Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 5AB09130100 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: «ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕГІ МЕЙІРГЕРДІҢ РӨЛІ»

Орындаған: Баймахамбет Айзада

Ғылыми жетекші: Дүйсембаева Ұ. Е.

Тараз 2024 ж.


МАЗМҰНЫ

:
: АНЫҚТАМАЛАР
: 3-4
:
: БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
: 5
:
: КІРІСПЕ
: 6-8
:
: 1 ТAРAУ
: 9
: 1. 1
: Онкологиялық науқастардың тұлғалық ерекшеліктері
: 9-14
: 1. 2
: Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері
: 14-19
: 1. 3
: Науқастар бойындағы копинг стратегияларының ерекшеліктері
: 19-24
:
: 2 ТAРAУ
: 25-26
: 2. 1
: Науқастарды зерттеу әдістері мен материалдары
: 26-30
: 2. 2
: Инкурабельді науқастармен мейіргерлердің қарым-қатынастарын зерттеу
: 30-44
:
: 3 ТAРAУ
: 45
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 46
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 47-51

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста қолданылған негізгі анықтамалар:

Канцерогенез - қатерлі ісіктердің пайда болу механизмі.

Канцерофобия - обырдың болуына негізсіз сеніммен сипатталатын обсессивті жағдай.

Кәсіби медициналық этика - медициналық манипуляциялар кезінде туындайтын этикалық мәселелерді шешу жолдарын іздейтін кәсіби этика.

Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) - медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігерлер, әріптестері, кіші мейірбикелер т. б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті.

Коммуникация - адамдар арасындағы психологиялық қатынас, мағлұматтармен алмасу, өзара бір-біріне әсер ету, өзара уайымдау, өзара түсіністікте болатын қатынас.

Қатерлі ісік - бұл эпителий ұлпасының қатерлі ісігі. Шетелдік әдебиеттерде "қатерлі ісік" термині тіндердің құрамы мен шығу тегіне қарамастан барлық қатерлі ісіктерге қатысты жиі қолданылады.

Қатерлі ісік (cancer) - кез-келген қатерлі ісік, соның ішінде карцинома және саркома.

Медициналық деонтология (грек тілінен deon - парыз) -медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

Меноррагия (гиперполименорея) - интрамуральды, бірақ әсіресе жатырдың миоматозды түйіндерінің субмукозды орналасуында байқалатын көп және ұзақ айлық қан кетулер. Көбінесе меноррагиялар гиперпластикалық процестер мен эндометрия қатерлі ісігінің белгісі болып табылады.

Онкология - әртүрлі ісіктердің пайда болуын және оларды емдеу әдістерін зерттейтін ғылым. Көбінесе ол терапиялық, хирургиялық және радиациялық онкологияға бөлінеді.

Паллиативті көмек бөлімшесі -ауруға шалдыққан науқастарға аурудың терминалдық (соңғы) сатысында білікті медициналық және психологиялық көмек көрсететін көпсалалы немесе мамандандырылған аурухана бөлімі.

Паллиативтік көмек -ауруға уақытша жеңілдік беретін, денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық есеппен расталған терминалдық (қорытынды) кезеңінде өмір сүру сапасын жақсарту және емделмейтін аурулармен ауыратын науқастардың жалпы жағдайын жақсарту болып табылатын медициналық-әлеуметтік қызметтің бағыты.

Төзімділік - терапияға ісік реакциясының болмауы.

Хоспис -стационарда науқастарға және оның туыстарынаауруға уақытша жеңілдік беретін, медициналық, психоәлеуметтік және руханикөмек беретін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым.

Ісік - кез-келген ісік. Бұл термин, әдетте, қатерлі де, қатерлі де болуы мүмкін тіндердің қалыпты өсуіне қатысты қолданылады.

Эмоционалды күю синдромы - бұл когнитивті және физикалық энергияның біртіндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделі жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудың төмен деңгейін көрсететін үрдіс.

Эмоционалды тұрақтылық - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау.

Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі.

Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер + gennao) шығару, құрастыру; ятрогенияның синонимы) медициналық қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің - катя, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын психогендік бұзылыстар.


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚҚ - Артериялық қан қысымы

АҚТҚ -Ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы

ЕПКҚ -Еуропалық паллиативтік көмек қауымдастығы

ДДСҰ -Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ЖҚТБ-Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі

КД - Коммуникативті дағдылар

ҚР -Қазақстан Республикасы

МК -Мейірбикелік күтім

ПК -Паллиативті көмек

ИН -Инкурабельді науқастар

НА -Невропатиялық ауырсыну

ЭК синдромы - Эмоционалды күю синдромы

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Дәстүрлі онкологиялық патология анағұрлым психикалық жарақаттану саласына келеді. Таң қалдыратыны көптеген сырқаттар үшін денсаулығын қалпына келтіру жолында немесе сырқатты жою жолында рак диагнозы арнайы медициналық мекемеге жүгінуді қажет етеді, сондай-ақ ұзаққа созылған жекелеген тексеруден өту, ақпараттардың аздығы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың қиындығын туғызады. Онкологиялық аурулар өзге ауруларға қарағанда ауыр психо -әлеуметтік әсер туғызатыны белгілі. Аталып отырған патология көптеген науқастарды, өзінің дәстүрлі өмір жолын өзгертуге, оның бұзылуына немесе кәдімгі байланыстарды, өз кезегінде, психологиялық стресс, психо -әлеуметтік стресс және қосымша жиі ауыр психикалық бұзылулар мен тұлғалық деформацияның артуына, әлеуметтік тұрақсыздықа әкелуді қамтиды .

Көп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын -бұл қатерлі ісік ауруы.

Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, дененің бір жеріне ғана тоқтамай белгілі мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды [1] .

Онкологиялық практикада сырқаттарға әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету және онкологиялық сырқаттардың өмір сапасына әсер ету мәселесі болып табылады. Онко - патологиялық сырқаттардың әлеуметтік, психологиялық қиындықтары және оны дәлеледеу турылы барлық авторлар жазады. Бұл ішінара сырқатты әлеуметтік-психологиялық қолдауға арналған арнайы бағдарламалардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ онкологиялық сырқаттарды әсіресе ауруханалық кезеңдегі өмір сапасын мәселесін орта медициналық қызметкерлердің психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік әсер ету мәселесін ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін [2]

Бұл зерттеу барысында ракпен ауыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсаты қойылды.

Ғылым алдында тұрған міндеттердің бірі -рак мәселесін шешу, онымен ауыратын адамдарды емдеу, және оның себептерін анықтау болып табылады. Оқымыстылар -жаратылыстанушылар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін факторлар немесе сбебептерді анықтау арқылы сырқаттардың өмірін ұзартауда табыстарға жетіп кейбір жағдайларды жоюда туындайтын негізгі мәселе үшін: неге адамдар ауырады, ал осы жағдайда өмір сүріп отырған кейбір адамдарда мұндай ауру жоқ? - жабық есік болып отыр [3, 4]

Аурудың дамуының психологиялық фактордың ролін, сондай-ақ сауығуы онкологиялық сырқаттарды жұмыс істейтін дәрігер-практиканттар қажетті деңгейде бағалай алмайды.

Еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі - онкологиялық аурулардың алдын алу. Статистикалық көрсеткіштерге келер болсақ, бұл дерттен болатын өлім саны басқа аурулармен салыстырғанда республика көлемінде өте жоғары және оның салдары халықтың өсімі мен өмір ұзақтығына тікелей әсер етіп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір бесінші қазақстандықтың обырдан зардап шегу қаупі бар. Сонымен, қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің онкологиялық аурулармен ауыратын ересек адам мәселесіне де байланысты екендігі айқын [5]

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің бұл тақырыпты таңдауыма, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан таңдалған тақырыбымның өзектілігі, жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға негізделетін түрлі шараларды жүргізумен айқындалады. Осыған орай, күнделікті өмірде әрбір адам үшін өзекті, психологиялық тұрғыда, өзінің эмоциялары мен сезімдерін ретке келтіріп тұрудың қаншалықты денсаулыққа әсер ететіндігін анықтау, менің бойымда қызығушылық тудырды. Осыған орай, менің мұндай күрделі тақырып алуыма әсер еткен ерекшелік ретінде, күнделікті өмірде әртүрлі шараларды ескеретін болсақ, мұндай ауыр сырқаттардан қаншалықты өз өзімізді сақтай аламыз деген ой толғаныстары болды [6]

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің - 17%-нан, алкогольдің - 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының - 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының - 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз [7]

Зерттеу мақсаты: паллиативті мейіргерлік күтім ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың спецификалық (арнайы) психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
  2. Инкурабельді науқастармен мейіргерлердің қарым-қатынастарын зерттеу.

Зерттеу әдістері: Зерттеуге "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы " шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аймағындағы онкологиялық ауруы бар пациенттер, мейіргер мамандары қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында көптеген онкологиялық науқастарға (ауруының әртүрлілігіне қарамастан) инфантильділік өзіндік психологиялық қасиет тән (балалар позициясын атқаруға бейім), олардың басқа топтардан айырмашылығы бар соматикалық науқастардың және бақылау тобының клиникалық нормасы болып табылатыны анықталды.

Тәжірибелік маңыздылығы: Алынған нәтижелер стационардағы ауыр соматикалық науқастардың психокоррекционды жұмыстың бағытын анықтайды; онкологиялық аурулардың психопрофилактикасы жөніндегі мәселені қарастырады. Жұмыс нәтижелерін клиникалық тұрғыдан маңызды болу үшін онкологиялық науқастарды емдеу туралы бірыңғай хаттама құру қажеттігі анықталды.

1. 1 Онкологиялық науқастардың тұлғалық ерекшеліктері

Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған бұзылуына алып келеді. Егерде ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады[8] .

Ересек деп отырғанымыз бұл, әрине, (35-60) жас аралығындағы тұлға. Тұлға деп отырғанымыздың өзі же жай бостан-бос емес, себебі бұл жастағылар өз кезінде, өзіне бұл өмірде не нәрсені керек ететіндігі, оған қалай жету жолдарын толығымен біледі. Ересек кезінде адамдардың ақыл-ойы толықсу үстінде толықсый берген, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, әрбір затты өте салмақты түрде кеше білетін адамдар. Ересектердің дүниетанымы өте кең және олар өзіндік бір кез-келген оқиға, іс-әрекетке қатысты өзінің пікірін жеткізе алатын шеберлікке ие болады[9, 10] .

Ересектердің енді тек өзін ғана ойлап қоймай, енді отбасы немесе отбасының өзі бар болса өзінің балалары үшін ең бірінші ойлаушысы, соларға жағыдай жасауға тырысушы болып көрінеді.

Ересектік шақ өзіндік қызықтарға толы болғанымен бұл шақ белгілі бір таңдауларда тоқтау, өзіне тиімді шешімдерді өз еркімен ешбіреудің ықпалынсыз қабылдауға ие болу қабілеті жетілетін шақ.

Ал енді осы жерде кәрілікке тоқталатын болсақ, бұл бір адам үшін физиологиялық процестердің пайдалы жақтарының қарқынының өсу емес қайта төмен түсе бастаған кезі десек те болады. Бұл шақтағы психологияға тоқталсақ адамның бұл бір өмір бойы жыйып-терген еңбегінің табыстарының, жан-ұясының жемісін көретін кез і[11] .

Осы жас кезінде адамда көз қыратылығының нашарлай түсуі немесе басқа да адам өмірі үшін қажетті дене мүшелердің адамға көп жыл бойы қызмет етудегі таза бастау кезі деп есептеледі. Осы шақ адамға өмірінде істеген істерін толығымен өз бетінше анализдеуге қабілетінің тууына мүмкіншілік берілетін кез.

Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо, амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғалық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным - сенімін бағыт-бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады [12, 13] .

Индивид (жеке адам) -тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З. Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан [14]

Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай- күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген. Отандық психолог Н. Н. Рыбников «акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел жастағы тұлғаны - адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды. Кемел шақ кезеңі - тұлға өмір жолының шырқау шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады [15] .

Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады; мысалы, 35 жаста жақсы прокурор немесе белсенді басшы болуға болады, бірақ қазір көрнекті заңгер және ақылды, жақсы бастық болады. Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне жетеді. Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштері әлі де жеткілікті болады. Бұл жас - барынша көп және ауқымды жетістіктер кезеңі. Кемел жастағы адам тұлғасына неғұрлым тән белгілер ұмтылыстарының шынайылығы, өндірістік, отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге асыру барысына баса көңіл бөлу, өз даму кеңістігі үшін күрес, өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару, эмоционалдық икемділік, тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық болып табылады. Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары - саналы болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады. «Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б. Ливехуд, - адам барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын, феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады»

1 . Кемел шақ кезеңінің басталуы - өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс - эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады. Кемел шағында адам өзінің барлық дерлік ішкі сезім күштерінің нағыз басқарушысына айналады; олар енді шындық өмірдің кемелдігін оның барлық өлшемдерінде: іс- әрекеттерде, қатынастарда, дүниеге көзқарасында қалыптастыра отырып, саналы түрде іске асырыла алады. Мәселен, кәсіби шеберлікте хабардарлықты үздіксіз дамыту, мамандануды тереңдету, типтік тапсырмалар мен жағдайларды тез тану орын алады, бұл жадындағыны кеңінен іздестіру қажеттілігін, проблемаларды шешуде жалпылама ойлау дағдыларын барынша азайтады. Жұмыс барысында көбінесе тек өздеріне сенулеріне - көп ойлауларына, ынталылық танытуларына, өздігінен шешімдер қабылдауларына тура келетін кемел жастағы адамдар интеллектуалдық икемділіктің жоғары деңгейін көрсетеді [16, 17, 18]

Психолог Г. С. Абрамова кемел шақ кезеңінде адамның алдында тұратын, оларды шешу үшін ерекше қабілеттіліктер талап етілетін ерекше өмірлік міндеттерді бөліп көрсетеді. Әйелдің алдында тұрған міндеттер оның өзіне де, сондай-ақ жақындарына да қатысты алынған өмірлік міндеттемелерінің бағалануымен байланысты. Бұған оны көптеген шынайы және күшті әрекет етуші факторлар - өз физиологиялық жағдайының өзгеруі, отбасы құрамының және отбасындағы өз рөлінің өзгеруі (әже, ене), жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізуі итермелейді. Әйелге күнделікті қам-қарекеттен бас көтеріп, өз өміріне сапалық тұрғыдан басқаша көз салу, өзіне, өзінің қажет екендігіне, өзінің құндылығына деген сенімділігін қайтадан иелену қажет. Осылайша ол өзі үшін өмір сүру өнерін ашып, оған үйрене отырып, үй философына айналады [19]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС
Науқастың психологиясы, оның психикасының ерекшеліктері
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Науқас психологиясы Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі
Мейірбикенің коммуникативтік қарым - қатынас дағдылары
ЖМО - Жатыр мойны обыры
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері. Гериатриялық пациенттерді күту
Метастаз
Науқастың ауруға деген қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz