Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «БАУЫР ЦИРРОЗЫ БАР НАУҚАСТАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Орындаған: Каниева Жадыра
Ғылыми жетекші: Баетова А. Қ.
Тараз 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста қолданылған негізгі анықтамалар:
Білікті медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;
Дәрігерге дейінгі көмек - аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;
Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі.
Денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Денсаулыққа байланысты өмір сапасы - физикалық, ақыл-ой, эмоционалды және әлеуметтік қызметке қатысты салаларды қамтитын кең ауқымды ұғым. Халықтың денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы және өлім себептерін анықтау туралы тікелей өлшемдер шеңберінен шығып, негізгі назар денсаулық жағдайының өмір сапасына тигізетін әсеріне аударылады.
Денсаулыққа байланысты өмір сапасы туралы тұжырым - адам өміріндегі жағымды эмоциялар мен өмірге қанағаттану сияқты жағымды жақтарды бағалайтын әл-ауқат.
Динамикалық байқау - пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету.
Донор - донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасуша, репродукциялық ағзалардың, жыныстық жасушалардың, эмбриондардың тіндері) жинақтау, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тін бөлшегін) және (немесе) ағзаларды (ағза бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар.
Донорлық ұйым - транспланттау мақсатында мәйіттерден ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу және консервациялау жүзеге асырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Донорлық функция - медициналық тексеруді және қан мен оның компонентерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын донордың ерікті актісі.
Клиникалық хаттама - белгілі бір сырқаттанушылығы немесе пациенттің жағдайы болған кезде, профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативті медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелді ұсынымдар;
Мамандандырылған медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;
Медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;
Медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтердің тұтынушыларына медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
Өмір сапасы - өмірдің жағымсыз және жағымды сипаттамаларын көрсететін жеке адамдар мен қоғамның жалпы әл-ауқаты. Ол өмірге қанағаттанушылық деңгейін көрсетеді: физикалық денсаулық, отбасы, білім, жұмыс, байлық, қауіпсіздік, діни сенім бостандығы және қоршаған орта. Өмір сапасы кең ауқымды контекстерге ие, оның ішінде, халықаралық даму, денсаулық сақтау, саясат және жұмыспен қамту салаларын қамтиды.
Стационарды алмастыратын көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;
Стационарлық көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Тірі донорлар - ағзаны немесе ағзаның бөлігін өз еркімен науқастарға трансплантациялау үшін беретін және донорлыққа қарсылығы жоқ адамдар.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
БАЕМА - Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы
БИ - Белгісіздік интервалы
ВВГ - В вирусты гепатиті
ВСГ - С вирусты гепатиті
ГЦК - Гепатоцеллюлярлық карцинома
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
ЖТД - Жалпы тәжірибе дәрігері
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Статистика бойынша жер шарында 30% халық созылмалы диффузды бауыр ауруларынан зардап шегеді. ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек, бұл пайыздық көрсеткіш 2 млрд адамды құрайды екен.
Бауыр аурулары медициналық қоғамдық маңызды мәселе және осындай бұзылыстармен зардап шегетін 60% науқастар еңбекке қабілетті жастағылар болып табылады. Ерлерде жиі байқалады. Ерлер мен әйелдер арсындағы арақатынасы 3:1-ді құрайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын бауыр циррозынан 2 миллионға жуық адам көз жұмады.
Еліміздегі жағдай да мәз емес. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2019 жылы 3 994 адам, 2020 жылы 4 772 адам, ал былтыр 5 614 адам қайтыс болған. Жылдан жылға статистикалық деректердің өсіп жатқанын байқауға болады.
ДДСҰ-ның анықтамасы бойынша бауыр циррозы дегеніміз бауырдың қалыпты құрылымында түйіндердің пайда болуымен және өзгеруімен сипатталатын диффузиялық процесс. Бұл созылмалы аурудың қатарына жатады.
Бауыр циррозының асқынулары қауіпті екенін айтады. Бұл ауру түрі асцит (іш қуысына сұйықтықтың мөлшерден тыс жиналуы), бактериалды перитонит (іш қуысындағы асциттік сұйықтыққа бактериалық инфекцияның қосылуы), өңештегі көк тамырлардың кеңеюі, бауыр энцефалопатиясы, көк бауырдың көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек бауыр жетіспеушілігі, бауырдың қатерлі ісігі де пайда болады дейді маман.
Дәрігердің айтуынша, бауыр циррозының жалпы белгілері симптомсыз түрден, өмірге қауіп-қатер туғызатын жағдайға дейін әкелуі мүмкін. Оған тәбеттің жоғалуы, оң жақ қабырға астының сыздауы, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ентігу секілді белгілер жатады. Бұдан бөлек әлсіздік, шаршау, бастың айналуы, іш көлемінің ұлғаюы, аяқтардың ісінуі, қан құсу, нәжістің қараюы мен тері қабатының, көз шырышының сарғаюы секілді белгілер де байқалады. Айжан Мұратбекова адамның бауыр циррозына шалдыққанын білмеуіне
Бұл ауру түрінен толығымен айығу мүмкін емес екенін айтады. Өңеш пен көк тамырларының кеңеюі әсерінен қан кетуді уақытылы тоқтатпаған жағдайда жедел бауыр жетіспеушілігі, бауырдың қатерлі ісігі мен бактериалды перитонит өлімге әкеп соғатын көрінеді.
"Науқастарға ем-дом аурудың пайда болу себептеріне байланысты тағайындалады. Вирусты гепатиттермен шалдыққан бауыр циррозында вирусқа қарсы ем тағайындалады. Ал асқынуларына байланысты қосымша ем қолданылады. Арнайы диета жоқ. Тұзы аз, ақуызға бай тағамдарды тұтынған жөн".
Бауыр циррозының пайда болу себептеріне ұзақ уақыт бойы ішімдік ішу, В және С вирустық гепатиттері, зат алмасудың бұзылуы, генетикалық бұзылыстар, біріншілік билиарлы холангит, семіздік, дәрілік гепатит жатады.
Науқастардың өмір сүру ұзақтығы бауыр циррозының ауырлық дәрежесіне байланысты. Елімізде Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бауыр циррозы сатысын қоса алғанда созылмалы С вирустық гепатиті кезінде тегін дәрі-дәрмек қарастырылған.
Соңғы 10 жылда қазақстандық трансплантологтар тек бауыр трансплантациясы бойынша 434 операция жүргізген. Оның ішінде Ұлттық ғылыми орталық базасында алпысқа жуық трансплантация жасалды. Жүргізілген операциялардың нәтижелері көрсеткендей, реципиенттердің өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары және дамыған елдердің деректерімен салыстыруға болады.
Айта кетерлігі, бауыр трансплантациясына мұқтаж адамдар тізімінің негізгі бөлігін вирустық және аутоиммунды этиологиясы бар бауыр циррозына шалдыққан адамдар құрайды. Бүгінгі күні оларға негізінен туыстық трансплантациялар жасалады. Трансплантацияның барлық кезеңінде тірі донорлардан 1923, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 345 бауыр алмастыру отасы жүргізілді.
Еске сала кететін жайт, елімізде транспланттаудың барлық түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында, яғни бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар операциядан кейінгі кезеңде барлық пациенттер қажетті иммуносупрессивті терапиямен қамтамасыз етіледі және тегін оңалтудан өтеді.
2013-2022 жылдар аралығында, яғни соңғы он жылда республикада ағзаларды трансплантаттау бойынша барлығы 2314 операция жүргізілді.
Оның ішінде, 1712 бүйрек трансплантациясы, 434 бауыр трансплантациясы, 88 жүрек алмастыру, 300-ге жуық көздің мүйізді қабығының трансплантациясы жасалған.
Ал Ұлттық ғылыми онкология орталығында 440 пациентке бүйрек, 64 адамға бауыр алмастырылды.
Қазіргі уақытта 3805 адам күту парағында тұр. Оның ішінде ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың 100-і - балалар.
"Аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, ішімдіктен бас тартқан жөн. Сонымен қатар дәрігердің тағайындауынсыз қандай да бір дәрілерді, биологиялық белсенді қоспалар мен шөптерді пайдалануға болмайды.
Сырқат түрінің алдын алу үшін мейіргер мамандардың орны ерекше.
Зерттеу мақсаты: бауыр циррозы бар науқастарға көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу міндеттері:
- Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісін әдебиеттік шолу жасау;
- Бауыр циррозы ауруының дамуына әкелген факторларды респонденттер арасында сауалнама арқылы анықтау;
- Жамбыл облыстық көпбейінді арухана базасында бауыр циррозы бар науқастарға көрсетілетін мейіргерлік күтім сапасын бағалау.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста жүйелік тәсіл қолданылды, оның ішінде зерттеудің статистикалық әдістері: статистикалық бақылау, деректерді өңдеу және топтау, статистикалық материалдарды талдау, бағалау . Статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігі бағалау әдісі, салыстырмалы әлеуметтік әдістер (сауалнама жүргізу) .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мейіргердің кәсіби құзыреттілігіне бауыр аурулары бар науқастарды емдеудің көп жағдайда сәттілігі байланысты екені анықталды. Мейіргерлердің қызмет атқару барысына әсер ететін мотивациялық қондырғылар анықталды. Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері негізінде мейіргерлердің еңбек қызметіне бағалау жүргізілді.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде ұсынылған ережелер мен қорытындылар, бағыттар мен жолдарды мейіргерлердің жұмыс істеу және даму тиімділігін арттыру үшін, бауыр циррозы кезіндегі күтімді жақсарту үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде тәжірибелік маңызы бар.
1. 1 Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Бауыр - қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі ағза.
Бауыр - адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қоректік өнімдерді бөліп алады.
Оларды сүзіп, қажетт імүшеге жеткізіп отырады. Ішімдіктер, вирустар мен майлы тағамдар бауырдың қызметін төмендетеді.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
• ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ;
• ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадану;
• ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
• холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
• он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту үрдісіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
Бауыр циррозы( БЦ) - бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауыр ауруы.
Бауыр циррозының клиникалық көрінісі бауыр жасушаларының зақымдануының дәрежесіне байланысты болады. Бауыр аймағында ауыру сезімінің пайда болуы оң жақ қабырға астынан бүкіл ішке ауыру сезімінің жайылуы, сыздаған ауыру сезімі физикалық жүктемеден кейін немесе қою майлы тағамнан кейін сезіледі. Ауыру сезімі бауырдың сыртқы қабығының керілуімен ұлғаюынан немесе өлі еттену ошақтарының бауыр қабығына жақын орналасуынан сипатталады.
Диспепсиялық көріністер тәбетінің төмендеуінен немесе жойылуынан, оң жақ қабырға астында тамақтанғаннан кейін ауыру сезімінің пайда болуымен, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі (әсіресе майлы тағам қабылддағаннан кейін), негізінен өттің бөлінуінің бұзылуы асқорытудың бұзылуына әкеліп соғады. Науқастың жұмысқа қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқысының бұзылуы бауыр циррозы кезінде жиі байқалады.
Тексергенде БЦ мынандай белгілерді байқауға болады: жүдеу - бауырдың қақпалық циррозымен ауыратын науқастарға тән, ауырудың қатты ұлғайған кезінде, науқастардың тері асты май қабатының жоғалуы ғана емес, бұлшықеттердің де семуі болады, әсіресе иық бұлшықеттерінің семуін бірден байқауға борлады.
Мұндай науқастарға тән көрініс: бет әлпеті жүдеу, терісі бозарған, сарғыш, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде эритемалар, аяқтары жіңішкеріп, іші ұлғайған, аяқтары ісінген, құрсақ қабырғаларында, тері асты көктамырларының үлкейіп көрінуі байқалады. Сарғаю билиарлы цирроз ауруынан басқа жағдайларда да кездеседі, ол бауырлық тіндердің некрозына байланысты, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздігімен көрінеді. Сарғаюға тән белгі нәжістің түссізденуі, ұлтабардың ішіндегі сұйықтықтың құрамында оттегінің болуымен сипатталады, кейде теріде қышыну белгілері болады.
Цирроздың «кіші» белгілері:
1. қан тамырлық «жұлдызшалар», олардың көбеюі аурудың өршуін көрсетеді
2. алақандағы эритемалар («бауырлық алақан») ;
3. қызыл, жалтыраған ерін, ауыз қуысы шырышты қабаты қызарған, тілі жылтыр, тегістелген, қызыл;
4. ерлерде гинекомастия, әйелдерде аменорея;
5. ксантоматозды терідегі дақ;
6. саусақ басы барабан таяқшалары тәрізді, терісі қызарған. :
Шемен - қақпалық циррозға тән белгі. Сарысу біртіндеп жиналып, ол үлкен мөлшерге жетеді, сол кезде науқастарда ентігу байқалады. Пальпацияда - бауыр ұлғайған, тығыз, беткейі тегіс емес. Төменгі қыры өткір. Көкбауыры ұлғайған - спленомегалия.
Аускультацияда - систолалық шу, тахикардия. Зертханалық мәліметтер: қанда анемия, лейкопения, тромбоцитопения және ЭТЖ жоғарылауы.
Байланысқан билирубин жоғарылайды, сілтілі фосфатаза белсенділігі, жалпы липидтер, фосфолипидтер және холестерин, альфа-глобулиндер және бетта-липопротеидтер деңгейі артады. Несепте - уробилиноген және нәжісте - стеркобилиноген. Бауырда қабыну үдерісінің белсенділігі артса, альфа2-глобулиндер, ал сарғаюда - бетта-глобулиндер деңгейі артады.
Бауыр функциясы зақымдануының сезімталдық көрсеткіші болып белсенделігінің төмендеуі табылады. Цирроз өршігенде трансаминаза белсенділігі артады. Аспаптық зерттеулерден қолданылатындары:
- Радиоизотопты сканирлеу, мұнда изотоптардың шашыраңқы таралуын көреміз.
- УДЗ - қақпа көктамырының жағдайын, диаметрін анықтайды. диаметрінің 1, 4мм-ден артуы циррозға тән.
- Асқорыту жолының рентгеноскопиясында өңеш көктамырларының варикозды кеңеюін анықтайды.
- Фиброгастроскопия.
- Компьютерлік томография.
Аурудың ағымы әдетте өршімелі. Ұзақтығы орташа 3-5 жыл. БЦ асқынулары: 1.
1. 2 Бауыр ауруларының ауыртпашылығы (жүктемесі)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын созылмалы аурулар өлім-жітімнің 59%-ына әкеліп соғады (жыл сайын 35 миллион адам?) және олар жаһандық аурулардың 46%-ға жуығын құрайды.
Бүкіл әлемде бауыр ауруының терминалды сатысы өлім-жітім мен аурушаңдықтың кең таралған себебі болып табылады [12, 13, 14] .
2010 жылы өлім-жітімді жаһандық бағалау, барлық өлімнің 2%-ы (1 миллионға жуық науқастардың өлім-жітімі) бауыр ауруының терминалды сатысымен байланысты екенін анықтады [15, 16] .
Бірлескен авторлармен бірге Asrani деректеріне сәйкес, бүкіл әлемде жыл сайын 2 миллионға жуық өлім-жітім бауыр ауруларының себебінен екен, бұл цирроздың, вирусты гепатиттің және гепатоцеллюлярлық карциноманың асқынуына байланысты [17, 18] .
Еуропа өңірлері бауыр ауруларына қатысты өлім-жітім бойынша жетінші орында, Біріккен Корольдік - (65 жасқа толмаған тұлғалар арасында) бесінші орында, Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) (45-54 жас санаты арасында) төртінші орында. Өлім-жітімнің жартысынан көп жағдайлары С вирусты гепатитіне (бұдан әрі - СВГ), алкогольді және алкогольді емес стеатогепатитке, сондай-ақ метаболикалық синдром компонентіне байланысты [19-21] .
Асқынған бауыр аурулары бар науқастар арасындағы өлім-жітім деңгейі 2 жылдық интервал ішінде шамамен 26%-ды құрайды. АҚШ-та бауыр ауруы жылына 1, 2 миллионан астам госпитализацияға әкеліп соғады, және жылына тікелей және қосымша шығындарды есептегенде 13, 1 млрд. Доллардан асатын сомаға бағаланады, сәйкесінше бұл ауқымды экономикалық салдарларға ұшыратады [22] .
Қазіргі таңда бауыр циррозы әлемдегі өлім-жітімнің кең таралған себебі бойынша 11-орында, ал бауырдың қатерлі ісігі өлім-жітім себебінің мәні бойынша 16 орында тұр; екеуі бірге әлемдегі барлық өлім-жітімнің 3, 5%-ын құрайды [23-26] .
Бағалаулар бойынша, 2012 жылы АҚШ-та 3 миллионнан астам ересек адам бауыр ауруларына шалдыққан [27, 28] .
Бағалауларға сәйкес, барлық қытай халқының 7 миллионға жуығы (немесе 0, 5%) бауыр циррозымен өмір сүреді, мұның себебінен жылына бауырдың қатерлі ісігінің 460 000 жаңа жағдайы тіркеледі [29, 30] .
Басқа ағзалардың терминалды сатысымен салыстырғанда, бауыр жеткіліксіздігі едәуір жас топтарға пропорциональды емес көрсеткіште әсер етеді, ал өмірдің жоғалтылған жылдарының саны шамамен 20 жылға тең деп бағаланады [40, 41] .
Бауыр циррозы асқынған бауыр фиброзының гистологиялық дамуы ретінде анықталады және түрлі этиологиядағы бауырдың созылмалы зақымдалуы бар науқастардағы терминалды саты деп танылады [42] .
Бауыр циррозы әлемдегі өлім-жітім себептерінің таралуы бойынша 13 орынды алып, қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып тұр.
Бүкіл әлемде цирроздың себебінен 2017 жылы 1, 32 миллионнан (белгісіздік интервалы 95% (БИ) астам өлім-жітім орын алды, әйелдердің 44 (416000-518 000; 33, 3%) және еркектердің 883000 (838 000-967000; 66, 7%) өлімі, 1990 ж. Салыстырғанда екі жыныс үшін де 899000-нан астам (829000-948000) өлім [43] .
Өлім-жітім көрсеткіштері 1990 жылмен 1, 9% (1, 8-2, 0) салыстырғанда, 2017 жылғы әлемдегі барлық өлім-жітімнің 2, 4%-ын (2, 3-2, 6) құрады.
Цирроз - мүгедектікке таңылған өмірдің немесе жоғалтылған жылдардың
негізгі себебінің бірі, ол сондай-ақ әлемдік ауыртпашылықтың 1, 6% және 2, 1%-ын құрайды [44] .
Бауыр циррозының кең таралған бастапқы этиологиялары - созылмалы ВВГ, бауырдың алкогольді ауруы және созылмалы СВГ және БАЕМА, оның ішінде бауырдың алкогольді ауруы және СВГ дамыған елдердегі өлім-жітімнің негізгі себебі, ал ВВГ Азияның басым бөлігінде және Африкада Сахараның оңтүстігінде кең таралған себептердің бірі [45, 46] .
Бүкіл әлемде 2 миллиардқа жуық адам алкоголь тұтынады, ал 75 миллионнан астам адам алкоголь алкогольдік бұзылыстардан зардап шегеді және бауыр ауруларына шалдығу қаупіне ұшырайды. Шамамен 2 миллиард ересек адам май басу немесе артық салмақтан зардап шегеді, ал 400 миллионнан астам адам қант диабетіне шалдыққан, бұл екеуі де БАЕМА-ның және гепатоцеллюлярлық карцинома (ГЦК) қатерінің факторлары болып танылады [47] .
Вирусты гепатиттердің жаһандық таралуы әлі де өте жоғары, ал дәрілік препараттардың әсерінен туындайтын бауырдың зақымдалуы жіті гепатиттің негізгі себебі ретінде әлі де арту үстінде. 2020 жылға қарай БАЕМА себебінен бауыр циррозына шалдыққан адамдардың саны ВВГ және СВГ-ге байланысты циррозы бар адамдардың санынан асып түседі деп күтілуде, осылайша БАЕМА-на байланысты бауыр циррозы бауыр трансплантациясының негізгі көрсеткішіне айналады [48], өйткені БАЕМА-ның жаһандық таралуы шамамен 24%-ға бағаланып отыр. 2 типті (бұдан әрі - 2ҚД) қант диабеті бар 1799 науқасқа жүргізілген зерттеу өтпелі эластографияның көмегімен диагноз қойылған БАЕМА циррозының таралуы 11, 2%-ды құрағанын көрсеткен [49] .
Май басуы бар 2956 науқасқа жүргізілген 16 жеке зерттеуге шолу науқастардың 5, 8%-ында БАЕМА циррозы бар екенін көрсетті [50] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz