Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
" Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік- қазақ әдебиеті философиялық дүниетаным"
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... 3
I тарау
М. Дулатов шығармаларының зерттелуі, XX ғ басындағы тарихи әлеуміттік жағдай ... ... ...5
1.1. Ақын туындыларын зерттеуші ғалымдардың сын-зерттеу еңбектеріне шолу ... ... ... ..5
1.2. XX ғ тарихи әлеуметтік жағдайдың қаламгер өміріне әсері ... ...7
II тарау
М. Дулатов шығармаларындағы әлеуметтік ортаның дүниетанымы ... .10
2.1. Ақын поэзиясындағы заман көрінісі, ондағы әлеуметтік философия дүниетанымы ... ...10
2.2. Суреткер шығармаларындағы түркішілдік рух ... ..17
2.3. М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романың мектеп бағдарламасында оқыту әдістемесі ... .22
Қорытынды ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... 25
Кіріспе
Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Егемендіктің мәндік негіздерінің, тәуелсіздіктің тұғырлы болу шарттарының бірегейі -- рухани ояну.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының бетін ашу - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетаным, әлеуметтік дүниетанымының қалыптасуы мен дамуын, оған ықпал еткен тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайларды сараптау. Оның шығармашылық өмірі мен туындыларының ішкі мәнін жан-жақты қарастыру.
Міндеттері:
М. Дулатовтың дара тұлға, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының рухани дүниетанымдық бастауларын анықтау
- XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік қайта құрулар мен өзгерістердің қазақ қоғамына ықпал ету деңгейін, трансформациялық процесстердің ұлттық болмыс пен санаға әсерін, олардың М. Дулатов шығармаларындағы көрінісін айқындау;
- М. Дулатовтың ғылыми публицистикалық және әдеби шығармаларына герменевтикалық талдау жасап, ойшыл ақын-жазушының қоғамдық-саяси, әлеуметтік - философиялық көзқарастарының генезисі мен эволюциялық даму кезеңдерін нақтылау, ой-пікірлерін тарихи-философиялық принциптер негізінде сұрыптап, жүйелеу;
- қазақ ұлттық философиялық ой толғаудың қалыптасуындағы М. Дулатовтың өзіндік қолтаңбасын, алатын орнын, ойшыл шығармашылығыныңмәндік-мазмұндыққ ұндылығын айқындау;
- өткен ғасыр мен қазіргі замандағы әлеуметтік, саяси-тарихи процестерге синхронды талдау жасай отырып, М. Дулатов көзқарастарының бүгінгі Қазақстан алдында тұрған мәселелерді (мемлекеттік, азаматтық қоғам, қүқықтық мемлекет құру және т.б.) шешудегі өзектілігі мен потенциалын көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ақын туындыларын зерттеуші ғалымдардың сын-зерттеу еңбектеріне шолу
Міржақып 1897-1902 жылдар аралығында Торғай қаласындағы орыс-қазақ училищесінде алғаш дүниелік пәндермен таныс болады. Ал, ол училищенің негізін салған адам, ірі қоғам қайраткері, қазақ ағартушыларының көрнекті өкілі, ғалым, педагог Ы.Алтынсарин болатын. Осы оқу мекемесінде Міржақып оның еңбектерімен еркін сусындады. Ы.Алтынсарин дүниетанымы мен МДулатовтың қоғамдық ой пікірі мен дүниетанымдық көзқарастарының кейбір тұстары үндесіп, сабақтасып жатады, яғни Міржақыптыңдүниетанымының қалыптасуына тұңғыш педагог еңбектерінің ықпалы болғаны.
Ғалым, философ А.Х.Қасымжанов "Міржақыптың көркем өдебиеттегі ұстазы -- Абай" (26.111 ) -- дейді өзінің ғылыми зерттеу еңбегінде. Қазіргі зерттеушілердің дені көбі, ғасыр басындағы зиялылардың бір қатарын Абайдың ізбасары санап жүр*. Міржақып Абайдың ұлылығын дәріптеп "ғылымсыз қара халық арасында, сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып шығып, тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті" (18.249 ) -- деп ғасыр басында жоғары баға береді. Ол қоғамдық мәселелерді қозғаған еңбектерінде ұлы ақын танымын мысал тұтып отырады. Міржақыптың дүниетанымының қалыптасуына Абай мұрасының ықпалы зор екені еш шүбә болмаса керек.
М. Дулатов көрсеткендей "Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлт жанды елін-жерін сүйген" ұлыойшылдың қазақ қоғамының дамуына, ұлттық сананың өсуіне ықпалы зор болды. Абай өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы Ресей патшалығының "отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетіп" (27.147 )қазақ халқының қараңғылығы әлеуметтік сипат алған кезең еді. Ресей бодандығында жатқан қазақ халқының сауатсыз, қараңғы, надандықта жатқанын көре білді; ол сол жолда күресе білді, бүкіл саналы өмірін елінің мұратына арнай білді.
Міржақыптың шығармаларындағы оның әлеуметтік, азаматтық әуендерінде үлкен көрініс беретін тақырып әйелдер теңдігі, яғни әйелдің қоғамдағы, семьядағы құқығы, еркі, азаттығы Ол әйел теңдігі мәселесіне үлкен назар аударып, оны әлеуметтік тұрғыда шешуге тырысады. Аталмыш кезеңде әйелдің саяси құқығы сөз етілмек түгілі, оның бас еркі біреуге бағынышты еді. Әйелдің құқығын шектеу, оның дүниеге деген көзқарасымен санаспай, әйелдің еркінсіз іс-әрекеттер жасау надандықтың көрінісі деп есептеді.
Халқының тәуелсіз, дамыған қоғам болуын мұрат еткен Міржақыптың ойының дамып, дүниетанымының қалыптасуына халық даналығының тигізген ықпалы зор екені даусыз
XX ғ тарихи әлеуметтік жағдайдың қаламгер өміріне әсері
XX ғасырдың бас кезі талай халықтың басынан небір сұрапыл дауылдарды соқтырып өтті. Бұл уақыт қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың қақтығыс күресі, азаттық жолында арпалыстың кезеңі болды. Әлеуметтік саяси жағынан алғанда бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс феодалдық қоғамның ыдырауын жеделдеткенмен оларды ауыстыратынқоғамдық қатынастар тым әлсіз еді. Халық "Бақытсыз Жамал" әдебиетте шыққан бірінші роман болғандығынан емес, роман көкейкесті мәселені көтергендіктен халықтың ойынан шықса керек. Роман тек көркем туынды ғана емес, қоғамдық сананы дамытуда орасан зор көмегін тигізді.
Қазақ қоғамында әйел мәселесінің күрделілігін терең түсінген, жазушы, әйел өз теңдігін қорғай алатындай, әділетсіздікке бас көтеріп, қоғамдағы орын алып отырған әділетсіздікке бас көтере алатындай болу үшін сауаттануы, яғни білімді болу қажет деп санайды. Сонда әйел өзіне жасалынған қиянатқа қарсы тұра алады деп ұғады.
Міржақыптың әйел мәселесі жайында көзқарасы, оның еңбектері қазақ қоғамдық ойының дамуына тигізген әсерлері зор. Оның шығармаларында адам мәселесі, оның ерік-жігері рухани болмысы мен ойы, қоғамдағы орны жан-жақты зерттелініп, шешімін тауып жатады. Сондықтан да бұқара халық ыстық ықыласпен қабылдап, рухани азық етгі.
Міржақыптың шығармашылығы мен саяси қызметін үш кезеңге бөлуге болады. 1 кезең - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрес кезеңі, 2 кезең - Алаш қозғалысына қатысу және Кеңес өкіметіне қарсы күрес, 3 кезең - жаңа үкіметтің рақымшылық жасағаннан кейінгі халыққа, елге қызмет етуі.
М. Дулатұлы 1904 жылы Омбыда А. Бөкейханмен және А. Байтұрсынұлымен кездескеннен кейін саяси күреске белсенді қатыса бастайды. 1905 жылы ол императорлық билікке жолданған петицияны жасаушылардың бірі болды [7, 123 б.].
Қарқаралы оқиғаларынан кейін саяси сенімі толығымен қалыптасқан тұлға сол кезде төңкеріс алауына бой алдырған Ресейдің орталығында саяси дайындыққа бет бұрды. Ал 1906 жылы Петербургке Ресей кадеттері партиясының мүшесі ретінде жіберілді. Мұнда ол мұсылман фракциясы мен Еділ және Кавказ жетекшілері ұйымдастырған отырыстардың жұмысына қатысады.
1907 жылы 3 шілдеде патша жарлығымен қазақтар мен Сібір және Орта Азияның барлық жергілікті халықтары Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатысу құқығынан айырылды. Бұл шешім ұлттық өзін-өзі басқару мүмкіндігін түбегейлі бұзды. М. Дулатов 3 шілдедегі заң мақаласында бұл шешімді әділетсіздік деп сынға алды. Оның осы мәселенің әділетсіздігі туралы жарияланған мақаласынан кейін Серке газеті жабылды.
М. Дулатұлының Біздің мақсатымыз атты келесі мақаласы қазақ халқын оятуға және Ресей империясын әшкерелеуге бағытталған болатын. Осы мақала жарияланғаннан кейін патша полициясы Серке газетін тәркіледі. Бұл мақаладан оның қаншалықты батыл болғанын көруге болады [8, 29 б.].
1913 жылы өз көзқарасын еркін білдіруге арналған алаңға айналған және қазақ қоғамының күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қамтитын Қазақ газеті құрылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынұлы бас редакторы болды, ал Міржақып Дулатұлы оның орынбасары болды. Осы жылы әйгілі Оян, қазақ! жинағын шығарды [3, 4 б.].
Міржақып Дулатұлы сол кездегі ғылыми-техникалық жетістіктер туралы көп жазды. Дулатұлы осындай мақалалар арқылы қазақ жастарын білімге, ғылымға қызықтырғысы келді [6, 43 б.].
1916 жылы М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан 25 маусымдағы қазақтарды майданға шақырған патша жарлығына қарсы шықты [9, 9 б.].
Ақын 1916-1920 жылдары Алаш қозғалысының ортасында болды: ол Ресейдің арғы бетіне - қазіргі Беларуссияға жетіп, қара жұмысқа жіберілген қазақ жігіттерін отандарына қайтаруға қатысты, азамат соғысы кезінде қолына қару алды.
Міржақып Дулатұлы - бірінші дүниежүзілік соғыста азап шеккендерге және босқындарға айналған адамдарға көмек көрсеткен қазақ тарихында алғашқылардың бірі болған Жанар көмек комитетін құрушылардың бірі. Ол әртүрлі жерлерде майдангерлерге жіберілген қазақтарға көмек көрсететін орталықтар ашты, үнемі олардың жанында болды. Ол тілді білмейтіндерге қамқорлық жасап, оларды қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Осындай зор еңбектерге қарамастан, 1919 жылы Міржақып Дулатұлы Кеңес өкіметінің орнауына қарсы күрестің белсенді қатысушысы - Амангелді Иманұлының өліміне қатысы бар деп айыпталды [10, 115 б.].
Дулатұлының тағдырды мемлекеттік және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанының дәлелі - оның Қазақ газетінде жарияланған Қазақ халқын басқарған адамдар, Жер мәселесі, Қазақтар туралы, Қазақ мүфтиятының мәселелері, Земство деген не? мақалалары. Осы тақырыта сегіз мақала жазу оның билікті сол кездегі халықтың экономикалық жағдайын бейбіт жолмен жақсартуға шақыруды ойластырғанын білдіреді [8, 287 б.].
Жаңа үкімет құрылған кезден бастап, елдің жарқын болашағына деген үміт пайда болғанымен, қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупі сақталып қалды. Дәл осы уақытта қазақтарды құтқару үшін Алаш көсемдері жағдайды өз бақылауына алды. Алаш көсемдері - ауқатты отбасылардан шыққан, жоғары білімді Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сияқты ұлт зиялылары еді. Олар 70-ке жуық бүкілқазақ съезін өткізіп, өте маңызды мәселелерді талқылады [9, 25 б.].
Осындай оқиғалардан кейін Әлихан Бөкейханұлы басшылығымен 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпы қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш автономиясы жарияланды. Ішкі демократиялық режимнің күшеюінен және дүниежүзілік соғысқа қатысып, әбден әлсіреген Ресейдің жеңілісі, патшаның тақтан түсуі Алаш көсемдері үшін жағымды жаңалық болды. Беларусь тылындағы қазақтардың арасында болған Бөкейханұлы мен Дулатұлы Ақпан төңкерісінен кейін бірден Петроградқа келді. Патша құлдырап, билік Уақытша үкіметтің қолына өткеннен кейін, олар астана көшелерінде салтанатты шерулер өткізген адамдардың қатарында болды. Олар билікке келген революционерлердің Ресей халықтарына бостандық жарияланғаны туралы жаңалығын үлкен қуанышпен қарсы алды.
Отандарына оралғаннан кейін Әлихан, Мұстафа, Міржақып үшеуі қазақ газетінде Алаш ұлына деген атпен хат жариялады. Бұл хатта Алаш көтерілісі көсемдері саяси оқиғаларға көзқарастарын білдіріп, баға береді және алдағы іс-шаралар жоспарларын жариялады [4, 147 б.]. Осыған байланысты қызу және қарқынды жұмыс басталды.
Алдымен Алаш комитеттерін құрып, облыс орталықтарында қоғамдық комитеттер ұйымдастыруға тура келді. Осы ұйымдарда елдің болашағы туралы пікірталастар мен пікір алмасулар өтті, Бүкілқазақтық съезге делегаттар сайланды. Сол жылдың 20 шілдесінде Орынборда тарихта тұңғыш Бүкілқазақ съезі ашылды. Алты күнге созылған айтулы жиынның күн тәртібіне он төрт сұрақ қойылды. Олардың ішінде мемлекеттік билік, қазақ автономиясы, қазақтың ұлттық партиясын құру, әскер құру, елордада өтетін Құрылтай жиналысына дайындық туралы маңызды сұрақтар болды. Ә. Бөкейханұлының ұсынысы бойынша, алғашқы екі мәселеде Ресейдің демократиялық федералды және парламенттік республикасының құрамында қазақ ұлттық-аумақтық автономия құру туралы шешім қабылданды.
Съезде ұлттық зиялы қауым өкілдері белсенді талқылап, бар ынта-жігерімен шешкен мәселесі - қазақ ұлттық партиясын құру болды. Оған Алаш есімі берілді. Алдағы Құрылтай жиналысына сайланған депутаттарды Алаш партиясының атынан ұсыну туралы шешім қабылданды. Жоспарланғандай, Қазақстан территориясындағы үш партиядан депутаттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz