Сюжеттік архетип



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ КАҚ

ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ

МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ЖӘНЕ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ӨНЕРІ
КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
______________ Жаңғалдыбек
_______________20__ж.

Абдурахманова Анора Динмухаммедқызы

Дипломдық жұмыс

Қ.Байсейітов, Қ.Шыңғытбаев - Беу қыздар-ай комедиясындағы Күнсұлу рөлінің архетиптік негіздері

Ғылыми жетекшісі: Қазақстан Республикасының
Еңбек сіңірген қайраткері
Иманбаева Айгүл Серікқұлқызы

Мамандық 6В02173 - " Музыкалық театр артисі"

Астана, 2024

Мазмұны

Кіріспе
І. Архетиптер мен олардың сахнада сомдалуы
1. 1.Дж. Кэмпбэлдің Мың түрлі қаһарманы және оның Күнсұлу рөлін сомдаудағы көмегі
1. 2. Қазақ театрындағы жиі кездесетін архетиптік бейнелер

ІІ. Актер мен архетип
2. 1. Беу, қыздар-ай музыкалық комедиясына ұқсас шығармалар хақында және оларды не байланыстырады
2. 2. Күнсұлу рөліне актерлік ізденістер және қойылымнан алған әсерлер

Глоссарий

ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________ ______________________________

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Америкалық мифолог, ғалым Джозеф Кэмпбел 1949 жылы Мың түрлі қаһарман атты әлем өнерін дүр сілкіндірген зерттеу еңбегін жазды. Онда ол: Мифтердің көпшілігінде ортақ сюжеттік құрылым бар. Ол - архетиптік қаһарманның саяхаты, мономиф деді ( 1). Қарапайым сөзбен айтсақ, біз қазір жеті өнерде ( поэзия, музыка, сурет, сәулет өнері, проза, драматургия, кино) сөз етіп жүрген кейіпкерлердің шын мәнінде бір-ақ бастауы бар. Және олардың сюжеттік сызығы, бастан кешкен оқиғасы, тағдыры - барлығы түбі бір. Осы арқылы Кэмпбэлл кейіпкер мен оның оқиғасына реконструкция жасайды. Сөйтіп Мың түрлі қаһарман атты кітабын жазып, онда кейіпкерлердің түрлерін, және ондағы өту керек этаптарды белгілеп береді. Бұл бүгінде драматургтер мен кино-сценаристердің сүйікті нұсқаулық кітабына айналған. Актерлар да бұл кітапты оқымай өтпейді. Себебі рөлді дайындауда, оны бойға сіңіруде, көрерменге ұсынуда аталмыш еңбектің көмегі ұшан теңіз.
Әрине Джозефке өз ұстаздары психонализдің атасы З.Фрейд пен психоаналитик К.Г.Юнгтің көмегі тигені анық. Өйткені осы екі автор алғаш архетип терминін ғылымға енгізді.
Аталмыш дипломдық жұмысымызда біз осы Мың түрлі қаһарман ғылыми зерттеу кітабының негізінде Қ.Байсейітов, Қ.Шыңғытбаевтың Беу қыздар-ай классикалық комедиясындағы Күнсұлу рөлінің архетиптік негіздеріне талдау жасайтын боламыз. Сондай-ақ саяхаттаушы кейіпкердің алдағы даму жолы мен саяхаты туралы болжамдар жасаймыз. Актер осы рөлді немесе осы тектес рөлдерді сомдағанда қандай архетиптік белгілерге мән беруі керек, осы туралы талқылаймыз. Әлемдік драматургия мен прозада осыған ұқсас басқа да кейіпкерлердің тағдырына, мінез-құлқына, болмысына шолу жасаймыз.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Актерлік шеберлік мектебі - ғылым емес, құрал. Ғылым - білімді халыққа қарапайым да, нақты, ұғыныңқы жеткізуші инструмент. Сондықтан мұнда ғылыми, академиялық негізден көрі, метедологиялық негіздер басым. Әрине, мұнда да Ньютонның тартылыс заңы жұмыс жасайды. Немесе лингвистикалық білімге бұл сала да мұқтаж. Мұнда бәрі керек. Десе де басқа да өнер түрлері сияқты бұл тәсілдік, дидактикалық, эстетикалық жағынан ғана талқыға түсе алады. Біз қорғап отырған Күнсұлу образы - әдебиет-драматургиядағы миллиондаған образдың бірі ғана. Және бұған дейін де мұндай бейнелер сахнада, кинода, суретте, музыкада, поэзияда, прозада көптеп жасалды, сомдалды. Біздікі тек сол сияқты басқа да рөлдерге талдау жасау, түбіне (архетипіне) үңілу. Осы арқылы архетиптің актерлік шеберлікке қандай пайдасы бар, тәжірибиеде қолдануға бола ма, осы сауалдарға жауап іздеу.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Негізгі нысан әнші-актер Қ.Байсейітов пен ақын Қ.Шыңғытбаевтың достығы мен оның осындай үлкен шараға ұласуы болмақ. Осы арқылы шығарманың жазылу тарихына көз жүгіртіп, терең талдау жасайтын боламыз. Және театртанушы Анар Еркебайдың өткен ғасырдың 60-жылдарында Ақтөбе облысы, Т.Ахтанов атындағы драма театрында Б.Мағзұмов қойған Беу қыздар-ай комедиясына айтқан сыни-пікірін талдаймыз. Әрі қарай 1960 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында режиссер Ә.Мәмбетов қойған Беу қыздар-ай пьесасының кезекті нұсқасына көз жүгіртеміз. Соңында осыларды өзіміз қойған шығарманың заманауи нұсқасымен салыстыратын боламыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қ.Байсейітов, Қ.Шыңғытбаев - Беу қыздар-ай комедиясындағы Күнсұлу рөлінің архетиптік негіздеріне үңіле отырып, тәуелсіз Қазақстан театрындағы Күнсұлу образының сомдалуына талдау жасау. Қазақ әдебиеті мен драматургиясындағы Күнсұлу типтес кейіпкерлердің ортақ тұстарын салыстыру. Әлемдік әдебиеттегі осыған ұқсас персонаждардың бүгінгі сахнада жасалған перформанстарын бақылау.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Күнсұлу образын талдау арқылы біз алдымен заманауи қазақ театры мен драматургиясына осындай кейіпкерлер керек пе, осыған көз жеткізетін боламыз. Одан бөлек, персонаждың басқа бір кейіпке енуі, режиссердің қиялы арқылы түрленуі, осылайша кейіпкерді идеалдық деңгейге дейін көтерілуі, осы хақында айтамыз. Маска, Қуыршақ, Би, Пластика театрларында Күнсұлу образының сомдалу мәселелеріне анализ жасаймыз.
Дипломдық жұмыстың зертелу деңгейі: Жұмыс З.Фрейдің психонализі және К.Г.Юнгтың архетиптерінен бастап, Дж.Кемпбелдің кейіпкерлерді талдау деңгейінде зерттелмек. Арасында атақты Америкалық ғалым К.Фоглердің Саяхатшы жазушы құрылымдық еңбегі де көмекке келеді.Қазақ театрлары, соның ішінде М.Әуезов атындағы мемлекеттік драма театры, Музыкалық жас көрермендер театры, Жастар театры сахнасында жиі қойылып жүрген классикалық комедиялар мен олардың заманауи перформансына шолу жасайтын боламыз.
Дипломдық жұмыстың әдіснамасы: Жұмыс бірнеше методалогияға сүйенген;
1) Актердің өз-өзімен жұмыс жасау тәсілі;
2) Актердің кейіпкерді дайындаудағы ескеру керек архетиптер;
3) Сюжеттік архетип;
4) Актердің өз штрихын қосқандағы ескеру керек жайттар;
5) Режиссер мен актер арасындағы жұмыс;
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Бұрын-соңды қазақ театр саласында актер ойынын оның кейіпкерімен салыстырып, архетиптік анализ жасаған ешкім жоқ. Тек Phd докторы, әдебиеттанушы Алмас Мырзахмметтің Архетипке қатысты ғылыми зерттеу жұмысы ғана бар. Бірақ ол тек әдебиетте ғана. Актердің рөлін архетипке салу - қазақ театр өнерінде тұңғыш рет. Бұл қазақ поэзиясында метоморфоза тақырыбын талқылағанда үнемі қолданылатын тәсілдердің бірі. Бірақ қанша жерден архетипті поэзияға телігенімен бұл драматургияның, соның ішінде комедия мен трагедияның үлесіндегі дүние.
Архетип актердың кейіпкерді дайындауында не үшін қажет? Мәселен көп кейіпкер бір-біріне ұқсайды дедік ғой. Яғни түптамыры бір. Біз сомдаған Күнсұлу рөлі де көптеген ізденістер мен қосындылардың жиынтығы.Бірақ түбі біреу. Актер оны сомдамас бұрын алдымен оның архитептік түп-тамырын түсінуі қажеті. Ол кейіпкер қайдан келген? Және оның саяхат жолы қандай ? Мен несімен оны ерекше ете аламын? Не алып тастай аламын, нені қоса аламын. Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін, рөлді өз деңгейінде шығару үшін бізге алдымен архетип керек.
Сондықтан бұл жұмыс бізден кейінгі жас зерттеушілеге мол септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Дж.Кэмпбеллдің айтуынша қаһарман мақсатына жету жолында мына үш этаптардан өтеді:
Қаһарман өзіне сынақ келгенін біледі.
Сынақты қабыл алған ол қарапайым әлемді тастап, тәлімгердің көмегімен табиғаттан тыс әлемге барар жолдағы кедергіні жеңеді.
Қаһарман сынақтан өтеді.
Әрі қарай, кейіпкер мүмкін болатын одақтастардың көмегімен сынақтарға, сондай-ақ ең қиын сынаққа тап болады, оны қабылдағаннан кейін ол сыйлық алады. Одан кейін метафоралық өлім мен қайта тірілу келеді.
Қаһарман үйіне қайтады
Осыдан кейін кейіпкер сыйлығымен қарапайым әлемге оралады және оны жолда тағы сынақтар күтіп тұр. Қайтып оралған кезде, кейіпкер алған сыйлығын қарапайым әлемді жақсарту үшін пайдалана алады.
Автор осы еңбегін жазу барысында кейіпкер ретінде Будда, Исус, Прометей т.б. кейіпкерлердің жүріп өткен жолын мысалға алған. Сондай-ақ атақты француз этнографы Арнольд ван Генептің эпистомалогиялық жұмыстарын пайдаланған.
Джозеф Кэмпбеллдің "Мың түрлі қаһарман" кітабы 1949 жылы жарық көрген әлемдік мифология туралы зерттеу еңбегі. Мифологияны зерттеуші және әдебиет профессоры Кэмпбелл өзінің "мономиф" теориясын немесе барлық баяндау дәстүрлеріне ортақ баяндау жолдарын баяндайды. Кітаптың бірінші жартысында батырдың саяхаты туралы мономиф қарастырылады. Екінші жартысы жаратылыс туралы мифтердің кең ауқымының ұқсастығына арналған.
"Прологта" Кэмпбелл барлық географиялық аймақтардағы, уақыт кезеңдеріндегі және мәдени дәстүрлердегі адамдар неге осындай ұқсас оқиғаларды айтып жатқанын қарастырады. Ол мономифті қазіргі психоаналитикалық зерттеудің тақырыбы болып табылатын Эдип импульстары мен нәресте қорқыныштары кодталған адам психикасының өнімі ретінде қарастырады. Кэмпбелл қазіргі армандар мен ежелгі мифтер арасында байланыс орнатады, олар ортақ символизмге ие және адам санасының тұрақты мағыналық қалыптасуын білдіреді.

Пролог сонымен қатар мифтегі трагедия мен комедия спектрін, батырлар мен құдайлардың рөлін, сондай-ақ Кэмпбелл "әлемдік кіндік"деп атайтын мифте ұсынылған ғаламдағы биліктің соңғы көзін зерттей бастайды.
1-бөлім кейіпкердің саяхат жолын, Кэмпбелл бүкіл мифологиядан тапқан баяндау құрылымын қадағалайды. Әртүрлі мифтер жинағын пайдалана отырып, Кэмпбелл кейіпкердің, архетиптік кейіпкердің ізденіске шақырылғанын, табиғаттан тыс қайраткерлерден көмек алатынын және таныс әлемді күтпеген күшке, мүмкіндіктер мен қауіпке толы сиқырлы аймақтан бөлетін табалдырықты кесіп өтетінін көрсетеді. Мистикалық әлемде кейіпкерді құбыжықтар сынауы, Құдаймен кездесу жәненемесе әке Құдаймен бетпе-бет келу күтуі мүмкін. Егер құдайлар оған ұнаса, батыр Құдайға үйлену, сиқырлы заттар, рухани түсінік немесе Құдайдың мәртебесі сияқты сыйақы ала алады.
Батырдың саяхаты мистикалық әлемнен оралумен аяқталады. Кэмпбелл кейіпкердің баламаларын қарастырады: осы мистикалық әлемде қалу, өз игілігін ұрлау және қуғын-сүргінге ұшыраған Құдайдан қашу, құтқарылу немесе үйге тыныш бару. Өз қоғамына оралғанда, батыр өзінің құдайлық батасымен әлемді сыйлай алады. Ол қарапайым да, ерекше де өмір сүрген ағартушы тіршілік иесі ретінде өмір сүре алады.
"Мың түрлі қаһарман" кітабының екінші бөлімі "космогониялық цикл"деп аталады. Кэмпбелл әртүрлі дәстүрлердің жаратылыс пен жойылуды қалай талқылайтынын зерттей отырып, жалпы әлем мифологиясына жүгінеді. Ол космогониялық мифтердің ортақ белгілері адамның негізгі психологиясынан да туындайды деп тұжырымдайды: әлемдердің құрылуы мен жойылуы адамның ақыл-ойының ұйқы күйіне ауысуын және кері кетуін көрсетеді. Кэмпбелл мифтердің бос материяның құрылуын, өмірдің дамуын және ғаламның қалыптасуындағы Құдайдың күшінің рөлін қалай бейнелейтінін анықтайды. Ол өзінің алғашқы туылу мотивіне көшеді.
Кэмпбелл бұл тарауды әртүрлі дәстүрлердегі кейіпкерлердің бірнеше өлімі туралы ойлармен аяқтайды. Келесі тарау, "еріту", батырдың өлімін ғаламның өлімімен біріктіреді. Кэмпбеллдің осы тарауға енгізген мифтеріне сәйкес, екі субъект те үнсіз. Мәңгілік бос орынмен бірлікке жету үшін бірқатар кезеңдерден өтеді, одан барлық нәрсе шығады және оған барлық нәрсе сіңеді.
"Миф және қоғам" эпилогында мифологияның алдыңғы әлемдік дәстүрлердегі және қазіргі зайырлы мәдениеттегі рөлі қарастырылған. Егер бұрынғы мәдениеттер құпияға қарсы тұру және рухани жетілу үшін мифологияға сүйенсе, онда қазіргі батыстықтардың мұндай негізі жоқ. Кэмпбелл қазіргі кейіпкер мистикалық әлемді, ағартушылыққа апаратын жолды және өз ішіндегі Құдайды табу үшін сана ішінде жүруі керек дейді.
Ғылыми еңбек біздің де шағын дипломдық жұмысымызға өз септігін тигізгеніне бек қуаныштымыз.

І. Архетиптер мен олардың сахнада сомдалуы

1. 1.Дж. Кэмпбэлдің Мың түрлі қаһарманы және оның Күнсұлу рөлін сомдаудағы көмегі

Мейлі қандай болмасын фантастикалық кітаптар, фильмдер мен ойындар бойынша бір басты таңдаулы кейіпкер болады. Ол бәрімізге белгілі. Бұл сурет қайдан пайда болды, ол әлемдік мәдениетте қандай функцияны орындауға арналған, таңдалған адам жеңіліске ұшырауы немесе зұлымдықтың жағына шығуы мүмкін бе? Джозеф Кэмпбеллдің "мың түрлі қаһарман" кітабы бізге осы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Оны кім таңдады, бәрі біледі. Көптеген адамдар үшін бұл қалыптасып қалған қағида, шеңбер. Әрине, ауылдан шыққан кезде әлемді құтқаратын, ханшайыммен бірге жарты патшалыққа ие болатын және басты жауызды жеке өзі құлататын кейіпкер мазаққа лайық. Бірақ Матрицадағы Нео, Сақиналар әміршісінднгі Фродо немесе Жұлдызды соғыстардағы Люк Скайуолкер болсын, таңдаулылардың ең жақсы бейнелері табынушылыққа айналуда. Неліктен? "Классиктерге бәрі мүмкін" деп ақтап аларсыз. Бірақ бұл классиктердің көпшілігі қазіргі уақытта өмір сүріп жатыр ғой.
Таңдаулыларды түсіну үшін Джозеф Кэмпбеллдің миф пен ертегілер туралы зерттеуіне жүгінейік - ол әрине Мың түрлі қаһарман кітабы.
Джөзеф Кемпбел - американдық мифология мен дін зерттеушісі. Мифологиялық-діни және ертегі әлем мұраларының ортақ белгілерін ашатын мономиф теориясын жасады. 1949 жылы шыққан the Hero with a Thousand Faces ("мың жүзді батыр" немесе "мың түрлі қаһарман") кітабының арқасында кеңінен танымал болды. Джордж Лукас "Жұлдызды соғыстарды" құру кезінде осы зерттеуді басшылыққа алған.
Таңдаулылар туралы "мөр" біздің эрамызға дейінгі мыңжылдықта, мифтердің пайда болуымен бір мезгілде пайда болды. Тіпті Кэмпбелл кейіпкердің қалыптасуы туралы мифтер қайдан шыққанын талқылауға кіріспейді. Бірақ мұндай дәстүрлер барлық халықтар мен тайпаларда, ұлттар мен ұлыстарда соның ішінде бүкіл әлемнен оқшауланған аралдарда бар.
Зигмунд Фрейдтің психоанализі мен Карл Гюстав Юнгтің аналитикалық психологиясына сүйене отырып, Кэмпбелл батырдың қалыптасуы мен әлемді құтқару туралы әңгімелер жалпы адамзаттық символизм -- архетиптер бейнелерінің әсерінен адам психикасының өзі арқылы қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Таңдаулылар ғылыми фантастикада өмір сүреді, бірақ олардың шынайы отаны тіпті қиял емес, олардың мекені - аңыздар мен ертегілер. Бар саналы өмірін ертегі мұрасын зерттеуге арнаған Владимир Пропп ертегі - мифтің деградациясы деп мәлімдеді. Мифтер, өз кезегінде, бүгінгі күнге дейін сақталмаған ежелгі діндердің қалдықтары. Бір кездері олардың міндеті адамға рухани дамуға жетілуге нұсқаулар беру қызметін атқарды. Джордж Лукас бұл туралы былай деді: Мифтер бізге қауіп төндірмей ескі оқиғаларды айтады. Олар сіз қауіпсіз жерде елестететін орын. Бірақ олар туралы айту керек нақты шындықтарды қамтиды. Кейде бұл шындықтардың ауыратыны сонша, ойдан шығарылған әңгімелер оларды қабылдаудың жалғыз жолы болады.
Қарастырылып отырған көркем сөздер міндетті түрде діни емес. Мифтер мен ертегілер туралы хабарламалар моральдық өсуге байланысты, дағдарысты жеңуге бағытталған. Олар айтқандай, ертегі өтірік, бірақ бұл жақсы адамдарға сабақ. Ал мұны саусақпен санағандай түсіндіріп беру мүмкін емес. Осы тұста біздің батырымыз ортаға шығады.
Нағыз таңдаулы - өсу мен дамудың уақытына сәйкес келген адам. Егер біздің алдымызда ертегі болса, ол балалық шағынан бөлініп, қиындықтарға толы ересек өмірге енуі керек (олар құбыжықтар мен ерліктер). Егер миф немесе діни мәтін әдеттегіден жоғары көтерілсе, рухани және моральдық тұрғыдан өсіп отыруыңыз керек. Егер қиял-ғажайып болса, идеялық жүктеме автордың ар-ұжданында қалады. Өз замандастарына Мәңгілік оқиғаны жаңа жолмен айту миссиясы сияқты. Осыған байланысты жаңағы Лукас атап өтті: Мен ескі мифті жаңа жолмен қайталаймын. Әрбір қоғам бұл мифті біледі және оны өмір сүретін ортаға байланысты өзінше қайталайды. Идея барлық жерде бірдей. Айырмашылық оның локализациялануында ғана (4).
Кэмпелл мифтер мен ертегілер үшін әмбебап Мәңгілік кейіпкердің кезең-кезеңдерге бөліп, әрқайсысының мағынасын белгіледі. Қазіргі заманғы әңгімелердің, қойылымдардың, кинолардың мысалдарынан біз ежелгі механизмнің бүгінгі күнге дейін жұмыс жасайтынын көреміз.
Кейіпкер мақсатты аудиторияның орташа өкіліне назар аудара отырып, жазушы мен жауыз, шаруа немесе жасөспірім интроверт болуға міндетті емес. Кэмпбелл белгілеген жақтауларға сәйкес келу үшін сіз кез-келген адам бола аласыз дейді. Анимациялық жұмсақ ойыншықтан бастап ұлы патшаға немесе орташа Құдайға дейін. "Деңгей "маңызды емес," сорылған " кейіпкер де таңдаулылардың жолына түсе алады. Жанр заңдарына сәйкес, ол әлі де тығыз болуы керек.
Кейіпкердің құлағына "шақыру қоңырауы" келеді. Бұл Морфейдің "Оян, Нео" немесе Гандалфтың Билбоға немесе Гариге Хогвартстың келген хат дауысы болуы мүмкін. Жолдар әртүрлі, бірақ мәні бір: бір нәрсе кейіпкерді өмірдің қиын жолдарынан кетуге итермелейді. Ауырлық орталығы әдеттегіден белгісіз аймаққа ауысады.
Қиындық - рухани дегенді білдіреді, өйткені барлық кейінгі оқиғалар мен ғажайыптар кейіпкердің рухани жолының символдық көрінісі болады. Қалай болғанда да, бұл айдаһар, мысалы, алтын үйіндісіндегі отпен тыныс алатын динозавр емес, құпия білімнің қамқоршысы болып саналатын кездері де болды.
Басында әрине болашақ батыр шақырудан бас тартады. Бұл табиғи, өйткені барлық жаңа нәрселер қорқынышты және жағымсыз. Саяхат ересек болуды немесе өмір мен дүниетанымдағы елеулі өзгерістерге шақырып тұр емес пе. Ал белгісіз нәрсе адамға басында үнемі қорқыныш тудырады. Тіпті диваннан тұру оңай емес боп қалды. Кейіпкеріміз енді сапарға шығады. Сөйтіп ол арып-ашып жол жүріп, қарияға кездеседі. Қария оған әлдебір шартпен оның сиқырлы әлемге апаруға келісім береді.
Салқындағанына қарамастан, миф Заңы бойынша қабылданбаған қоңырау күшейе түседі. Оның күшеюін тікелей, әрекеттер арқылы беруге болады, мысалы Дурсли отбасының почта жәшігіне хаттар ағыны үздіксіз кіріп жатқаны сияқты. Бұл уақытта Вернонның әкесі Гариды ұрып, күн көрсетпей, басынып жатқан болатын. Немесе кейіпкерге аян беріледі, ол өзі туралы немесе әлем туралы бір нәрсе біледі және көзбе-көз кездесу үшін жолға шығуға шешім қабылдайды.
Кейіпкерге күнделікті өмірден сытылып шығуға "көмектесуге" болады. Бірақ бұл әрдайым жағымды бола бермейді -- "жаңа үмітпен"өртенген Люк үйін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Мәдениеттің семиотикалық концепциялары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАСТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АРХЕТИПТЕРІ
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Архетип және ұжымдық бейсананың бейнелеу өнерімен байланысы
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Карл Густов Юнг теориясы
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Пәндер