Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
Министрлігі
Академик Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды
Университеті
Тарих факультеті
Археология,этнология және
Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Үйсін және қаңлы тайпаларының Отандық тарих ғылымында зерттелуі
Орындаған:Ио-23-2К тобының студенті
Жаппархан Д.
Қабылдаған:т.г.к,профессор С.У.Жауымбаев
Қарағанды,2024
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 5
1.1.Үйсіндер мен қаңлылар шаруашылығы,мәдениеті және діни-нанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.Қаңлы,Үйсін тайпаларының ішкі және сыртқы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.Үйсін,қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. Қаңлы тайпасының шежіресіне қатысты деректерге сипаттама, орналасқан территориясы және Ежелгі Үйсіндердің көк бөрілері туралы аңыздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2.Үйсін және қаңлы тайпаларының Отандық тарих ғылымында зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ежелгі заманда өмір сүрген,ең мықты тайпалар-қаңлылар мен үйсіндер.Отандық тарих ғалымдары екі мемлект туралы тереңірек зерттеуде.Қазіргі жастарға ғалымдарымыздың жұмыстарын оқуға насихаттау,қызықтыру; Қазақ шежірелері бойынша қаңлылар Ұлы жүздің ең көне де белгілі руларының бірі. Шежіре қаңлыларды Майқы - биден таратады. Дегенмен - қаңлы руының тегі туралы тарихи айғақтар шежіре мағлұматтарынан басқашалау.Ең ежелгі қазақ руларының бірі -- үйсіндер. Олардың тарихы тым әріден басталады және қилы оқиғаларға толы.
Курстық жұмыстың нысаны: Үйсін және қаңлы тайпаларының Отандық тарих ғылымында зерттелуі
Курстық жұмыстың пәні:Үйсін және қаңлы тайпаларының Отандық тарих ғылымында зерттелуі
Курстық жұмыстың мақсаты:Пайда болғаннан бастап жойылғанға дейінгі Қаңлы және Үйсін мемлекеттеріне сипаттама беру.Отандық тарих ғалымдарына анықтама беру;
Курстық жұмыстың міндеті:
-Қаңлы және Үйсін мемлекеттерінің кезеңдерін жан-жақты талдау;
-Қаңлы және Үйсін мемлекеттерінің қоғамдық-саяси тарихына шолу жасау;
-Мемлекеттерге қатысты оқиғаларды мазмұндау;
-Үйсін мемлекетінің өзге елдермен байланысын сипаттау;
-Қаңлы мемлекетінің құрылымдық тарихын,дінін,тілін,негізгі өнер кәсібін,тарихымыздың кейбір көлеңкелі мәселелері және оны жаңа өркениетті тәсілмен сипаттау;Отандық тарих ғалымдарын зерттеу;
Жұмыстың хронологиялық шеңбері:
Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ. - б.з. V ғ.);
Үйсін мемлекеті. Б.з.д. ІІ -- б.з. VI ғасырлар;
Үйсіндердің территориясы:
Үйсін мемлекетінің негізгі территориясы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды. Шегаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге
3
дейінгі аумақты алып жатты. Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол -Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Қаңлылардың территориясы:
Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестікке жатады. Қаңлылар Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далаларды алып жатты. Қытай деректері бойынша, астанасы Битянь қаласы. Қаңлы би- леушісінің қол астында 5 иелік болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің тарихын жазу И. Бичуриннен басталады, Шицзи мәтініне Давань туралы хикаяда берген түсініктеме- сінде ол Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр деп атап өткен.
Курстық жұмыстың тақырыптық зерттелуі. Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген тайпа-уйсін. Астанасы Шығу қаласы.Көптеген елдерден басталған сауда жолдары үйсіндердің қоныстары мен қалалары арқылы өтті.Тарихи айғақтар мен құжаттарға жүгінейік: Үйсіндер алғаш рет Мөде қағанның (б. 3. б. 176 ж.) қытай императорына жазган хатында аталады. "Хань әулеті кітабының" хұндарға қатысты тарауында: "Біз бірінші қанаттың уәзіріне тапсырма беріп, батыс юечжилерді жаулап алуға жөнелттік. Тәңірі біз жағында болды, қолбасшы -- шеберлік, әскер -- батылдық танытты, салтатты жауынгерлеріміз желдей жүйткіп, юечжилерді тас-талқан етті... Ол Лоуландарды, үйсіндерді, юечжилерді, солармен бірге 26 көршілес халықты толық хұндарға бағын- дырды. Садақ ататын халықтар осылайша біріктірілді (көшпелілер),"- деп жазылған. Жапон ғалымы К.Ширатари: "үйсіндер Лоуландар халқымен қатар аталатындық- тан үйсіндер Лобнор жерлерінде өмір сүр- ген (қазір бұл жерге Қытайдың атом поли- гоны орналасқан)," -- деп жазады.
"Хань әулеті кітабында" Жан Шанның өмірбаянына орай үйсіндер туралы: "ұлы юечжилер шапқыншылық жасады да Нан- ди биді өлтіріп, жерін тартып алды. Оның халқы хұндарға қашып кетті" дейді. Үйсіндер хұндарға тәуелді болғандықтан, Нанди бидің мұрагері Елжау би ер жеткен соң қол бастап, ұзақ уақыт бойы бірнеше жорықты басқарып, адал қызмет етті.
Қаңлы мемлекетінің қалалары мен қоныстарында мыс теңгелер соғылып, сауда айналымына түсіп отырған. Теңгелер шығарылған негізгі аймақ Ташкент (Шаш) алқабы. Қаңлы мемлекеті Иран, Үндістан, Сирия, Қытай және т. б. слдермен сауда қатынастарын жүргізген. Олар Сырдария өзенін бойлай өтетін солтүстік-батыс жақтағы Жайық өңіріне, Еділ бойына және
4
одан ары Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз аймағына баратын маңызды жол тармақтарын бақылап отырды. Археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде қаңлылардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін баяндайтын кептеген ескерткіштер табылған. Өлген адамдар-мен бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сәндік ошекей Бұйымдар, олардың о дүниеге табынғанын, ата-баба әруағына сиынғанын байқатады. Қаңлылар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, 2бөлім,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
5
1 Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
1.1 Үйсіндер мен қаңлылар шаруашылығы,мәдениеті және діни-нанымы
1.2 Қаңлы,Үйсін тайпаларының ішкі және сыртқы жағдайы
Қаңлылар. Қазақстан аумағындағы сақтардың белгілі ең алғашқы мемлекеттік құрылымдары - Сырдария өзенінің орта бойындағы Кангха мемлекеті туралы үндіирандық Авеста жазуындағы (б.з.д. 500-600 жыл- дар) мәліметтерді айтуға болады. Көне Қытай деректері бойынша Хань династиясының Кітабында б.з.д. III ғасырда сол жерде Каңлы мемлекетінің өмір сүргені туралы мәліметтер бар. Қаңлы мемлекеті Батыста аландармен, шығыста үйсіндермен шекаралас болды. Хань династиясының Кітабында былай делінген: ...Егер ханның қысқы сарайынан атпен 7 күн жүрсең жазғы астана Битянға келесің. Үйлер саны 120 мың, адамдар саны 600 мың, әскері 20 мың, салт-дәсүрлері, әдет-қылықтары ұлы юэчжилерге ұқсас, шығыс бөлігі ғұндарға бағынады.
Қазақ шежірелері бойынша қаңлылар Ұлы жүздің ең көне де белгілі руларының бірі. Шежіре қаңлыларды Майқы биден таратады. Дегенмен қаңлы руының тегі туралы тарихи айғақтар шежіре мағлұматтарынан басқашалау.
Махмұт Қашқаридің "Түбі бір түркі тілі" деген жинағында: "Қыпшақ бірлестігінің (тайпа) тамаша руларының бірі қанлылар" деп жазылған. Ежелгі түркілердің тасқа қашалған Орхон-Енесай руни- калық жазбаларында Аспан түр- кілерінің көсемдері қаңлылар туралы: "бізге қаңғлы ата кел- ді" деп көрсетеді. Бұл қаңлы руының Түрік қағандығы тұсындағы маңызын танытады. Қазақ халқы арасында да осы күнге дейін: "Халық сыйлайтын қаңлы бар", "Ханды қаңлыдан сайла", "Қаңлы бар жерде басқа хан жоқ" деген қағидалар сақталған. Белгілі ақын әрі ғұлама Шәкерім қажы "Түркілер, қырғыздар мен қазақтар шежіресі" деген кітабында қаңлылар хақында: "Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда қаңлы руынан шыққан көптеген Осман түркілері тұрады" деп жазады. Қаңлылар тарихы б. з. б. IV ғасырдан белгілі, олар тарихта Кангха халқы ретінде көрсетілген. "Хань әулеті кітабында", ежелгі қытай құжаттарында қаңлылардың "Кан жуй" деп аталғаны айтылады. "Батыс аймақтардың сипаттамасында" бұл жазбалар б. з. б. II ғасырдың екінші жартысына жатқызылады. Ежелгі дәуірлер туралы жазылған қытай кітаптарында "Кан жуй гую Қаңлылар мемлекеті" жиі кездеседі. Қытайдың басқа бір кітаптарында қанлылар "Кан, Кангла, Кангуй, Кангар, Канграс, кенгерес деп аталады. Бұған қарап қаңлылар б. з. б. III - І ғасырларда Сырдария, Шу өзендерінің алқаптарында, Қаратау бөктерлерінде өмір сүрді
6
деген қорытынды жасауға болады. Сол кездерде олар шығыста үйсіндермен, батыста аландармен, оңтүстікте Ферғанамен шекаралас болған. Сол "Хань әулеті кітабында": "Ханның қысқы астанасы Люенй- диде болды, кейін Битян қаласына көшірілді. Егер Люенйдиден шықсаң, салт атпен 7 күн жүріп, Битянханның жазғы астанасына жетесің. Түтін саны 120 мың, адамы 600 мың, 20 мың әскер шығара алады, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері ұлы юечжилерге ұқсас. Шығыс бөлігі хұндарға бағынады", деген мағлұматтар берілген. Осы дерек көзінде Қаңлы мемлекетінің бектер басқаратын бес аймаққа бөлінгені айтылады.
Қаңлылар этнонимін айтсақ,"каңлы" сөзі үнді-еуропа тілдерінде "Өзен", "су", "су", "өзен ағысы" деген мағынаны білдіреді. Түркі тілдерінде "кан" тура "кең", жалпақ, "кең дала" деген сөз. Бұл сөздің алғашқы мағынасы қаңлы халқы өмір сүрген алқаптағы Сырдария өзенінің атауы ретінде қолданылған. Ежелгі қытай- лықтар хұн бегі Лули иеленген жерлерді Кең су деп атаған. Қытайша Гань болып аталады, дегенмен қаңлы халқы нақ осы Сырдария бойында өмір сүргендіктен бұл сөз халықтың этнониміне, өз атауына айналған. Осыған орай мемлекетте Қаңлы мемлекеті аталған. Қаңлы этнонимі қытай халықтары мен жылнамаларында ғана емес, парсының "Авестасында" "Кангха" түрінде, Орхон-Енесай руникалық жазбаларында "Кану-Тарбан" түрінде, ежелгі грек географы әрі тарихшысы Птоломейде "Канагай" түрінде кездеседі, Фирдоусидің "Шаһнамесінде" "Тұрандар мемлекетінің астанасы Кан қаласы" деп аталған. Осыған қарап біз Кан Кең сөзі "Кан өзенінің жағалауларында тұратын халық", "өзен халқы" мағынасын білдіреді деген қорытынды жасай аламыз. Қаңлылар (Кангюи Кан жуй) ежелгі замандарда-ақ (б. з. б. ІІІ -- І жүзжылдық) көрші елдермен, халықтармен, юечжилер- мен, кушандармен (Бактрияда юечжилердің өздері құрған мемлекет) қарым-қатынас орнатқан. Қаңлы мемлекетінің қуатты болғаны соншалық, олар тіпті сол кезеңде Хань әулеті билеген ежелгі ұлы Қытайды да мойындамаған. Қаңлы хылқының жеріне аттан- дырылған Гошун өз хатында қытай императорына былай деп жазады: "Өте іскер де батыл қаңлы халқы біздің елшімізді де тиісінше қарсы алмады. Тұтық бек жіберген адамдар келгенде оларды үйсіндердің, тіпті одан да төмен халықтар елшілерінің қатарына отырғызды. Тұтық бек сенім артып жіберген кісілерді хан мен оның кеңесшілері ас-су ішіп болғаннан кейін ғана дастархан басына шақырды. Бұдан олардың Хань мемлекетін мойындамайтындарын, оларды тіпті өзімен көршілес халықтардан төмен қоятындарын көреміз" "Хань әулеті кітабында", "Батыс аумақтар сипаттамасында" тап осылай жазылған, 33 -- б, Үрімжі, Бань Гу. Қаңлы халқы жартылай көшпелі, жартылай отырықшы болған. Сондықтан жаздық және қыстық екі астана ұстады. Қытай саяхатшысы Жан Чянь І ғасырда Қаңлы мемлекетінің астанасы Отырар
7
(Фараб) қаласы болды деп жазады. Басқа ғалымдар қаңлы халқының астанасы Шаштың (Ташкенттің) маңына орналасты деп көрсетеді. Қаңлы мен хан сарайыныңқоймаларында заңдар мен нұсқалар жинағы сақталған. Қылмыскерлер осы заңдарға сәйкес жазаға тартылған. Әлкей Марғұлан қаңлының осы кітабын зерделей зерттеп, оны тарихи құжаттармен дәлелдеген. Түрік тарихшысы Ф. Копрұлы белгілі қыпшақ сөздігі "Кодекс куманикус" жарық көрген кезде тіл зерттеуші оғыз ғалымы Мұхаммед бин Канс "Қаңлы халқы тілінің сөздігі", арапша "Тиббйу Аль-Лугат аттурки ала Лисан Эл-Канглы" деген еңбегін жазғанын келтіреді. Қаңлы халқы өз бостандығын V-VI ға- сырларға дейін, осы мезгілге қарай әбден күшейген эфталиттердің (ақ ғұндардың) ықпалына түскенше сақтап келді. VI-VII ғасырларда олар Түрік қағандығының құрамына еніп, VII-IX ғасырларда арабтардың ықпалына түсіп, XI-XII ғасырларда қыпшақтарға бағынды. ІХ ғасырдан бастап тәуелсіздіктерінен біржолата айрылып, Ер тіс пен Алтайды иемденген қыпшақтармен араласып кетті, ал кейінірек Қазақ хандығын құрған рулық бірлестіктердің бірі болды.
Ежелгі қаңлы халқының ұрпақтары бауырлас түркі халықтарының: қырғыздардын, каракалпактардын, өзбектердің, түркімендердін, әзербайжандардын, ноғайлардын, башқұрттардың, түріктер мен ұйғырлардың арасында да тұрады. Қаңлылар ішінен өз заманында көптеген батырлар, мемлекет кайраткерлері, ғалымдар мен өнер шеберлері шыккан. "Ақылды да тоқшылықта өмір сүретін халықтың ішінде тым құрығанда бір кісі каңлы руынан болады" деген сөздің терең мағынасы бар. Ал бұл сонау бағзы замандардан жеткен сөз.
Қаңлылар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне түркі тайпаларына жатады. Өзінің үзақ тарихында оның шекарасы кейде үлғайып, кейде кішірейіп отырған. Бұған әр түрлі шапқыншылықтар мен соғыстар себеп болған. Қаңлы тайпаларының атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қаратау жотасы болған. Қаңлы елі күшейген түстарда замандағы атақты мемлекеттер Қытай, Рим, Кушан онымен жан-жақты байланыс жасап тұрған. Қаңлылардың күшейіп гүлденген дәуірінде олар Ташкеннен Хорезмге дейінгі жерге иелік еткен. Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орынбасары, уәзірлері болған. Елдің астанасы Битянь қаласы. Ол қазіргі Түркістан қаласының маңында болған. Ал, екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығын көрсетеді. Жазба деректерге қарағанда, қаңлы елі бес бөлікке болінген. Әр бөлік өзінің орталық қаласының атымен аталған. Әр бөліктің кіші ханы болған. Олар Ұлы ханға бағынған. Елдің билігі мұрагерлік жолмен әкеден балаға өтіп отырган. Ру басылары, бай адамдар, ақсақалдар кеңесі, әскери көсемдер қарапайым халықты өздеріне мәжбүрлеп бағындырды.
8
Мүлік теңсіздігі адамдардың бай, кедей болып бөлінуін туғызды. Қытай деректерінде қаңлы билеушісінің жазғы және қысқы сарайлары бір-бірінен 900 шақырым қашыктыкта орналасқан деп айтылады.Қаңлылар күнге,айға және киелі жануарларға табынған.Б.А.Литвинский өз зерттеулерінде қаңлылардың өлген адамдардың бастарын батысқа қарап жерлейтінін жазады. Олар зороастризм дәстүрін ұстанған. Антропологиялық түрі eyponaлық, бет әлпеті аққұба, көздері көк, Андронов мәдениетінің адамдарына өте ұқсас. Тілі мен әдет-ғұрпы үйсіндерге, аландарга, хұндарга жақын. Көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан ежелгі тарихқа арналған еңбектерінің бірінде: "Ғұндардың батыстағы басты күші қаңлылар болған. Ұзақ уақыттар бойы Талас және Сырдария өзендерінің маңында ғұндармен қатар өмір сүрді, көп жағынан бір-бірімен ортақтас болды. Орхон мен Енесейдегі ежелгі руникалық жазуды пайдаланған, қаңлылар өмір сүрген қалалар қабырғаларында олардың жазуларының іздері қалган" деп көрсетеді.
Үйсіндер. Ең ежелгі қазақ руларының бірі -- үйсіндер. Олардың тарихы тым әріден басталады және қилы оқиғаларға толы. Жазба деректерде б.з.д. І ғасырда үйсін халқынын саны 630 мың болған делінеді. Мүның өзі олардың іргелі ел болғанын дәлелдейді. Үйсіндердің жайлаулары мен қыстаулары Іле, Шу. Талас өзендерінің алқаптарында болған. Іле, Талас өзендері бойында егіншілік өркендеген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағасында орын тепкен. Жетісудағы тиграхауд сақтардың орнын кейін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс бөлігін, ал солтүстікте Балқаш көлінен бастап, Оңтүстікте Ыстықкөлдің онтүстік жағалауына дейінгі өңірді қамтыды. Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулының атауы Гуньмо (Күнби) деп аталды. Үйсіндерде жерге, малға жеке меншік қалыптаса бастады. Мұның өзі мемлекеттің пайда бола бастауының белгілері еді. Әскербашылар мен баска да билік басындағы адамдардың алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Олардан кішірек басшылардың да мөрі болған. Бірак олардың көбі тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды.Үйсін сөзі үйсіндер мекендеген жерлердегі жер-су аттарында көп сақталған. Жетісу жерінде ХІХ ғ. басында болған А.Левшин жергілікті халықтан мына тауларды (Алатауды) қалай атайды деп сұрағанда, Үйсін тауы деп аталатынын айтып берген. Қытай тарихшысы Су Бейхэйдің жазуы бойынша, Манас өзенінің батысындағы кейбір жер атаулары ол жерлердің үйсіндердікі екенін дәлелдейді. Мысалы Улансуды қазақтар "арусұн" деп атаған. Ол "арғы үйсін" немесе "қызыл түсті үйсін"деген мағынаны береді. Ал Усуды қазақтар "қара усун" деген. Ғалым
9
Лин-Хән У-сын атауын түрік тіліндегі "ұсан" сөзімен дыбыстық жақындығы бар, оның мағынасы үлкендік, осының өзі үйсіндердің түркі тұқымына жататындығына бір дәлел деп көрсетеді. Үйсіндер жайлы ежелгі тарихшы Сыма Цянь мәлімет қалдырған. Үйсін тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық қатынаста болды. Сондай-ақ, ұйғыр тайпаларымен, Орта Азияның ғұн, қаңлы тайпаларымен, Енисей қырғыздарымен қарым-қатынаста болған. Үйсіндердің көрші елдермен оның ішінде қаңлылармен, ғұндармен қатынасы көбіне бейбіт жағдайда өрбіді. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үшін үйсіндер ғұндармен бірнеше рет одақ құрған. Ал Хань империясы олардың күшейіп кетуінен қорқып, үнемі осы одақты бұзуға әрекет жасап отырған. Үйсіндер қыз алып, қыз беру арқылы кейбір көршілермен де татулық байланыс орнатқан. Көшпелі үйсіндердің түрған үйі- киіз үй болатын. Үйсіндер қыстыгүні екі түрлі үйде түрған: кірпіш үй, тас үй.Н.Мыңжанұлы қазіргі Шыңжаң жері болып отырған Шапшал ауданы мен Маңғолкүре ауданының орталығында Тәңір тауының бір бөлігін Үйсін тауы деп аталатынын жазған. Қытайдың ежелгі ханзуша жазба деректерінде, үйсінді "усун" деп атаған. Толы ауданында "Сарығұсун" деген өзен аттары бар. Бұл сөздер Қара үйсін, Сары үйсін дегенді білдіреді. Ұлы жүз ру-тайпаларының ішінде - Ақсақал деген баласының Қараша биі Бәйдібектің Сары бәйбішесінен тарайды. Сонда Сары үйсіндердің жолы Бәйдібектің үшінші әйелінен туған Жарқышақтан тараған. Албан, Суан, Дулаттардан жолдары үлкен. Үйсін сөзі Күлтегін тарихи жырында да Моңғолдардың "Алтын" шежіресінде кездеседі. Түрік тілінің маманы А.С.Аманжоловтың зерттеуі бойынша "Үйсін" сөзін Көне түркінің ус немесе ас сөзімен салыстыруға болады дейді. Ал бұл сөздердің мағынасы М.Қашқаридің сөздігіндегі "Күшіген, бүркіт" деп берілген. VIII ғ. Тоныкөк ескерткішіндегі "түркі бүркіт халқы" деген тіркес ашина түркілерінің, яғни билеуші тайпаның баламасы ретінде қолданылған деп шамалауға болады. Күлтегін ескерткішіндегі тәждің маңдайшасында бейнелеген бүркіт кескініне зер салсақ, жоғарыда келтірілген болжамдардың шындыққа жақын екендігін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды үйсін сөзінің түп-тамыры көне түркі ус сөзіне жақындығын көрсетеді. Әйгілі түрік тілінің маманы Е.С.Малов Үйсін деген ел атының Орхан-Енесей ескерткіштерінде кездесетінін де жазған. Үйсін сөзі қазақ халқының аңыз әңгімелерінде, шежірелерінде кездеседі. Қазақтың тегі туралы аңызда Үйсін - Қотанбайдың үлкен ұлы. Ал қазақ халқының этникалық шежіресі бойынша, қазақтың үш баласының үлкені Бекарыс, осыдан Үйсін туады. ХІХ ғ. Орыс ғалымы этнолог Н.Аристовтың ұлы жүз ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдан жазып алған шежіреде Үйсін Майқы бидің баласы Бақтиярдан тарайды. Үйсін сөзі-қытай деректерінде, Усунь, соңғы кездегі орыс зерттеулерінде Усюн, немесе
10
усуни деп әртүрлі айтылып та жазылып та жүр. Бұл сөз әр елдің әр түрлі айтуына қарай айтылмай, соңғы кездегі қазақ тіліндегі атауындай айтылып-жазылуы тиіс. Біз сол қазақ тіліндегі Үйсін сөзімен жазуды дұрыс деп таптық (автор). Кейбір шежіре деректері Майқы биді б.д. дейінгі үйсіндердің кезінен бастайды. Майқы туралы аңыздар Шыңғыс хан мезгілінде де болған. Ол ханның кеңесші биі болса керек. Жалпы үйсін сөзі б.д.д. VII ғ.белгілі болып небір ауыр тарихи жағдайлар өтсе де, тарихтың барлық тезінен өтіп, өз атымен қазақ дәуіріне дейін жетуі Үйсіндердің іргелі ел болғандығын көрсетеді. Ондай деректер қытай хан-патшаларының "Хан кітабы", "Үйсін мемлекеті", "Батыс өңір баяны 1,2", "Орта Азия тарихы", "Сөз теңізі", "Жібек жолы", "Даван баяны", "Тарихи естелік" сияқты т.б. шежірелерінде көптеп жазылған. Көрсетілген қытай шежірелерінде Үйсін мемлекетінің болғандығын, оның көрші елдермен жасаған қарым-қатынастары, орналасқан жері, шаруашылығы, мәдениеті, діни наным сенімдері туралы мағлұматтар жазылған.
Үйсіндер мемлекеті (қытай деректері бойынша Усунь) б.з.д. ІІ ғасырда Жетісуда қалыптасты. Үйсіндер - сақтардың дәстүрін жалғастырушы тайпалар. Солтүстік пен шығыста ғұндармен, батыста қаңлылармен шекаралас болды. Үйсіндердің мемлекеттік құрылысында Қаңлы мемлекетімен өте ұқсас ортақтықтар бар. Титулы ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлікке берілетін мемлекет билеуші күнби, өкімет кеткенде көмекшісі дуглу екі қолбасшыға және еншіліктерді баскаратын үш басқарушыға, ставканы, салық жинауды, заңдардың орындалуын басқаратын шенеуіктердің сегіз категориясына сүйенді. Үйсіндер тарихының басынан бастап саяси жағынан ғұндарға тәуелді болды, тек аумақтағы күшті мемлекет болғандықтан ғана тәуелділіктен босанды. Қытайлықтар көшпелі ғұндардан үнемі соққы көріп, жеңіле бергендіктен одақтастар іздеп үйсіндер мен юэчжилерге қарады. Қытайдың Хань династиясының императоры У Ди ғұндарға қарсы одақтастар іздеп, үйсіндерге дипломатиялық миссиямен жаһангер-барлаушы (жан- сыз) Чжян Цяньді жіберді. Жолда ғұндардың тұтқынына түсіп, он жыл қапаста отырған Чжян Цянь дегенмен үйсіндерге келіп жетті. Сарай тарихшысы Сыма Цянь осы оқиғаны сипаттаған жазбаларын арқылы сол кездегі үйсін мемлекеті туралы жорамал жасауға болады. Ұлы қаған- ның астанасы Қызыл аңғар деп аталады, үй саны 120 мың, адам саны 630 мың, әскер саны 188 мың... Жерлері кең және жемісті, тауларында қарағайлар мен шыршалар өседі. Салт-дәстүрлері мен әдет-қылықтары ғұндарға ұқсайды. Жылқылары көп, әрбір бай, ауқаттының 4-6 мың жылқысы бар. Халқы жауынгер, батыр... (Сыма Цянь, Ши Цзи). Уақыт өте келе көрші қытайлардың үйсіндерге ықпалы Екі саяси күш күшейе түсті.
11
проқытайлық және нағыз ғұндық күштердің елде үстемдік етуге деген күрестері өзара тартыс, соғыстарға әкеліп отырды. Саяси тартыс-таластар үйсіндер жужандардың ықпалына түскенге шейін, яғни б.з. IV ғасырына дейін созылды. Қаңлылардың батысына қарай, қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz