Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру


Аннотация
Малды азықтандыру пәнінен «Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 32 беттен тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім, (10 теориялық азықтандыру 6 кесте) өзіндік жұміс, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.
Hормативтік сілтемелер
Бұл курстық жұмыста мына төмендегі нормативтік сілтемелер қолданылады:
МЕМ СТ 2, 104 - 68 ЕСКД Негізгі жазулар.
МЕМ СТ 2. 601 - 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары.
МЕМ СТ 2. 6304 - 81 Сызба шрифтері.
МЖБМС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04 - 2003. Экономикалық қызмет түроері бойынша өнімнің классификаторы (ӘҚТБОК)
СТ ОҚМУ 4. 02 - 2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ. 7. 11 - 2009. Университет стандарттары. Оқу - әдістемелік процестерді басқару.
МЖБМС. 2. 701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.
Анықтамалар
Азық өлшемі - организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп - толықтырылған организм мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Азықтандыру рационы - малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру тип і- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.
Рацион - бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.
Қысқартылған сөздер
ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г - грам
мг - миллиграм
л - литр
а. ө. - азықтық өлшем
кДж - килоджоуль
МДж - мегаджоуль
% - пайыз
Мазмұны
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе . . . , , . . . 6
1. Негізгі бөлім . . . 7
1. 1 Жылқыны азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік . . . 7
1. 2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері . . . 8
1. 3 Жылқы рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар . . . 10
1. 4 Жылқы малының ас қорыту ерекшеліктері . . . 12
1. 5 Биені нормалап азықтандыру . . . 13
1. 6 Құлын-тайды нормалап азықтандыру . . . 15
1. 7 Тұқымдық айғырды нормалап азықтандыру . . . 17
1. 8 Жылқыны бордақылап азықтандыру және рацион құру . . . 19
1. 9 Жылқы малынының бір жылға қажет азық қоры (бір басқа) . . . 20
2. Өзіндік зерттеу . . . 22
3. Техникалық қауіпсіздік . . . 30
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Айғырды азықтандыру кезінде азықтарды көп немесе аз мөлшерде беру зиянды болып келеді. Айғыр азықтандырған кезде белгілі азық мөлшерін есептеп, қажетті азық рационын құру маңызды болып табылады. Рацион құрылымы және құрамы малдың және оның түлігінің ас қорытуына, өнімдік бағытына байланысты, сонымен бірге зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты құрылады.
Азық рационы - жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каротиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әртүрлі азықтардың қосындысы болып табылады. Азықтандыру нормасының көрсеткіштері малдың түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты болады, және организмнің азыққа энергиялық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы бойынша анықталады. Азықтандыру нормасының дұрыс қамтамасыз етілуі аз азық жұмсау арқылы, мол өнім алумен анықталады.
Желінген азық қоректік заттары малдың дене температурасын сақтауға, ас қорытуы, ішкі ағзалары мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз етуге, бір жағынан, энергиялық заттар жеткізсе, екінші жағынан, зат алмасу барысында өсіп-өнуге, өнім өндіруге қажетті құрылымдық қосындылар жеткізеді. Жылқы малының ас қорытуы ерекше болып келеді. Сондықтан оларға бұрыннан жеп үйренген жем - шөпке қосымша басқа азықтарды беріп үйретеді. Тұқымдық айғырларды, құлын-тайларды, биелерді азықтандыру ерекшеліктерін ескере отырып, оларға берілетін азық нормасын, азық рационын құрастырады. Жылқыны бордақылау кезінде берілетін азықтары, оларға рацион құру да өзгеше болады. Жайылымда бағу әдістері, жайылым түрлері де түрліше болып келеді. Жайылымда баққан кезде қысқы, жазғы жайылымдардың талаптарға сай келуін ескеруіміз керек.
Жылқының желінген азық энергиясын өз тіршілігінің дене жылыту, қимылдау, жұмыс атқару, өнім өндіру секілді пайдалы энергиясына айналдыру деңгейі онша жоғары емес, өнім өндіруге азықпен енген энергияның не бары 20-30% пайдаланады. Азықтың жалпы энергиясының 30-35%, қорытылмаған тезек қалдықтарымен шығарылса, 35-50 % пайдасыз болып қалады.
1. Негізгі бөлім
1. 1 Жылқыны азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
Мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды болып келеді. Организм қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік заттар да ас қорыту барысында толық қорытылмайды. Бұл бір жағынан өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді. Жылқы - қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлеміндей болады. Жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін, өйткені бұлардың күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жем шөпті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтануға ұзағырақ уақыт жұмсайды.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырамыз. Сауылатын немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және салмақ қосуын жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен мерзіміне тәуелді қоректендіреміз. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған (мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау қажет. Терлеген атты алдымен терін басып, суытып барып суарады. Уақытты тиімді пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін бастырғанан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөптің қалған бөлігін салып қоямыз.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы, тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес азықтандырады. Сонымен қатар жылқы тұқымдарының зат алмасу барысы едәуір ерекше болатынын ескеруіміз де керек. Мысалы: жеңіл жүрісті мініс тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардікімен салыстырғанда 100 кг тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыртүйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашу үрдісін өрістетіп, атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, олардың көліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
Азықтындыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымы мен құрамы мал түлігі мен құс түрінің ас қорыту физиологиясына, өнімдік бағытына байланысты зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі.
Азық рационы деп - малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы - ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каротиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әртүрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде, каротин жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарай тексеріліп, анықталады. Азық рационын 15 күнде 1рет қайтадан жасап отырады. Шырынды (балғын) азықтардан сәбіз, қызылша, тунепс, сапалы сүрлем мен картоп берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып, тазартып қызылшаны 10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді 8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс. Жұмыс аттарына 100 кг тірілей салмағына шаққанда 3-4 кг пішен мен сүрлем, жұмыс ауырлылығына сәйкес 1, 5-2 кг құнарлы жем беріледі. Күніне бір басқа 10-12 кг картоп, 8-12 кг сәбіз, 10-15 кг сүрлем беруге болады.
1. 2. Жылқыны нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері
Мал азықтандырудың қоректік құндылығы малдың қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне сәйкестендіріліп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырылады. Азықтандыру нормасының көрсеткіштерін түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына, тірілей салмағына және өнімділігіне сәйкес өзгеретін энергиялық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы бойынша анықтайды. Организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық өлшемі (сұлылық) қорытылатын протеин (г), кальций (г), фосфор (г), каротин (мг) жатады. Мұндағы азық өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни энергиялық, қорытылатын протеин - құрылымдық (түзушілік), ас тұзы, кальций мен фосфор - минералдық, каротин - витаминдік мұқтаждығын көрсетеді.
Желінген азық қоректік заттары малдың дене температурасын сақтауға, ас қорытуы мен ішкі ағзалары мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз етуге, бір жағынан, энергиялық заттар жеткізсе, екінші жағынан, зат алмасу барысында өсіп-өнуге, өнім өндіруге қажетті құрылымдық қосындылар жеткізеді. Азықтандыру нормасының энергетикалық көрсеткішін анықтағанда малдың оған мұқтаждығымен қатар желінген азықпен жеткізілген бүкіл энергиясының зат алмасу үрдісінде жұмсалатын алмасу энергиясына айналуын ескереді. Бұл айналуға, бір жағынан азықтың жалпы энергиясы мен алмасу энергиясының пайдаланылымдығы және азықтың 1кг құрғақ затындағы қатынасымен анықталатын жалпы энергия алмасулығы, екінші жағынан, желінген азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі ықпал етеді. Содан желінген азық алмасу энергиясының пайдаланылу тиімділігі шығады.
Малдың өнім өндіруіне қажетті энергиялық мұқтаждығын оны өндіруге және одан байланатын алмасу энергиясының көлемімен белгілейді. Малдың жалпы қоректік қажеттілігін айғақтайтын энергиялық мұқтаждығымен қатар протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы азық протеинінің биологиялық құндылығы, аминқышқылдарының үйлесімділігі, желінген азық витаминдерінің сіңімділігіне байланысты болса, күрделі қарынды күйісті малдың мұқтаждығы орын алатын микробиологиялық үрдіске тәуелді өзгереді. Малдың минералдық мұқтаждығына желінген азықпен енген минералдық заттар ерігіштігі мен сіңімділігі, олардың бір - бірімен және де басқа да қоректік заттар, протеиндік және витаминдік мұқтаждыққа күйісті және қарапайым қарынды малдың ас қорыту ерекшеліктері ықпал етеді.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру жүйесі деп атайды. Азық рационын құруда бірнеше принциптерге мән беруіміз керек.
Азық рационын құрудағы принциптер:
1. Азық нормасын анықтау. 2. Азықтың түрлері: а) ірі азықтар; б) шырынды азықтар; в) құнарлы азықтар; г) минералды азықтар; д) биологиялық әсерлі заттар. 3. Малдың өнімін анықтау. 4. Жылдың мезгілі. 5. Малдың физиологиялық жағдайын анықтау. 6. Малдың жынысын, жасын анықтау.
7. Малдың ас қорыту ерекшеліктері.
Азықтандыру нормасының дұрыс қамтамасыз етілуі аз азық шығынымен мол өнім өндірілуімен, яғни азықтандыру тиімділігінің артуымен айғақталады. Нормадан аз берілген қоректік заттар жеткіліксіздігінен өнімділікті кемітсе, нормадан көп берілген қоректік заттар ас қорыту барысында қорытылуы баяулап, өнімділікті төмендетеді. Мүмкін болған жағдайда азықтандыру тиімділігін арттыру үшін бұл негізгі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қосымша малдың «шикі» май мен «шикі» жасунық, қант пен крахмал, биогенді макро және микроэлементтер мен маңызды витаминдерге мұқтаждығымен толықтырылады. Мұндай толықтырылған организм мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректерді арнайы іріктеп алынған азықтандыру нормасы деп атайды.
Арнайы іріктеп алынған азықтандыру нормасына малдың азық өлшеміне, алмасу энергиясына, құрғақ затқа «шикі» және қорытылатын протеинге, лизинге, метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, «шикі» жасуныққа, «шикі» майға, кальцийге, фосфорға, калийге, нитрийге, хлорға, магнийге, йодқа, каротинге, ретинолға, кальцийферолға, токоферолға, тиминге, рибофлабинге, пантотен қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиродиксинге, цианкобаламинге мұқтаждық көрсеткіштеріне кіреді.
Бұл көрсеткіштер организмнің тіршілігі мен қажетті энергиялық, құрылымдық, минералдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын жай нормалық көрсеткіштерге қарағанда жан-жақты да толық қамтитындықтан, саланың мал мен құстың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін жаңа технологияларымен дамытқанда қолданылады.
Азықтандыру нормасының көрсеткіштерін толығымен өтеу үшін қосылған жаңа азық пен азақтық қосындыларға малды біртіндеп, аз мөлшерден бастап үйретеді. Малға жегізілетін ондай жекелеген азық пен негізгі азықтық топтардың көлемі мен арақатынасы малдың ас қорыту физиологиясы мен биохимиясына мейлінше үйлесімді, жұғымды келіп, қоректік заттар қорытылуы мен игерілуін жоғары деңгейде қамтамасыз етулері керек. Мысалы: ас қорыту жолы толықтырылып, желінген азықтың қарында араластырылып, ішекпен уақытылы жылжытылуына көмектесетін қарын моторикасы мен ішек перистальтикасын (жиырылуын) қамтамасыз ету үшін малдың азық жейтін, үйренген аумағы болғаны дұрыс.
1. 3 Жылқы рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Азықтандыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни әрбір малға жегізілетін азықтар мен азықтық қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымы мен құрамы малдың ас қорытуына, өнімдік бағытына байланысты зат алмасу ерекшеліктерімен сәйкестендіріліп жасалады. Мал азығына алдымен өзінің жеп үйренген, жергілікті жемшөптерін жұмсайды.
Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө немесе АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын білдіреді. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жекелеген азық мал азықтандыру типін белгілейді. Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына байланысты болады. Табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылыммен азықтандыру типі қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді, картопты - жемді, тамыржемісті - жемді, бардалы, жомды азықтандыру типтерін ажыратуымызға болады.
Рацион құрылымын құрғанда әр азық пен негізгі азықтық топтың (ірі, шырынды, құнарлы) мөлшері мен арақатынасы мал түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағытына сәйкестендіріліп жасалады. Рацион құрылымын белгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың құрғақ заты бойынша рацион азықтарының малдың қарнына сыйып толық желіне алынатындығын анықтайды. Рацион құрғақ затының аумағы, бір жағынан, желінуі, екінші жағынан, қорытылуы алдымен ондағы «шикі» жасунық көлеміне байланысты өзгереді. Ерте көктемде малды жас жайылым көгіне жая бастағанда жасунық көлемінің күрт кемуінен, олардың ас қорыту барысы бұзылып, жиі тышқаққа ұшырайды. Сондықтан жас жайылым отына және жасунық көлемі басқа жаңа азықтарға малды біртіндеп, ертелі-кеш бұрынғы азықтарын беріп барып үйретеді.
Азықтандыру рационының алдымен мал тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім түзуге қажет энергия мен протеиннің жеткілікті болуына көңіл бөледі. Жемшөп пен энергия негізінен 80-85 пайыз көмірсулармен жеткізілетіндіктен және олардың құрамында майлар аз көлемде болатындықтан, малдың көмірсулық және липидтік мұқтаждығын жалпы энергия мұқтаждығынан бөліп нормалаудың қажеті шамалы болып келеді. Желінген азық қоректік затымен енген химиялық байлаулы энергия организмде олардың тотығуынан пайда болған аденозинүшфосфат (АҮФ) түрінде пайдаланылады. Көмірсулардан, яғни 1 моль глюкозадан тотығу барысында 2821, 9 кДж жылулық энергия байланған 38 моль АҮФ пайда болады. Көмірсулардан 1 моль АҮФ пайда болу үшін 74, 1 кДж жұмсалады. 1 моль АҮФ майлардан пайда болу үшін 92, 1 кДж жұмсалады.
Протеиндік құндылығын бағалағанда мал азығындағы жеңіл қорытылуын, яғни ас қорыту жолында жылдам ыдырап, толығырақ сіңірілу қасиеттерін де ескереді. Оған, бір жағынан азықпен енген азоттық заттардағы белок пен белоктан тыс азотты қосындылар арақатынасы ықпал ететін болса, екінші жағынан азотты заттар мен басқа да қоректік заттар, алдымен жеңіл ыдырайтын көмірсулар (қанттар) арақатынасы ықпал етеді. Протеин қоректілігі норма көрсеткіштеріне сәйкестендірілгеннен кейін рационның көмірсулық және липидтік қоректілігі азықтандыру нормасының қант пен крахмал, «шикі» май көрсеткіштеріне теңестіреді.
Рацион құрамының қоректілік көрсеткіштерін осылайша біртіндеп энергия, құрғақ зат, шикі май, шикі жасунық, қант пен крахмал бойынша сәйкестендірілгеннен соң, оның құрамындағы минералды заттар мен витаминдерін норма көрсеткіштерімен салыстырады. Жылқы рационында магний қадағаланады. Кальций жетіспесе - азықтық бор, әк, ұлу қабыршағы секілді кальцийлі, кальций мен фосфор жетіспесе - азықтық фосфаттар, преципитат секілді кальций - фосфорлы, фосфор жетіспесе - қос натрий немесе аммоний фосфаттар секілді фосфорлы қосындылар қолданылады, микроэлементтер жетіспесе - рацион құрамына олардың тұздарын, каротин жетіспесе - көк азық, шөп ұнын, сапалы пішен, пішендеме, азықтық сәбіз, асқабақ көлемін ұлғайтып, витаминдер жетіспесе - В тобының витаминдері шоғырланған кебек, ашықты, өндірісте шығарылатын витаминдік препараттарды қолданады.
Барлық қоректілік көрсеткіштері бойынша азықтандыру нормасының көрсеткіштеріне толық теңестірілген рационды толық бағалы азықтандыру рационы деп санайды. Азықтандыру қоректілігі олай болмаған жағдайда организмнің мұқтаждығы толық өтелмей, зат алмасу барысы бұзылып, малдың өсіп - өнуі мен өнімділігі төмендейді де, өнім бірлігін өндіруге жұмсалған азық шығынын ұлғайтады. Рацион қоректілігінің норма көрсеткіштеріне жетіспеуі өнім бірлігіне жұмсалатын шығынды 20-50% ұлғайтады. Қоректену деңгейі мен сапасы нашарлаған мал организмінің төзімділігі төмендеп, түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Мал шаруашылығының мамандары әрдайым малды азықтандыру деңгейін қадағалап, бақылап отырулары керек. Ондай бақылауды түрлі зоотехникалық, зоогигиеналық, физиологиялық, биохимиялық, ветеринарлық жолдармен жүргізеді.
Мал қоректенуінің протеиндік деңгейін қан мен қан сарысуындағы белок пен оның бөлшектері, гемоглобин мен метгемоглобин, зәрлік, көмірсулық деңгейін -глюкоза мен глюкоген, липидтік деңгейін - кетондық денелер, минералдық және витаминді деңгейін минералды элементтердің, каротин мен жекелеген витаминдердің қанмен қоса сүттегі, жұмыртқадағы, мүшелердегі, ұлпа - ағзалардағы деңгейімен бақылауға болады. Желінген азық қоректік заттарының ас қорытуы мен зат алмасуындағы ықпалын жан-жақты, алдымен рационның энергетикалық қуаттылығын және оның құрылымдық қосындылармен арақатынасын, биотүзуге биологиялық тұрғыдан құнарлы протеиннің жеткізілуімен сипаттау керек.
1. 4 Жылқы малының ас қорыту ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz