Қылмыс құрамы материалдық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ І.ЖАНСУГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ZHANSUGUROV COLLEGE

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Құқықтық құқық
Тақырыбы: Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мамандығы: Құқықтану

Орындаған: 309 Ққ тобының студенті
Құдайберген Аяулым Асқарқызы
аты-жөні.
Қабылдаған: оқытушы
Бейсенбеков Ерік Бағдаулетович
аты-жөні.

Талдықорған, 2024 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру
Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату
Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері

2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2.2. Соғыс қылмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.3. Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.4. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік.топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ

Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсізд қазіргі өркениетті қоғам дамуның және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік этникалық, діни топтардың тыныш тірішілігіне қол сұғу,агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қылмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстыққ құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып жіне ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм,діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған Хизб-ут-таһир ұйымның құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке ораз аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Хизб-ут-таһир, Өзбек-Ислам халифаты сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарлыған болатын.
Осыған орай берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға сипаттама беру;
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлерін ашып көрсеті;
Осы мақсаттарды орындау үшін курстық жұмыс келесі міндеттерді шешеді:
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
- бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын орны бейнеленген. Екінші тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.

1.БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыс-тық құқық қорғау объектілерінің қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр.
Осыған орай Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне карсы қылмыстарға жеке тарау берілген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай кылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрн-берг, 1948) болып табылады. Осы Жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы кылмыстардың жауаптылығының негіздері және олардың түрлері: 1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; 2) соғыс қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық қылмыстар деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне карсы қылмыстардың 12 құрамы керсетілген.
Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа белу әлі аяқталған жоқ, мүның өзі мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақта Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық кұқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық кезделген.
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы кылмыс-тардың топтық объектісі халықаралық құкық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрам-дарының міндетті белгісі қылмыстың. заты (Мысалы, ҚК-тің 158-бабындағы -- химиялық, биологиялык және жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.
Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар коғамға қауіпті іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық кодекстің 161 -бабындағы қылмыс -- экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап -- экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тікелей қасақаналық пен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.
Қылмыстың субъектісі -- 16-ға толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының субъектісі -- арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-баптың 2-тар-мағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
Бейбітшілікке қарсы кылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап). Бас-қыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).
Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап). Жалдамалылық (170-бап).
Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).
Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс: Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).
Әлеуметтік, нәсілдік ұлттық, діни, тектік-топтык және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздыкты қоздыру (164-бап).

Кодекс жобасы екі бөлімінен тұрады. Бірінші бөлімі (жалпы бөлім) қылмыстық жауапкершіліктің жалпы нормаларын қамтиды. Екінші бөлімі бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 12 құрамын қамтиды:
Агрессия
Агрессия қауіпі
Қол сұғу басқа мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріне араласу
Отаршылдық үстемдік
Геноцид
Апартеид
Адам құқықтарының жүйелі және жаппай бұзылуы
Күрделі әскери қылмыстар
Жалдамалвларды қаржыландыру және үйрету
Халықаралық терроризм
Ескіртіңң заңсыз айналымы
Қоршаған ортаға қасақана және күрделі зиян келтіру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінң 2- бабында қылмыстық құқық қорғау объектілерінің қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздіке қарсы қылмыстарға жеке тарау берілген.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Бейбітшілікке қарсы қылмыстар (ҚК 160-162баптар) Соғыс қылмыстары (ҚК 163,164, 165,166,167,170,171,172- баптар) Адамзатқа қарсы қылмыстар (ҚК 168, 169- баптар) Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар (ҚК 173-бабы) Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру
ҚР ҚК 161 бабы
Қылмыстың тiкелей объектiсi мемлекеттердiң өзара бейбiт өмiр сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесi болып табылады. Қылмыс объективтiк жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескi түрде болуы мүмкiн. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгi берулер арқылы болуы мүмкiн. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғыс-ты тұтандыруға қызмет етуi қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа -- кiнәлiнiң үшiншi бiр адамның қатысқан (митингiлерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын iс-әрекеттерiн жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтiнiн жұртқа жiберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулердi, плакаттарды, суреттердi көрнектi жерлерге iлiп қою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетiлген iс-әрекеттi
басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектiсi - 16-ға толған есi дұрыс кез келген адам.
Қылмыс субъективтiк жағынан тек тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -- осы қылмыстың ауырлататын түрiне жатады (157-баптың 2-тармағы).
Бұқаралық ақпарат құралдарына -- баспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Мемлекеттiк жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызметтердi атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда белгiленген мемлекеттiк қызметшiлердiң жоғары, бiрiншi және екiншi лауазым санаттарына жататын лауазымда iстейтiн адамдар жатады
Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (162-бап)
Қылмыстың тiкелей объектiсi бейбiтшiлiк қауiпсiздiгi және бейбiт қатар өмiр сүру қауiпсiздiгi болып табылады.
Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндiруге тыйым салынған жаппай қырып- жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлерi, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға -- ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға -- уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелерiне басқадай әсер ететiн қарулар жатады. Биологиялыққа -- әр түрлi бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсiмдiктердi жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.
Қылмыс объективтiк жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен ты-йым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, алу немесе өткiзу арқылы сипатталады. Өндiруге көрсетiлген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттерi жатады. Алуға -- көрсетiлген қылмыстың заттарын кез келген тәсiлмен -- сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшiн алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткiзуге -- көрсетiлген заттарды тегiн немесе ақы алып тарату әрекеттерi жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетiлген осы әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектiсi - 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.
Қылмыс субъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
Жалдамалылық ҚР ҚК 170-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық жауап-тылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізеді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормалары белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
1)жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау;
2)оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне немесе қарулы жанжалға тікелей қатысуға әзірлеу;
3)қаржыландыру-жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету;
4)өзге де материалдық қамтамасыз ету-жалдамалыға киім-кешек, азық-түлік беру; сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану-тікелей осындай әрекеттерге қатыстырулар болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көзделген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Қызмет бабын пайдалану түсінігі ҚК-тің 228,307- баптарында берілген. Кәмелетке толмағандарды жалдамалылыққа тарту деп-жасы 18-ге толмаған-дарды кінәлы адамның біле тұра осы әрекетке тартуын айтамыз.Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Адам қазасына бір немесе бірнеше адамның қазаға ұшырауы, ал ауыр зардаптарға ауыр дене жарақатын келтіру, ірі материалдық залал, көп адамның ауруға ұшырауы, т.с.с. зардаптар жатады. Қылмыс құрамы материалдық.
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚР ҚК 158-бап)
Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға-ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға- уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа-әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады. Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері жатады. Алуға-көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен-сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Сонымен қатар, жер бетіндегі тіршілік иесі - Адам. Осы адам баласы тіршілік барысында бірі-бірінен үрейленіп, бір-бірінен қорғану үшін ойлап тапқан жерді құрдымға жіберетін оттың үстінде отырғанын сезеді. Алайда, өзі ойлап тапқан апаттан, өзін қорғаудың сыпайы түрін ядролық қауіпсіздік деп атайды.
Қазіргі жағдайда Иранның ядролық қару жасауына байланысты әлем елдері соғыс оты тұтана ма деп алаңдап отыр. АҚШ-тың ядролық қауіпсіздікке байланысты мәліметіне сүйенсек Иранның ядролық қару жасап шығаруына бір жыл уақыт қалды.
Әлемде ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа 182 мемлекет қол қойып, 154 мемлекет ратификациялады. Дегенмен де, ашық күйінде қалып отырған күрделі мәселе атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупі бар. Осы ядролық апатқа байланысты Қазақстан жерінде 2025 ядролық сынақ жасалыпты. Әйгілі Семей ядролық полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналған. Қауіп-тілігі жағынан жапон жеріндегі Хиросима және Нагасаки қалаларындағы ядролық жарылыстан 40 мың есе асып түскен. Жерімізде КСРО мемлекеті жасаған ядролық жарылыстан 1 миллион қазақ халқы о дүниелік болып, жарты миллион адам неше түрлі ауруға шалдыққан. Туылған сәбилер арасында адам баласына ұқсамайтын хайуан тәріздес түрлері кездеседі. Осындай азапты ахуалды тоқтату үшін өз тәуелсіздігін алмай тұрған кезде Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев батыл қадам жасап өз Жарлығымен КСРО мемлекетіне бағынышты болған Семей ядролық сынақ полигонын 1991 жылы 29 тамызда жапты. 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналы қызметіне ортақ бақылау орнату, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру, қандай да бір іркілістерге жол бермеу тетігін айқындады. Сонымен қатар, стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда, АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға, олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қару иеленбейтін елдер ретінде ядролық қаруды таратпау 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. Нанна-Лугар бағдарламасы деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биология-лық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтаж жасау, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсия-лау жүзеге асырылды.
1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады. Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартына мүше ретінде осы шартқа сәйкес міндеттемелерді қатаң ұстанады.
1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитін-де ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосы-луына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания елдері қол қойды. Кейіннен осындай кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді. Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қор-ғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты. 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді. 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды.1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды. Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс заты
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыстық зардаптар
Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде
Қылмыс жайында
ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ЗАРДАПТАРЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектінің түрлері
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Пәндер