Массаждың теріге әсері


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «БАЛАЛАР МАССАЖЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРГЕРДІҢ РӨЛІ»
Орындаған: Шахтанова Қарлығаш
Ғылыми жетекші: Сайлаубаева Н. Н.
Тараз 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі анықтамалар қолданылды:
Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету - медицина қызметкерлерінің бір-бірімен, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимылын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын іс-әрекеттерді құжаттандыруды қамтамасыз ететін аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалау жүргізу мақсатында медициналық қызметтер көрсету;
Медициналық қызметтер - нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекеттері;
Медициналық оңалту - пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
Медициналық оңалтудың бірінші кезеңі - аурудың жіті, жітілеу кезеңдерінде, сондай-ақ, операциялық араласулар және жарақаттар кезінде медициналық оңалту реабилитолог дәрігердің консультациясынан кейін асқынулардың профилактикасы және функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) жүргізіледі.
Медициналық оңалтудың екінші кезеңі - медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынының оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі.
Медициналық реабилитация - мүгедектігі бар балалардың қалыптаспаған функциялар мен дағдыларды меңгеруге немесе алмастыруға және оларды қоғамға интеграциялауға бағытталған медициналық оңалту процесі. Медициналық абилитация туа біткен функционалдық шектеулері бар балаларға олар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі;
Мультидисциплинарлық топ - тыныс-тіршілігінің сипаты мен дәрежесіне, пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылуына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Мультипәндік топ - пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Оңалту әлеуеті - белгілі бір уақыт аралығында пациенттің организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын ішінара немесе толықтай қалпына келтірудің клиникалық тұрғыдан негізделген мүмкіндігі;
Оңалту бағдарының шкаласы - тыныс-тіршіліктің жұмыс істеу және шектелу жай-күйін бағалауға негізделген медициналық оңалтуды алу деңгейін айқындайтын шкала;
Оңалту баллы - оңалту араласулары нәтижесінде тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы d доменінің ауытқу дәрежесі бойынша оңалту диагнозын бір қадамға өзгерту.
Оңалту диагнозы - туындаған зақымдануды сипаттауды және осы бұзушылықтың салдарынан болған тұрмыстық және кәсіби дағдыны және БӘФ қамтитын аурудың (жарақаттың) функционалдық салдарын бағалау өлшемін тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы санаттарында көрсететін диагноз;
Оңалту картасы - зерттеу жүргізілген, оңалту емінің нәтижесі көрсетілген науқастың объективті жағдайы туралы деректер жазылған бастапқы медициналық құжаттаманың нысаны;
Оңалтудың қысқа мерзімді мақсаты - ағымдағы оңалту курсынан кейін пациенттің күткен жағдайы;
Оңалтудың ұзақ мерзімді мақсаты - негізгі оңалту курсынан кейін пациенттің күтетін соңғы жағдайы;
Пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі - медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін, оңалтуды жүргізу түрлері мен мерзімдерін көрсететін оңалту іс-шараларының жоспары;
Санаторийлар - медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адамның денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі қызметтерді көрсететін ұйымдар;
Санаторийлік-курорттық ұйымдар - медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адамның денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі санаторийлік-курорттық қызметтерді көрсететін ұйымдар: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балалардың оңалту-сауықтыру орталығы.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде (медициналық оңалтудың бірінші кезеңі), сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға;
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
МӘМС - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МДТ - мультипәндік топ
ОБШ - оңалту бағдарының шкаласы
ОЖБ - пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №65 бұйрығы
- Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы
- "Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығы
- Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз алдына 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің бірі болудың маңызды стратегиялық мақсатын қойды. Бұл ретте ел халқының жалпы санының 31, 4% -. құрайтын қазіргі балалар мен жасөспірімдер оң өзгерістерді көбірек сезінетін болады, сондықтан да қойылған мақсатты іске асыруда белсенді қатысушы болуға тиіс.
Балалардың денсаулығы - ата-аналардың өміріндегі ең маңызды нәрсе. Баланың өмірі ересектердің баланың денсаулығы мен дамуы мәселесіне қаншалықты байыпты және жауапкершілікпен қарайтындығына байланысты.
Өмірдің бірінші жылында бала пластилин сияқты - оған не салсаңыз да, қандай іргетас берсеңіз де, ол өмірге барады [1, 2] .
Баланың физикалық дамуына массаж көп ықпалын тигізеді, оның көмегімен дені сау балалар өз құрдастарынан озып кетеді, ал ауыр аурулары бар балалар қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік алады.
Массаж кабинетінің мейіргері - массаждың әртүрлі түрлерін жасайтын маман. Ол процедура кезінде науқастың физикалық жағдайына толық жауап береді, массаж бөлмесінің санитарлық жағдайын бақылайды. Ол жасын және медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, әртүрлі әдістермен массаж жасайды [3, 4] .
Массаж кабинетінің және массажистің жұмыс орнының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Пациенттерді массажға дайындайды, процедуралар кезінде пациенттердің жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік (классикалық), сегменттік, нүктелік, спорттық, гигиеналық, косметикалық, аппараттық массаж, су астындағы душ-массаж жүргізеді.
Массажды емдік дене шынықтырумен, физиотерапиялық процедуралармен, тартумен, қолмен терапиямен үйлестіру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді [5, 6] .
Пациенттер мен медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, массаж кабинетінде инфекциялық бақылау талаптарын орындайды. Медициналық құжаттаманы жүргізеді. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық қалдықтарды жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асырады. Үй-жайда санитарлық-гигиеналық режимді, асептика және антисептика ережелерін, құралдар мен материалдарды зарарсыздандыру шарттарын сақтау, инъекциядан кейінгі асқынулардың, гепатиттің, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады [7] .
Зерттеу мақсаты: балалар массажын жүргізу кезіндегі мейіргердің рөлін сауалнама арқылы анықтау
Зерттеу міндеттері:
- Массаж, түрлері, ағзаға физиологиялық әсер ету механизмдері туралы әдебиеттік шолу;
- Медициналық оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттарын зерттеу;
- Зерттеу барысында алынған сауалнамаға талдау жасау.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста жүйелік тәсіл қолданылды, оның ішінде зерттеудің статистикалық әдістері: статистикалық бақылау, деректерді өңдеу және топтау, статистикалық материалдарды талдау, бағалау . Статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігі бағалау әдісі, салыстырмалы әлеуметтік әдістер (сауалнама жүргізу) .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Массаж кабинетінің мейіргерінің балаларды маңыздылығы анықталды. Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері негізінде мейіргерлердің еңбек қызметіне бағалау жүргізілді.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде ұсынылған ережелер мен қорытындылар, бағыттар мен жолдары массаж кабинетінің мейіргерлерінің жұмыс істеу және даму тиімділігін арттыру үшін, күтімді жақсарту үшін оңалту орталықтарында тәжірибелік маңызы бар.
- Массаж, түрлері, ағзаға физиологиялық әсер ету механизмдері
Массаж - француз тілінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның өзі түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «mass» - жақындау, сипалау) . Осында 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішінде массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінен папирус жапырағын жазылған массаждың тәсілдері табылған.
Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін - бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхирибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж. ) дүниесі еді.
Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен . . . Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массажың илеу - жұмсарту - мыжу тәсілін кеңінен қолданады [9, 10] .
Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156- 128 жж. ) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы кітабының бір тарауын массажға арнаған». Массаждың өрлеуіне үлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірге дейінгі 131- 120 жж. )
Массаждың етек алып дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға - Әбу Әли - Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әр түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж - денені қатайтады, әлсіз - босатады, ұзақ - адамды арықтатады, орташа - құлпыртады, даярлық - дене тәрбиесіне икемдейді [11, 12] .
Ғалымның берген осындай анықтамалары - емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол тек қолмен емес, аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның кең тараған, алғаш ашылған жері біздің көршіміз Қытай елі болатын. «Най-цзин» (ішкі құрылыс кітап атты қолжазбада осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған [13] .
Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты 3 кітаптың біздің дәуірімізге дейін 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қолдану керектігі атап көрсетілген.
Славян елдерінде массажды моншада бейнек (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массаж туралы туындылар көп болғаны мен, бізге жеткені шамалы, қазірдің өзінде біреуі білсе, екіншісі білмейді. Тек XIX ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті [14] .
Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен тараған. Сондықтан емдеу әдістерінің еі негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы деп екіге бөлінеді. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал Шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қарап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады. Кейінгі кезде өскелең өмірдің талабына байланысты массаждың тәсілдері мен әдістері де толықтырылып келеді [15] .
Оның жаңа қолайды түрлерін ойлап шығаруға ұмтылуда. Дегенмен қазақ тілінде шыққан туындылар жоқтың қасы. Ол қазақ тілінде массаж болмады деген сөз емес, соны жеткізіп, халық арасына тарататын мамандардың жеткіліксіздігі. Мәселен, омыртқа тұтасып ауырғанда балалардың аяғы мен нығарлап бастыру, немесе бір қолмен теріні тартып, екінші қолмен үзу, іскен жерді сипау, сынған сүйектерді қолмен сылап - сипай отырып орнына түсіру.
Осының барі біздің елде массажды ғасырлар бойы емдік мақсатта шеберлікпен қолданылғанның айғағы. Массаждың осындай қарапайым түрлерінен адамдар жеңілдік алады: құрысқан жері жазылып, ауырған жері басылып көңіл бір бөлек - күйі бір бөлек көтеріледі, сергиді [16, 17] .
Медицинаның дамуына байланысты соңғы жылдары барлық емдеу - профилактикалық орындарда массаж бөлмелер ашыла бастады. Білікті мамандар да жыл өткен сайын көбеюде. Массаж халықтық медицинадан ресми түрде ғылыми медицинаға ауысты.
1. 2 Массаждың денеге тигізетін әсері
Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массажды денеге әсері, физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т. б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол - нервті - рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау [18] .
Массаж жасағанда теріде, бұлшық етте, буындарда жатқан нерв талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір нерв талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде - экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар - проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер - ангиорецептор және ішкі ағзалардағы - интерорецептор деп аталады. Осы рецепторлардың бәрі тітіркеніштен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап рекция түседі. Содан денеде әр түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы нерв жүйесіне тікелей байланысты, сол сияқты тітіркенген жердің көлеміне массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты [19, 20] .
Тағы бір көңіл аударатын мәселе - массаждың тиімділігінде үлкен роль атқаратын - гумморалды фактор. Массаждың әсері мен тканьдердің ішінде жоғарғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан айналыммен және зат алмасуын үдетеді. Мәне осыны гуморалды зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық заттардың қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, техникалық сұйықтың тканьдердің өзара созылуы, орын алмастыруы т. б. механикалық фактор зат алдмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасалған жердің ыстығын көтереді [21] .
Сонымен массажда нерв импульстары ағындап, ми қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол нерв талшықтары арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойдағы аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді, осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. Массаждан адамның денесі сергіп, рахаттанып, көңіл - күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді [22, 23] .
Массаж дұрыс орындалмағанда массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып массаж жасауға болмайтын кезде организм массажды көтере алмайды.
Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін қызарып, талаурап, қатты ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген карияларда дұрыс отырғызбаса, не дұрыс жатқызбасада осындай жағымсыз реакция береді [24] .
Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болмаса оны етбетінен жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондықтан ондай ауруға массажды отырып жасаған абзал. Ішкі ағзалардың функционалдық қызметін, науқастың ауырған жерін анық бәлмей массаж жасауға болмайды [25] .
Массажды зерттеген ғалымдар оның толық нерв жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына әсер ететінін айқын көрсетті.
Массаждың теріге әсері. Түсінікті болу үшін терінің құрылыс мен қызметі туралы айта кетуді жөн көрдік.
Тері - дененің сыртқы қабығы. Оның аумағы шамамен 2 м кв. Тері негізгі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат - эпидермис көп қабатты эпителлий тканінен түзеледі. Ол үнемі түлеп, тереңірек орналасқан клеткалардың көбею есебінен жаңарып отырады.
Эпидермистің астында дәнекер тканінің тығыз қабаты - дермо орналасқан. Бұл жерде көптеген рецепторлар май және тері бездері түбірі, қан және лимфа тамырлары болады [26, 27] .
Ең терең қабат - шел клечаткасы май тканінен түзелген. Ол организм үшін «төсеніш» қызметін атқарып, қоректік заттармен «энергияға» қойма болып есептеледі. Тері барлық тканьдермен мүшелерді механкиалық зақымданудан сақтандырып, организмге бөгде заттардың ауру тудыратын микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері организмді ультракүлгін сәулелердің артық мөлшерінің зиянды әсерінен қорғайтын қоңыр пигмент жасап шығарады. Теріде балалардың мишель ауруының дамуына кедергі жасайтын Д витамині түзеледі. Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуджы қабылдайтын әр түрлі рецепторлар бар. Олар адамды жарақаттанудан, үсуден сақтауға мүмкіндік береді. Терінің сезімталдығы организмнің қоршаған орта мен өзара байланысында маңызды роль атқарады [28] .
Терінің сезімталдығынан айырылған адам көп жарақаттанады. Тері зәр шығару қызметінде атқарады. Сумен тұздың артық мөлшері организмнің тері бездері арқылы шығарылады. Сол сияқты тері дене температурасының тұрақтылығына сақтауға қатысады. Теріде өте көп ұсақ қан тамырлары орналасады.
Қоршаған орта температурасы төмендеген кезде тамырлар рефлекс жолмен тарылып, теріге келетін қан мөлшері азаяды, организмнің жылу шығаруы кемиді. Терідегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуын адам өзінен байқай алады. Қоршаған орта ыстық болса - тері қызарып, ал суықтан - бозарып кетеді [29, 30] .
Адам терісінде 2 миллионнан астам тері бездері бар, ол тәулігіне 12 литрге жуық тер бөліп шығарады. Бұл адамның өз дене температурасынан жоғарғы ортада тіршілік етуне мүмкіндік береді. Ауа өте ылғалды болғанда дененің булану арқылы жылу шығару қиындай түседі. Жылудың реттелуі рефлекс жолымен жүзеге асады. Жылудың түзілуі мен оның шығарылуы гуморальдық әдіспен де реттеледі [31, 32] .
Мысалы қорыққанда және ашулананғанда қандағы адреналиннің мөлшері артады. Терінің тамырлары тарылып, адамның өңі бозарады, дененің жылу түзуі күшейеді. Тері осындай күрделі қызметінің арқасында денеге үлкен физиологиялық пайда тигізеді, организм органдардың өмірлік қызметіне ықпал жасайды [33] .
Массаждың әсерінен терінің сыртқы - эпидермис қабаты қабыршықталып түседі. Оның өзі терідегі қан айналымымен жақсартып, тыныс алуын арттырып, май және тері бездерінің шыңдап, денедегі жылуды реттейді. Терінің өте майланып тұруы қажет. Ол эпидермистің ыдырауынан (суға көп түсетін спортшыларғ қатысты) немесе кеуіп, құрғап кетуінен сақтайды (ауада көп жүрген кезде) [34, 35] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz