Мұнай майлары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен
Мәнжазба
Тақырыбы: Мұнайды өңдеу
Орындаған: МХӨТ - 202 студенті
Қожамжарова А. Қ.
Тексерген: Сұлтамұратова З. Б.
Ақтөбе 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Мұнайды өңдеудің түрлері
2. Маңызды мұнай өнімдері. Сипаттамасы және қолданылуы
2. 1. Мұнай өнімдерінің маңызды түрлері
2. 2. Дизель отындары
3. Мұнай майлары. Майлардың арнайы қоспалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздің ғасырымызда мұнай мен газдың энергетика, транспорт, елдің қорғанысы, сондай-ақ, өнеркәсіптің әр түрлі салалары мен тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Мұнай мен газ кез келген елдің экономикасын дамытуда шешуші рөл атқарады. Табиғи газ - құбыр арқылы тасымалдауға ыңғайлы арзан энергетикалық және тұрмыстық отын. Мұнайдан әр түрлі сұйық отындар: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған реактивті және дизельді отын сорттары, локомотивтер үшін газтурбиндік отын және қазандық қондырғылар үшін мазуттар алынады. Мұнайдың өте жоғары температураларда қайнайтын фракцияларынан майлағыш және арнайы майлардың, пластикалық майлағыштардың кең ассортименттері алынады. Мұнайдан, сонымен қатар парафин, резеңке өнеркәсібі үшін техникалық көміртек (күйе), мұнай коксы, жол құрылысы үшін битумдардың түрлі маркалары және басқа да көптеген тауарлық өнімдер алынады.
Мұнайдан бөлініп алынатын көмірсутектер газдардың, ароматты көмірсутектердің, сұйық және қатты парафиндердің және басқа да өнімдердің одан әрі қарай химиялық өңдеу үшін шикізат ретіндегі мәні зор.
Мұнай мен көмірсутектер газдар химиялық өнімдер мен тұтыну тауарларын көп мөлшерде өндіру үшін өте жақсы және универсалды химиялық шикізат болып табылады.
Мұнайлы және газды шикізаттарды химиялық өңдеу қазіргі кезде мұнайхимиялық синтез деп аталады. Қазіргі уақытта әлемдік химиялық өнімдердің 25%-ы мұнай мен көмірсутектік газдар негізінде шығарылады.
Мұнайхимиялық өнеркәсіптің дамуының жақын арадағы келешегі өндіріс көлемі бойынша да, синтездің аралық және соңғы өнімдерінің көп түрлілігімен де ерекше қолайлы.
Мұнайхимиялық өнімдерге пластикалық массалар, синтетикалық каучуктер мен шайырлар, синтетикалық талшықтар, синтетикалық жуғыш заттар мен беттік активті заттар, кейбір химиялық тығайтқыштар, отындар мен майларға қосылатын қоспалар, синтетикалық майлағыш майлар, ақуызды-дәруменді концентраттар, көптеген жеке органикалық заттар: ауыл шаруашылығында, медицинада және тұмыста қолданылатын заттар жатады.
1. Мұнайды өңдеудің түрлері
Мұнайды өңдеудің біріншілікті және екіншілікті үрдістері болады.
Мұнайды өңдеудің негізгі (біріншілікті) үдерісі (тұрақтандыру, сусыздандыру және тұзсыздандырудан кейін) айдау деп аталады. Мұнайды айдау - мұнайды құрам бөліктеріне немесе фракцияларға термиялық бөлу үдерісі, оның нәтижесінде, қойылған мақсатқа байланысты, мынадай мұнай өнімдерін жинайды: авиациялық немесе автокөлік бензині, лигроин, реактивтік және газотурбиндік отын, керосин, дизельдік отын және мазут. Мұндай айдаудан кейінгі қалдық-мазут-майлағыш майлар (дистиллятты және қалдық), парафин, гудрон, кокс және басқа мұнай өнімдерінің өндірісіне шикізат ретінде пайдаланылады.
Мұнайды айдаудың дистилляттары мен қалдықтарын мұнайды өңдеудің екіншілік үдерістері үшін шикізат ретінде қолданады. Мұнай құрамына кіретін көмірсутектердің құрылымының өзгеруіне байланысты болатын мұнай өңдеудің екіншілікті үдерістеріне термиялық және каталитикалық крекинг, риформинг, гидроформинг, платформинг, алкилдеу, мұнай өнімдерін ароматтау, изомерлеу, полимерлеу, деструктивтік гидрогендеу, пиролиз, кокстеу жатады.
Мұнай өңдеудің біріншілікті және екіншілікті үдерістерінен алынатын мұнай өнімдерін тазалау қажет. Алынған мұнай өнімдерінің сапасын әрі қарай жақсарту үшін оларға әр түрлі кіргізбелілерді қосады.
2. Маңызды мұнай өнімдері. Сипаттамасы және қолданылуы
2. 1. Мұнай өнімдерінің маңызды түрлері
Мұнай өңдеу өнеркәсібі 500-ден аса түрлі мұнай өнімдерін шығарады.
Олардың ішінен құрамы, қасиеттері және қолданылу салалары бойынша аса ерекшеленетін мынадай негізгі топтарды көрсетуге болады: І-сұйық отын; ІІ-майлағыш және арнайы майлар; ІІІ-пластикалық майлағыштар; ІV-парафиндер мен церезиндер; V-битумдар; VI-техникалық көміртегі(күйе) ; VII-мұнай коксы; VIII-отындар мен майларға қоспалар; IX-түрлі қолданыстағы басқа да мұнай өнімдері.
І. Сұйық отын. Бұл мұнай өнімдерінің үлкен тобына бензиндер (карбюратор отыны), реактивті, дизельді, газтурбинді, қазандық және пеш отындары жатады.
Бензиндердің - авиациялық және автокөліктік сорттары ұшқыннан оталатын қозғалтқыштарға арналған.
Авиациялық бензиндер тіке айдау әрі каталитикалық крекинг және риформинг үдерістерінің бензиндік фрациялары мен алкилат-бензиннен және дүмпуге қарсы және тотығуға қарсы қоспалар қосылған басқа да компоненттердің қоспасы болып табылады. Келесі маркаларда шығарылады: Б-100/130*, Б-95/130, Б-91/115, Б-70. Қайнау температурасы - 40-180 (градус) .
Автокөлік бензиндері тіке айдау, әрі термиялық және каталитикалық крекинг, каталитикалық риформинг үдерістерінің бензиндік фракцияларының, алкилат-бензиннің және пентанды-гександы фракциялардың изомеризаттарының қоспасы болып табылады. Олардың маркалары: А-66, А-72, А-76, АИ-93, АИ-98. Алғашқы үшеуі үшін цифрлар мотор әдісі бойынша, ал қалғандары үшін зерттеу әдісі бойынша октан сандарын көрсетеді. Бұл бензиндердің қайнау температурасының тасталуы 35С-тан төмен емес, ал қайнау температурасының соңы А-66 үшін-205С, басқалар үшін-185-195С.
Авиациялық реактивті қозғалтқыштар үшін отын (авиакеросиндер) негізінен тіке айдау үдерісінен алынатын өнімдердің қоспасы. Оларды екі сортқа бөледі: дыбысқа дейінгі жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-1, ТС-1, Т-2 маркалары) және дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-6, Т-8, РТ маркалары) . Бұл отындардың түрлі маркалары бір-бірінен фракциялық құрамы, жалпы және меркаптанды күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Көпшілік авиакеросиндер үшін кристалдануының басталу температурасы 60С-тан жоғары болмауы керек.
Дизельді отын қысылудан оталатын қозғалтқыштар үшін үш сортта шығарылады: жылдам жүретін дизельдер үшін және кеме газ-турбиналар үшін отын. Бұл маркалар-қату температуралары мен күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Автотракторлық, тепловоздық және кеме дизельдері үшін отынның қату температурасы -55-тен -10С-қа дейін болады.
ІІ. Майлағыш және арнайы майлар . Мұнай өнімдерінің бұл негізгі екінші тобына машиналар мен механизмдердегі сұйық майлауды қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар өнеркәсіптің көптеген салаларында түрлі техникалық қолданыстағы, түрлі тұтқырлық пен тазалық дәрежесіндегі сұйық дистиллятты және қалдық мұнай өнімдері кіреді.
Майлағыш майлар индустриалдық, турбиндік, компрессорлық және бу машиналарына арналған моторлық, трансмиссиондық болып бөлінеді.
Индустриалдық майлар түрлі жағдайларда және түрлі жылдамдық пен жүктемеде жұмыс жасайтын станоктар, механизмдер мен машиналарды майлауға арналған. Тұтқырлығының мәні бойынша оларды жеңіл және ауыр майлар деп бөледі.
Түрлі машиналар мен механизмдер үшін 40-тан аса индустриалдық майлар маркалары шығарылады: велосит, вазелин майы, тоңазытқыш машиналарына арналған майлар (Ха, ХА-23, ХА-30, ХФ12-18, ХФ22-24, ХФ22с-16), ұршықтық және машиналық майлар, талғамды тазалықтағы индустриалдық майлар, сепараторлық Л және Т майлары, илекті орнақтарға арналған майлар, аспаптық майлар және көптеген басқа кең және тар арнайы мақсаттарда пайдаланылатын майлар жатады.
Турбиналық, компрессорлық және бу машиналарына арналған майлар. Бұл топшаға ауыр жүкті жағдайда, жоғары температура мен су, бу және ауа әсері жағдайларында жұмыс істейтін майлар кіреді.
