеушілері өз еңбектерінде қолданады. Бұны да концептуалданудың бір құбылысы ретінде қарауға болады. Біз ол арқылы заттық әлем, таңба мен идеяның арасындағы байланысты көре аламыз:
Берілген кестені қарайтын болсақ, идея ол ойлау формасына енген кез келген тұжырым, ой, образ немесе түсінік, ал таңба болса, бұл жағдайда, сөз болып тұр, зат дегеніміз шынай өмірде кездесетін деректі құбылыс немесе зат. Адам сөзден идеяға, идеядан затқа көшеді және бұны семантикалық үшбұрышта әртүрлі бағытта қарастыруға болады.
Идея да әртүрлі болып, сәйкес келмеуі мүмкін, әр ұлтта немесе әр тұлғада бөлек-бөлек басқаша болды. Бұл сезім де, эмоция да емес, ал ұлттық мінездің үлкен бөліктерде көрініс табуы болып табылады. Зерттеуші Қ. Қайырбаева символ мен идеяның арақатынасы тұрғысында былай дейді: Символ белгілі бір мазмұн идеясымен тығыз байланысты, ол өз кезегінде басқа бір, неғұрлым құнды мәдени мазмұнды білдіру қызметін атқарады. Символ - кез-келген мәдениетке тән құбылыс. Символ әртүрлі мәдениет контексінде кодтала отырып, олар да түрлі мәнге ие болады. Бұл орайда қай ұлттың болмасын өзінің ұзақ даму тарихында эстетикалық ұғым-түсініктеріне, шаруашылық кәсібіне, мінез-құлыққа, ырым-наным, салт-дәстүр ерекшеліктеріне байланысты сүйкімді образдары, сөз - болады [16, 133 б.].
Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі Р. Сыздық символ мен идеяға байланысты: Қазақ поэзиясының тілін зерттеушілер символ дегенді кеңінен арнайы сөз еткен емес, символ - идеяның заттық нышаны, образы, - деп атап өтеді [17]. Р.Сыздықтың бұл ойы да жоғарыдағы семантикалық үшбұрышпен жанасады деуге болады.
Символ ұғымына дөп басып бір ғана теориялық анықтама беру қиынға соғады. Символ - жан-жақты ұғым, әртүрлі салада қызмет етеді. Біресе өмірлік, бірде көркемдік шындықтың тереңдігінің синонимі болса, біресе шығарманың мазмұндық тұтастығын, көркем бейнелеудің шарттылығын, идея мен образдың толық сәйкестігін көрсетуге қызмет етеді. Символдың бойында аталған қасиеттер мен қабілеттердің бәрі де жинақталған, себебі символ - көркемөнердің сапа белгісі, эстетикалық идеалдардың бірі.
Символды екі салаға негіздеп зерттейміз: семантика және семиология. Семантика символдың мазмұнын ашса, семиотика символдың пішінін анықтайды.
Символ мазмұндық-құрылымдық қырынан символдаушы мен символданушы деп ажыратылады. Осыған орай символдық семантикалық және семиотикалық мәнін ашу қажеттілігі туады. Пішіндік жағынан, символ - шартты белгі, көркем символ - белгілі бір сөздің безендірілуі, басқа мағынаға ие болуы. Семиотика ғылымында көркем мәтіннің белгілік қасиетіне баса назар аударылады. Символдаушы - А, символданушы - Б болса, бұлар бір-біріне қосылып, толықтырып үшінші жаңа С құбылысының пайда болуына негіз болады. С құбылысында символдың өзіне тән жаңа мағынасы туады.
Жалпы семиотика ғылымында символдың белгілік табиғатына аса мән беріліп, жан-жақты қарастырылады. Белгілі академик А.Ф.Лосев символ туралы тұжырымдарының бірінде белгі туралы айтқан: Заттың символы - оның белгісі, ққозғалмайтын, өлі емес, өзінен көптеген заңды, жеке құрылымдарды (структура) туғызатын белгісі [6,66].
Символдың ғылыми таным категориясы ретіндегі логикалық құрылымының да таңбалану жүйесіне тікелей қатысы бар. Символ кез келген ойлау процесіне тән болатын ойсөздік (таңбалық) көрінісі деген дилемманың көрінісі болып табылады. Ойлау процесін зерттеуде ой мен оның көрінісі арасындағы ішкі шиеленісті, ұғымдық байланыстардың диалектикалық оралымдығын түсіндіруге тырысатын терминдердің тұтас аппараты бар. Бұл тұрғыда символ көбіне таңбамен аналогия ретінде қолданылады. Ол да таңба сияқты қандай да бір затты не құбылысты көрсетеді, жол сілтейді, бірақ ол көрсетіп қана қоймай сол заттың жалпы құрылымын, символданушының мәнін (сущность) қоса дәлелдей алады, әрі астарындағы мағыналардың шексіз көптігіне де меңзейді [2,136].
1.3 Көркем символдың эстетикалық мәні
Символдың әр салаға байланысты түрлері көп. Соның ішінде, бізге қажеті - поэтикалық мәні бар көркем символдар. Поэтикалық символдар - басқа символдар қасиеттерін өн бойына жинаған, ауқымы кең, терең категория. Көркем символдар образдан туындайды. Образ символдық деңгейге жету үшін жаңа белгілерге ие болуы қажет. Жеке образ бен символдың айырмашылығы: символ белгілі бір әлеуметтік топқа, мәдениетке жатады; символ жалпыға түсінікті, объективті мағына болып табылады. Мысалы, Ромео мен Джульетта - махаббат символы, ақ көгершін - бейбітшілік символы, Титаник - апат белгісі екенін білеміз.
Көркемдік бағыттағы символдың қызметі адам мен ғаламның, әлемнің қатынасына, көркемдік тұрғыда қабылдаудың дамуына байланысты. Символдың көркемдік табиғатының әртүрлі болуы оның тарихи-әдеби ерекшеліктеріне, яғни, белгілі бір жеке әдеби дәуір, әдеби бағыт, жеке жазушының шығармашылық лабораториясындағы қызметінің әртүрлі болуына байланысты. Әрбір әдеби ағымда символдың көркемдік табиғаты әртүрлі. Мәселен, классицизмде символдың атқаратын қызметі аллегория, эмблема, кейіптеуге қарағанда әлсіз, классицизм символға тән көп мағыналылықты қолдамайды. Ал романтизмде символ ең негізгі категориялардың біріні айналып, дүниетанымдық сипат алады. Аталған категорияның дамуы романтикалық ізденістермен, қағидалармен тығыз байланысты. Символизм поэтикасында суггестивтілік күшті сипат алады, аналогиялардың нақты образдық қырынан гөрі таза интеллектуалдық, мистикалық қырына назар аударылады.
Символды тар мағынасында және кең мағынада түсінуге болады. Тар мағынада символ - құбылтудың бір түрі. Ал кең мағынада зерттеп, қарастыру үшін символды құбылтудың басқа тәсілдерімен салыстыра зерттеген жөн. Көркемдік категориялар - көркем туындының қуатын арттыратын, эстетикасын танытатын негізгі құрал. Бұл категориялардың арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастық та, айырмашылық та болады.
Поэтикалық символ құбылтудың өзге түрлерімен тығыз байланысты, әрі белгілі бір айырмашылықтары бар. Құбылту түрлерінің ішінде көбіне символ мен метафора ұқсас, әрі байланысты. Символ және метафора - көркем туындыны, айтар ойды қуатты ететін, абстрактілі идеяны жеткізетін тілдік құралдар. Құбылтудың бұл екі түрінің басты айырмашылығы - жасалу жолында. Метафорада бір нәрсенің қасиетін, күйін, бейнесін аныту үшін оны екінші затпен қатар қойып бейнелейді, салыстырады. Символда белгілі бір құбылыс, адам мінезі т.б. екінші бір құбылыстың мысалында көрсетіп айтады. Екеуі ұқсас болғанымен, айырмашылығы мынада: метафора ұлғайып, жеке образға айналған кезде символ туады. Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы еңбегінде символ, метафора, теңеуді салыстырады: Біз теңеу, метафора, символдарды алып салыстырсақ, араларында жақындықтары барлығын көреміз. Бұлардың арасындағы айырмалары мынау: теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсенің екеуі де көз алдымызда тұрады. Сөз метафоралық ұғымында қолданылса, құбылысты көрсететін сөз арасындағы жақындығы арқылы екінші сөзге ауыстырылады, ал символда теңеудің бір ғана мүшесі болады. Сол кеңейтіліп жеке образға айналдырылады. Ол нәрсенің басқа тереңірек мағынасы туралы болжалдап, шамамен ғана білеміз. Метафорадағы өзгешеліктер сықылды символдардың да өзара өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктер автордың шындық болмысты қалай тануына, таптық көзқарасына бағынады... [18,127] Символ, теңеу, метафораның байланысын зерттеген ғалымдар тұжырымдарынан символдың өрісі теңеу мен метафораға қарағанда кең екендігін түйеміз. Символ мен метфораның басты айырмашылықтарын қорыта айтқанда: 1) символ - дара сөзден тұрады, метафораның бір сөзден тұруы шарт емес; 2) метафора нақты бір мағынаны меңзесе, символ тек бір мағынамен шектелмейді; 3) символға мүлдем ұқсамайтын, екі түрлі мән тірек болса, метафорада екі түрлі мағына бірдей болуға ұмтылады; 4) метафора өзіне ұқсамайтын, қатыссыз құбылысқа меңземейді, ал символ өзінен басқа құбылысқа меңзейді.
Символға ұқсас келесі категория - аллегория. Символ мен аллегория бір-бірімен тығыз байланысты. Әлем әдебиетінде символикалық-аллегориялық қасиетке ие кейіпкерлер жетерлік. Академик З.Ахметов мысалы, гүл жастықтың символы, ал, көгершін бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға) өте жақын келеді. Түлкі бейнесі арқылы қулықты, қу адамды, қоян бейнесі арқылы қорқақтықты, қорқақ адамды тұспалдап айтуға болады. Бірақ, не түлкінің, не қоянның бейнесі тұспалдау тәсілімен жасалса, онда шарттылық басым болады, олар адамға тән әрекет жасап, адамша сөйлеп кетеді [19, 299] деп түсіндіреді. Расында да, аллегория - абстрактілі идеяның белгілі бір затпен безендірілуі ғана. Мысалы, бейбітшіліктің символы көгершін екені қалыптасқан түсінік, автор аллегориялық тұрғыда көркем туындысында көгершінге ешқандай символдық қызметті жүктемей, қарапайым кейіпкер ретінде жан бітіруі мүмкін. Бұл пікірді ғалым А.Ф.Лосевтің мына тұжырымымен толықтыруға болады: ...рим қаламгері Сенеканың Асқабақтану деген туындысында ақымақтыққа пародия жасайды. Алайда асқабақ ақымақтықтың символы емес, сол қасиетке жасалған аллегория. Ақымақтықтың асқабаққа, асқабақтың ақымақтыққа ешқандай байланысы жоқ. Асқабақ - ақымақтықтың кейіпкері, иллюстрациясы ғана болып тұр. [6,137] Расында да, біз бала кезімізден оқып өскен ертегілердегі, мысалдардағы жан-жануарлар бейнесінің белгілі бір идеямен (қулық, мейірбандылық, ұрлық, еңбекқорлық) толық сәйкестігі жоқ, нақты символы бола алмайды, тек ойды, идеяны, моральді жеткізіп береді. Демек, символ аллегория бола алмайды.
Тіл көркемдігінің айрықша көрсеткіші - фразеологизмдер. Фразеологимздерді екі қырынан қарастырсақ болады: тіл көркемдігінің құралы, ой көркемдігінің сипаты. Ғалым В.Н.Телияның зерттеуінше, фразеологизм мәдени деректі символдау қызметін атқарады. Бұл фразеологизмге символдау мәні тән екенін, астарында образдылық қана емес, символдық мән бар екенін көрсетеді. Мәселен, қара жамылды, қаралы ат, қара қағаз тіркестеріндегі қара сөзі, ақ жүрек, ақ құс, ақ иық тіркестеріндегі ақ сөзі, жаңа туған айдай, толған айдай, ай қабақ тіркестеріндегі ай сөзінің белгілі бір символдық мәні бар. Демек, тіл ғылымындағы тұрақты тіркестер, фразеологизмдер сөз-символдармен тығыз байланысты болып келеді.
Ғалы А.Ф.Лосев Проблема символа и реалистическое искусство атты еңбегінде көркем туындыдағы символдарды екі түрге бөліп қарастырады: бірінші дәрежелі және екінші дәрежелі символ. Бірінші дәрежелі символ ол - берілген құбылысты дәл сол күйінде сипаттайды, ал екінші дәрежелі символ ол - аталған құбылысты көркем тұрғыда зерттеп қана қоймай, ол нәрсеге ерекше мән беріп, сол символ арқылы ауқымды бір идеяны жеткізеді. Ғалымның пайымдауынша, бірінші символ - көркем бейне, екінші символ - нағыз символ. Аталған екінші дәрежелі символ жайлы ғалым: Он несет с собой не чисто художественные функции художественного произведения, но его соотнесенность с другими предметами. Если художественный образ несет на себе нагрузку, например, соотнесения с той или другой реальной жизнью, а не рассматривается сам по себе, с той или иной идеологией, с той или другой моралью, с той или другой проповедью, с теми или иными призывами и воззваниями, с намерением и отражать жизнь и ее переделывать, то все это уже не есть символ первой степени [6,74], - деп ойын түйіндейді. Ғалымның айтқанын мысалдар арқылы көрсетсек. Таудың салқын тымырсық кеші басталды. Ұясына қонған күннің алтын нұры шоқылардың таз басын қызыл торғын орамалмен бүркеп тұр. Тамыз айы орталап қалса да, тау қойнауы жауын-шашынсыз жылы еді. Тек кешке қарай түстіктен қоңылтақ самал есіп, бұлақ бойы дымқыл тартатын.... О.Бөкей тау кешінің пейзажын осылай бейнелеген. Бұл - көркем бейне, символдық мағынадан алшақ. Автор үзіндіде символдық мағынаны, идеяны айтпаған, тек қарапайым көркем бейне бар. ЫАлтынсариннің Өзен өлеңінде де таза табиғатты сипаттау бар:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
А.Ф.Лосевтің екінші дәрежелі нағыз символына мына мысалды келтіре аламыз. М.Әуезовтің Қорғансыздың күні атты әңгімесінде күннің батуындағы пейзажға тән символдық мән бар. Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нүрланып, қызыл торғынның түсіндей боялып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Күні бойы тыныш жел Күшікбайдың бауырында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды жаяу борсындатып тұр.... Бұл мысалда табиғат бейнесі суреттеліп тұрғанымен, сол табиағт бейнесі арқылы болар оқиғаның өлімге ұласатынын астарлы түрде меңзеп тұр. Қазақ танымында қызыл түс қанмен байланысты. Қызыл сөзін М.Әуезов қанның, трагедияның символы ретніде қолданған. Шығармада қызыл сөзі 7 рет символдық мән ретінде қолданған. Келтірілген мысал А.Ф.Лосев келтірген екінші дәрежелі символға жатады.
Жалпы көркем символдарды әдебиеттану бағытында қарастырсақ та тілдік, яғни лингвистикалық зерттеулерге сүйену қажеттілігі туады. Ғалым В.В.Виноградовтың Орыс әдебиетінің поэтикасы атты зерттеу еңбегінде көркем символды, оның жеке поэтикалық туындыдағы өңделу тәсілдерін зерртеу екі түрлі бағытта жүргізілуі қажет екені айтылады:
Қаламгердің тілдік поэтикалық санасының типін анықтау керек. Сана типін зерттеу арқылы ақынның қолданысына тән символдарды таңдаудағы себебін ұғынуда; символдарды қолданудағы жеке айырмашылықтарды білуде; символдардың тілдік, семантикалық тұрғыда өзгеріске түсуін, дамуын танып-білуде; сөздердің қолданылу қағидаларын белгілеуде маңызы зор.
Символдардың атқаратын композициялық қызметін анықтау үшін оны эстетикалық жеке объектілерге жіктеу.
Егер көркем әдебиетті, мәтінді сөз деп қарастырар болсақ, құранды символдар оның морфемасы деп зерттелуі тиіс, ал мағыналық рөлі семантикалық өзара әсер арқылы анықталады. Басты мақсат - ақын қолданысына тән өзіндік сөздік стихиясын табу, ішкі байланыс пен эстетикалық қолданысын қарастыру болады.
В.В.Виноградов символдарды поэтикалық тілдің семантикалық бөлігі деп қарастырып, символды лексемаларға жатқызады. Ғалым В.В.Виноградов символды тілдік бірлік ретінде таниды. Ғалымның пікірінше символ сыртқы құрылысы жағынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz