Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру



МАЗМҰНЫ

бет
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Ірі қара табынын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Ірі қара табынының құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Ірі қара табынының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Ірі қара төлін өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5 Төл өсірудің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік ... ... ... ... ... 15
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.1 Ірі қара төлін азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.2 Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.3 Бұқаны ата.тегі бойынша сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.4 Тана.құнажынды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.5 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.6 Мал азығының қоректілігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.7 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері ... ... ... ... ... ... ...27
3.8 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...28
4 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
КІРІСПЕ

Агроөнеркәсіп кешені - ел экономикасының басты табыс көздерінің бірі. Ауыл еңбеккерлерінің кәсібін жаңа деңгейге көтеру керек-ақ. Фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті жетілдіру міндеті тұр. Әсіресе егін және мал шаруашылықтарын әртараптандыру қажет.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің мүмкіндіктерін зерделей келе, біз төрт негізгі бағытты айқындадық. Бұлар қаржылық сауықтыру, оларға тауарлар мен қызметтің қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру», - дейді.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешендеріне қарастырылатын мемлекеттік субсидиялар 2020 жылға қарай 4,5 есеге артып, осы бағытта қаржылық сауықтыруға 300 миллиард теңге жұмсау жоспарланады.
Жалпы алғанда «Агробизнес-2020» бағдарламасы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдаудың 6 қаржылық тетігін енгізуді қарастырады. Бұлар: займдарға кепілдік беру және сақтандыру, инвестициялық субсидиялау, несие мен лизингі бойынша сыйақылық мөлшерлемені субсидиялау, қаржылық сауықтыру, екінші деңгейдегі банктерді қорландыру.
Бұдан бөлек, фитосанитарлық, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар әзірленеді. Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін 1,5 есеге арттыруға, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмыс тиімділігін 3 есеге арттыруға септігін тигізбек.
Малды азықтандыру-олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру малды дүрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Мал шаруашылығы – кез келген мемлекеттің аграрлық секторының маңызды салаларының бірі. Оның халықтық-шаруашылық міндеті – халықты өмірге қажетті азық-түліктер: ет, сүт, жұмыртқамен және т.б.; ал өнеркәсіпке қажетті шикізат: жүн, былғары, тері, қыл, қылшық, қауырсын, түбітпен және т.б;құнды органикалық тыңайтқыш: көң құс саңғырығымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жылқы, өгіз, қодас, бұғы сияқты жануарларды механикалық құралдарға қоса, ауыл шаруашылық және транспорттық жұмыстарға қолдану. Әлемнің көптеген елдерінде энергетикалық ресурстардың қымбаттауына байланысты мұның үлкен стратегиялық мәні бар. Мал шаруашылық өнімдері өндірісінің қанағатсыз жағдайы – қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті сездіретін аса сезімді фактор.
Мал шаруашылығының дамуы үш факторға негізделеді. Оның біріншісі – мал басының тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі: екіншісі – сол генотиптік қасиеттердің айқындалуына ең күшті әсер ететін сыртқы орта, яғни фенотиптік фактор болып табылатын қоректендіру мөлшері мен сапасы; үшіншісі – бағып-күту жағдайлары. Осылардың ішінде малдың жеке басының өсіп-жетілуі мен дамуына, яғни онтогенезі мен өнімділігіне қоректендіру факторларының ықпалы басым. Сондықтан мал басын сақтап, сапалы, мол өнім өндіру үшін азықтандыруды, яғни қоректенуін ұйымдастыруды ғылыми негізделген түрде жүргізу қажеттілігі айқындалады.
Ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. ІҚМ өсірумен айналысу үшін бұл бизнестің барлық қыр-сырын жақсылап зерттеп алу керек.
Ауылшаруашылық бизнесте аталған саланың бірнеше бағыты бар: ет тұқымдастарын өсіру, сүт тұқымдастарын өсіру, ет-сүт тұқымдастарын өсіру, сатуға арналған жас төлдерді өсіру. Аталған бизнес түрін бастағанда оның негізгі бағытын анықтау керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:Асыл тұқымды бұқаның тобының толықтыратын таналарды азықтандырудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Асыл тұқымды бұқа тобының толықтыратын таналарды күтіп-бағу технологиясы.
2. Асыл тұқымды бұқаның тобының толықтыратын таналарды азықтандыруды үйреніп сапалы өнім алу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Ірі қара шаруашылығы / Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә. Оқулық. – А.: Триумф «Т», 2006. -183б.
2 Нұрғазы Қ.Ш. Мал шаруашылығы: оқулық жоғарғы оқу орындары үшін /Қ.Ш. Нұрғазы. – Алматы. Қайнар 2012. -93б.
3 www.kk.wikipedia.org/wiki/мал_шаруашылығы
4 Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству: учеб. пособие для вузов /Ю.С.Изилов. – М.: изд-во Агропромиздат, 1988. -143с.
5 www.kk.wikipedia.org/wiki/ірі_қара_шаруашылығы
6 Искакбаев Б.Б. Ірі қара шаруашылығы: оқулық жоғарғы оқу орындары үшін / Б.Б. Искакбаев. – Алматы. Қайнар 2006. -114б.
7 Төреханов А. Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М. А. Кинеев. - Алматы, 1998. -167б.
8 Боярский Л.Г. Технология кормов и полноценное кормление сельскохозяйственных животных: учебник / Л.Г.Боярский. - М.: Изд-во Феникс, 2001. -249с.
9 Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қара шаруашылығы: оқулық . – Қостанай, 1996. -76б.
10 Мустафин О., Баракбаев Б. Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы: оқулық жоғарғы оқу орындары үшін. – Алматы, 2002, 74б.
11 Барабанщиков Н.Б. Молочное дело: учебное пособие / Н.Б. Брабанщиков. – Москва. Колос 1991. 64с.
12 Каримов Ж.К. Қазақстанның сүтті сиыры: оқулық / Ж.К. Каримов. – Алматы. Қайнар 1979. -82б.
13 Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных: учебник / Г.А.Богданов. - М.: Изд-во Колос, 1981. -89с
14 Баканов В.Н. Кормление сельскохозяйственных животных: учебник / В.Н.Баканов, В.К.Менькин - М.: Изд-во Агропромиздат, 1989. -125с.
15 Бегімбеков Қ. Мал өсіру және селекция: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қ.Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжұманов. - Алматы, Нұр – Принт 2003. -197б.
16 Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков. - Алматы, 2001. - 161б.
17 Петухова Е.А., Зоотехнический анализ: учебное пособие / Бессарабова Р.Ф., Холеноева Л.Д. - М: Изд-во Агропромиздат, 1989. -36с.
18 Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов: учебное пособие для вузов / П.И.Викторов, В.К.Менькин. - М.: Изд-во Агропромиздат, 1991. -121с.
19 Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу. – М.: Агропромиздат, 1988. -76с.
20 Эрнст Л.К. Племенное дело в животноводстве: учеб. пособие для вузов / Л.К. Эрнст, Н.А. Кравченко, А.П. Солдатов и др. /Под.ред. Н.А: Кравченко/. – М,: Агропромиздат, 1987. -114с.
21 Құрбанов С. Ауыл шаруашылық малдарының акушерствосы және қолдан ұрықтандыруы: оқу құралы / С. Құрбанов, Ш. Қаратаев, М. Жоланов. – Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009. -204б.
22 Фролов А.В., Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда: учебное пособие / А.В.Фролов, Бакаева Т.Н. - М: Изд-во Глобус, 2008. -221с.
23 Сәбденов К.С. /Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар. Астана, 2008. - 237 б.
24 Иванов М. Ф. /Курс овцеводства. Сельхозгиз, 1947. - 143 б.
25 Лускин Е. Ф. /,, Жаршы, 2008. - 24 б.
26 Ә. Байжұманұлы, К. Бекболатұлы. /Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы – 2011. – 124 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Малды азықтандыру пәнінен Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын
таналарды азықтандыру тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 37 беттен
тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік-жұмыс, техникалық қауіпсіздік,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған. Курстық жоба
7 кестеден тұрады, пайдаланылған әдебиеттер саны 26.

МАЗМҰНЫ

бет
НОРМАТИВТІК
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .5
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН
БЕЛГІЛЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 10
1.1 Ірі қара табынын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 10
1.2 Ірі қара табынының
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 10
1.3 Ірі қара табынының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .12
1.4 Ірі қара төлін
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..12
1.5 Төл өсірудің теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .13
2 ӨЗІНДІК
ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы
түсінік ... ... ... ... ... 15
3 НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..17
3.1 Ірі қара төлін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...17
3.2 Тұқымдық бұқаларды азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...18
3.3 Бұқаны ата-тегі бойынша
сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
3.4 Тана-құнажынды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 22
3.5 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.6 Мал азығының қоректілігіне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 24
3.7 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ...27
3.8 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .28
4 ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл курстық жобада мына төмендегі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалынған:
МЕМСТ 7.32-2001 Стандарт жүйесінің мәліметі, кітапханалық және баспалық
ғылыми-зерттеу жұмыстың есебі, құрылымын және ережесін аудару.
МЕМСТ 16020-70 Сойыс мал. Атаулар мен анықтамалар.
МЕМСТ 5110-55 Союға арналған ірі қара мал.
МСТ 15467-79 Ұрпақ сапасын бағалау. Негізгі түсініктер. Терминдер мен
анықтамалар.
МЕМСТ 9959-91. Ет өнімдері. Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары–М., 1992.
-14 б.
МЕМСТ 3100-1-91 Сүт және ет өнімдері. Сынақ сұрыптап алудың әдістері.
Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандырудың мөлшері және жем шөп
тиімділігі. Анықтамалық құрал Калашников А.П., Клейменов Н.И., Баканов
В.П. және басқалар – М., Агропромиздат, 1985.

АНЫҚТАМАЛАР

Азық өлшемі- организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын
жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы- рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы
қоректілігіне (а.ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп- толықтырылған организм
мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Азықтандыру рационы- малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар
мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру типі- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген
азық белгілейді.
Рацион – бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау- мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті
толықтыру.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
кДж – килоджоуль
МДж – мегаджоуль
% - пайыз

КІРІСПЕ

Агроөнеркәсіп кешені - ел экономикасының басты табыс көздерінің бірі.
Ауыл еңбеккерлерінің кәсібін жаңа деңгейге көтеру керек-ақ. Фитосанитарлық
және ветеринарлық қауіпсіздікті жетілдіру міндеті тұр. Әсіресе егін және
мал шаруашылықтарын әртараптандыру қажет.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің мүмкіндіктерін зерделей келе, біз
төрт негізгі бағытты айқындадық. Бұлар қаржылық сауықтыру, оларға тауарлар
мен қызметтің қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесін дамыту, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін
арттыру, - дейді.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешендеріне қарастырылатын мемлекеттік
субсидиялар 2020 жылға қарай 4,5 есеге артып, осы бағытта қаржылық
сауықтыруға 300 миллиард теңге жұмсау жоспарланады.
Жалпы алғанда Агробизнес-2020 бағдарламасы ауыл шаруашылық тауарларын
өндірушілерді қолдаудың 6 қаржылық тетігін енгізуді қарастырады. Бұлар:
займдарға кепілдік беру және сақтандыру, инвестициялық субсидиялау, несие
мен лизингі бойынша сыйақылық мөлшерлемені субсидиялау, қаржылық сауықтыру,
екінші деңгейдегі банктерді қорландыру.
Бұдан бөлек, фитосанитарлық, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар әзірленеді. Бағдарламаны іске
асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін 1,5 есеге арттыруға, ауыл шаруашылығы
еңбеккерлерінің жұмыс тиімділігін 3 есеге арттыруға септігін тигізбек.
Малды азықтандыру-олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру малды
дүрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық
өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Мал шаруашылығы – кез келген мемлекеттің аграрлық секторының маңызды
салаларының бірі. Оның халықтық-шаруашылық міндеті – халықты өмірге қажетті
азық-түліктер: ет, сүт, жұмыртқамен және т.б.; ал өнеркәсіпке қажетті
шикізат: жүн, былғары, тері, қыл, қылшық, қауырсын, түбітпен және т.б;құнды
органикалық тыңайтқыш: көң құс саңғырығымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар,
жылқы, өгіз, қодас, бұғы сияқты жануарларды механикалық құралдарға қоса,
ауыл шаруашылық және транспорттық жұмыстарға қолдану. Әлемнің көптеген
елдерінде энергетикалық ресурстардың қымбаттауына байланысты мұның үлкен
стратегиялық мәні бар. Мал шаруашылық өнімдері өндірісінің қанағатсыз
жағдайы – қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті сездіретін аса сезімді фактор.
Мал шаруашылығының дамуы үш факторға негізделеді. Оның біріншісі – мал
басының тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі: екіншісі – сол генотиптік
қасиеттердің айқындалуына ең күшті әсер ететін сыртқы орта, яғни фенотиптік
фактор болып табылатын қоректендіру мөлшері мен сапасы; үшіншісі – бағып-
күту жағдайлары. Осылардың ішінде малдың жеке басының өсіп-жетілуі мен
дамуына, яғни онтогенезі мен өнімділігіне қоректендіру факторларының ықпалы
басым. Сондықтан мал басын сақтап, сапалы, мол өнім өндіру үшін
азықтандыруды, яғни қоректенуін ұйымдастыруды ғылыми негізделген түрде
жүргізу қажеттілігі айқындалады.
Ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы
мүмкіндік. ІҚМ өсірумен айналысу үшін бұл бизнестің барлық қыр-сырын
жақсылап зерттеп алу керек.
Ауылшаруашылық бизнесте аталған саланың бірнеше бағыты бар: ет
тұқымдастарын өсіру, сүт тұқымдастарын өсіру, ет-сүт тұқымдастарын өсіру,
сатуға арналған жас төлдерді өсіру. Аталған бизнес түрін бастағанда оның
негізгі бағытын анықтау керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:Асыл тұқымды бұқаның тобының толықтыратын
таналарды азықтандырудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Асыл тұқымды бұқа тобының толықтыратын таналарды күтіп-бағу
технологиясы.
2. Асыл тұқымды бұқаның тобының толықтыратын таналарды азықтандыруды
үйреніп сапалы өнім алу.

1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1.1 Ірі қара табынын құру

Ірі қара санын көбейту және оның сапасын жақсарту ауыл шаруашылығындағы
күрделі іс. Ол үшін әр шаруашылықта сиырлар мен қашарларды уақытында қашыр,
әр аналық малдан жылына бұзау алу қажет.
Ірі қара малының басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көптеген
айырмашылықтары бар, оған жыныс органдарының жетілуі, буаздығы,
шаруашылықта пайдалану мерзімі т.б себептер жатады.
Жыныс органдарының жетілуіне ірі қараның тұқымының өсіп-жетілуі, бағып
күтуі және төл өсіру ерекшеліктері себеп болады. Етті ірі қараның сүтті ірі
қараға қарағанда, жыныс органдары 2-3 ай ерте жетіледі. Сонымен қатар ірі
қараның жыныс органдарының жетілуіне төлді дұрыс өсірудің де әсері бар,
тағы ауа райының да әсерін ұмытпауымыз керек. Оңтүстік аймақтарда
өсірілетін малдардың жыныс органдары, солтүстік аймақтарда өсірілетін малға
қарағанда тезірек жетіледі.
Еркек бұзаулардын жыныс органдары 7-8 айлығында, ал ұрғашы бұзаулардікі
6-9 ай аралықтарында жетіледі, бірақ бұл уақыттарда оларды қашыруға
болмайды. Себебі олардың келешекте өсіп жетілуіне керісінше әсер
етеді.Сондықтан 6 айлығынан бастап еркек бұзауларды ұрғашы бұзаулардан
бөлек, жеке бағады.
Сонымен бірінші рет тайыншаларды 17-18 айлығында, ал тана бұқаларды 14-
16 айлығында қашыру науқанына пайдалануға болады. Әрине тайыншалар мен тана
бұқалардың тірілей салмағы тұқым стандартының көрсеткішінен кем болмауы
қажет. Аналық малдардың қашуына, оның күйлеуі көп әсер етеді. Сиырлар мен
қашарлар күйлеген уақытында, оның жыныс органынан сұйық зат шығады.
Сиырлардың күйлеуі бұзаулағаннан кейін 21-28 күннен кейін басталып, әрбір
19-21 күннен кейін қайталанып тұрады. Аналық малдардың жыныс органдарынан
сұйық заты күйлеуінен 10-15 сағат бұрын басталып, 30 сағатқа дейін
созылады. Сиырларды тәулігіне 2 рет қашырған жөн. Малды қашыру өте жауапты
іс, сондықтан оны мезгілінде азықтандыру, бағып-күту негізгі міндет.
Негізгі сиырлар бұзаулағаннан кейін 2 ай уақытында қашырған жөн, орташа
сиырдың буаздығы 285 күнге созылса, сауын мерзімі 270 күннен 305 күнге
дейін созылады. Сиыр қысыр қалмау үшін оны мезгілді уақытында буаздығын
анықтап тұрады. Оны қандағы және сүттегі прогестерон арқылы да анықтауға
болады [3].

1.2 Ірі қара табынының құрамы

Ірі қара табынының құрамы деп шаруашылықтағы немесе фермадағы табын
малдарының жыныстық және жас топтарының пайыздық қатынасын айтады. Табынның
құрылымы мал басының көбеюіне, әрі сүт және ет өнімдерінің молаюына ерекше
әсер етеді.
Ірі қара мал табынының құрылымына мынандай топтар кіреді: бұқалар,
сиырлар, қашарлар, тайыншалар, тан бұқалар, ұрғашы бұзау, еркек бұзау.
Сонымен қатар ірі қара мал табынында бордақылауға және етке өткізуге
дайындаған малдар болуы мүмкін. Ірі қара мал табынының құрылымы
шаруашылықтық бағытына тікелей байланысты болса, сиырды қанша уақыт
пайдалануға да байланысты болады.
Асыл тұқымды сүтті ірі қара мал шаруашылықтарында 10-15% сиырды
табынынан шығарса, ал тауарлары шаруашылықтарда 25%-ға дейін сиырларды
табынынан шығарып, етке өткізуге дайындайды. Сүтті сиыр табынының өнімін
өсіру үшін, оның табыннан шығару пайызы жоғары болуы мүмкін.
Тауарлы фермаларда әсіресе сүтті аймақтарға сауын сиырлардың, табындағы
үлесі орташа 60-65%-ға жетеді. Ал мамандырылған сүтті сиыр табындарда, осы
шаруашылықтардың төлдерін басқа шаруашылықтарға берсе, онда сауын
сиырлардың табын үлесі 80-85% дейін жетеді (оның ішінде 15-20% қашар), бұл
шара сүт өнімінің көбеюіне және әр сиыр басына шапқанда сүт өнімінің
молаюына әсер етеді.
Көптеген шаруашылықтар төлдерін 10-15 күндіктерінде арнайы тайынша жәнет
қашар өсіретін шаруашылықтарға береді, одан кейін қашарлар бұзауласа оларды
қайтадан алғашқы шаруашылыққа қайтарады.
Ал, осы шаруашылықтар еңбек бұзауларын 15 күндігінен бастап мал
бордақылайтын шаруашылықтарға беріп, оны етке өткізуге дайындайды.
Тауарлары шаруашылықтардағы сиыр табындарында сиырдың үлесі 40-50
жетеді, ал мұндай шаруашылықтарда төлдерді 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі
бордақылап етке өткізеді.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда ірі қара мал табынының құрылымы төлдерін
өткізу мерзіміне де байланысты. Егерде төлдерін ерте сатса, онда табында
сиырдың үлесі көбейеді. Егерде асыл тұқымды шаруашылықтар өз табынын өзінің
төлдерімен толықтыратын болса, онда ірі қара мал табынында қашардың үлесі
20-25%-ға жетеді.
Асыл тұқымды мал табыныныңт құрылымы төмендегідей: бұқалары-2-3%, сауын
сиырлары 50-52%, қашарлары 15-18%, тайыншалары 18-20%, ұрғашы бұзаулары 20-
25%, ал сатуға арналған асыл тұқымды төлдер, бұл табынның құрылымына
кірмеген.
Етті сиыр табынында төлдердің үлесі көбірек болады, себебі төлдердің
біразы етке өткізілуге тиісті. Мал азығымен жақсы қаматамасыз етілген
шаруашылықтар төлдері 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі осы мерзім ішінде
жазғы жайылымда молымен пайдаланады.
Етті ірі қара мал табындарында сиырлардың үлесі 35-40%, ал қашарлардың
үлесі 20%-ға жетеді.
Асыл тұқымды етті ірі қара мал табындарында, егерде төлдері бір
жылдығында басқа шаруашылықтарға сатылса, онда табындағы сиырдың үлесі 40-
50%-ға жетеді [4].
1.3 Ірі қара табынының құрылымы

Ірі қара табынының құрылымы деп шаруашылықтағы немесе фермадағы табын
малдарының жыныстық және жас топтарының пайыздық қатынасын айтады. Табынның
құрылымы мал басының көбеюіне, әрі сүт және өнімдерінің молаюына ерекше
әсер етеді. Ірі қара мал табынының құрылымына мынандай топтар кіреді:
бұқалар, сиырлар, қашарлар, тайыншалар, тан бұқалар, ұрғашы бұзау, еркек
бұзау. Сонымен қатар ірі қара мал табынында бордақылауға және етке өткізуге
дайындалған малдар болуы мүмкін. Ірі қара мал табынының құрылысы
шаруашылықтың бағытына тікелей байланысты болса, сиырды қанша уақыт
пайдалануға да байланысты болады.
Асыл тұқымды сүтті ірі қара мал шаруашылықтарында 10-15% сиырды табыннан
шығарса, ал тауарлы шаруашылықтарда 25%-ға дейін сиырларды табыннан
шы,арып, етке өткізуге дайындайды. Сүтті сиыр табынының өнімін өсіру үшін
оны табыннан шығару пайызы жоғары болуы мүмкін.
Тауарлы шаруашылықтардағы сиыр табындарында сиырдың үлесі 40-50%-ға
жетеді, ал мұндай шаруашылықтарда төлдерді 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі
бордақылап етке өткізеді.
Асыл тұқымды мал табының құрылымы төмендегідей: бұқалары – 2-3%, сауын
сиырлары – 50-52%, қашарлары – 15-18%, тайыншаларды – 18-20% ұрғашы
бұзаулары – 20-25%.
Етті сиыр табынында төлдердің үлесі көбірек болады, себебі, төлдердің
біразы етке өткізілуге тиіс. Мал азығымен жақсы қамтамасыз етілген
шаруашылықтарда төлдерді 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі осы мерзім ішінде
жазғы жайылымды молымен пайдаланады.Етті ірі қара мал табындарында
сиырлардың үлесі 35-40%, ал қашарлардың үлесі 20%-ға дейін жетеді.
Асыл тұқымды етті ірі қара мал табындарында егерде төлдері бір
жылдығында басқа шаруашылықтарға сатылса, онда табындағы сиырдың үлесі 40-
50%-ға дейін жетеді [5].

1.4 Ірі қара төлін өсіру

Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және
малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісітөлді жақсы
өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малымен бұқалардан алынған
бұзауларға ата тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін шаруашылықтың өзінде
бар азықты жеткізіп үйреткен тиіс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз
етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындал алады.
Мал төлден өседі. Сондықтан мал шаруашылығының тәжірибелі бақташылары
тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды.
Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ
беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шаруашылықтарында керісінше, жемді көбірек
береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатған малдардың организмінде
зат алмасуы күшейіп, әрі ас қорыту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның
барлығы сүттің көп болуына әсер етеді. Екіншісішде, етті шаруашылықта
бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып,
бірнеше бұзауда бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп
өсіреді.Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерініңәр
түрлі екендігін көрсетеді [6].

1.5 Төл өсірудің теориялық негізі

Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері
қалыптасып даму үшін,оларға қолайлы орта жағдай болуы керек.Оның бастысы-
малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың организмі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар,сыртқы ортаның
өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады,
әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым
қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс
азықтандырылмаса немесе мал азығы жетпесе, оның тұұқым қуалаушылық қасиеті
жүзеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның
өнімдік қасиетін де өзгертуге болады. Сондықтан төл өсіру ірі қара
табынынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтандырумен
қатар олардың эмбрионалдық және постэмбрионалдық өсіп даму заңдылығына
байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға
дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңі 34 күнге созылады, мұнда
тканьдар дамып, дене мүшелері түзеле бастайды. Ұрықтық даму кезеңінде ұрық
тез дамиды, оның салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейінгі кезеңде тканьдар
мен дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы
эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы
бойынша жаңа тіған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы
8-15 г болады, ал даму уақыты 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық
кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде
организм қалыптасып өсе бастайды, әрі дененің абсолюттік салмағы да өседі.
Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25-40 кг-ға дейін жетеді.
Әсіресе, Бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте күшті, әр тәулігіне 300-
400 г салмақ қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлығында 2-4 кг, ал 7 айлығында
12-16 кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-40 кг-ға жетеді. Әрине,
эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына байланысты. Сонымен бұзаудың тууына
2-2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12 кг-нан 26 кг-ға дейін өседі.
Ірі қара малының постэмбрионалдық өсіп, даму уақытын 5кезеңге бөледі:
уыз сүтті, сүтті, қарқынды өсу және жыныстық жетілу, өнімділігінің
қалыптасуы және өнімді мол беру және кәрілік кезеңі.
Өнімділігінің қалыптасу кезеңі – жыныстық жетілу мерзімімен
тайыншалардың бірінші бұзаулағанына дейін, ал тана бұқаларды тұқымға
пайдалана бастағанға дейін созылады.
Бұл уақыт ішінде жас малдардың жыныс мүшелері жақсы жетіледі әрі төл
беру қабілеттілігі толық қалыптасады. Тайыншалардың сүт бездері дами
бастайды. Осы кезеңде жас малдың сүт және ет өнімдерінің қалыптасуына
азықтандыру және жақсы күтім арқылы әсер етуге болады [7].

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік

Мал мұқтаждығы азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций,
фосфор, каротин бойынша 6 көрсетекішті қамтитын жалпы азықтандыру
нормасымен, ал қажетті және мүмкіншілік болған жағдайда бұл көрсеткіштерге
қосымша шикі протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро және
микроэлементтер мен маңызды витаминдер мұқтаждығымен толықтырылған.
Азықтандыру нормасына негіздеп азықтандыру рационалын, яғни әр малға
жегізілетін жем – шөп көлемін құрастырады. Рациондағы азықтар мөлшері мал
түлігінің асы қорыту ерекшелігін ескере отырып, қоректік заттарға
мұқтаждығы азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қамтамасыз ету қажет.
Рацион құрылымын яғни оған кіргізілген жем – шөп топтарының жалпы
қоректілігіне пайыздық арақатынасы, қорытуға оңтайлы, көзделген
өнімділікті өсіруге бағыттап құрастырды.
Күйісті малдың ас қорыту жолын кернеп, рецепторларын тітіркендіріп,
қыздырып, қорын моторикасы мен ішек перистольтикасын дұрыстау үшін 20 – 25
кг шырынды азық берілген. Салмағы 400 – 500 кг сиырға кемінде 4 – 5 кг,
яғни салмағының әр 100 кг – на 1 кг аса ірі азық берілуі керек.
Ал өзінің қиын қорытындылауын қатар басқа қоректік заттар қорытылуына да
кері ықпал ететін шикі клечатканың шамадан тыс деңгейін шошқа азығында 14 –
17%, құс құрама жемінде 4 - 6 % (балапан мен тауық жемінде), 6 - 10% күрке
– тауық пен қаз жемінде, аспауын қадағалайды.
Мал тіршілігінің ас қорыту ерекшелігіне, өнімдік және жастық жыныстың
тобына сәйкестендіре құрастырылатын рацион құрылымын, яғни негізгі азық
топтарының жалпы қоректілік, яғни азық өлшеміне алмасу энергиясымен
өлшенетін энергетикалық арақатынасы.
Норма дегеніміз малдың жоғары өнімділігін және оның денсаулығын
жақсартуды қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыда дәлелденген азықтағы қоректік
заттардың мөлшері. Мысалы, белгіленген норма бойынша(малдың жасы, оның
өнімі, физиологиялық күйі) әрбір азық өлшемінде ас тұзының мөлшері 7-8 г,
ал бұл көрсеткішті біз өз бетімізше 20-30 грамға жеткізсек, онда мал
организміндегі клеткалардың (осмостық қысымның артуына байланысты) кеуіп
немесе жарылып кетулері мүмкін, ондай организм өлімге ұшырайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының кез келген түріне қажетті нормалар (олардың
түріне, жасына, алмағына, жынысына, тұқымына, физиологиялық күйіне, өзіндік
ерекшеліктеріне т.б. факторларға байланысты) азық өлшемімен, сіңімді
протеинмен, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин, т. б. организмге қажетті
заттардың мөлшерімен көрсетіледі(әдістемелік нұсқаудың соңында келтірілген
қосымша кестені қараңыз).
Бұл кестеде келтірілген негігі нормаға – төлдің тез жетілуіне, өсіп келе
жатқан құнажынның (бірінші және екінші сауымдағы) тез өсуі үшін, сондай-ақ
арық сиырдың (малдың) қоңдылығын көтеруге 1-2 азық өлшемін қосымша қосады.
Қазіргі нормалар бойынша, сауын сиырлары өз денесінің тіршілігін
қамтамасыз ету үшін, шамалап алғанда, 100 кг тірілей салмағына бір азық
өлшемін, ал өндірілетін әрбір кг бүтіне 0,5 (0,48) азық өлшемін қажет етді.
Демек, 500 килограмдық сиырдан тәулігіне 12,14,16,18,20,25,30 сүт сауылса,
оның өз тіршілігін қамтамасыз ететін 5 азық өлшеміне (500:100), жоғарыдағы
сүт өнімдеріне сәйкес 6,7,8,9,10,12,5,15 азық өлшемі қосылады да, сиырдың
қоректік заттарға тәуліктік мұқтаждығы, сүттілігіне сәйкес, 5+6=11, 5+7=12,
5+8=13, 5+9=14, 5+10=15, 5+12,5=17,5, 5+15=20, азық өлшеміне теңеледі, ал
азықтың әр түрлеріндегі сіңімді протеиннің, қанттың, крахмалдың, майдың, ас
тұзының тағы да басқа микроэлементтер мен витаминдердің көрсеткіштері
бойынша, осы малға қажетті барлық қоректік заттардың мөлшері оңай есептеліп
шығарылады (тәуліктік нормасы). Тәуліктік азықтың нормасын тағайындағаннан
кейін, осыған байланысты малды азықтандырудың рациондары жасалынады.
Рацион деп – ғылыми нормаға негізделіп құрастырылған, сол норма
көрсеткіштеріндегі қоректік заттардың мал организміне толық жеткізілуін
қамтамасыз ететін азықтардың түрлерін айтамыз.
Рациондағы әр азықтың мөлшері де, нормада келтірілген сияқты салмағына,
жасына, жынысына, тұқымына, физиологиялық күйіне, олардың өнім бағытына
және өнімділігіне байланысты болады. Мысалы, ірі қара шаруашылығында, оның
ішінде сүт бағытындағы сиырларда рациондардың жартысынан көбі (60-70%)
сүтің түзілуіне жақсы әсер ететін шырынды азықтардан тұратын болса,
шошқалар рационының басым бөлігі (70-90%) құнарлы жемдерден
құрастырылады.Ең алдымен рационға малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті
азықтары енуі шарт. Үйренбеген, яғни алғашқы кезде жемейтін азықтарды тек
біртіндеп үйретіп немесе тіпті алдын ала арнайы өткізуден өткізіп барып
береді. Екіншіден, рациондарды шаруашылықта дайындалатын, жергілікті
азықтардан құрастырады. Өйткені азықтандыру рациондары шаруашылық
экономикасының басты құралы. Мысалы, мал шаруашылығына жұмсалатын
шығындарды 100% деп алсақ, осының 60%-і мал азығына, 8%-і олардың тұқымын
асылдандыруға, 12%-і жаңа технологияларды енгізуге, ал қалған проценттері
(20%) еңбек ақы мен малдәрігерлік жұмыстарына жұмсалады екен.

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Ірі қара төлін азықтандыру

Ірі қара төлін өсірудегі негізгі мақсат – тез өсіп жақсы жетілетін, дене
тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи
және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген
төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленді. Алғашқы 6 айда ол бүзауды
азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2-3, ал жетілуі 4-5
жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілунің биологиялық заңдылықтарын
жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін
азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей
салмағына жеткізетін өсу жоспарына сәйкестендіреді. Сақайғандағы тірілей
салмағы 500-550 кг таратын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы , айдағы
орташа тәуліктік салмаққосымы 650-700 г, 7-12 айлығында 550-600г, 18
айлығындағысы 345-кг-ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың
бұдан да жоғары (850-950 г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16
айлығында тірілей салмағын 450-500 кг-ға жеткізеді.
Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыру жан-жақты толықтырып,
өсіп: дамып келе жатқан төл организмінің мұқтаждығын қамтамасыз етіп
ұйымдастырады.
Қабылданған төл өсіру жоспарына сәйкес шаруашылықта жаңа туылған
бұзауларды өсіру тәсілі белгіленеді. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді.
Біріншісі – бір кезде туылған 2-3 бұзауды осы мақсатқа арнайы бөлінген
сиырды емізіп өсіру. Ол сиырды саумайды, сүттілігіне қарай емізілетін
бұзаулар санын белгілейді.
Бұзаулар қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды
туылғаннан кейін міндетті түрде өз енесінің уызына қандыру шарт. Жаңа
туылған бұзаудың кіндігін кесіп, кесілген жерін өңдеп, танауын тазартып,
денесін бұланған сабанмен ысқыланғаннан ас қорытуды дұрысталып, шуы тез
бөлініп, ийді.
Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 л, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші-
төртінші күні уызды күніне үш рет бөліп емізіп, бесінші-алтыншы күнінен
оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6 айға дейін азықтандыруға таңдалған
тәсіл бойынша өсіре бастайды. Таңдалған азықтандыру схемасы бойынша сүт
беріп, оны біртіндеп, мөлшерін азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен
ауыстырады. Алғашқы күндерден бастап төл сүйегі тез жетілуі үшін алғашқы
күндерден бастап сүтке кальций-фосфорлық минералды
қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында ұнтақталып
тазартылған сұлыға үйретіп, екінші айдан бастап оны арнайы шығарылған
құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құрама жем болмаған жағдайда
тазартылған сұлы, жүгері ұны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр
күнжараларынан тұратын жек қосындысын пайдаланады.
Жазда бұзауларды бірінші айдан бастап көк балаусаға үйретеді. Көк азық
желінуін екінші айда 75-145, үшінші айда 180-200 кг, төртінші айда- 300-320
кг, бесінші айда 430-460 кг, алтыншы айда – 530-560 кг-ға жеткізеді. Ас
қорыту барысы бұзылмас үшін бұзауларға берілетін көк балаусаның бір бөлігін
солдырып не кептіріп жегізеді.
Тұқымдық еркек бұзауларға берілетін азық көлемін ұрғашы бұзаулардікінен
жоғары, тәулігіне 740-1000 г қосымша салмақ қосатындай етіп жоспарлайды. Ол
үшін алты айдың ішінде әр басқа 320-450 кг сүт, 600-1000 кг көк сүт, 220-
230 кг пішен, 200 кг сүрлем, 100-120 кг тамыржемістілер, 200-220 кг құнарлы
жем жетізеді. Жазда ірі және шырынды азықтар орнына 800-900 кг көк азық
береді.
Шаруашылықтағы тауарлы сүтті үнемдеу үшін бұзауларды сиыр сүтін
алмастырушы жеммен азықтандыруға болады. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік
институтының ұсынған үлгі бойынша сиыр сүтін келесі азықтар қосындысымен
алмастыруға болады. 21-60 күндік бұзаулар үшін 25-35% құрғақ көк сүт, 20-
25% азықтық ашытқы, 4-5% балық немесе ет-сүйек ұны, 13-15% тазартылған
сұлы ұны, 4-5% арпа не бұршақ ұны, 0,5% ас тұзы, 60-90 күндік бұзаулар үшін
18-20% құрғақ көк сүт, 15-20% ашытқы, 5% балық не ет-сүйек ұны, 10-19% сұлы
ұны, 6-15% шөп ұны, 1% балық майы, 20% саломас, 0,5% фторсыздандырылған
фосфат, 0,5% ас тұзы. Алты айдан кейінгі танаөторпақты болашақ өнімділікке
бейімдеп 37-кестеде келтірілген азықтандыру нормасы бойынша азықтандырады.
Тұқымдық еркек таналар рационында ауқымды азықтар біршама кемітіліп
орнына құнарлы азықтар 10-15% көбейтіледі.
Тана-торпақты азықтандыру нәтижесін олардың өсіп-жетілуі салмақ
қосуы,тәбеті,сыртқы түрі, көңіл күйіне қарап бақылайды [8].

3.2 Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері

Тұқымдық бұқаларды азықтандыруды ұйымдастырғанда, олардан жоғары сапалы
ұрық алынуына және жыныстық белсенділігінің ұзақ уақыт бойы сақталып
қалуына басты назар аудару керек.
Азықтандырудың жалпы деңгейі тұқымдық бұқаның тірілей салмағының 100 кг-
ына шаққанда: шағылысқа түспейтін кезеңде – 0,8-1,0 азық өлшемінен, күш-
қуатын орташа жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде – 0,9-1,2, күш-қуатын
барынша жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде – 1-1,4 азық өлшемінен және күш-
қуатының жұмсалуына қарай 1 азық өлшеміне, тиісінше: 100-104, 120-125, 130-
135 г қорытылатын протеиннен келуі тиіс.
Өсіп келе жатқан тұқымдық жас бұқалардың жоспарланған салмақ өсіміне
қарай, азықтандыру мөлшерлері де тәулігіне 0,5-1,0 азық өлшеміне көбейіп
отырады.
Тұқымдық бұқаларды азықтандыруды құрғақ зат пен ондағы алмасатын қуаттың
шоғырлану деңгейі бойынша бақылап отыру керек.
Тірілей салмағының 100 кг-ына шыққанда: шағылысқа түспейтін кезеңде – 1
кг-ында 4,7-8,7 МДж алмасатын қуат бар 0,9-1,3 кг құрғақ зат, күш-қуатын
орташа жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде тиісінше: 8,9-9,15 МДж және 1,1-1,5
кг күш қуатын барынша жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде 9,3-9,4 МДж 1,3-1,67
кг құрғақ зат беру қажет.
Белокқа, макро және микроэлементтерге, витаминдерге және басқа да
биологиялық белсенді заттарға мұқтажын азыққа енгізу мөлшері шағылысқа
түспейтін кезеңінде – 10%, күш-қуатын орташа жұмсап шағылысқа түсетін
кезеңінде – 12% және күш-қуатын барынша жұмсап шағылысқа түсетін кезеңде
15% болатын есебіне толтыру мейлінше тиімді.
Шаруашылықта болмаған жағдайда, негізгі мерзімдік азық үлесіне (бұршақ-
астық тұқымдас дақылдар пішіні, пішендеме, сүрлем құнарлы азықтар) кебек
емес, фосфаттар, араластырып дайындаған күнжара, май алынған дән
қалдықтарын, ет-сүйек ұндарын және витаминдермен, минералдар мен байытылған
қоспалар қосу қажет.
Қоспалардың мұндай үлгі мөлшеріне арқылы тарсырыс беруге болады.
Жазғы кезеңде тұқымдық бұқаларға көк балауса, пішен, құнарлы азықтар
береді. Екпе жайылымдар болған жағдайда жайып баққан тиімді, бірақ бұл
жағдайда да пішенмен және құнарлы азықтармен азықтандыру мөлшерлерін
азайтпау керек.
Қысқы мерзімдік азық үлестері құрамындағы жемшөптердің жұғымдылығы
бойынша мынадай арақатынасы ұсынылады: ірі азық – 25-27%, шырынды азық
(сүрлем) – 10-12, пішендеме немесе астық пішендемесі – 18-20, құнарлы
азықтар – 45-47 (олардың құрамында 10-15% БВМҚ болуы тиіс) және мал
өнімдерінен дайындалған азықтар – 3,5-5%.
Егер бұқа ұрпағының сапасы бойынша сыналмаса, онда оның енсінің
сүттілігі тұқым стандартымен салыстырғанда 200%артық болуы тиіс, ал сүтінің
майлылығы тұқым стандартынан 0,2% жоғары болуы шарт.
Тұқымдық бұқалардың азықты жалпы қажет ету мөлшері олардың тірілей
салмақтары мен жергілікті жемшөп жағдайларына байланысты. Тұқымдық
бұқалардың жыл бойына орташа да, қарқынды да пайдаланылуы, сондай-ақ
демалыста болуы да мүмкін екенін ескере отырып, орташа күш-қуатпен
шағылысқа түсетін кезеңге арналып жасалған қажетті жылдық мөлшері
келтірілген.
Еркек бұзауларды таңдағанда, олардың шешелерінің сапасын ескереді.
Жазғы кезеңде мерзімдік азық үлесінің құрамының 38-40%-ы көк балауса, 25-
28%–ы пішен және 35-40%-ы құнарлы азықтар, оның ішінде 1,5-2%-ы мал
өнімдерінен дайындалған азықтар (жоғары сапалы ет-сүйек немесе сүйек
ұндары) болуы тиіс. Тұқымдық бұқаларды азықтандыруды бақылау олардың жалпы
жағдайлары, тірілей салмақтарының өзгеруі, жыныстық тұрғыдан бабына келуі,
шәуетінің сапасы, қанының морфологиялық құрамы мен биохимиялық көрінісі
сияқты клиникалық мәліметтері және физиологиялық көрсеткіштері бойынша
азықтандырудың жалпы деңгейін де, протеинмен, минералдармен және
витаминдермен қоректену деңгейін де нақтылауға болады [9].
3.3 Бұқаны ата-тегі бойынша сынау

Ұрпағының сапасы бойынша сыналатын бұқаларды келешекте кеңінен өсіру
мақсатында жақсы атадан өрбіген, қорытынды класс элта-рекорд, сырт пішіні
мен дене бітімінің сынақ балы 25-27 кем емес, келешегі зор аталып малының
ішінен іріктеп алады.
Сыналатын бұқаның енесі белгілі аналық ұя малынан шыққан және тұқымы IV
буыннан кем емес, екі және үш одан да көп бұзаулаған, сауылған сүтті және
сүт майы стандарттан 150% сүтінің майлылығы стандарттан 0,2% жоғары тірі
салмағы I класс талабынан төмен емес сиыр болуы тиіс.
Олар дене бітімінің мықтылығымен, сырт пішінінің сымбаттылығымен, жақсы
жетілген астау, тегене тәріздес немесе домалақ желінімен өзгешеленеді.
Желіні мен желіннің бөліктерінің бірдейлілігі 45%-дан кем емес, желіннің
сынақ балы 2,5 кем емес, сүт беру екпіні 5 балдан төмен болмағаны, ал
қортынды класы элита және элита-рекорд болуы тиіс.
Бұқаны ата-тегі бойынша А асыл тұқымдық категориясы бар, дене бітімі
шығыңқы, сырт пішіні сымбатты және 27 балл алған, енелері машинамен саууға
бейімделген болуы тиіс.
Егер бұқа ұрпағының сапасы бойынша сыналмаса, онда оның енсінің
сүттілігі тұқым стандартымен салыстырғанда 200%артық болуы тиіс, ал сүтінің
майлылығы тұқым стандартынан 0,2% жоғары болуы шарт.
Ұрпағы жедел өсетін бұқаны пайдаланудың экономикалық тиімділігі зор,
сондықтан оларды ұрпағының сапасы бойынша сынақтан өткәзу қажет деп
саналады.
Ұрпағының сапасы бойынша сынау үшін сынаққа қойылған әр бұқадан айында
100 бас қалыптағыдай өскен, тұқымдық типі айқындалған еркек ұрпақтарын
азықтандыруы мен бағып күтуі оңтайлы және бірдей жағдайға қояды.
Ұрпақтарына 8 айдан 15 айына дейін жедел өсіру жағдайын жасайды. Жас
малды азықтандыру деңгейі өсіру кезеңінен соңында бұқашықтардың тірі
салмағы элита-рекорд өлшемі талабына сай болуын қамтамасыз ету керек.
Еркек бұзауларды таңдағанда, олардың шешелерінің сапасын, тірі салмағы
мен жасын және дене бітімін де ескереді.
Бұқаларды ұрпағының сапасына және ұрпақтарының өз өнімі бойынша сынау
асыл тұқым мал өсіретін шаруашылықтарды, сынақ станцияларында, асыл тұқымды
мал фермаларында 1-кезеңде жүргізіледі.
Бұқаны алғашқы өнімі бойынша сынау 8айынан 15 айына дейінгі өсіру
кезеңінде: өсіп-жетілуі қарқыны мен азықты өтеу қасиеті, бұқаның сырт
пішіні мен оның ұрпағының көрсеткіштері арасында корреляктивтік байланысты
анықтау арқылы жүзеге асады.
8айынан кейінгі кезеңде өсіп-жетілуі және семірту қарқыны, 8 айынан 15
айына дейінгі кезеңде 1 кг қосымша салмаққа шыққан азық, 15 айындағы тірі
салмағы және еттілік тұлғасы анықталады. Ғалымдар Легошин Л.С. Овуховтардың
асыл тұқымды ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық ал
көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амині, йодтың белокпен
байланысы, альбумендер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы
жатады. Осылардың 4-6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Пәндер