Аналық шошқаны азықтандыру



Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартыулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Аналық шошқаның халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Аналық шошқаның биологиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Аналық шошқаны өндіруші азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Аналық шошқаны азықтандыру рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Шошқаның рациондағы азық қуатын және оның қоректілігін нормалау..13
1.6 Шошқалардың санитарлық.гигиеналық талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Шошқа рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Өндірістік бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі - жеткілікті азық -түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті болып саналады.
Республикада азық – түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында (ТМД) - 50 пайызға дейін жетеді.
Асыл тұқымды бастардың тұқым берушілік қасиеттерін бағалау үшін лдымен негізгі табынға өткізілетін жас бастардан ең жетілген 2-айлық 2 бас тұқымдық қабан мен 2 бас тұқымдық мегежінді бөліп алып, стандартты азықтандыру және микроклимат жағдайында бақылаулы өсіру өткізеді. Асыл тұқымды қабанның ұрығымен ұрықтандырылған кемінде 3 мегежіннің торайын таңдайды. Негізгі табынға ауыстырылатын жас тұқымдық қабандарға кемінде 2 рет торайлаған мегежіндерді шағылыстырады. Өнімділігі аса жоғары сақа мегежіндердің тұқым берішілік қасиеттерін аналық ұялар бойынша бағалайды.
Мегежіндердің өсу жылдамдығы мен шпик (6-7-ші кеуде омыртқа үстіндегі майы) қалыңдығы бойынша өз өнімділігін бағалағаннан кейін олардың ұрпағының еттік және азықтандыру қасиеттерін бағалайды. Асыл тұқымды қабанның түбелікті бағасын әр қайсысы 4 бастан тұратын кемінде 3 тобын бақылаулы азықтандырудан өткізгеннен кейін қояды. Мегежіндер бағасын ұядағы 4 торайының өнімдік көрсеткіштері бойынша қояды.
Бақылаулы азықтандыруға қойылатын бастарды алдын-ала ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өткізіп, дегельминтизциялайды. Еркек торайларды 6-7-апталығында пішіреді. Оларды жекелеп не 4 бастан топтастырып, әр басына тұратын станок енденінің кемінде 1,2 м2 аумағы келетіндей етіп орыналысытырады да бөлмедегі микроклимат көрсеткіштерінің (жылулығы, ылғалдылығы, т.б.) зоогигеналық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Торайлардың салмақ қосуын олардың 30 кг тірілей салмаққа жеткенінде бастап, 100 кг тірілей салмаққа жеткенінде аяқтайды. Осы мерзімде оларды көк сүтпен 2 : 1 қатынасында араластырылған өлшеулі құрамажеммен азықтандырады. Торайлардың тірілей салмағын 12-сағаттық аштық мерзімнен кейін өлшейді. Олардың жетілуінің алғашқы көрсеткіші болып 30-дан 100 кг-ға жеткен мерзі (күн, тәулік) мен осы аралықтағы орташа тәуліктік салмақ қосымы (г), 1 кг салмақ қосымына жұмсалған азық шығыны (а.ө.) болса, азықтандыру мен еттік көрсеткіштері ретінде сойыс шығымы [1].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Танатаров А. Шошқа шаруашылығы. - «Нұр-принт, Атабайұлы А.», Алматы, 2005 ж. – 95 б.
2 Степанов В.И. Свиноводство и технология производства свинины. - «Агропромиздат», Михайлов А.В. Москва, 1991 г. – 269 с.
3 Ладан П.Е. Свиноводство. – «Колос», Козловский В.Г., Степанов В.И. Москва, 1978 г. – 183 с.
4 Егоров В.И., Шошқа шаруашылығы және шошқа етін өндіру технологиясы. Сағындықов А.С. – Ақмола, 1997 ж. – 698 с.
5 Боярский Л.Г. Технология кормов и полноценное кормление сельскохозяйственных животных. – Р-на-Дону, 2001. – 416 с.
6 Баканов В.Н., Кормление сельскохозяйственных животных. – М., Менькин В.К. Агропромиздат, 1989. – 511 с.
7 Дурст Л. Кормление основных видов сельскохозяйственных животных. – пер. с немецкого /, Виттман М. Под редакцией и с предисловием Ибатуллина И.И. – Винница, НОВА КНИГА, 2003. – 384 с.
8 Жазылбеков Н.А. Кормление крупного рогатого скота в современных условиях: справочное пособие., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П.– Алматы, 2005. – 331 с.
9 Калашников А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромиздат, 1985. – 352 с.
10 Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки.Справочник. – М. : Росагропромиздат, 1989. – 526 с.
11 Шумилина И.С. Состав и питательность кормов. Справочник. – М. : Агропромиздат, 1986. – 303 с.
12 Н. Омарқожаұлы « мал азығын бағалау және малды азықтандыру ».
13 А. Ә. Төреханов « Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы ». 1996 ж. 387 б.
14 Қ. Қ. Қожанов « Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары ». 2003 ж. 125 б.
15 А. Дәрібаев « Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ». 2008 ж. 846 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ауылшаруашылығы малдарын азықтандыру пәнінен Аналық шошқаны
азықтандыру тақырыбына жазылған курстық жоба 31 бетті қамтып, кіріспе,
негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, тіршілік қауіпсіздік, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 4 кесте, 3 суреттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жобада келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Рацион – бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға
қажеттілікті толықтыру.
Азық өлшемі - организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын
жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы
қоректілігіне (а.ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп - толықтырылған организм
мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Азықтандыру рационы - малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар
мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру типі - рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе
жекелеген азық белгілейді.

Белгілер мен қысқартулар

АЭ-алмасу энергиясы
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
кДж – килоджоуль
МДж – мегаджоуль
% - пайыз
ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартыулар
Кіріспе
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1. Аналық шошқаның халық шаруашылығындағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... 9
2. Аналық шошқаның биологиялық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 9
3. Аналық шошқаны өндіруші
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Аналық шошқаны азықтандыру
рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Шошқаның рациондағы азық қуатын және оның қоректілігін нормалау..13
6. Шошқалардың санитарлық-гигиеналық
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...14
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1. Шошқа рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. 22
2.2 Өндірістік бағдарлама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 23

3 Тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29
Қосымша А
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қосымша
Б ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда
еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі -
жеткілікті азық -түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа
негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті
болып саналады.
Республикада азық – түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын
орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік
беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа
етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында (ТМД) - 50 пайызға
дейін жетеді.
Асыл тұқымды бастардың тұқым берушілік қасиеттерін бағалау үшін лдымен
негізгі табынға өткізілетін жас бастардан ең жетілген 2-айлық 2 бас
тұқымдық қабан мен 2 бас тұқымдық мегежінді бөліп алып, стандартты
азықтандыру және микроклимат жағдайында бақылаулы өсіру өткізеді. Асыл
тұқымды қабанның ұрығымен ұрықтандырылған кемінде 3 мегежіннің торайын
таңдайды. Негізгі табынға ауыстырылатын жас тұқымдық қабандарға кемінде 2
рет торайлаған мегежіндерді шағылыстырады. Өнімділігі аса жоғары сақа
мегежіндердің тұқым берішілік қасиеттерін аналық ұялар бойынша бағалайды.
Мегежіндердің өсу жылдамдығы мен шпик (6-7-ші кеуде омыртқа үстіндегі
майы) қалыңдығы бойынша өз өнімділігін бағалағаннан кейін олардың ұрпағының
еттік және азықтандыру қасиеттерін бағалайды. Асыл тұқымды қабанның
түбелікті бағасын әр қайсысы 4 бастан тұратын кемінде 3 тобын бақылаулы
азықтандырудан өткізгеннен кейін қояды. Мегежіндер бағасын ұядағы 4
торайының өнімдік көрсеткіштері бойынша қояды.
Бақылаулы азықтандыруға қойылатын бастарды алдын-ала ветеринарлық-
санитарлық өңдеуден өткізіп, дегельминтизциялайды. Еркек торайларды 6-7-
апталығында пішіреді. Оларды жекелеп не 4 бастан топтастырып, әр басына
тұратын станок енденінің кемінде 1,2 м2 аумағы келетіндей етіп
орыналысытырады да бөлмедегі микроклимат көрсеткіштерінің (жылулығы,
ылғалдылығы, т.б.) зоогигеналық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Торайлардың салмақ қосуын олардың 30 кг тірілей салмаққа жеткенінде
бастап, 100 кг тірілей салмаққа жеткенінде аяқтайды. Осы мерзімде оларды
көк сүтпен 2 : 1 қатынасында араластырылған өлшеулі құрамажеммен
азықтандырады. Торайлардың тірілей салмағын 12-сағаттық аштық мерзімнен
кейін өлшейді. Олардың жетілуінің алғашқы көрсеткіші болып 30-дан 100 кг-ға
жеткен мерзі (күн, тәулік) мен осы аралықтағы орташа тәуліктік салмақ
қосымы (г), 1 кг салмақ қосымына жұмсалған азық шығыны (а.ө.) болса,
азықтандыру мен еттік көрсеткіштері ретінде сойыс шығымы [1].
1. Негізгі бөлім

1. Аналық шошқаның халық шаруашылығындағы маңызы

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір
оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй
талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз
қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына
жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай
елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар
АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы
дамыған [2].
Аналық шошқа – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның
ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа
және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр,
аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі
сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын
сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың
түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы
денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері
жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады.
Ұрғашысы 9 – 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден
торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 – 150 кг, еркегі 180 – 200 кг-ға
жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді:
кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез
жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты
Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары)
және орташа қарқында жетілетіндер.

2. Аналық шошқаның биологиялық маңызы

Шошқа шаруашылығы ет өндірісінде жетекші орындарға ие. Бұл шошқалардың
бірқатар биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, осы ерекшеліктер сиыр және
қой етінен гөрі өзгешелеу болуын түсіндіреді.
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктеріне жататыны:
1 Жоғарғы түрдегі жылдам жетілетіндігі. Мегежіндер 9-10 айлық жасында
шағылыстырыла алады, ал 13-14 айлық жасында торайлайды. Жас шошқаларды
бордақылағанда 6-6,5 айлық жасында 100-110кг жете алады.
2 Көптөлділігі және буаздылықтың аз мерзімділігі бір торайлау барысында
мегежін 11-12, бірқатар жағдайларда 15-17 торай әкеледі (Болгарияда 32
торай әкелінген жағдай тіркелген, Венгрияда мегежін 22 жыл ішінде 46-рет
торайлау барысында 416 торай әкелген). Буаздылық мерзімі мегежінде 114-116
күн құрайды (3 ай, 3 апта, 3 күн) осының арқасында жылына екі торайлау
алынады, тиісінше, бір жылда бір мегежіннен 20-25 торай алынады [3].
3 Жылдам бордақылануы және азықтардың тиімді пайдаланылуы. Қарқынды
азықтандыру кезінде орта тәуліктік салмақ қосулары 700-750г және 1кг өсімге
3,8-4,0 азықтық бірлік шығындалады, ал ірі қара малды азықтандыруға 8-10
азықтық бірлік шығындалады.
4 Сойылымдық шығу деңгейі жоғарылығы. Беконды шошқалардың сойылымдық
шығу деңгейі 71-74% құрайды. Шошқа еті өте жоғары қоректі, 1кг шошқа етінде
шамамен 16000 кДЖ болса, сиыр етінде, қой етінде тек 6700-7100 кДЖ құрайды.
5 Шошқалардың азыққа талғамсыздығы шошқалар өсімдік және жануар текті
азықтарды жақсы жейді, сондай-ақ олар техникалық өндіріс тағам өндірісі
қалдықтарын да жақсы жейді.

1.3 Аналық шошқаны өндіруші азықтандыру

Шошқа етін өндіруді ұлғайтуда шошқа шаруашылығын өнеркәсіптік негізге
аудару маңызы шешуші орын алады.  Бұл саланы барынша мамандандырып
шоғырландыру қолға алынады. Бұл әрине жан-жақты механизациялауды, еңбекті
тиімді ұйымдастыруды және экономикалық дәлелденген тәсілдерді шаруашылықты
басқаруда пайдаланбайынша мүмкін болмайды.
Шоғырландыру және мамандандыру процесі қазіргі уақытта
мамандандырылмаған шаруашылықтарда да өткізілуі керек. Шошқа шаруашылығын
жүргізу деңгейі қазіргі уақытта өндірістің алдыңғы қатарлы технологиясын
пайдалануға мүмкіншілік бермейді [4].
Шошқа комплекстері мен өнеркәсіптік фермаларды ұйымдастыру технологиялық
процестерді түп орнымен өзгертеді.
Шошқа шаруашылықтары мен ірі өнеркәсіптік фермалардың жұмыстарының
негізгі ұйымдастырушылық технологиялық процестері мен тәсілдерінің ағымды
жүйесі қаланған. Бұл жүйе салаға жоғары экономикалық тиімділік әкеледі.
Осы жүйенің басты элементтері өндіріс процестерінің ағымдылығы, еңбекті
жеке-цехтық түрде ұйымдастыру, өндірістің ырғақтылығы  (малдар тобының 
бірінен соң бірі топталуы), әрбір технологиялық топтың жеке бағылауы және
санитарлық үзілістің қатаң сақталынуы. Барлығы да бос, барлығы да бос
емес принципін пайдалана отырып, қоралар мен жабдықтардың өндірістік
тағайындалуы бойынша мамандандырылуы, өндірістік процестердің жалпы
механизациялануы және автоматтандырылуы, шығарылатын өнімнің
стандарттандырылуы.
Ағымдылық тауарлық шошқа етінің жыл бойынша бірқалыпта өндірілуін
қарастырады. Бұл дәстүрлі турлық торайлатудан жыл бойы торайлатуға көшу
арқылы іске асады. Бұлай істеудің артықшылығы жыл бойы торайлаған жағдайда
мегежіндердің жыныстық-көбею мүмкіншіліктерімен қораларды   толық
пайдалануға жағдай жасалады. Емізілетін мегежіндерге қажет станко-
орындардың саны жыл бойы торайлаған жағдайда маусымдық турлық торайлауға
қарағанда 1,5 есе қысқарады.
Өнеркәсіптік кешендерді жаңадан салу кезінде мынадай негізгі талаптарды
ескеру керек: кешен ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз деп табылған
жерлерге салынуы керек, шаруашылықтағы барлық шошқаларды құрама жеммен
толық қамтамасыз ету; жұмыс күштерінің қоры, коммуникациялық байланыспен,
электр энергиясы, су, ет өңдеу, азық жем өңдеу мекемелерімен қамтамасыз
етуі. Сол жердің топогафиялық, геологиялық ерекшеліктері: жер астынан су
шықпауы, мал шаруашылығының санитарлық жағдайы, қидың шығарылуы және сыртқы
ортаны қорғау, қуаттылығы жылына 12 мың бас бордақыланатын төлдері бар
мекемелер үшін асылтұқымдық репродукторының болуы. 
Өнеркәсіптік шошқа шаруашылықтарында жұмыстарының негізгі технологиялық
параметрлерін анықтау үшін проектілік тапсырма құру керек. Бірақта
комплекстерде табысты жұмыс жүргізу анықталып жасалынған өндіріс
технологиясы арқылы ғана іске асады, егер ол жоқ болса, аналық малдардың
шоғырлануы кей жағдайда құрал-жабдықтардың тиімсіз пайдалануына әкеліп қана
қоймайды, керісінше, жұмыс барысында жүйесіздік туғызады және негізгі
принцип өндірістік ырғақтылығы бұзылады.
Қоралардың, машиналардың, құрал-жабдықтардың және жұмыс күштерінің дұрыс
пайдаланылуына шағылыстыру, торайлату және малдардың технологиялық
топтарының бір-біріне ауысуы белгілікті тең уақыт аралықтарында өтіп
отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Осы арқылы өндірісте ырғақтылық пайда
болады. Бұл уақыт аралықтарының ұзақтығы (ырғақ ағымы) шаруашылықтың
көлеміне байланысты. Шаруашылық ірі болған сайын, ырғақ адымы қысқа және
керісінше болады [5].
        
1.4 Аналық шошқаны азықтандыру рационы

Ірі шошқа кешендерінде шошқалардың әртүрлі технологиялық топтары бөлек
бағылып, өндірістің ырғақтылығы оларды шарбақта және жайылымда күтіп бағуға
мүмкіншілік бермейді. Бірақ шағын тауарлы фермаларда және асылтұқымдық
шаруашылықтарда жазғы – лагерлі бағуды қолдану қажет, себебі ол шошқа
төлдерінің толық сақталынуына, олардың дұрыс өсуіне жағдай жасайды
Шошқалардың жазғы – лагерлік бағу жазғы шуақты күндері мал организмінің
нығайып және олардың өнімділігінің артуы үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Дұрыс азықтандырылып, тәулік бойы таза ауада болғанда, күн сәулесінің
әсері арқылы малдарда жақсы өседі, ауруларға деген қарсылығы артады.
Жазғы лагерлер Қазақстанның солтүстік өлкелерінде 5-6 айға шейін, ал
оңтүстігінде 9 айдан астам пайдалануға болады. Жазғы лагерлер ауыл
шаруашылық объектілерін салу нормативтеріне және зоогигиеналық талаптарға
сәйкес таңдалған жерлерге салынады. Көбінесе құрғақ жоғары, қатты желдерден
қорғалған үлкен жолдан алыс жерлерде салынады.
Малдардың көк азықты тиімді пайдалануы үшін оларға жайылымнан келген соң
жем беру керек.
Емізілетін мегежіндерді тәулігіне 3  рет еметін торайлар және енесінен
айырған торайларды 3-4 рет, ал тұқымдық төлдерді 2 рет азықтандырады.
Көпжылдық ғылыми және өндірістік тәжірибелерді ескере отырып, орталық
және солтүстік Қазақстан шошқа фермаларына төмендегідей көк азық
конвейерінің схемасын ұсынуға болады [6].
 
Кесте 1 – Көк азық конвейерінің схемасы

       
Дақылдар Егу уақыты Пайдалануды бастауӨнімділігі
  уақыты
1 Қарабидай (күздік) өткен жылдың 5-10 10 маусым 5-60
тамызында
2 Көпжылдық бұршақ өткен жылғы егістер 21 маусым 40-50
тұқымдас
шөптер (эспарцет,
люцерна)
3 Сұлы + арпа + бұршақ1 мамыр 16 шілде 50-60
4 Сұлы + бұршақ 14 мамыр 26 шілде 60-70
5 Сұлы + арпа + бұршақ21 мамыр 6 тамыз 70-75
6 Арпа + судан шөбі 28 мамыр 11 тамыз 90-100
7 Судан шөбі + тары 5 маусым 17 тамыз 95-100
8 Жүгері бір уақытта 14 мамыр 23 тамыз 100-120
егілетін
9 Жүгері екі уақытта 25 мамыр 2 қыркүйек 120-130
егілетін
10 Сұлы 7-10 маусым Тамыздың соңы 150-300

Шошқа- өсімтал, жылдам жетілгіш мал. Ұрықтандырылған мегежін 3 ай + 3
апта +3күн, яғни 114 тәуліктен кейін әр мегежін 10-12 торай табады. Тез
өсіп –жетілгіш торайлар әр 1кг салмақ қосымына басқа мал түлігі төлінен аз-
4-6 а.ө. жұмсап, 7-8 айлығындағы тірілей салмағы 110-120 кг тартады. Сөйтіп
шаруашылықта жыл бойы мол ет өндіруге болады. Оған шошқаның азықты
талғамай, жегіштігі де көмектеседі. Ас қорыту жүйесінің ерекшелігі жағынан
шошқа бірқарынды, желінген азығы негізінен ішекте қорытылатын малға жатады.
Сондықтан олардың азығына жеңіл ыдырап, жылдам қорытылатын азықтарды
жұмсап, қоректенуінің құнарлылығы мен биологиялық құндылығына баса көңіл
аударады. Шошқа азығындағы қиын қорытылатын шикі жасунық көлемі шектеліп,
желінген азық құрғақ затында 10-12 %- дан аспауын қадағалайды
Шошқаға берілетін жемшөпті алдын-ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр
жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып,
пісіреді. Шошқаға жегізілетін ірі жемшөпті булап немесе ұнтақтап,
ашытқылаған жөн. Көк шөптің өзін турап, басқа жеммен араластырып берген
дұрыс. Азықтандыруда жұмсалатын жалпы қорегі бойынша басым шөп түріне
байланысты шошқаның жемді концентратный, жемді –картопты концентратно-
картофельный, жемді –тамыр жемісті концентратно- корне- плодный
азықтандыру типтерін ажыратады. Жемді тип рационының жалпы қоректілігі
бойынша қыста- 70-80 %, жазда 85-90% құнарлы жем қосындысы не құрамажем, ал
қалғанын тамыр-түйнек жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны, құрғақ
қызылша жомы секілді жеңіл қорытылатын көмірсулы азықтар құрайды [7].

5. Шошқаның рациондағы азық қуатын және оның қоректілігін нормалау

Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып
саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым буршақ; тұқымдастар,
энергетикалық, қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық, тұқымдастарға арпа, жүгері,
бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго жатады, 12 пайыздық ылғалдылықта
олардың құрамында 9-13 пайыз протеин 1,5-2,0 пайыз май (сұлынікінде 5%,
жүгерінікінде 6-8%) 2-3 пайыз клетчатка (сұлынікінде 9), 65 пайыз крахмал,
2-3 пайыз күл (оның 15 пайызы фосфордан, 3 пайызы кальцийден тұрады)
болады. Органикалық, заттары 70-90 пайызға қорытылады.
Арпа дәнінде — 11,0 пайыз шикі протейн, 1,6 пайыз май, 3,8 пайыз
клетчатка бар.
Суда және тұз ертіндісінде 45-50 пайыз еритін протеиннің аминқышқылдық
құрамы жақсы, 1 кг 5,5 лизин, 1,7 г триптофан, 2 г метианин, 1,9 г нистин
болады. Е мен Б витаминдеріне ба. Осындай жеңіл қорытылатын диеталық азық
болғандықтан арпа дәнімен малға берілетін жемнің 30-40 пайызын құрастыруға
болады. Оны азықтандырудағы шошқа және мегежін, төл азықтандыруға кеңінен
қолданады [8].
Арпаның екіден үш бөлігін азотсыз экстрактивті заттар құрайды.
Арпаның қоректік заттарынның; қорытылу сапасы шошқада өте жоғары,
энергетикалық құндылығы жағынан сұлыдан 20 пайыз жоғары тұрады. Оның
азықтық қасиетін бағалағанда ең алдымен малға берер алдындағы өңдеу npoцeci
жоғары орын алады. Шошқаның майы мен етіне өз әсерін қатты тигзеді, яғни ет
алу үшін арпамен азықтандыру дүниежүзлік эталонға жатады.
Арпа - шошканың барлық; түрлерінің радионының нeriзi болып табылады.
Белокты витаминді – минералды қоспалармен бipгe пайдаланғанда ете жоғары
інім алуға болады. Арпаның протеині ете құнды, барлық; аминқышқылдар бар
деп есептелінеді. Eттi бағытгағы азықтандыру негізіндеде арпаның мөлшері 70
пайызға дейін жетеді
Арпаны берер алдында майдалап електен өткізеді. Шошқалардың протеинге
деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қыпшқылдарының мөлшеріне
байланысты болады.
Кәдімгі шаруашылықтағы мал азығы құрамында көбіне лизин, метионин,
кейбір жағдайда амин қышқылдары жетіспейді. Жас шошқалар үшін қажетті амин
қышқылдары деген мынадай: лизин - 4,2- 5 %, метионин - 2,8-3,2 (кей
жағдайда метиониннің 40 %-на дейін цистинмен алмастыруға болады).Дәндік
азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар
протеиндік қоректілігі басым бұршақ; тұқымдастар, энергетикалық,
қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Шошқалардың протеинге
деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне
байланысты болады. Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды
азық болып саналады [9].

1.6 Шошқалардың санитарлық-гигиеналық талаптары

Буаз мегежіндерді дұрыс азықтандыру мен ұстау олардың жақсы торайлауы
мен сүттілігін қамтамасыз етеді, өйткені буаздылық кезінде ол көп мөлшерде,
әсіресе ақуыздық қоректік заттарды шығындайды.
Жеткіліксіз түрде азықтандыру буаздылық басында ұрық сіңісуі мен
торайлау деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соғады.
Қоректік заттарды қажет ету буаздылықтың соңғы айында ұлғаяды, өйткені
бірінші айда ұрықтар салмағы 25-30г болса, үшінші айда 160-180г, төртінші
айда 1-1,2кг құрайды, сол себептен мегежіндер рационын 15-20% ұлғайтады.
Буаз мегежіндерге рационның жалпы қоректілігінің 75-85%-дан астам құрама
азықтармен азықтандыру төменгі салмағы (400-700г) өмір сүруге жарамсыз
торайлар туына әкеліп соғады.
Олардың рационына шырынды азықтар, шөп, шөп ұнын, құрламалас сүрлем қосу
қажет. Торайлаудан екі күн бұрын және торайлаған соң мегежін босаңсытатын
(жарма быламығы) азықтар алуы керек. Мегежіндерді тәулігіне 3 рет
азықтандырады, су берілуі еркін.
Мегежіндерді 5-7 күн бұрын аналық шошқа қорасына ауыстырып, келесі
шаралар өткізіледі: торайлаудан 4-5 күн бұрын рационды 25%, торайлау күні
50% қысқартады, торайлаған соң жылы су береді, 10-12 сағаттан соң бор мен
ас тұзын (20-30г) қосып быламықпен азықтандырады, екінші 5-6 сағаттан соң
беріледі. Торайлаған соң әр күні азықтың тәуліктік нормасын ұлғайтып, 7-ші
күні бұрынғы деңгейіне жеткізеді [10].
Шошқа қораларын және қосалқы қолданымдағы құрылыс орындарын шошқа
фермаларын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес құрастырылған типтік
жобалар бойынша салып, жөндейді. Шошқаларға арналған ғимараттар
мүмкіндігінше жағынсыз, көлемі бойынша технологиялық үрдіс талаптарына сай
болу керек. Қалыпты температуралы – ылғалдық режимін қамтамасыз ету үшін
сыртқы құрылымдардың (қабырға, төбе, жақтау) сенімді жылу қорғанысына аса
көңіл бөлінеді.
Аналық шошқа қораларын әдетте, жер бедері бойынша төмен азық цехына жел
жағынан, ал өзге түрдегі шошқа қораларына шаққанда жер бедерінен жоғары
және ық жағынан орналастырады. Шошқаларды азықтандыру бөлімдерін
(асханаларды) ғимараттың ортаңғы бөлігінен салып, екі бөлікке бөледі,
төсеніш пен құрал-жабдық бөлмелері ғимарат бүйірінен, қызмет етушілер
бөлмесі де ғимарат бүйірінен немесе асханамен қиылысып жасақталады,
арасындағы өткелдер ені 1,4-1,6м, көлденең өткелдерді ғимарат ұзындығына
орай қалдырады. Аналық-шошқа қораларында қабырға маңы өткелдерін де
қалдырған жөн.
Жеке станок аудандары мегежіндер үшін тауарлы фермаларда 5м2 асыл
тұқымды фермада 6м2. Осындай аудандар буаздылықтың екінші жартысы, төртінші
айындағы мегежіндер үшін де қарастырылады, екі аналық станоктары арасына
торайларға арналған ауданы 4-5м2 азықтандыру станогы жасалады.
Торайлары бар емізетін мегежіндер станоктарын металл талдарынан,
темірбетон немесе ағаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаларды азықтандыру және бордақылау
Шошқа гигиенасы
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Шошқа азықтандырудағы В витаминінің маңызы
Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру
Шошқалардың гигиенасы
Мегежіндерді азықтандыру
Пәндер