Турбиналық майлар бу және су турбиналарының мойынтіректерін салқындату мен майлауға арналған әрі бу турбогенераторларын реттеу жүйелерін толтыруға арналған. Олар тотығуға қарсы тұрақты болуы және тез деэмульсациялану жылдамдығы (8мин) болуы қажет. 50С кезіндегі тұтқырлығы бойынша мынадай маркаларда: Т22, Т30, Т46, Т57 шығарылады.
Компрессорлық майлар цилиндрлерге, клапандарға және басқа да ауа компрессорларының және ауа үрлегіштерінің қозғалғыш бөліктеріне арналған. Бұл жоғары тұтқырлы қалдық майлар, тотығуға қарсы тұрақты.
Мотор майлары топшасына іштен жану қозғалтқыштарын майлау үшін қолданылатын майлардың көптеген сорттары мен маркалары кіреді. Олар авиациялық, автокөліктік, автотракторлық және дизельдік болып бөлінеді.
Поршеньді қозғалтқыштар үшін авиациялық мотор майы - бұл, әдетте жақсы тазартылған жоғары тұтқырлы қалдық майлар, маркалары: МС-14, МС-20, Мк-22(цифрлар-100С кезіндегі тұтқырлық) .
Турбореактивті қозғалтқыштарға арналған авиациялық мотор майы. Бұл майлар үшін, әсіресе термиялық тұрақтылығы өте маңызды. Оларды таңдаулы мұнайлардан, не жасанды компоненттер негізінде (күрделі эфирлер) түрлі қоспалар қосу арқылы дайындалады. Мына маркаларда шығарылады: МК-8, МК-6, ВНИИНП-50-1-4ф, 36/1, 36/1-к, т. б.
Турбовинтті қозғалтқыштарға және тікұшақтарға арналған авиациялық мотор майлары - түрлі майлардың және қоспалардың жоғары тұтқырлы қоспалары.
Автокөлік мотор майы - түрлі қоспалары бар, талғамды тазартылған жоғары сапалы майлар: маркалары АС-6 (М6Б), АС-10 (М10Б) және басқа; М8В маркасы 10 мың шақырым жол жүрген соң, майды ауыстыру кезінде қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуін камтамасыз етеді; маркалары: М8Г, М12Г, М63/10Г; ал М6В3 маркасы солтүстік жағдайында пайдалануға арналған.
ІІІ. Пластикалық майлағыштар . Бұл майлағыштар сабындар, қатты көмірсутектер және басқа қоюландырғыштармен қоюланған мұнай майлары болып табылады. Бұл мазь және паста тәрізді мұнай өнімдері және түрлі бұйымдарды қоршаған орта жағдайларының әсерінен қорғауға болады. Сонымен қатар, кейбір сорттары түрлі жүйелерді нығыздау, қамтау үшін қолданылады. Бұл мұнай өнімдерінің кең тараған тобы, өзінің ішкі жіктелуі және белгілеу жүйесі бар (МЕМСТ 3127-46) . Барлық майлағыштар екіге бөлінеді: универсалды (У) және арнайы. Әмбебап майдалағыштардың көптүрлі қасиеттерін белгілеу үшін олардың атауларына У әріпіне қасиеттерін көрсететін әріптер қосады: Н-төмен балқитын, тамшы таму температурасы 65 С-қа дейін; С-орташа балқитын, тамшы таму температурасы 100 С-қа дейін; Т-қиын балқитын, тамшы таму температурасы 100 С-тан жоғары; М-аязға төменді, 30 С кезінде қатпайтын; З-қорғағыш; К- қышқылға төзімді; В-суға төзімді; А-активтелген; Р-резеңкені ерітпейтін.
IV. Парафиндер мен церезиндер. Cұйықта, қатты да парафиндер шығарылады.
Мұнай дистилляттарын карбамидті және адсорбциялық парафинсіздендіру кезінде алынатын сұйық парафинді көмірсутектер ақуызды-дәруменді концентраттарды, синтетикалық май қышқылдарын және беттік-активті заттарды алу үшін шикізат болып табылады.
Тауарлық қатты парафиндер мынадай сорттарға бөлінеді: жоғары тазартылған парафин, техникалық тазартылған парафин, синтезге арналған парафин, тазартылмаған сіріңкелік, тазартылмаған парафин.
V. Битумдар. Битумдар ауыр мұнай қалдықтарынан оларды тотықтыру арқылы дайындалады және жол құрылысына, төбе материалдарын алу үшін, гидрооқшаулау, электроқшаулауға арналған, асфальттік лактарды және полиграфиялық бояуларды алу үшін қолданылады.
Мұнай битумдары сұйық, жартылай қатты және қатты түрде шығарылады. Битумдардың көптүрлі маркалары бір-бірінен жұмсару температуралары бойынша, иненің ену тереңдігі, созылмалылығы бойынша ажыратылады.
VI. Техникалық көміртегі (күйе) . Бұл майда дисперсті сусымалы өнім, арнайы зауыттарда алынады. Негізгі тұтынушы-резеңке өнеркәсібі болып табылады. Онда күйе каучуктің күшейткіші және толықтырғышы ретінде қолданылады. Техникалық көміртегінің арнайы сорттары типографиялық бояулар дайындау үшін пигмент ретінде қолданылады.
VII. Мұнай коксы. Күлінің мөлшері 0, 6-дан 0, 3%-ға дейін және күкіртті 0, 4-тең 1, 5%-ға дейін болатын төрт маркасы шығарылады. Негізінен анод массасы өндірісі үшін алюминий мен графитті электродтарды қорытуға падаланылады.
VIII. Отындар мен майларға қоспалар. Қоспалар деп отындар мен майлардың пайдалы қасиеттерін атарлықтай жақсарту мақсатында аздаған мөлшерде қосылатын заттарды айтады.
IX. Түрлі мақсатта падаланылатын басқа да мұнай өнімдері. Бұл топқа мыналар жатады: ароматты көмірсутектер (бензол, толуол, ксилолдар, нафталин) : майлағыш-салқындатқыш мұнай өнімдері (эмульсолдер, пасталар, сульфофрезол, майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтар), металдар өңдеу кезінде, металл бөлшектерін майсыздандыру үшін және түрлі техникалық мақсаттарға пайдаланылады; синтетикалық май қышқылдары - парафиннің тотығу өнімдері; мұнай сульфоқышқылдары, түрлі мастикалар мен пасталар және кейбір басқа да тауарлық өнімдер.
2. 2. Дизель отындары
Дизельдер деп аталатын қысылудан оталатын әрі іштен жанатын қозғалтқыштарды төрттактілі жұмысшы үдеріс ұшқыннан оталатын қозғалтқыштарға қарағанда басқаша жүреді. Дизельді қозғалтқыштарда бірінші екі тактіде таза ауа сорылады және қысылады. Ауа температурасы қысылу жүрісінің соңында қысылған және қызған ауаға жоғары қысыммен белгілі бір уақыт бойы отын порциясы бүркеледі. Отынның майда тамшылары бу тәрізді күйге көшеді және ауаға таралады. Белгілі бір аздаған уақыттардан соң, отын өздігінен оталады әрі толық жанып кетеді. Отынның бүркелуінің басталуы мен оталуының арасындағы уақыт өздігінен оталудың кешігу кезеңі деп аталады. Қазіргі заманда тез жүретін қозғалтқыштарда бұл кезең 0, 002с артық емес. Отынның жану нәтижесінде газдың қысымы 6-10МПа жетеді. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін газдардың қысымының өсу жылдамдығы маңызды болып табылады.
Дизельді отындардың ең маңызды тұтынушылық қасиеті- қозғалтқыштың дүрсілсіз жұмсақ жұмысы мен қысымының қалыпты өсуін қамтамасыз ететін, олардың тез оталуы мен біртіндеп жану қабілеттілігі болып табылады. Отындардың оталу қасиеттері, олардың химиялық және фракциялық құрамына байланысты болады. Шындығында, бұл біріншіден отынның компоненттерінің өздігінен оталу температурасына байланысты. Мысалы, ароматты көмірсутектердің оталу температуралары өте жоғары. Күшті ароматталған өнімдер дизельді отындар ретінде жарамсыз. Керісінше, парафинді көмірсутектердің өздігінен оталу температуралары өте төмен болып, парафинді мұнайдан алынатын дизельді отындардың тұтынушылық қасиеттері жақсы болады. Дизельді отындардың моторлық қасиеттерін бағалау үшін октандық сандарға ұқсас цетандық сандар қабылданған.
Цетан саны дегеніміз - отындарды сынаудың стандартты жағдайларында, сыналатын отынның өздігінен от алуына эквивалентті цетанның %-бен (көл. ) а-метилнафталинмен қоспасының мөлшері.
Тез жүрісті дизельдерге арналған дизельді отындардың басқа да маңызды қасиеттеріне олардың фракциялық құрамы, тұтқырлығы, қату температурасы, кокстелуі, күкірттің мөлшері, қышқылдығы, судың және механикалық қоспалардың мөлшері жатады. Бұл барлық көрсеткіштер қозғалтқышқа отынның қалыпты түрде үздіксіз берілуін, жану толықтығын, нагар түзілуді кеміту және коррозияның болмауын қамтамасыз ететіндей шекте таңдалынады.
3. Мұнай майлары. Майлардың арнайы қоспалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz