Вирусты гепатит туралы жалпы мәлімет



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл жоғары медициналық колледжі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын


Мамандық: 0302000 Мейіргер ісі
Біліктілігі: 0302054 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ МЕЙІРГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

Орындаған: Тойбалаева Ләззат _______________
Ғылыми жетекші: Сайлаубаева Н. Н. ______________

Тараз 2024 ж.

МАЗМҰНЫ

Анықтамалар
3-5

Белгілер мен қысқартулар
6

Нормативтік сілтемелер
7

Кіріспе
8-9

1 тaрaу
9
1.1
Вирусты гепатит туралы жалпы мәлімет
9-11
1.2
Диагностикалық өлшемшарттар
11-13
1.3
Вирусты гепатиттің алдын алу шаралары
13-15
1.4
Вирyсты гепатит ауруларында мейіргерлік күтім
15-18

2 тaрaу
19
2.1
Гастроэнтерологиялық бөлімшенің пациенттердің вирустық гепатиттердің алдын алу мәселелеріне қатысты хабардарлық деңгейін талдау
19-31
2.2

Мейіргерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау
31-42

3 тaрaу
43

Қорытынды
43-44

Практикалық ұсыныс
45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
46

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі анықтамалар қолданылды:

Алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
Алдын ала диагноз - шағымдардың, анамнездің, тексерудің және қосымша және аспаптық зерттеулер деректерінің негізінде қалыптастырылған, аурулар (жарақаттар, патологиялық үрдістер) туралы емдеуші дәрігердің қорытындысы;
Бастапқы медициналық құжаттама - халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жиынтығы;
Есептік құжаттама - белгілі бір уақыт кезеңіндегі қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар;
Иммундық блоттинг (бұдан әрі - ИБ) - қоздырғыштың жекелеген ақуыздарына ерекше антиденелердің болуын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс, АИТВ инфекциясын диагностикалау кезінде растаушы тест ретінде қолданылады;
Иммунологиялық зерттеу әдістері: иммундық ферменттік талдау (бұдан әрі - ИФТ), иммундық хемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ИХЛТ), электрлік хемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ЭХЛТ), ИБ - антигендер мен антиденелердің ерекше өзара іс-қимылына негізделген диагностикалық зерттеу әдістері;
Инвазивті әдістер - адам организмінің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика және емдеу әдістері;
Инкубациялық кезең - инфекция қоздырғышының организмге түскен сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары көрінгенге дейінгі уақыт кесіндісі;
Инфекциялық ауру ошағы - инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға берілуге қабілетті шектердегі қоршаған аумағы бар инфекциялық аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
Қатынасуға дейінгі профилактика - АИТВ инфекциясын жұқтыруды болғызбау үшін инфекция жұқтырмаған адамдарға қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Қатынасудан кейінгі профилактика - инфекция жұқтыру ықтималдығынан кейін АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекелін төмендету мақсатында қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету - медицина қызметкерлерінің бір-бірімен, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимылын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын іс-әрекеттерді құжаттандыруды қамтамасыз ететін аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалау жүргізу мақсатында медициналық қызметтер көрсету;
Қорытынды диагноз - емдеуші дәрігердің медициналық көмек көрсетілген аурулар (жарақаттар, патологиялық үрдістер) туралы қорытындысы.
Құпия медициналық зерттеп-қарау - медицина қызметкерінің құпияны сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
Құпия медициналық зерттеп-қарау - медицина қызметкерінің құпияны сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
Медициналық қызметтер - нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекеттері;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Парентералдық механизм - қан құю, инъекциялар және манипуляциялар кезінде тері жабындары мен сілемейқабықтың тұтастығының бұзумен қатар жүретін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға инфекцияның берілуі;
Реконвалесцент - сауығу сатысындағы науқас адам;
Ретровирусқа қарсы препараттар (бұдан әрі - РВҚ препараттары) - АИТВ инфекциясының профилактикасына және емдеуге пайдаланылатын препараттар;
Ретровирусқа қарсы терапия - иммундық жүйені қалпына келтіру, өмірге қауіп төндіретін ауыр сырқаттардың өршу тәуекелін төмендету, асқынулар санын азайту және АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың өмірін ұзарту мақсатында ретровирусқа қарсы препараттарды қабылдаудың қысқа және ұзақ курстарын қолдану арқылы АИТВ инфекциясын емдеу әдісі;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде (медициналық оңалтудың бірінші кезеңі), сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға;
Халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға неғұрлым қауіп төндіретін адамдар;
Халықтың негізгі топтары - өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халық топтары;
Энтералдық механизм - инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ИБ - Иммундық блоттинг

ИФТ - Иммунологиялық зерттеу әдістері: иммундық ферменттік талдау

ИХЛТ - иммундық хемилюминисценттік талдау

ҚР - Қазақстан Республикасы

МӘМС - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

ЭХЛТ - электрлік хемилюминисценттік талдау

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №65 бұйрығы
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-962020 бұйрығы
"Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығы
Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-1752020 бұйрығы
"Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ - 44 бұйрығы.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Заманауи медицинаның ең бір өзекті мәселесі - вирусты гепатит, оның шешімі барлық адамзат үшін маңызы зор. Барлық вирус түрлері де организмде ең маңызды ағза - бауырды зақымдайды. Қазіргі уақытта созылмалы гепатиттің бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігіне ұласуы өте көп кездеседі. В гепатиті кезінде өткір түрінің 10%-ы созылмалыға айналса, ал гепатит С кезінде 85%-ы созылмалы түріне ұласады. 10-20%-ы созылмалы түрімен ауыратын науқастарда одан әрі бауыр циррозы мен алғашқы бауыр қатерлі ісігіне алып келеді.
ДДСҰ дерегі бойынша вирусты гепатит әлемде 2 млрд жуық адамның немесе планетадағы әрбір үшінші адамның денсаулығына зиянын тигізді. Әлемде 325 млн адам B немесе С вирусты гепатитпен өмір сүреді. Жыл сайын 900 мыңға жуық адам B вирусты гепатиттен көз жұмады.
Қазақстанда вирусты гепатит бойынша 49175 ересек пациентД есебінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 23233 пациент С гепатиті, 22977 пациент В гепатиті, 1252 пациент D гепатиті диагнозы қойылған, 5976 пациент бауыр циррозына және тағы 500-ден аса адам бауырдың ГЦК, ХЦК ісігіне шалдыққан. Қазақстан гепатологтары 2018 жылдан 2020 жылға дейін 30 мыңнан аса науқасты С гепатитінен емдеп жазды. Бұл орайда С гепатитінен ем тұрғылықты жері бойынша тегін екенін атап өткен жөн.
Бұған қоса Қазақстанда B гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 1998 жылдан бері сәбилерге бірінші туған күні-ақ перзентханада вирусты гепатит жұқтырудан қорғайтын вакцина салынады. Республикалық гепатология орталықтарында скрининг зерттеулері жүргізіледі. Қазір мамандардың алдында бұл аурудың пайда болуының алдын алу бойынша кешенді шаралар әзірлеу міндеті тұр.
Отандық гепатология бауырдың асқынған созылмалы ауруларын, оның ішінде гепатитті емдеуге арналған медициналық көмектің барлық түрімен жарақтанған.
Вирусты гепатиттің қаншалықты машақат екенін ескерсек, ҚР денсаулық сақтау жүйесінде бұл аурумен күреске айрықша көңіл бөлінеді - алдын алу, скрининг, емдеу жүйелі жүргізіледі. Ел көлемінде вирусты гепатит, оны жұқтырып алудан сақтық шаралары және оның таралуы жөнінде халықты хабардар қылу мақсатында ағартушылық акциялары ұйымдастырылады. Халық арасында салауатты өмір салты насихатталып, әрбір ересек адамның өзі мен балаларының денсаулығына жауапкершілік сезінуге үндейді.
Гепатит деп бауыр тінінің қабынуын атайды. Гепатиттің А, B, С. Д және Е деп жіктелетін бес негізгі типі бар. Олардың ішінде өлімге душар қылатыны B және С гепатиттері: жыл сайын 1,4 млн адамның өмірін жалмайды. Бауыр циррозына алып келетін басты себептердің ішінде вирусты гепатиттер, алькогольді және алкогольді емес ішімдіктен бауырды май басу (гепатоз), сондай-ақ бауырдың аутоиммундық және метаболизмдік аурулары аталады.
Гепатиттен екі жолмен қорғануға болады:
1) Гигиена сақтау (бұл А және Е вирустарын қорғану үшін маңызды), қан құю кезінде және жыныстық қатынас кезінде абай болу - бұл B және С гепатиттерінен сақтануға көмектеседі;
2) Екпе алу немесе вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қабылдау. Әдетте вакцина адамға А және B гепатиттерінен сенімді қорғаныш болады, ал дәрі-дәрмектер 95% жағдайда тиімділігін көрсетіп отыр
Зерттеу мақсаты: вирусты гепатиттың алдын алудағы мейіргердің қызметін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Вирустық гепатит проблемасына арналған қолданыстағы ғылыми-медициналықәдебиеттерге талдау жүргізу.
2. Вирустық гепатиттің дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
3. Гастроэнтерологиялық бөлімшедегі пациенттерге сауалнама жүргізу. Алынған нәтижелерді статистикалық жалпылау және оларды талдау.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста жүйелік тәсіл қолданылды, оның ішінде зерттеудің статистикалық әдістері: статистикалық бақылау, деректерді өңдеу және топтау, статистикалық материалдарды талдау, бағалау. Статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігі бағалау әдісі, салыстырмалы әлеуметтік әдістер (сауалнама жүргізу).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері негізінде мейіргерлердің еңбек қызметіне бағалау жүргізілді.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде ұсынылған ережелер мен қорытындылар, бағыттар мен жолдары мейіргерлердің жұмыс істеу және даму тиімділігін арттыру үшін, күтімді жақсарту үшін медициналық ұйымдарда тәжірибелік маңызы бар.

1.1 Вирусты гепатит туралы жалпы мәлімет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 2 миллиардқа жуық адам вирусты гепатитке шалдыққан (жер бетінің әр үшінші тұрғыны), 325 миллион адам В немесе С вирусты гепатитімен өмір сүреді, жыл сайын 900 мың адам В вирусты гепатитінен қайтыс болады.
Қазақстанда (2022 жылдың аяғында) вирусты гепатит диагнозымен 49 175 ересек пациент D есебінде тұр, оның ішінде 23 233 адам С гепатиті, 22 977 адам В гепатиті, 1 252 адам D гепатитіне шалдыққан, 5 976 адам бауыр циррозымен, ал 500-ден астам адам ГЦК, ХЦК бауыр ісігімен ауырады.
Вирусты гепатит - ауыр патология, оның ішінде цирроз және бауыр ісігін тудыратын бауырдың қабынбалы ауруы. Вирусты гепатитті 5 вирустың біреуі тудыруы мүмкін: A, B, C, D және E.
Гепатиттің берілу жолдары вирустың түріне байланысты және фекалды-ауыз арқылы, контактілі-тұрмыстық жолмен (А, Е) және парентералды (В, С, D) болып бөлінеді.
А және Е гепатиті лас азық-түлік (суармалы егістіктерде немесе нәжіспен ұрықтандырылатын бақшаларда өсірілген жидек, көкөніс, көк шөп вирус жұқтыруы мүмкін) және су (сапасыз ауыз су тұтыну, ластанған су қоймалары мен бассейндерде шомылу кезінде);
Инфекция жеке гигиена қағидалары сақталмаған жағдайда контактілі-тұрмыстық жолмен беріледі (қол арқылы, сондай-ақ инфекция қоздырғышын жұқтырған барлық заттар арқылы).
Симптомдары: сарғаю (тері мен көздің сарғаюы), зәрдің қараюы, шаршау, жүрек айну, құсу, нәжістің түсінің өзгеруі, іш ауыруы.
Көбінесе А гепатиті жеңіл өтеді, адамдардың көпшілігі толық қалпына келеді және иммунитет пайда болады.
А және Е гепатитінің алдын алу:
суды қайнатыңыз;
Жемістер мен көкөністерді мұқият жуыңыз;
Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз;
Өнімдерді жеткілікті түрде термиялық өңдеңіз;
Су қоймаларында, бассейндерде шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз (су жұтпаңыз).
Парентеральды гепатит:
В гепатиті адамнан адамға инфекциялы қанмен және оның туындыларымен байланыс арқылы беріледі:
стерильді емес медициналық, стоматологиялық және косметикалық құралдарды пайдалану кезінде;
жыныстық қатынас кезінде және күнделікті өмірде жеке гигиеналық заттарды (тіс щеткалары, ұстара және т.б.) ортақ пайдалану кезінде;
80% жағдайда ауру симптомсыз өтеді және адамдардың көпшілігі жұқтырғанын білмейді, сондықтан цирроз немесе бауыр ісігінің дамуымен созылмалы кезеңге өтеді.
С гепатиті - созылмалы бауыр ауруларының ең таралған түрі, ол негізінен инфекциялы қан арқылы беріледі, симптомсыз өтеді және диагнозы жиі қойылады анықталады.
D вирусы гепатиті В гепатитіне шалдыққан адамдарға ғана жұғады және нәтижесі жаман жағдайға әкелуі мүмкін.
Парентеральды гепатиттің алдын алу:
1. Вакцинация - В гепатитінің алдын алудың негізгі құралы. Вакцинацияның толық курсынан кейін балалар мен жасөспірімдердің 95%-дан астамында күшті иммунитет қалыптасады.
2. Сақтық шаралары:
Теріні зақымдайтын манипуляциялар кезінде стерильденбеген құралдарды пайдалануға болмайды: ине емшарасы, пирсинг, татуировка, тырнақ салонында немесе тіс дәрігерінің кабинетінде;
Жеке гигиена құралдарын ортақ пайдалануға болмайды (тырнақ қайшысы, қас жұлғыш, ұстара және тіс щеткасы);
Жыныстық қатынас кезінде тосқауылды қорғаныс құралын (презерватив) пайдалану қажет.

1.2 Диагностикалық өлшемшарттар

Созылмалы С гепатиті диагнозының басты өлшемшарты 6 айдан көп уақытта қанда HCV РНҚ-ның болуы [1,5,6,11].
Шағымдар және анамнез. Созылмалы С гепатиті симптомсыз немесе аз симптоммен өтеді және ол ерекше емес мынандай симптомдармен сүйемелденуі мүмкін [4,5,6,10-15]:
шаршау;
тұмауға ұқсас симптомдар;
буындардың ауыруы;
ұйқы және тәбет бұзылуы;
лоқсу;
депрессия (барлық пациенттерде Бек шкаласын қолдана отырып, бағаланады)
Созылмалы С гепатиті:
депрессия (барлық пациенттерде Бек шкаласын қолдана отырып, бағаланады);
криоглобулинемия;
В-жасушалы лимфопролифераттық аурулар;
кеш тері порфириясы;
васкулиттер;
қызыл тегіс теміреткі;
Шегрен синдромы ;
гломерулонефрит;
2 типті қант диабеті сияқты бауырдан тыс көріністерімен асоциациялануы мүмкін:
Анамнез жинағанда:
гемотрансфузиядан кейінгі пациенттер;
ағзалардың және тіндердің трансплантациясынан кейінгі пациенттер;
анамнезде инвазиялық (медициналық емес) манипуляциялары бар адамдар;
есірткіні тұтынушылар;
ретсіз жыныстық қатынастағы адамдар;
созылмалы гемодиализдегі пациенттер;
онкогематологиялық аурулар бар пациенттер;
АИТВ және басқа парентералды инфекциялармен өмір сүретін адамдар;
СВГ бар адамдардың сексуалдық серіктестері;
медицина қызметкерлері;
HCV-инфекцияланған аналардан туған балалар;
өзгерген БФС бар адамдар сияқты қауіпті топтарға тиесілігін ескерген жөн.
Физикалық зерттеп-қарау ССГ-ның бастапқы кезеңінде, әдеттегідей, кішігірім гепатомегалияны қоспағанда, паталогияны анықтамайды. Ауырудың асқынуына қарай бауырдың үлкеюі және тығыздалуы байқалуы мүмкін.
Спленомегалия және созылмалы бауыр ауруының басқа да стигмалары анағұрлым кеш кезеңдерде көрінуі мүмкін [4,5,6,10-15].
С вирусты гепатиті басым түрде симптомсыз өтеді. Созылмалы С гепатиті циррозға өткен кезде жағдайлардың 6,4%-да бауырдың дисфункциясымен және порталды гипертензиямен шартталған симптомдар байқалады:
перифериялық ісіну;
асцит;
сарыауру;
қанталау және қан ағуы ;
жұлдызшалы гемангиомалар (телеангиоэктазия);
кеуде мен іш терісіндегі шаштың түсуі (ерлерде);
гинекомастия;
асқазан мен кеңірдектегі тамырлардың варикоздық кеңеюі;
бауыр энцефалопатиясына байланысты когнитивтік функцияның бұзылуы.
Бірқатар жағдайларда СВГ ГЦК бар пациенттерде анықталады, ол жиі БЦ белгілерімен бүркемеленеді және тек соңғы кезеңдерде ғана бауыр функциясының нашарлауын (сарыауру, асцит, бауыр энцефалопатиясы), ауырсынуда, астенизация мен салмақ жоғалтуды тудыруы немесе ушықтыруы мүмкін.

Зертханалық зерттеулер [1,4-6,11]:
Қауіп топтарына жататын адамдарға СГВ-ның (anti-HCV) болуына профилактикалық скрининг қажет. СГВ скринингі үшін сарысу мен вена пункциясы арқылы алынған плазмада anti-HCV анықтаудың баламасы ретінде тұтас қанның дақтарын зерттеумен расталған тесттер, сарысудың және саусақтан алынған қан плазмасының экспресс-тесті, сондай-ақ қызылиек жүлгесі, сілекей құрамының экспресс-тесті пайдаланылуы мүмкін. [1,4-6,11].
СГВ бар пациенттер үшін қажетті зерттеулер анемия (гиперспленизм, ВКТ-дан қан ағу нәтижесінде), лейкопения, тромбоцитопения (гиперспленизм және СГВ-ның тура миелодепрессивті әсер нәтижесінде), ЭТЖ-ның жеделдетілуін (инфекциялық асқынуда) анықтауы мүмкін тромбоциттерді санаумен ҚЖА-ны қамтиды [1,4-6,11].
Биохимиялық бейін АЛТ, АСТ, ГГТП, альбумин, билирубин, сілтілі фосфатаза, ХНҚ және ПУ көрсеткіштерін, сондай-ақ күнделікті (глюкоза, креатинин, холестерин) және кейбір, гамма-глобулиндер, IgG (аутоиммунды гепатит скринингі), сарысу темірі және ферритин (гемохроматоза және екінші рет темірмен артық жүктеу скринингі), церулоплазмин (Вильсона-Коновалов ауыруы скринингі), АФП (ГЦК скринингі) сияқты ерекше көрсеткіштерді қамтиды. АЛТ және АСТ белсенділігі ең төмен( НЖШ),әлсіз айқындалған ( 5 НЖШ), орташа (5-10 НЖШ), айқын ( 10 НЖШ) болуы мүмкін және әрқашан гистологиялық белсенділікпен ара-қатынас орнатпайды. Әдетте ССГ жағдайында билирубин деңгейі қалыпты.
Оның көтерілуі жіті гепатит кезінде байқалуы немесе аурудың соңғы кезеңінде бауыр қызметінің нашарлағанын куәландыруы мүмкін, ол сонымен қатар альбумин деңгейінің төмендеуімен және ХНҚ немесе ПУ-дың ұлғаюымен сүйемелденеді. СФ және ГГТП көрсеткіштерінің жіті гепатит кезінде ұлғаюы және созылмалы гепатит кезінде қалыпты деңгейде қалуы мүмкін. Зерттеп-қарау жоспарына сонымен қатар ЗЖА, копрограмма қосылады [1,4-6, 11].
Биомаркерлер зертханалық тесттер арқылы анықталады және некро қабыну процесінің (Акти Тест және ұқсастар) белсенділігі мен бауыр фиброзының айқындылығын (Фибро Тест және ұқсастар) бағалауға мүмкіндік береді. Биомаркерлік тесттер нәтижесінің түсіндірмесі 1 және 2-кестелерде келтірілген [1,4-15].

1.3 Вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

Жұғу жолдары: Аурудың таралу, жұғу механизмінің әртүрлі болуына байланысты гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді: энтеральды (ауыз қуысы арқылы) - А, Е гепатит түрлері және парентеральды (қан арқылы) жұғу - В; Д; С; G гепатит түрлері.
Гепатит А: - тұрмыстық қатынас жолымен - жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы; - су арқылы - лас суға түскенде, абайсызда су жұтып қойғанда және вируспен ластанған суды ішкенде; - тамақ арқылы - жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек жегенде.
Гепатит Е су арқылы Гепатит В, С, Д, G: - жарақаттанған тері, шырынды қабық арқылы егер вирус тасымалдаушымен тығыз қарым-қатынаста болса, (маникюр, педикюр, жиынтығы, мәуіт, тіс шеткасы және басқа да жеке бас гигиена құралдарын ортақ пайдаланған жағдайда); - қан құйылған кезде не одан дайындалған дәрілік заттарды пайдаланған кезде; - жыныстық қатынас арқылы; - кез-келген манипуляция жасау кезінде дұрыс, сапалы өңдеуден өтпеген медициналық бұйымдар арқылы; - парентеральды жолмен наркотиктер қабылдағанда; - сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда егер санитариялық ережелер дұрыс сақталмаса; - баланы сүндетке отырғызғанда; - ауру анасынан туу жолдары арқылы нәрестеге жұғады.
Инфекция көзі: - гепатит А, Е - ауру адам; - гепатит В, С, Д, G - ауру адам және вирус тасымалдаушы (вирусоноситель). Гепатит А түрінің ерекшелігі: - көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар (96,6%) ауырады; - жиі кездесетін түрі; - дер кезінде дәрігерге қаралып, емделсе, толығынан айығады; - жаз аяғы мен күз айлары қыркүйек - қараша аралығында ауру саны өседі. ВГА-ға шалдығу әр жеті жыл сайын күрт өсіп отырады.
Гепатит Е түрінің ерекшелігі: - тек су арқылы жұғады; Аяғы ауыр әйелдер ВГЕ-ге шалдықса, өте ауыр өтеді, 10 - 15%-ы өлім жағдайы болады; - көбінесе 15 - 29 жас аралығындағы адамдар ауырады; - жаз мезгілінде ауру саны өседі; - әр 7 - 8 жыл ауру саны күрт өсіп тұрады; - су арқылы жұғатындықтан бір мезгілде көп адам ауруға шалдығады.
Парентеральды гепатит түрлерінің ішінде өте жиі кездесетін түрлері: ВГВ, ВГС. Егер ауру дер кезінде дұрыс емделмесе, ВГВ түрінде 10%-ы созылмалы түріне ұласады, ал вирус гепатитінің С түрінде ауруға шалдыққандардың тек 15%-ы толығынан айығады, қалған 85%-ы созылмалы түріне ұласады, әрі қарай бауыр ісігі, циррозға әкеліп соғады. Сондай-ақ гепатиттің бұл түрлерінде вирус тек бауыр емес, басқа ағзаларда өсіп, көбейеді, зақымдайды, көкбауыр, қарын асты безі, қан жасушаларында және т. б.
Сонымен қатар вирус организмге түскеннен кейін аурудың инкубациялық кезеңі ВГВ-да 2-6 ай, ВГС - 6 айдан 2 жылға дейін, яғни өте ұзақ. Вирус гепатиті түрлерінің клиникалық белгілері: - әлсіздік, тәбеттің нашарлауы; - жүректің айнуы, кейде құсу; - дене қызуының 38,50 С және одан да жоғары көтерілуі; - оң қабырға астының ауруы; - зәр түсінің қоюлануы; - нәжістің түссізденуі; - көз ішінің , таңдайдың, кейінірек қол, аяқ және бүкіл дене терісінің сарғаюы.
А вирусты гепатиттің балалар арасында жұқтыру қауіпін кейбір зиянды әдеттер ұлғайта түседі: - тамақты бөлісу, бір бөтелкеден су ішу, бір сағызды шайнау; - кітапты парақтағанда саусақты шылау; - қарындаш, қалам, тырнақты тістеп, ауызға салу.
Гепатит түрлерінің арнайы алдын алу шаралары:
Гепатит түрлеріне қарсы вакцинамен егу гепатиттің тек 2 түрінде жүргізіледі: А және В түрінде. Гепатит А-ға қарсы: - екі жастағы балалар; - АВГ ошағында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар; - он төрт жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар егіледі.
Егу курсы арасына 6 ай салып, 2 рет егіледі. Гепатит В түріне егілуге тиісті контингенттер: - нәресте дүниеге келгенде 12 сағат ішінде, 2, 4 айлық жасында; - барлық медицина қызметкерлері; - вирусты гепатит В ауруы ошағындағы отбасы мүшелері; - қан, оның компоненттері мен препараттарын құйдыртқан - реципиенттер. - меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі жоғары және орта білім беру ұйымдарында оқитын адамдар; - алғаш анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандар; - жиілікке қарамастан гемодиализге және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға жататын алғаш адамдар; - онкогематологиялық науқастарға вакцинациялау жүргізіледі.
Гепатиттің А, В түріне егу шарасы ауданда толық жолға қойылған, вакцина жеткілікті. Бірақ өкінішке орай ақысыз егілетін осы инфекцияларға қарсы егуден бас тартып, өз балаларының басын бәйгеге тігіп отырған ата-аналар баршылық, Басқа да алдын алу шаралары: - дәретханадан соң тамақтанар алдында қолды сабындап жуу; - тек қауіпсіздігі анық немесе қайнатылған су ішу; - көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып, жеу; - тек шомылуға болатын жерлерде суға түсу (шомылғанда суды жұтып қоймауды қадағалау); - жеке бас тазалығына арналған заттарды тұтыну (орамал, мәуіт, бет орамал және т.б.); - ыдысты, үй-жай, мектепті таза ұстау; - мектеп ішін оқушылардың жуып-тазалауына тыйым салу; - салауатты өмір салтын ұстану; - сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда әр тұтынушыға жеке құралды қолдану, санитариялық ережелерді қатаң қадағалау.

1.4 Вирyсты гепатит ауруларында мейіргерлік күтім

Анамнезді жинау кезінде пациенттің бұрын жедел вирустық гепатитпен ауырғанын немесе осы аурумен ауыратын адаммен байланыста болғанын анықтау керек, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жиі инъекциялау және қан құю, сондай-ақ гемодиализді емдеу туралы сұрау керек. Сондай-ақ алкогольге, есірткіге, улы заттармен (ауыр металдар, хлорланған көмірсутектер және т.б.) тұрмыстық және өндірістік байланыстарға, сондай-ақ белгілі бір дәрі-дәрмектерді (гепатотоксикалық антибиотиктер, цитостатикалық және гормоналды препараттар және т. б.) қолдану туралы білу қажет.
Тексеру кезінде терінің және көрінетін шырышты қабаттардың сарғаю түсінің әр түрлі дәрежесі жиі анықталады, кейде-теріде жұлдыздар мен дақтар түрінде ерекше тамырлы түзілімдер, алақанның қызаруы, сондай-ақ тілдің ақ жабындымен жабылуы. Іштің пальпациясы бауырдың ұлғаюын және оның ауырсынуын анықтай алады.
Анамнез деректін және объективті зерттеу нәтижелерін талдайтын мейіргер созылмалы гепатитпен (СГ) ауыратын науқаста келесі маңызды мәселелерді анықтай алады:
* Диспепсиялық бұзылулар, мысалы, жүрек айну, кекіру, құсу және аузындағы ащы сезім.
* Оң жақ гипохондриядағы ауырлық пен ауырсыну.
* Жалпы әлсіздік, шаршаудың жоғарылауы және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі.
* Ауруды диагностикалау, алдын алу және емдеу принциптері туралы білімнің болмауы.
* Ауруға және әдеттегі өмір салтын өзгертуге байланысты психологиялық, физикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер.
Жағдайды толық түсіну үшін медбикеге пациентке келесі сұрақтарды қою ұсынылады:
* Аурудың өршуіне қандай себептер себеп болды деп ойлайсыз?
:: Сіз ұсынылған диетаны ұстанасыз ба?
* Тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолданасыз ба және қалай шыдайсыз?
* Сіз өзін-өзі емдейсіз бе, егер солай болса, қандай жолмен?
Күтімді жоспарлау кезінде мейіргер отбасылық жағдайға талдау жасайды, пациент пен оның туыстарының созылмалы гепатит (ХГ) туралы білім деңгейін, сондай-ақ психологиялық, физикалық қолдау көрсету қабілетін бағалайды.
Мейіргер зертханалық және аспаптық зерттеулердің орындылығын, қауіпсіздігін және диагностикалық мүмкіндіктерін түсіндіреді. Ол сондай-ақ қажетті ақпаратты беру арқылы науқасты тыныштандыруға тырысады, аурудың мәнін және оның алдын алу мен емдеу әдістерін түсіндіреді.
Мейіргердің міндеті-аурухана бөлмесінде де, үйде де науқастың айналасында тыныш және жағымды атмосферасын құру. Ол сондай-ақ пациенттің физикалық белсенділігін ұтымды түрде шектейді, жалпы әлсіздік пен шаршауды азайту үшін жақсы демалу мен ұйқыны қамтамасыз етеді.
Мейіргер пациенттің дәрігердің емдік тағайындауларына, соның ішінде диета мен дәрі-дәрмектерге сәйкестігін бақылайды, дәрі-дәрмектің ықтимал жанама әсерлерін анықтайды, аурудың клиникалық көріністерінің жалпы жағдайы мен динамикасын бағалайды, дәрігерге кез келген өзгерістер туралы хабарлайды.
Мейіргерлік күтімнің маңызды аспектілерінің бірі - пациентті диспепсиялық синдромның ауырлығын төмендетуге бағытталған жалпы гигиеналық шараларға үйрету.
Емдік тамақтану принциптерін сақтау, күні бойы жиі аз мөлшерде тамақтану, сондай-ақ ауыз қуысын күтуге үйрету, соның ішінде сумен шаю, антисептикалық ерітінділерді қолдану және тістерді дұрыс тазалау кіреді.
Созылмалы гепатитпен ауыратын науқастар үшін алкоголь мен темекі шегуден бас тарту, сондай-ақ ауыр физикалық белсенділікті болдырмау маңызды.
Ауруханада және үйде инфекцияға қарсы шараларды, соның ішінде әртүрлі медициналық процедуралардағы асептика принциптерін сақтау да маңызды.
Созылмалы гепатиттің (СГ) өршуін емдеу принциптері вирустың белсенділігін тежеу және бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы және гепатоцеллюлярлық қатерлі ісік сияқты асқынулардың даму қаупін азайту мақсатында стационарлық емдеуді қамтиды.
СГ өршуі кезінде пациенттер физикалық және психоэмоционалды жүктемелерді шектей отырып, жұмсақ (жартылай төсек немесе төсек) режимін сақтайды.
Емдік шаралар кешенінде маңызды орын диеталық терапияға (5А, 5 үстелдер), жануарлардан алынатын майларды және диетадағы ақуыздар мен көмірсулардың жеткілікті мөлшерін шектеуге арналған. Майлы, қуырылған, ысталған, ащы, тұзды, консервіленген ет және балық өнімдерін, сондай-ақ алкогольдік сусындарды қоспағанда, аз мөлшерде тағамды жиі (тәулігіне 4-5 рет) қабылдау ұсынылады.
Көкөністер мен жемістерді, дәнді дақылдарды, өсімдік майларын, майсыз сиыр,, бұзау,, балықты, құсты, ірімшікті және сүзбені тұтыну ұсынылады.
СГ өршуінің негізгі бағыты дәрі-дәрмекпен емдеуге, ең алдымен вирусқа қарсы препараттарға бағытталған.
Белсенді вирусқа қарсы терапияның көрсеткіші-бұл бауыр биопсияларындағы морфологиялық өзгерістермен бірге жүретін қандағы вирустың белгілі бір маркерлерінің жоғарылау деңгейінде көрінетін жоғары HG белсенділігі.
Парентеральды және ішкі қолдану үшін монотерапияны және вирусқа қарсы препараттармен біріктірілген емдеуді қолдану бар. Созылмалы гепатиттің әртүрлі түрлерінде ұзақ мерзімді аралас емдеудің тиімділігі дәлелденді.
Сондай - ақ, бауыр жасушаларын метаболизмнің улы өнімдерінен қорғауға бағытталған" гепатопротекторлар " қолданылады. Полиферментті препараттар бауырдың қалыпты жұмысын сақтау үшін де қолданылады.
Созылмалы В гепатитінің алдын алу вакцинацияны, әсіресе рекомбинантты Engerix-B вакцинасын кеңінен қолдануды қамтиды.:
1. Барлық жаңа туған нәрестелер мен 18 жасқа дейінгі адамдар.
2. Жабық мекемелердегі адамдарға (түрмелер, колониялар).
3. Медицина қызметкерлеріне.
4. Гемодиализ алатын пациенттерге және донорлық қан алушыларға.
5. В гепатиті вирусын жұқтырған адамдардың отбасы мүшелері мен жыныстық серіктестеріне.
6. Гепатит бойынша эндемиялық өңірлерге 6 айдан астам мерзімге баратын адамдарға.
7. 6 ай ішінде 1-ден астам жыныстық серіктесі бар адамдарға.
8. Нашақорлар мен гомосексуалдар.
Бауырдың созылмалы ауруларының алдын алуда қан донорлары арасында вирус тасымалдаушыларды анықтау және оларды донорлықтан шығару маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ аталған халық топтары арасында тиісті ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шараларын жүргізу қажет. Медициналық мекемелерде қолды жуу, бір реттік материалдарды пайдалану, медициналық жабдықты тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыруды қоса алғанда, әмбебап гигиена принциптерін қатаң сақтау қажет.
В гепатиті вирусын жұқтырған науқастарға отбасында тіс щеткасы, ұстара, қайшы және т. б. сияқты жеке дәретхана заттары болуы ұсынылады.
Профилактиканың маңызды құрамдас бөлігі салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде жыныстық гигиена, алкоголизм мен нашақорлықпен күресу болып табылады.

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Зерттеу 2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың желтоқсан айына дейін жүргізілді.
Зерттеу базасы ретінде Тараз қаласының орталығында орналасқан "Садыхан Облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығы" болып тандалды.
Садыхан Облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығы аккредиттелген медициналық ұйым.
Жамбыл облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығы (ОКДМО) басында облыстық аурухана жанындағы құрылымдық бөлімшелердің бірі ретінде ашылды.
1997 жылғы 1 сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 24.03.1997 жылғы №162 бұйрығымен ЖОКДМО дербес мәртебеге ие болды.
Емхананың кабинеттері жоғары ажыратымдылық қабілеті бар жоғары технологиялық аппараттармен жабдықталған, бұл қажетті зерттеуді барынша дәлдік пен қауіпсіздік дәрежесімен жүргізуге мүмкіндік береді, барлық тар мамандар жұмыс істейді , сондай-ақ жалпы практика дәрігерлері, бекітілген Халыққа (ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы стационарлар мен санаторийлерге жатқызу) және қосалқы мердігерлік бойынша Медициналық қызметтер көрсетеді. Цитоморфологиялық және биохимиялық зертхана, 4 санаттағы шұғыл медициналық көмек жұмыс істейді
Бұл дипломдық жұмыста жүйелі тәсіл қолданылды, оның ішінде: статистикалық бақылау; жиналған деректерді өңдеу және топтау; статистикалық материалдарды талдау; статистикалық зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустықгепатиттер
Ауру малды оқшаулау
Холестаздық белгілері басым болатын жедел вирусты гепатиті
Гепатит
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру
Вирусты гепатиттер А, Е
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Аурулар туралы
Вирусты гепатит
Пәндер